Табиғат объектілеріне меншік құқығы талаптары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Табиғат объектілеріне меншік құқығының ұғымы

2. Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұн

3. Табиғат объектілеріне меншік құқығы, туындаудың және тоқталуының негіздері

4. Су объектілерін пайдалану

5. Су объектілерінің құқықтық талаптары

Табиғат объектілеріне меншік құқығының ұғымы

Табиғат объектілері туралы айта отырып, біз еліміздің, табиғи-ресурстарының бәрін пайымдай аламыз. Қазақстан Республикасы бүкіл дүние жүзіндегі табиғат ресурстары босалкы қоры жағынан ең бай елдердің бірінен саналады. Бұл орайда, табиғат ресурстарын өндіру тұтастай алғанда бүкіл экологиялық жүйеге теріс әсер ету мүмкін екенін әсте де ұмытуға болмайды, өйткені жиынтығында табиғат объектілерінің өзі (жер. жер қойнауы. су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфера) экологиялық жүйенің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Табиғат объектілерінің азаматтық айналымдағы әдеттегі заттар мен мүліктен өзгешелігі өзінің айрықша белгісі болады. Атап айтқанда олардың пайда болуы өндіріспен немесе адамның өнер табысымен байланысты болмайды, табиғат ресурстарын табиғаттың өзі табиғи әдіспен жасайды. Тек біздің елімізде ғана емес, сонымен бірге бүкіл ғаламшарда қолайсыз экологиялық ахуалды ескере отырып, адамзат экологиялық жүйенің табиғи теңгерімін жасауға және сақтауға қалайда ұмтылып бағады. Осымен байланысты, қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау саласындағы біздің мемлекетіміздің кұқық доктринасы ұлттық игілік ретінде табиғат объектілерінің тұжырымдамасы деп аталатын ауқымдарға негізделіп, дамуда және ҚР-нын І997 жылғы 15 шілдедегі N 160-1 '"Қоршаған ортаны қорғау туралы'' Заңының кіріспесінде өзінің көрінісін тапты: "Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.

Мемлекет, заң шызғарушы, және сот оргаңдары атынан билікке ие бола отырып, табиғат ресурстарын мейлінше ойдағыдай басқарып, халықтың қажеттерін қанағаттандыра және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңды бұзғаны үшін жазалау шараларын қолдануды қоса алғанда экологиялық тәртібін қамтамасыз ете отырып, бүкіл халықтың мүдделері үшін табиғат ресурстарының құқықтық режимін анықтау міндетін шеше алады.

Онда ұлттық игілік ретінде табиғат ресурстарының құқықтық режимі табиғат объектілерін тек қана мемлекеттің меншігіне жатқызу арқылы реттеледі. Алайда, қандай да бір табиғат ресурстары немесе олардың бір бөлігі, жеке меншікте болуы мүмкін. Атап айтқаңда жер өзінің айрықша қасиеттерінге ие болады, бұл оны табиғаттың басқа объектілерінен өзгешелейді. Өндірістік қасиеттерінен басқа, жер инфрақұрылымның объектілерін салу мен дамыту үшін қажет. Осымен байланысты. Қазақстан Республикасында жердің жеке меншігіне болуына жол беріледі. Бұл жағдай нарықтық экономиканы дамыту үшін аса маңызды алғышарт болып табылады.

Мемлекеттің меншігі жеке меншік алдында ешқандай да басымдыққа ие болмайды, мұның қай-қайсысы да тек қожайынына ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамға қызмет етуге тиіс, бұл ҚР-сы Конституциясының 6-бабында өзінің көрінісін тапты, онда былай делінген: Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді. оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы немесе тағы да оларды табиғат ресурстары деп атайтынындай, тек экологиялық құқықтық мәнін құрап қана қоймайды, сонымен бірге конституциялық, азаматтық, аграрлық, тау-кен, су, орман және жер құқығы сияқты құқықтың бірқатар басқа да салаларын құрайды.

Табиғат обьектілеріне меншік құқығын немесе табиғат ресурстарын 2 мәнісінде қарастыру керек.

Біріншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы ұғымынан нормативтік құқықтық актілерде баянды етілген, экологиялық құқық қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын түсінеміз. Басқаша айтқанда бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы:

Екіншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы деп табиғат ресурстарын иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі субъектілердің заңдылық жиынтығы түсініледі. Басқаша айтқанда бұл субъективтік мағынадағы меншік құқығы ретінде түсініледі. Табиғат ресурстарының негізгі объектілері және табиғаттың осындай объектілеріне меншік құқығы негіздерінің өзі ҚР Конституциясында баянды етілген.

Айталық, ҚР Конституциясының 6-бабына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздрі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңмен белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

Сонымен бірге, ҚР Азаматтық Кодексінің 193-бабыңда былай делінген: жер, оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте болады. Жер заң актілерінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы да мүмкін.

Табиғи ресурстарды иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарынан басқа меншік иесіне табиғат объектілерін ұтымды пайдалануды, оларды қорғау мен қайта жаңғыртуды қамтамасыз ету міндеті жүктеледі.

Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны жоғарыда аталған үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы, пайдалану құқығы, билік ету құқығы.

Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2) елді мекендердің (қалалардың, поселкелердің және селолық елді мекендердің жері) ; 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жері; 6) су қорының жері; 7) босалқы жер.

Пайдалы қазындылар екі санатқа бөлінеді: 1) жалпы таралған пайдалы қазындылар, олардың тізбесін ҚР Үкіметі белгілейді (жұмыр тас және қиыршықтас, қиыршық тас құм қоспасы, құм, саз балшық, саз балшықты жыныстар, құмдақ, қабыршақ және т. б. ) ; 2) жалпы таралған пайдалы қазындылар санаттарына жатпайтын пайдалы қазындылар (мұнай, газ және т. б. ) .

Табиғат ресурстарына билік етудің екінші кезеңі пайдалануға, жалға беруге және жеке меншікке бөлу және беру болып табылады.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге - мемлекетке немесе жеке тұлғаға тиесілі болуына тікелей байланысты болады. Меншік құқығын алудың жалпы негіздері заң актілерінде белгіленген.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:

1) меншік құқығын беру;

2) меншік құқығын басқаға беру;

3) меншік құқығының әмбебап құқық мұрагерлігі (мұраға алу, заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру) тәртібінде көшуі.

Меншік құқығын беру, басқаға беру және көшуі табиғат объектілерінің нысаналы мақсатын ескере отырып жүзеге асырылуға тиіс.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналардың негізінде туындайды:

1) мемлекеттік органдардың актілері;

2) азаматтық-құқықтық мәмілелер;

3) Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де негіздерде.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылды:

1) меншік иесінің табиғат объектілерін басқа адамдарға иеліктен шығаруы;

2) меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бас тартуы;

3) Қазақстан Реепубликасының заң актілеріне сәйкес меншік құқығынан айрылуы жағдайында. Бұл табиғат объектілерін ұтымды пайдаланбаған, пайдаланбаған немесе заңды бұза отырып пайдаланған жағдайда болады.

Меншік иесінен табиғат объектілерін, атап айтқанда жер учаскесін, сатып алуды қоса алғанда, алып қоюға жол берілмейді, оған мына жағдайлар жатпайды:

1) меншік иесінің міңдеттемелері бойынша ақы өндіріп алу;

2) мемлекет қажеттері үшін меншік иесінің жер учаскесін, сатып алуды қоса алғанда, алып қою;

3) Меншік иесінен мақсатына қарай пайдаланылмаған немесе заңды бұзып пайдаланылған табиғат объетісін мәжбүрлеп алып қою;

4) мұрагерліктің мемлекетке көшуі;

5) реквизициялар, яғни төтенше сипаты бар табиғи зілзала, авариялар, індеттер жағдайында және өзге жағдайларда меншік иесінен табиғат объектідерін алып қою, табиғат объектілері мемдекеттік органдардың шешімі бойынша қоғамның мүддесі үшін заң актілерімен белгіленген тәртіпте және шарттарда меншік иесінен. оған құнын төлей отырып, алынып қойылуы мүмкін;

6) радиоактивтік ластануға ұшыраған табиғат объектісін меншік иесінен соған тең жер учаскесін бере отырып алып қою;

7) тәркілеу, яғни қылмыс жасағаны немесе өзге құқық бұзғаны үшін санкция түрінде сот тәртібінде меншік иесінен табиғат объектілерін өтеусіз алып қою;

8) ұлт меншігіне алу, яғни азаматтар мен заңды тұлғалардың меншігіндегі табиғат объектілерін меншікке айналдыру.

§ 4. Табиғат объектілеріне меншік нысандары, табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері

Меншіктің басты элементі нақты субъектіге жататынцығы болып табылады, сондықтан да меншік нысандары атап айтқанда олардың субъектісі бойынша болады. Мысалы, азаматтық құқық нормаларына сәйкес меншіктің екі нысаны болады: 1) мемлкеттік меншік, оның өзі республикалық және коммуналдық меншіктен тұрады; 2) жеке меншік, яғни азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншігі.

Сонымен, табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады: бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.

Мемлекет жекеше заңды және жеке тұлғалардан өзгеше барлық табиғат ресурстарының меншік иесі бола алады. Осымен байланысты табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік табиғат ресурстарына меншік нысандарының құрылымыңда басымдыққа ие болады.

ҚP-ның Жер Кодексінің 20-бабына сәйкес жерге меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады:

1) республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - Қазақстан Республикасы;

2) жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі жер Кодексімен белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде - азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.

"Алайда бұдан бұрын аталып көрсетілгендей, табиғат объектілерінің бәрі жеке меншікте бола алмайды. Мысалы, ҚР-ның Жер Кодексі мыналар орналасқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды деп белгілейді:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

сондай-ақ бір шаруашылық жүргізуші субъектінің жер учаскесіне қызмет көрсететін жекешелендірген суландыру құрылыстары орналасқан су қорының жері құрамындағы жер учаскелерін қоспағанда, су қорының жері;

- магистралдық темір жол желілері мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;

- жеке меншік құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажетті жер учаскелерін қоспағанда, елді мекендердегі ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрған үй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.

Шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрған үй және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскесінің меншік иесі болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде меншік құқығы иеліктен алынуға немесе қайта ресімделуге тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Сервитут заттық құқық ретінде
Экология құқығының дәрістері
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан Республикасында су ресурстарын құқықтық қорғау
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Экология құқығының объектілері
Табиғатты пайдалану құқығы: құқықтық сипаттамасы
Қазақстан Республикасының экология құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz