Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы


Жоспар
Кіріспе . . . 3
І тарау. Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
1. 1Ұжым тәрбие құралы . . . 4
1. 2. Ұжымның даму кезеңдері және олардың бір-бірімен сабақтастығы . . . 7
1. 3. Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекетімен қарым-қатынастарын ұйымдастыру ерекшеліктері . . . 9
ІІ тарау. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру тәрбиенің негізгі құралы.
2. 1 Танымдықіс-әрекет . . . 11
2. 2 Танымдық іс-әрекет қалыптастыру . . . 14.
2. 3. Ұжымдық танымдық іс-әрекет . . . 16.
2. 4. Ұжымдық іс-әрекеттің рөлі . . . 29
Қорытынды . . . 38.
Әдебиеттер тізімі . . . 40
Кіріспе.
Ұжым жеке адамның игі өнегесін ықпалын күшейтсе ал теріс қылықтардың ықпалын әлсірете отырып тәрбиелейді.
Оқушылар ұжымы оқушыларға ұжымдық қарым-қатынас тәжірибесін беріп, оларды өмірге өндірістің ұжымда еңбек етуге даярлайды.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер -әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырған білімдік диалготың барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Ұжымдық іс-әрекеттің тиімділігінің маңызды шарты-оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының болуы. Балалар іс-әрекетке құр орындаушы ретінде қатыспай, оның дамуына өзінің шығармашылық үлесін қосуы үшін бар мүмкіндіктерді жасауы керек.
Ұжымдық іс-әрекеттің тәрбиелік тиімділігінің қажетті шарттарының бірі: оған кәсіби педагогикалық басшылық ету. Тәрбиелеу әдістемесін меңгеруден, әр жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін білуден басқа педагог оқушылар ұжымын, ондағы іскерлік және эмоциялық қарым-қатынастарды тиянақты зерттеп, ұжымдық іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттерін түсініп және оны ұйымдастырудың түрлі тәсілдері мен амалдарын қолдана білуі керек.
Ұжымдық іс-әрекеттің тәрбиелік тиімділігінің шарттарын қарастыра отырып, бұл іс-әрекет оқу-танымдық үрдіс пен жеке тұлғаны тәрбиелеудің жалғыз ғана формасы деп түсінбеу керек. Ол оқушының жеке және дербес жұмысымен өзара үйлескенде ғана жақсы нәтиже береді.
1-тарау. Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы.
1. 1. Ұжым тәрбие құралы
Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болғаны шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери оқу орындары), қоғамдық ұйымдар (партиялар, халық конгресс, бірлестіктер, кәсіподақтар) ерікті қоғамдыр ғылыми насихат, әскери спорт) өз-әрекетімен істеуші ұжымдар (көркемөнерпаздар, коллекционерлер) және т. б.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері: А. В. Лунучарский, Н. к. Крупская, А. С. МакаренкоТ. П. Блонский, С. Т. Шацский, В. А. Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.
А. В. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н. К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына үлкен мән береді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс-әрекетінің формалары мен әдістері, өзін-өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т. б.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А. С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері - ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым - бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым - бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым - бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым - бұл студенттер тобы, негізгі ұжым - факультет т. б.
Сонымен ұжым - бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В. А. Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Мудрая власть коллектива», «Коллективтің құдіретті күші», т. б. баяндалды.
В. А. Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В. А. Сухомлинскийдің қарым-қатынас жағдайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр.
Біздің елімізде қазіргі қоғамдық маңызды ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуды және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы - бұл іс-әрекетімен (оқу, еңбек, т. б. ) бірігіп тпотасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарыныңтиптері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері, т. б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымдылыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын көрсетеді.
Адам ұжымда өз күшінің өз қабілетінің керек екенін түсінеді. Сондықтан оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта айтқанда, ұжым - тәрбиенің маңызды құралы.
1. 2. Ұжымның даму кезеңдері олардың бір-бірімен сабақтастығы.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А. С. Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту.
Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріне мұндай тәсіл сынып белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
А. С. Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді боппен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау әртүрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекетін бақылау, т. б.
Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принцпипі қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең бұдан былай белсенді топтың және ұжым (сынып) іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты болымды қасиеттер пайда болады.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны таңдау. Жақын перспектива бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әртүрлі іс-әрекетінде ынталандыру, қызықтыру. «Егер балалар алдында қуанышты, қызықты істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. А. С. Макаренко адам өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуынаш», - деді.
Жақын перспективаға жарыс саяхат, жексенбілік серуен, цирк, музей және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар, т. б. жатады.
Ортақ перспектива - бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық тақырыптарға пікірталас өткізу т. б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.
Қашық перспектива - бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты.
Қашық перспектива келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалімнің міндеттері: біріншіден, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу; екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін іске алу.
1. 3. Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасауы үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Даму, ілгері қозғалу - ұжым өмірінің заңы.
Ұжымның жасампаз істері қазіргі кезде тәрбие жұмысы құралдарының ішінде ең өзектілерінің бірі. Шындығында, мәселен, еңбек мерекесі, ән-жыр көктемі, тықырыптық кештер, т. б. мектепті үйреншікті құбылыстарға айналды. Осындай іс-әрекеттер түрлі жастағы оқушылар жігерін біріктіріп аға ұрпақ өкілдерінің бірлескен қатынастарын дамытуға көмектесуде. Бұл бірлік ұжымдық жасампаз істер жүйесін оқушылармен тәрбие жұмысында нәтижелі пайдаланудың шарты болып отыр.
Оқушылар ұжымын қалыптастырудың пәрменді құралы олардың өзін-өзі қызмет істеу шамасына сай қатынасуы болады. Мұны ұйымдастыру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс кетпеуін қадағалау керек.
Оқушылардың іс-әрекеті бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен істеушілік және ішкі процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Ұжымның ішкі процесі қарым-қатынас және ақпарат арқылы іс-әрекетімен байланысты. Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас дамиды.
Балалардың дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын сынып жетекшісі зерттеп, балалардың қарым-қатынасын реттеуде және дамытуда қамқоршы болуы тиіс.
Өзара жауапкершілік қатынас жүйесінде қабылданған мақсатқа сәйкес жалпы істі орындау үшін ұжым мүшелерінен жауапкершілік және өзара тәуелділік талап етіледі.
Өзара жауапкершілік қатынастың мынадай жағдайларды еске алған жөн:
- ұжым - мүшелері міндетін құқықты болады;
- басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан оқушылара қысым жасалмайды;
- Жауапкершілік және өзара тәуелділік жүйесінде жалпы істі орындаудың барысында әртүрлі бейімдеушілікке жол бермейді.
Осында жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін әрбір ұжым мүшесінің әлсіз және әлді жақтарын еске алып, оның жағымды позициясын қамтамасыз ету керек. Ең бастысы - адамгершілік, мораль және демократия принциптері негізінде ұжым өмірінің нормаларын нығайту.
Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Гуманистік қатынастың негізгі белгілері:
- сергектік стиль - ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру;
- балалар арасында бақталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтық, бөлектенушілік, лидерлік болмауы тиіс;
- басқа ұжымдарға жодастық көмек беру, үн қосуға дайын тұру.
Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, сондай-ақ гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.
2-тарау Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру тәрбиенің негізгі құралы.
2. 1. Танымдық іс-әрекет
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің міндеті-өзінің талантын танып және оны таныта алатын жан-жақты жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ол үшін ең алдымен, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің маңызды жақтарына көп көңіл аударуымыз қажет.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру, танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу-ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері.
Оқытудың маңыздылығы мен қажеттілігін оқушы жеткіншек кезеңге аяқ басқан шақта ұғына бастайды. Өйткені бұл кезеңде оларда белгілі бір пән саласына икемделіп, мамандық таңдауда кәсіптік ниеттердің үрдісіндегі танымдық іс-әрекеті дамуының екі жағы бар: сандық және сапалық .
Сандық өзгерістердің мәні - жеткіншектер әр түрлі ақыл-ой есептері мен логикалық сұрақтардың нешеуін, қандайын (оңай, қиын) шешкендігінен орын алады. Мұндай жағдайлар жеткіншектерге енді қалыптасып келе жатқан танымдық мүдделер мен қызығушылықтардың әлсіз болуы немесе олардың санында оқу әлі де болса мәнді орын алмаған кезеңдерге көрініс береді. Ал сапалық өзгерістер жеткіншектердің ойлау қабілеттерінің алға жылжып, дамуынан байқалады. Яғни, мұнда жеткіншектерге қанша есепті шығарғаны емес, қалай, қандай жолмен шығарғаны маңыздырақ болады. Бұл-олардың оқу қызметіне сапалық тұрғыдан қарап, өздігінен ізденіп, оқуға дағдылану үстінде пайда болған әрекетінің нәтижесі. Сондықтан жеткіншек жасындағылардың оқу үрдісіндегі танымдық белсенділігін арттырып, жан қуаттарына әсер етуші күштің көріністерін табу және оның дамуына жағдай жасап, ұйымдастыру-мұғалімнің міндеті. Ендеше ол оқу мазмұнын түсіндіруде оқушы санасына «ұғыну», «ой операцияларын» меңгертіп қана қоймай, олардың сезімдік қуаттарының әсерленуіне ерекше мән беруі тиіс. Өйткені қандайда болсын дүниедегі материалдық заттар туралы ой ең алдымен сезім мүшелеріне (көру, есту, сезіну, т. б. ) ықпал ету нәтижесінде туатын әсерлерден басталады. Сезімдік таным (құштарлығы, ықылас-ынтасы, әсерленуі, т. б. ) негізінде қабылданған жеткіншектің білімі, іскерлік, икем-дағдысы, ой-ептілігі нәтижелі әрі жемісті болады. Білім, іскерлік, дағды, ептілік әрекеттер жеткіншектердің даралық психологиялық қасиеттері мен ақыл ой қабілеттерін жетілдіріп, танымдық белсенділігінің артуына жетелейді. Танымдық белсенділік мәселелік сұрақ, берілген тапсырманы өз бетінше талдау, салыстыру, жинақтау және ғылыми болжам жасату арқылы туындайды.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін не істеуіміз қажет деген сұраққа С. Жақыпов (Психолгия познавательной деятельности, А. -1992) өз еңбегінде «сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді, логикалық сызбаларды, шартты-графикалық құралдарды қолдану керек. Осы аталғандар оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетін жандандырып, өз бетімен жұмыс жасауға және оны меңгертуге төзімділігін арттырудың бірден-бір негізгі тәсілі болып табылады» деп жауап береді. Демек, таным қызметіне байланысты оқыту әдістері: жаңа сабақты түсіндіру, бекіту біліктілік пен дағдыны қалыптастыру тәсілдерін мейлінше ұғымды пайдалану ұстаздың психологиялық білім даярлығына байланысты.
Демек жеткіншек жасындағылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекеттерін дұрыс қалыптастыру үшін мыналарды білу керек:
-әрбір жеткіншек жасындағы оқушылардың бойында кездесетін танымдық қабілеті мен икем-дағдысы қай кәсіпке, қай салаға сай екенін анықтап зерттеу;
-оқушылардың қабілет ерекшелігіне қарай кәсіптік бейімдеу;
-қандай да болсын кез-келген мәселелік жағдаяттарға ғылыми болжам жасаудың негіздерін үйрету;
-жеткіншек жасындағылардың бойындағы нышан қуаттарының ашылуын көздеп, танымдық белсенділігінің жандануын ұйымдастыру, т. б. Сондықтан ең бастысы, оқыту жүйесіндегі өзекті мәселе-мұғалімнің осы үрдісті шебер басқара білуі және оқушылардың кәсіптік қызығуын, ықылас-ынтасын, танымдық жан қуаттарын дамытып отыруы қажет. Олай дейтініміз: оқыту үрдісінің қозғаушы күші-ұстаз бен оқушының біріккен танымдық іс-әрекеттерінің жиынтығы болып саналады.
2. 2 Танымдық іс-әрекет қалыптастыру
Білім берудің негізгі міндеттерінің бірі- оқушыларды жан-жақты тәрбиелеп, жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда жобалар әдісін қолдану өте маңызды. Жобалар әдісі деп біртіндеп күрделенетін практикалық тапсырмалар болып табылатын жобаны жоспарлау және оны орындау барысында оқушылардың көзқарастар жүйесін қалыптастыруды айтамыз.
Оқыту үрдісінде жобалар әдісін қолданудың тиімділігі бірнеше себептермен түсіндіріледі. Олар мына төмендегілер:
-жобалар әдісі кейін жалпыланып, білім берудің әр түрлі бағытында танымдық мотивті арттырып, оқытуда белсенділікті анықтайды;
-бағдарлама құруға үйретуде бұл әдістің ерекшелігі сол, теориялық материалды оқу және оқушылардың компьютерлік іс-әрекетін үйлестіру де оқушылардың белсенділігін арттырады;
-дәстүрлі оқыту оқытушының жүргізетін бақылауына бағытталған. Яғни, «Microsoft» империясының негізін қалаушы Б. Гейистің айтуынша, «Көптеген адамдар оқудың әр түрлі әдістерін қолданып, тиімді оқиды. Сонымен қатар әр адамның өзінің икемділігі, қабілет деңгейі және өмірлік тәжірибесі бар. Олар оқу мотивін күшейтіп немесе керісінше әлсіретуі мүмкін. Жоғары мотив қиын оқулықтармен үйренуге мүмкіндік берсе, мотивтің жоқтығы бейне жазба сияқты қарапайым материалды қиындықпен меңгертеді. Жаңа бағдарламалық құралдар таңдап алынған тәсілмен оқытудан тәуелсіз жоғары оқыту жетістігін қамтамасыз етеді»;
-оқушылардың компьютерлік -жобалық іс-әрекетіндегі маңызды психологиялық ерекшелігі: таңдап алынатын жобаның қиындық деңгейін жобалаушының өзі анықтайды. Сондықтан жобалар әдісі оқытуды саралаудың және жеке тұлғаға бағыттаудың құралы болып табылады. Мұндай оқытуды саралаудың ерекшелігі: оның оқу үрдісінде оқытушы енгізеді, ал оқушы саралау деңгейін өзі анықтайды;
-жобалау үрдісі оқушылардың өз мүмкіндіктерін анықтау арқылы өзін-өзі тануына көмектеседі.
Оқытудың сипаты оқушылардың компьютерлік -жобалық іс-әрекетін қамтитын, белгілі бір жағдайда зерттеуліе болып табылатын мәселе қойып оқыту болып табылады. Бұлардың барлығы оқушылардың танымдық іс-әрекетіне әсер етеді.
Оқытудың жобалық-компьютерлік әдісіне оқыту тапсырмасын толық беруді педагогикалық -ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде төмендегідей анықтауға болады:
-бағдарламада жеке фрагменттер мен дағдыға ( мысалы алгоритм құру) бағытталу емес жұмыстың толық циклі (есептің қойылуы -моделдеу-алгоритмдеу-компьютерде өңдеу-нәтижені талдау-есеп беру) ;
-тапсырма оқушылар тобымен орындалады (3-5 оқушы), мұнда оқытушы кеңес беруі мүмкін.
2. 3 . Ұжымдық танымдық іс-әрекет.
Диалектиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілде өзара шарттастық сияқты қарым-қатынаста болатын қарама-қарсы жақтардың қарама-қайшылықты бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасынлда сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz