Негізгі құралдар жайлы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен жіктемесі . . . 3

2. Негізгі құралдардың келіп түсуі . . . 5

3. Негізгі құралдардың есептен шығарылуының есебі . . . 8

4. Негізгі құралдар обьектілерінің есептен шығарылуы . . . 10

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 13

1. Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен жіктемесі

Өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады, олар:

1) еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар) ;

2) еңбек құралдары (станоктар, машиналар) болып бөлінеді.

Қандай да болмасын заттарды - еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілермен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады.

№6 БЕС бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай-ақ өндіріс емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер.

Негізгі құралдарға мыналар жатады: Жылжымайтын мүліктер (жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылыдық өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа обьектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспаптары, өндірістік және шаруышылық құрыл- саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және т. б.

Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіреді.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебініңміндеті:

1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.

2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақтылы және дұрыс көрсетілуін қамтамассыз ету.

3. Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.

4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және жаңғыртуды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақтылы көрсетуді жүзеге асыру.

5. Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.

6. Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақтылы және дұрыс қалыптастыру.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді: өндірістік - бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар.

Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, ол ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттігін қамтамассыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек-жарақтар, ТКШ, денсаулық сақтау, спорт) .

Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді:

  • меншікті - бұл субьектіге тиесілі және оның балансында көрініс

табатын негізгі құралдар;

  • жалданған - жалдау шарты бойынша, онда белгіленген мерзімге

басқа субьектілерден алынған негізгі құралдар;

Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне өтеді. Олар тиісінше 2400-2410 - шоттардағы “Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар” субшотына ескеріледі.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:

  • қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған (тоқтатылған) - консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар.
  • қорда тұрған - қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін қор құрайтын негізгі құралдар.

Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:

  • инвентарлық - бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен

заттай санауға болатын обьектілер (үйлер, ғимараттар,

машиналар, жабдықтар) ;

  • инвентарлық емес - бұл жер, орман және су дақылдарына

(ғимараттан басқа) арналған күрделі салым, яғни заттық нысаны

жоқ шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, егістік аландарын

өңдеу) .

Экономика саласы мен қызмет түрлері бойынша негізгі құралдар осы қорлардың қатысуымен өндірілген өнім немесе көрсетілген қызмет жатқызылған экономика саласы мен қызмет түріне жатады.

2. Негізгі құралдардың келіп түсуі

Негізгі құралдар кәсіпорынға сатып алуға байланысты, құрылыс нәтижесінде, өтеусіз, жарғылық капиталға салым ретінде және т. б. жағдайларда келіп түседі.

I. Сатып алынған негізгі құралдардың есебі

I. Үйлер мен жеңіл автомобильдерді сатып алу.

1. Баланстық құнына Д-т 2411-2417 К-т 3310.

2. Тозу сомасына (егер пайдалануда болған обьектілер сатып алынса) Д-т 2411-2417 К-т 2421, 2425-100, 0.

3. ҚҚС-ты қоса алғанда, жеткізуге байланысты шығындар Д-т 2414 К-т 3310-50, 0.

4. Жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы берешек өтелгенде Д-т 3310 К-т 1010, 1040, 1020, 1050-350, 0.

II. Сатып алынған басқа НҚ (бухгалтерлік жазбаларды ақша шоттарымен жасауға болмайды, өйткені есепке алуға арналған ҚҚС бөлініп көрсетіледі) .

1. ҚҚС-сыз салық шот-фактураларына сәйкес келісім құнына біз мынадай жазба жасаймыз: Д-т 2411-2417 К-т 3310-300.

2. Ұсынылған шот бойынша ҚҚС сомасына: Д-т 1420 К-т 3310-60, 0.

3. Төлем фактісіне қарамастан ҚҚС-ты есепке алу (бюджетке ҚҚС бойынша төлемдерді кеміту) . Кіріске алу сәті бюджет алдындағы берешекті кемітуге ҚҚС-ты жатқызу сәті болып табылады. Д-т 3130 К-т 1420-60, 0.

4. Жеткізушіге төленген шоттар: Д-т 3310 К-т 1040, 1050, 1010, 1020-360, 0.

Егер алдын ала төлем жүргізілсе:

1. Жүргізілген алдын ала төлемнің сомасына Д-т 1610 К-т 1040, 1050, 1010, 1020-360, 0.

2. НҚ келісім құнына Д-т 2415, 2416 К-т 3310-300, 0.

3. ҚҚС сомасына Д-т 1420 К-т 3310-60, 0.

4. ҚҚС есепке алу Д-т 3130 К-т 1420-60, 0.

5. Берілген аванстарды (алдын ала төлемдерді ) есепке алу Д-т 3310 К-т 1610-60, 0.

III. Обьектқұрылысының нәтижесінде келіп түскен НҚ.

Үйлер мен ғимараттарды тұрғызу, жабдықтарды монтаждау жөніндегі шығындар мен күрделі құрылысқа сметалармен, сметалық-қаржылық есептеулермен көзделген басқа шығындар (құрылыстың мердігерлік немесе шаруашылық әдіспен жүзеге асырылуына қарамастан) 126-шотта (аяқталмаған құрылыс) ескеріледі.

Құрылыстың мердігерлік әдіс:

1. ҚҚС-ты қоса алғанда, үйдің құрылысы бойынша сметалық және құрылыс-монтаж жұмыстары үшін жобалау ұйымы мен мердігерлік-құрылыс ұйымына есептелді: Д-т 2930 К-т 3310-1200, 0.

2. Монтажға берілген жабдықтың құнына (егер жеткізу тікелей

жүзеге асырылса) : Д-т 2930 К-т 3310, 1040 (егер жабдық монтажға қоймадан берілсе, онда Д-т 2930 К-т 2930, орнатуға арналған жабдық субшоты) .

3. Құрылысқа жер учаскесін бөлуге байланысты өтемақы есептелді: Д-т 2930 К-т 3540-480, 0.

4. Жобалау және мердігерлік ұйымдарының шоттарына төлем жасалды; Д-т 3310 К-т 1040, 1050, 1010, 1020-1200, 0.

5. Жер учаскесін бөлгені үшін өтемақы сомасы төленді Д-т 3310 К-т 1040, 1050, 1010, 1020-480, 0.

6. Жұмыстар аяқталғаннан кейін обьектіні акт бойынша қабылдау және пайдалануға беру:

- егер өтемақы обьектінің бастапқы құныны енгізілсе Д-т 2412 К-т 2930-1980, 0 (1200, 0+300, 0+480, 0) ;

- егер өтемақы сметада көзделмесе, онда құрылысқа байланысты шығындар ретінде. Бірақ обьектінің бастапқы құнына енгізілмеген шығындар кезең шығындарына жатқызылуы тиіс:

- өтемақы сомасына Д-т 7210 К-т 2930-480, 0.

- обьектілер пайдалануға берілген кезде олардың бастапқы құнына Д-т 2412 К-т 2930-1500, 0 (1200, 0+300, 0) .

- жыл қорытындысы бойынша шығындар жиынтық табыстың кемуіне жатқызылады Д-т 5410 К-т 7210-480, 0.

Құрылысты жүргізудің шаруашылық әдісі:

1. Құрылысқа пайдаланылатын материалдардың құнына Д-т 2930 К-т 1317-500, 0.

2. Монаждауға берілген жабдықтардың құнына Д-т 2930 К-т 3310, 1040-300, 0.

3. Құрылыс жұмысшыларына жалақының есептелуі Д-т 2930 К-т 3350-250, 0.

4. ММСҚ зейнетақы қорына әлеуметтік сақтандыру аударымдары жасалды (есептелген жалақыдан 20%) Д-т 2930 К-т 3150, -75, 0.

5. Орындаған жұмыстары үшін жобалау ұйымына есептелгені Д-т 2930 К-т 3310-400, 0.

6. НҚ (үй) обьектісін пайдалануға беру актісіне сәйкес Д-т 2412 К-т 2930-1530, 0 (500, 0+300, 0+250, 0+5, 0+75, 0+400, 0) .

IV. НҚ өтеусіз келіп түсуі

1-нұсқа. Егер НҚ демеушілік көмек ретінде алынса, онда оларды былайша кіріске алады: Д-т 2411-2417 К-т 6280-1200, 0.

Егер табыс ету құжаттарында тозу сомасы көрсетілсе, онда:

а) баланстық құнына Д-т 2411-2417 К-т 6280-400, 0;

ә) тозу сомасына Д-т 2411-2417 К-т 2421-2429-800, 0.

2-нұсқа. Егер негізгі құралдар атқарушы үкімет органдарынан демеуқаржы (субсидия) түрінде алынса Д-т 2411-2417 К-т 6230-1 млн. тенге, табыс етілген НҚ пайдалануда болып, құжаттарында тозу құны көрсетілсе, онда:

а) баланстық құнына Д-т 2411-2417 К-т 6230-600, 0.

ә) тозу сомасына Д-т 2411-2417 К-т 2421-2429-400, 0.

Жыл қорытындысы бойынша 7-бөлімнің шоттарында көрсетілген табыстар жиынтық табыстың өсуіне жатады Д-т 6230, 6280 К-т 5410.

V. НҚ жарғылық капиталға салым ретінде келіп түсуі

1. Мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына Д-т 5020 К-т 5010-5 млн. тенге.

2. Жарғылық капиталға салым ретінде келіп түскен НҚ келісім (келісілген) құнына Д-т 2411-2417 К-т 5020-3500, 0.

Егер пайдалануда болған НҚ келіп түссе және келісім құны баланстық құнына сай келсе, онда:

а) баланстық, келісімді құнына Д-т 2411-2417 К-т 5020-2300, 0;

ә) тозу сомасына Д-т 2411-2417 К-т 2421-2429-1200, 0.

3. Құрылтайшылар енгізілген салымның қалған сомасына Д-т 2730, 1310-1314, 1317, 1320-1330, 1040, 1050, 1010, 1020 К-т 5020-1500, 0.

VI. Тауар-айырбас операциясы нәтижесінде НҚ келіп түсу (тауар беріліп, орнына НҚ алынған) .

1. Босатылған тауарлардың сатып алу құнына Д-т 7010 К-т 1330-1200, 0.

2. ҚҚС-сыз босатылған тауарлардың келісім құнына (салық шот-фактурасына сәйкес) Д-т 1210 К-т 6010-1500, 0.

3. ҚҚС сомасына (салық шот-фактурасы бойынша) Д-т 1210 К-т 3130-300, 0.

4. Алынған НҚ баланстық құнына (егер құжаттарда тозу сомасы көрсетілсе) Д-т 2412 К-т 3310-1500, 0.

5. Тозу сомасына (қабылдау-өткізу құжаттары бойынша) Д-т 2413 К-т 2423-200, 0.

6. ҚҚС сомасына (әріптестен алынған салық шоты бойынша) Д-т 1420 К-т 3310-300, 0.

7. ҚҚС есепке алу Д-т 3130 К-т 1420-300, 0; 1210-1800, 0 (1500, 0+300, 0) .

8. Жыл соңында:

а) шығындар жиынтық табысты кемітеді Д-т 5410 К-т 7010-1200, 0;

ә) табыстар жиынтық табысты арттырады Д-т 6010 К-т 5410-1500, 0.

Аталған операциядан алынатын табыс (571-шоттың кредиттік сальдосы) - 300, 0.

VII. НҚ түгендеу кезінде анықталған артықшылықтары (келіп түскен кезде кіріске алынбағандары) мынадай бухгалтерлік жазбамен кірістеледі: Д-т 2411-2417 К-т 6280.

3. Негізгі құралдардың есептен шығарылуының есебі

НҚ обьектілері ұйымның бухгалтерлік балансынан:

1. Физикалық және моральдік жағынан тозғанда .

2. Шаруашылық қызметте пайдаланылмаған обьектілер сатылғанда.

3. Жарғылық капиталға салым ретінде басқа субьектілерге берілгенде.

4. Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз берілгенде.

5. Қалдықтарды ұзақ мерзімді (қаржылық) жалға бергенде.

6. Кемшіліктерге, табиғи аппатарға және басқа себептерге байланысты есептен шығарылады.

Шаруашылық ұйымдары қолданыстағы заңдарға сәйкес өзіне тиесілі үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды, көлік құралдарын және мүліктерді (инвентарьларды) басқа субьектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, тегін уақытша пайдалануға немесе қарызға беруге, егер заңдарда және субьектінің жарғысында өзгедей көзделмесе, сондай-ақ оларды баланстан есептен шығаруға құқылы. Кәсіпорындардың, цехтар мен басқа обьектілердің құрылысына, кеңейтілуі және техникалық қайта жарақтануына байланысты физикалық және моральді тозуы бойынша таратылған кезде; табиғи аппатардың, аварияның, қалыпты пайдалану жағдайларының бұзылуынын нәтижесінде негізгі табыннан малдарды ақау ретінде шығарып тастағанда; шаруашылық аралық және басқа кәсіпорындар ортақ кәсіпорынға баланстан шығару арқылы өтеусіз бергенде, сыйлағанда, табыс еткенде (сатқанда), өткізгенде және айырбастағанда НҚ шығарылады.

Тарату толық немесе ішінара (обьект қайта жабдықталғанда және жаңғыртылғанда) болады. Ғимартаттар, жабдықтар және басқа да тозған құралдар, белгіленген қызмет мерзімін жұмыспен өтегеннен кейін, физикалық тозу салдарынан толық ескірген өндірістік үй, егер бұл обьектілерді қалпына келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін емес болса және оларды басқа шаруашылық субьектілеріне өткізу немесе сату мүмкін болса, олар тарату тәртібімен субьект балансынан есептен шығарылады.

НҚ жарамсыздығынан, оларды қалпына келтірудің мүмкін енместігін немесе тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ НҚ есептен шығаруға қажетті құжаттарды ресімдеу үшін субьект басшысының бұйрығы бойынша (құрылтайшылардың немесе өкілеттілердің жиналысының шешімі) құрамында:

1. Бас инженер немесе субьект басшысының орынбасары.

2. Бас бухгалтер немесе оның орынбасары.

3. НҚ үшін жауапкершілік артылған материалды жауапты тұлға.

4. Меншік иесінің немесе өкілетті мемлекеттік органының өкілі.

5. МАИ өкілі (көлік құралдарын есептен шығарғанда) бар тұрақты қызмет ететін комиссия құрылады.

НҚ жекелеген түрлерін баланстан есептен шығарғанда комиссияға: механиктер, энергетиктер, гидротехнтктер, жылу техниктері, технологтар, мал дәрігерлері, зоотехниктер сияқты тиісті мамандар енгізіледі.

Бұл комиссиялар:

1. Есептен шығарылатын обьектіге тікелей байқау жүргізеді және оның қалпына келтіруге және одан әрі пайдалануға жарамсыздығын анықтайды.

2. Обьектіні есептен шығарудың нақты себептерін анықтайды (тозу, қайта құру, қалыпты пайдалану жағдайларының бұзылуы, авария және басқалар) .

3. НҚ пайдаланудан ерте шығып қалуына кінәлі адамдарда анықтайды және оларты жауапқа тартуға ұсыныс жасайды.

4. Есептен шығарылатын обьектінің жекелеген тетіктерін, бөлшектерін, материалдарын пайдалану мүмкіндігін анықтайды және оларды бағалайды.

5. Есептен шығарылғанның пайдалануға жарамды тетіктерін, бөлшектерін, түрлі-түсті және қымбат бағалы металдарын алуға бақылау жасайды, олардың саны мен салмағын анықтайды және олардың қоймаға өткізілуін бақылайды.

6. НҚ обьектілерін есептен шығаруды НҚ №3 нысанындағы “НҚ есептен шығару актісімен” және НҚ №4 нысанындағы “Автокөлік құралдарын есептен шығару актісімен” (2 дана) ресімделеді, оның біріншісі бухгалтерияға беріледі, екіншісі материалдық жауапты адамда қалып, қалған тауарлы-материалдық құндылықтарды есептен шығаруға негіздеме болып табылады.

4. Негізгі құралдар обьектілерінің есептен шығарылуы

Негізгі құралдарды сату

1. Баланстық құнға Д-т 7410 К-т 2411-2417-800, 0.

2. Бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 2421-2429 К-т 2411-2417-200, 0.

3. Сатып алушы ұсынған шоттың сомасына (салық шот-фактурасына сәйкес ҚҚС-сыз келісім құнына) Д-т 1210 К-т 6210-1500, 0.

4. Салық шот-фактурасы бойынша ҚҚС сомасына Д-т 1210 К-т 3130-300, 0.

5. ҚҚС-ты бюджетке төлеу Д-т 3130 К-т 1040-300, 0.

6. Сатып алушының ұсынылған шоттағы берешекті өтеуі Д-т 1040, 1050, 1010 К-т 1210-800, 0.

7. Жыл соңында:

а) жиынтық табысты кеміту шығындары Д-т 5410 К-т 7410-800, 0;

ә) жиынтық табыстың өсуінен алынған кірістер Д-т 6210 К-т 5410-1500, 0.

Обьектілердің жойылуы (физикалық немесе моральдік жағынан тозуы бойынша) нәтижесінде НҚ шығарылуы.

1. Жойылатын обьектілердің баланстық құнына Д-т 7410 К-т 2411-2417-125-70, 0.

2. Бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 2421-2429 К-т 2411-2417.

3. НҚ бөлшектегені үшін жұмысшыларға жалақы есептелгенде Д-т 7410 К-т 3350-2, 0.

4. Әлеуметтік сақтандыру мен зейнетақымен қамсыздандыруға аударымдар (30%) жасалды Д-т 7410 К-т 3150-3190-6000.

5. Бөлшектеліп жойылатын обьектіні тасымалдағаны үшін автошаруашылықтың шотын төлеуге келісім берілді Д-т 7410 К-т 3310-3, 4.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті
Құрылыста бухгалтерлік есепті жүргізудің ерекшеліктері
Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесі
Кәсіпорынның қызметі
Заңды тұлғалардың көліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Негізгі құралдардың жіктелуі
Информатика бағдарлы курсында компьютерлік графика курсын оқыту бағдарламасы
Сатып алушылармен тапсырыс берушілер борышының есебі
Ұзақ мерзімді активтер туралы
Photoshop бағдарламасы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz