Коммерциялық банк - экономикалық өсудiң негiзi


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ

I КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДIҢ НЕГIЗI

1. 1. Коммерциялық банк ұғымы және оның жiктелуi

1. 2. Коммерциялық банктердің негізгі қызметтері мен операциялары

1. 3. Коммерциялық банктердің траст операциялары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен бірлесе отырып атқарады.

Коммерциялық банктер сонымен қатар экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы делдалы қызметін атқарады. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.

Осы айтылған коммерциялық банктер қызметі ішіндегі олардың активті операцияларының орны ерекше. Активті операциялар негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.

I КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДIҢ НЕГIЗI

1. 1. Коммерциялық банк ұғымы және оның жiктелуi

Нарықтық экономикаға өту барысында маңыздылығы жағынан ақша-кредит қатынастарын басқару жүйесінің тиімділігі сияқты фактормен теңестірілетін ешнәрсе болмайды. Ал осы қатынастардың түп-тамыры - бірқалыпты және белсенді түрде қызмет ететін коммерциялық банктер жүйесі.

Банк- бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым.

Банктің негізгі тағайындауы - ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық.

Коммерциялық банк термині банк ісінің дамуының ерте кезеңдерінде, банктер сауданы, тауар ауыстыру операциялары мен төлемдерді қамтамасыз еткен кездерде пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған. Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да, банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады.

Коммерциялық банк дегеніміз - ақша қаражаттарымен болатын опера-цияларды, сондай-ақ, оған заңмен жүктелген басқа да банк операцияларын жүргізу арқылы табыс табуды көздейтін мекеме.

Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі коммерциялық банктер акционерлік қоғам нысанында құрылған, Қазақстан Республикасының банктер, банктік қызмет туралы заңнамалық актілері, өздеріне қатысты өзге де заңнамалық пен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ арнаулы лицензиялар - рұқсаттар негізінде банктік операциялар мен мәмілелердің барлық түрлерін және тиісті қаржылық қызметті кең ауқымда жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдар болып табылады. Коммерциялық банктер көп функция атқаратын мекеме.

Коммерциялық банктердің екі типі болады: универсалды және арнайы. Универсалды банк - банкілік операциялардың барлық түрлерін немесе көпшілігін жүргізеді. Арнайы банк - керісінше, банк операцияларының бір немесе бірнеше түрлерін жүргізеді.

Бүкіл дүние жүзінде универсалды банк жүйесіне ұмтылу байқалады. Банктің универсалды типі біздің республикамызға да тән.

ҚР-дағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.

Осы заңға сәйкес 3-бабында Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқытық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бірi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады.

Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары 13 жылдық тарихы бар.

90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.

1. 2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын фунцияларды орындаудан көрініс табады. Бұл функциялар банктер көрсететін қызметтер және олардың клиент мүддесіне сәйкес, белгілі бір әрекеттерді орындауы деп сипаттауға болады.

Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізіне қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру жатады.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ, осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген түрлері жасалынып шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып алу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиеттеріне 200-ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты кредиттік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

Банктік қызметті жүзеге асырудың ішкі ережелерінде банк бөлімшелерінің құрылымы, міндеттері, қызметі және өкілеттігі; банктің атынан және оның есебінен мәміле жасайтын адамдар мен банк қызметкерлерінің өкілеттігі; құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері; ішкі аудит қызметінің, кредиттік комитет пен басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымы, міндеттері, қызметі және өкілеттігі белгіленеді.

Коммерциялық банк қызметінің принциптері:

  1. Нақты қолда бар ресурстар шегінде жұмыс істеу. Коммерциялық банктер өзінің ресурстары мен несие салымдарының арасын сандық арақатынаспен қамтамасыз етіп қана қоймай, банк активтерінің сипатын жұмылдырылған ресурстардың өзіндік ерекшелігіне сәйкестендіруге ұмтылуы керек.
  2. Банктердің өз қызмет нәтижесі үшін экономикалық тұрғыдан жауап беруін ұйғаратын толық экономикалық дербестік.
  3. Банктердің клиентпен арадағы өзара байланысы нарықтық қатынастың негізінде құрылады.
  4. Коммерциялық банктің жұмысы тек жанама экономикалық әдістермен реттеледі.

Коммерциялық банктердің функциялары:

  1. Несиедегі делдалдық.
  2. Шаруашылықтарды қорлануға ынталандыру.
  3. Жекелеген дербес субъектілердің арасындағы төлемдерде делдал болу.
  4. Құнды қағаздармен жүзеге делдал болу.

1995 жылғы 31-тамыздағы №2444 Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» заңның 4-бабында «Банк қызметін құқықтық реттеу туралы» заңында:

Банкiлердiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен (келiсiмдермен), сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттары мен Президентiнiң Заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн шығарылатын уәкiлеттi органның, Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық құжаттарымен реттеледi.
Коммерциялық банктер кредиттік, есептік және қаржылық операция-лардың барлық түрлерімен айналысады. Банкілік операциялар клиенттердің мүдделерін қорғау үшін жүргізіледі. Олар активті, пассивті және коммерциялық болады.

Банкілік операциялардың түрлері:

  1. Жеке және заңды тұлғалардан депозит қабылдау.
  2. Банкілік корреспонденттік шоттарды ашу.
  3. Кассалық операциялар.
  4. Аудармалы операциялар.
  5. Есептеу операциялары.
  6. Ссудалық операциялар.
  7. Сенімділік операциялары.
  8. Сейфтік операциялар.
  9. Ломбардтық операциялар.
  10. Шетел валютасын ауыстыру операциялары.
  11. Төлем карточкаларын шығару.
  12. Жеке және заңды тұлғалардың тапсырмасы бойыынша есеп жасау.
  13. Банкноттарды, монеталарды және басқа да құндылықтарды қайта жіберу және инкассациялау.

Ұлттық банктің лицензиясы бар болған жағдайда банктер мынандай операциялар жүргізуге құқылы:

  1. Таза құнды металдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есептеу, сақтау және сату.
  2. Депозиттік сертификаттарды шығару.
  3. Кепілдік операциялар.
  4. Өзіндік бағалы қағаздардың эмиссиясы.
  5. Факторинг операциялары.
  6. Форфейтинг операциялары.
  7. Лизинг операциялары.

Пассивтік операциялар

Пассивтік операциялар - бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.

Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:

-коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;

-банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;

- басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;

-депозиттік операциялар.

Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ - заемдық немесе тартылған ресурстары құралады.

Банктің меншікті ресурстары - банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар мен бөлінбеген пайда жиынтығы.

Банктің меншікті қаражаттарына жататындар:

-банктің жарғылық капиталы;

-банктің резервтік капиталы;

-қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;

-сақтандыру резервтері;

-бөлінбеген пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы -банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Бағалы қағаз шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан құралады.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады:

  • пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
  • акционерлік банк;
  • шетел капиталының қатысуымен.

Резервтік қор - банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, яғни оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша дивиденттер төленеді.

Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылады.

Арнайы қорлар болса, негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады.

Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады.

Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.

Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде, несиелік операциялардың 90%-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін қанағаттандырады.

әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

І топ - депозиттер

ІІ топ - депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Депозит - бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар - бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тартатын қаражаттары.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

  • талап етуіне дейінгі депозиттер;
  • мерзімді депозиттер;
  • жинақ салымдары;
  • бағалы қағаздар.

Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Қазақстандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

  • мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Мерзімді салым (депозит) - белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.

Тағы бір кеңінен таралған салымның түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  • мерзімді жинақ салымдары;
  • қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
  • ұтыс салымдары,
  • ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
  • мақсатты және ағымдық салымдар;
  • алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
  • валюталық салымдар.

Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатызуға борлады.

Депозиттік және жинақ сертификаттары- бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.

Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді.

1. Атаулы сертификаттар;

2. Мәлімдеуші сертификаттар.

Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депзиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:

  1. аударылатын;
  2. аударылмайтын.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу - сату арқылы өтеді.

Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды.

Отандық банктеріміздің тартылған қаражаттары ішінде банкаралық несиенің де рөлі жоғары.

Банкаралық несие - бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.

Банкаралық несиенің бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар.

Овернайт - банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

Күндізгі заем - банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:

  • депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
  • депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
  • салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп. жеңілдіктер жасауға тиіс.

Активтік операциялар

Активтік операциялар - бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.

Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:

  • ссудалық (несиелік) операциялар;
  • инвестициялық операциялар;
  • депозиттік операциялар;
  • қаржылық операциялар;
  • басқа да операциялар.

Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік (ссудалық) операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады.

Банктің инвестициялық операциялары - несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады: біріншісі - банкке табыс әкелу, екіншісі - өтімді активтер қатарын толықтыру.

Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

  1. Мемлекеттің бағалы қағаздары;
  2. Корпоративтік бағалы қағаздар.

Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:

  • Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.
  • Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ретке дейін төленеді.
  • Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады.

Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:

  • акциялар;
  • облигациялар;
  • депозиттік жзәне жинақ сертификаттары;
  • ипотекалық куәліктер;
  • депозитарлық қолхаттар.

Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділікті қолдау және банктермен корреспонденттік қатынас орнату негізінде дамиды. Мұндағы корреспонденттік қатынас банктердің бір-бірінде ашатын корреспонденттік шоттары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар банктер активтік депозиттік операциялар негізінде банкаралық несиенің дамуына мүмкіндік жасайды.

Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға : лизинг, факторинг, және форфейтинг операциялары жатады.

Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем-төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.

Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді:

1. Шұғыл лизин - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

2. Қаржы лизингі - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Факторинг операциясы - жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметттері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Форфейтинг операциясы - форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің берген төлем құжатын сатып алуы.

01. 10. 07ж екінші деңгейлі банктердің қаржылық көрсеткіштері

Банктің аты
Активтері
№: 1
Банктің аты: АО «Казкоммерцбанк»
Активтері: 2750237306
№: 2
Банктің аты: АО «Банк Туран Алем»
Активтері: 2514577201
№: 3
Банктің аты: АО «Халық банк»
Активтері: 1384063244
№: 4
Банктің аты: АО «Альянс банк»
Активтері: 1231783974
№: 5
Банктің аты: АО «АТФ банк»
Активтері: 1049962361
№: 6
Банктің аты: АО «Банк Центр Кредит»
Активтері: 907452496
№: 7
Банктің аты: АО «Темірбанк»
Активтері: 340262015
№: 8
Банктің аты: АО «Каспий банкі»
Активтері: 234625986
№: 9
Банктің аты: АО «Нурбанк»
Активтері: 203060336
№: 10
Банктің аты: АО «Евразия банкі»
Активтері: 183083285
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсудің қарқыны
Дәрістер тезисі
Экономикалық циклдың дамуы және оның тізбектері
Экономикалық өсудің сипаты мен көздері
Орталық банктердің ұйымдастырудың жолдары мен операциялары
Экономика негіздері қызметтері
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
Экономикалық теорияның пәнінен дәрістер кешені
Транзиттік экономика
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz