Болгария Республикасы


БОЛГАРИЯ
Болгария (България) Болгария Республикасы - Балкан түбегінің шығыс бөлігіндегі мемлекет, жері 110 мың км 2 . Негізгі халқы болгарлар 85%, бұған қоса түрік, сыған, армян, грек, т. б. ұлттар тұрады. Астанасы - София қаласы, 1, 5 млн адам. Мемлекеттік тілі - болгар тілі. Халқының көпшілігі православия дінін ұстанады, 13%-і мұсылмандар (1995) . Болгарияның - парламенттік республика мемлекет басшысы президент. Жоғарғы заң щығару органы - бір палаталы Халық жиналысы. Атқарушы билікті министрлер кеңесінің төрағасы жүргізеді. Жерінің солтүстігін Дунай жазығы, шығысын Добруджа үстірті және оңтүстігін Стара-Платина тауы алып жатыр. Климаты көп жерінде қоңыржай континенттік, тек оңтүстігінде ғана - жерортатеңіздік. Жауын-шашынның жылдық мөлшері - жазықтықта 450-600 мм, тауда 850-1300 мм. Болгария жерінде өзен көп. Басты өзендері: Дунай, Искыр, Маршуа, Струша, т. б. көлдердің басым көпшілігі Рина, Трин тауларында, жерінің 30%-і орманды. Қара теңіз жағалауында көптеген демалыс орындары орналасқан. Болгария з. б. 8-6 ғасырларда грек тіліндегі деректерге қарағанда, бұл жерлерді фракийлер қоныстанған. 1-ғасырда фракийлерді Рим империясы бағындырып, мұнда Мезше мен Фракия провинцияларын құрады. 395 жылы Болгария жері Византия империясының құрамына кірді. 7-ғасырдың 70 жылдарында Аспарух хан бастаған бұлғарлар Азов тайпалары маңы мен солтүстік Кавказ өңірінен көшіп, 680 жылы Балкан таулары мен Дунайдың төмен ағысында бұлғар тайпалары мемлекеттің негізін қалады. 9 ғасырда Сердиканы, Адрианопольді және т. б. аймақтарды қосып алу нәтижесінде бұл мемлекет шекарасы кеңейді. Бірінші Бапар патшалығы (1018-1186) Византияға бағынған. 1187-1996 жылдардағы екінші Бапар патшалығы алғашқыда Батуға салық төлесе, 13 ғасырдың аяғы мен 14 ғасырдың басында Ноғай ордасына тәуелді болды. Бытыраңқылықтағы Болгария жерін 14 ғасырдың аяғында Осман сұлтандығы өзінде бағындырады. 15-ғасырдан бастап қалалар көркейіп, елдің әл-ауқаты артты, болгар шонжарларының бір бөлігі Ислам дінің қабылдады. Өндірістік қатынастар, сауда дамып, ірі жәрмеңкелерге тауар айналымы артты. «Ізгілікті жасақ» (1862) «Орталық астыртын болгар комитеті» (1868) секілді Бухаресте құрылған ұлттық ұйымдар Осман сұлтандығы шеңберінде Боларияға автономия беруді талап етті 1877-78 жылдардағы орыс-түрік соғысына болгар жасақтары Ресей жағында соғысады. Сан-Стефан бітім шарты (1878) бойынша Болгария дербес мемлекет құруға қол жеткізді. Бірақ, Берлин конгресінің шешімімен (1878) солт-бөлігінде Түркияға тәуелді Болгария князьдігі, оңт бөлігінде Осман сұлтандығы құрамында автономиялық Шығыс Румения провинциясы құрылады. 1885 жылы 6-қыркүйекте болған көтеріліс нәтижесінде Шығыс Румения Болгария княздігіне қосылды да 1908 ж - 22 қыркүйекте Болгария өзін толық тәуелсіз ел деп жарияланды. 1944 жылы 15-қыркүйектен 1989 жылға дейін Болгария социалистік даму жолын таңдаған елдер қатарында Варшава шартына экономикалық өзара көмек кеңесіне мүше болды. 1989 жылдан елде саяси өзгерістер, демократиялық жаңғыру, экономика нарықтық қатынастарға көшу басталады.
Экономикасы. Болгария 1947 жылға дейін аграрлы ел болатын 1947-90 жылы индустриялды - аграрлы мемлекетке айналды. 1996 жылы жан басына шаққандағы орташа жылдық табыс 1160 АҚШ долларын құрады. Экономикалық негізгі машина жасау, тамақ өнеркәсібі, қара және түсті металлургия химия және мұнай-химия өнімдерін шығару, ағаш өңдеу салаларынан тұрады. Ауыл шаруашылығында дәнді дақылдар бидай, жүгері, темекі, көкөніс, жеміс өсіріледі. Райхан майын экспортқа шығаруда дүние жүзінде 1-ші орын алады. Экспортқа машина, пластмасса өнімдерін, темекі, шарап шығарылады. Қара теңіз жағалауында Туризм дамыған 1994 жылы елдің ішкі жиынтық өнімі 10 млрд доллары құрады.
Әдебиеті. Болгария әдебиетінің тарихы 9-ғасырдан басталады. Діни ағартушылық бағыттағы «Адам ата мен хауа ана жайлы сөз», «Исустың әзірейіммен тәжікесі», «жұмбақ кітап», т. б. туындылар сол дәуірдің ескерткіштері. Бірте-бірте әдебиетте халықтың сарын күшейіп «троян хикаясы», «Александрия» іспетті шығармалар пайда болады.
Поп Пейо, матвей Грамматик сынды жазушылар шықты. 18-19 ғасырларда П. Хилендарский, С. Врачанский, В. Апринов, Н. Бозвели, П. Берон, К. Фотонов т. б. жазушылар әр жанрда қалаш тербеп, әлеуш, қоғамдық, қызметке белсене араласты, мектепке арналған тұңғыш оқулықтар жазды. Болгар ұлттық әдебиеті жанрлар түгел дамыды.
Тарихи тақырыптарды көтерген А. Дончевтің «Аспарух хан» трилогиясы, С. Дигевтың «Бостандық үшін», Д. Талевтың «Темір шырақ», «қоңыраулар», Д. Димовтың «Темекі», Г. Караславовтың «кәдімгі жандар», А. Гулящканың «Алтын жабағы», К. Колчевтың «Тоқымашылар семьясы» романдары - 20 ғасырдағы Болгария. Әдебиетінің қауырт өсуінің белгісі. Болгар жазушыларының «Болгар әйелдері» атты әңгімелер жинағы және И. Возовтың «Бұғауда» романы қазақ тілінде басылып шықты.
Өнері. Болгарлардың дәстүрлі ұлттың өнерінің негізгі бірінші Болгар патшалығы тұсында қалыптасты. Ол ежелгі және византиялық өнердің көркемдік дәстүрлерінен пәр алып дамыды. Болгар сәулет өнерінің ежелгі ескерткіштері Плиска мен Преславтағы сарайлар, мүсін өнерінің аса дәуірлерде салынған. Византия билігі кезінде Болгария өнері дамуында кідіріс болды.
Екінші Болгар патшалығы кезінде Тырнова қ. көркем - өнердің негізгі орталығына айналды. 13-4 ғасырларда кескіндеме мен миниатюра, зергерлік өнер дамыды. Алайда Осман түріктерінің жалаулы салдарынан ұлттық өнерде Болгарияның қайта өркендеу дәуірінде өрлеу байқалды. Сәулет өнерінде А. Глицен, Н. Фичев, П. Иованович сияқты шеберлер, бейнелеу өнерінде Тревнян, Саманов, т. б. суретшілер, танымал болды. Көрнекті табиғат суретшісі және тұңғыш портреттердің авторы З. Зограф өз фрескаларында замандастарының бейнесі мен сынайы өмір көріністерін шебер бейнеледі. 19-ғасырдың 60-70 жылдары отандық графикалық қанат жайған кезеңі болды.
Ал осы ғасырдың 80 жылдары суретшілер А. Митов, И. Анчелов, И. Мырквычка т. б. табиғат көріністерін, шаруалар өмірін олардың тұрмыстық салт-дәстүр, әдет ғұрпын бейнеледі. Соғыстан кейінгі жылдары София, Пловдив, Вариа т. б. қалаларды қайта салу және ұлғайтудың бас жоспары жасалды.
Болгар ұлттық музыка өнерінің тарихы 9-ғасырдан басталады. Оның орта ғасырлардағы көрнекті өкілі - И. Кузель. 1878 жылы хор ұжымдары, үрмелі аспап оркестрлері ұйымдастырылды. 20-ғасырда муыкалық мектептер ашылды.
Болгарияның театрының қалыптасуы 19-ғасырдың 2-жартысында алғаш рет (1856) Лом қаласында К. Стоянов - Тимурханның Ф. Гебельдің «Сормаңдай Геновева» пьесасынан өңдеп, сахнаға шығаруымен байланысты. Пловдивте Бапар драма труппасы, «Пловдивтің әуесқойлар труппасы» ұйымдасты.
1891 жылы драмалық және опералық труппалар құрылды. «Күлкі мен көз жасы» труппасы, Халық театры болып қайта ұымдастырылды. Жаңадан «Таң», «Жаңа халық театры», т. б. театрлар ашылды. Болгар театр өнерінің өркендеуіне В. Кирков, С. Огнянов, С. Бычкаров, А. Будевская, Г. Попова, М. Икономов, К. Сарафов, т. б. сахна шеберлерінің сондай-ақ, Ф. Филиппов, К. Мирский, М. Попова, В. Грандафилов, З. Иорданова сияқты өнер қайраткерлерінің қосқан үлесі зор. Болгарияда ұлттық кинематография 1910 жылы пайда болды. «Сыпайы болгар» кинокомедиясы экранға 1915 жылы шықты. 1919 жылы қысқа метражды, деректі және көркем фильмдер қоятын «Лунафильм» акционерлік қоғамы құрылды. 1915-30 жылы комедия, т. б. жанрларда фильмдер шығарылды. 1933 жылы болгар ұлт батыры В. Ливский туралы «құл бүлігі» атты бірінші дыбысты фильм қойылды. 1944 жылдан кейәін Болгария кино өнерінде жаңа кезен басталды.
Көркемсуретті фильдермен қатар деректі хроникалық, ғылым-көпшілік және мультипликациялық фильмдер түсірілді.
1961 жылдан бастап Варнада жыл сайын болгар фильдерінің фестивалі өткізіледі.
Р. Елемесов
А. Мырзахметова
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz