Философия ғылымы жайлы



1. Философия. адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма.
2. Жеке және қоғамдық өмірдің мақсат. мүдделері туралы философиялық көзқарастар.
Философияның ежелгі грек ойшылдары дәуірінен бері «даңалыққа құштарлық» деп анықталып келгендігі белгілі. Алайда философияның кең танымал осы ұғымынан өзге түсініктері де тарихи-философиялық очерктерде молынан ұшырасады. Мысалы, Платон «...геометрия және басқа философиялар» деген сөздерінде философия ұғымын «ғылым» сөзінің мағынасына жақын қолданады. Оның айтуынша Сократ «философия» терминін даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған. Ал Аристотель ізбасарлары, болмыстың іргелі негіздерін айқындауға мүмкіндік беретін жалпылама ғылым ретінде бұл «бастапқы философияны» метафизика деп атады.
Аристотельдік мағынада бұл термин болмыстың өзіндік тұтастығындағы әр алуандылықты игеруге бағытталған философиялык білім түсінігімен тығыз байланысты (Аристотельдщ «болмыс» ұғымын қалай түсінгені туралы кейінірек сөз болады). «Физика», әдетте, жаратылысты, натуралды табиғатты, оның заттар мен үдерістердеп (процестердеп) сыртқы көрінісін зерттейді Демек, «метафизиканың» үлесіне бүл құбылыстардан «кейін» орналасқан, олардың арғы жағындағы нәрсе тиесілі. Аристотельдің пайымдауынша заттардың, жағдайлардың, құбылыстардың, үдерістердің сыртқы көрінісшің арғы жағында мәнділік орналасқан. Метафизика осы мәнділікті, болмыстың универсалдык заңдылығын, яғни сезімдік таным деңгейінен тыс, тікелей және жанама қабылдаудан жасырын жатқан нақтылықты зерттейді. Демек, бұл «арғы жаққа үңілу» жасырын нақты мәнділікті ашуга бағытталған белсенді танымдық ойлау қозға лысы, пайымдаушы күш. Ал М.Хайдеггер былай деп жазады; «...Метафизика - бұл мәнділікті жеке және тұтас түрінде принципиалды тану. Бірақ бұл «дефиницияны» мәселенің қойылуы ретінде ғана бағалауға болады, яғни мынадай сұрақ қойылады «бар нәрсе болмысының мәні деген не?» (Хайдеггер М. Кант и проблема метафизики. М., 1997, 5-8 бет). Демек, осыдан күрделі сүрақтар тізбеп қүралып, «не өмір сүреді?» деген мәселе туындайды.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Философия- адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани
форма.
2. Жеке және қоғамдық өмірдің мақсат- мүдделері туралы философиялық
көзқарастар.

Философияның ежелгі грек ойшылдары дәуірінен бері даңалыққа құштарлық деп
анықталып келгендігі белгілі. Алайда философияның кең танымал осы ұғымынан
өзге түсініктері де тарихи-философиялық очерктерде молынан ұшырасады.
Мысалы, Платон ...геометрия және басқа философиялар деген сөздерінде
философия ұғымын ғылым сөзінің мағынасына жақын қолданады. Оның айтуынша
Сократ философия терминін даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген
құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған. Ал Аристотель ізбасарлары,
болмыстың іргелі негіздерін айқындауға мүмкіндік беретін жалпылама ғылым
ретінде бұл бастапқы философияны метафизика деп атады.
Аристотельдік мағынада бұл термин болмыстың өзіндік тұтастығындағы әр
алуандылықты игеруге бағытталған философиялык білім түсінігімен тығыз
байланысты (Аристотельдщ болмыс ұғымын қалай түсінгені туралы кейінірек
сөз болады). Физика, әдетте, жаратылысты, натуралды табиғатты, оның
заттар мен үдерістердеп (процестердеп) сыртқы көрінісін зерттейді Демек,
метафизиканың үлесіне бүл құбылыстардан кейін орналасқан, олардың арғы
жағындағы нәрсе тиесілі. Аристотельдің пайымдауынша заттардың,
жағдайлардың, құбылыстардың, үдерістердің сыртқы көрінісшің арғы жағында
мәнділік орналасқан. Метафизика осы мәнділікті, болмыстың универсалдык
заңдылығын, яғни сезімдік таным деңгейінен тыс, тікелей және жанама
қабылдаудан жасырын жатқан нақтылықты зерттейді. Демек, бұл арғы жаққа
үңілу жасырын нақты мәнділікті ашуга бағытталған белсенді танымдық ойлау
қозға лысы, пайымдаушы күш. Ал М.Хайдеггер былай деп жазады; ...Метафизика
- бұл мәнділікті жеке және тұтас түрінде принципиалды тану. Бірақ бұл
дефиницияны мәселенің қойылуы ретінде ғана бағалауға болады, яғни мынадай
сұрақ қойылады бар нәрсе болмысының мәні деген не? (Хайдеггер М. Кант и
проблема метафизики. М., 1997, 5-8 бет). Демек, осыдан күрделі сүрақтар
тізбеп қүралып, не өмір сүреді? деген мәселе туындайды. Мұны не нақты
өмір сүреді? деген сұрақ жалғастырады. Бұл жерде бар нәрсенің өмір сүруі
туралы мәселеден оның мәнділігі туралы мәселеге көшеміз. Бұл сұрақтардың
тізбегін осы мәнділікті тану мүмкіндігі мәселесі аяқтайды, яғни бұл жерде
таным үдерісінің мәні туралы мәселе қойылады. Сонымен, болмыс туралы сұрақ
ойлау туралы сұраққа алмасады. Хайдеггердің 1935 жылы жазған Гельдерлин
және поэзияның мәні деген еңбегінде осы айтылған цикл тіл туралы сұрақпен
аяқталады. XX ғасырдың ұлы философының пайымдауынша тіл ең соңғы непз,
адамзат болмысының соңғы нақты тұрағы және сонымен қатар, оны игерудің
жалғыз универсалды құралы болып табылады.
Енді даңалыққа құштарлық деп анықталатын философияға қайта оралайық.
Бұл сөз тіркесіндегі құштарлық белгілі бір нәрсеге тандануды, өзіңнен
жоғары түрған нәрсені сезшіңмен мойындауды және басқа осындай әсерлерді
білдірумен қатар, өзге үшін өзіңді үмыту, озіңнен бас тарту сезімін де
аңғартады. Даналыққа құштар осы адам үшін өзге нәрсе нені білдіреді? Ол
физикалық тұрғыдан алғанда да, рухани тұрғыдан алғанда да өзіндік меннен
өзге нәрсе. Тіпті, ішкі идеалды меннің өзі де физикалық тәннің өмір
сүруінен өзгешеленеді.
Ия, бүл пәнилік өмірдің шектелуі екендігі бәрімізге белгілі. Былайша
пайымдауға болады: адамды өзінің шектеулі шең-берінен шығарып, өзгеге
құштарлықпен ұмтылуға мәжбүрлейтін құдіреттің бар екендігін ескерсек, оның
жалғыз тәсілі -бұл рухани күш-жігер болып табылады. Мұны идеалдық,
руханилық, ақыл-ой және т.б. атаулармен атауға болады. Осылай зерделеудің
нәтижесінен мынадай түйін келіп шығады: философия дегеніміз — адамның
өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма.
Сонымен, философияны даналық түсінігімен байланыстырар болсақ, онда
бұл соңғы ұғым білімнің жоғары синтезі, белгілі бір нәрсе туралы толық
жетілген білім деген мағынаны білдіреді. Демек, философия осындай білімге
деген құштарлық, ал бұл даналықтың объекті — менің өзімнен тыс табиғат.
және адамзат әлемі, сонымен қатар, өзім және феномен ретіндегі білімнің өзі
(ескерте кетейік, антик дәуірінде философия білімге ұмтылуды, таза да тұнық
Ақикатқа жетуді білдірді).
Адам - ақыл-ойы бар әлеуметтік мақұлық. Оның іс-әрекеті белгілі бір
мақсатқа бағынады. Күрделі қазірп әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін көп
білім қана қоймай, сонымен қатар адамның түбірлі мүддесі мен заман талабына
сай дұрыс шешімдер қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай білу қажет. Ол үшін ең
алдымен әлемді терең және дұрыс түсіну, яғни жалпы және жеке мақсаттарды,
және оларға жету әрекетінің тәсілдерін таңдауға мүмкіндік беретін
дүниетанымның қажеттілігі шарт. Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны
өзгертуіне көмек беретін ғылым. Мысалы, физика бір энергия түрінің
екіншісіне ауысуына мүмкіндік береді, химия табиғатта жоқ нәрсені қалай
синтездеуді үйретеді, математика керемет компьютерлер жасауға жағдай
жасайды, техникалық ғылымдар жаңа транспорт құралдарын даярлайды, байланыс
жүйесін, ғарыш кемелерін және жаңа тұрмыстық техника жасап шығарады.
Ғылымның осы барлық салалары жекелей және барлығы жиылып әлемді белплі
дәрежеде түсінуге септігін тигізгенімен дүниетанымның орнын алмастыра
алмайды. Дүниетаным ғылым жетістіктері негізінде қалыптасады, бірақ ол
сонымен қатар, қоғамның тарихи тәжірибесіне, оның мәдениетіне сүйенеді,
әлеуметтік дамудың жеткен деңгейі мен өмір сүру тәртібін бейнелейді. Мұның
бәрі білімнің ерекше жүйесі - философияны игеруді қажет етеді.
Дүниедегі озінің орны туралы, жеке және қоғамдық өмірдің мақсат-
мүдделері туралы, өзінің өмірлік ұстанымы мен іс-әрекеті туралы ойлана
отырып адам белгілі бір философиялық көзқарастар калыптастырады. Өзінің
мәдени деңгейіне байланысты, арнаулы немесе жалпы білім дәрежесіне орай, әр
түрлі езара әңгімелесудің әсерінен және бұқаралық ақпарат құралдары мен
әдеби кітаптардан алынған мағлұматтарын жинақтай отырып, ол өзінің жеке
өмірлік философиясын, жүйелі және ғылыми негізделген болмаса да өз
дүниетанымын құрастырады. Кейде қарапайым тұрмыстық және өндірістік
жағдайлардағы бір сәттік дүниетанымның өзі де қанағаттандырарлық болуы
мүмкін белгілі француз философы Огюст Конт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фарабидің философиялық көзқарастары
Фараби Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат
Тіл білімі
Мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Әбу-Насыр әл-Фарабидің рухани мұрасы
Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс
Әл-Фарабидың «философиялық трактаттары»
Әбу Насыр Әл-Фараби өмірбаяны
Әл-Фарабидің шығармашылығындағы адам және қоғам
Пәндер