Тұрақты даму талаптарына сәйкес, білім жүйесі


Жоспар
1 Кіріспе бөлімі:
2 Негізгі бөлім:
а) Тұрақты даму талаптарына сәйкес, білім жүйесі.
б) ХХ ғасырдың, 60 жылдарындағы АҚШ және Ұлыбритания,
білім мекемелерінің прагматикалық көз қарастары.
3 Қорытынды:
Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған талаптарға сай жасөспірім ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар негізінде ұйымдастырлады. Әдетте бұл жеке мемлекеттік білім жүйесіндегі реформалармен жалғасады. Жүргізілетін реформалар тереңдігі, ауқымы сол қоғамның білім мәні бойынша алған ұстанымына байланысты. Осы тұрғыдан еліміздің білім жүйесі XXI ғасырдың жаңа талаптарына сай болу мақсатында үлкен бетбұрыс алдында тұр. Елбасы 1997 жылы қазақ халқына арналған Жолдауына 2030 жылы Қазақстан мемлекеті өсіп, кемелдеген кезде «білім өресі биік, қазіргі замандағы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуі даяр» ұрпақ қалыптасатынына, «олар жоғары ақы төленетін, жақсы оқытып үйретілген, Қазақстан мен Қазақстан халқының мүдделерін, өздерінің жеке мүдделерінен жоғары қоятын мамандар бола отырып» елінің игілігіне қызмет ететініне сенім білдірген.
Қазіргі қоғамның басты сипаты: адамзат тіршілігінің барлық салаларына, қоғамдық, әлеуметтік және экономикалық қарым - қатынастарға өрісін жайып келе жатқан жаһандану құблысы. Жаһандану ғылым мен техниканың жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің және адамдардың «тіршілік ету кеңістігінің кішірейіп», «ара қашықтың қысқыруын», ақпараттық шекаралардың жойылып кетуін тудырған ақпараттық - коммуникациялық қатынастарын реттестіру, қоршаған ортаны қорғау, қатерлі індеттердің алдын алу, халық аралық лаңкестік, демографиялық және гендірлік білгірліктер сияқты аса күрделі мәселелерді бірлесе шешу қажеттілігінен туып отыр.
Жаһандану құблысы біртұтас азаматтық қоғам, экономикалық және мәдени ғаламдық кеңістіктің қалыптасуына ұласып, бір жағынан, елдер арасындағы ғылыми, мәдени, экономикалық және ақпараттық қарым - қатынастар мен өзара пайдалы алмасулардың өрісін кеңейтсе, екінші жағынан, елдердің, әсіресе, артта қалған немесе дамушы елдердің мемлекеттік дербестігін шектеп, олардың тәуелсіздігі мен еркіндігіне қауып тудырады.
Адамзат өркениетінің дамуының осындай шиеленісті тұсында әлемнің көптеген елдері өздерінің қоғамдық - әлеуметтік, саяси - экономикалық саясатының басты және өзекті тұғыры есебінде «Тұрақты даму стратегиясын»қабылдап отыр. Тұрақты даму мәселесіне Қазақстанға да тиісті көңіл бөлініп, 2000 жылы Қазақстан Үкіметі ББҰ БД - мен бірлесе отырып, тұрақты дамудың құрлымдық шарттарын нығайту бағытындағы арнаулы бағдарлама қабылдады.
Парадигма дегеніміз: 1) Берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезеңдегі ғаламдардың зерттеу практикасы соларға қарап ұйымдастырылған негізгі ғылыми жетістіктер (теориалар, әдістер) жүйесі. Ұғымды енгізген америкалық тарихшы. Т. Кун ғылыми пәннің дамуында препарадигмалық кезең (парадигма белгіленер алдындағы кезең), парадигма үстемдігі кезеңі, дағдырыс және ғылыми революция кезеңі (парадигмалардың алмасуы, бірінен екіншісіне өту) болады деп пайымдады. Парадигма тұжырымдамасы алға қойған проблемалар (ғылыми пән және оның даму кезеңдері туралы, танымының субъектісі ретіндегі ғылыми қауымдастық туралы және т. б) отандық ғылымда деолектикалық - материалистік әдіснама тұрғысында талдап - шешілуде. 2) Шындық болмыстың мәнді сипаттарын білдіретін ұғымдар жүйесінде тұлғаланған қатаң ғылыми теория. 3) Белгілі тарихи кезең ішінде ғылыми қоғамдастықта үстем болатын зерттеу әдістерінің, проблемалар қою мен оларды шешудің бастама тұжырымдамалық схемасы, моделі.
Тұрақты даму тұжырымдамасы - жеке адам, табиғат және қоғам арасындағы, бүгінгі адамзат тіршілігі мен келешек ұрпақтардың мүдделері арасындағы ірі қарама - қайшылықтарды азайтып, қоғамдық қарым - қатынастар мен материалдық және рухани - интеллектуалдық жағдайларды кешенді түрде қарастыратын, адамзат тіршілігінің сапасын өсіріп, табиғи ортаның тепе - теңдікті қалпын сақтау және жақсарту. Тұрақты даму тұрғысынан қарағанда елдердің бір - бірінен салыстырмалы тұрғыдағы артықшылығы, бәсекелестік күш - қуаты олардың табиғи ресурстарының молдығына ғана емес, ең алдымен, қазіргі заманғы маңызды әлеуметтік құндылықтар мен қоғамдық бағыттар жүйесін дұрыс қалыптастырумен, қоғам мүшелерінің интелектуалдық, рухани және мәдени әлеуметімен, иновациялық техналогияларды және ақпарат ағымын ұтымды пайдалана білуімен анықталады.
Тұрақты даму талаптарына сәйкес білім жүйесі адам - адамзат қоғамы - табиғат арасында жан - жақты, кең ауқымды біртұтастық құруға негізделген жаңа дүниетаным қалыптастыратын, барлық елдердің білім жүйесін бір кеңістікте өзара үйлестіріп, адамдардың болашаққа бағдарлаған ноосфералық ой - өрісін, экологиялық - гуманитарлық дүние танымын қалыптастырып, ғаламдық білгірліктерді рухани - интелектуалдық тұрғыдан үйлесімді шешетін, Аристотелдің сөзімен айтқанда «жақсы қоғам құруға мүмкіндік беретін бірден бір сенімді фактор»есебінде бағалануда.
2002 жылы Минск қаласында өткізілген «Тұрақты даму мүддесінде сай білім сапасын басқару» халықаралық ғылыми - практикалық конференциясында тұрақты даму бағдарламасының басты идеялары төмендегідей деп көрсетіледі.
- Әрбір азаматтың өмірлік болашағын қамтамасыз етудің кепілі есебінде оның ұлттық құндылықтарын сақтауға және этикалық және моральдық құндылықтарды қадірлеуді адамгершілік басты ұстаным ретінде қабылдауға тәрбиелеу.
- «Бейбітшілік мәдениеті» тұжрымдамасы аясында адамдардың мәдениеті мен толеранттығын қалыптастыруға бағыттау мақсатында білім беруді халықаралық деңгейдегі демократияландыру, оның бұқаралық мәртебесін көтеру;
- өміршең және тұрақты адазат қоғамын қалыптастыруға бағытталған ғылыми - зерттеу жобаларының барынша қолдау көрсету, оларды өмірге енгізу жолдарын анықтау;
- бүкіл ғылым жүйесін және халықаралық қауымдастықты қоғамның тұрақты дамуына қызмет ететін басқару мен педагогикалық жүйелердің неғұрлым прогресивті техналогияларын енгізуге жұмылдыру;
- тұрақты даму тұжрымдамасы аясында білім жүйесіндегі халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық пен ықпалдасуды дамыту.
Білімді тұрақты дамыту стратегиясын басшылыққа алған жоғары дамыған елдер, әсіресе, Жапониыя, Қытай, Корея, Молазия, Сингапур, сияқты Азия елдері жаһандану үрдісін, ақпараттық - коммуникациялық революцияны, инновациялық технологиялардың енгізілуін басқара елдермен белсенді және тиімді экономикалық қарым - қатынас орната отырып жеделдеп даму мүмкіндігі есебінде пайдаланса, екінші жағынан, өздерінің ұлттық рухани және экономикалық тәуелсіздігін, қауыпсіздігін сақтаудың, шынай ұлттық өркендеудің, жедел және тұрақты дамудың бірден - бірі кепілі ретінде отандық білім саласын реформаларға аса үлкен мән беріп, оны мемлекеттің басым саясатына айналдырып отыр.
Экономикалық өркендеу мен жаңа техналогияларды игеруде ғажайып жетістіктерге жетіп отырған Жапония елінің білім жүйесінің дамуын зерделесек, оның басты ерекшелігі ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беруді әрқашан басты орынға қойлатыны байқалады. Жер көлемі шағын, табиғи қазба байлықтары жоқ, тау - тастар мен мухит арасындағы аралда орналасқан бұл елдің басты байлығы адам капиталы, өз елі мен жерін шынайы және шексіз қадірлейтін азаматы болып бағаланады. Сондықтан да осындай адамды қалыптастыратын білім жүйесін дамытуға үнемі басты маңыз беру нәтижесінде. Жапония осы саладағы әлемнің ең озық елі болып саналады. Күншығыс елі 12 жылдық орта білім жүйесіне бұдан жарты ғасыр бұрын көшкен, бес күндік оқу аптасы енгізіліп, балалардың мектепте өзін аса қолайлы жағдайда сезінуіне толық жағдай жасалған, балаларды балабақшамен қамтамасыз ету, білім жүйесін ақпараттандыру, жастарды жоғар біліммен қамту сияқты шешуші мәселелер бойынша да Жапони әлемдегі ең алдыңғы қатарда келеді.
Әлемнің ең қуатты елі Америка Құрама Штаттарының білім мекемелерінде XX ғасырдың 60 жылдарында прагматикалық көз қарасықа негізделген болатын. Нәтижесінде «американың прагматикалық педагогика», «экземплярлық», «кафетерилік» деп аталып кеткен білім жүйелері орнығып, білімнің іргелілігін төмендетіп, орта мектеп оқушыларының білімінің таяз, үстірт болып қалыптасуына әкеліп соқты. Осыған байланысты 1983 жылы АҚШ Үкіметі «Ұлтымыз қатерлі жағдайда, білім реформасы қажет» атты баяндамасы жарияланып, білім саласын қайта қарауға орасан зор қаржы бөлінуде.
Көп жылдар бойы Ұлыбритания тәуелді болып келген, қазіргі әлемге ашық экономикалық саясат ұстанып отырған Малазия мен Сингапур сияқты және рухани дербестікті, ұлттық мәдени мүмкіндіктерді дамыту арқылы тез және жоғары жетістіктерге жетуге болатынын дәлелдеп отыр.
Еуропалық және Азиялық өркениеттің аралығында орналасқан Қазақстанның геосаяси орны, жаһандану талаптары ана тілімізбен ұлттық мәдениетіміздің кеңестік дәуір кезіндегі және қазіргі жай күйі, еліміздің көп мәдениеттілік, көп конфессиялық сипаты тереңге бойлаған түп тамырларымыздан нәр алып, үнемі және үздіксіз қанығып отыратын шынайы, тәуелсіз ұлттық білім жүйесін құруды талап етеді. Жоғары аталған озат елдердің тәжірибелеріндегідей, төл білім жүйесінің басты мақсаты мен міндеті, ең алдымен халқымыздың тілін, оларды басты құндылық ретінде бағалайтын, оларды дамуына мүделі болып саналы түрде атсалысатын Қазақстанның елжандыазаматын қалыптастыру тиіс. Бүкіл білім мен тәрбие ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі даналығынан, рухани құндылықтарын, мәдени мұраларынан, ана тілімізден, асыл дәстүрлерімізден, ұлы педогогтеріміз бен ғұлама - гуманистеріміздің классикалық филасофиялық ой толғауларынанбастау алып, басты ұлттық табиғатымызға негізделіп, Қазақстандық және жалпы адамзаттық мүделерді басшылыққа алып, рухани - мәдени құндылықтарымызға басымдылық бере отырып құрылуы аса маңызды.
Мамандықты таңдауда біржақтылық, кездейсоқтық, көзжұмбайлық, көпшілікке соқырлықпен ілесу, әйтеуір оқиды деген атағы үшін ең арзан оқуға бара салу сияқты кереғар құбылыстар орын алады. Адамзаттың ілгері дамып өрлеуі осындай мамандықтардың әр түрлі болып жіктелуімен себептелген. М Вебердің дәлелі бойынша батыс капитализмін қалыптастырған протестанттық өнеге - ғибарат. Протестанттық дүниетаным адамды өз тұтады, сондықтан адам өз өмірін, өз қабілеттерін өз бейімділігіне ғана арнау керектігін уағыздаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz