Халық банкі филиалында кассалық операциялар және оларды дамыту жолдары


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОРТА-АЗИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика факультеті Экономика жэне менеджмент кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Халық банкі филиалында кассалық операциялар және

оларды дамыту жолдары»

орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

Қорғауға жіберілді: «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі:

« » 2008 ж

АЛМАТЫ - 2008 ж.

МАЗМҰНЫ.

Кіріспе 3

І-бөлім. Коммерциялық банк туралы заңдармен нормативтік актілерге шолу.

1. 1. Екінші деңгейдегі банктердің құқықтары мен міндеттері.
8

1. 2. «Халық банкінің» құрылымы және қаржылық операциялар
жүйесі 16

II - бөлім. Банктегі кассалық операциялары.

2. 1 Банк кассасына қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру

есебі 38

2. 2. Ақша және басқа да құндылықтарды сақтау 47

2. 3 Қолма-қол ақша инкассациясы және құндылықтарды тасымалдау.
58

Ш-бөлім. Коммерциялық банк операцияларының ішкі аудиті.

  1. Банк операцияларының аудиті 69
  2. Кассалық операцияларды аудиторлық тексеру 75

Қорытынды 84

Пайдаланған әдебиеттердің тізімі 87

Кіріспе

Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінен, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелері мен кәсіпорындардан ашу қолға алынды.

Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік қарыз блигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілдігімен мерзімдік несиелер берумен йналысты. Сондай-ақ оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операциялар жүргізуге рұқсат етілді.

1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322, 7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950 - 1960 жылдар арасында 1, 8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті. Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды [10; 13 бет] .

Жинақ кассаларында тұрғындардан пәтерге, коммуналдық қызметттерге төлейтін төлемақыларын қабылдау операцияларын жүргізу

қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылықпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шыгарылып, Мемлекеттік банк қарамагына берілді, халық салымдарының қаржысы бүдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруга жұмсалатын болды.

1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шыгарылып, Мемлекеттік банк қарамагына берілді, халық салымдарының қаржысы бүдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруга жұмсалатын болды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендіккке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды - дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта багдарлауға негізделген ісі қолға алынды. 1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.

Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жария етілген соң бір жылдан кейін, 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды [10; 14бет] .

1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып үйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық түрпаттағы акционерлік қоғам болып қайта күрылды. 1995 лшлдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы ірі операциялық банк болып танылды.

Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.

1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамына айналдырылды.

Қазақстан Халық Банкі еліміздегі ірі әмбебап әрі жетекші коммерциялық банктердің бірі болып келеді. 80 жылдан астам өз клиенттеріне қалтқысыз қызмет етіп, сенімді қаржылық мекемеге айналып отыр.

Активтері мен меншікті капиталының көлемі жағынан Халық банкі Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі ірі банктердің үштігіне кіреді. 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Банктің активтері 651, 7 млрд теңге, жарғылық капиталы 29, 9 млрд теңге, меншікті капитал мөлшері 64, 5 млрд теңге, тапқан таза пайда көлемі - 3, 4 млрд теңге шамасында болды.

2001 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес күрылымын жасауға қол жеткізді.

Банк УІ8А ІШегпаііопаІ және МазіегСагсІ ІШегпаІіопаІ төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалар . рыногының тұрақты көшбасшысы болып келеді. Банктің айналымдағы карточкаларының жалпы саны 2 млн бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы Банктің бүл көрсеткіш бойынша үлесі 70 пайызды құрайды.

Банк клиенттеріне көрсетілетін негізгі қызмет түрлерінің арасында кассалық операциялар үлкен маңызға ие. Оларға: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, үсату, айырбастау жатады.

Банк өз клиентінің қолма-қол ақшасы мен шаруашылық қызметтен алынған түсімін оның банк шоттарына қабылдап отырады. Клиенттің

өткізген қолма-қол ақшасы операциялық күннің ішінде түскен болса, сол күні бірден шоттарға аударылады, егер ақша операциялық күн аяқталған соң келіп түссе, клиент шотына келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей есепке алынады [12; 11 бет] .

Клиенттерге қолма-қол ақша беру алдын ала берілген өтінімге сәйкес орындалады, сонымен қатар Банк қолма-қол ақшаны өтінім түскен күні бірден бере алады, бірақ бүл жағдайда үсталатын комиссиялық сыйақының тарифі жоғары болады. Кассалық аппараттарын салық органдарында тіркеуден өткізуге тиіс клиенттерге Банк олардың шотқа түсірген қолма-қол ақшасының сомасы туралы растамалық анықтама береді.

Қоғамның даму деңгейі саясий жүйенің мүлтіксіздігімен ғана қоймай, азаматтардың қолындағы әлеуметтік қепілдіктермен, экономиканың жағдайымен де байланысты. Нарық субьектілерінің қызметтерінің

. экономикалық тиімділігінің обьективті жағдайы - төлемдерді кепілдікпен және мерзімімен алу. Бүл жұмысты Қазақстан Республикасының Банк кеңсе және кредит үйымдар атқарады.

Екінші деңгейдегі банктердің бірқалыпты қызмет жасау ушін, әсіресе, ақшаны айырбастауда, салымдарды қайтаруда, ссудаға сүранысты қанағаттандыруда, операция шығындарын жабу мақсатында, қызметкерлерге еңбекақыны, әртүрлі материалдарды және қызметтерді төлеуде керекті жағдай - бүл касса активтерінің керекті мөлшерде барлығы. Ақша қорына келесілер әсер етеді: банктердің ағымдық міндеттемелердің көлемі,

. клиенттерге ақша беру мерзімі, өзіндік персоналмен есептесу, бизнестің дамуы. Қолдағы ақша мөлшеріне инфляция да әсер етеді. Ақша құнсыздануына кауіп туғызып оларды тезрек айналымға, табысты активтерге салуын керек етіп қолдагы ақшаны көбейтуін талаб етеді.

Кассалық операциялар - қолма-қол ақша жүргізумен, әртүрлі актив шоттарда ақша құралдарының қалыптасу, орналастыру және пайдалану мен байланысты операциялар.

Шаруашылықта кассадағы ақшаның қалыптасуы, ақша құралдарының әртүрлі активтер, баптар арасындағы қарымқатынасы, қағаз массасы, несие купюра және биллон монеталар арасындағы пропорциялар банктегі кассалық операциялармен тығыз байланыста.

Ақша құралдарының бухгалтерлік есебі, кассалық операциялардың дүрыс жүргізілуі қаржы ресурстарды тиімді пайдалануда, ақша айналымын дүрыс үйымдастырылуда маңызды орынға ие. Ақша құралдарын тиімді тарату арқылы әр бір кәсіпорын қосымша табыс табуына болады. Сондықтан, пайда табу мақсатында ұақытша бос ақша құралдарын рационалды салу жөнінде үнемі ойлау қажет.

Бүл мәселенің экономикалық және көкейкестігі - кассалық операциялардың жүргізу мәселелер диплом жұмысының жазылуына себеб болып, оның мақсаты - екінші деңгейдегі банктердің кассалық операцияларының мәнін және маңыздылығын теориялық тұрғыдан зерттеп, осы операциялардың орындалуын практикасын талдау. Тақырыптың өзектілігі нарықты экономика жағдайында екінші деңгейдегі банктер басқа шаруашылық субьектілермен байланысы және есеп-айырысуларды нақты үйымдастыру арқылы айналым құралдарының айналымдылығын жылдамдатуға, ақша құралдарының өз уақытында түсуі негізінде банктердің жұмысының тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Диплом жұмысында келесі міндеттер қойылған:

  • екінші деңгейдегі банктердегі кассалық операциялардың негізін анықтау;
  • олардың құрылымын айқындап, қысқаша сипаттама беру;
  • кассалық операциялардың негізгі аспектілерімен танысу;
  • оларды жетілдіруде негізгі мәселелерін айқындау.

І-бөлім. Коммерциялық банк туралы заңдармен нормативтік

актілерге шолу 1. 1. Екінші деңгейдегі банктердің құқықтары мен міндеттері

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес банктер акционерлек қоғамдар нысанында қурылады. Банктер құрылтай шарты негізінде құқықтық құқықтық құрылады және өзінің жарғысы және Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес әрекет етеді. Банк оның Жарғысында жазылған атауды өзінің атауы ретінде пайдаланады. Банктің атауында «банк» сөзі немесе одан шығатын туынды сөз болуы тиіс [1; 3 бет] .

¥лттық Банктен басқа банктерге «ұлттық», «орталық» деген сөздер оның атауында кез келген тілде толықтай немесе қысқарған турде пайдалануға тыйым салынады.

Барлық банктерге өзінің атауында «мемлекеттік» деген сөздің кез келген тілде толықтай немесе қысқарған турде пайдалануга тыйым салынады. Бүрын құрылған банктердің онын ішінде банктер - Қазақстан Республикасы резидент еместердің атауын алмастыратындай үқсас атаулар, белгілер пайдалануга, еншшес банктерден баскасына, жол берілмейді. Еншілес банктер өзінің атауында бас банкісінің атауын пайдалануға міндетті.

Банк несие берушілерінің. мүдделерін қоргау және республика банк жүйесінің тұрақтылығын камтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша капиталыныц теріс мөлшері болған ретте банк акцияларын келсі үш күнтізбелік ай бойы банктің қаржы жағдайының қажетінше жақсартылуына кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша кейіннен міндетті турде дереу сату шартымен мәжбүрлеп сатып алулы жүзеге асыруға құқылы.

Банктің Жарғысы қолданыстағы заңнамаларда көрсетілген мәліметтерден басқа міндетті түрде мыналарды қамтуы тиіс:

• банктін толық және қысқартылған атауы;

  • банк қорларын пайдаланудың түрлері мен тәртібі туралы мәліметтер;
  • банк органдарынын шешім қабылдау тәртібі;

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйымдар банк болып кайта күрылған жағдайда:

  • құрылтай шарты, жарғы, сонғы есеп беру құніндегі қаржылық есепттік;
  • банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйымдардың қаржы мекемесінің қаржы жағдайы туралы аудиторлық үйымның есебі. Банк заңнамаларының талаптарға сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау үшін үсынылатын адамдар туралы мәліметтер.
  • жаңадан күрылатын банкінің егжейтегжейлі үйымдық құрылымы.
  • жаңадан құрылатын банкінің ішкі аудит қызметі жөніндегі ереже.
  • жаңадан құрылатын банкінің несие комитеті жөніндегі ереже;
  • жаңадан құрылатын банкітің қызмет стратегиясын, қызмет бағыты мен ауқымын ашып керсететіп бизнес жоспары, қаржылық перспективасын жылындағы пайда мен залалдар есебі, маркетинг жоспары, енбек ресурстарын тарту жоспары;
  • үсынылған бизнес-жоспарына сәйкес құрылтайшылар өткізген әзірлік шаралары жөніндегі есеп;
  • өтініш берушінің құрылтайшылар атынан өтініш беруге өкілеттін растайтын нотариалдық не өзге заңды түрде куәландырылған күжат:

Ішкі аудит қызметі туралы ереже несие комитеті туралы ереже бизнес-жоспар банктің уіклетті органымен бекітілуі тиіс.

Аудиторлық үйымның есебі оны куәландыратын күжаттарды беру жағдайында жарамды деп танылады:

• тексерілетін банктердің құрылтайшыларынан және онын лауазымды
тулғаларынан тәуеліз;

• уәкілетті органның немесе мемлекеттің құзыретті органының лицензиясына сәйкес, оның резиденті болып табылатын, банк қызметте аудит жұргізуге уәкілетті.

Банкіні мемлекеттік тіркеуді уәклетті органның банк ашуға рұқсаты негізінде әділет органдары жүзеге асырады. Оның құрылтай қүжаттарының мәліметтері уәкілетті органмен куәландырылады [1; 13 бет] .

Банкті әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін банк он төрт күнтізбелік күн ішінде уәклетті органға тіркеген күрылтай шарты мен Жарғының банкті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариаттық куәландырылған көшірмелерін беруге міндетті.

Банктердің басшы қызыметкерлері төраға және Директорлар кеңесінің мүшелері төраға және басқарма мүшелері банктің күрылымдық, бөлімшесінің қызметінің үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге орай құжаттарға құқығы бар өзге де банк басшылары, банктің бас бухгалтері мен оның орынбасарлары, банк филиалының бірінші басшысы және бас бухгалтері банктің басшы қызметкерлері деп танылады.

Төраға және Директорлар кеңесінің мүшесін, банк баскармасының төрағасы және оның орынбасарларын, сондай-ақ банк атынан қүжаттарға қол қою құқығын немесе олардың атынан банк активтерін бөтеннің иелігіне аударатын қүжаттарға қол қою құқығын иеленетін банктің басшыларын тағайындау үшін олардың жоғары білімді болуы міндеті шарт болып табылады. Банктің бас бухгалтері, филиалдың бірінші басшысы және бас бухгалтері жоғары білімді немесе мамандығына сәйкес арнайы орта білімді болуы тиіс.

Банк Басқармасының төрағасының және оның орынбасарларының, банктің бас бухгалтері мен оның орынбасарларының, банк филиалының бірінші басшысы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде еңбек стажы болуы тиіс: Төраға және бас бухгалтер - кемінде үш жыл, Басқарма төрағасының

орынбасары мен бас бухгалтердің орынбасары - кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші басшысы мен бас бухгалтері кемінде бір жыл.

Банктің басшы қызметкерлері - банктің төрағасы және Директорлар кенесінің мүшелері, Басқарма төрағасы, оның орынбасарлары және оларға теңестірілген банктің, құрылымдық бөлімшелеріне басшылық ететін басшы қызметкерлер, банктің бас бухгалтері немесе оған теңестірілген бухгалтерлік есепті жүргізетін банктің құрылымдық жетекшісі, сондай-ақ оның орынбасарлары банк филиалының бірінші басшысы және бас бухгалтері немесе оған теңестірілген бухгалтерлік есепті жүргізетін банк филиалының құрылымдық бөлімшесінін жетекшісі олардың кандидатурасы бойынша уәкілеті органның келісімімен ғана лауазымға сайланады. Жекелеген жағдайларда, қызметкер банктін басшы қызметкері лауазымына оның кандидатурасы уәкілетті органмен алдын ала келісілімей сайланған немесе тағайындалған кезде банк басшы қызметкерді тағайындау немесе сайлау туралы банктің уәкілетті органмен шешім қабылданған күннен бастап отыз күн ішінде белгіленген тәртіппен оны уәкілетті органмен келісу үшін қажетті қүжаттарды үсынады. Уәкілетті органмен келісу үшін қүжаттарды үсынудың күні белгіленген талаптарға сәйкес толық қүжат пакеттері уәкілетті органға түскен күннен бастап есептелінеді [ 1; 18 бет] .

Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін тағайындауға берілген келісімді мынадай негіздер бойынша:

а) келісім бергенде негізге алынған мәліметтердің бүрыстығы
анықталғанда;

б) банк қызметіне байланысты қүық бүзушылықтар жасағаны үшін
жыл ішінде екі және одан да көп рет әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы
деректер болғанда;

в) банктің басшы қызметкерлерінің іс-әрекетінің, қолданылып жүрген
заңталаптарына сай келмейтінін танута жеткілікті мәліметтер негізінде
оларды қызметтік міндеттерін атқарудан шеттету;

г) банк заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталганда қайта қарауга хақылы.

Банктік күпия банк депозиторлары клиенттері мен корреспонденттері банк шоттарының бар екендігі, олардың иелері мен нөмірлері туралы, сол есепшоттар мен банкінің өз есепшоттарындагы ақшанын қалдыгы мен козгалысы туралы, банк операциялары туралы сондай-ақ банкіі, сейф жәшіктеріне, шкафтары мен үй жайларындасақтаулы жаткан клиенттер мүліктерінің бар екендігі, олардың нелері, сипаты мен құны туралы мәліметер кіреді. Таратылу процесіндегі банк берген несиелер туралы мәліметтер банк қүпиясына жатпайды. [1; 21 бет] .

Коммерциялық күпия дегеніміз өндіріспен технологиялық ақпаратпен, баскарумен, қаржымен және өзгеде шаруашылық субъектілерінің қы етімсн байланысты мемлекеттік қүпия болып есептелмейтін қүпияларын айтады. осы аталгандарды жариялау оныңмүдесіне залалын тигізуі мүмкін. Коммерциалық қүпианы құрайтын мәліметтердің құрамы мен көлемін шаруашылық субъектелері айқындайды, бүл туралы мүдделі тү; аларга жазбаша хабарланады

Уәкілетті орган банклердің қаржы түрақтылыгын қамтама: з ету, олардын, депозиторларының мүдделерін қоргау, сондай-ақ I? > ақстан Республикасының ақша-несие жүйесінің түрақтылыгын үстап түру мақсатында уәкілетті орган банкілердің қызметін реттеуді, соның ішінде:

күдікті және сенімсіз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкілер сақтауга міндетті баска да нормалар мен лимиттерді белгілеу;

банкілер орындауга міндетті нормативтік құқықтық қүжаттарды басып шыгару;

банкілердің, қызметін инспекциялау;

банкінің қаржы жагдайын сауықтыру жөніде үсыныстар беру;

банкілерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпв %, дің шектеулі шараларын қолдану;

Банкілерге санкциялар салу арқлы реттеуді жузеге асырады.

Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк тобына қатысты да жұзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерін уәкілетті орган белгілейді.

Банкілер міндетті түрде сақтау үшін уәкілетті орган белгілейтін пруденциалдық қалыптардың құрамына:

Банкінің жарғылық капиталының ен теменгі мелшерін өз капиталы жеткіліктілігінің коэффиценті;

бір заемшыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері;

өнімділік коэффиценті;

ашық валюталык позиция лимиттері енеді.

Банктер тобы міндетті түрде сақтау үшін уәкілеті орган белгілейтін пруденциалдық нормативтердің құрамына:

жарғылық капиталдың ең аз мөлшері, өз капиталы жеткіліктілігінін, коэффиценлі;

бір заемшыға жасалатын тәуекелдін ең көп мөлшері енеді.

Банктің қаржы жағдайының қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында уәкілетті орган белгілі бір күнге банк және банк тобы капиталының мөлшерін белгілеуге құқылы.

Банктің қаржы жағдайы нашарлаған реттерде уәкілетті орган оның акционерлері алдына қаржыны сауықтыру, басшылықты ауыстыру қажетгігі туралы немесе:

депозиттер қабылдауды шектеу туралы;

жарғылық капиталды үлғайту туралы;

дивидендтер төлеуді тоқтатып, провизияларды үлғайту туралы;

жекелеген филиалдар мен өкілдіктерді жабу арқылы, сондай-ақ қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығындарды азайту туралы;

банктің кез келген лауазымды адамдарын немесе қызметкерлерін мүлдем немесе уақытша қызметтен шеттету туралы;

жоғары тәуекел денгейлі банк операцияларының кейбір түрлерін тоқтата түру немесе шектеу туралы үсыныстар беруді қоса, банкті қайта күру қажеттігі женінде мәселе қоюға құқылы.

Уәкілетті органның пруденциалдық қалыптарының және сақталуға міндетті басқа да нормалары мен лимиттерінің бүзылғанын, нормативтік құқықтық қүжаттарының бүзылғанын уәкілетті орган тапқан, банкінің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің оның қаржы қауіпсіздігі мен түрақтылығына, сондай-ақ оның депозиторларының, клиенттері мен корреспондентерінің мүдделеріне қауіп төндіретіндей заңсы зәрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған реттерде уәкілетті орган банкіге мынадай шектеулі ыкпал ету шараларының бірін қолдануға:

а) міндеттеме - хат талап етуга;

ә) банкімен жазбаша келісім жасасуға;

б) ескерту жасауға;

в) атқарылуға міндетті жазбаша нүсқама беруге құқылы.

Банктің міндеттеме - хатында орын алып отырған кемшіліктерді мойындау фактісі және банк басшылығының жоспарланған шаралар тізбесін көрсете отырып, оларды қатаң белгіленген мерзімде қоятындығы туралы кепілдемесі болуға тиіс.

Жазбаша келісім - бүл анықталған кемшіліктерді дереу жою қажеттігі туралы және осыған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы банк пен уәкілетті орган арасындағы келісім [2; 11 бет] .

Жазбаша нүсқама - анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюга бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдану туралы банкке нүсқау.

Уөкілетті органның жазбаша нүсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата түрмайды.

Банк міндеттеме - хаттың, жазбаша келісімнің немесе жазбаша нүсқаманың осы құжатта көрсетілген мерзімде орындалғаны туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

Банк операцияларын жүргізуге банктік лицензияларын қайта алу туралы шешім оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темірбанк банк жүйесінің жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, оның қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау және жетілдіру жолдары
Ақша эмиссиясының негіздері
АҚ «Халық банк» тарихы
Казкоммерцбанк туралы ақпарат
Коммерциялық банкттер
ҚР нарық жағдайындағы банктік қызметтер нарығының теориялық аспектілері
Ақша қаражаттар есебі жайлы
Халық банк акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz