Мұхаммед Хайдар Дулати заманы
1. Мұхаммед Хайдар Дулати заманы . қазақ тарихының ақпараттық дерегі
1.1 Ғалым жазбаларындағы жылнамалық жанр үлгісі
1.2 Жолсапар баянындағы оқиға өрістетелуі мен фактология
1.3 Тарихи ескерткіштегі нақты тұлғалар бейнесі
2. Мұхаммед Хайдар Дулати және қазіргі көсемсөз дәстүрі
2.1 Тарихшы, қаламгер туындысы . қазіргі журналистика жанрларының ізашары
2.2 Шығарманың сюжеті мен компазициясы
2.3 Тарихи туындының өзіндік лексикасы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыс түркі халықтарына ортақ тұлға, қазіргі қазақ мемлекетінің бір тармағы ұлы жүздің белді руына жататын дулат тайпасының ұрық-шәрифі, 1499-1551 жылдар аралағында өмір сүрген ортағасырлық тарихшы-шежіреші, әдебиетші, талантты қолбасшы, мемлекет басқарушы Мұхаммед Хайдар Дулатидың (Мырза Хайдар ибн Мұхаммед Хұсейін) «Тарихи-Рашиди» тарихи-әдеби еңбегін орта ғасырлық публицистиканың жарқын үлгілерінің бірі ретінде қарастыруға, ондағы тарихи мәтіндердің пішінін, компазициясын, жалпы лексикасын, стилистикасын саралап, публицистикалық жанрлардың ізашары ретінде мейлінше ақтап шығуға арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жер қайысқан қалың қолмен, асқан парасаттылықпен жарты Еуроазияны жаулап алған ұлы жиһангер Шыңғыс хан империясының бір бөлігі Шағатай ұлысының екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған Моғолстан мемлекетінің саяси билігінде үлкен рөл ойнаған дулат тайпасынан шыққан тарихшы-ғұлама Мұхаммед Хайдар Дулатидың еңбегі «Тарих-и Рашидиде» Орта Азиядағы ортағасырлық мемлекеттердің арасындағы жер мен жұрт үшін күрес, қазіргі тілмен айтқанда геосаясаттағы шиеліністер мен қақтығыстар, орта ғасырлық мемлекеттердің хандары мен әмірлерінің мемлекет басқарудағы артықшылықтары мен қателіктері, соғыс жүргізу тәсілдері, ортағасырлық мемлекеттерде ислам дінінің таралуы туралы маңызды мәліметтер бар. Сондықтан да «Тарих-и Рашиди» қазіргі тарихи болжамның фактологиялық негізін айқындауда, сол дәуірдің келбетін тануда тарихшылар мен шығыстанушылар арасында, сондай-ақ философтар мен филологтар арасында құнды еңбек боп есептеледі. Алайда қазіргі қазақ журналистикасында өзіміздің түркі этнониміне тікелей қатысты ерте-орта ғасырлық жазба ескерткіштерді қазақ публицистикасының қалыптасу және даму жолдары тұрғысынан зерттеу маршруты ашылса да, Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» шығармасын тереңірек талдап, жанрлық-пішіндік, компазициялық ерекшелектері тізілген жоқ.
Шыны керек, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұрынғы советтік стереотиппен қатып қалған публицистика туралы қасаң ұғымның сеңі сөгілді. Әрбір халықтың өзіндік дүниетанымы, төл тарихы болатынын, біздің отандық журналистика күні кешеге дейін оқытылып келген «ДУГ» (Дала уалаяты газеті) пен «ТУГ»- тен (Түркістан уалаяты газеті) бастап түзілмегендігін, жазу-сызуы ертеден қалыптасқан тұтас түркі дүниесінің бұл тұрғыда өз тарихы бар екенін түйсініп, отандық публицистиканың генезисін, эволюциясын, поэтикасын зертеген ғалымдар табылды.
Солардың бірі – филология ғылымдарының кандидаты Бауыржан Жақып қазіргі журналистика факультетінде әліппедей оқыталатын «Публицистикалық шығармашылық негіздері» деген кітап жазды.

1. Мұхаммед Хайдар Дулати заманы – қазақ тарихының ақпараттық дерегі
1.1 Ғалым жазбаларындағы жылнамалық жанр үлгісі
1.2 Жолсапар баянындағы оқиға өрістетелуі мен фактология
1.3 Тарихи ескерткіштегі нақты тұлғалар бейнесі
2. Мұхаммед Хайдар Дулати және қазіргі көсемсөз дәстүрі
2.1 Тарихшы, қаламгер туындысы – қазіргі журналистика жанрларының ізашары
2.2 Шығарманың сюжеті мен компазициясы
2.3 Тарихи туындының өзіндік лексикасы
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыс түркі халықтарына
ортақ тұлға, қазіргі қазақ мемлекетінің бір тармағы ұлы жүздің белді руына
жататын дулат тайпасының ұрық-шәрифі, 1499-1551 жылдар аралағында өмір
сүрген ортағасырлық тарихшы-шежіреші, әдебиетші, талантты қолбасшы,
мемлекет басқарушы Мұхаммед Хайдар Дулатидың (Мырза Хайдар ибн Мұхаммед
Хұсейін) Тарихи-Рашиди тарихи-әдеби еңбегін орта ғасырлық публицистиканың
жарқын үлгілерінің бірі ретінде қарастыруға, ондағы тарихи мәтіндердің
пішінін, компазициясын, жалпы лексикасын, стилистикасын саралап,
публицистикалық жанрлардың ізашары ретінде мейлінше ақтап шығуға арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жер қайысқан қалың қолмен, асқан
парасаттылықпен жарты Еуроазияны жаулап алған ұлы жиһангер Шыңғыс хан
империясының бір бөлігі Шағатай ұлысының екіге бөлінуі нәтижесінде пайда
болған Моғолстан мемлекетінің саяси билігінде үлкен рөл ойнаған дулат
тайпасынан шыққан тарихшы-ғұлама Мұхаммед Хайдар Дулатидың еңбегі Тарих-и
Рашидиде Орта Азиядағы ортағасырлық мемлекеттердің арасындағы жер мен
жұрт үшін күрес, қазіргі тілмен айтқанда геосаясаттағы шиеліністер мен
қақтығыстар, орта ғасырлық мемлекеттердің хандары мен әмірлерінің мемлекет
басқарудағы артықшылықтары мен қателіктері, соғыс жүргізу тәсілдері,
ортағасырлық мемлекеттерде ислам дінінің таралуы туралы маңызды мәліметтер
бар. Сондықтан да Тарих-и Рашиди қазіргі тарихи болжамның фактологиялық
негізін айқындауда, сол дәуірдің келбетін тануда тарихшылар мен
шығыстанушылар арасында, сондай-ақ философтар мен филологтар арасында
құнды еңбек боп есептеледі. Алайда қазіргі қазақ журналистикасында
өзіміздің түркі этнониміне тікелей қатысты ерте-орта ғасырлық жазба
ескерткіштерді қазақ публицистикасының қалыптасу және даму жолдары
тұрғысынан зерттеу маршруты ашылса да, Мұхаммед Хайдар Дулатидың Тарих-и
Рашиди шығармасын тереңірек талдап, жанрлық-пішіндік, компазициялық
ерекшелектері тізілген жоқ.
Шыны керек, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұрынғы советтік
стереотиппен қатып қалған публицистика туралы қасаң ұғымның сеңі сөгілді.
Әрбір халықтың өзіндік дүниетанымы, төл тарихы болатынын, біздің отандық
журналистика күні кешеге дейін оқытылып келген ДУГ (Дала уалаяты газеті)
пен ТУГ- тен (Түркістан уалаяты газеті) бастап түзілмегендігін, жазу-
сызуы ертеден қалыптасқан тұтас түркі дүниесінің бұл тұрғыда өз тарихы бар
екенін түйсініп, отандық публицистиканың генезисін, эволюциясын,
поэтикасын зертеген ғалымдар табылды.
Солардың бірі – филология ғылымдарының кандидаты Бауыржан Жақып қазіргі
журналистика факультетінде әліппедей оқыталатын Публицистикалық
шығармашылық негіздері деген кітап жазды.
Публицистика туралы іргелі зерттеулердің басым бөлігі кеңестік кезеңде
туды. Сондықтан публицистикаға кеңестік жүйе қалыптастырған таным
тұрғысынан баға берілді. Қазақ публицистикасы да тамыры жоқ бұтағы бар
күйінде, тар шеңбер ауқымында қарастырылуы заңды мәжбүрлік еді. Зерттеудің
зәрулігі де тәуелсіздік талаптарыннан туындайды.
Біріншіден, қазақ публицистикасына тұтас алып қарастырудың, ұлттық таным
тұрғысынан баға берудің мүмкіндігі туды.
Екіншіден, бұрын зерттеуге болмайтын қазақ публицистикасының көне
түркілік тамырларын, фольклорлық дәстүрін, шешендік негізін ашудың сәті
түсті, деп көкжиектен көтеріліп келе жатқан жаңа танымға осылай қуаныш
білдірді ғалым Бауыржан Жақып. (Публицистиканың шығармашылық негіздері А;
2007, 4б;)
Осы тақырыпты түбінен тартып зерттеп, орта ғасырлық жазба ескерткіштерінде,
ауыз әдебиетінде қылтиып көрінген публицистикалық элементтерді құлағынан
тартып шығарып, бірнеше ғылыми мақала жазған филология ғылымдарының
кандидаты, жазушы Кәкен Қамзин де:
Бүгінгі ақпараттық кеңістікке қол созудың, оны игерудің идеологиялық
аспектілеріне қоса, оның өркениеттілік ғылыми категориялары да бар екен.
Осы заманғы ақпарат жүйесі, оның комуникативтік механизмдерінің тиімді
жұмыс істеуінің қыр мен сырының қайнар көзі тек бүгінгі құнарлы топырақтан
жылғаланып жатқан жоқ.
Елбасымыздың еуразиялық достастық идеясының да түп-тамыры сонау ерте
дүние тарихынан нәр алады. Қазақ публицистикасының тарихы, оның өркен
жайып дамуы да қазіргі жүз айтылып, жазылып жүрген кезеңдерден тым әрі де
жатыр деп кесіп айтты. ҚазҰУ хабаршысы. №3, 1998; 108б
Дейтұрғанмен әлгінде аталған Публицистиканың шығармашылық негіздері
кітабында қазақ публицистикасының гнесеологиялық негіздері, екі үш
кезеңдер бойынша ғана талданған, оның даму арналарындағы жалғастық
сабақтастық ескерілмеген. Тек Орхон-Енисей жазбаларына жататын Тоныкөк,
Білге қаған, пен кіші, үлкен Күлтегін жазбалары және ауыз әдебиетіндегі
жыраулық дәстүрілері бойынша қамтылған. Сондықтан бұл тақырыптық маршрут
отандық публицистика тарихының көзге көрінбес тінін ажыратуда әлі де
маңызын жойған жоқ. Солардың бірі – Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарих-и
Рашиди шығармасы.
Тарих-и Рашиди еңбегін парсы-араб тілінен қазақ тіліне аударып,
өлшеусіз үлес қосқан белгілі шығыстанушы, филолог ғалым Ислам Жеменей:
Тарих-и Рашиди – мазмұндық және стильдік тұрғыдан тек қана тарихи шығарма
емес. Онда автор тарихи оқиғаларды естелік түрінде баяндайды. Тарихи
оқиғаларды баяндауда барынша көркемдеп, қарапайым тілмен айтуға тырысады.
Әрі әрбір оқиғаға, кейіпкердің мінез-құлқына өз көзқарасын білдіреді.
Мырза Хайдар барлық жағдайда өзінің исламдық нанымына арқа сүйейді. Сол
себептен шығармасында да Исламдық Шығыс әдебиетінде қалыптасқан әдеби
стильді пайдаланып, оның әдебилігін қуаттайды. Мәселен, Исламдық Шығыс
әдебиетіне тән мадақ және мадақ түрлері, мүнәжат, түрлі шығыстық поэзия
жанрларының тағы басқа формаларын пайдаланған.
Мырза Хайдар шығармасында исламдық қағида адамның өміріне, тіршілігіне
тікелей қатысты екінін білдіру үшін оқиғаларды баяндап отырғанда Құраннан
аяттар келтіріп, оған баға береді, талдайды. Екінші жағынан, осы әдіс
арқылы исламдық дүниетанымды ел арасында дәріптеу, талқылауға мүмкіндік
береді. Сондай-ақ, оқиғаларды, кейіпкерлердің бейнесін өлең жолдарын
келтіре отырып әрлендіреді. Автор өз шығармасында түрлі жағдайларға
байланысты парсы, араб және түркі бәйіттерін пайдаланғанын көреміз деп
жазады (Тарих-и Рашиди еіңбегіндегі түркі өлеңдері Түркология №1,2
2007 ж, 27 б)
Дәл осы Ислам Жеменейдің аударма нұсқасы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет
институтының редакциямен шығарылған Қазақ прозасы жинағына енгізілді
(Қазақ прозасы. Хрестоматия. Алматы, Ғылым 2001; 272-273 б)
Яғни, біздің әдебиет үлгілерін зерттеушілер Мырза Хайдар шығармасынан
прозалыққа татитын барлық талаптарды тапты.
Әрине, тарихи шығарманың публицистикадан да жоғары категория – прозаға
жатқызылғанында ешқандай әбестік жоқ. Бір кездері қазақ прозасы Жүсіпбек
Аймауытовтан басталады делініп, кейін келе – келе Ыбырай Алтынсаринге,
Абайға, одан әрмен Күлтегін, Тоныкөк жазбаларына дейін барып тірелгендігі
біздің әдебиеттану ғылымымыздағы ілгерілеушілікті танытады. Алайда проза
мен публицистика бір-біріне туыс ұғым, сондықтан Мұхамммед Хайдар Дулати
шығармасын тек проза деп танып қоймай, фактологиялық, деректік, дәйектік
ерекшеліктерін ескеріп, проза мен публицистикаға ортақ аралық формада
жазылған деуге толық негіз бар.
Тарих-и Рашиди шығармасының тарихи философиядағы маңыздылығын, философия
ғылымдарының докторы Ж.Ж. Молдабеков былай деп түйіндейді: М. Х. Дулати
шығармашылығындағы тарихи деректердің нақтылығы, дәйектілігі, айқындылығы,
шынайылығы, тілінің жатықтылығы, кейбір сәттердің тарихи-мемуарлығы,
хронологиялық суреттемелердің логикалық шегіністерімен толықтырылып
отырылуы – бұл методологиялық тұрғыдан алғанда қазақ философиясының басты
әдістері ретінде жеке зерттеулерді қажет ететін мәселелер (М.Х. Дулатидың
туғанына 500 жыл толуына орай өткізілген ғылыми-практикалық конференция мат-
ы Тар ГУ, 1999 ж, 94-б)
Ғалым Ж.Ж. Молдабеков атап өткен ерекшеліктер Шығыс ғұлама-тарихшысының
рухани мұрасына тарихи философиялық талдау жасап, антропологиялық,
этнопсихологиялық, лингвистикалық негіздерін анықтауда көмекші болатыны
сөзсіз.
Алайда тағы да қайталап айтамыз, гуманитарлық пәндердің зерттеу обьектісі
көп жағдайларда ортақ боп келетіндіктен, олардың зерттеу методологиясына
қажет материалдар да бірегей, тіпті принциптері де ұқсас боп келеді.
Сондықтан, жаңағы айтылған, деректердің нақтылығы, дәйектілігі,
айқындылығы, кейбір сәттердің тарихи-мемуарлығы, хронологиялық
суреттемелердің логикалық шегіністермен толықтырылып отырылуы бір есептен
публицистиканың теориясы талап ететін шығармашылық атрибуттар боп
есептеледі.
Махмут Қашқаридың өмірі және шығармашылығының зерттелу деңгейі. Сонымен
сәл шегініс жасап, біздің зерттеу нысанамызға ілігіп отырған Мұхаммед
Хайдар Дулати кім? деген сұраққа жауап беріп, тарихи тұлғаның зерттелу,
өмірбаяны мен шығармашылығындағы ғалымдардың назарын аудартқан тұстардан
аз-кем баяндап кетейік.
Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығы мен өмірін, жалпы орта ғасырдағы шығыс
мәдениетін түбінен, яғни парсы тіліне жетіктігінен бірден-бір түпнұсқадан
зерттеуші (аударманы қоспағанда осы тақырыпқа арналған 100-деген
мақалалардың авторы) шығыстанушы ғалым Ислам Жеменейдің айтуынша,
Мұхаммед Хайдар, достары арасында Мырза Хайдар, ғалымдар ортасында Дұғлат
лақап атымен (Кейбір ғалымдарымыз қазір Дулати деп жаңсақ жазып жур)
танымал болған. Атадан-атаға мұра болып келе жатқан саяси биліктің және
ғалымдардың ортасында өскендіктен өзі де саясат, ғылым, әдебиетке жақын
көрнекті тұлға болған.
... Бізге оның ата-бабасы Шыңғысхан тұсында ел билей бастағаны белгілі.
Арғы атасы Өртөбеге Маңлай сүбе тиген. Бұл билік Моғол хандарының
тұсында арғы атасы Әмір Болатшы Дулат арқылы жалғасын тапқан. Есенбұға
қайтыс болған соң, оның баласы Тоғылық Темірді (132930-136263) Моғол
хандығының тағына отырғызуға Әмір Болатшы қатты қайрат көрсеткен. Соның
арқасында Дулат тайпасының мемлекет басқарудағы үлесі одан әрі артып,
беделі көтеріле түскен.
... Тоғылық Темір тұсында Ұлыс бегі Әмір Тулақ қайтыс болып, бұл қызмет
оның бауыры Әмір Болатшыға тапсырылады. Одан кейін оның ұлы Әмір
Хұдайдатқа ауысады. Ол 136364-144647 жылдар аралағында тоқсан жыл билік
құрды. Кейін Әмір Хұдайдаттың ұлы Сайид Ахмет Қашқарда ұзақ уақыт билік
басында болды. Саид Ахметтің баласы Әмір Саид Әлі Уәйіс ханның қол астында
көптеген игі қызметтер атқарды. Хан өз қарындасы Ұран Сұлтан ханымды Әмір
Саид Әліге тұрмысқа берді. Әмір Саид Әлінің баласы Мұхаммед Хайдар Мырза
(Мырза Хайдар – Тарих-т Рашиди кітабының авторы өзінің атасының атын
алған еді) Қашқарға әмір болды. Қашқарда (146465-148081) жиырма төрт жыл
үзіліссіз биледі. Оның он алты жылын дербес биледі, қалған уақытында ханға
тәуелді болды. Мұхаммед Хайдар Мырза Моғолстанның Жүніс ханымен кейде тату,
кейде қату қатынаста болды.
... Мырза Хайдардың шешесі, яғни ғалымның әкесі Мұхаммед Хұсейіннің жары
Жүніс ханның Иса Даулат бегімнен туған үшінші қызы Хүб Нигар ханым
Үндістанда патшалық құрған Заһиреддин Мұхаммедтің шешесі Меһр Нигар
ханыммен апалы-сіңілі. Демек, Бабыр мен Мырза Хайдар бөле болған дейді.
(Жалын №9 2005 ж, 83-84 б) Алайда Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірін басқа
деректерге қарап зерттеуші және оның билік құрған мемлекеті Кашмирге барып,
қабірін тауып, басын қарайтуға зор үлес қосқан, кейінірек тарихшының
Жаһаннаме дастанын қазақ тіліне тәржімелеген еліміздің мұсылмандарының
Бас мүфтиі, филология ғылымдарының докторы Әбсаттар Дербісәлі қажы мен
Мұхаммед Хайдар Дулати туралы алғаш рет қазақ қауымын таныстырып, 1941
жылы Әдебиет және искусство журналында мақала жазған қазақтың ғұлама
ғалымы Әлікей Марғұлан атақты ойшыл, ақын, қолбасшы Мұхаммед Захир ад-дин
Бабырдың (1483-1530) шешесінің атын Құтлығ (Хұтлығ) Нигар ханым деп
жазады. (Білім және еңбек №7 1963 ж. 22-23 б)
Мырза Хайдар үш жасқа келмей жатып шешесі қайтыс болады (1502ж). Әкесі де
Шаһибек ханның бұйрығы бойынша оның жендетінің қолынан Хорасанда
(15081509) шәһид болады.
Өйткені дәл осы тұста шайбандық көшпелі өзбектерді бастап Орта Азияға
баса көктеп кірген Мұхаммед Шайбани хан 1500 жылы Бұхара мен Самархандты,
1503 жылы Ахсикент пен Ташкентті, 1504 жылы Әндіжанды, 1505 жылы
Хорезмді, 1507 жылы Герат пен Астрабатты, Гурганды да басып алады.
Соғыса, соғыса Бабур Кабулге кетеді. Жетім қалған Мырза Хайдар бірнеше жыл
бөлесі Бабырдың қолында тұрады. 1512 жылы Бұхара маңында шайбандықтардан
тағы да жеңіліп, Кабулге қайтып келе жатқан Бабырдан Мырза Хайдарды
Жүніс ханның немересі Әбу Саид хан мен ғалымның немере ағасы Сейіт
Мұхаммед сұрап алады. Сайид хан бұрыңғы ата-баба дәстүрімен Мырза
Хайдардың әпкесі Хабиба Сұлтан Ханишке үйленіп, ал оған қарындасын беріп
хан тұқымына күйеу (гурган) етеді. Осыдан былай болашақ ғалым енді Мырза
Мұхаммед Хайдар Гурган деп аталады. (Тарих-и Рашиди Алматы 2003; 7 б;)
Біздіңше, Мұхаммед Хайдар Дулатидің публицист ретінде қалыптасуын
тануда Бабырдың Мырза Хайдар жайында жазған мына бір пікірінің де маңызы
бар сияқты: Ол орнықты, байсалды азамат болып, жақсы жолға түсіпті деп
естідім. Жазуға, сурет салуға, машық, жебе жасауға, зергерлікке, садақ
шыбығын июгі қолының ебі бар. Он саусағынан өнер тамған жігіт. Ақындық
дарыны да бар еді. Ол менен кешірім сұрап хат жазыпты, сөз саптауы тәп-
тәуір.
Мырза Хайдар Дулати Сұлтан Саид ханның жанында 1533 жылдың маусым айына
дейін, яғни ханның өмірінің соңына дейін болған.
Ал Әбсаттар Дербісәлі қажының мәліметінше, 1514 жылы Сайид хан Қашқарды
Әбу Бәкір Дулатиден тартып алып, жаңа мемлекет – Қашқар хандығының іргесін
қалайды. Жаркент қаласын астана етеді. Осы жерде Мырза Хайдар 18 жылдай
тұрған. Сонда оқиды. Ержетеді. Қашқар мемлекетінің үлкен лауазымына ие
болады. Кейде ханның өзі, аракідік балалары Әбдірашид және Ескендірмен
бірге қол бастап 1527-28 ж. Кәпірстан (Ауғанстанның солтүстітігіндегі таулы
өлке), 1529-30 ж. Бадахшан, 1532-33 жылы Балтистан мен Балур және Кашмирге
жорық жасайды. 1533 жылдың шілдесінде Тибет жорығынан қайтар жолда Сайид
хан қайтыс болады. Хан тағы Әбдірашидке тиісімен (1510-1570) мемлекет
тізгінін тартып алып қояды деген жалған қауіппен Сейіт Мұхаммед Мырзаны
өлтіртеді. Оны естіген Мырза Хайдар өз өміріне қатер төнгенін біліп,
Жаркентке оралмайды. ... ақыры 1536 жылы Үндістандағы Бабырдың балалары
Камран мен Хұмаюнді іздеп жолға шығады. (Тарих-и Рашиди Алматы 2003;
24б;)
Бізде жарияланып жүрген мақалаларда ғалымның тек 1540 жылға дейінгі өмірі
белгілі. Ал оны толықтырып, кейбір 1994 жылы Қашқарияға, 1997 жылы Кашмирге
экспедиция ұйымдастырып, күңгірттеу тұстарына шам түсірген ғалым Әбсаттар
Дербісәлі дулаттануға мынадай тың мәліметтер қосты:
Үнді тарихшыларының бірі Фириштаның (Мүхаммед Қасым һиндушаһ Астраби (1552-
1624) Тарих-и Фиришта (Гүлшани Ибраһими) деп аталатын кітабының Кашмир
билеушілері атты оныншы тарауында Хұмаюн мен ауған текті Шершаһ (1472-
1545) патшаның 1540 жылдың мамыр айында – Үндістанның билігі үшін Ганга
жағасындағы шешуші шайқасында Мырза Хайдардың Хұмаюннің жанында
болғандығына тоқталған. Шайқаста Хұмаюн жеңіліске ұшырайды. Шегіне-шегіне
олар Лаһорға келіп, әрі қарай не істеу керек екенін ақылдасады. Мырза
Хайдар Кашмирді жаулап алуды ұсынады. Өйткені Зейн әл-Абидин патшаның
ұрпақтарын биліктен айырған жергілікті Чак пен Макр әулеті 1533 жылдан
кейін де тақ үшін таласып өзара қырқысуда еді. Бірде билік шиашылардың
қолына тиісімен олар сүнналық Абд әл-Макри мен Занги Чакты елден қуады.
Сол себепті олар Лаһордағы Мырза Хайдарға 1537 жылдан бастап –ақ бірде
хат, бірде жаушы жіберіп Кашмирге шақырумен болады. Ұлы ғалым онда
барып Кашмир тағына ие болуға Хұмаюнды үгіттейді. Әмірші бірақ аталмыш
аймаққа өзі бармаса да соңыра Мырза Хайдарға аз-кем жасақ беріп Кашмирге
аттануына рұқсат береді.
... Мырза Хайдар 400 кісімен (олардың біразы бірақ жолай қашып кетеді)
Кашмир әкімі шиашыл Қажы Чак күтпеген – Пир Панджал тауындағы Панч асуының
тар шатқалынан есен-сау өтіп, 1540 жылдың 22 қарашасы күні Кашмирге аяқ
басады да, оны бір оқ та шығармай өзіне қаратады. Бірте-бірте ол Абд әл-
Макри мен мен Занги Чакты өзіне одақтас етеді.
Қажы Чак Кашмир тізгіні тағы да Мырза Хайдардың қолына 1533 жылдың
ақпанында Кашмир әскерін талқандап, бірақ мемлекеттерін кері қайтарып
берген) тигеніне қарсы еді. Сол себепті ол Шершаһтан көмек сұрайды. Әйтесе
де ол берген 2 піл, бірнеше мың жаяу әскер мен 5 мың атты әскерді Мырза
Хайдардың 300 сарбазы 1541 жылдың 1 тамызы күні тас-талқан етіп қирата
жеңеді. Ұлы ғалым Сұлтан Зейн әл Абидиннің ұрпағы Нәзік (Нәдір) шаһты
таққа отырғызып, Кашмирді соның атынан билейді (Тарих-и Рашиди Алматы
2003; 16-17б)
Жалпылай алғанда Мұхаммед Хайдар өмірінің соңына дейін сол Кашмирде хандық
құрған. Ал оның қабірін, 1996 жылы Әбсаттар қажы Дербісәлі Кашмир астанасы
Сринагар қаласындағы Мазар-и салатин (Патшалар зираты) қабірстанынан
тапты.
Әбсаттар қажы Дәрбісәлі ғалымның пайымдауынша, Мырза Хайдар көптен ойында
жүрген Тарихи Рашиди атты еңбегін жазуға Кашмирді алып көңілі
жайланғаннан кейін кірісен болуы керек. Өйткені 1541 жылдан 1544 жылға
дейін ел ішінде алабөтен оқиғалар бола қоймаған-ды. Тарих-и Рашидиді ол
екі дәптерге (екі бөлімге) бөледі. Әуелі екінші бөлімін (өмірбаянын)
жауздан бастайды. Өйткені бұрын-соңды тарихи шығарма жазып көрмегендіктен
еңбегін өзі көріп бастан кешкен, естіген немесе жадында сақталған
оқиғаларды баяндаудан бастайды. Аталмыш дүниесіне кіріспес бұрын бөлесі
Бабырдың Бабыр намесін тағы да оқып, сан рте ой елегінен өткізеді.
Өзінің көргендерін һәм түйгендерімен салыстырады. Оқиғаларды сұрыптап
екшеуге мән береді.
Сөйткен ғалым екінші дәптерді 1541 жылы бастап 1543 жылдың сәуір-мамаыр
айларында аяқтаған. Мемуарлық бөлімінің нүктесі қойылған соң – оның ұмыт
қалған тұстарын толықтырып, өңдейді де араға бес-алты ай салып 1544-46
жылдары оның бірінші дәптерін де бітіреді.
Екінші дәптердегі маңызды тарихи оқиғаларды суреттеуде олардың
деректілігін арттыру үшін Ата Малик Ала ад-Дин Мұхаммед Джуфайнидің (1225-
1283) Тарих-и джаһангушай және Әмір Темірдің жылнамашысы болған тамаша
тарихшы Шараф ад-дин Әли Йаздидің (1454 ж қ.б) Зафар намесіне сүйенеді.
(Тарих-и Рашиди Алматы 2003; 18б)
Жалпы Мұхаммед Хайдар Дулатиға қатысты деректер Үндінің арғы-бергі
кезеңдеріндегі тарихшылардың еңбегінде жиі кездеседі. Мысалы. Үндінің Әбу-л
Фазл ибн Мүбәрәк Әллами деген тарихшысының Акбарнаме деген шығармасында
Мырза Хайдар туралы қысқаша мағлұмат деген тарау бар. Онда автор
бабамыздың Кашмир өлкесінің мәдениет мен өнерінің көркеюіне атсалысқаны
айтылған. Ал үнді ғалымы Р.К Пармудың Кашмир хандары туралы атты
еңбегінде де Мырза Хайдардың билік еткен жылдары Кашмир өлкесіндегі ел
басқару жүйесінде реформалар жүргізілгенін айтады. Ол, әрине, бабамыздың ел
басқаруда Ислам дінінің құндылықтарына сүйенгеніне қатысты. Өйткені, Мырза
Хайдар кашмирліктердің дін бұзарлық қылықтарын қатты шенеген және елдегі
дінсіздікпен түрлі адастырушы діни ағымдармен күресуде қаталдық танытқан.
Кашмир Таришысы Г.М Суфидің еңбегінің деректерінде ғұламаның өмірінің соңғы
кезеңдері, оның Ханпура елдімекені маңында қаза тапқаны жазылған.
(Subі G. M Kushiro being a history of Kashmir.From the Earliest Tomes and
Our Own. Vol.1 Capital Publishing house, New Delhi,1986. p 22)
Ал Тарих-и Рашиди еңбегінің ағылшынша транскрипциясы ағылшын ғалымы
Денисон Росттың аудармасымен, шығыстанушы Нэй Элиястың алғысөзімен 1885,
1898 жылдары жарық көрді. Парсы тілінен орыс тіліне аудармасы 1966 жылы
Ташкенттен басылып шықты. Ал 1999 жылы Алматыдағы Санат баспасынан ғалым,
шығыстанушы Ислам Жеменейдің аудармасымен қазақша нұсқасы жарық көрді.
Шоқан Уалиханов (1835—1865) Хайдар мырза еңбегін зерделей оқып, құрметпен
қараса, В. В. Вельяминов-Зернов (1830— 1904) Хайдар мырзанын қазақтар
туралы деректеріне қатты мән бере келе: Мұхаммед Хайдардың жазғандарының
барлығы дерлік — жаңалық және мейлінше қызғылықты. Әңгімелері қай жағынан
қарағанда да үйлесімді және жауапкершілігімен ерекшеленеді,—дейді. Әрі ол
бабамыздың жазбаларын өз зерттеулеріне молынан пайдаланған. Орта Азия мен
Қазақстан тарихын кенінен зерттеген В. В. Бартольд те Хайдар мырзаның
еңбегіне зор мән берген. Кеңес дәуірінде Тарихи Рашиди жайлы әр жылдары
Ә. X. Марғұлаң, Н.Н. Мингулов, Т. И. Сұлтанов, Б.Қожабеков, өзбек
оқымыстыларынан Р.Г.Мукминов, С. Ә. Әзімжанова, X. Хасанова және тағы
басқалардың үлкенді-кішілі зерттеулері жарияланды. Әлкей Марғұлан Хайдар
мырзаны қазақтың тұңғыш тарихшысы деп атаған.
Міне, Тарих-и Рашиди шығармасының қазақ тіліндегі нұсқасының қолға тиюі
дулаттанудағы маңызды қадамдарға жол ашты. 1999 жылы ғұлама ғалым, көрнекті
мемлекет қайраткерінің туғанына 500 жыл толуына орай Тараз қаласында ғылыми-
практикалық конференция өткізіліп, онда бірқатар ғалымдар Мұхаммед Хайдар
Дулатидің Тарих-и Рашиди шығармасына қатыстырып зерттелген ғылыми
ізденістерді ортаға салды. Бұл еңбектері туралы дипломдық жұмысымыздың
алдыңғы бөлімдерінде тарата отырып, сілтемелер береміз. Жалпылай алғанда,
М. Х. Дулатидің тұлғасы мен оның шығармашылығы тарих, әдебиеттану,
философия, саясаттану тұрғысынан қазақ зияткерлік қоғамында кеңінен
қозғалып жатқандығын айрықша атап өткен жөн. Алайда ғалым шығармасын таза
публицистикалық тұрғыдан зерттеп, зерделеген ешқандай ғылыми мәтінді
кездестергеніміз жоқ.
Мұхаммед Хайдар Дулати заманы – қазақ тарихының ақпараттық дерегі.
Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің Тарих-и Рашиди шығармасының алғы
сөзінде Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! деп бұл еңбекті
жазуға не түрткі болғанын былай баяндайды:
... Дәл осы дәуірде моғол хандары өздері жаулап алған елдерден, мемлекет
басқарудан, биліктен шеттеп, қол үзе бастады, сол себептен де олардың
ішінен [ешкім] тарихын жазған жоқ еді. Моғолдар қазір де сахараны
мекендеуде. Даңқты, гүлденген дәурен тек ауыздан-ауызға айтылып келе
жатқан тарихи аңыз-әңгімелерде ғана сақталып қалған.
... . Шыңғыс ханнан бастап, Тоғлық Темірге дейінгі моғолдар мен моғол
хандарының өмірі тарихи шығармаларда кеңінен жазылған. Бірақ Тоғлық
Темірден (ханнан) кейінгі хандар жәйлі еш нәрсе жазылмапты. Дәлірек
айтсақ, олар туралы тарихшылар тек сөз арасында ғана атап өтіп, көңіл
аудара бермеген.
Сөйтіп, мен бұл тарихты Тоғлық Темір ханнан бастап жаздым. Оның да
үш түрлі себебі бар еді. Бірінші себебі, Тоғлық Темірден бұрынғы хандар
туралы көп жазылғанымен, одан кейінгілері жайында айтылмайды. Осыдан келіп
мен тарихи кітапта жазылмаған нәрселерді қағаз бетіне түсіруге бекіндім.
Тоғлық Темір ханға дейінгі белгілі тарихты қайталау Ефраттың жағасынан
құдық қазғанмен бірдей еді. Екінші себебі, Тоғлық Темірден кейінгі
хандардың салтанаты, мәртбесі ол жеткен өрге жете алмады. Үшінші себебі
мынау – моғол хандарының ішінде исламды алғаш Тоғлық хан қабылдады.
Соның нәтижесінде ол моғол ұлысын мойнына ілініп тұрған кәпірлік тұзағынан
құтқарып қалды. Сондықтан бұл тарих оның даңқты есімінен басталып, ол
хақында жазылмақ (Тарих-и Рашиди Алматы 2003; 40-41б)
Осы жерде кітаптың ең негізгі атауы Хақ жолындағылар тарихы деп аталғанын
да еске сала кетейік. Ғалым кітаптың атын Тарих-и Рашиди қойып, өз
тұсында Моғолстанда хандық құрған Шағатай ұрпағы, Сұлтан Сайид ханның ұлы
Әбдірашид ханға (1510-155960) арнағанымен, атына заты сәйкес шығарманың
тақарыптық гравитациясынан, тартылыс ортасынан ауытқымаған. Ол тақырыптық
гравитация – Мұхаммед Хайдар Дулатидің хандар мен әмірлердің, баһадүрлердің
бағының үстем болуын немесе жолы болмауын, қиындыққа. жеңіліске ұшырауын
бір ғана Жаратушы Алланың құдіретіне әкеліп телу, хақ дін Исламның
дұрыстығын, ал оған мойынұсынбағандардың сүргіні мен қияметі Алла
Тағаланың қалауымен болатынын ескерту.
Ол өзінің ойшыл-гуманистігінің арқасында, мұсылманшылдыққа беріктігінің
арқасында тарих илеуіштен өткізген оқиғаларға рационалдық аналитик-.
стратег сияқты ішінара талдау жүргізеді. Әр құп көрген іс пен
адамгершіліктің ардақты ұғымын ластандарға өз жүрегінен пәтуасын шығарып
отырады.
1.1 Ғалым жазбаларындағы жылнамалық жанр үлгісі.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарих-и Рашиди шығармасы хронологиялық
тәртіппен жазылған. Ғалымның өзі айтқандай, ол маңызды оқиғалардың
деректілігін арттыру үшін Ата Малик Ала ад-Дин Мұхаммед Джувайнидің (1225-
1283) Тарих-и джаһангушайына және Әмір Темірдің жвлнамашысы болған,
тақуалардың жетекшісі, әлем міскіндерінің қолдаушысы, шариғаттың негізгі
хикметін және басқа ережесінің білгірі, нақыл да ақыл сөздің данасы
Маулана Шараф ад-дин Әли Йаздидің (1454 ж.қ.б) Зафар-наме кітабына
сүйенеді, бөлесі Бабырдың Бабырнамасын басшылыққа алады.
Алайда осынша жазбаша деректерге табан тірегеніне қарамастан кейбір
оқиғаларды баяндауда қазіргі тілмен айтқанда обьективтіліктен ауытуы мүмкін
екенін ескертіп отырады. Мысалы, Мырза Әбу Бәкірдің қысастықтары
жөнінде, жауыздық ойлары мен әрекеттері жайындағы баянын бастар алдында
...Мырза өмірінің оғаш қылықтарын, қаскүнемдік істері мен пасықтық
әрекеттерін үш бөлімге бөлдім:
Біріншісі – елден естігендерім мен көз жеткен әңгімелер бұл қысқаша
баяндалады. Екіншісі – өзім куәгер болған оқиғалар егжей-тегжейлі
баяндалады. Үшіншісі – өз құлағыммен есітіп, өз көзіммен көргендерім, егер
де ақылым оны қабыл алмаса, ол жөнінде мүлдем жазылмайды. дейді [Тарих-и
Рашиди, А; 2003,163а]
Бұл – ортағасырлық жазушының (публицистің) хатқа түскен сөзде қапы кету
бүгінгі мен келешек оқырманды шатыстыратынын, ал ең сорақысы ар-ұжданға
көлеңке түсіретінін түйсініп, нақты фактілерге сүйенуді берік ұстануы.
Яғни, көз көріп, құлақ естімеген оқиғаны (сенсация немесе қаңқу сөз)
танып, ойлы оқырманның сеніміне селкеу түсіретінін орта ғасырлық қаламгер
кәсіби деңгейде түсініп тұр.
Бұл қазіргі бәтуа мен береке кете бастаған, шынайы мағлұматтардың
өңін айналдырып беріп, бас жарып, көз шығаратын беталбаты журналистикаға
үлгі боларлық қасиет. Немесе, талтүсте интернет тонап, терезеге қарап
қойып, қарындашты жалап қойып мақала жазатын, ойдан очерк құрайтын жалған
журналистердің кәсіби білімсіздігін анықтайтын өзіндік бір лакмус қағазы
дер едік. Қалай болғанда да, Мұхаммед Хайдар Дулати өзі зейін қойып
тыңдап, жадына жаттап алған (бәлки жазып алған), немесе өзінің ғұмырында
кездескен көзкөрген оқиғалардан баяндауы оның таза журналистикалық
талаптарға арзитынын айта кеткен жөн.
Осылайша хандар мен бектердің кемшілігін ашық, бүкпесіз жазатынын
білдіре тұра Мұхаммед Хайдар Дулати өті жарылып кетсе өтірік айтпайтынын,
шыншылдыққа бас ұратынын қатаң ескертеді.
Бұл жазбаларды оқыған оқырмандар өздері оның істерін көздерімен көрмеген
соң, мені шектен шығып кетіпті деп даттаудан құдайым сақтасын, ал мұның
өзі надандық, онбағандық болар еді, – дейді ол, – Ал егер шектен шыққан
істерді жөн санайтын болсам, онда [мырза Әбу Бәкірдің] оңбағандық істерін
[баяндауға] ешқашан кіріспес едім, өйткені бұл кісі менің немере ағам-тын.
Ол туралы жазбайтын болсам, оған қатысты оқиғалар белгісіз, құпия түрде
қала бермек, ал бұл шындықтан шегіну, қателік болмақ.
[Әңгімені баяндауда] артық нәрсеге ұстамдылық жасау, сонымен қатар
[оқиғаны] жазуда үнсіз қалмау – шындықты айтудағы парыз [Тарих-и Рашиди,
А; 2003,163а]
Енді Тарих-и Рашиди шығармасының құрылымына оралайық. Жоғары да
айтқанымыздай, Мырза Хайдар өзінің тарихи баянын екі дәптерге бөліп жазған.
Оның біріншісі – 70 тараудан, яғни жетпіс сюжетті әңгімеден, екіншісі – 117
тараудан тұрады. Шығарманың өне бойында кәдуілгі хроникалық жазбаларға тән
мерзімді нақтылап көрсету бірен-саран кездессе де, оның белгілі-бір
тәртіпке сүйенгенін, оқиғаның спиарльді түрде өріліп отыратындығын байқауға
болады.
Жалпы ортағасырларда, тіпті жазу-сызу мен жыл санау жолға қойылғалы
бері тарихи жазбалардың хронологиялық тәртіппен жазылуы барлық халықтардың
әдебиетінде кездеседі.
Мысалы, Еуропадағы ортағасырлық тарихи жазбалардың екі түрі болды:
хроника және жылнама (анналдар). Хроника жанры байырғы заманнан жетті; ерте
заманың қысқаша тарихы, әлемнің жаратылуынан бастап антикалық дәуірдің
аңыздар (Флор, Евтропий) осы хроникалық, жылнамалық жанрмен жазылды.
Сондай-ақ інжілдегі және антикалық дәуірдегі деректерді, аңыздарды
салыстырып, олардың бір-біріне сабақтастыра жазып шыққан Евсевийді де нағыз
хрониканы меңгергендердің қатарына жатқызуымызға болады.
Анналдар (көп сандар, лат. Annales (annus) – жыл) дегеніміз – оқиғалардың
жылдық реті бойынша жазылуы. Анналдарды ежелгі әлем мәдениетінің ошағы
саналатын мысырлықтарда, шумерліктерде, қытайларда, парсыларда, ежелгі
гректерде пайдаланды. Мысалы, қытайлықтардан біздің тарихымызға, дәлірек
айтсақ, Түркі қағанатына дейінгі дәуірлерде өмір сүрген түркі ұлыстарына
қатысты жазылған, Мәдени мұра бағдарламасы аясында Қытай Халық
республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялы районы Қоғамдық ғылымдар академиясы
Тарих институтының аға ғылыми қызметкері Шадыман Ахметұлының ұсуынымен
Әдеби жәдігерлер көптомдығына енгізілген Солтүстік Чинама, Жоунама,
Сүйнама осы аналдардың, хроникалардың әдеби тілмен жазылған, мазмұны
кемел, дерегі мол үлгісі деп атауға болады. (Әдеби жәдігерлер. І-том, А;
2007)
Жалпы аннал деген сөздің шығуына ежелгі римдіктердің қатысы бар. Гипспен
сыланған ағаш тақталарға жазылған абыздық жазбаларда (Commentarii
Pontificum) уақыт, мезгіл ең маңызды компонент болып есептеледі. Ол
тақталарда жоғары лауазымды адамдардың аты-жөндері, күн мен айдың тұтылуы,
жеңістер мен жеңілістер, кейінірек тіпті бағаның өсуіне дейін көрсетіліп
отырған, және бұл тақталар көпшілік құлағдар болу үшін қаланың (полистің)
орталығына қойылатын болған.
Тарихшылардың пайымдауынша, олар б.з.д галлдардың шапқыншылығында Рим
өртке оранған кезде жойылып кете жаздаған. Алайда ежелгі рим абыздары
оларды жады бой ынша жаңғыртып, б.з.д 130 ж
олардан Ұлы анналдар (Annales maximi) деген атпен 80 кітап құрап
шығарған.
Ежелгі римдік анналдардың біздің заманымызға дейін бірде-бірі жеткен жоқ.
Алайда рим тарихшылары, мысалы Тит Ливий ондағы деректерді өзінің
жазбаларында пайдаланып отырған.
Жылнама дәстүрі ортағасырлық батыс әдебиетінде қайта жаңғырып түрленді.
Орта ғасырлық мәдениеттегі Ренесанс дәуірінің жазба деректерге салған бір
ізі осы. Егер бір кездері римдік жылнамалар ақ қыш тақтаға жазылған
абыздық жазбалардан сұрыпталып шықса, орта ғасырда шіркеу күнтізбелеріне
монахтар жаугершілік туралы, қуаңшылық туралы т.б туралы жазып отырды.
Бірте-бірте бұл екі форма бір-біріне кірігіп кетті: жалаң хроника азайып,
жылнамалық жанр жұмырланып шықты, ол хрониканың барлық ерекшеліктерін
өзіне сіңірді.
Жылнамалар негізінен шіркеулерде жазылды, өйткені тәу етіп келушілерден ел
ішіндегі оқиғалар корольдің сарайына алып ұшатын шабарманнан да бұрын
жеткізілетін. Яғни, орта ғасырларда діннің бұқара арасында тез таралуы,
діндарлардың шіркеуге көп келуі халық арасында өзара коммуникациялық желі
орнатқан. шіркеу қызметкерлері осы жиналған мәліметтерді әрі қарай
толықтыра түсіп, оларды жүйелеп тарихи жазбаларды қалдырған. Мысалы, ХІ
ғасырдағы Радульф жылнамасы тек шағын хабарлардың ретсіз, жүйесіз қаттамасы
ғана еді, ал ХІІ ғасырда жазылған Жамблулық Сигебертаның (шамамен 1030-
1112), англо-норман Ордерик Виталистің (1075- және 1142 жылдан кейін),
ағылшын Вильям Мальмберийскийдің (шамамен 1090 – 1142ж), неміс Оттон
Фрейзингенскойдің (шамамен 1114-1158) хроникалары нағыз тарихи шығармаға
ұқсайды. Ордериктің еңбегі таза монастырлық тарихқа құралған, ал Оттонда
бүкіл дүние тарихынан бастап Қасиетті Рим империясының құлауымен аяқталады.
Тарихи жазбаларда әсіресе, дербес оқиғалардың хроникасын беру жиі
кездеседі, мысалға крест жорықтары. Ең бірінші крест жорығы туралы баян
тарихшы бірінші рет Гвиберт Ножанскийдің (1053-1121), екінші рет – Гийюме
Тирскийдің (шамамен 1130-1186), үшінші рет – Гунтер Пэрискомның (1210 ж.к
қ.б) еңбектерінде жазылған, алайда Гунтердің заманында ғана тарихи
жазбалар латын әдебиетінің бір формасы ретінде қалыптаса бастады. Мысалы,
Виллардуэннің шығармалары осы латын әдебиетіндегі хроникальді жазбалардың
хас үлгісі болып табылады. Латын әдебиетіндегі тарихи жазбалар бір жағы
көркемдігімен айрықшаланса, екінші жағынан оның мазмұны құнды еді. Тарихи
жазбаларда ұлттық әдеби-фольклорлық сюжеттер сақталып қалып, олар бірте-
бірте Еуропаға ортақ құндылықтарға айналды. Мысалы, герман және
скандинавиялық аңыздар Саксон Граматиктің Деяние датчан шығармасында
көрініс тапса, Польша мен Чехияның пайда болуы туралы славяндық аңыздарды
ХІІ ғ басында Гал Аноним мен Косьма Пражский осы елдердің латынша
хроникаларына енгізді.
Ал кельттердің Көне кітабындағы сюжеттік желілерді пайдалана отырып, вал
Гальфрид Монмутски (шамамен 1100-1115) атты тарихшы Британия корольдерінің
тарихын жазып шықты.
Латын әдебиетін зерттеушілер орта жылнамалық жанрда жазылған тарихи
баяндарды діни-клерикальді және зияткерлік жанрдың (светский жанр) аралыққ
формасы ретін қарастырады. Өйткені, ғалымдардың пікірінше, жылнамалық
жазбалар бірден дидактикалық (Адамның тағдыр-талайына Жаратушыны қатыстыра
суреттеу), ғылыми (нақты мәліметтер келтіріледі) әрі әдеби (оқырманды
қызықтыратын көркем шығарма) қыры қатар көрінуімен ерекшеленеді.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарих-и Рашиди шығармасы жоғарыда аталған
жылнамалық шығармалардағы барлық кретерийлерге сай жазылған.
Біріншіден, Тарих-и Рашиди шығармасы шын мәнінде зияткерлерге тән жазба
ескерткіш. Атақты қолбасшы, Үндістанды билеуші Бабыр патшаның бауырында,
Жүніс ханның немересі Саид ханның қамқор қанатының астында өсіп, өзінің
науша күнінен бөтен нәрсеге көңіл бөлмей, кітап оқып, өлең шығарып, сурет
салып, зергерлікке, ұсталыққа, ұрыс салуға, мергендікке үйренген Мұхамед
Хайдардың Моғолстан деген ұлы мемлекеттің хандар мен бек, әмірлері, Бабыр,
Ұлықбек, маулана Алалаадин, Әмір Темір, өз замандастары Хұмаюн,
Рашидаддиннен басқалар туралы жазуға қақысы да жоқ еді, бір жағынан орта
ғасырларда тарихи, көлемді кітаптар жазу тек екі сословиеге ғана тән нәрсе
еді.
Біріншісі, хандар мен бектер, әсіресе, жеңімпаздар өздерінің басынан
өткерген өмірі туралы өздері жазып қалдырды. (Мысалы Заһиреддин Бабурдың
намесі)
Екіншісі, жиһангер, жеңімпаздар туралы сол кездегі жазу-сызумен айналысқан
ғұламалар, діндарлар, ақын-шайырлар жазып қалдырды. (Ата Малик Ала ад-Дин
Мұхаммед Джуфайнидің (1225-1283) Тарих-и джаһангушай және Әмір Темірдің
жылнамашысы болған тамаша тарихшы Шараф ад-дин Әли Йаздидің (1454 ж қ.б)
Зафарнамесі, Шайбанинаме)
Үшіншісі, сол кездегі Шығыстағы ғылыми өркендеуге өлшеушіз үлес қосқан
ислам дінінің пірадарлары, діндарлары өздерінің артынан көлемді, көлемді
еңбектер қалдырып кетті.
Мырза Хайдар шығармасы осы айтылғандардың бірінші категориясына жатады,
яғни егер Темір әулетінен шығып өзінің ғұмырлық баянын келешек ұрпаққа
сабақ болсын деп қалдыруға өресі жеткен, парасат-пайымы қалам ұстауға қуат
берген Бабыр болса, моғолдардың арасынан Мұхаммед Хайдар Дулати болды.
Тарих-и Рашиди шығармасын тек жалаң жылнамалық үлгімен жазылған
тарих емес, өткеннен тәлім, сабақ беруді көздейтін дидактикалық қырын оның
Билеушісіз жаһан, бассы тәнмен тең. Бассыз тән, жерде жатқан ұлтанмен тең
деп мемлекет басқарудағы хандар мен бектердің опасыздығын жасырмай айтып,
олардың тағдыр-талайы Жаратушы Алланың бұйрығымен
реттестірілген деген ұстанымынан байқауға болады.
Мырза Хайдар: Алла Тағала әлемді жаратты және жаһанда тәртіп орнату үшін
соған лайық биік тұлғалы патшалардың дәнекер болуын жөн көрді. Сонда ғана
адамзат зұлымдық-зорлықтан аман-есен болып, тіршілігін жасайтын болады.
Бұл құдайдың хикметі дейді.
Мырза Хайдар хандар мен бектердің опасыздығын, елге тұтқа бола алмаған
боркеміктігін, малма тымақтығын көргенде, үнемі Алланы еске алады, халықтық
нақылды көлденең тартып, тарих әшкерелеп берген шындыққа өзінің парасат-
пайымы шегінде ой қосады.
Мысалы, Хазірет Сахибқыранның (Әмір Темірдің) Пул-и сангин жағалауынан
ұрысқа шығуы және жете әскерінен кейін шегінуі туралы баянында:
Алланың қолдауымен арыстандай айбарлы бейне бір су тасқынындай гүрілдеп,
буырқанған хазірет Сахибқыран әскерлері таудан түсіп, жауды өкшелей қуды
деп суреттейді. (Тарих-и Рашиди А; 2003, 59-б)
Мырза Хайдар шығармасының ғылымилығын, яғни публицистикалық шеберлікпен
жазылған сол заманның тарихи шежересі екенін айтқанда Еуразия құрлығындағы
саяси интеграцияға катализатор болған Шыңғыс хан жаугершілігінен кейін
туы көтерілген Орта Азиядағы ортағасырлық мемлекеттердің тарихынан сыр
шертетін баян десек әсте жаңылыспаймыз.
Өйткені бас-аяғы екі ғасырдың ішінде, шамамен ХІІІ-ХІY ғасырларда Орталық
Азияны тұрақтаған түркі халықтары екі бірдей үлкен империяның (Алтын Орда
мен Әмір Темір) пайда болып, қайтадан шып-шырғасы шығып күйреуіне куә
болды. Оның сыртында Шағатай ұлысында құрылған Моғолстан мемлекеті,
Мұхаммед Хайдар Дулатидің көрсетуінше 1465-66 жылдары Моғолстанның
солтүстік бөлігі, Шу өзені бойында, Қозыбасы деген жерде қазық қаққан Қазақ
хандығы, Орта Азияға басып кірген Шайбани әулетінің шапқыншылығы,
Үндістанды, Кәпірстанды бағындырған Бабыр патша – осының бәрі байтақ
даламыздағы ию-қию саяси тартыстардың, оның ар жағындағы аласапыран халық
тағдарынан хабар береді. Қанды қақтығыстарға толы бұл тарихи кезеңнің
аяқталуы жеке аймақтардағы ұлттық құрылымдардың ұйысып, бір қолдың
саласындай бірігу процесін тездетті.
Тарих-и Рашиди шығармасындағы оқиғалардың желісіндегі тарих жұлыны –
Моғолстан мемлекеті. Мұхаммед Хайдар Дулатидың өзі осы елден шыққандықтан
әрі осы елдің жоғарғы саяси билігінде үлкен мәртебеге ие болған дулат
бектерінің белбаласы болғандықтан қалған мемлекеттердің тарихынан тек
Моғолстанға қатысты тұсы қамтылады.
Тарих-и Рашиди шығармасында Моғолстанның жер көлемі туралы ескі дерек пен
өзінің тұсындағы деректі келтіреді:
1. Өзінен бұрын жазылған, яғни Шыңғыс ханның хан тағына отыруынан Хулагу
ханның исмаилиттер әулетіне жорық жасауына дейінгі моңғолдардың тарихын
қамтитын Алааддин Ата Малик б. Бахааддин әл Жувайнидің (6231225-
6811283) Тарих-и Жаһангушай еңбегіне сүйеніп көрсетеді:
Татардың ежелгі тұрақты мекені, шыққан тегі және туған жері болды. [Мына
аятта айтылғандай]: Тәңірім (Саған ғибадат қылсын деп) ұрпағымның бір
бөлігін (намаз оқысын деп) Сенің қасиетті үйіңнің (Меккенін) төңірегіндегі
егін салынбаған бір алқапқа орналастырдым Осы аймақты басып өту үшін жеті-
сегіз ай жол жүру керек. [Моғолстан] шығыс жағында – Қытаймен,
батысында – ұйғыр уалаятымен, солтүстігінде – Қарақыз және Салингай,
оңтүстігінде – Таңғұтпен шектеседі. Тарих-и Жаһангушайда айтылатын
қазіргі белгілі боп тұрғаны Қытай. Ал [Жувайни] айтқан ұйғыр уалаятын
алатын болсақ, қазіргі кезде одан еш белгі жоқ және ұйғыр уәлаяты қай
жерде орналасқаны беймәлім. Қарақыз және Салингай жайында да осы уақытта
ешқандай белгі жоқ (Тарих-и Рашиди. А; 2003, 401-б)
Кітаптағы топонимдерге түсініктеме берген ғалымдар Қарақызды – Көкжарым тау
жоталарындағы асу, ал Салингайды – Моңғолиядағы Селенгай өзені деп
көрсетіпті. (Тарих-и Рашиди. А; 2003, 557 б)
Алайда Қарақыз атауы қазіргі қырқыз халқының байырғы атауы болуы мүмкін.
Өйткені қырғыздардың тарихында олар өздерін Енесайдың, Алтайдың бойынан
өткенбіз, ұйғырлармен қоңсылас отырдық деп көрсетеді.
2. Қазіргі уақытта Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен ені жеті-
сегіз айлық жол болады. Оның шығыс шекарасы – қалмақтардың жері – Барс көл,
Еміл және Ертіске тіреледі. Солтүстігінде Көкше теңіз (Балхаш), Бум Лиш
және Қараталмен, батыс шекарасы Түркістан мен Ташкент және оңтүстігінде
Ферғана, Қашқар, Ақсу, Чалыш, Тұрфанмен шектеседі (Тарих-и Рашиди. А;
2003, 557 б)
Тарихшылардың көпшілігі ұзақ жылдардан бері Моғолстанды ХІY ғасырдың орта
шенінде қазіргі Оңтүстік Батыс Қазақстанның және Қырзғыстанның жерінде
құрылған, яғни Жетісу мен мен Тянь-Шан өлкесін қамтыған Шағатай
мемлекетінің құлауы нәтижесінде пайда болған ортағасырлық мемлекет. Ол ХYІ
ғасыр ортасына дейін өмір сүрді деп пайымдайды. (Қазақстан тарихы. А, 1999.
87 б).
Алайда осы келтірілген деректерді зерделей отырып, мемлекеттің тарих
сахнасынан кеткен мерзімі шүбәсіз болғанмен, құрылған мерзімі сәл
әріректеу деген де пайым жасауға болады. Өйткені Жувейнидің өзі ХІІІ
ғасырда өмір сүрген, алайда оның баяндауындағы Моғолстан мемлекеті
территориялық аумағы әлдеқашан айқындалып қалған мемлекетке ұқсайды.
Тарих и Рашидидің Тәшкент басылымына түсінік берген ғалымдар
М.Х.Дулати көрсеткен Моғолстан территориясының ХІY –ХYI ғасырлардың өн
бойында өзгеріп отырғанын, оның құрамында алғаш Сырдария, Сарысу, Балқаш,
Ертіс және Оңтүстік Тянь-Шанның оңтүстік сілемдері аралағында үлкен жерлер,
онан соң тек Қырғызстан және Іле өлкесіндегі үлкен бөлігі ғана кіргенін,
ал мемлекет құлар кезде Моғол хандары билігі тек Қашқарияға ғана
таралғанын айтады. (Тарих-и Рашиди Ташкент 1966, 609 б)
Бұл пікірмен қосылуға болады, өйткені жылнамалық ретпен берілген
тарихи баянның сюжеттік желісінде ол анық сезіледі.
Мысалы, Тарих-и Рашиди кітабының екінші дәптерінің 76-тарауы Ханның
Моғолстанға соңғы сапары және моғолдарды Қашқарға көшіру һәм сол күндерде
болған кейбір оқиғалар жайында деп аталады.
Онда Моғолстанның соңғы ханы Саид хан мен оның ұлы Әбдірашид (Рашид)
сұлтанның Моғолстаннан кетісі былай жазылады:
Ханның Қашқарға бару себебі моғолдардың хабарынша қырғыздар өзбектерге
бірігіп, өзбектер Моғолстанды мекендеп қалуға ниеттенген. Ханның
өзбектерге қарсы шығатын күш-қуаты жоқ болатын. Бұл қыста Моғолстанда қалу
қауіпті болғандықтан хан Рашид сұлтан мен барлық моғолды Моғолстаннан
Қашқарға көшіртті. Қашқарда өзбектер арасында алауыздық пен тәртіпсіздік
орын алғанын естіді. Көктем айының аяғы болғандықтан Моғолстанға қайтып
кету қиынға түсті, содан Қашқарда қалды. Көктем шыққанға дейін Таһир хан
қырғыздарға қосылып, Атбасыда қалған қырғыздарды жинап, Моғолстандағы
моғолдарды бір үйір жылқысымен қосып, алып кетті. (Тарих-и Рашиди. А;
2003, 418-419 б)
Бұл жердегі Таһир хан (Тайыр хан) деп отырғаны – Қазақтың ханы Жәнібектің
немересі, Әдік сұлтанның ұлы, 1523-1524 ж Мамаш хан өлгеннен кейін хан
тағына отырады. Өте қаталдығымен көзге түсіп қабілетсіз болғандықтан өз
ортасында беделге ие бола алмаған. 1526 жылы ұлымен және аз санды
қазақтармен қырғыздарға кетіп, сонда 1531-32 жылдары қайтыс болған.
Моғолстанның соңғы хал-ахуалын Мұхаммед Хайдар Дулатидің өзі 916 (1510-
1511) жылдары Моғолстанда қырғыздардың кесірінен бірде-бір моғол тұрған
емес. 928 (1521-1522) жылы жоғарыда келтірілген жағдайларға байланысты
(Саид) хан Моғолстанды басып алуға бар-ынта-жігерін жұмсады деп жазса,
Бабурнамеге түсініктеме берген ғалымдар ондағы айтылған Моғолстанды
Шығыс Түркістан ретінде ғана көрсеткен. (Бабурнаме. Т., 1958 ж. 454 б).
Тарихшылардың біразы Моғолстанды түрік және түріктенген моңғол тайпалары
мекендеген мемлекет деп жүр. Оның этникалық құрамына тарих ғылымдарының
докторы С. Жолдасбайұлы негізінен түркі тілдес дулат, қаңлы, жалайыр,
керей, найман, үйсін.т.б және толық түріктеніп болған моңғол тайпалары
бұлғашы, шурас, баарин, арлат т.б кіргізеді. (С.Жолдасбайұлы Ежелгі және
орта ғасырдағы Қазақстан: ерте дүниеден ХYІ ғасырға дейін. А., 1995,
110б.)
Ал академик Манаш Қозыбаев Моғолстанның құрамында Мырза Хайдар өз
баяндарында келтіргендей бұдан басқа дүхтуй, бәркі, итаршы, құнжы,
бекжақ, меркіт, шұңқаршы, керей, салдүз, шағырақ, түркімен рулары бар
екендігін айта келіп, Моғолстанның территориясын мекендеген ру-тайпалардың
әр кезеңдерде қалыптасқанын ұмытпау керек дейді. Мысалы, қаңлы, қарлұқ,
қыпшақ, ұйғыр тайпалары Тянь-Шан етегі мен Қашқарияда, Жетісуда Карлық,
Ұйғыр, Қарақытай қағанаттарының тұсында, қарахандықтардың тұсында болғанын
дәлелге келтіреді.
Ұзын-ырға кескілескен соғыстар, тартыстардан кейін іргесі шайқалған
Моғолстанның құрып кетуін және тарих сахнасына жаңа мемлекеттердің
көтерілуі – Тарих-и Рашиди шығармасындағы жылнамалық ретпен жазылған
жазбаларға негіз болғанын осыдан байқауымызға болады. Шығарманы бастан-аяқ
зерттеп, оған қазақы кейіп беруге өлшеусіз үлес қосқан шығыстанушы Ислам
Жеменей бұл бірнеше ғасырға созылған тарихи үдерістің даму сорабынан
мынадай түйін жасайды:
Тарих-и Рашиди авторының өзбек, өзбек-қазақ, және өзбек-қырғыз
терминдерімен қатар түрікмен, дулат, қаңлы, жалайыр, барлас сияқты
тайпалық атауларды тең қолдануы осы тарихи процестің айқын көрінісі
болатын.
Бірақ өкінішке орай, бұл жеке ұлттық құрылымдардың қалыптасу процесі сәтті,
жеке халықтардың табиғи мүддесіне сай қарқында және бағытта жүрді деп
айтуға негіз жоқ. Түркі халықтарының, оларды билеуші Шыңғысхан
тұқымдарының өзара қанды қақтығысулардан, саяси билік үшін тынымсыз
күрестен әбден шаршап-шалдыққаны соншалық, олар енді қайтып Алтын Орда
немесе Темір империясы сияқты қуатты мемлекеттік жүйе құруға шамасы келген
жоқ. Кезінде қуаты әлемдік дамуға ықпал еткен Түркістанның ендігі
уақытта тәуелсіз өркендеу мүмкіндігінен айырылып, шығыс (қытайлық)
және батыс (орыстық) болып бөліне бастауы сондай құлдыраудың айғағы болса
керек. Мырза Хайдар айтқандай: Әйгілі гүлденген дәурен тек ауыздан
ауызға айтылып келе жатқан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz