Ұлы жүз құрамындағы шапырашты руының тарихы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақтың ауызша дәстүр үлгілері ерте заманнан бастау алады. Шежіре дәстүрінің қалыптасуы да осы ауызша тарих айту дәстүрі үлгілерінің қалыптасуымен тығыз байланысты әлеуметтік - мәдени үрдіс. Қазақ шежіресі қазақ ұлтының тарихи жадын қамтиды. Алайда халықтың жады дегенде, шежіре дәстүрі қалың бұқара ортасында ретсіз күйде сақталуы да мүмкін емес. Сондықтан да жалпы халықтың жадыға негізделген жеке тұлғалардың жаттай білу қасиеттері арқасында осы дәстүр өз жалғасын тапқан.

Қазіргі кезде ұлттық тарихымыздың бастау көзі болатын өлке тарихы, шежіре, салт - дәстүрлерді оқып үйренуге ұмтылуға баса назар аударылып отыр. Әсіресе, шежіре тарихын мұрағат материалдары мен ғылыми еңбектердікеңінен пайдалану арқылызірттеп, ғылыми ой елегіненөткізу қазіргі тарих ғылымының өзекті мәселелеріне айналуда.

Қазақ халқы үшін шежіре - қазақ руларының тұқым қуалау кестесі ғана емес, ол халықтың сан ғасырлық тарихы, сол тарихты ұрпақтан - ұрпаққа игі жақсылардан қалған атақты сөздері мен жоталы істері арқылыжіткізетін ұлттық сананың құрамдас бөлігі. Халыққа ауыздан - ауызға тарап жеткен қазақ шежірелерінің өңі өзгеріп жеткен. Оны хат танып, сауат ашқан соң шежірешілер әр түрлі нұсқаларды жинақтап, ондағы деректерді тарихи құжаттармен салыстыра қайта нақтылап, оған өз дәуірінің елеулі тарихи оқиғаларын қосып, толықтыра түскен.

Олардың қатарына Захираддин Бабырдың - «Бабырнамасын», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи - и - Рашидиін», Бейбарыс пен Халдунның «Түрік шежіресін», Ұлықбектің «Сұлтандар шежіресін» және тағы басқаларды жатқызуға болады. Олардан жеткен мұралар кейінгі заманның елі үшін өмірін арнаған данагөй ғұламалары тарапынан іліп жетіліп, жалғасын тапқан. Олар өздерінен бұрын жазылған бір қатар шкжіре, жылнамаларды өздері өмір сүрген дәуір талабынан қайта қарап, ой қорытқан, жұртқа мәлім емес тарихи деректермен байытқан, тарихи құндылықтарға толы еңбектері қазіргі кезде табылмайтын дерек көзіне айналып отыр.

Бұларға Қазақстан Республикасы егемендігін алып, өз алдына ту тіккелі ғана мәлім болып отыр. Олардың қатарында кейінгі жылдары басылып шыққан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Қазақ шежіресі», Нұржан Наушабаевтың «Манзумат қазақиясын» (1903 жыл, қазан), Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шкжіресін» (1911жыл Орынбор) және 1925 жылы шыққан Мұхамеджан Тынышбаевтың «Қырғыз қазақ халқының тарихына материалдарын» жатқызуға болады. Қазақ халқының бірнеше ғасырлық мәдени дәстүрлері мен салттарының әр түрлі даму тарихын қамтитын бұл еңбектер құнды болып табылады.

Қазіргі кезде халықтың өзінің шығу тегін білуге ден қоюы, ізденіс танытуы олардың өздерінің ғұмырнамасының бастауын тым әріден, ғасырлар қойнауының беймәлім түпкірінен тартылуы мен оған ұмтылуында тарихи заңдылық бар. Ешбір ұлт та, халық та, ұлыс пен руда бір күнде көктен түспеген, дүр етіп жерден көктеп шықпаған, осылардың қай қайсы да дамудың объективті заңы бойынша ұлт халықтан, ұлыс рудан, ру адамдар тобынан құралып, белгілі бір экономикалық, қоғамдық кезеңдерді бастан өткеріп қалыптасқан. Осынау қалыптасудың ұзақ жолындағы ұлан - асыр оқиғаларды әрұрпақ өз таным түсінігіне қарай қорытып, ұрпақтарына шамасы келгенше қаймағын бұзбай, бар қадір - қасиетімен жеткізуге ұмтылып отырған, Осындай көне замандардан жеткен ауызша және жазбаша деректер негізенде бізге жеткен Ұлы жүзден шыққан Шапырашты руы. Шапырашты руы туралы аңыз - әңгімелер айтарлықтай. Шапырашты Бәйдібек бидің немересі, әкесі Жалманбет, анасы Мапыраш. шапырашты қайратты, жаудан жүрегі қайтпаған батыр, зерек жігіт болған. Осы Шапырашты руынан шыққан батырлар, ақындар, билер, қоғам қайраткерлері айтарлықтай бар.

Бүгінгі күнге дейін Шапырашты руының этникалық бітімі мен өзіндік этномәдени болмысы өз алдына арнайы зерттелмеген менің жұмысымда осы жақтарын көрсету.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы шежірені зерттеуді алғаш қолға алған - әйгілі ғалым Ш. Уәлиханов. Оның анықтауынша, тарихи аңыздың ғылыми бағалы бір түрі әрбір тайпаның қайдан таралғанын көрсететін тарихи шежірелер. Ал ХІХ ғасырдағы В. Левшин, А. Харузин, Н. Аристов есімдері көппшілікке мәлім. Бұл ғалымдар қазақ шежіресін түркі тайпаларының ру - құрылымдық жүйесін сипаттауға кең қолданылған. Қазақ халқының шежіресіне, қария сөздеріне көп көңіл бөлген ғалымдар В. Н. Татищев, Н. И. Новиков, Н. И. Карамзин.

ХХ ғасырда қазақ шежіресіне көңіл аударған ғалымдардың бірі В. Бартольд болды. Жалпы ХХ ғасырда шежірені зерттеген ғалы зерттеген ғалыҒалымдардың біршамасы саяси қуғынға түсіп репрессияланды, оның ішінде М. Тынышбаев, С. Асфендияров, Т. Қоңыратбаевтар есімі ғылымда әйгілі.

ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бері көптеген шежіре жарық көруде. Бұл шежірелерде көп жағдайда қазақтардың генеологиялық таратылуы мен сол тұқымдардың аты - жөні ғана берілген, шежіредегі ата таратылуы ғана сақталып, тарихи әңгімелері аз болып келеді.

Ұлы жүз туралы арнайы зерттеулер бар. Шежіре туралы жазылған зерттеулер осы Ұлы жүз ішіндегі Шапырашты руы туралы аңыз - әңгімелер ғана айтылған. Мысалға, Сәдібеков Зайырдың «Қазақ шежіресі», «Шежіре қазақтың ру - тайпалық құрылысы», Байғазыұлы «Бәйдібек баба - алып бәйтерек», Арғынбаев Х, Востров В, Мұқанов Н «Қазақ шежіресі хақында», Шапырашты Қазы бек Тауасарұлы «Түп тұқиямнан өзіме шейін» т. б. атты зерттеулерде жазылған. Бұл зерттеулерде Ұлы жүз Үйсін ұрпақтары екендігі, сонымен қатар Шапырашты руы туралы аңыз, әңгімелер, олардың таралуы туралы жазылған.

Сонымен қатар С. Толыбековтың «Қазақшежіресі», Ш. Құдайбердиевтің «Түрік, қырғыз -қазақ һәм хандар шежіресі», Сарқытбек Шора «Шежіре сыры», Ақынжановтың «Қазақтың тегі туралы» атты зерттеулерді атауға болады.

Тақырыптың әдістемелік негізі. Жұмысты жазу барысында шежіре жазушы ғалымдардың әдістеріне сүйене отырып, этнографиялық жөніндегі қағидаларын негізге ала отырып жаздым. Сондай -ақ ұлы жүз және Шапырашты руына байланысты қолда бар әдебиеттер мен газет бетіндегі мақалаларды бір - бірімен салыстыра отырып, қолдандым. Жалпы курстық жұмысым тарихи салыстыра, талдау, теориялық тұжырым жасау, қорыту әдісі негізінде жазылды.

Тақырыпты зертеудегі мақсатым. Қазақ қоғамындағы шапырашты руының өзіндік этникалық тарихы мен ішкі этномәдени ерекшеліктерін көрсету. Сонымен қатар, біз кімбіз, қайдан келдік, ата - тегіміз кім, олар қандай мемлекеттің құрамында болды? Бабалармыз адамзат тірлігіне қандай үлес қосқан, жауынгер - жаһангер, жаһангез бабаларымыз болды ма? деген сауалдарға жауап іздеу.

Тақырыпты зерттеудегі міндетім.

- Шапырашты руына байланысты ғылыми еңбектер мен газет -

журналдағы мақалалармен талдау.

- Ғылыми еңбектің ұтымды тұстары мен кемшіліктерін көрсету.

- Мәселенің зерттелмеген тұстарын анықтау.

- Қолда бар материалдарды жинап, саралап ғылыми айналымға енгізу.

Курстық жұмыстың құрылымы . Курстық жұмысым кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеті, хронологиялық шеңбері туралы айтылған. І- тарауда қазақ жүздерінің қалыптасу тарихы мен Ұлы жүз руы, олардың таралуы, 2 - ші тарауда Шапырашты руының таралуы, орналасуы мен саны.

І. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты руының тарихы

І. 1 Қазақ жүздерінің қалыптасу тарихы.

Шежіре қазақ халқын үш арысқа, үш жүзге бөледі. Содан соң, олардың әрқайсысына кіретін рулардың өркендеп, қалай тармақ жайғанын көрсетеді. Қазақ жүздерінің қашан, қандай жағдайларға байланысты шығуы туралы әлі дәлелденген ортақ пікір жоқ. кейбір халық арасында кеңінен тараған аңыз - әңгімелерді келтірумен ғана шектелген. Мысалы айтатын болсақ, Н. Гродеков Алаштың - Байшора, Жаншора және Қарашора атты үш ұлы болған, осыдан ұш жүз руы тараған деген аңыз келтіреді; М. Шорманов шежіресінің негізінде Г. Н. Потанин, қазақ халқының арғы тегі Қотанның, Юсун, Ақжол, және Алшын аты үш ұлы болған, осы ретімен қазақтың үш жүзінің негізін салған деген екінші пікір бар; Диқанбай батыр шежіресінің негізінде Н. Аристов қазақ халқының арғы тегі Әбілқайырдың - Байшора, Жаншора және Қарашора атты үш ұлы, қазақтың үш жүзінің негізін салған деген үшінші аңызды келтіреді.

Бұл, әрине тек аңыз ғана, өйткені әр түрлі атпен қазақтың әр жүзіне жеке - дара оның түп атасын, яғни тегін табу ешбір шындыққа үйлеспейтіндігі ғылым тарапынан әлдеқашан дәлелденген.

В. В. Вельяминов - Зернов қазақ жүздерінің Хақназар ханның тұсында (ХУІғ) қалыптасқандығы туралы халық аңыздары негізінде жүздердің ХУІІғ Қазақстанның оңтүстігінде пайда болғандығын баяндайды.

Х. М. Әділгереев пен С. А. Аманжолов сияқты қазақ ғалымдары қазақ жүздерінің қалыптасуын монғол шабуылына дейінгі заманға яғни б. з. УІІ - ХІ ғасырлардағы Батыс Түрік қағанаты дәуіріне жатқызызады.

Қазақ жүздернің қалыптасуы жайлы тарихи шындыққа жақынырақ келетін ой - пікірді академик В. В. Бартольд айта келіп, табиғи және климаттық жағдайына қарай бір - біріне ерекшеленетін үш аймақта (Жетісу, Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталық Қазақстан және Батыс Қазақстан), қазақ жүздері мен қазақ хандығының қалыптасқандығын баян еткен.

Академик Бартольдтің бұл пікірін, профессор М. П. Вяткин географиялық орта әсерінен қоса, бұл аймақтардың экономикалық және саяси жағынан ерекшелене түсуі сол өңірлерде үш бірдей қазақ жүздерінің қалыптасуына енгіз болғандығын дәлелдей түскен.

Бес томдық қазақ ССР тарихының авторлары да көптеген этносаяси және кәсіби факторлардың әсерімен ХУ - ХУІ ғасырларда Қазақстан жерінде үш этноаумақтық бірлестік - Ұлы, Орта және Кіші жүздер қалыптасқандығын баяндайды. [1. 98-102]

Қазақ халқының қайдан шыққаны, оның жүздерге бөлінуі туралы мәселе кейінгі кезеңдерде де көп толғантқан. Осы мәселе бойынша Ш. Уәлиханов қазақтың шығу тегін қазақтың алғашқы ханы Алаш пен оның балаларымен байланыстырып, тікелей солардың ұрпағы деген ұғым қалыптастырады. Ал Абай Құнанбаев «Маңғұлдан шыққан халықтың бірі-біздің қазақ» деп тұжырым жасайды. Халыққа кең танылған Шәкәрімнің шежіресінде «қазақтардың шығу тегі, нәсілі арабтардан емес, түп төркіні көне түрік әлемінде жатыр» деп дәлелдейді.

Осылардың бәрі ой- түрткі болып ХҮІІІ ғасырдың аяғынан бастап, көптеген зерттеулер жарық көреді. Жүздер тарихымен көп айналысқан М. Тынышбаев жүз немесе ордалардың пайда болған кезін Шыңғысханның немересі, Жошының ұлы Бату уақытына жатқызады. Осы мәселе төңірегінде қалам тарқан С. Аманжолов болса «қазақтардың үш жүзге бөлінуі монғолға дейінгі дәуірде Х-ХІІ ғасырларда болып өткен» деген қортындыға келеді. Ш. Уәлиханов қазақтардың үш жүзге бөлінуін «дүрбелең уақытқа» сәйкестендіреді. «Өздерінің көшіп жүрген жерлерінде құқықтарын қамтамасыз ету үшін одаққа бірікті» дейді ол. Ш. Уәлихановтың жүздерінің пайда болуы себептерімен уақыты жөніндегі пікірі шындыққа келіңкіремейді. Осыған ұқсас пікірді тарихшы Бартольд те айтады. М. Тынышбаев қырғыз (қазақ) халқының әрбір руының тарихын барынша толық көрсетуге тырыса отырып, «қырғыз - қазақтар үш жүзге бөлінген» деген түйінге келеді. Солай дей отыра, ол әрбір жүзді, оның әрқайсына кіретін руларды саралап көрсетеді. Ол бойынша Ұлы (бірақ үлкен емес), Орта және Кіші (бірақ аз емес) . Ұлы жүздің құрамы: Үйсін (бөліктері - дулат, албан, сарыүйсін) . Оларға шапырашты, сіргелі, ошақты, ысты, қосылады;

Орта жүздің құрамы: арғын, найман, қыпшақ, қоңырат, уақ, керей.

Кіші жүз құрамын алшын құрайды. Ол үш топтан тұрады: 1. Байұлы (адай, беріш, алтын, жаппас, есентемір, таз, байбақты, тана, масқар, алама, қызылқұрт, шеркеш, ысық) . 2) Әлімұлы (Әлім, шөмекей және кете) . 3) Жеті ру немесе жеті рулықтар (табын, тама, жағалбайлы, телей, кердері, керейт, рамадан) .

Зерттеуші ғалым Қ. Салғариннің айтуынша «көшпелілер тарихында елді үшке бөліп билеу хандықтың айтарлықтай иелігіндегі жерді бір ханның дара билеуге мүмкіндігі болмай, билікті аға-іні балалар арқылы жүзеге асыру қажеттігі туған кезде пайда болған».

Сонымен қатар, қазақ жүздерінің бөліне бастауын ХҮ ғасырдың аяғы, оның 80-90 жылдардың шамасы деген де пікір бар.

Бұл дәуірде Керей ханның үлкен ұлы Мұрындық (Бұрындық) 1480-1511 жылдар аралығында қазаққа хан болған. Ол соңынан 50 мың жасақ ерткен өз заманының бірегей хандарының бірі. Ол билік құрған кезде тарихқа «Қасымханның қасқа жолы» деген атпен ел басқарудың өзіндік заңы шығарған қазақ хандарының ішіндегі атақтылардың бірі Қасым хан әуелде осы Мұрындық ханның атты әскерінің қолбасшысы болған. Қазақ тарихында қазақтар осы кезеңді бытыраңқылықта өмір сүре бастағанымен, қазақтың бөлек-бөлек руларға бөлініп кетуі Әз Тәуке ханнан кейін басталған. Негізінен қазақтардың жүз-жүзге бөлініп кетуінің негізі аңыз деректерде көрсетілген тарихтан бастау алса керек[1. 120-132]

Сәдібеков Зайырдың «қазақ шежіресі» атты еңбегіндегі жүздерге байланысты келтірілген деректерде, жүз - қазақ болып қалыптасудан бұрын, «Дешті Қыпшақ» дәуірінде құралған аймақтық одақ. Оған біріккен тайпалардың бәрі бірдей бір атадан емес. Жүз - көне түркі тіліндегі «Дүз» (дала) деген сөзден шыққан. Қазақта «құла дүз» деген сөз бар. Ол құла дала деген мағынада. Бұл деректе «Жүз» араб тілінде «бөлік» дегенді аңғартады дейді. Қайткенде де «жүздің» пайда болуына жүз- жүзден құралған әскерлерден шықты дегенге қарағанда аймақтық ұғым - «Дүз» (Дала) деген сөз қолайлы сияқты. «Жүз»- ойрат тілінде біртұтас нәрсенің бөлігі деген ұғымды.

Жүзді Жошы заманында Үйсін Майқы би бөлген деген пікір шындыққа жақын. Себебі сол кездегі тайпалық ұлыстарды басқарған билердің ішіндегі атақ - абыройы мен лауазымы жоғарысы Майқы би еді. Ол Дешті Қыпшақтағы түрік - монғол жұртында мейлінше құрметке, сенімге ие болған адам. Сондықтан оның көзі тірісінде- ақ «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген қанатты сөз айтылып жүрді.

Майқы би Шыңғыс ханды ұлы хан етіп сайлаған 12 бидің бірі және бірегейі еді. Сол себепті Шыңғысханға қадірлі болды. Оның ел билеудегі ақылшысы еді. Кейде Шыңғысхан жорыққа аттанғанда өзінің орнына ел басқару билігін тек Майқы биге тапсырып кететін болған.

Шыңғысханнан кейін ол Жошы ұлысын «Дешті Қыпшақ» бөлігін және Жошы әскерінің оң қанатын басқарған.

Мемлекеттік әскери құрылысты жақсы білген ол сол кездегі «Дешті Қыпшақ» одағының басқару ісін жақсарту мақсатында ұлан ғайыр жерді алып жатқан тайпалардың ішкі сыртқы маңызды істерін өздеріне тән жағдайға байланысты шешу үшін биліктің тізгінін бөлісуі асқан білгерлік және табиғи нәрсе.

Жүзге (аймаққа) бөлу, ондағы тайпалардың ежелден келе жатқан жер жатысының, өмір- тіршілігінің, дәстүрлерінің сыбайластығына қарай жүргізілген. Сонымен қатар Майқы би әр жүзге ұран мен таңба және олардың ноқта ағасын белгілеп берген. Ұран мен таңба жүздер ішіндегі тайпалар мен руларды біріктіріп, олардың одағын нығайтуға бағытталды.

Ұлы жүзге және бүкіл қазақ тайпасына Ұлық (нақта аға) жалайырды, Орта жүзге Арғынды, Кіші жүзге Алшынды ұлық етіп белгілейді. Сол сияқты Арғын ішінде Тарақты, Алшын ішінде Тама ноқта ағалыққа ие болады.

Тарақты мен Таманың екеуі де Жалайыр (монғол) сияқты тарақ таңбалы. Демек, ұлылықты белгілеу тайпалардың көнелік, күштілік жолына қарай емес, Шыңғысханның (монғолдардың) ыңғайына қарай жүргізілсе керек. Майқы бидің де ол талаптан асып кете алмағаны байқалады.

Ақын жазушы Сәбит Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» кітабында: Ғалым Бичуриннің айтуынша, біздің дәуіріміздің 635жылында қазіргі қазақ даласында, түркі тілдес көшпелі сақтар өздеріне шабуыл жасап, тыныштық бермеген қытайларға қарсы үш орда құрған:

1 Үйсін жерінде - Ұлы орда

2 Есіл, Ертіс бойында - орта орда

3 Балқаштан каспийге дейін - Кіші орда болып топтасқан. Қазақ жүздері осы үш ордаданбасталған. Мен осыған бейіммін дейді.

Майқы би Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде ыдыраған дешті -Қыпшақтың осы ордаларын қайта қалпына келтіруі ғажап емес.

Ұлықтықты (ноқта ағалықты) белгілеу Шыңғысхан мен балаларының замандағы іс екенідау тудырмас, себебі олда бытыраңқы елді басқаруды жақсартудың бір жүйесі болуы керек. «Қазақтағы үщ жүзге үйсін, қыпшақ, Алшын тайпаларының жері негіз болды. Өзбек, Қырғыз, Қазақ деген бөліністер ХУ - ХУІ ғасырларда пайда болған. Ру басылары ірі тайпалардың «үш жүзден», - мың бұрын туғанын ескермейді», - дейді профессор Ә. Қоңыратбаев «Көне мәдениет жазбалары» деген кітабында.

Сонымен құла - дала қазақ жері Шығыстан - Батысқа қарай үш аймаққа (немесе бөлікке) бөлінді.

Бірінші бөлік Ұлы жүз (дала) - Үйсін даласы. Ол жетісу жері шығысы Қаратал өзені, батысы Шу мен қаратау, Балқаш өңірі. бұған Қаратаудан Шыршық, Ангрен, сыр, арал өңіріне созылған қаңлы даласы қосылды.

Бұл даланы ежелден Үйсін мен Қаңлы мекендеген. Олар көне ғұнның тұстасы. Кейін бұл өңірге Шығыстан Жалайыр тайпасы келіп қоныстанды. Осы үш үлкен тайпалардың негізінде Ұлы жүз (Үлкен орда ) құрылды. Ұлығы Жалайыр елі болды. Ұлы жүздің таңбасы «Жалау» ұраны «бактиер» деп белгіленді. Бұлар бұрыннан келе жатқан үйсіннің таңбасы мен ұраны болатын.

- Екінші бөлік Орта жүз (дала) - Қыпшақ даласы. Кейін оғыз Қыпшақ, Дешті Қыпшақ атанды. Ол Шығыс тауынан Торғайға дейін созылды немесе Қаратал өзенінің оң жағы, Сырдарияның орта ағысы, Балқаштың солтүстігі, Алтай мен Сарыарқа өңірі. Бұл аймақта ескі Ғұннан тараған Оғыз, Қыпшақ, Қарлұқ, елдері мекендеді. Олар ұйсін мен қаңлыдан көп кейін пайда болған. Бұл үшеуінің ұрпақтары найман, керей, уақ, қыпшақ, арғын тайпалары. Бұларға кейін моңғол ішінен шыққан қоңыраи елі қосылды. Қоңыраттар монғол жерінде тұрғанда найман, керей, уақтармен көршілес болған еді.

Осы алты тайпаның негізінде орта жүз (орта орда) қалыптасты. Орданың (жүздің) ұлығы болып Арғын белгіленді. Ұраны - «Ақжол», таңбасы «көзтаңба» болды. Бұлар бұрыннан арғынға тән болатын.

Үшінші бөлік Кіші жүз (шеткі дала) . Алшын даласы. Ол сырдың төменгі ағысы, Арал теңізі мен Еділ, Жайық өзендерінің бойы. Бұл даланы негізінен Шыңғысхан заманынан бұрын шығыстан батысқа қарай Қыпшақ - қаңлыға қосылып үдере көшіп келген . Алшын тайпасы жайлады, олардың түбі - қарақырғыз.

Алшындарға жергілікті жерде өмір сүріп келген Адай, Кете, Кердері, Шөмекей, Беріш деген рулар қосылады. Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде Керейдің бір тармағы ауып барып, «Керей» деген атпен Алшынға бірікті.

Бұл бөліктің (орданың) ұлығы болып Алшын белгіленді. Себебі олар сан жағынан өзгелерден көп басым еді. ұраны - «Арғымақ» таңбасы найза болды. Арғымақ Алшынның биі - Алау батырдың лақап аты. Алшын одағы «Байұлы», «Әлімұлы», және «Жетіру» деген тармақтан тұрады.

Жүздердің Ұлы, Орта, Кіші деп аталуы, ондағы тайпалардың көнелігіне қарай белгіленген сияқты. Бір деректе ол атау Жошы балаларының әке ұлысындағы оргына қарай аталғандығы айтылады.

көп шежірелерде осындай бір - біріне тікелей туыстығы жоқ тайпаларды Әбілқайыр немесе Қазақ деген адамнан туған Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деген үш ағайынды кісілерден тарата салған.

«Қазақ арасындағы үш арыс, үш жүз атаулары нақты зерттелмеген. Үш арыс -ақарыс, Жанарыс, Бекарыс Х ғасырдан қалған атау, ал үш жүз Тәуке хан дәуірінен кейін пайда болған», - дейді профессор Ә. Қоңыратбаев.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ рулары және рулық таңбалары
Ұлы жүз Суан тайпасының шежіресі
Жетісудағы ұлт - азаттық қозғалыс (19ғ.ІІ жартысы-20ғ. басы)
Шежіре. қазақ жүздері
Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуда ресей әскерлерінің әскери қимылдары
Қазақ - Қырғыз саяси байланыстарының тарихы (ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезі )
Алтынайұлы Қарасай батыр
Жоңғар-Қазақ соғысындағы Қазақ батырлары
Орта жүзден тараған Қаракесек руының шежіресі
Үйсіндер мемлекеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz