Ұрлық қылмысының криминологиялық мәселелері


М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе . . . 2

І тарау. Ұрлық - талан-тараждың бір нысаны

1. 1. Талан-тараждың түсінігі, белгілері, нысандары мен түрлері . . . 5

1. 2. Ұрлықтың объектісі және заты . . . 24

1. 3. Ұрлықтың объективтік жағы . . . 30

1. 4. Ұрлықтың субъектісі . . . 38

1. 5. Ұрлықтың субъективтік жағы . . . 41

1. 6. Ұрлықтың сараланған құрамдары . . . 45

1. 7. Ұрлықты ұқсас қылмыстардан ажырату . . . 53

ІІ тарау. Ұрлық қылмысының криминологиялық мәселелері

2. 1. Ұрлықтың жай күйі . . . 58

2. 2. Ұрлықтың себептері мен жағдайлары . . . 60

2. 3. Ұрының тұлғасы . . . 62

2. 4. Ұрлықтың алдын алу . . . 70

Қорытынды . . . 72

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 76

Кіріспе

Бүгінгі күні қоғамда болып жатқан өзгерістер, әртүрлі меншік нысандарының пайда болуы қылмыстық заңның да өзгеруіне ықпал етеді. 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодекс қазіргі қоғамға қажет, бұрын бізге таныс емес жаңа қылмыс құрамдарын ұсынды. Бірақ заңның жаңалығы оның толық жетілгендігін білдірмейді. Кейбір авторлар пікірінше қылмыстық заң күшіне енген соң көптеген қоғамдық қажеттіліклерге жауап бере алмады. Қылмыстық-құқықтық новеллаларды жасау және өзгерту негізінде олардың мазмұнын анықтайтын теориялық қылмыстық-құқықтық концепциялар жатыр. Сондықтан зерттеушілер зерттеу деңгейі толық емес делінген құқықтық идеяларға көп көңіл бөледі.

Қылмыстылықпен күрес жүргізу кез келген қоғамға тән актуальды құбылыс. Ол кеңестік дәуірдің өзінен ақ ерекше маңызға ие болған. Кеңес одағы өмір сүруін тоқтатқан кездегі қоғамдағы дағдарыс көптеген бұрынғы одақтас республикаларда саяси, әлеуметтік- экономикалық, ұлттық қайшылықөтардың шиеленісуіне әкеп соқты. Бұл жаңа қоғам жағдайына өтуге дайын болмағандықтың көрінісі еді.

Қазіргі уақытта криминогендік жағдайдың шиеленісу факторы болып экономиканың тұрақсыздығы, өндіріс пен тұтынушылық рыноктың мүмкіндігінің қысқаруы, ақшаның құнсыздануы, бағаның үнемі өсуі, көптеген азаматтардың өмір сүру деңгеінің төмендеуіне әкеп соқты. Бұл жағдайдан Қазақстан да тыс қалмады.

Қазақстанда қылмыстылық деңгейі 80 жылдардың соңында жедел өсіп, жоғары күйінде қала берді, соңғы жылдардағы криминалдық өзгеріс, қылмыстыдықтың санының ғана өсуі емес, сонымен бірге қылмыстылық сапасының өзгеруі болды.

Мемлекеттің қылмыстылыққа бақылау жасап, оның алдын алуға қабілетсіздігі- қоғамның саяси, заңдық, элеуметтік- экономикалық тұрақсыздығы екені белгілі.

Осындай жағдайға байланысты криминологиялық және қылмыстық құқықтың зерттеу шегіне кіретін ұрлықпен күрес жүргізу мәселесі ерекше маңызға ие болды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік және жеке меншікті теңдей бекітіп, меншік құқығын бірдей қорғауды заңда бекіткен. Меншікке қылмыстық қол сұғушылық азаматтарға үлкен материалдық шығын әкелгені үшін ғана емес, мемлекет атынан адам мен азаматтардың Конституциялық құқығын қорғауды қамтамасыз етіп, қылмыстылықпен күрес жүргізетін құқық қорғау органдарының қызметінің қабілеттілігіне сенімін жоғалтатын саяси салдар туғызатынымен де қауіпті.

Сондықтан да меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшелері мен қызметтерінің алғашқы міндеттерінің бірі ретінде көрініс табады. Осыған орай ұрлық қылмысының алдын алу шараларын қарастыруда әлеуметтік- экономикалық саяси, жағдайлардағы сұрақты шешу үшін ғылыми зерттеуді талап етеді.

Зерттеу объектісі ретінде ұрлық пайдакүнемдік қылмыстың бір түрі кримилогиялық ерекшіліктегі құбылыс ретінде көрінеді.

Ұрлықты зерттеу пәніне оның жағдайын, құрылымын, өзгерісін білу, қарастырылып отырған қылмыстың сандық сапалық ерекшіліктерін зерттеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер органымен ұрлықтың алдын алу шаралырын қолдану мақсатында жүйелі түрде зерттеу кіреді.

Соңғы кезде қылмыстың бұл түрінің сандық және сапалық көрсеткіштері ғана емес, сонымен бірге, жасау тәсілі де өзгеріске ұшырады.

Менің жұмысымдағы алдыма қойған мақсаттарым келесідей:

  • меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі талан-тараждың бір нысаны ретіндегі ұрлықтың өзіне тән қылмыстың құқықтық және криминологиялық ерекшеліктерін анықтау;
  • ұрлықты басқа ұқсас қылмыстардан ажыратып өзіне тән белгілерді ажырату;
  • ұрлықтың жасаушы қылмыскер тұлғасын, ұрлықты жасауға әсер етуші себептер мен жағдайларын анықтап, ұрлықтың алдын алу шараларын қарастыру.

Бітіру жұмысы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда талан-тараждың жалпы сипаттамасы туралы айтылса екінші тарау талан-тараждың жеке нысаны ретінде ұрлықты қамтиды. Үшінші тарауда ұрлықтың криминологиялық аспектілері туралы айтылады.

Мұнда қолданылған пікірлер мен қортындылар заңгерлердің, социологтардың, психологтар мен басқа ғылым саласы өкілдерінің тұжырымдамалары мен заңға және нормативтік актілерге негізделген.

І тарау. Ұрлық - талан-тараждың бір нысаны

1. 1. Талан-тараждың түсінігі, белгілері, нысандары мен түрлері

Меншікке қарсы қылмыстардың ішінде кең таралғаны және қоғамға қауіптілігі жоғары талан-тараж болып табылады.

Мүлікті талан-тараждауға байланысты қылмыстық жауаптылық мәселесіне заң әдебиеттерінде барлық уақытта үлкен көңіл бөлінген, бірақ қазіргі уақытқа дейін қылмыстық құқықтық теорияда талан-тараждың біртұтас түсінігі қалыптаспаған.

Бірқатар ғалымдар талан-таражды- ‘‘мемлекеттің немесе қоғамның иелігіндегі мүлікті кінәлігің өз меншігіне не басқа жеке тұлғаның меншігіне беру үшін қасақана ниетпен, құқыққа қайшы, қайтарымсыз мақсатта айналдырылуы’’1 деп анықтама берсе, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 175-бабының ескертуінде ұрлық деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иемденушісіне залал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайырымсыз айып қою немесе айналдыру танылады2 делінген, осыған ұқсас анықтаманы кейбір ауытқушылықтарымен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі ‘’Бөтеннің мүлкін ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері’’ туралы қаулысында ‘’Меншік иесінің мүлкін пайдақорлық мақсатпен заңсыз тегін алуды және оны өз пайдасына немесе басқаның пайдасына айналдыруды- бөтеннің мүлкін ұрлау деп түсіну керектігі’’3, - туралы анықтама берілген.

Осы берілген анықтамалардың негізінде талан-тараждың мазмұнын терең түсіну үшін қылмыс құрамының объективтік және субъективтік белгілеріне түсінік беру қажет.

Талан-тараждағы қол сұғу объектісін дұрыс анықтау қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін көрсетуге, қылмыстың мәнін ашуға мүмкіндік береді.

Талан-тараждың объектісіне меншік иесінің өз мүлкіне иелену, пайдалану, билік етуіне байланысты меншік қатынастары жатады.

Талан-тараждың тікелей объектісі ретінде қылмыстық әрекет салдарынан бұзылысқа ұшыраған меншік түрі (нысаны) танылады, яғни бұл жерде талан-тараждың тікелей объектісі ретінде мүлікті тану объектісі түсінігінің өзіне қайшы келеді, яғни мемлекеттің немесе қоғамның мүлкіне басқадай диверция, салақтық, қызмет бабын теріс пайдалану сияқты қылмыстық әрекеттермен де шығын келуі мүмкін. Бұл қылмыстарды ажырату үшін негіз объекті болып табылады.

Талан-тараж заттық қылмыстардың қатарына жатады. Сырттай қарағанда субъектінің құқыққа қайшы қылмыстық әрекеті материалдық дүниенің заттарына қол сұғудан көрініс табатындықтан сұғушы иеленген бөтеннің илігінде мүлік талан-тараждық заты болып табылады. Талан-тараждық болған болмағандығын анықтап оны басқа меншікке қарсы қылмыстардан ажырату үшін талан-тараждық затын анықтау мәселесі үлкен қиындық туғызады. Талан-тараж үшін жауаптылық белгілейтін Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі баптарында екі зат: мүлік және мүлікке құқық қана белгіленіп көрсетілген.

Азаматтық құқықта мүлік ретінде ақша, бағалы қағаздар, мүліктік құқық және мүліктік міндеттемелерді қоса алғандағы заттар танылады.

Мүлікке құқық- бұл меншік иесінің белгілі өкілеттіктерін, яғни өз меншігін иелену, пайдалану, билік ету құқығын қосқанда заңдық категория болып табылады.

Мүліктік құқықтар сенімге қиянат жасау жолымен немесе алдаумен жасалған меншікке қарсы талан-тараждан басқа қылмыстардың заты ретінде көрініс табуы мүмкін.

Мүліктік міндеттемелер тек талан-тараждық ғана емес басқа да қылмыстық қол сұғудың заты болмайды. Осыған орай талан-тараждың мүлкі ретінде заттар танылады. Зат деп материалдық дүниенің заттары аталады.

Талан-тараждың затына қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер жатқызылады.

Қозғалмайтын мүлік ретінде азаматтардың жеке меншігіндегі жекешелендірілген пәтерлері, тұрғылықты үй-жайлары жатқызылады. Қозғалатын мүліктер арасында талан-тараждық заты жалпы құн баламасы ретінде ақша болып табылады. Жалпы ереже бойынша талан-тараждық заты ретінде заңды төлем құралы ретінде айналымда бар ұлттық және шетел валютасы танылады. Айналымнан шығарылып тасталған валюта тарихи не ғылыми құндылығына орай талан-тараж затына жатқызылады. Екінші қозғалатын мүліктің арасында талан-тараждық заты ретінде бағалы қағаздар танылады. Азаматтық кодекске сәйкес бағалы қағаз ретінде тек соны көрсетумен ғана жүзеге асырылатын белгілі нысанда міндетті риквизиттерді сақтаумен мүліктікқұқықты куаландыратын құжат болып табылады. Мұнда талан-тараждық затына мемлекеттік облигациялар, чектер, сертификаттар, акциялар, жекелендірілген қағаздар сондай-ақ ұлттық және шетелдік мемлекеттік және жеке бағалы қағаздар да жатады.

Бағалы қағаздар арасында талан-тараждық затына Азаматтық кодекс бойынша бағалы қағаз ретінде танылмайтын, бірақ иеленушісіне - белгілі мүлікке қызметке немесе жұмысқа белгілі мүліктік құқығын куаландыратын сурогаттық бағалы қағаздар да жатады. Бұларға бензинге, жанар жағар майға талондар, жол жүру билеттері, метроға жолақы төлеу үшін жетондар, почталық төлем белгілері, халықаралық және қалааралық телефон байланысы жетондары жатады. Талан-тараждық затына сәйкес өзгеріс енгізбей белгілі материалдық құндылық иеленушісі бола алмайтын қағаздар жатпайды. Олар: кассирмен немесе касса аппаратымен сатылған көлікте жол жүру билеттерінің бланкалары болып табылады. Оларды алу әртүрлі қылмыстық құқықтық бағалануға ие болады. Басқа құқжаттар талан-тараждық заты болып табылмайды.

Талан-тараж мәселесін шешуде тауып алынған қоймаға көңіл аударылады. Қойма -бұл меншік иесі құқығын жоғалтқан немесе жоқ жер астына жасырылған ақша не бағалы заттар болып табылады. Азаматтық заңға сәйкес қойма сол табылған жердің иесінің меншігіне тиесілі болады. Бұл негізде қойма талан-тараждық затына жатпайды. Бірақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес табылған қоймадан тарихи құндылықтағы заттар шықса ол міндетті түрде мемлекетке өткізілуі тиіс. Қойманы табушы жер меншік иесі мемлекеттен марапаттау сыйлығын алады. Мұндай жағдайда қойманы мемлекеттен жасырып тапсырмай өзі пайдалануға тырысуы талан-тараждық қылмыс құрамын құрайды.

Мүлікті талан-тараждаудың объективтік жағы құқықтық қорғаудағы қоғамдық қауіпті және қылмыстық жазаланатын қол сұғушылық процессінің сыртқы көрінісін көрсетеді. Қылмыстық заң мүлікті талан-тараждық объективтік жағын қылмыстық кодекстің баптарына нормативтік бекітіп жасау тәсіліне байланысты ажыратып бейнелеген. Талан-тараж объективтік жағы бойынша қылмыстың материалдық құрамын құрайды. Ерекшелік ретінде қарақшылықты ғана келте құрам ретінде танимыз. Талан-тараж аяқталған болып кінәлі мүлікті алып қана қоймай оған иелік еткен кезден бастап саналады. Бұл орайда талан-тараждық мүлікті кінәлінің немесе басқа тұлғаның меншігіне айналдыру белгісі- объективтік жоқтық белгісі болып табылады.

Жалпы ереже бойынша талан-тараж мүлікті қорғалатын аумақ шекарасынан шығарған кезден бастап аяқталған деп саналады. Егер мүлік аумақ шекарасынан шығарылмаса оның пайдалану ерекшелігін ескеріп талан-тараждық аяқталу кезеңін анықтаймыз. Егер мүлік пайдаланылатын өнім ретінде көрініс тапса ол қозғалатын аумақ шекарасынан шығарылмаса да талан-таражды аяқталды деп санауға болады4.

Автор Ю. И. Ляпунов талан-тараждық субъективтік жағының элементтеріне кінә, ниет мақсатты біріктірген.

Талан-таражда кінә қандай нысанда жасалғанына қарамастан барлық уақытта тұлға мүлікті заңсыз алатынын және өз әрекеттерімен меншік иесіне материалдық шығын келтіретінін сезеді және соны тіркей отыра тікелей қасақаналықпен бағытталған әрекетте көрәнәс табады.

Адам белгілі әрекетті жасау алдында ниеттің пайда болуына әкелетін, оның негізінде адам санасында белгілі бір мақсатқа жетуді бейнелейтін ішкі қажеттілікті сезінеді. Анеет- бұл адамның субъективтік сезімінің өзіне тән танымал атауы болып табылады5.

Талан-тараждық субъективтік жағының міндетті белгісі еңбексіз күн көруге бағытталудан туындайтын пайдакүнемдік мақсат. Тұлға талан-тараж қылмысын жасау туралы шешімге келгенде ол өз алдына белгілі мүлікті меншік иесінің иелігінен алып, сол мүлікпен толықтай иеленіп, пайдаланып, билік етуге мақсат қояды, яғни талан-тараждық мақсаты мүлікті өз меншігіне айналдыру болып табылады6.

Мүлікті талан-тараждау қылмысында субъектінің белгілері қу келген қылмыс жасағандағы сияқты бір бірімен байланысты екі аспектіде қаралуы міндетті. Біріншісі қылмыстың құрамының элементін көрсететін және тұлғаның әрекетін қылмыстық заңның белгілі баптарымен саралау үшін қылмыстық жауаптылық туралы сұрақ қоюға мүмкіндік беретін заңды белгілерін анықтайды. Ондай белгілерге есі дұрыстығы кінәлінің белгілі жасқа толуы, қылмысты қайталап жасауы, рецидив және талан-тараждың белгілі бір формасын жасаудағы ерекшеленетін арнайы белгілері жатады. Екінші кең көлембегі аспекті қылмыстың жасалуына әсер еткен жағдайлар мен себептерді анықтап, мүлікті талан-тараждау қылмысының жасалуының алдын алу шараларын ұйымдастыру әрекеттерін белгілеп жауапкершілік пен жазаны дараландыру туралы сұрақты дұрыс шешу үшін мүмкіндік беретін қылмыскер тұлғасының әлеуметтік саяси ерекшелігін қарастыруға көмектеседі7.

Осыған орай талан-тараж дегеніміз бөтеннің мүлкін пайдакүнемдік мақсатта, заңсыз, құқыққа қайшы түрде, қайтарымсыз алып қоюы болып табылады.

Талан-таражға байланысты қылмыстар талан-тараждың белгілерін құрайтын өзара ортақ объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығына ие.

Талан-таражға тән белгіге біріншіден бөтен мүлікті алу жатады.

Мүлікті алу қарақшылықты қоспағанда талан-тараждың барлық нысандарына тән белгі болып табылады. Мұның қылмыстың аяқталу уақытын анықтауға тигізетін ықпалы өте зор. Талан-тараждың қатарында заң шығарушы қарақшылықтың аяқталуы үшін мүлікті алуды талап етпейді. Қарақшылықтың қоғамға қауіптілігін ескере отырып, жәбірленушінің мүлкін алу құралы болып табылатын, азаматтың жеке басына қол сұғу кезінен бастап аяқталған деп санаған. Талан-тараждың басқа нысандары мүлікті бөтеннің иелігінен алған уақыттан бастап аяқталған болып саналады, яғни қылмыстың қол сұғу объектісіне нақты шығын келтірген уақыттан бастап орындалған болып саналатын материалдық қылмыс құрамын құрайды. Мұндай азаматтардың мүліктік мүддесіндегі нақты шығын жәбірленушіге мүлкін өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану мүмкіндігінен айырылған кезде келтіріледі. Бұл кезең мүлікті оның иелігінен алып қойған уақытпен сәйкестеледі.

Кеңестік криминалисттердің бірқатары талан-тараж түсінігіне мүлікті алу ғана емес кінәлі жағынан билік етуді де қосады. Осыған сәйкес талан-тараж мүлікті алғаннан кейін іс жүзінде билік етуді белгілеу уақытынан бастап аяқталған болып саналуы тиіс. Сондықтан талан-тараждық қылмыстың нәтижесі екі кезеңнен: мүліктік залал келтірумен қатар талан-тараждаушының мүлкінің заңсыз ұлғаюынан тұрады.

Мысалы, В. Д. Меншагин азаматтың мүлкін талан-тараждау құрамы кінәлінің жәбірленушінің мүлкіне иелік ету уақытынан бастап аяқталған болып саналады8 деп түсіндірілген. Талан-тараж құрамының аяқталуы үшін жәбірленушінің мүлікке иелік ету құқығын жоғалтумен қатар, кінәлінің мүлікке иелік етуі қажет.

Заңда бұл терминді алаяқтыққа ғана қолданған, ал ұрлық пен тонауды бөтеннің мүлкін алғаннан кейін ғана аяқталған деп саналса, алаяқтықта мүлікке қылмыскердің ету кезеңінен бастап аяқталған деп есептейді.

Иелену- бұл меншік иесінің жеке мүлкіне деген шаруашылық немесе жеке байланысын бұзу жолымен кінәлінің мүлкіне іс жүзінде билік етуде орнату болып табылады.

Бірақ кейде талан-тараждың мынадай жағдайы кездеседі, яғни мүлік меншік иесінің иелігінен алынған, бірақ әлі кінәлінің заңсыз билеуіне өтпеген болуы мүмкін. Мұндай жағдай қылмыстық құқық теориясында дау туғызады.

Мысалы, В. Д. Меншагиннің пікірі бойынша бөтен пәтерге кіріп бағалы мүліктерді алған ұры аула сыпырушыға ұсталып қалса, бұл әрекетті ұрлыққа оқталу деп есептеген. Бұл жағдайда талан-тараждың аяқталған құрамы жоқ, яғни кінәлі мүлікті алғанымен оған иелік ете алмайды.

Келтірілген оқиға бойынша талан-тараж аяқталған деп санау үшін ұрының ұсталған орнын анықтау қажет.

Егер қылмыскер пәтердің ішінде ұсталса, меншік иесінің иелігінен мүлікті алу туралы талан-тараждың белгісі болмағандықтан, оны талан-таражға оқталу деп саралауға болады. Егер ұры мүлікпен пәтерден тыс жерде, яғни жәбірленушінің жеке меншік құқығының таратылуынан тыс аумақта ұсталса, кінәлінің әрекеті мүлікті меншік иесінің еркімен болған үй- жайдан шығарылуына байланысты аяқалған қылмыс беп есептеу керек.

Талан-тараждың аяқталу кезеңі туралы сұрақты шешу үшін мүліктің пайдаланылу ерекшелігі үлкен маңызға ие болады.

Талан-тараждың келесі белгісі- оның заңға қайшылығы. Талан-тараждың бұл белгісі туралы сұрақты шешу үшін мүлік іс жүзінде қандай құқықтық негізде тұлғаның иелігінде, яғни ол мүлікке байланысты меншік иесі ретінде билік ету құқығын жүзеге асыруда ма немесе бөтен мүлікке байланысты ешқандай құқықты пайдаланусыз билік етуде екендігін анықтаудың маңызы өте зор.

Тұлға меншік иесі болып, ол егер де мүлікті өзінің жеке қарауы бойынша билеуге, өзінің тұрмыстық немесе басқа белгіленген мақсатқа сәйкес пайдалануға немесе басқа тұлғаға беруге не болмаса өзінің жеке мүлкінің құрамында санауға мүмкіндігі болса ғана саналады. Бірақ билік ету құқығы меншік құқығынан бөлек құқық. Сондықтан мүлікке меншік иесі емес адам билік етуі мүмкін. Осыған орай билік ету қандай да бір құқықтық негізде, мысалы, мүлікті жалға беру шарты бойынша заңды немесе заңсыз болуы мүмкін.

Мүлікке үақытша меншік иесі емес адам билік еткенде, меншік иесі билік ету құқығын жоғалтпайды, ол мүлікті өз мүлкінің құрамында есептеп, оның тағдырынан билік ету құқығын сақтап заңды түрде билік етуді жалғастырады. Билік ету құқығы толығымен меншік құқығынан айырылғанда ғана жойылады. Меншік иесі емес тұлға мүлікпен оған меншік иесімен берілген құқық шегінде оның мүліктік мүддесі мен еркін бұзбай билік етеді.

Мүлікті алудың заңсыздығы біріншіден, кінәлі ұрланатын мүлікке қатысты ешқандай құқыққа ие болмайды және өз әрекетінің заңсыздығын сезіне отырып, бөтеннің мүлкін әдейі алып қояды, екіншіден, мұндай алып қою жәбірленушінің еркіне қарсы өзінің жеке баюына немесе үшінші тұлғаға қасақана беру мақсатында жасалудан тұрады.

Ұрлықта яғни жасырын талан-тараждауда мүлікті алу жәбірленушінің еркінен тыс өтеді. Қылмыскер бұл кезде мүлікті жәбірленушіге талан-тараждық жасағандығын сезбейтін тәсілмен жүзеге асыруға тырысады. Осыған сәйкес ұрлықта жәбірленушінің еркі көрініс бермейді. Талан-тараждық күш қолданып жасалатын түрлері мүлікті алуда жәбірленушінің еркіне қарсы жағдайдағы әрекетте бейнеленеді.

Талан-таражда жәбірленушінің еркі үлкен маңызға ие болады. Егер де жәбірленуші мәжбүрлі түрде өз еркімен мүліктің тұрған жерін көрсетіп, мүлікті берсе, бұл талан-тараж ретінде сараланады.

Керісінше меншік иесі мүлікті басқа тұлғаға беруде келісіммен, шартқа сәйкес әрекет етсе, бұл талан-тараж белгісін құрамайды.

Әрекетке қабілетсіз не жасөспірімнің немесе ақыл- есі дұрыс емес адамның келісімімен мүлікті иелену талан-тараж құрамын көрсетеді.

Талан-таражда бөтен мүлікті иеленуде қайтарымсыздық белгісі көрініс табады.

Мүдікті ұрлай отырып, кінәлі оған ақшалай немесе басқадай материалдық баламасын төлемей, қоғамдық пайдалы еңбек жұмсамай, бөтен мүлікті паразиттік жолмен иеленуге талаптанып, материалдық пайда алу мақсатында әрекет етеді. А. А. Пионтковскийдің ‘’ұрлаушы келтірген шығынды өтеу үшін мүліктік баламасын тастаса оны талан-тараж деп саралау керек’’, - деген пікірмен келісуге болмайды. Мұнда бөтен мүлікті өз бетінше иеленген тұлғаның әрекетінде, талан-тараждың жәбірленушіге материалдық шығын келтіретін қайтарымсыздық белгісі көрініс таппайды9.

Талан-тараждың келесі ажырамас белгісі пайдакүнемдік мақсат. Бұл жерде қылмыскер бөтен мүлікті заңсыз иелене отырып өз алдына өзнің немесе басқа үшінші тұлғаның материалдық қажеттілігін қанағаттандыруды мақсат етіп қояды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі жағдайда пайдакүнемдік - зорлық қылмыс жасаудың детерминанттары
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жағдайы мен кезеңдері
Әйелдер қылмыстылығы: түсінігі және оны алдын-алу шаралары
Тонау қылмысының қылмыстық құқықтқ аспектілерін толыққанды ашу
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылық және жазадан тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы босату
Тұлғаның Конституциялық кепілдендірілген жеке бас бостандығына қол сұғатын адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Пайдақорлық зорлық қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы
Қылмыс субьектісі мен қылмыскер тұлғасы категорияларының арақатынасы және қылмыскер тұлғасы типологиясының мәселелері
Бандитизм қылмысының криминологиялық сипаттамасы
Ұрлық талан-тараждың бір нысаны ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz