ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығы және лизингтік төлемдер мен олардың түрлері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Өндірісті қаржыландыруға капиталды үнемдеу тәсілі ретінде лизингтің экономикалық мәні мен ерекшеліктері.
1.1 Лизингтің экономикалық мәні мен формалары ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Лизингтік қызметтің ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3 Лизингтің экономикадағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

ІІ ҚР.ғы лизингтік қызметтер нарығы және лизингтік төлемдер мен олардың түрлері.
2.1 ҚР.ғы лизингтік қызметтер нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Лизингтік төлемдер мен олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...19

ІІІ ҚР Лизингтік қатынастардың дамуы.
3.1 ҚР Лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары ... .22
3.2 ҚР Лизингті ұйымдастырудың негізгі бағыттары ... ... ... ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Кіріспе
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң: икемің не ақшаң болса ғана өмір сүре аласың. Ал мемлекет мойнындағы дотацияға сүйеніп келген шаруашылықтар, зауыт фабрикалар мұндай қатаң талап тезіне төзе алмай, өмір сүруден қалып, тоз-тоз болып кетті. Яғни белшесінен борышқа батып, банкротқа ұшырады. Олар жаңа экономикалық қатынасқа орай бұрынғы шаруашылықтар орнына қайта құрылған өндірістік кооперативтер. Алайда, олардың құрал-саймандары, яғни техникасы бүгінгі күннің талабына сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз. Міне, еліміздің экономикасының өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді шешуде инвестициялық құрал ретінде мүлікті жалдау шартының бір түрі лизингті қолдану оң нәтиже беретіні сөзсіз.
Өз қызметін қалыпты жүзеге асырғысы келетін кәсіпорындар өздерін қандай да болсын мүлікпен қамтамасыз ету үшін оларға екі мүмкіндік беріледі:
1) Сатып алу (өз қаражаттары есебінен);
2) Жалға алу.
Қазіргі кезде кәсіпорындардың көпшілігі сатып алуға қаражаты жетіспеушілігінен жалға алуға келіп жүгінері сөзсіз. Сондықтан осы тақырып төңірегінде біраз ізденуді жөн көрдім. Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімінде лизингтің теориялық негіздері, яғни мәні, формалары мен ерекшеліктері экономикадағы ролі қарастырылды. Екінші бөлімінде ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығы және лизингтік төлемдер мен олардың түрлері қарастырылды. Үшінші бөлімде ҚР-ғы лизингтік қатынастардың дамуы, оның жетілдіру жолдары мен ұйымдастырудың негізгі бағыттары қарастырылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Донцов С.С «Лизинг – кәсіпорында негізгі құралдарды жаңартудың тиімді
құралы» // Қазақстан банкі №5 2005жыл.
2. Н.Н.Хамитов. Банк ісі Алматы 2005
3. Л.Асабаева «Лизинг – ел дамуының дәнекері » // Егемен Қазақстан 2004-
24 сәуір
4. Мұрат Мұқаштегі «Лизинг: Ізденіс және ізгі істер жалғастығы»
// Алматы Ақшамы 2005-29 мамыр
5. А.Смагулов Лизинг Алматы «Балауса» 2002г
Учебнре пособие для ВУЗ
6. М.К.Кенжебулатов «Развитие лизинга в РК»
// Аль-Пари №4 2005г
7. С.Абдильдин к.э.н «Лизинг: суть и формы»
// Аль-Пари №4 2005г
8. М.К.Кенжебулатов «Рынок лизинговых услуг в РК»
// Аль-Пари №3 2006г
9. Ж.Әмірбек «Қазақстанда лизингті ұйымдастырудың негізгі бағытттары»
// Заң 5-2006
10. Иманбаева З.Ө «Қазақстанда лизингтің дамуы: іске асырылуы және
болашағы»
// Статистика, учет и аудит№2-2005
11. Л.Айманова, Ж.Оралбаева «Лизинг және экономиканың нақты секторы»
// Аль-Пари №4 2005г

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Өндірісті қаржыландыруға капиталды үнемдеу тәсілі ретінде лизингтің
экономикалық мәні мен ерекшеліктері.
1.1 Лизингтің экономикалық мәні мен
формалары ... ... ... ... ... ... .. ..4
1.2 Лизингтік қызметтің
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3 Лизингтің экономикадағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ІІ ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығы және лизингтік төлемдер мен олардың
түрлері.
2.1 ҚР-ғы лизингтік қызметтер
нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..18
2.2 Лизингтік төлемдер мен олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...19

ІІІ ҚР Лизингтік қатынастардың дамуы.
3.1 ҚР Лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары ... .22
3.2 ҚР Лизингті ұйымдастырудың негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
0

Кіріспе
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған
бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң: икемің
не ақшаң болса ғана өмір сүре аласың. Ал мемлекет мойнындағы дотацияға
сүйеніп келген шаруашылықтар, зауыт фабрикалар мұндай қатаң талап тезіне
төзе алмай, өмір сүруден қалып, тоз-тоз болып кетті. Яғни белшесінен
борышқа батып, банкротқа ұшырады. Олар жаңа экономикалық қатынасқа орай
бұрынғы шаруашылықтар орнына қайта құрылған өндірістік кооперативтер.
Алайда, олардың құрал-саймандары, яғни техникасы бүгінгі күннің талабына
сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз. Міне, еліміздің экономикасының
өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді шешуде инвестициялық құрал
ретінде мүлікті жалдау шартының бір түрі лизингті қолдану оң нәтиже
беретіні сөзсіз.
Өз қызметін қалыпты жүзеге асырғысы келетін кәсіпорындар өздерін
қандай да болсын мүлікпен қамтамасыз ету үшін оларға екі мүмкіндік
беріледі:
1) Сатып алу (өз қаражаттары есебінен);
2) Жалға алу.
Қазіргі кезде кәсіпорындардың көпшілігі сатып алуға қаражаты
жетіспеушілігінен жалға алуға келіп жүгінері сөзсіз. Сондықтан осы тақырып
төңірегінде біраз ізденуді жөн көрдім. Курстық жұмыс үш бөлімнен
тұрады. Оның бірінші бөлімінде лизингтің теориялық негіздері, яғни мәні,
формалары мен ерекшеліктері экономикадағы ролі қарастырылды. Екінші
бөлімінде ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығы және лизингтік төлемдер мен
олардың түрлері қарастырылды. Үшінші бөлімде ҚР-ғы лизингтік қатынастардың
дамуы, оның жетілдіру жолдары мен ұйымдастырудың негізгі бағыттары
қарастырылды.
І Өндірісті қаржыландыруға капиталды үнемдеу тәсілі ретінде

лизингтің экономикалық мәні мен ерекшеліктері.
1.1 Лизингтің экономикалық мәні мен формалары.
Қазақстан банктері игере бастаған несиелік қатынастың жаңа
формаларының біріне лизинг жатады. Бұл операция әлемдік іс-тәжірбиеде
кеңінен тараған.
Лизинг феномені 80-ші жылдардың басында жай ұзақ мерзімді жалгерлік
ретінде емес, кепілдікпен несиелік қаржыландырудың, борыштық міндеттеме
бойынша есеп айырысудың және каржылық тетіктердің элементтері кездесетін,
жалгерлік қатынастың ықпалындағы келешегі зор қаржыландырудың жаңа
дәстүрлі емес жүйесі ретінде анықталды.
Лизингілік операция банк кұрылымының іскерлік ортамен өндірісті
қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз
ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция
болып табылады.
Лизингілік бизнес кәсіпкерлік қызметтің айрықша саласы. Оны өзінің
мүмкіндігіне қарай қолданатын болсақ немесе іс-тәжірбиеге енгізетін болсақ,
ол өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандырудың, қазақстандық
экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құрудың, нарықты сапасы жоғары
тауарлармен қамтамасыз етудің аса қуатты импульсіне айналуы мүмкін.
Оны шаруашылық іс-тәжірбиесінде қолданудың нәтижесінде қол жеткізуге
болатын лизингілік мәміленің тиімділігі мыналарда: лизинг алған кәсіпорын
өзінің қаржылық жағдайын жақсартады, инвестициялық процесті жандандырады,
шағын және орта бизнестің бәсекеге жарамдылығын арттырады.
Лизинг идеясы ежелгі замандарда пайда болған. Тарихшылар мен
экономистердің пікіріне тоқталсақ, лизингілік мәмілелер біздің дәуірімізге
дейін көне Шумер мемлекетінде бекітілген. Лизинг идеясы біздің дәуірімізге
дейінгі Аристотельдің Байлық меншік құқығынан емес, пайдаланудан тұрады
дейтін трактатында қозғалғанын тарихшылар растап отыр.
XVIII ғасырда Венецияда лизинг операциясына ұқсас мәмілер болған:
венециандықтар саудагерлер мен сауда кемелерінің иелеріне сол кезде қымбат
тұратын якорьды жалға берген Жүзу аякталғаннан соң Шойыннан жасалған
құндылықтар өз иелеріне қайтарылған, ал олар зәкірді қайтадан жалға беріп
отырған.
Экономикалық лексиконға лизинг терминінің енгізілуі Белл телефон
компаниясының операцияларымен байланыстырып
қарастырылады: 1877 жыл бұл компанияның басшылығы телефон аппараттарын
сатуды тоқтатып, оларды жалға беру туралы шешім шығарады.
Алайда, лизингілік операцияларды негізгі қызметіне айналдырған алғашқы
қоғамдастық 1952 жылы Сан- Францискодағы американдық Юнайтед стейтс лизинг
корпорейшн компаниясымен құрылды әрі АҚШ осылайша жаңа бизнес түрінің,
ішінара банктік жаңа бизнес түрінің отанына айналды.
60-жылдың ортасында бұл елдегі лизингілік операциялар 1 млрд. долларды
құраса, 80-ші жылдың аяғында 110 млрд. доллардан асты, яғни, ғасыр
ширегінде 100 еседен көп артты. Жалдау бойынша операциялардың шапшаң өсуіне
лизингілік мәміле бойынша серіктестер алатын белгілі бір артықшылықтар
себеп болды.
Бүгінгі таңда нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шаруашылық
жүргізуші субъектілерге арналған лизингілік операция өндірісті техникалық
жағынан қайта жарақтандыруда артықшылыққа ие операция болып саналады.
АҚШ-та лизинг экономикалық бизнестің негізгі түрлерінің біріне айналды
жаңа лизингілік келісімшарттағы шарттардың әр алуан түрленуі әр түрлі
экономика салаларындағы кәсіпкерлердің инвестициялық қаражатты алуына
мүмкіндік беретін әр түрлі нұсқаларын анықтап берді.
Мүліктің өтелу денгейіне қарай лизингті былай бөліп қарастырады:
-толық өтелетін лизинг, онда бір келісім шарттың әрекет ету мерзімі ішінде
лизинг берушіуге жалға алынған мүліктің құны толық төленеді;
-толық өтелмейтін лизинг, бір келісім шарттың әрекет ету мерзімі ішінде
жалға алынған мүлік құнының тек бір бөлігі ғана өтеледі. Амортизацияның
шартына қарай толық амортизацияланатын лизинг болады және осыған орай,
лизинг обьектісінің құны толық төленеді.
Лизингтің формаларын екі негізгі түрге біріктіруге болады: оперативтік
лизинг және қаржылық лизинг.
Оперативті лизинг- бұл жалгерлік қатынас, онда жалға берілген затты
сатып алумен және ұстаумен байланысты лизинг берушінің шығындары
бір лизингілік контрактының әрекет ету мерзімі ішінде
жалгерлік төлеммен өтелмейді. Оперативті лизингке мынадай негізгі белгілер
тән:
-лизинг беруші өзінің арлық шығынын бір лизингк алушыдан түсетін лизингілік
төлемдердің есебінен өтеуге ұмтылады.
-лизингілік келісімшарт, әдеттетегіше 2-5 жылға бекітіледі, бұл
құрал-жабдықтың заттай тозу мерзімінен аз және лизинг алушы кез-келген
уақытта бұза алады;
-мәміле обьектісінен айрылып қалудың немесе оны бүлдіріп алудың қатері
негізінен лизинг берушінің жағында болады. Лизингілік келісімшартта
берілген мүліктің бүлінбеуіне лизинг алушының белгілі бір дәрежеде жауапты
болатындығы қарастырылады, алайда, оның мөлшері мүліктің бастапқы бағасынан
көп төмен;
-лизингілік төлемнің мөлшерлемесі әдетте қаржылық лизингке қарағанда жоғары
болады. Бұлай болатын себебі: лизинг беруші шығын өтелімділігінің толық
кепілдемесіне ие болмағандықтан өз қызметінің бағасын көтеру жолымен әр
түрлі коммерциялық қатерлерді ескеруге мәжбүр болады;
-мәміленің обьектісіне көбінесе ең әйгілі машина түрлері мен
құрал-жабдықтар жатады.
Оперативті лизингте лизингілік компания нақты жалға берушіні білместен
бұрын құрал-жабдықты алдын-ала сатып алады. Сондықтан да оперативті
лизингпен айналысатын фирма жаңа әрі бұрынынан тұтынылып
келе жаткан инвестициялық тауарлар нарығының
коньюнктурасын жақсы білуі керек.
Лизингілік компания бұл арада жалға берілген мүлікті өздері лизинг
түрінде сақтандырады және оның техникалық қызмет көрсетуін әрі жөнделуін
қамтамасыз етеді.
Лизингілік келісімшарттың мерзімі біткенде лизинг алушының мыналарға
мүмкіндігі бар болады:
• Ең қолайлы шартпен келісімшартың мерзімін ұзартуға;
• Лизинг берушіге құрал-жабдықты қайтаруға.
• Нақты нарықтық құны бойынша сатуға келісім берсе лизинг берушіден
құрал-жабдықты сатып алуға. Келісім шартты бекіту барысында лизингілік
форма құрал-жабдық нарығының коньктурасын жақсы білуі керек.
Лизинг алушы мүлікті иеленумен байланысты, мысалы, оның сапа жағынан
тозуымен, өндірілген өнімге деген сұраныстың өзгеруіне қарай пайлалылықтың
кеміуімен, құрал-жабдықтың сыуымен, құрал-жабдықтың бос тұрып қалуы және
жөндеуден өтуі салдарынан туындайтын тікелей және жанама өнімсіз шығынның
артуымен байланысты қатерлерден оперативті лизинг алушы оперативті
лизингтің көмегімен қашып қүтылуға ұмтылады. Сол себепті де лизинг алушы
оперативті лизингті мына жағдайларда қолайлы деп санайды:
- жалға алынған мүліктің пайдалуынан түсетін ұйғарымды табыс оның
бастапқы бағасын өтей алмайды.
- құрал-жабдық аз ғана мерзімге қажет.
Құрал-жабдық арнайы техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді.
- мәміленің обьектісі ретінде жаңа, тексерілмеген құрал-жабдық алға
шығады.
Оперативті лизингтің осы айтылған ерекшеліктері оның ауыл шаруашылығы,
кен өндіру өнеркәсібі, құрылыс салу, ақпаратты электрондық өңдеуден өткізу
секілді салаларда қолданылуын белгілеп берді.
Қаржылық лизинг-бұл өзінің әрекет ету мерзімі ішінде құрал-жабдық
амортизациясының толық құнын немесе пайдасын өтеуді қарастыратын келісім.
Қаржылық лизингтің негізгі белгілері:
-үшінші тараптың қатысуы;
-негізгі жалдау мерзімі, яғни, жалға берушінің шығынын өтеуге қажетті
мерзім ішінде келісімшартты бұзудың мүмкіндігі болмайды.
Алайда,
лизинг туралы келісімде алдын-ала айтылатын болса, іс-
тәжірибеде
келісімді бүзудың мүмкіндігі қарастырылады. Бұл жағдайда операцияның
құны бір шама артатын болады.
-лизингілік келісімнің бір шама ұзаққа созылатын кезеңі.
-қаржылық лизингте мәмле обьектісінің құны әдеттегіше жоғары болады.
Оперативті лизингтегі секілді контракт мерзімі аяқталғаннан кейін
лизинг алушының мыналарға:
- мәмле обьектісін сатып алуға болады, алайда оны
қалдық құны бойынша сатып ала-алады.
- Жаңа келісім шартты аз мерзімге және жеңілдікті
мөлшерлеме бойынша бекітуге мүмкіндігі болады.
- Мәмле обьектісін лизингілік компанияға қайтаруына
мүмкіндігі болады.
Лизинг алушы өз таңдауын лизинг берушіге 6 айдың ішінде немесе келісім шарт
мерзімі аяқталғанша хабарлайды. Егер келісім шартта мәмле затын сатып алу
келісімі қарастырылатын болса, онда тараптар обьектінің қалдық құнын алдын
ала анықтап кояды. Әдетте ол бастапкы құнының 10 процентін құрайды, бүл
лизинг берушіге құрал-жабдықтың барлық құнына амортизацияны есептеуіне
құқық береді. Қаржылық лизинг экономикалық белгісі жағынан капиталдық
салымдарды ұзақ мерзімге банктік тұрғыдан несиелеуге ұқсас болғандықтан,
қаржылық лизинг нарығында банкпен тығыз байланысты мамандандырылған
лизингілік компаниялардың және қаржы компанияларының алар орны айрықша
болады. Бір қатар елдердің банктеріне тек қаржылық лизингпен айналысуға
рұқсат етілген. Бұл елдердің заңдарымен қаржылық лизингпен жатқызылатындай
жалгерлік қатынасқа жауап беруі тиіс таптар анықталған мәселен,
АҚШ-тың қаржылық есепшілік нормаларының коммисия талаптарына сәйкес
қаржылық лизинг келісім щартты жауап беруі тиіс мынадай белгілер
белгіленеді:
1. лизингілік келісім шарт мерзімі біткен кезде активтерді иеленудің
құқығы лизинг алушыға табыс етілуі қажет.
2. келісім шарт шарты обьектіні бәсекелестік сауда саттықта сатып алудың
құқығын білідіреді.
3. Лизинг мерзімі 75 процентті және жалға алынған активтер қызметінің
әлде қайда қолайлы әрі экономикалық жағынан негізделген мерзімін құрайды.
4. Ең аз шамадағы лизигілік төлемдердің дисконтталған құны лизинг беруші
ұстап қалатын инвестициялық несиені шегеріп тастағанда жалға алынған
активтердің нақты құнынын кем дегенде 90 процентін құрауы тиіс.
Бұл талаптар сақталмаған жағдайда жалгерлік операция оперативті лизинг
ретінде саналады, әрі банк балансының тиісті бабы бойынша ескерілмейді. Біз
лизингтің 2 негізгі түрін қарастырдық. Іс-тәжірибеде лизингілік мәміленің
көптеген формалары ұшырасады, алайда оларды лизингілік операцияның дербес
тұрпаттары ретінде қарастыруға болмайды.
Лизингілік операцияның негізгі белгілері:
- мәміле обьектісі;
- мәміле субьектісі;
- лизингілік келісімшарттың мерзімі;
- лизингілік төлемдер;
- лизинг бойынша көрсетілген қызметтер.
Лизинг обьектілері. Өндірістік циклда жойылмайтын материалдық кұндылықтың
кез-келген түрі лизингілік мәміленің обьектісі бола алады. Жалға алынатын
обьектінің табиғатына қарай жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингілері
бөліп көрсетіледі.
Лизинг субьектілеріне мәміле обьектісіне тікелей қатысы бар тараптар
жатады. Бұл арада оларды тікелей қатысушыларға және жанама
қатысушыларға бөлуге болады.
Лизингілік мәміленің тікелей қатысушыларына мыналар жатады:
-лизинг фирмасы немесе компаниясы;
-өндірістік, сауда көлік кәсіпорындары мен халық;
-мәміле обьектілерін жеткізушілер - өндірістік және
сауда
компаниялары.
Лизингілік мәміленің жанама қатысушыларына мыналар жатады:
-мәміленің кепілдігі ретінде алға шығатын әрі лизинг
берушілерді несиелейтін коммерциялық және инвестициялық банктер;
-сақтандыру компаниясы;
-брокерлік және өзге де делдалдық фирмалар.
Жалгерлік түрлеріне қарамастан жалгерлік қатынасты жүзеге асыратын кез-
келген фирма лизингілік фирма деп аталады. Өз қызметінің сипаттарына қарай
олар тар аяда мамандандырылған лизингке және әмбебап лизингке бөлінеді.
Тар аяда мамандандырылған компания әдетте тауардың бір түрімен немесе
стандартты түрдегі тауарлардың бір тобымен шұғылданады. Әдетте бұл фирмалар
өздерінің машина паркіне немесе құрал жабдық қорына иелік етеді әрі оларды
тұтынушыларға клиенттің алғашқы талап етуі бойынша ұсынады. Лизингілік
компания техникалық қызмет көрсетулерді әдетте өздері жүзеге асырады және
дұрыс пайдалануын қадағалап отырады.
Әмбебап лизингілік фирма әр алуан машина және құрал жабдық түрлерін жалға
береді. Олар қажетті құрал жабдықты жеткізіп беретін жабдықтаушыны жалға
алушының өзі таңдап алуына мүмкіндік береді, сонымен қатар тапсырысты қалай
орналастыратыны да, мәміле обьектісін қабылдап алатыны да жалға алушының
еркінде болады. Лизинг беруші осылайша мәмілелердің қаржыларындыруын
ұйымдастыратын мекеменің
функциясын орындайды десе де болады. Лизингілік фирмалар өте сирек жағдайда
ғана тәуелсіз бола алады, яғни басқа компаниялармен жиі сабақтасуына тура
келеді. Ол көбінесе өнеркәсіп және сауда фирмаларының, банктердің,
сақтандыру қоғамдарының филиалы немесе еншілес компаниясы болады. Бүл арада
лизингілік компанияларды көбінесе банктер бақылап отырады.
АҚШ-тың коомерциялық банктері лизингілік операцияларға 20 ғ.-н 60-шы
жылдың басында тікелей қатыса бастады. Кейінгі жылдары лизингілік бизнестің
ұлғаюы 1971 жылы ФРЖ (ФРС) басқарушылар кеңесінің ұсақ меншікті және құрал
жабдықты, содан кейін жылжымайтын мүлікті жалға беретін еншілес фирмаларға
банктердің құрылтайшы болуына рұқсат берген шешімінің қабылдануына себепкер
болды.
Банктер лизингілік қызмет көрсету нарығына мына жағдайларға байланысты
енгізіледі:
1. Лизинг бизнестің капитал сиымдылығы бар түріне жатады, ал, банк ақшалай
ресурстардың негізгі ұстаушысы;
2. Лизингілік қызмет экономикалық табиғаты жағынан банкітік несиелеу мен
тығыз байланысты, әрі соңғысына өзінше өзгешілігі бар балама болып
табылады.
Қаржы нарығындағы бәсекелестік банктерді бұл операцияларды белсенді
қолға алуына мәжбүрлейді. Бұл, өз кезегінде, банктерді лизингілік
операцияларды жүзеге асыратын фирмалардың 1-ші категориясына жатқызады.
Мұнда банктер тәуелсіз лизингілік фирмаларды да оларға несие бере отырып,
бақылайтын болады. Олар лизингілік қоғамды несиелеу арқылы лизинг
алушыларды тауарлы несие формасында жанама түрде қаржыландырады.
Лизинг операцияларды жүргізетін 2-ші категориялы фирмаларға өз
өнімдерін жалға беретін өнеркәсіп және сауда фирмалары жатады.
Ал, мәмілелерін лизинг негізінде жүзеге асыратын 3-ші категориялы
фирмаға әр түрлі делдалдық және сауда фирмаларын жатқызуға болады.

1.2 Лизингтік қызметтің ерекшелігі
Кез-келген лизингтік келісімнің негізгі қаржылық, нақты айтқанда
несиелік операция болып табылады. Мүлік иесі (лизинг беруші) оны
пайдаланушыға (лизинг алушы) қаржылық қызмет көрсетеді. Ол мүлікті толық
құнына сатып алады және лизингке алушының жарнамалары есебінен ол соманың
орнын толықтырады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, лизингтің экономикалық мәні
– ол мүлікті уақытша пайдалануға беру формасындағы лизинг берушінің лизинг
алушыға берген несиесі. Сонымен, лизинг сыртқы тұрғысынан коммерциялық
несиемен өте ұқса, бірақ екеуінің арасында өзгешеліктер бар. Бұл өзгешелік
ең алдымен меншік қатынастарынан көрінеді. Коммерциялық несие кезінде
тауарға деген меншік құқығы бірден беріледі. Тауарға төлем жүргізу уақыты
кейінге шегіндіріледі.
Қаржылық лизингтік келісім кезінде мүлікті пайдалану құқығы оны
иелену құқығынан алшақтандырылады, яғни, уақытша пайдалануға берілген
меншік құқығы лизингке берушіде сақталынады, ал оны пайдалану құқығы
лизингке алушыға өтеді. Пайдалану құқығын иелену үшін лизинг алушы лизинг
берушіге алдын ала келісілген лизингтік төлемдер төлейді. Лизингтік келісім-
шарт мерзімі аяқталғанан кейін уақытша пайдалауға берілген объект лизинг
берушінің меншігінде қалады.
Коммерциялық несие тауар формасында беріледі және ақша формасында
өтеледі. Лизингтік келісім негізінде несие тауар формасында беріледі.
Келісім-шарт мерзімі аяқталғанан кейін келісім объектісі лизинг берушіге
заттай фформада қайтарылады. Лизингтік келісім компенсациялық сипатта да
болуы мүмкін. Мұндай жағдайда лизингтік төлемдер жалға алынған
құрылғылардың көмегімен өндірілген өнімдер формасында жүргізілуі мүмкін.
Лизинг объектісін сатушылар үшін оның артықшылықтарын мыналардан
көреміз:
- лизингтің көмегімен сату каналын ұлғайту мүмкіндіктері;
- лизинг – тұтынушы мен сатып алушы үшін бәсекелестік күресте жеңісті
қамтамасыз ететін тәсілдердің бірі;
- дайын өнімдер запасын азайту жолы және капиталдың айналымдылығын
жылдамдату мүмкіндігі;
- лизинг арқылы өндірісте инвестор ретінде ақша қаражаттарын салу арқылы
лизингтік бизнеске қатысушылар үшін де лизингтік операциялардың
артықшылықтары бар. Оларға лизинг беруші тұлғаларды жатқызуға болады.
Көптеген экономикалық әдебиеттерде осы мәселе бойынша лизингтің
келесідей артықшылықтары айтылады:
- лизинг берушілердің тәуекелділіктері төмен. Себебі, лизинг объектісі
келісімге кепіл болады. Яғни, лизинг беруші лизингке берілген мүлікке
меншік құқығын сақтайды;
- өндіріс салаларына мемлекеттік қолдау болған жағдайда отандық бюджет
қаражаттарын тарту.
- көрсеткен қызметтері үшін белгілі бір мөлшерде пайда алды.
Қаржылық лизингтің келісімге қатысушыларының тағы бір тобы
лизинг алушылар болып табылады. Олар үшін тиімділік неғұрлым сезімтал болуы
қажет, ондай болмаған жағдайда лизинг процесі өзінің тартымдылығын
жоғалтады. Ондай тиімділіктерге мыналарды жатқызуға болады:
- мүлік лизинг берушінің балансында болғандықтан лизинг алушы мүлікке
салынатын салықтан босатылады. Лизинг объектісінің жеделдетілген
амортизацияның пайдаланылуы оған өндірісті жедел түрде жаңартуға,
қайта құруға мүмкіндіктер береді;
- сыртқы көздер есебінен капиталдар тарту лизинг ірі қаржылық
ресурстарды жинақтамай-ақ жаңа өндірісті ұйымдастыруға көмектеседі.
Сонымен бірге лизингтік төлемдер лизинг объектісін пайдаланудан түскен
табыстар есебінен төленетіндігін ескеу қажет және лизингке алынған
құрылғылар есебінен өндірілген тауарлар іске асыру мүмкіндіктері бар;
- маусымдық және күтпеген өндірістік мәселелерді шешудің жеделділігі;
- келісімді қамтамасыз етудің тиімділігі. Себебі, лизингтік мүлік кепіл
ретінде алынатын болғандықтан несие алғанан гөрі, лизинг бойынша
мүліктерді алу ыңғайлы;
- кіші және орта фирмалар үшін лизинг қаржыландырудың мүмкін болатын
жалғыз әдісі;
- лизинг алушы үшін мүліктердің табиғи және моральдық
тәуекелділіктерінің азаюы. Мұндай тәуекелділіктер мүліктер уақытша
пайдалануға алынатын болғандықтан лизинг берушіге өтеді.
Әрине, лизингтік келісімнің өзіне тән кемшіліктері де бар. Жоғарыда
айтылғандай, лизинг беруші үшін мүліктердің моральдық жағынан тез тозу
және лизингтік төлемдерді уақытында алмау төлемділіктері бар. Ал лизинг
алушы үшін лизинг құны сол мүлікті сатып алу бағасынан жоғары болуы
мүмкін. Бірақ барлық елдерде салықтық және амортизациялық жеңілдіктердің
енгізілуі, лизингтік бизнестің тез қарқынмен өсуіне әкелді. Міне осындай
жағдайлар лизингтік қатынастардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизингтің теориялық негіздері
Лизингтік қатынастардың экономикалық мәні
Жалға беруші төлейтін төлем есебінен, жалға алынатын жабдықтың толық амортизациясын білдіретін ұзақ мерзімді келісім шарт
Лизинг және әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасуы
Лизинг инвестицияны қаржыландыру тәсілі ретінде
Лизинг жайлы
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
Лизинг операциясы техникасы
Лизингтік операциялар
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметінің тиімділігі
Пәндер