Тележурналистикадағы рекреативті функция


әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
журналистика факультеті
телерадиожурналистика кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Тележурналистикадағы рекреативті функция «жұлдызбен жүздесу»
Орындаған: 103 топ студенті
Нүрпейсова Назым
Тексерген: Әбдіжәділқызы Жидегүл
Алматы 2010 жыл
Мазмұны:
1. Рекреативті функция
2. Қанат Тілеухан мен сұхбат
3. « Жұлдызбен жүздесу» бағдарламасының жүргізушісі
Н. Еспанов және прадюсері А. Ғабитұлымен сұхбат
4. Телеэкран бетінде көрсетіліп жүрген «Көңіл-ашар»
бағдарламаларды талдау .
5. Қорытынды
Кіріспе
. . . Қазақ теледидары. Өмір атты ұлы көштің өң бойында елімен бірге есейіп, көрермендерімен күн сайын сырласып келе жатқан - тоғызыншы муза. Өскелең ұрпақ үшін теледидар - жан - жақты азамат болып қалыптасу университеті, адам баласының ең асыл қасиеттерін тарату мектебі.
«Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ-дың жастарды рухани тәрбиелеудегі маңызды ролін жете түсіне отырып, жастарға арналған бағдарламалар әзірлеуге көп көңіл бөледі. Жыл сайын 025 бағдарламасы бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында балалар мен жасөспірімдерді патриоттық, құқықтық, адамгершілік және рухани тәрбиелеу бойынша арнайы тақырыптық бағыттар әзірленеді. Казіргі кезде жастардың көңілін аулайтын, көңіл-ашар бағдарламалар қарқынды дамып келеді. Айта кетер болсақ, әр түрлі бағытты ұстанған көңіл-ашар бағдарламалардың ішінде «Жұлдызбен жүздесу» бағдарламасы да көпшіліктің жақсы көретін бағдарламасына айналған. «Жұлдызбен жүздесу» бағдарламасы «31 арнада» 2008 жылы «Музон» бағдарламасының орнына екі айға ашылған. Бірақ халықтың сұранысымен «Жұлдызбен жұздесу» ары-қарай жоспарларын құрып, жаңа айдарлар енгізіп көпшілікке, елімізде танымал жұлдыздарды әр қырынан сынап көретін, елу миинут жұлдыздың өмірімен және шығармашылығымен таныстырады. Қарқынды дамып жатқан көңіл-ашар бағдарламалар, алдағы уақытта жақсы қазақый құндылықтарын көрсете білсе, халықтың көз айымына айналатындығына сенімім мол.
Мен курстық жұмысымның басты мақсаты. Алға қойған мақсатым көңіл-ашар бағдарламалардң ішіндегі «Жұлдызбен жүздесу» бағдарламасының көркемдік ерекшелігін, аудиториясын анықтау.
Рекретивті функция
«Recreatio» - латын тілінен аударғанда қалпына келтіру деген мағынаны білдіреді. Рекреация дегеніміз - демалыс, жұмыс барысында жібірген күш - қуатын қайта қалпына келтіру. Негізінен көп рекреативті бағдарламалар журналистикадан тыс болып келеді.
Таза көңіл - ашар өнімдерді көбіне мамандандырылған телекомпаниялар жасайды. Оларға комедиялық фильмдерді, конкурстарды, бейнеклиптарды жатқызуға болады. Кей кезде журналистер мұндай бағдарламаларда жүргізуші және редакторлардың жұмысын атқарады. Тіпті қарапайым концерттің эфирде көрсетілуі де редактордың жұмысы болып саналады. Ал егер де концерт барысында жүргізуші концерттің қатысушыларымен сұхбаттасса, егер де жұлдыздардың өмірінен репортаждар көрсетілсе, мұндай жағдайда журналист осы көңіл - ашар бағдарламаның жасаушысының бірі болып табылады.
Бір сөзбен айтқанда, рекреативті функция дегеніміз - шаршағанды басып, көңіл - күйді ашып, күні бойы жіберген энергияны қайта қалпына келтіре алатын бағдарламалар.
Мысылы, «Қазақтелефильм» студиясы жасайтын кинотаспа өнімдерінің көлемдік мөлшері жағынан алғанда тең жартысы музыка өнерін экрандау жұмыстарынан тұрады. Оның себебі қай кезде де концерттік бағдарламаларғка телевизия тарапынан сұраныс көп.
Жалпы әуен-саз телеэкранға екі жолмен шығарылады. Біріншіде, музыка телевизияның тілдік компоненті, құрымдасы ретінде телеберілімге енеді. Екіншіде, музыка телевизиясының қонағы, яғни
Әуен- саз, музыка деген -ең алдымен дыбыс. Адамзат өзінің қоршаған ортаны көріп танумен қатар, дыбыс арқылы сезіп ұғынады. «Дыбыс адамның нәзік түйсігіне соғып, ұғым туғызатын эмоциялық құбылыс. Дыбыс өнері өміршындығын, көркем обрыздарды естірту арқылы бейнелейді- дейді профессор Н. О. Омашев . Осы анықтамалық қағыида дыбыс өнерінің шынайы құдыретін танытып тұр. «көркем обырызды естірту» дегенде, ғылым сөзден гөрі музыканы мензеп тұрғандай. Шындығында дыбыспен образ жасауда әуен-саздың орны болек. Тек шынайы өмір құбылыстарынан әуендік бейне жасайтын сазгер керек. Сол сазгерлер өмір ағымының сыр-сипатын зерделеу арқылы музыканы туындатады. Мысалы, қылқобызда орындалатын күйлердің көпшілігі көнс заманның қасіретті тірлігінде орай зар шертеді. Қамкөңіл пенделердің көңіл-күйін сездіреді.
Әуен саздың экран арқылы көрінуі, насихатталуы. Бірінші жағдайда музыка телевизияға қызымет етсе, екіншіде керсінше телевизияға музыка қызымет етеді. Біз «қазақтелефильм» студиясының музыканы осы екінші жолмен экранға шығарып, насихаттау бағытындағы жұмыстарын қарастырамыз.
Айталық, Қорқыт 10 ғасырда өмір сүрген екен. Бұл монғолдардың бүкіл дүниені жаулап аламыз деп аласұра ат ойнатқан кезеңі. Оның үстіне сол кезде ата-бабаларымыз көшпенділіктен отырықшылыққа ауысып, жаңаша өмір сүру салтына қалыптасып жатқан болатын. Ғылымда тарихтың ең бір күрделі мәселесі отырықша және көшпелі тайпалар, дала мен қала проблемасына зор көңіл бөлінеді. Онда еуроорталық деген ағым бар. Сол бойынша көшпенділер, өркениетті егіншілерге қарсы сипатталып, жабайы, тағылар ретінде көрсетіледі.
Қазақ тарихы оқулығына жазылған осы «жабайылар» өркенеттілікке бет бұрған «мәдинетті егіншілер» оңайдан -оңай тіл баспайды. «алып кетті», «шауып кетті» деген одағай сөздер сол кезде қазақ жерінде жанұшыра естіліп жататының түсіну қиын емес. «қайда барсанда Қорқыттың көрі» деген тіркестін астарында «халық арасында өлім көбейді» деген ұғым жатыр.
Ендеше, Қорқыттын қобызы неге зарлағаның ұғынуға болады . Ол қазақ халқының қасіретімен беймаза тіршілігінің музыкамен бейнеленуі.
Осы сияқты күй атасы -Құрманғазыда өз заманындағы әділетсіздікпен озбырлыққа қарсы күресуге шақыратын шиыршық атқан жігерлі күйлер шығарған. Зәбір көрген замандастастарының ашу ызасын ішкі наразылығынның динамикасын музыка тілімен жариялаған.
«Кішкентай», «Балбырауын», «Адай» күйлері ұлы компазитордың бастан кешкен өмір суреттерінен ой түйе жүріп, заман ағымына орай өз халқының санасындағы өзгерістерді, өсуді көрсетеді.
«31»Арнаның бас редакторы Қанат Тілеуханұлы
«Жұлдызбен жүздесу» бағдарламасының жүргізушісі ақын компазитор, әнші Нұрлан Еспанов
«31 арнаның» прадюсоры Ахмет Ғабитұлы мен сұхбаттасқан болатынбыз.
«Жұлдызбен жүздесу» бағдарламасы қашан құрылды қандай айдарлары бар?
Ахмет Ғабитұлы: Яғни «Жұлдызбен жүздесу» бағдарламасы 2008 жылы желтоқсан айында ашылды, негізінде екі айға жоспарланған 12-13 сағат аралығын жабу керек болған. Кейінен халықтын сұранысымен, ары қарай жалғастырға барлығымыз бір ауыздан келісіп бел будық. . Айдарларға келетін болсақ бірінші слух бар айдары; көрерменнің көкінде қоялмай жүрген сұрақтарын қонағымызға қояды, олар жауап береді. Екінші «5 клип» халық бұл клиптерге баға беріп қойған, соны келген қонағымыз табу керек. Тауып жатса қонағымызға сыйлығымыз бар. Үшінші жұлдызды рекорт айдары,
қонағымыз гиер көтереді. Күшін сынаймыз. Төртінші, жұлдызды интелекті айдары қонағымыздың білімін тексереміз. Бізің алдынғы жобамыз осылай болған. Ал екінші жобамыз 2009 жылы қыркүйек айында құрылды бұған біз жаңаш лемузин жаәне студиямызға қонақ шақыратын болдық . осылай біздің
айдарларымыз түрленіп жаңарып жатыр.
«Жұлдызбен жүздесудің» негізгі көздеген мақсаты неде?
Нұрлан Еспанов: Негізгі мақсаты жас жұлдыздарды жарыққа шығару. Ең алғаш халық білетін, атағы бар жұлдыздарды шақыратынбыз, кейін келе-келе бағдарламаға өзгертулер енгізіп өз ара ақылдаса отырып, біз неге жасталантты әншілерді шақырмақа оларды халықа көрсетпекке, - деп ойлап бір шешімге келдік. Бағдарламаға жаңа айдарлар қостық, айта кетерлік танымал әншімен жас әншіні, екеуін боулингтен немесе билярд т. б ойындардан жарыстырамыз кім жеңсе сол әншінің бейне клипін халыққа тегін ұсынамыз. Біздің ерекшелігіміз осы.
«Жұлдызбен жүздесу» бағдарламасының шығуына кім ұйтқы болды?
Нұрлан Еспанов: Бұл бағдарламаны негізінен ашқан режисер Асқар Әшімов болған. Ол мені «31 арнаға» алып келіп «музон» бағдарламасының орнына екі ай «Жұлдызбен жүздесу» бағдарламасын ашайық сен жүргізуші бол деп айтты мен келістім. Екі ай деп ашылған бағдарлама халықтын сұранысымен әліде көрсетіліп жатыр.
«Жұлдызбен жүздесу» басқа бағдарламалармен салыстырғанда несімен ерекше?
Нұрлан Еспанов: Яғни біздің бағдарламаның ерекшелігі біздің қазақстанда ешқандай арна жұлдызбен елу минут жүздеспеген. Ал біз келген қонақтын өмірінде болып жатқан жайларды және отбасы жайында, немесе шоу-бейзнес қалай жүріп жатқанын бәрін анықтап көпшілікке паш етеміз.
«Жұлдызбен жүздесу» бағдарламасы шет елдердің көшірмесі емес пе?
Нұрлан Еспанов: Жоқ бұл бағдарлама шет елдердің көшірмесі емес, бірақ елдер ұқсатып жатады «Такси» бағдарламасымен. Кейбір адамдар айтып жатады Нұрлан бәрін ұрлап біттіңғой деп, бірақ біз ештеңе ұрлап жатқан жоқпыз. Біздің бағытымыз мүлдем бөлек .
Ахмет Ғабитұлы: Жоқ көшірмесі емес басқа елге ұқсасада, біздің «жұлдызбен жүздесудің» айдарлары мүлдем бөлек, өз басым бұндай бағдарлама басқа елден көрген жоқпын. Мысалға, «Екі жұлдызды» айтуға болады лицензиясын алған көшірмесі.
Федордың студияда тұруының себебі неде?
Нұрлан Еспанов: Федор менің көмекшім былайша айтқанда, бізге күніге көптеген хаттар келіп жатады, оның көбісі қарап отсаңыз Федорға түседі бұл деген көпшіліктің ықыласын аударта алды деген сөз. Негізінде Федорды шала қазақша сөйлетіп қойған себебіміз, біздің жастарға шала қазақтарға үлгі болсын - дегеніміз.
Ахмет Ғабитұлы: Федордың студияда тұруының себебі көпшілікті өзіне тарту, былайша айтқанда аудиторияны үстап тұру. Қазақстанда Федордай орыс баласының шала қазақтардан таза сөйлеп тұрғаны көрерменге сабақ болсын дейміз. Болашақта негір қызын алсақ па деген ойымызда бар.
Аудиторияны сақтап тұрыу үшін телевизияға қандай қасиет керек?
Қанат Тілеуханұлы: Телевизия өз көрермендерін жоғалтпау үшін ең біріншіден қаражат керек, одан кейін жақсы маман қажет. Кәзіргі кезде аллаға шүкір қазақ телевизиясында талантты қыз-жігіттер бардың қасы. Ең актуалды мәселе бұл жерде күн тәртібінде тұрған мәселелер Қазақстан телеведениясы кәзіргі кезде бір бағытта дамып жатқан қөріністі беріп отыр, ол елдегі әлеуметтік актуалдылықтың кереметтігін, саяси ешқандай тартыстың жоқтығы, Қазақстанның гүлденуі, 50 мемлекет қатарына енуі төңірегінде осындай бірғана сарында. Егер басшылар қашанда өзекті мәселелерді беретін болса аудиторияны ұстап отыра алады. Ең біріншіден халықтың ықыласын ауытатын бағдарлама беру қажет.
Кәзіргі кезде көңіл-ашар бағдарламалар қаншалықты дамып келеді ?
.
Қанат Тілеуханұлы: Көңіл ашар бағдарламалар дамып жатыр, бірақ менің айтарым кәзіргі кезде саяси режимге тыйым салуына байланысты, журналистін құқығын таптауға байланысты, әлеуметтік саяси мәселелерді айтқызбай жатыр, тарихи тарымтақтарының өзі, тұншығып қазақи мінезбенен, әркім өз ата-бабасын түгелдеп жатқанда. Біздегі көңіл-ашар бағдарламалар дамуға мұқтаж болып отыр. Бұл бағдарламаларды құптап отырған тол мойынды жоғарыдағы басшылар. Негізінде көңіл-ашар бағдарламалардың даму деңгейі өте төмен. Бірінші кемшілігі мамандардың жоқтығы, екіншіден, сырнайшы, кернейші, әртіс, Абайша айтқанда бақсы, құшынаштар жүргізеді, жалпы айтқанда журналистің функциясы атқарылмайды. Көңіл-ашар болғанымен өте жұпыны. Былайша айтқанда шетелдердің көшірмесі. Мысалы, «Тойбастар» көшірмесі «субботный вечердің», «Екі жұлдыз» ағылшындардан, орыстардан бізге келді, бірақта олардың түсірген екі жұлдыздары өте ғажап, ал біздің әншілердің деңгейі өте төмен. Көңіл-ашар бағдарламалар менің көңілімнен шықпайды.
Осы көрсетіліп жүрген көңіл-ашар бағдарламалардың тәрбиелік құны бар ма?
Қанат Тілеуханұлыұлы: Осы мәселе менің көкейімде жүрген мәселелердің бірі еді. Мен өзім бұндай бағдарламалардың болуына қарсымын. Өзім сауал жинап әзіл айтатын жігіттерден сұрап көріп едім халықтың талғамы осындай деп көрерменге аударады. Біз халық көрет деп осыны көрсете берсек еліміздің болашағы не болмақ . Мысалға, мен Ресейліктерге риза болам олардың КВН ойнап жүрген балалары «Украинамен Американы» мазаққып отырады өздерін дершабағып асқақтатып. Ал біз несіне держабалық ампитциямызды оятпай, неге біз Ұйғұрларға түріктерге неге күлмейміз. Біз сорлы алқаш қазаққа, нан табамай жүрген бишараға, болмай қалған қыздарға (орысша айтқанда) прикол ұстайды. Біздегі көңіл ашар бағдарламалардың тәрбиелік құны өте төмен.
«Жұлдызбен жүздесу» бағдарламасы сізге ұнайма?
Қанат Тілеуханұлы: Бұл көпшілікке арналған бағдарлама болғандықтан эфирден түспей шығып жатыр. Ерекшелігі «Жұлдызбен жүздесуде» тек Әншіні ғана шектелмей спортшы, ақын, күйші барлық жағын қамтып жатыр. Сол жағынан өзіме ұнайды.
Қазақстан телеарнасындағы кемшіліктер жайында не айтасыз?
Қанат Тілеуханұлы: Бізде ұлттық бағыттағы ұлытжандылық қазақты сүйю деген мәселелер жоқ. Телеарналардың кемшіліктері өздерін отар елдің ақпараттық құралдарына есептейді. Бізде билік сөйлейдіде, ал екінші жақ не ұлытшылдар, не қоғамдық қозғалыстар, не партиялар сөйлейді. Одан кейін біздің телеарналарда өте талғамсыз журналистер жұмыс істейді. Бес қайнасада сорпасы қосыдмайтын, қолындағы екі сөйлемді қоса алмайтын талғамсыз журналистер отыр. Өздерін журналиспін деп есептейді бірақ журналистикадан еш хабары жоқ есімі немесе аты не заты жоқ, мамандар жұмыс істейді. Сондықтан біздің телеарналардың бағасын сізге былай деп айтып берйін.
Қазақстан теларнасы өкіметтің электрондық бедмиствалары. Астана телеарнасы, нұротан партиясының бір бюросы, Алматы телеарнасы Алматы әкімшілігінің электрондық департаменті. Жетінші арна Мәсімов пен Құлыбаевтікі. ХитТВ Назарбаевтар әулетінікі. 31 Байқұс орысқа аузын ашып отыр. Міне осындай біздің теле арналардың сыйқы.
«Кәзіргі кезде болып жүрген көңіл-ашар бағдарламаларға көңіліңіз толама?
Нұрлан Еспанов: Көңілім толады, барлығы да бір мақсатпен жасалады ғой, бірақ қу ақшаның кесірінен көңіл-ашар бағдарламалардың көбісі көрсетілмей қиылып кетіп жатады. Оның себебі қасындағы адамдардың келіспеуінен немесе қаражаттың тапшылығынан.
Мысалы, «жұлдызбен жүздесуді» алар болсақ, басында не декариатция жоқ, не айдарлары жоқ болған. Кейін-кейін әутеуір, қазақта айтады ғой көш жүре-жүре түзілет деп солай түзеліп кеттік. Бірақ кәзіргі заманда көш түзелмейді оны бірден жасап алу керек.
Ахмет Ғабитұлы: Мен жамандамаяқ қояйын өзімде бұл саланы жақсы түсінем, бәріде еңбекпен келеді. Алдағы уақытта жақсы қырларымен көрінет деген сенімдемін.
Сауалнама
«Жұлдызбен жүздесу» бағдарламасын көресізба?
Уақтылы үзбей көрем . . . 12, 5%
Анда - санда уақытым болғанда көрем . . . 17, 6%
Мүлдем көрмеймін . . . 1, 6%
«Жұлдызбен жүздесу» шетелдердің көшірмесі емес па?
Жоқ көшірмесі емес . . . 1, 2 %
Орыстардың «тахси» бағдарламасына ұқсайды . . . 21, 3%
Анық шетелдің көшірмесі . . . 5, 6%
«Дудар-ай»
Соңғы кездерi ақпаратты-публицистикалық бағытты бетке алған «Хабар» арнасынан көрермен «Кеш қалмаңыз» бен «Таң қалмаңыздан» басқа сазды көңiлашар бағдарламасын көре алмай кеткен-дi. «Ұят болмасын» мен «77 күн» секiлдi сазы да бар, аздаған назы, яғни қоғамдағы келеңсiздiктердi сынайтын сатирасы да бар жұп-жұмыр дүниелердi тудыра алған арнадан жұртшылықтың алдыңғылардан асып түсетiн бағдарлама күтетiнi жасырын емес. Серiк Абас-шах бастаған шығармашылық топ Ұлыстың ұлы күнi қарсаңында көрерменге тамаша бiр тарту жасады. Әзiл-қалжыңға құрылған сазды-көңiлашар бағдарламасының аты да ерекше, «Дудар-ай».
Асқар ДҮЙСЕНБI, бағдарламаның сценарист-редакторы:
- Бұл айдарда бiз белгiлi эстрада әншiсiн студияға шақырамыз, ол өз репертуарынан бiр ән ұсынады. Бiз сол әндi әр түрлi стильде, әртүрлi әншiлерге жанды дауыста орындатамыз. Сол арқылы әлгi әннiң өзiмiзге қаншалықты жақын екендiгiн және қандай стильде жақсы естiлетiндiгiн бiлемiз. Бiр жағынан бұл күлкi шақырса, екiншi жағынан әннiң табиғатын тануға мүмкiндiк бередi. Қазiр бiз бiртiндеп телерадио саласында болсын, сахнада болсын өзiмiздiң қазақы қалжыңнан алыстап бара жатырмыз. Бiр жағынан сол қазақы қалжыңды қайтару, халқымыздың ертеден келе жатқан ойлау, күлу ерекшелiгiн осы бүгiнгi күнге әкелуге септiгi тие ме деген ой да бар. Сондықтан бiз саз бен сөз арқылы халықтың өзiнiң табиғатына жақын дүние тудыруды көздедiк.
Келесi кезекте студия төрiне саңқылдай сөйлеп, жарқылдай күлiп Күлпаш келiншек көтерiлдi. Ол - «Дудар-айдың» жүргiзушiлерiнiң бiрi. Күлпаш - оқымағанымен, өмiрден көп нәрсенi көрген келiншек. Қазiр көптеген әйелдер үшiн бала табу, күйеуiнiң туған-туыстарын сыйлау қиын болса, Күлпаш үшiн оның бәрi ойланатын нәрсе емес, себебi ол - солай болуы керек дегенге дағдыланған әйел. Сол образ осы бағдарламаға дәл келген сияқты. Көрерменнiң бiлмейтiн, бiрақ бiлгiсi келетiн қарапайым нәрсесiн Күлпаш сұрақ етiп қойып отырады. Күлпаш рөлiнде - «Шымкент-шоу» әзiл-сықақ театрының әртiсi Берiк ТҰРСЫНБЕКОВ:
- Шымкентте тұрсам да, «Хабар» телеарнасы түсiретiн бiршама хабарларға арнайы келiп, рөл ойнап кетiп жүретiнмiн. «Дудар-ай» деген жаңа бағдарлама ашылғанын айтып, өзiмдi сонда жүргiзушi ретiнде шақырғанда қуана келiстiм. Бiрақ бiр айтарлығы бұл жерде Берiк емес, Күлпаш ойнайды. Ол мен үшiн өзiмнен бөлек адам секiлдi, өзiндiк өмiрi, өзiндiк көрерменi бар. Сондықтан бiр денеде екеумiз екi бөлек карьера жасап жатырмыз. Көктеммен келген жыл құсындай жаңа бағдарламаның продюсерi Назым Басқынбаева идея авторы ретiнде бүкiл ұжымды атады. Ал ұжым басшысы - осыған дейiн де талай жақсы бағдарламаларды жасауда өзiндiк қолтаңбасын қалыптастырған «Хабар» агенттiгiнiң бас продюсерi Серiк Абас-шах. «Дудар-айдың» негiзгi мақсаты, көтерер жүгi жайында бiз сол кiсiден сұрауды жөн көрдiк:
Серiк АБАС-ШАХ, «Хабар» агенттiгiнiң бас продюсерi:
- «Дудар-айдың» негiзiнен жанры әлi толық анықтала қойған жоқ. Бiз қазiр тәжiрибе жасап көрiп жатырмыз десек болады. Қазақ мықты, дарынды халықпыз дегенмен, кемшiлiктерiмiз де жетерлiк. Сондықтан қоғамдағы кейбiр келеңсiздiктердi әзiл арқылы шымшып, тiстелеу арқылы жұртшылықты жақсылыққа тәрбиелеудi көздеп отырмыз. Алайда ащы сатираға ә дегеннен бара қоймаймыз, себебi көрермендi үркiтiп алғымыз келмейдi. Әзiрге жүргiзушiлер қатарында ойын-сауық отаулары арқылы көрiнiп жүрген алматылық және провинциялық актерлар бар. Соларға жүк салып тәжiрибе жасап көрiп жатырмыз. Болашақта жүргiзушi ретiнде танымал актер Құдайберген Сұлтанбаев ағамызды шақырсақ деген ойымыз бар. Ал ендi бағдарламаның қаншалықты көрермен көңiлiнен шығатынын уақыт көрсетер.
ТҮЙIН
Бағдарламаның аты - оның тауарлық белгiсi. Ол ашық не жасырын болсын, белгiлi бiр ойды айтып тұруы керек. Жұрт айта-айта жауыр қылған сөзден гөрi тосындау, бiрақ құлаққа түрпiдей тимейтiндей атауды табу оңай емес. «Дудар-ай» - бұл жағынан әнге де қатысы бар әрi әзiлдi де көтеретiн атау. Бiр заманда қазақтың серi жiгiтiне қазiргi ресми тiлде сөйлейтiн халықтың өкiлi ғашық болып шығарған ән атауын бағдарламаға қоюда сарабдал саясат та жатса керек. Қазақ пен орыс халқының жасанды емес шынайы достығын осы екi халық өкiлiнiң бiр-бiрiне деген махаббаты айғақтап береді.
«Әзіл - студио»
Тарату арнасы: «31 канал»
Жанры: скетч-шоу
Тілі: қазақша, орысша субтитрмен
Ұзақтығы: 28 мин
Хабардың жиілігі: күнделікті
Шығу уақыты: күнделікті 18:30, қайталауы 03:30, демалыс күндері 23:30-да.
Шығармашылық ұжым:
Жоба жетекшісі: Нұрлан Қоянбаев
Редакторлары: Марат Әлібаев, Марат Оралғазин, Жұмабек Әділет, Рүстем Омараов, Нұрдәулет Шертім, Әділет Әбілов
Режиссері: Айгүл Ақсамбива, Стас Булов
Әртістері: Гүлнәр Сильбаев, Нұрбигүл Егізова, Марат Әлібаев, Марат Оралғазин, Нұрдәулет Шертім, Нұржан Тұтов, Тұрсынбек Қабатов
Эфирдегі уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағ. 18:30-да және 03:30-да, сенбі-жексенбі күндері сағ. 23:30-да
«Әзіл-студио» - бұл әзіл-сықақтың ерекше формасы. Аталмыш жоба қалжынға бір табан жақын кез келген қазақ отбасындағы көксандықтан орын алатын, жилігі жағынан ең көлемді жобалардың бірі. Қазақ телевидениясында бұрын соңды ойын-сауықтық, әзіл-сықақ негізінде құралаған мұндай жоба болған емес. Бұл алғашқы бастама болып отыр. Сонымен қатар, бұл бағдарламаның өзге жобалардан басты ерекшелігі - қазақ тұрмысындағы қағытпа қалжындарын жергілікті сценаристердің көмегімен «Көңілді Тапқырлар Клубының» тарландары ойнауында. Және мұның барлығы тек қазақ тілінде көрініс таппақ. Бағдарламаның тағы бір өзгешелігі - онда әртістер тобын қазақ «КВН» саңылақтары құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz