Сүт зауытында өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыруды жетілдіру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : Сүт зауытында өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыруды жетілдіру
5В073200 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша
Алматы 2014
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ
«ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ»
ИжИ кафедрасы меңгерушісі
Баймұратов Д. Ш.
« » 2014ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Сүт зауытында өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыруды жетілдіру»
5В073200 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы
Орындаған: А. О. Джултаева
Ғылыми жетекші: Я. М. Узаков
Еңбек қорғау бөлімі
бойынша кеңесші: Н. Өкей
Қалып бақылаушы: Ө. Б. Байтоқаев
Алматы 2014
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ
« БЕКІТЕМІН»
ИжИ кафедрасы меңгерушісі
Баймұратов Д. Ш.
« » 2014ж.
дипломдық жұмысқа
ТАПСЫРМА
Студент Джултаева Айгерім Оналбековна
Мамандығы бойынша білім алушы 5В073200 - Стандарттау, сертификаттау және метрология
(мамандық шифры және атауы)
Ғылыми жетекші Узаков Ясин Маликович, т. ғ. д,, профессор
(Т. А. Ж. және ғылыми жетекшінің қызметі)
Жұмыс тақырыбы Сүт зауытында өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыруды жетілдіру
АГТУ бұйрығымен бекітілген
№ 01-09-27/165 « 01 » 11 20 13 ж.
Студенттің кафедраға аяқталған жұмысты өткізу уақыты
Жұмыс көлемі және мазмұны (түсініктемелік, есептік және эксперименталдық бөліктері, яғни өңделуге тиісті сұрақтар тізімі)
- Технологиялық бөлім
-Негізгі бөлім
-Арнаулы бөлім
-Экономика бөлімі
-Еңбек қорғау
Дипломдық жұмысты орындауға арналған материалдар:
а)
б)
в)
г)
д)
Графикалық материалдар тізімі (кестелер, сызбалар немесе графиктер және т. б. міндетті көрсетілімдермен)
Дипломдық жұмыс бойынша кеңесшілердің аты-жөні, ғылыми атағы және ғылыми дәрежесі (жұмыс бөлімдеріне қатыстылығы көрсетілуі қажет)
Бөлім
№
Дипломдық жұмысты орындау және ұсыну жөніндегі күнтізбелік жоспар:
Диплом жұмысы жетекшісі
(жетекші қолы)
Тапсырманы орындауға алған
(білім алушының қолы)
Тапсырманың берілген күні « » 20___ ж.
Ескерту:
- Дипломдық жұмыстың орындалуы барысында тапсырма жұмысқа тіркеледі және МАК-на ұсынылады.
Мазмұны беттер
Кіріспе . . . 1
1 Тақырыптың әдебиетпен қамтамасыдығы . . . 9
1. 1 Мемлекеттік метрологиялық қызмет . . . 9
1. 2 Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды
тұлғалардың метрологиялық қызметі . . . 10
1. 3 Сүт өндірісіндегі бақылау және сынау
құралдарының метрологиялық сиппаттамалары . . . 12
1. 4 Бақылау және сынау құралдарының метрологиялық
және дәлдік сипаттамаларын нормалау принциптері . . . 15
1. 5 Салыстырып тексеру . . . 17
1. 6 Құжаттарды метрологиялық сараптау . . . 23
2 Негізгі бөлім . . . 25
2. 1 Терминдер мен анықтамалар . . . 25
2. 2 Нормативтік сілтемелер . . . 29
2. 3 ЖШС «Жаркент сүт» зауытының сипаттамасы . . . 31
2. 4 Кәсіпорынның нормалық құжаттармен
қамтамасыз ету жағдайы . . . 35
2. 5 Кәсіпорынның метрологиялық қызметы туралы ережесі . . . 35
2. 6 Технологиялық желіні метрологиялық қамтамасыз ету . . . 36
2. 7 Сүт зертханасындағы метрологиялық қамтамасыздандыру . . . 54
3 Экономикалық тиімділігі . . .
4 Еңбек қауіпсіздігі . . . 58
5 Қорытынды . . . 59
6 Әдебиеттер . . .
Кіріспе
Өлшеулер - адамзаттың табиғатты түсінуінің ең маңызды жолдарының бірі болып табылады. Қандай да болмасын тәжірибелік жұмыс жүргізу аумағында әрекеттер өлшеусіз жүзеге асырылмайды. Себебі барлық жерде де өлшенетін шама мен оның өлшем бірлігі арасында қатынас болады.
Кез келген талдау, болжамдау, жоспарлау, бақылау, реттестіру кезінде шикізаттың, дайын өнімнің көлемі мен сапасы технологиялық операциялардың жүру барысы мен бүкіл өндірістік цикл туралы сенімді ақпарат қажет болады.
Тәжірибелік жолмен техникалық құралдарды пайдалану арқылы алынған заттардың, материалдардың, бұйымдардың, өнімдердің, процесстер мен құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттарын қамтитын ұғым «Өлшемдің ақпараты» деп аталады.
Өлшемдік ақпараттардың дәлділігі мен сенімділігін арттыру мемлекетіміздің алдыңғы қатарлы міндеті болып табылады. Осы мәселені шешу үшін Қазақстан республикасында «Өлшемлердің біркелкілігін қамтамасыздандырудың мемлекеттік жүйесі» (ҚР МӨЖ) құрылған. Ол өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыздандыратын субъекттерді, нормаларды, құралдар мен әрекет түлерін мемлекеттік басқару жүйесімен сипатталады. Мұндай өлшеу жағдайында олардың нәтижелері шамалардың заңдастырылған бірліктерінде көрсетіліп, өлшеу қателіктері белгіленген шектен тыс шығып кетпейді.
Сенімді әрі қойылған талаптарға сай дәлділікпен алынған өлшемдік ақпарат дұрыс шешім қабылдауда қамтамасыз етеді. Сенімді емес ақпарат өнімнің сапасының төмендеуіне, апаттарға, ғылыми зерттеулерде қате қорытындылар жасауға, пайдалы қазбалардың қорын қате есептеуге, сауда саттық операцияларында таразы өлшеу мен есептен жаңылысуларға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Өлшемдерге біркелкі көзқараспен қарау халықаралық тауар айналымында, өнімдерді өлшеу мен сынақтан өткізу нәтижелерін өзара мойындауға, өлшем әдістері мен құралдарын стандарттауға, өзара түсінісуге, ақпарат алмасуға кепіл бола алады.
Н. И. Тюриннің «Метрологияға кіріспе» - сінде « . . . өлшемдер қанша жерден жіті жасалынғанымен де, қандай да дәлділікпен өлшейтін құралдар пайдаланғанымен де өлшенетін шаманың нағыз мәнін яғни қателігі нольге тең мәнін алу мүмкін емес» - деп жазылған. Ықтималдылық теориясы бізге өлшенетін шаманың дәрежесі нәтижесін өлшемнің нағыз мәніне жақындауды бағалау әдісін берді. Ықтималдылық теориясы қателіктердің ары қарай аспайтын ықтимал шекарасын бағалауды үйретті. Өлшемдердің сенімділігі өлшеу нәтижелеріне сену дәрежесін сипаттайды. Осы аталған ұғым өлшемдік негізіне салынған.
Өлшеулер арқылы толық әрі сенімді мағлұматтар алмайынша ғылыми зерттеулерде, космосты игеруде жаңа материялдар мен технологиялар жасауда, барлық салада өндірілетін бұйымдардың санасын қамтамасыз етудегі жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес еді.
Көбінесе көптеген мәселелерді тек қана түрлі өлшем құралдарын, әр жерде жасалынған өлшемдердің көптеген өлшеу нәтижелерін пайдалану негізінде шешуге болады. Аталған нәтижелерді, олардың бір бірімен салыстыруға болатын жағдайда ғана пайдалануға болады. Өндірісті автоматтандыру өлшемдердің дәлділігін, сенімділігін және сәйкестігін арттыруға мәжбүрлейді. Мәселе күрделі болған сайын метрологияның да маңызы арта түседі.
Әрекеттің қай түрі болмасын өлшемсіз атқарылмайды. Көптеген өндіріс салаларында өлшемдермен байланысты шығындар жалпы салынған капиталының 30 пайызын құрайды.
Материалдық, энергетикалық және де басқа ресурстарды үнемдеуде метрологиялық қамсыздандыру маңыздылығы күн санап арта түсуде. Себебі, сенімді әрі нақты ақпарат пен есепке алу материалдық құндылықтарды, электр мен жылу энергиясын, мұнай және мұнай өнімдерін, газ, су ресурстарын үнемдеу мен шығындарын қысқартудың негізі болып табылады.
1 Тақырыптың әдебиетпен қамтамасыздығы
1. 1Мемлекеттік метрологиялық қызмет
Қазақстан Республикасының қызметін үйлестіруші құраушы ретінде, келесілерден тұрады:
- Техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті орган -
мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық.
Өкілетті орган Қазақстан Республикасындағы өлшемдердің
біркелгкілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік басқаруды іске асырады
Өкілетті органның негізгі мақсаттары мен міндеттері келесідей:
- өлшемдердің бірдей болуын қамтамасыз етужөніндегі
саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі республикада қолдануға рұқсат етілген шамалардың бірлік жүйесін белгілеу; мемлекеттік эталонын құру, бекіту, сақтау белгілеу, шамалардың бірлігінің эталондық базасын жетілдіру;
- Республикасының өлшемдерінің бірдей болуын млекеттік жүйені жетілдіру.
Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың (МҒМО) негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- метрология саласында негізделген зерттеулер,
тәжірибелік және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарды өткізу;
Республикасында шамалардың бірліктерінің эталондық базасын жетілдіру;
Шамалардың, бірліктерінің өлшемдерін жіберу жүйесін құру; өлшемдердің біркелкі болуын қамтасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды құру және жетілдіру, оларды халықаралық талаптарға сай ету. өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз ету саласындағы саясатты есепке ала отырып, Республикада метрологияны жұмыстар жүргізу.
Физикалық тұрақтылар мен заттар мен материалдардың қасиеттері туралы стандартты анықтамалық мәліметтердің Мемлекеттік қызметінің (САММҚ) . негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- Физикалық тұрақтылар және заттар мен материалдардың қасиеттерінің стандарттық анықтамалық мәліметтерін жасап шығару және енгізуге байланысты жұмыстарды аймақаралық және салааралық үйлестіруді және орындалуын қамтамасыз етуді іске асыру;
- ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және жобалық жұмыстардың тиімділігін жоғарлату;
- Физикалық тұрақтылардың дәлме-дәл мағыналарын белгілеу және заттар мен материалдардың қасиеттері туралы айқын мәліметтерді жасап шығару.
- Заттардың, материалдардың және олардың қасиеттерінің шарттыбелгілерін, терминдерін, анықтамаларын және атауларын кодтауды жасап шығару.
1. 2 Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметі.
Мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар қажет болған жағдайда өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін және метрологиялық бақылауды іске асыру үшін метрологиялық қызметтерді құрады.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды тарату саласындағы жұмыстарды
орындау кезінде өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін метрологиялық қызметті немесе басқа құрылымдық бөлімшелерді құру міндетті болып табылады.
Өз қызметтерінде метрологиялық қызметтер басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Заңын;
- Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік құжаттарын, оның ішінде өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз ету жөніндегі;
- Мемлекетаралық нормативтік құжаттарды;
Техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті органның бұйрықтарын;
- өкілетті органның нұсқауларының негізінде жасалып шығарылған метрологиялық қызмет туралы Ережелерді;
- мемлекеттік басқару органының және заңцы тұлғаның бұйрықтары мен жарлықтарын.
Метрологиялық қызметтер бағыныштылығына және меншік түріне қарамастан, әдетте, құрылымдық бөлімше түрінде құрылады және оларды бас метрологтар басқарады.
Негізгі міндеттері, қызметтері және құқықтарын анықтау үшін
Метрологиялық қызметтер мемлекеттік басқару органы, жеке немесе заңды тұлға туралы ақпараттық мәліметтері бар, және метрологиялық қызметтің қүрылымын оның міндетін, қызметін және құқығын анықтайтын Метрологиялық қызмет туралы Ережелерді жасап шығарады.
Метрологиялық қызмет туралы Ережелерді мемлекеттік басқару органының
немесе заңды тұлғаның басшысы немесе жеке түлға бекітеді. Метрологиялық қызметтердің қызметтеріне мемлекеттік метрологиялық қадағалауды өкілетті органның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аймақтық бөлімшелері СТ РК 2. 2. және Е РК 50. 2. 24 белгілеген тәртіпте жүзеге асырады.
Метрологиялық қызметтің незігі міндеті:
- өлшемнің талап етілетін дәлдігін және біркелкілігін қамтамасыз ету;
- ғылыми зерттеулердің деңгейін, өндірістің тиімділігін, техникалық деңгейінқамтамасызету, және өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің сапасын жоғарлатуға бағытталған өлшеудің заманауи әдістері мен құралдарын тәжірибеге енгізу;
- зерттеулердің, жасаудың, өндірістің, сынақтардың, өнімдерді пайдаланудың және басқа да қызмет салаларында метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтің негізгі бағыттарын анықтау; қолданыстағы заңцар белгілеген метрологиялық ережелерді уақтылы енгізу және сақтау;
- ҚР СТ 2. 15 талаптарына сай метрологиялық бақылауды іске асыру.
Мемлекетік басқару органдарының метрологиялық қызметінің негізгі қызметі:
- біркелкілікті және талап етілетін өлшеудің дәлдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалпы басқаруды іске асыру және біркелкі техникалық саясатты өткізу;
- метрологиялық бақылауды іске асыру;
- метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру негізінде өндірістістің, жұмыстар мен қызметтердің тиімділігін жоғарлату;
- өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша өкілетті органмен және оның бағынышты бөлімшелерімен өзара қарым-қатынасты іске асыру;
- басқарманың метрологиялық қамтамасыз етуін дамытудың
негізгі бағыттарын анықтау;
1. 3 Сүт өндірісіндегі бақылау және сынау құралдарының метрологиялық сиппаттамалары
- Сүт өнімдерін өндіру өндірісінде бақылау және сынау құралдарының нормаланатын метрологиялық сиппаттамалары, олардың метрологиялық қызмет көрсету нысаны мен процедуралары.
Сүт өнімднрін өндіру өндірісінде бақылау және сынау құралдарының нормаланатын метрологиялық сиппаттамалары техникалық жағдайды тексеру, үшін қызмет атқарады.
Жүйелерді өлшемдік бақылау (БҚ) және өлшеу құралдары(ӨҚ) үшін дәлдік және метрологиялық сипаттамаларды (бұдан әрі -ДМС) таңдау ережелері мен атау тізімін жүргізеді.
Сүт өнімднрін өндіру өндірісі жүйесіндегі бақылау және өлшеу құралдарына нормативтік құжаттардағы нормалау тәсілдерін, олардың метрологиялық қызмет көрсету нысаны мен процедурасын белгілейді.
БҚ және ӨҚ нормаланатын дәлдік және метрологиялық сипаттамаларын анықтайды
Жаңа БҚ және ӨҚ әзірлеу немесе қолданылып жүрген БҚ және ӨҚ жетілдіру талаптарын бергенде жүргізіледі.
БҚ және ӨҚ сипаттамаларының белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылағанда пайдаланады.
Өлшемдердің нәтижелері мен қателіктерін көрсету үшін әдістемелік нұсқаларды, ал өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары үшін ГОСТ 8. 009 пайдаланады.
Сүт өнімднрін өндіру өндірісі жүйесіндегі бақылау құралдары мен өлшеу құралдарына НҚ-да қажет жағдайларда, БҚ және ӨҚ тағайындалу ерекшелігінен алғанда, қосымша қосылған құжаттар санынан ДМС кешендері нормаланады.
Нақты типтердің бақылау құралдары мен өлшеу құралдарына НҚ-да белгіленген ДМС кешені бақылау және сынау нәтижелерін және осы нәтижелердің дәлдігі мен сенімділігін анықтау үшін жеткілікті болу керек.
БҚ және ӨҚ нормаланатын метрологиялық және дәлдік сипаттамалары және оларды көрсету түрлері
Метрологиялық сипаттамалар штаттық, апаттық жағдайларда және апатты жою жағдайларында бақылау құралдарын қолдану үшін нормалану керек.
Бақылау құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамалары келесідей болу керек:
- өлшеуіш түрлендіргіштің, сондай-ақ кірістік шама бірліктерінен ерекшеленетін бірліктермен бағаланған бар аспапты түрлендіру қызметі;
- бір мәнді немесе көп мәнді шаманың мәні;
- өлшеу аспабы шәкілінің немесе көп мәнді шәкіл бөлігінің бағасы;
- өлшеуіш (түрлендіргіш) БҚ динамикалық сипаттамалары;
- бақыланатын параметрлердің шекті мәндерін бақылау қателігінің сипаттамалары.
Өлшеуіш арналар қателігінің сипаттамаларын төменде келтірілгендерден алады:
- берілген типті БҚ қателігінің рұқсат етілетін мәнінің шегі;
- берілген типті бақылау құралдары үшін қателіктің орташа квадраттық ауытқуы.
Қателіктің бұл сипаттамалары абсолюттік, салыстырмалы немесе келтірілген қателіктердің сипаттамалары сияқты кірістік немесе шығыстық сигналдың ақпараттық параметрінің санымен немесе қызметімен көрсетілу керек.
Сынау құралдарының нормаланатын дәлдік және метрологиялық сипаттамалары (сынау нәтижелері дәлдігінің сипаттамалары) :
- сынау шарттарының параметрлерін үдемелі өндіру немесе өлшеу қателіктері;
- сынау шарттарының параметрлерін үдемелі өндіру немесе өлшеу ауқымдары;
- сынау шарттары параметрлерінің сынау кезінде анықталатын Сүт өнімднрін өндіру өндірісі жүйесіндегі параметрлеріне әсер ету қызметтері;
- сынауларды жүргізу шарттарының өзгеруімен (сынау шарттары параметрлерінің номинал мәндерден ауытқуымен) тудырылған, күрделі техникалық жүйенің параметрін сынау кезінде анықталатын рұқсат етілетін ең үлкен өзгерістер болып табылады.
Әсер ету функцияларын және БҚ және ӨҚ жұмыс істеуін сынау шарттары параметрлерінің рұқсат етілетін өзгерістерін штаттық, апаттық шарттар және апатты жою шарттары үшін нормалау керек.
1. 4 Бақылау және сынау құралдарының метрологиялық және дәлдік сипаттамаларын нормалау принциптері
БҚ және СҚ нормаланатын метрологиялық және дәлдік сипаттамалары сынау, бақылау және өлшеу нәтижелерін алу шартынан белгіленеді, оларды пайдалану рұқсат етілетін деңгейге келтіреді.
БҚ және ӨҚ метрологиялық және дәлдік сипаттамаларының шекті рұқсат етілетін мәндерін:
- сүт өнімднрін өндіру өндірісі жүйесіндегі бағалау дәлдігіне қойылатын талаптардан және, көбінесе, олардың байқалғыштығының рұқсат етілетін деңгейінің негізінен;
- өлшеу мен бақылаудың қазіргі және перспективалы құралдарының қол жетерлік дәлдігінен;
- қауіпсіздікті сынау мен бақылау үшін бөлінген ресурстарға қойылған шектеулерден;
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерінің шешілуі мүмкін болатын, сүт өнімднрін өндіру өндірісі жүйесіндегі байқалғыштығының талап етілетін деңгейінен белгіленеді. Осы кезеңде жүйелердің қауіпсіздігі мен өміршеңдігінің тәуелділіктерін анықтайды және талдайды.
БҚ және ӨҚ нақты типті үшін нормаланатын метрологиялық және дәлдік сипаттамаларының мәндерін әрбір нормаланатын сипаттаманың бақылау сенімділігіне немесе сынау қателігіне қосқан үлесін бөлу жолымен анықтайды. Бұл бөлуді нормаланатын сипаттамалардың мәндерімен бірге бақылау сенімділігі мен сынау дәлдігі көрсеткіштерінің анықталған байланысы негізінде жүргізеді. Осы мақсатпен БҚ және ӨҚ метрологиялық және дәлдік сипаттамаларының әр түрлі, іске асырылатын үйлесімдері үшін бақылау сенімділігі мен сынау дәлдігін есептеудің тура міндеті шешіледі.
Бақылау және сынау құралдарының метрологиялық қызмет көрсету түрлері мен процедуралары
Бақылау және сынау құралдарының метрологиялық қызмет көрсетуі, жұмыстың әзірлігі мен сенімділігінің ең үлкен деңгейін қамтамасыз ету керек. Ол үшін, метрологиялық қызмет көрсетудің дәстүрлі түрлері мен процедураларынан басқа, келесі көзделу керек:
- БҚ және ӨҚ кіретін өлшеу құралдарын жедел тексеру үшін бақылау мен сынау құралдарындағы шараларды пайдалану;
- метрологиялық сипаттаманың рұқсат етілетін шектен шығу сәтін анықтау үшін бірнеше, сондай-ақ объект параметрлері арасындағы қосымша байланыстардан болатын қосымша ақпаратты пайдалану;
- топтық қызмет көрсету әдісі негізінде күрделі бақылау-өлшеу және сынау жүйелерін тексеру стратегиясын рационализациялау;
- шектелген статистикалық деректердің нәтижелері бойынша метрологиялық және дәлдік сипаттамалардың өзгерістерін жеке болжаудың қазіргі әдістерін пайдалану.
1. 5 Салыстырып тексеру
Салыстырып тексеру сүлбалары мемлекеттік немесв бастапқы эталоннан жұмысшы елшем құралдарына өлшем мөлшерін беру жүйесін белгілсйді
Аумағы, қолдану жағдайлары және салыстырып тексеру әдістері бойынша елеулі айырмашылығы бар, бір шамадағы өлшем құралдарына арпалган, сондай-ак бірнеше физикалық шамалардағы өлшем қүралдарына арналған салыстырып тексеру сүлбасыы бөлімдерге болу мүмкін.
Салыстырып тсксеру сұлбасы бірлік мелшерін берудің скіден кем емес сатысын енгізуі қажет.
Салыстырып тексеру сүлбаларын таралу салаларына байланысты келесі түрлерге бөледі:
- мемлекетаралық салыстырып тексеру сүлбалары;
- мемлекеттік салыстырып тексеру сүлбалары;
- жергілікті салыстырын тексеру сүлбалары.
Мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбалары
Мемлекетаралық салыстырьш тексеру сүлбалары мемлекет-қатысушылармен [2] тура Ігемесе мемлекетаралық салыстырып тексеру сүлбалары құжатына қарама-қайшы келмейтін елдің нормативтік құжатын дайындау жолымен қолданылады.
Мемлекетаралық салыстырып тексеру сүлбалары стандарттау, метрология және сертификаттау жоніндегі Мемлекетаралық Ксңес белгілегеи тәртіпте дайындалады.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сүлбалары
МемлекеттІк салыстырып тексеру сүлбалары Қазакстан Республикасында салыстырып тексерілетін берілген шамадагы өлшем қүралдарына таралады.
Мемлекетгік салыстырып тексеру сүлбасы Қазақстан Республикасының мемлекетгік стандарты түрінде рәсімделеді.
Егер мемлекеттік салыстырып тексеру сүлбасы эталондар жиынтығымен немесе жоғарғы дәлдік нүскауымен басқарылатын жағдайда, оны «Қазақстан Өлшем күралдарьша арналған мемлекеггік салыстырып тексеру сүлбалары мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпеи дайындалады.
Мемлекеттік гылыми метрологиялық орталық мемлекеттік салыстырып тексеру сүлбаларын дайындауга орьшдаушы рстінде заңды түлғалардың метрологиялық қызметгерін тарта алады.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сүлбалары мемлекетаралық салыстырып тексеру сүлбаларына қарама қайшы келмеуі тиіс.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сүлбасын белгілейтін мемлекеттік стандарттар салыстырып тексеру сұлбасының сызбаларынан және сызбаға түсініктеме беретін мәтіндік бөлімнен түруы қажет.
Жергілікті салыстырып тексеру сүлбалары
Жергілікті салыстырып тексеру сүлбасы занды түлгалардың метрологиялық қзметгерімен салыстырып тексерілетін өлшем қүралдарына таралады.
Жергілікті салыстырып текссру сүлбалары мемлекеітік немесе мелекеттік болмаған жағдайда мемлекетаралық сол шамалардағы өлшем құраддарына арналған салыстырып тексеру сүлбаларына қарама қайшы келмеуі тиіс. Жергілікті салыстырып тексеру сүлбалары мемлекеттік және мемлекетаралық салыстырып тексеру сүлбалары болмаған жағдайда қүрыла алады.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасын заңцы тұлғаның нормативтік құжаты ретінде дайындайды және хабарында шама бірлігінің мемлекеттік эталондары бар мемлекетгік ғылыми метрологиялық орталықпен келістірілсді.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбаларын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді іске асыратын заңды түлғалардың метрологиялык қьпметтері дайындайды.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасын сызба түрінде рәсімдейді. Сызбаны мәтіндік бөліммен толыктыруға болады. Мазмұны және құрылуы
Салыстырып тексеру сүлбасы сызбасыцца:
- өлшем құралдарыньщ жәнв салыстырып тексеру әдістерц
атаулары;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz