Электр қауіпсіздігінің негіздері



1. Адам организміне электр тоғының әсер етуі.
2. Электр қондырғыларының классификациясы және электр қауіпсіздігі деңгейі бойынша жұмыс жағдайлары
Дәрістің мазмұны – адамның тоққа түсіп қалу факторлары және тоқтың адамға әсері, электр қондырғыларының классификациясы келтірілген.
Дәрістің мақсаты – тоққа түсіп қалудың қауіпті факторларын оқып үйрену, электр қауіпсіздігінің техникалық және ұйымдастыру шараларымен және де электр қауіпсіздігі дәрежелері бойынша жұмыс шарттарымен танысу.

1. Адам организміне электр тоғының әсер етуі.

Электр қауіпсіздігі – ол, электромагниттік өрістің, статикалық электрленудің, электрлік доға мен электр тоғының зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық жұмыстар мен шаралардың жүйесі.
Егер адаманың екі нүктесі арасында потенциалдар айырмасы болса, онда адам денесі арқылы электр тоғы жүреді. Адам бір уақытта жанасқан екі нүктелік тоқ тізбегі арасындағы кернеу – жанасу кернеуі деп аталады.
Дене арқылы жүретін электр тоқ адамға жылулық, биалогиялық және электролиттік әсер етеді.
Тоқтың жылулық әсері электр энергиясының жылуға айналуында сезіледі және ол терінің, тканның және қан тамырларының қызуын тудырады.
Тоқтың биологиялық әсері тоқтың бұлшық еттер арқылы жүруінде оның қысқаруын тудырады.
Тоқтың электролиттік әсері қан құрамының өзгеруіне алып келеді.

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Алматы энергетика және электронды
аспап жасау колледжі

Тақырыбы : Электр қауіпсіздігінің негіздері

Орындаған: Сейтханов Ж.

ТЭУ-32

Тексерген: Бахтияр Б. Т.

Алматы 2008
Электр қауіпсіздігінің негіздері

Дәрістің мазмұны – адамның тоққа түсіп қалу факторлары және тоқтың
адамға әсері, электр қондырғыларының классификациясы келтірілген.
Дәрістің мақсаты – тоққа түсіп қалудың қауіпті факторларын оқып
үйрену, электр қауіпсіздігінің техникалық және ұйымдастыру шараларымен және
де электр қауіпсіздігі дәрежелері бойынша жұмыс шарттарымен танысу.

1. Адам организміне электр тоғының әсер етуі.

Электр қауіпсіздігі – ол, электромагниттік өрістің, статикалық
электрленудің, электрлік доға мен электр тоғының зиянды және қауіпті
әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және
техникалық жұмыстар мен шаралардың жүйесі.
Егер адаманың екі нүктесі арасында потенциалдар айырмасы болса, онда
адам денесі арқылы электр тоғы жүреді. Адам бір уақытта жанасқан екі
нүктелік тоқ тізбегі арасындағы кернеу – жанасу кернеуі деп аталады.
Дене арқылы жүретін электр тоқ адамға жылулық, биалогиялық және
электролиттік әсер етеді.
Тоқтың жылулық әсері электр энергиясының жылуға айналуында сезіледі
және ол терінің, тканның және қан тамырларының қызуын тудырады.
Тоқтың биологиялық әсері тоқтың бұлшық еттер арқылы жүруінде оның
қысқаруын тудырады.
Тоқтың электролиттік әсері қан құрамының өзгеруіне алып келеді.
Электр тоғына түсіп қалғанда төмендегі зақымданулар болуы мүмкін:
күйіп қалу, терінің металдануы, электр белгілері, электроофтальмия, элетр
соққысы, механикалық зақымданулар:
▪ Элетр күйігі электр тоғының жылулық әсерінде пайда болады. Электр
доғасының әсері нәтижесінде пайда болатын күйік өте қауіпті болып
табылады, өйткені оның температурасы +3000 – 6000 0 С аралығында
болады;
▪ Терінің металдануы электр тоғының әсерінен металдың майда
бөлікшелері теріге сіңуі нәтижесінде болады. Соның нәтижесінде теріні
элетр өтімділігі жоғарылайды, яғни оның кедергісі күрт төмендейді.

Элетр белгілері деп, тоқ жүретін бөліктермен тығыз байланыста болғанда,
яғни оны қысып ұстағанда теріде сұр немесе ақшыл – сары түсті дақтың қалуын
айтамыз.
Электроофтамия дегенде электр доғасының ультрафиолеттік сәулесі әсерінен
көздің сыртқы қабатының зақымдалуын түсінеміз.
Электр соққысы болғанда, адам организмі жалпы зақымданады, яғни нерв және
жүрек тамырларының бұзылуы, бұлшық еттерінің тырысуы пайда болады.
Механикалық зақымдалулар ( тканның бөлшектенуі, сынықта) адам бұлшық
еттерінің тырысуы жәнеде электр тоғының әсерінен төбеден құлау нәтижесінде
болады.
Электр тоғынан зақымдалу сипаттамасы тоқтың тегі мен мәніне, оның жүріп
өту жолына, әсер ету ұзақтығына, адамның жеке физологиялық ерекшелігіне
және оның зақымдалған кезіндегі жағдайына байланысты болады.
Көп жағдайларда тоқтың тегі мен мәні зақымдалу сипаттамасын анықтайды.
Өндірістік жиіліктегі (50Гц ) кернеуі 500 В дейінгі айнымалы тоқтағы электр
қондырғылары тұрақты тоққа қарағанда өте қауіпті. Бұл адам организмі
клеткаларындағы күрделі биологиялық процестерге байланысты болады. Тоқ
жиілігі өскен сайын, зақымдалу қаупі азаяды. М: бірнеше жүздеген кГц
жиілікте элетр соққысы сезілмейді.
Тоқтардың мәндеріне байланысты адам организміне әсер етуін былай бөлуге
болады: сезінуші, жібермейтін және фибрилляциялық.
Адам айнымалы тоқтың (50Гц) әсер етуін 0,5 тең 1,5 мА аралығында
сезінеді, ал тұрақты тоқта – 5 тең 7 мА – ға дейін, Бұл жағдайда, адамның
саусақтары қалтырап, дірілдейді; тұрақты тоқта тері қыза бастайды. Бұл
тоқтар бастапқы (пороговый) сезіну тоқтары деп аталады.
Жібермейтін тоқтарда қолдың бұлшық еттерінің тырысуы болады, яғни адам өз
еркімен қолын тоқ жүретін бөліктерден ала алмайды. Оның мәндері айнымалы
тоқ үшін – 10 – 15 мА, ал тұрақты тоқ үшін – 50 – 80 мА. Тоқтың ары қарай
өсуі жүрек қан тамырларының зақымдалуына алып келеді. Дем алуы қыйындайды
және тоқтайды, жүрек жұмысы өзгереді.
Фибрилляцияляқ тоқ жүрек фибрилляциясын, яғни жүрек тамырларының
әлсізденуін, түршігуін және тырысуын пайда етеді. Фибрилляция нәтижесінде
жүректен бүркелетін қан қажеті өмір сүру органдарына бармайды және ең
бірінші кезекте миды қанмен қамтамасыз ету бұзылады. Қан бармаған адам миы
ары кетсе 5 – 8 минут өмір суреді, сондықтан да бұл жағдайда зақымдалған
адамға тез және өз уақытында алғашқы көмек көрсету керек. Фибрилляция
тоғының мәндері – 80 – нен 5000 мА аралығында болады.
Адам денесі арқылы өтетін электр тоғының мәніне және тегіне байланысты
зақымдалу сипаттамасы 4,1 – кестеде көрсетілген. Тоқтың жүру жолы зақымдалу
сипатына бір шама әсерін тигізнді. Өте қауіпті жол – жүрек, бас миы және
тыныс алу кеудесі арқылы өтетін жол болып табылады. Электр травматизмін
талдауда оң қол – аяқ , қол – қол жолдары жиі кездеседі, ал бас –
аяқ, бас-қол, аяқ-аяқ жолдары сирек кездеседі. Адам организмі арқылы
өтетін тоқтың мәні берілген кернеуге және денекдергісіне байланысты болады.
Кернеу қаншалықты көп болса, соншалықты көп тоқ адам арқылы өтеді.

4,1 – кесте Адам денесі арқылы өтетін электр тоғының мәніне және
тегіне байланысты зақымдалу сипаттамасы
I, мА 50 Гц ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне кіріспе. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер
Пойыз қозғалысының қауіпсіздігі
Еңбекті қорғаудың негіздері мен еңбек қорғауды ұйымдастыру
Төтенше жағдайларда халықты қорғау әдістерін меңгерту
Өрт - техникалық сараптама негіздері
Автожанармай стансасына қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты
Өрт қауіпсіздігі негіздері.Автоматты өрт сөндіру құрылғылары.Өрт кезіндегі Эвакуация уақыттын есептеу.Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу
Еңбек қорғаудың нормативті – құқықты заңнама актілері
Кәсіпорынды автоматтандыру
Пәндер