Ислам діні жайлы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-6

І Тарау. Ислам туралы қысқаша түсінік немесе сөз басы

1. 1. Тәуелсіздіктің негізгі тірегі - дін . . . 7-17

1. 2. Зайырлы елдің басты діні . . . 18-24

ІІ Тарау. Тәуелсіздіктен кейінгі діннің тынысы

2. 1. Қазақ ұстанатын масхаб қалай насихатталуда? . . . 25-34

2. 2. Ислам діні һәм әлемдік баспасөз . . . 35-39

Қорытынды . . . 40-44

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 45-46

Кіріспе

Біз бітіру жұмысының тақырыбын ислам дінімен байланыстыра отырып бекіттік. Ондағы мұрат тұтқанымыз тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақ баспасөзі өз ата дінін қалай насихаттап келеді. Мемлекетіміз зайырлы болғанмен де, халқымыздың жартысынан астамы ислам дінінде. Мұсылман мемлекеті деп аталатын Қазақстанда дін қаншалықты насихатталып жатыр? Міне, осы сауалдарға жауап іздеуді жөн санадық. Диплом жұмысын жазу барысында көптеген газет-журнал тігінділерін ақтардық. Дінге қатысты баспалардан жарық көрген кітаптарды парақтадық. Бізде салалық басылымдар жетерлік. Соның ішінде ислам дінін насихаттайтын журналдар бар. Жақында ғана желілік телеарнадан «Асыл арна» атты діни хабарлар тарататын арнайы арна ашылды. Радиолар оның ішінде «Қазақ радиосында» ата дінімізге арналған хабарлар да желіден жиі беріліп тұрады. Диплом жұмысын жазу барысында біз тек баспасөз құралдарына тоқталуды дұрыс көрдік. Сөзіміз дәлелді болу үшін келтіре кетейік «Шапағат-Нұр» деген дінге арналған журнал жарыққа шығып келеді. Одан бөлек «Алдаспан» атты тағы бір журнал бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоластынан «Иман» журналы мен «Ислам және өркениет» гаезті шығады. Газеттерде дінге қатысты тұрақты айдарлар да жетерлік. 2005 жылдан жарық көріп келе жатқан «Жас қазақ» ұлттық апталығында «Дін» деген арнайы бет бар. Кейде апта сайын, енді бірде айына бір мәрте ислам дініне қатысты материалдар топтастырылып беріліп отырады. Еліміздің аға газеті «Егемен Қазақстан» болса, «Дінің тұрсын дін аман» деген айдармен бір бағанаға жиі беріп отырады.

Зерттеу барысында байқағанымыз, көптеген басылым ислам дінінің бүгінгі насихаты дұрыс жолға қойылып келе жатқанын қуана жазады. Біздің көңіліміз осыған тоғайды. Десе де тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы газет-журналды қарап отырсаңыз бәрі кереғар. Өзге діни конфессиялардың елімізге дендеп еніп жатқан кездегі ахуалды күрсіне жазады. Біз осының бәрін ақтардық. Түйсініп, түсініп оқыдық. Зерттеу нысанымыз ислам діні болғандықтан түрлі танымдық мақалалар мен дінбасынан бастап, діни сауаты бар имамдардың да сұқбатын бітіру жұмысымызға пайдаландық. Қызықты, тосын деректерді қалт жібермеуге тырыстық.

«Жас Алаш» газетінде журналист Әмірхан Меңдеке татар жазушысынан сұқбат алған еді. Онда бір ұлттың екі дінге қақ жарылу трагедиясы сөз болады. Татар жазушысы қабырғасы қайыса отырып, елінің ертеңі үшін егіле қайғырады. Расында да бір ұлттың тек бір дінді ұстанғанда ғана ынтымағы берік болатыны ақиқат. Біз де бітіру жұмысын жазу барысында осындай ойға бекіндік. Жер бетіндегі халықтың көп бөлігі ұстанатын ислам дінінің құдіреті неде? Ерекшелі қандай? Міне, осы сауалдарға жауап іздедік. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет. Яғни, көп ұлттың өкілдері тұратын ел. Сондықтан бұл елде өзге діни ұйымдардың халықпен бірге жасайтыны әмбеге аян. Десе де, діни үгіт-насихатты ашықтан-ашық, күштеп жүргізуге жол берілмейді. Бірақ бізде заңның өзі солқылдақтық танытуда. Ислам дініне қатысты заңға толықтырулар енгізіліп, Парламентке қайта жолданған. Бір жарым жыл жатқан жаңа заң жобасын кейбір депутаттар кері тартып, шетке итерді. Осы жағын да біз бітіру жұмысында есте ұстадық.

Бітіру жұмысының тақырып өзектілігі. Ата-бабаларымыздың сан ғасырдан бері ұстанып келген дінінің бүгінгі жай-күйі әрбір мұсылман үшін де маңызды. Әсіресе халықының 65 пайызы мұсылман деп есептелетін еліміз үшін ислам дінінің алар орны ерекше. Сондықтан да біз хақ дін, ақиқат жолын нұсқаушы исламның бүгінгі өрісін талдауды негіз етіп алдық. Араб жерінде пайда болып, бірте-бірте бейбіт жолмен әлемге таралған дінді қаралаушылар көп. Дұшпаны көп діннің насихатталу жағы сөз жоқ сынға жауап бере алмайды. Міне, осы жағы бітіру жұмысымыздың өзегіне айналды. Қандай да болмасын іс-әрекеттерде ізгілік жолын насихаттайтын, ысырапшылдық, шамад асу, кеуде соғу секілді жат пиғыл, ерсі қылықтарға жол бермейтін ақиқи діннің төңірегінде мәселелер қашан да жасампаз. Ұлт бар жерде, халық тіршілік етіп отырған шақта оның маңыздылығы мен өзектілігі жойылмақ емес.

Жұмыстың мақсаты. Бітіру жұмысын жаза отырып, ислам дінінің бүгінгі тыныс-тіршілігін анықтау. Мұсылман мемлекетіндегі басты діннің насихаты қалай жүзеге асуда, соған көз жеткізу.

Зерттеу жұмысының міндеті. Дініміздің баспасөздегі көтерілу көкжиегі қаншалықты кеңігендігін анықтау. Шетелдік баспасөз құралдары ислам дінін қай қырынан алып, жариялап жатқандығына талдау жасау.

Жұмыс жаңалығы. Бұған дейін тікелей ислам дінінің тарихына қатысты бітіру жұмысы қорғалған жоқ. Сондай-ақ тек бір ғана қазақ тілді басылым емес, көптеген қазақ тілді баспасөз яғни, газет-журналдардағы ислам дінінің көтерілу мәселесі айқындалды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жоғарыда атап кеткеніміздей, ислам дінінің шығу тарихынан таралу процесінің барлық сатылары назардан тыс қалған жоқ. Дінтану яғни, теология ғылымына қатысты бірқатар еңбектер пайдаланылды. Тақырып ислам дінінің баспасөздегі көрінісі болғандықтан негізіген ақпарат құралдарының осы түрлерін ғана кәдеге асырдық.

Қазақ халқы басынан небір нәубетті басынан кешірді. Жер бетінде дәл біздің ұлтымыздай қиындық пен қыспақты, ауыртпалықты көрген халық жоқ шығар. Қолдан ұйымдастырылған ұлтты жойып жіберудің сан түрлі әдіс-тәсілдерін басынан кешірді. Бірақ сонда да олар кеудесінен жаны ұшып кетсе де, дінін сатқан жоқ. Ұлттық мүддесін сақтап қалатын тілі мен діні екендігін есінен шығарған жоқ. Нәтижесінде елдігіміз атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатыр. Зерттеу еңбегімізде осы жағы да сырт қалған жоқ. Сонымен бірге Еуропаның бірқанша мемлекеттік басылымдарына да тоқталып өттік. Ондағы ислам дініне қатысты көтерілген мәселелерді бітіру жұмысына кірістірдік. Германия, Франция, Англия, Швеция секілді елдердің бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдарды талдап, кірістірдік.

Жұмыстың құрылымы. Жазба жұмысымыз екі тарауға бөлінген. Алғашқы бөлігінде жалпы ислам дініне қысқаша түсінік. Қазақстан Республикасының негізгі дінінің бүгінгі тыныс-тіршілігі жайлы аталып өтіледі. Сонымен бірге жасампаз діннің көздеген мақсаты мен келешегі, адамзат арасындағы рөлі талданады. Екінші тарауда шетелдік ақпарат құралдарына басымдық беріледі. Ондағы жарияланған материалдардың жанрлық үлгісі, жазылу көрінісі, мазмұны, қорытындысы, айтар ойы сөз болады. Әрбір мақалаға жеке-жеке тоқталып, талдау жасалады. Одан бөлек тәуелсіздік алған жылдардағы діннің жай-күйі, тынысы қозғалады. Қазақ қандай мәсһабты ұстанады? Бұл сұраққа да екінші тарауда жауап беріледі.

Зерттеу жұмыстың ғылыми әдістемелік негізі. Жалпы алғанда материалдарға талдау жасау, газет-журнал материалдарын жанрлық, тақырыптық, жазылу ерекшеліктеріне қарай бөліп пайдалану, сараптау, саралау тәсілдері қолданылды.

Бітіру жұмысының қажеттілігі. Мемлекеттің негізгі діңгегі - дін. Дініне балта шабылған елдің түтіні түзу шықпайды. Жер бетінен тілі мен дінінен айырылған ұлт бірінші кезекте саптан шығып, жойылып кетеді. Ислам дінінің еліміздегі демі қалай соғуда? Әрбір мұсылман үшін маңызды сауал екендігі даусыз. Осы сұраққа жауап табуға көп күш салдық. Осы сауалдың жауабы-ақ бітіру жұмысының бар қажеттілігін өтейді. Одан бұрын келешектегі жас дінтанушы ғалымдар мен теологтарға қосымша ретінде пайдалануға болар деп үміттенеміз. Алдағы уақытта осы дін мәселесіне қатысты зертеу еңбек жазарда біздің де бітіру жұмысымыздың қажеттілігі туындайды деп сенеміз.

Жұмыстың нысаны. Диплом жұмысымыздың негізгі нысаны ислам діні болғандықтан қай сөйлем болмасын осыған байланыстырыла құрылды. Діннің ішіндегі ағымдар, секталар, масһабтар да назардан тыс қалған жоқ. Десе де негізгі бағдарымыз ислам діні екендігі басты назарда болды.

Хош, сонымен енді бітіру жұмысына келейік. Сөздің басын ислам дінінің тарихынан бастаған соң қысқаша тоқтала кетуді де жөн деп таптық. Бәрімізге аян, Ислам діні шөлейт жерді қоныстанған Араб жарты аралында дүниеге келген. Бұл елдің тұрғындары ол заманда бедуиндер деп аталатын. Олардың өмір сүру жүйесі рулық және тайпалық болып бөлінді. Исламға дейінгі жаһиллиат заманында олар жылына бір рет өзара бейбіт түрде келісімге келіп, өздерінін көп құдайлары шоғырланған Мекке қаласындағы Қағбаға (Қара тас) қажылық сапарға шығатын. Жоғарыда сөз еткен Бедуиндер де қазақтар секілді көшпелі өмір салтын ұстанған халық. Олар негізінде жеке меншігі жоқ бос жатқан жерлерге мал өсірумен айналысты. Өмір салты туыстық негіз бен көшпелі қауымдық дәстүр есебінде болды. Ислам дәуірі етек ала бастаған мезгілде халықты сауаттандыру кең өріске ие болып, біртіндеп рулық, тайпалық жүйе өз өмірін үзе бастады. Бұл бастаманың ең басында Пайғамбарымыз Мұхаммед с. ғ. с. -ға уәхи болған қасиетті Құран Кәрім мен оның Хадис Шарифтері тұрды. Соның нәтижесінде ортақ араб тілі мен діни қағидаларға сүйенген салт-дәстүр қалыптасты. Әйтсе де көп құдайға табынған Мекке басқарушыларына Мұхаммед с. ғ. с. жүргізген халықтық идеология ұнамай, мұның ақыр соңы Пайғамбарымыздың 7 жыл бойы Мединеде бой тасалауына мәжбүр етті. Дегенмен, Мұхаммед с. ғ. с. -ға халық кеудесіндегі имандылық отын тұтатудың сәті түсті. Соның арқасында ол Меккеге жеңімпаз ретінде қайтып оралды. Бұл жеңіс рулық-қауымдық кезеңде пайда болған, араб идеологиясының, сол замандағы басқа мемлекеттердің идеологиясынан басым болуының нәтижесінде пайда болған еді. Ислам діні сол замандағы бірде-бір идеология қол жеткізе алмаған теңдік, туыстық, халықты жаппай азат етуге қол жеткізді. Сондықтан да Ислам діні көп халықтар арасында аз уақытта кең тарап үлгерді. Исламның алғашқы дәуірінде әлемдегі ғылым тілі - араб тілі болды десек қателеспейміз. Сондай-ақ араб прозасы да әдебиетін алға сүйреп, Ислам дінінің тұтқасын ұстаған Халифтер өздері қарапайымдылығымен дараланды. Ислам діні - теңдік, адалдық, шындық және шынайы демократия дәнін септі. Ислам дәуірінде мемлекет ішіндегі демократия принциптері дамыды. Ескі құлдық дәуірден қалжыраған халық Ислам дінінен өздерінің рухани азаттығын көрді. Ислам діні ескі қоғамға жаңа өзгерістер әкелді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед с. ғ. с. көз жұмғаннан кейін оның орнын әділетті Халифтер Әбу Бәкір мен Омар иеленіп, Ислам дінін одан әрмен дамытты. Әйтсе де, жаппай пұтқа табынған және жаңа дінге алакөзденіп қараған басқа азулы елдердің арасында бұғанасы бекімеген күші аз Ислам мемлекеті негізінен қарапайым өмір сүру салтын уағыздап, насихаттады. Ислам дінінің тұтқасын ұстаған Халифтер өздерінің рулық-қауымдық ортада өскенін ешбір ұмытпастан, байлық пен дәулет жинауға ешбір қызығушылық танытпады. Халифтер өздері ғана қарапайым болып қана қоймай, өзгелерден де соны әділетті жолмен ұстануды талап етті. Соның нәтижесінде шынайы демократиялық қоғам қалыптасты. Бұған бір жағы арабтардың қатал өмір қыспағында өмір сүріп отырған олардың өсіп-өнуіне едеуір кедергі келтірді.

Арабтар рухани азаттыққа қол жеткізгенімен, өзара айтысқа түскен дау-жанжалдардан өздерін азат ете алмады. Соңғы нәтижеде Ислам діні «сүннит» және «шіиит» деп аталатын екі үлкен ағымға бөлінуге мәжбүр болды.

Уақыт өте келе әділетті төрт Халифтен кейінгі халифтер жерге жеке меншік заңын ендіріп, байлыққа бас ұрды. Хакімдер қарапайым елді бірте-бірте демократиялық сайлау принциптерінен ығыстырып, басқалардан ешбір айырмасы жоқ монахтарға айналды. Әйелдер теңдігі түбірімен біржола жойылды. Осылайша Исламның бірлігі келмеске кеткендей күйге түсті.

Ең бастысы, шынайы Ислам көшіп-қонып өмір сүрген арабтар арасында пайда болғандықтан, көшпенділікті атадан мұраға ұстап келген қазақтар арасында жаңа дін тез қолдау тапты. Әсіресе қазақтар арасында софылық ағым кең қалыптасты. Оның қазақи негізін салушы - Құл Қожа Ахмет Иассауи еді. Әйтсе де 18-19 ғасырдағы қазына мен қанға құныққан Хиуа мен Қоқан хандықтары Ислам дініне тән емес қарақшылық жасап, қазақтарға қырғидай тиді. Осындай алмағайып заманда өмір сүрген

І тарау . Ислам туралы қысқаша түсінік немес сөз басы

1. 1. Тәуелсіздіктің негізгі тірегі - дін

Ұлтымыз ислам дінін қабылдағаннан бастап, дін жолына жүйрік молда-имамдар арқылы хат танытып, жұрт сауатын ашып, халық бірлігін бекемдеп келген еді. Ресей империясының 1901 жылы жүргізген мәліметі бойынша, Түркістан өлкесінде 11383 мешіт және 336 діни медресе болыпты. Сол діни медреседе 459 оқытушы дәріс өтсе, ұзын саны 14375 талаба (шәкірт) діни сауат ашқан. Түркістан өлкесіндегі бастауыш және орта діни мектептерде 103 мың бала оқып, тәрбие алыпты. Осы өлкедегі діни сауаты жоғары діндарлардың жалпы саны 40 мыңға жетіп, әрбір 50 адамға 1 молдадан келген.

1990-1995 жылдар аралығы қатты күйзеліс пен тоқырау қыспағында қалған қазақтың тұрмысын түзеуіне жұмсалды. Біз ата дінімізге қайта оралдық. Кешегі атеистік қоғамда өмір сүрсек те, дініміздің алтын өзегі үзілген жоқ. Тәуелсіздік алған күннен бастап, дініміз қайта гүлдеді, өркен жайды. Осыған тәубе деу керек. Бірақ біздің дархандығымыз бен кеңпейілдігімізді басқалар пайдаланып жатыр. Қазақтың астауынан несібе айырып отырған олар, тайраңдауын тоқтатпай өз діндерінің улы дәнін себуде. Қазақстан зайырлы мемлекет дегенді негізге алып алған. Сосын оларға заң орындары да тиым сала алмайды. Міне, осыны тиімді пайдаланып, орта жолдан қанжығамызға жабысқан өзге діни ағымдар біздің ұлттың тамырына құрт түсіруде. Түрлі кітаптарын таратып, «бізге кірсең үлде мен бүлдеге ораймыз. Қағанағың қарқ, сағанығың сарық болады» деп ашқұрсақ жүрген жастардың жанарын алдайды. Ойын ойран етеді. Осыдан келіп өзге дінге өту процесі жүреді. Ислам діні - әлемдегі бейбітшіліктің гүлденуін қалайды. Осыны өзге діндегілер көре алмайды. Қызғанады. Жоғарыдағы сөзімізді қайталай кетсек, тоқырауда жүрген қазақ жастарын олар осылай арбайды. Алдаумен қолдарына қондырып алған соң тіпті басынады. Оны айтасыз, егер шықпаққа бекінсең өлтіруге дейін барады. Алғашында ойланбай, арзан дүние мен сасық байлықты малданып кіріп алған қаракөз жастармыз опық жеп жатады. Оның дәлелі төменде. Жазушы - журналист Думан Рамазанның мақаласын сөз етейік. Автор шағын сұхбатында басқа діннің бодауында кеткен қазақ жігітінің мұң-зарын жайып салады. «Туған үйіме қайтқым келеді . . . » деп аталатын сұхбатта автор қазақ жастарының қысылтаяң шақта қалғанын келтіре кетеді. Барлық келімсекке есігі ашық Қазақстанды өзге діннің миссионерлері армансыз пайдаланып-ақ жатыр. Оларға қой дейтін билігіміз демократиялық жолды ұстанған зайырлы мемлекетпіз дегенді желеу етіп, тіркеуден өткізіп беріп өсіп-өркендеуіне жағдай жасап отыр. Доңызды ұрған сайын семіреді дегендей, олар күн өткен сайын қазақ санасын улап келеді. Заманның қатты қыспағына шыдамаған жастарымыз алдау мен арбаудың құрбаны болып кетуде. Автор сұхбатында кришна дінін қабылдаған қазақ жігітімен танысып қалады. Мекемелердің есігін қағып, алаңсыз ештеңеден қымсынбай өзі қабылдаған діннің кітаптарын насихаттап жүреді. Өзгеше киім киініп, басына бір уыс шаш өсірген қарагөз қазақ бауырын тоқтатып, жөн сұрайды. Қарағанды мемлекеттік университетінің биология мамандығын бітірген Ержан Жақыпбеков басқа діннің шырмауына кітап оқу арқылы өтіп кетіпті. Міне, насихаттың күштілігі. Бала кезінде ағасынан «өмірден кейін өмір бар ма?» деген сауалына жауап беруін өтінеді. Ағасы мен анасының да берген жауабына қанағаттанбаған ол әдеби кітаптарға бас қояды. Абайдың шығармаларын ақтарып, жауапты да табады. Енді ғылыми тұрғыдан қалай болатынына көз жеткізгісі келеді. «1990 жылдың бас кезінде бір жолдасынан Абһай Чаром Бһактиведанта Свами Прабһупаданың «Бһагавод-гита: қаз-қалыпында» деген кітабын алып оқыдым. Содан бұл кітаптың мақсаты әрбір саналы адамға ғылыми философиялық білім беру екеніне көзім жетті. Осыдан кейін бұл іліммен шындан айналысқым келді». /1/ Алдына осындай мақсат қойған ол Алла-Тағаланың шапағаты мен шарапатын сезініп, оның мәңгілік рухани планетасын көріп қайтуды ұйғарады. Мын ит тірлікта тастап, азап шектіруге арналған абақтыдан құтылып, шат-шадыманға толы мәңгілік рухани әлем орнаған мекенге оралуды көздейді. Өзге діннің соқыр сеніміне ілесіп, оындай күйге душар болған. Автор Ержаннан кришна дінін қабылдаған өзге де қазақ жастары барлығын сұрайды. Олардың аз емес кен. Құдайға құлшылық ететін ғибадатханада тұрады екен. Әке-шешесі бар. Бастапқыда олар баласының өзге дінді қабылдағанына қарсы болыпты. Журналист бұдан ары қарай ғибадатхананы көзбен көреді. Ғибадатхананың қуықтай бөлмесіндегі кітаптарын көрсетеді. Бәрі де кришна дінін уағыздайтын өнімдер. Бірінен-бірі өтетін сапалы аудармалар. Мына қызыққа қараңыз, Ержан енді журналисті де азғырады. Дінін уағыздайтын кітабын қазақшаға тәржімаласа, қаламақысын доллармен төлейді екен. Сырт көзге барлық жағдай жасалғандай елестейді. Жатын орын, тағам, киер киімге дейін тегін. Одан сырт жыл сайын өзге елдерде діни сауатын арттыру үшін оқыға жіберіп отырады. Алатын шәкіртақы мен сатқан кітаптан түсетін пайдасы тағы бар. Мұнда тек үйленбегендер ғана тұрады екен. Отбасын құрғандары өздерінің үйлеріне барып та құлшылық ете береді. Автор ары қарай сөзін былай тұжырады. Қазақстанда 1500-ден аса бірлестіктің басын құрайтын 40 шақты түрлі түрлі діни ағымдар заңды түрде тіркелгенін айтады. Одан бері де жыл өтті. Ислам дінінің оның өзі шииттік және сүниттік бағыттары, христиандық-православиелік, католиктік, протестанттық бағыттары, олардың лютерандық, кальвинистік, менониттік, баптистік, мормандық, адвентистік, пятидесятниктік, перфекционистік, иегов куәлары секілді айтып тауыса алмайтын салалары қатарласа өмір сүріп келеді. Еврейдің иудаизмі мен оның модернистік ағымдары мен сионистік салаларына дейін кейде ашық, кейде жасырын түрде жұмысын жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек буддизмнің кришна мен ламанизм секілді түрлері де бас көтеруде. Олардың еңбектері де жеміссіз емес дейді автор. Алматыда қазақтар ұйымдастырған «Құтқару жолы», «Үміт жарығы», «Рахым» атты түрлері, шетелдік христиандық үш-төрт шіркеу, қазақтың ұлттық христиан хоры, оның әнші, домбырашы өнерпаздары, дінін сатқан мыңдаған қазақ христиан-баптистері, қазақ иегова куәлары, қазақ пресвитериондары, қазақ кришнайдтері сияқтылардың қатары күн өткен сайын қаулап өсуде. Қазіргі кезде дүниежүзінде болып жатқан қарулы қақтығыстардың басым көпшілігінің ең басты себептерінің бірі - діни ағымдардың қарама-қайшылығында жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам шығуының идеялық бастауы
ИСЛАМОФОБИЯ
Мұсылман құқығының пайда болуы мен дамуы
Мұсылман құқығының мәтіндері
Әлемдік діндер
Ислам жайында
Әлемдік және дәстүрлі діндер
ЕЖЕЛГІ ТАШКЕНТ
Егемендік жылдардағы діни басылымдар ерекшелігі
Ислам діні және мұсылман құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz