Мойынқұм ауданының 2007 - 2008 - жылдарға арналған индустриалды-иновациялық даму бағдарламасы


МА3МҰНЫ
- Мойынқұм ауданының 2007 жылы арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары.
- Мойынқұм ауданының 2007 жылдың қорытындысы бойынша рейтингі (барлық экономикалық салалары бойынша) ;
1. 3. Бюджетке түсетін салық және басқа да төлемдерінің
жоспарының орындалу анализі.
- Мойынқұм ауданының 2007 - 2008 - Жылдарға арналған индустриалды-иновациялық даму бағдарламасы;
- Мойынқұм ауданындағы өндірістік кәсіпорының өндірістік тауардың өндірілген 2007 жылдың қорытындысына сараптама;
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Мойынқұм ауданы 1965 жылы құрылған, жер көлемі 50, 5 мың шаршы километр, яғни Жамбыл облысы көлемінің 40 пайызын алып жатыр. Халық саны 32 мың адам. Аудан орталығы Мойынқұм ауылы, ондағы тұрғындар саны 7, 5 мың адам. Аудан әкімшілік бөлінісі бойынша 16 округке бөлінген. Жалпы елді мекендер саны 27. Аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендер Ұланбел-167 км, Ақсүйек-220 км, Мыңарал-280 километр, қашықтықта орналасқан.
Аудан облыс орталығынан 380 километр қашықтықта шалғай, шөл және шөлейт, ауа райы құбылмалы өңірде орналасқан, қысы суық, жазы ыстық әрі құрғақ келеді.
Ауданда 2007 жылы демографиялық ахуал төмендегіше сипатталады:
а) жас сәбилердің туылуы- 717 бала
б) өлгендер- 271 адам, мұның ішінде 1 жасқа дейінгі сәбилер 5
бала.в) некеге тұрғандар - 286 жұп
г) ажыраскандар - 0 жұп
д) ауданға сырттан көшіп келгендер - 316 адам
ж) ауданнан тыс жерге көшіп кетушілер - 76 адамАудан территориясы арқылы республиканың оңтүстігі мен солтүстігін жалғайтын маңызды теміржолдар мен автомобиль магистралдары өтеді. Аудан орталығынан жақын теміржол стансасы Хантауға дейін 90 километр, ірі теміржол стансасы Шуға дейін 120 километр. Аудан территориясында барлығы 698 километр асфальт жол бар. Оның 135 хшлометрі республикалық маңыздағы жол, 563 километр жергілікті маңызды жолдар. Автомобиль жолдары аудан орталығын Шу қаласы арқылы Тараз, Шымкент, Ташкент, Алматы, Бішкек калаларымен; Ұланбел ауылы арқылы Талас, Сарысу аудандарымен, Шымкент облысының Созақ ауданымен жалғайды.
Аудан елді мекендерінде негізінен электр қуаты Жамбыл ГРЭС-нен үш жоғары вольтты жүйе арқылы келіп түседі. Аудандық электр жүйелерінің есебінде 1438 километрге созылған электр қуатын тарату желісі бар, оның ішінде әуе желісі 110 квт - 538 километр, 35 квт - 225 км, 6-10 квт - 407 километр, 0, 4 квт - 269 километр. Қызмет көрсету аумағы шамамен 250 километр көлемді қамтиды.
Ауданда елді мекендер арасында телефон байланысы жүйесі ескі системада, яғни әуе желісі арқылы беріліп келеді, оның жалпы ұзындығы 285 километр.
Ауданның жер қойнауында пайдалы қазба байлықтардың мол
қоры бар. Мұнда алтын, күміс, платина, алмас, қорғасын, мырыш,
вольфрам, уран, марганец, молибден, барит, қалайы, бериллий, гранит,
ас тұзы, флюорит, таскөмір, цемент шикізаты, табиғи газдың қорлары бар. Ақбақай кенішіндегі кең көлемдегі алтын өндірудің болжамы 220 тонна. Батыс кен басқармасында 3, 5 млн. тонна көмірдің. Құланда - 52 млн. тонна көмірдің, Шу кен орнында 860 млн. тонна көмірдің, Құлан-кетпес кен орнында 1, 5 млн. тонна флюорит кенінің, Шығанақ кен орнында ашық және жабық әдістермен өндіруге болатын 12 млн. тонна барит кенінің, Алатағыл кен орнында 631, 5 мың текше метр, Майкөл кен орнында 8, 5 млн. текше метр граниттің болжамдық қоры бар.
Бұлардан ауданда алтын, күміс, барит, гранит, көмір мен газ өндірілуде. Аудан экономикасының негізгі бағыты өнеркәсіп саласы.
«Ақбакай тау кен металлургия комбинаты» АҚ алтын өндірумен, «Шығыс кен басқармасы» ЖШС барит өндірумен айналысса, «Оргстрой» ЖШС гранит өндірісінде жетекші кәсіпорын саналады.
Ауылшаруашылығы негізгі саланың бірі. Биылғы жыл басына тіркеуде 609 шаруа қожалығы бар болса оның 596- сы жұмыс істеп тұр.
Ауданда 24 орта, 5 бастауыш және 1 кәсіптік мектеп бар. Олардын 19 типтік үлгідегі, 10 типтік емес үлгідегі мектептер.
Денсаулық сақтау саласында Мойынқұм ауылында 175 төсектік орталық аурухана, 40 төсектік туберкулез ауруханасы, Бірлік ауылдық ауруханасы, аудандық емхана және өзге де елді мекендер бойынша 8 СВА, 17 ФАП, ФП халыққа қызмет көрсетуде.
Мәдениет саласы бойынша: 1 аудандық мәдениет үйі, 16 ауылдық клубтар, 17 кітапхана және 1 орталық музей жұмыс істейді.
1. 1. Мойынқұм ауданының 2007 жылы
арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары.
Аудан экономикасының негізі - өнеркәсіп саласында 2007
жыл ішінде 436, 5 кг алтын, 85, 5 кг күміс, 3430 текшеметр гранит, 24100
тонна барит концентраты, 107700 тонна барит кені, 50 мың тонна көмір,
ақшаға шаққанда 1941, 4 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 197, 5 млн.
теңгеге жоғарылады. «Шығыс кен басқармасы» ЖШС «Реконструкция и
расширение Шыганакского дробильно-помольного комплекса» жобасын
аяқтап, кешенді іске қосты. Биылғы жылдың I тоқсанында өнім бере
бастайды. Бұл арқылы өнімнің өзіндік құны күрт төмендейді және
микробарит өндіру көлемі 10-15 пайызға артады деп күтіліп отыр.
Сонымен қатар «Ақбақай ТМК» АҚ құны 40, 0 млн. теңгені құрайтын
«Участок кучного выщелачивания» жобасын 2007 жылдың желтоқсан
айында іске қосты, бұл арқылы қосымша ай сайын 10-15 кг. катодтағы
алтын алынып, өнім көлемі 50 млн. теңгеге дейін өседі деп
жоспарлануда. Ауданда 2008-2010 жылдарға арналған индустриалды -инновациялық бағдарлама жасалды. Оған жалпы құны 26, 5 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба енгізілген, оның ішінде «Мынарал ЦементИнвест» ЖШС-ның Мыңарал кентінде жылдық өндірістік қуаты 1 млн. тонна цемент шығаратын зауыт құрылысының жобасы да бар. Облыстық Бағдарламаға енгізілген бұл жобаның құны 20480 млн. теңге (160 млн. АҚШ доллары) . Қазіргі таңда «АДС» компаниясымен келісім-шарт жасалып завод құрылысының инфрақұрылымы яғни ұзындығы 8 км. тұратын темір жол тұйығы, су құбырларының құрылысы, Үлкен стансасынан 36 км. электр желісін тарту, кіреберіс автомобиль жолы құрылыстары басталуда. Цемент зауытының құрылысын Қытайлық компания толық аяқтап беретін болады. Белгіленген объектіде қазір 40 құрылыс техникасы мен 80 жұмысшы жұмыс істеуде. Завод толық қуатында іске қосылған жағдайда жаңадан 1235 жұмыс орны ашылады деп отырмыз.
Ауылшаруашылығы саласында төрт түлік мал басы өсіп, мүйізді ірі қара 1453, қой-ешкі 13638, жылқы 530, түйе 22 басқа көбейді. Биылғы жыл басына 23484 бас мүйізді ірі қара, 157487 бас қой-ешкі, 3886 бас жылқы, 961 бас түйе, 52840 үй құсы өсірілуде. Мал өнімдерін өндіру және төл алу артты, 908 бас сиыр қолдан ұрықтандырылды, бұл өткен жылғыдан 55 бас артық. Төрт түлік малды сауықтыру емдерінен өткізу, жүқпалы ауруларға қарсы алдын ала егу және диагностикалық тексеру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырды. Осы мақсатқа республикадан бөлінген 12884 мың тенге толық игерілді. Сібір жарасына, сары ауруға, пастереллезге және тағы да басқа аурулардың алдын алу үшін вакциналар салынып, жоспар 100 пайызға орындалды.
Жылдан жылға ауданда кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдіруші азаматтардың саны көбеюде. Сонымен қатар кәсіпкерлік саласынан салық түсімі де жылдан жылға өсіп отыр. Атап айтсақ 2006 жылы кәсіпкерлік саласынан жергілікті бюджетке түскен салық көлемі 27, 0 млн теңгені құраса, 2007 жылы аталған салық көлемі 42, 8 млн. теңгені құрап, өсім 158 пайызды құрады. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл филиалының қолдауымен аудан бойынша 82 азаматқа 15, 0 млн. теңге, «Мойынқұм кредиттік серіктестігі» ЖШС қолдауымен аудан бойынша 33 шаруа қожалығына 82, 4 млн. теңге несие берілді және Жамбыл облысы бойынша «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы арқылы 1 кәсіпкерге 8, 0 млн. теңге берілді. Дегенмен әлі де кәсіпкерлерге несие алу жолдары қиындыққа соғады, себебі несие алу үшін кепілдікке қоятын мүлік бағасы өте төмен болғандықтан несие алу қиындап отыр.
2007 жылы мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдер түсудің болжамы 1008, 0 млн. теңге болса, нақты бюджет қорына өндірілгені 1028, 0 млн. теңгені құрап, болжам 102 пайызға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджет болжамы 107 пайыз орындалып, 208, 2 млн. теңге жергілікті бюджет 100, 7 пайызға орындалып 819, 8 млн. теңге кірістелді. 2006 жылмен салыстырғанда жалпы кіріс 124, 0 млн теңгеге артты.
Аудан елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету максатында Құмөзек ауылының ауыз су қүбыры құрылысына жалпы құны 126, 0 млн. теңге және Кеңес ауылының су қүбырының II кезектегі құрылысына жалпы құны 110, 0 млн. теңгеге тиісті құжаттары әзірленіп республикалық қаржыландыру есебіне енгізілді. 2008 жылға республикалық бюджеттен бұл 2 ауыл үшін 34, 2 млн теңге қаюалып отыр. Сол сияқты Жамбыл ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында облыс бюджетінен 180, 0 млн. теңге бөлініп отыр. Үланбел, Назарбеков, Мынарал, Шығанақ, Хантау ауылдарында су қүбырын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға тапсырыс берілді.
Аудан орталығында сегіз екі пэтерлі тұрғын үй құрылысына сараптамадан өткізілген сметалық шығын жобасы дайындалып 90, 0 млн. теңге облыс бюджетінен бөлініп отыр. Бұл үшін Бөрібай Биқожаүлына айтар алғысымыз шексіз. 2007 жылға тұрғын үй құрылысының бір жылдық жоспары 1300 шаршы метр белгіленіп, 16 тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілді. Яғни 1834 шаршы метр болып, жоспар 141 пайызға орындалды. Алайда, аудан көлемінде ипотекалық несие берілмеуі және құрылыс материалдарының жергілікті жерде өндірілмейтіндігі де тұрғын үй күрылысына кері әсерін тигізуде. Бұл мәселені шешу үшін
бөлініп, әлеуметтік жағдайы төмен 720 балаға 3, 4 млн. теңгеге ыстық тамақ ұйымдастырылып және 316 мың теңгеге 105 оқушыға қысқы киім алынды. Мектептерді күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілуіне 16, 7 млн. теңге, компьютерлендіруге 1, 7 млн. теңге, оқулықтар алуға республикалық және жергілікті бюджеттерден 6, 8 млн. теңге бөлініп толық игерілсе, интернет жүйесіне қаралған қаржыдан 1, 6 млн теңгесі игерілді.
Ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға және материалдық-техникалық жарақтандыруға соңғьт жылдары қаржы бөлу көп жоғарылады. Дегенмен сәбилер өлімі әлі де азаймай отыр. Бірақ ауданымызға 10 жас дәрігерлер шакыртылып, баспана мен әлеуметтік көмек берілді және қолда бар мүмкіндікті пайдалана отырып, түрлі аурулардың алдын алып, ел денсаулығын сауықтыруға күш салынуда.
Ауданда жыл ішінде атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқтала отырып, алдағы уақытта да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде еңбек ете береміз демекпін.
1. 2. Мойынқұм ауданы бойынша ауыл-кент округ әкімдерінің
рейтингі туралы
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының 14
қараша 2006 жылы №41-13. 108 облыс әкімдерінің Астана және Алматы
қалалары әкімдерінің аппараттарының жұмыстарында өздеріне
жүктелген міндеттерді орындау барысы туралы анықтамасында
көрсетілген кемшіліктердің Мойынқұм ауданында орындалу барысы
туралы іс-шарасының 4 пунктісі:Еңбекті оңтайландыру жүйесіне ішінара өзгерістер енгізе отырып мемлекеттік қызметшілердің қызметін рейтингтік шкаласы бойынша атқарған жұмыстың қорытындысына сілтеме жасай отырып бағалау.
Бұл іс-шараның жүзеге асуына ауыл-кент әкімдерінің қызметін бағалау үшІн ргйтингтік механизм жүйесі қолданылады. Бұл механизм Жамбыл облысы Әкімінің 2003 жылғы наурызындағы «Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласы әкімдерінің қызметін бағалайтын рейтингтік жүйе туралы» №70 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2003 жылдың қазан айындағы №172 шешіміне сәйкес қолданылады. Ауыл-кент әкімдері орындалуы жергілікті салықтың түсімі, өнеркәсіп, бір жолғы талон, ауылшаруашылық, жер қатынастары, шағын кәсіпкерлік және несие қайтарымы, кедейшілікпен жұмыссыздықты төмендету, білім беру,
аудан орталығындағы егесіз тұрған 5, 4 және 2 қабатты тұрғын үйлерді қалпына келтіоу мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда облыстық сейсмология және зерттеу институты мамандарының қорытындысы алынып, жеке кәсіпкерлерге гимаратты қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін тапсырыс берілді. Аудан көлеміндегі 6 мектеп жанынан нормага сәйкестендіріліп 1 және 2 топтық балабақша ашуға, эр балабақшаны қалпына келтіру жұмысына орта есеппен 3 млн. теңгеден және Мойынқұм ауылындағы иесіз қалған 140 орындық балабақша құрылысын қайта қалпына келтіру үшін 100, 5 млн. теңге қаржы қажет, бұған тиісті жобалық құжаттар әзірленді. 2008 жылы Кеңес, Жамбыл, Хантау, Шығанақ ауылдарында жалпы құны 94, 0 млн. теңге болатын фельдшерлік пункттер соғу жоспарланып отыр. Шу өзені бойындағы «Радай» өзегіне және «Ақ иық» каналына су реттегіш тоспаларын орнату арқылы су беруді реттеу жұмыстарына, Кіші Қамқалы және Үланбел ауылдарының Шу өзеніндегі кепірлерін жөндеу жұмыстарына, сол сияқты Бірлік ауылының «Байбарақ» каналына шаруа қожалықтарына қатынас көпірі құрылысына зерттеу жұмыстары жүргізіліп тапсырыс берілді.
Аудан тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы үнемі
назарымызда. Ауданда биылғы 1 каңтарға жұмыссыздар саны 898 адам
болса, ресми тіркеуде тұрғандары 269 адам. Жыл ішінде тіркеудетұрған жұмыссыздардан бос жұмыс орны мен жаңа ашылған жұмыс орнына 217 адам тұрғылықты жұмыспен қамтылды. Аудан орталығында туберкулез ауруханасының жаңа ғимаратқа көшуіне байланысты кеңейту арқылы ашылған жаңа жұмыс орнына 16 адам, Құмөзек ауылында бала бақша ашылуына байланысты жаңадан 3 адам жұмысқа орналастырылды. 114 нысаналы топтың адамдары жұмыспен қамтылып, 50 адам кәсіби оқытылды, 162 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, 11 әлеуметтік жұмыс орны ашылды және 9 оқу бітірген жастар «жастар тәжірибесін» өтті. Жыл ішінде 276 отбасының 1074 мүшесіне 10499 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тагайындалып төленді. 18 жасқа дейінгі 1740 отбасының 4264 балаларына 44987 мың теңге тағайындалып толықтай төленді. Есепте тұрған үйде оқытуды қажет ететін мүгедек балаларға 655 мың теңге әлеуметтік жэрдемақы төленді. Төртінші балаға берілетін біржолғы жәрдемақы 88 балаға 880 мың теңге көлемінде берілді. Әр түрлі топтағы 23 соғыс және еңбек ардагерлері мен мүгедектерге емдеу-сауықтыру шипажайларына жолдамалар берілді. Сонымен қатар 2 зейнеткер мен мүгедектер Облыстық қарттар үйіне орналастырылды.
Аудандағы жалпы білім беретін 29 мектепте 6427 оқушы білім алады. 2007 жылы жалпыға бірдей білім беру қорынан 6, 3 млн. теңге
денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, ішкі саясат, архитектура, құрылыс, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, құқық тәртібі, орындаушылық тәртібі салалары бойынша қызметтің қаншалықты оңтайлануы балмен бағаланып қорытынды шығарылады.
1. 3. Бюджетте түсетін салық және басқа да төлемдерінің
жоспарының өрындалу анализі
Бюджетке салықтар мен төлемдер түсу болжамы 102, 0% орындалып, 1028, 0 млн. теңге жиналды. Мұның ішінде республикалық бюджет 107, 0 % орындалып, 208, 2 млн теңге, жергілікті бюджет 100, 7 % орындалып 819, 8 млн теңге кірістелді.
2007 жыл ішінде бюджетке түскен түсім:
- «Ақбақай ТКМК» АҚ - 202912, 5 мың теңге
- «Шығыс кен басқармасы» ЖШС - 139532, 5 мың теңге
- Темір жол - 291268, 9 мыңтеңге
- «Казтарнсгаз» АҚ - 32250, 0 мың теңге
- Темір жол - 291268, 9 мың теңге басқа кәсіпорындар - 18484, 6 мың теңге
Аудан бюджетінің кірістер бойынша орындалуы 103, 0 % орындалып, 93, 2 млн. теңгені құрады, оның ішінде өз кірістері 9, 1 млн теңгені құрап, болжам 134, 0 % орындалды. 2007 жылдың 1 ақпанына бюджетке өндірілмеген берешек (недоимка) қарызы 42, 7 млн. теңгені құраса, 2008 жылдың 1 ақпанына 6, 8 млн. теңгені құрап отыр. Негізгі қарыз болған мекемелер «Үланбел» ӨК - 1930, 7 мың. теңге және «Ауыл-су» МКК - 2068, 0 мың теңге.
2. 1. Мойынқұм ауданының 2007-2008 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасы туралы
Ауданның 2007-2008 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына 7 жоба қосылған, оның ішінде: 3 жоба «Ақбақай ТКМК» АҚ жалпы құны - 1054, 5 млн. теңге. Құны -1297, 3 млн. теңге тұратын «Шығыс кен басқармасы» ЖШС-нан бір жоба және 3 жоба «Оргстрой» ЖШС жалпы кұны - 2, 8 млн. теңге.
Жеті жобаның ішінде құны 250, 0 млн. теңгені құрайтын «Участок кучного выщелачивания» атты «Ақбақай ТКМК» АҚ жобасы, 2006 жылы іске қосылмаган және «Ауданның 2007-2008 жылдарга арналган индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасына» қосылған. Ағымдағы жылда жобаны игеруге 187, 0 млн. теңге жоспарланып отыр. Берілген жоба бойынша кұрылыс жұмыстарында 47, 7 млн. теңге игерілген және жер жұмыстары толығымен аяқталған. «Участок кучного выщелачивания» жобасынның құрылысын қаржының болмауына байланысты 2007 жылы IV тоқсанына қалдырып отыр. Жобаның іске қосылуы қосымша ай сайын 30-40 кг. алтын катодында және 5-10 кг. күміс және қатты метал тастарынан алтын алу пайызы жогарылайды. Берілген жоба бойынша ашылуға 60 жұмыс орны жоспарланып отыр.
«Кенжем кен көзін игеру» жобасының құны-504, 5 млн. теңге, кен орнын әзірлеу үшін лицензия алуға келісім-шарт жүргізілуде. Жобаның іске қосылуы 2008 жылға жоспарланып отыр.
«Разработка месторождения Светинское» жобасының құны-300 млн. теңге, кен орнын әзірлеу үшін лицензия және несие алуға жұмыстары шешілуде. Жобаның іске қосылуы 2008 жылға жоспарланып отыр.
«Шығыс кен басқармасы» ЖШС-нің енгізілген «Реконструкция и расширение Чиганакского дробильно-помольный комплекс» жобасының жұмыстары жүргізілуде. Құны - 1297, 3 млн. теңге. Жоба бойынша құрылыс жұмыстарында 330, 9 млн. теңге игерілген және жобаның қолданысқа енгізілуі 2008 жылы IV тоқсанында жоспарланып отыр.
«Оргстрой» ЖШС-гі 3 жобаны енгізуге жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны-2, 8 млн. теңге. «Опытные внедрение станка сточечного бурения с двумя перфораторами», «Опытные работы по использованию НРС-1» жобаларын 2007 жылға іске қосуға жоспарлап отыр және «Оптимизация буровых работ» жобасын іске қосуды 2008 жылы жоспарлап отыр.
Жыл басынан бері гранитты шығару және бөлу үшін жарылғыш тэсілді қолданбайтын тәжірбиелі жұмыстар атқарылуда. Алғашкы көрсеткіштер берілген тәсіл бойынша тауардың өзіндік күнын өскенін және материал мен уақыт жоғары шығынды екенін көрсетті. «Опытные работы по использованию НРС-1» жобасы бойынша 1, 0 млн. теңге игерілді.
«Внедрение станка строчечного бурения с даумя перфораторами», «Переоборудование станка для бурения с двумя перфораторами» жобалары іске қосылып, 0, 2 млн. теңге игерілді. «Оптимизация буровых работ при добыче гранита» жобасы бойынша жұмыстар атқарылуда. Компрессорларды алуға (4 дана) 6, 6 млн. теңге бөлінген. Жобалардың іске асуы тұрақты бақылауды тұр.
2. 2. Мойынқум ауданындағы өндірістік кәсіпорынның өндірістік тауардың өндірілген 2007 жылдың қорытындысына сараптама.
2007 жылы ауданда барлығы 436, 5 кг алтын, 85, 5 кг күміс, 24, 1 мың тонна барит концентраты, 107, 7 мың тонна барит кені, 50, 0 мың тонна көмір, ақшаға шаққанда 1941, 1 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.
Кесте 1. Өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша өнім өндіру көлемі (млнл теңге) :
№
Кәсіпорындар
2006
жыл
қаңтар
нақты
2007 жыл
болжам
нақтысы
%
жылға
%
«Ақбакай ТКМК» АҚ
88, 5
78
61, 1
78, 3
69, 0
«Шығыс кен басқармасы» ЖШС
78, 3
60
55, 7
92, 8
0
0
65
«Оргстрой» ЖШС
0
0
0
«Коптас» ЖШС
0
0
0
«Құлан ТБ» ЖШС
0
0
5
«Кұлан Көмір» ЖШС
0
0
15
«Продснаб» ЖШС
0, 1
0, 1
0, 1
100
ГКП «Ауыл су»
0, 6
0, 6
0, 7
116, 7
0, 2
0, 2
0, 2
100
22, 0
20
39, 3
196, 5
Типографи
0, 2
0, 2
0, 2
100
189, 6
163, 8
245, 0
149, 6
1 кестеге талдау:
Мойынқұм ауданындағы өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша өнім өндіру көлемі млн. тенгеге шаққанда басым бөлігі «Ақ бақай ТКМК» Акционерлік қоғам құрайды. Барлық 189, 6 млн тенгенің 88, 5 млн. тенгесі осы «Ақ бақай ТКМК» Акционерлік қоғам еншігінде. «Шығыс кен басқармасы» ЖШС ойынша 78, 3 млн. тенге аудан шаруа қожалықтары 22 миллион тенге құрайды. Алдағы 2007 жылы өнім өндіру көлемін арттыру жоспарланып отыр. Яғни борлық кәсіпорындар ойынша 189, 6 миллион тенгені 245 миллион тенгеге арттыру көзделіп отыр.
Кесте 2. Өнеркәсіп кәсіпорындарында заттай өндірілген өнім көлемі
өлшем бірлігі
2006 жыл қаңтар
2007
жыл қаңтар
2007 ж.
2008ж.
салыс/да
(+>)
1
2
3
1
кг
Оның ішінде: «Ақбақай ТКМК» АҚ
кг
2
Күміс-барлығы
кг
-5
Оның ішінде: «Ақбақай ТКМК» АҚ
кг
-5
3
Барит кені
4
Барит концентраты - барлығы
мың тн
Оның ішінде
«Шығыс кен басқармасы» ЖШС
мың. тн
«Эврика барит» ЖШС
+8
5
Гранит - барлығы
куб. м
0
Оның ішінде «Оргстрой» ЖІІІС
куб. м
«Коптас» ЖШС
куб. м
6
Көмір - барлығы
мын тн
«Кұлан көмір» ЖШС
мын тн
«Құлан ТБ» ЖШС
мың. тн
2 кестеге талдау.
Мойынқұм ауданы бойынша соңғы жылдың мәліметтері бойынша «Ақ бақай ТКМК» Акционерлік қоғам 46 кг алтын, күміс 12 кг, барит кені 15 мың тонна өндірілген, «Көптас» ЖШС көмі 20 мың тонна өндірілген, «Құлан көмір» ЖШС 15 мың тонна, «Құлан ТБ» ЖШС 5 мың тонна өндірілген.
Қорытынды
... жалғасыАудан әкімдігінің кәсіпкелік бөлімі кәсіпкерле және кәсіпорындардың жұмыстарының тікелей ретілігіне бақылаумен айналысады . Бұл жұмыс салық комитетімен бірге жүреді
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz