ҚР-ғы және шетелдердегі шағын кәсіпкерлікті қолдау құрамы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Ι.ТАРАУ. Кәсіпкерліктің теориялық негізі
1.1 Кәсіпкерлікке анықтама және оның экономикадағы мәні
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері

ΙΙ.ТАРАУ. Қазақстандағы «Қазпочта» акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметіне талдау
2.1 «Қазпочта» акционерлік қоғамына технико.экономикалық талдау
2.2 «Қазпочта» акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметінің даму жағдайы

ΙΙΙ.ТАРАУ. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметін дамыту жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ

Соңғы жылдары Қазақстанда жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың табыс алуға бағытталған кәсіпкерлік жұмысы кең даму алды.
Бүгінгі күнде кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың дамуына ықпал етеді, яғни ол бүкіл қоғамның дамуына әсерін тигізеді. Шет елдер кәсіпкерлік жұмыстың арқасында, ал кәсіпкерлер өздерінің мемлекеттің қолдауының арқасында дамып отыр.
«Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді» деп Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан.
Сонымен қатар Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті елдің халықаралық аренадағы ролі мен беделінің артуынан, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілетінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді» деп атап айтқан. Яғни ол мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, экономикамыз дамыған болсын деген ұсыныспен халыққа жеткізді.
Нарықтық экономиканың дамуы кәсіпкерліктің құрылуымен кәсіпкерге тәрбие берумен қадағалайды. Қазақстан өтетін экономикалық реформа кәсіпкерліктің дамуына жаңа перспективалар ашты.
Кәсіпкерліктің жақсы дамуы жеке мүлікпен экономикалық қызмет еркін болғанда кең даму алады. Қазір Қазақстан кәсіпкерлік қызметсіз іске аспайтын нарықтық қатынастың құрылу стадиясында болып тұр – және осы аксиома менің таңдалған тақырыбымның актуалдылығы болып табылады.
Бұл курстық жұмысымның басты мақсаты Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму деңгейін анықтап, оған талдау жасай отырып, өз ұсыныстарымды атап өту, ал жұмысымның міндеті кәсіпкерлік терминін жан-жақты қарау, оның формалары мен түрлерін қарастыру, Қазақстандағы нарық экономикасындағы кәсіпкерліктің құрылуын зерттеу. Сонымен қатар мен бұл жұмысымда мен Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын және көптеген әдебиеттерді қолдандым, солардың ішінде журналдар, кітаптар, газеттер қолдандым.Осы курстық жұмысымның зерттеу объектісі болып Қазақстандағы «Қазпочта» акционерлік қоғамы болды, ал зертеу пәні осы «Қазпочта» акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметі мен дамуы болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Стат.бюллетень Мин.финансов РК 10 (58) – октябрь 2003г.
2. Егемен Қазақстан 2002 21 қыркүйек (Дамытуға не кедергі)
3. Егемен Қазақстан 2002 желтоқсан (Мораторий)
4. Ақиқат 2003 №6
5. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Актілер жинағы 2002 №46
6. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Актілер жинағы 2002 №27
7. Қаржы қаражат 1998 №12
8. ҚазМҰҮ «Кәсіпкерлік – ерекше экономикалық құбылыс» Е.Б. Жатқанбаева Алматы 1994
9. «Экономиканы дамыту – кәсіпкерлер қолында» Ілдебаев Т. Астана ақшамы 2003 1 қараша
10. Кәсіпорын экономикасы Жолдасбаева
11. Экономика предприятия
12. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы Егемен Қазақстан 2004ж 19 наурыз
13. «Қазпочта» акционерлік қоғамының жылдық қаржылық есебі (2001-2002ж.ж.)

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БIЛiМ МИНИСТРЛIГI

"Экономика" кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ҚР-ғы және шетелдердегі шағын кәсіпкерлікті қолдау құрамы

"Кәсіпкерлік негіздерін ұйымдастыру" курсы бойынша

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТЕГІ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

Ι-ТАРАУ. Кәсіпкерліктің теориялық негізі
1.1 Кәсіпкерлікке анықтама және оның экономикадағы мәні
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске
қатысудағы өзгешеліктері

ΙΙ-ТАРАУ. Қазақстандағы Қазпочта акционерлік қоғамының кәсіпкерлік
қызметіне талдау
2.1 Қазпочта акционерлік қоғамына технико-экономикалық талдау
2.2 Қазпочта акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметінің даму
жағдайы

ΙΙΙ-ТАРАУ. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметін дамыту жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары Қазақстанда жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың табыс
алуға бағытталған кәсіпкерлік жұмысы кең даму алды.
Бүгінгі күнде кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың дамуына ықпал етеді,
яғни ол бүкіл қоғамның дамуына әсерін тигізеді. Шет елдер кәсіпкерлік
жұмыстың арқасында, ал кәсіпкерлер өздерінің мемлекеттің қолдауының
арқасында дамып отыр.
Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің
барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала
береді деп Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында
айтқан.
Сонымен қатар Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекеттің
бәсекелестік қабілеті елдің халықаралық аренадағы ролі мен беделінің
артуынан, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу
қабілетінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді деп
атап айтқан. Яғни ол мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, экономикамыз дамыған
болсын деген ұсыныспен халыққа жеткізді.
Нарықтық экономиканың дамуы кәсіпкерліктің құрылуымен кәсіпкерге
тәрбие берумен қадағалайды. Қазақстан өтетін экономикалық реформа
кәсіпкерліктің дамуына жаңа перспективалар ашты.
Кәсіпкерліктің жақсы дамуы жеке мүлікпен экономикалық қызмет еркін
болғанда кең даму алады. Қазір Қазақстан кәсіпкерлік қызметсіз іске
аспайтын нарықтық қатынастың құрылу стадиясында болып тұр – және осы
аксиома менің таңдалған тақырыбымның актуалдылығы болып табылады.
Бұл курстық жұмысымның басты мақсаты Қазақстандағы кәсіпкерліктің
даму деңгейін анықтап, оған талдау жасай отырып, өз ұсыныстарымды атап өту,
ал жұмысымның міндеті кәсіпкерлік терминін жан-жақты қарау, оның формалары
мен түрлерін қарастыру, Қазақстандағы нарық экономикасындағы кәсіпкерліктің
құрылуын зерттеу. Сонымен қатар мен бұл жұмысымда мен Президентіміз Н.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын және көптеген әдебиеттерді
қолдандым, солардың ішінде журналдар, кітаптар, газеттер қолдандым.Осы
курстық жұмысымның зерттеу объектісі болып Қазақстандағы Қазпочта
акционерлік қоғамы болды, ал зертеу пәні осы Қазпочта акционерлік
қоғамының кәсіпкерлік қызметі мен дамуы болып табылады.

Ι-ТАРАУ. Кәсіпкерліктің теориялық негізі
1.1 Кәсіпкерлікке анықтама және оның экономикадағы мәні

Кәсіпкер дегеніміз кім? Кәсіпкерлікке не жатады? Кәсіпкердің бағы неде?
Осы және басқа да осындай сұрақтар күн сайын көбейіп , бұл процеске деген
ынтаны әлем деңгейінде күшейтуде. Жоғарыдағы сұрақтарға жауап бере отырып,
кәсіпкерлік туралы көзқарастың мыңдаған жылдар бойы өндіргіш күштің
дамуымен меншік қатынастарымен, ғылыми-техникалық прогрестің және қоғамдағы
өндірісті ұйымдастырудың түріне, оның шоғырлану дәрежесіне қарай өзгеріп
тұратынын атап өту қажет. Әсіресе нарықтық несие мен ақша айналымының әсері
айтарлықтай.
Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау – оның жалпы экономикалық ойпікір
сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетеді. Орта ғасырларда
кәсіпкер деген термин, одан да бұрынғы антрапренер (антрапренер -
француз сөзі делдалдық дегенді білдіреді) екі мағынада қолданылды -
түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік
немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында
кәсіпкерлік туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына
қарамастан, ерекше ой-пікір болған. Алайда батыстың экономикалық
теориясында кәсіпкерлік мәселелеріне назар аудару XVIII ғасырдан
басталды. Оны атақты ғалымдар Р.Кантилонаның, А.Тюргоның, Ф.Кенэнің,
А.Смиттің, Ж.Сэйдің есімдерімен байланыстырады. Кәсіпкерлік терминінің
атасы белгілі ағылшын экономисті Ричард Кантильон (XVIIғас.басы). Ол
кәсіпкер деп нарық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.
Әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық
қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң – құқылық, психологиялық, тарихи
жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық
жағдайларында жатыр. Кәсіпкерлік қатынастарды қараудың алғашқы нүктесі-
олардың субъектісі мен объектісін анықтау. Кәсіпкерліктің субъектісіне
экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер, алдымен жеке-дара индивидтер,
адамдар жатады. Олар бұл сапада жеке-дара өндірісті ұйымдастырудан
көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің еңбек шығындарына немесе
жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы жағдайда кәсіпкер жалдаушы
болады.
Кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүргізуі мүмкін, оларды
байланыстырушы – міндетті шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай
кәсіпкерліктің түрі – ұжымдық, коллективтік деп аталады. Ұжымдық
кәсіпкерліктің субъектісі - әртүрлі ассоциациялар: акционерлік қоғамдар,
кооперативтер және т.б. Жеке-дара кәсіпкерлерге қарағанда партнерлік
бірлестіктермен ірі көлемдегі мәселелерді шеше алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ерекше айтқан жөн. Өйткені мемлекет
кәсіпорындарының ұжымы өзінен өзі кәсіпкерлікті ңсубъектісі бола алмайды.
Бірақ егер қайта құрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа , айталық
арендаторлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің
субъектісі болады.
Кейбір жағдайларда кәсіпкерліктің субъектісіне мемлекеттік, оның тиісті
органдарын жатқызады. Бірақ нарықтық экономиканың жалпы ережесі бойынша
мемлекет бизнесті ұйымдастырудың жолын белгілеп, оны бақылап отырып
кәсіпкерлік субъектісі бола алмайды. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет
түрінің иерархиясы шығады:! мемлекеттік (жоспарлы кездегіден өзгеше
нарықтық экономикадағы роліне байланысты), ұжымдық, жеке-дара.

Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерін толық бағалау үшін олардың
субъектілерін номиналды және реалды деп бөлудің маңызы ерекше. Номиналдыға
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы жатады. Нарықты экономика елдерінде
әрбіреуінің бұған құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру қоғам мүшесінің
бәрінің қолынан келмейді.Сондықтан кәсіпкерліктің шын, реалды субъектісі –
бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы – капитал иемдену құқысы барлар.
Міне осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік секторын құрып, дамыта алады.
Кәсіпкерліктің объектісі – адамның белгілі қызметі. Мұның ерекшелігі
неде? Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі - өндірілген өнім мен көрсетілген
қызмет. Бірақ, ең бастысы - әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін,
пайдалысын ғана жасайды. Міне осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты
өз кәсіпорнының пайданы көп келтіруі немесе шығындарын барынша азайту. Ал
кәсіпкердің табысы көбіне оның істі ұйымдастыруына тікелей байланысты.
Қызметінің бастапқы кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып
қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді,
яғни бұл кәсіпкер ісінің ең басты мәселесі.
Сонымен кәсіпкерлік – жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияны
пайдалану, апиталды жұмсаудың тың салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен
шығу. Былайша айтқанда, өндірістің жаңа түрін ашып дамыту, қызметтер мен
тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын
өзгерту, жаңарту және өркендету туралы болып отыр. Мұндай өзгерістердің
түрлері әралуан – жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескіні қайта құру,
байланыстардың жаңа түрлерін жасау немесе ескілерін жою, модификациялау
және т.б.
Барынша көп табыс келтіру – кәсіпкерлік жұмыстың қозғаушы факторы. Көп
жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан ары кеңейтіледі.
Бірақ нарық жағдайында белгілі бір өзгерістер өне бойы болып тұрады.
Кәсіпкерлер көбіне бұл өзгерістердің басталуын күтпейді, тек соңынан ғана
оларға тиісінше көңіл аударады. Жоғарыда көрсеткендей олар өздеріне тиімді
өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтар енгізеді. Жаңалық процесінің мұраты
– пайда табу. Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін,
экономикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа
дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден
ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға творчестволықпен қарау
іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат-шаруашылық жүргізудегі тәуекелге бел
бууы. Іске кіріскенде алғашқыда болашақ бұлдыр, оны болжап білу қиын. Жаңа
идеялар мен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіпқатері көп, ал оларды
өне бойы экономикалық жағынан есептеуге мүмкін емес.
Шаруашылық қауіп – қатердің, тәуекелді ңнегізінде мүмкін болатын және
шын шығындар мен нәтижелердің ара қатынасы жатады. Егер өндірілген тауарлар
бағасы жұмсалған шығындарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді
ұйымдастыра алмағаны, әлде күткен конъюнктура жайсыз болғаны.
Өндіріс факторларын комбинациялауды тұрақты бақылау кәсіпкерді өне
бойы қауырт жағдайда ұстайды, ал мұндай психологиялық жай өндірістің басқа
мүшелерінде тарайды. Сонымен, нақты кәсіпкерлік қызметтің шеңберіне
шаруашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу, пайдалылықты анықтау,
өндірісті ұлғайтудың қаржылық және басқа ресурстарын қамтамасыз ету,
жұмысшыларды жалдау, өкіметпен, жабдықтаушымен, клиенттермен қарым-
қатынастар енеді. Әрине осы жұмыстардың бәрін бір адамның атқаруы міндетті
емес. Бірақ кәсіпкерді линзамен салыстыру орынды: ол басқалардың энергиясын
көбейтеді. Тәуелсіздік және ұйымдастырудағы новаторлық-кәсіпкерліктің мәні
осында: біреуі оған өмір берсе, екіншісі – тағдырын анықтайды.
Кәсіпкерліктің мәнін толық түсіну үшін оны меншік қатынастарын жүзеге
асырудың бір түрі деп қарау керек. Кәсіпкер меншік иесі ме? Бұл сұраққа
жауап беру үшін меншік иесінің қызметін шаруашылық субъектісінің қызметінен
айыра білу шарт. Өткен ғасырдың өзінде –ақ меншіктегі капиталдан қызмет
атқаратын капитал бөлінді. Осыған қарап өндіріс құрал-жабдықтарны меншік
объектісі ретінде иемденумен оларды шаруашылық объектісі ретінде иемденуі,
тиісінше меншік иесі қызметін шаруашылық субъектісі қызметінен айыра білу
керек. Субъектінің өндіріс құрал-жабдықтарын меншік және шаруашылық
объектісі ретінде иемдену жеке-дара кәсіпкерлік деп түсіндіріледі. Шешім
қабылдау процесі капитал иесіне түгел тәуелді. Алайда әдетте шешім қабылдау
капитал иесінен капиталды басқарушыға ауысып отырады. Бұл өндіріс құрал-
жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемдену. Оның иелері жеке адам,
топ немесе ұжым болулары мүмкін. Олар белгілі жағдайлар негізінде
кәсіпкерге айналады - өздерінің шаруашылық жұмысы нәтижелерінде
экономикалық жауапкершілікпен қарайтын оқшауланған тауар өндірушілер. Бұл
тенденция, бағыт акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты
күшейтеді. Жеке кәсіпорындарда бұрынғысынша меншік иесі кәсіпкер. Бір-ақ
қазіргі кәсіпкерлік кооперативтік болып, ұйымдастыру, техникалық басқару
меншік иесінен оның толық қанды өкілі – менеджерге ауысуымен сипатталады.
Сонымен, кәсіпкер өндіріс құрал-жабдығын меншіктенуші болмай-ақ шаруашылық
өкілі ретінде оларды иемдене алады. Кәсіпкер қызмет істейтін меншіктің иесі
ретінде шаруашылық субъектісі болып оқшауланады. Ол оған шаруашылық жұмысын
өз бетімен жүргізуге жағдай жасайды, өз есебінен кәсіпорынды ашып, өндіріс
құрал-жабдықтарын тиімді пайдалануға, оны жұмыс күшімен қосудың жағдайын
анықтауға мүмкіндік береді.
Демек, кәсіпкер мен меншік иесі арасында айтарлықтай қатты байланыс
жоқ. Кәсіпкерлік қызметтің мәні - өндіріс құрал-жабдықтарын шаруашылық
объектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында өндіріс факторларын
тиімді пайдалану.

1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске
қатысудағы өзгешеліктері

Кәсіпкерліктің формаларын ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-экономикалық
деп бөлуге болады.
Ұйымдық-құқықтыққа – серіктестік, шаруашылық қоғам, кооператив жатады.
СЕРІКТЕСТІК – белгілі бір порция бойынша өз капиталдарын еңбек
ресурстарны жұмылдырып және кәсіпорынның пайдасынан өз үлесін алып, тұруға
келісім жасап, осы кәсіпорынның иесіне айналатын бірнеше кәсіпкерлердің
бірлестігі.
КООПЕРАТИВ – жалға алған немесе олардың пайдалануына берілген
мүліктерді пайдаланатын, тауар , өнім өндіру , әр түрлі жұмыстар орындау
және қызмет көрсету шаруашылығымен айналысу мақсатымен кооперативке мүше
ретінде ерікті түрде бірлескен адамдар тобы. Олар өндірісті дербес, өзін-
өзі басқару және қаржыландыру принципіне сәйкес ұйымдастырылады.
Ұйымдық-экономикалық формаға мыналарды жатқызуға болады: концерн,
синдикат, қауымдастық, картель, қаржылық-өндірістік топтар.
Енді осылардың әрқайсысына қысқаша тоқталатын болсақ:
КОНЦЕРН – қатысу жүйесі арқылы мүдде ортақтығы, жеке
жөніндегі шарттары, патенттік-лицензиялық келісімдері, қаржылануы, шығысы
өндірістік ынтымақтастығы бойынша бір-бірімен байланысты жеке кәсіпорын
бірлестігі.
СИНДИКАТ – несие беру немесе облигациялық займды ұйымдастыруға қатысушы
банктер тобы.
ҚАУЫМДАСТЫҚ – бірлескен қызметі заңмен реттелетін, өз мақсаты белгілі
бір жалпы мүдделерді іске асыруға көмектесу деп санайтын жеке адамдардан
тұратын ұйым.
КАРТЕЛЬ – қандай да бір тауар немесе қызмет көрсетудің жеткізілуін
бақылайтын компанияның шағын тобы.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі,
кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап
ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай,
кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді.
Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік
технологиясы болады.

1. Схемада көрсетілгендей жаңартпашылық, ғылыми-техникалық қызмет,
тауар мен қызметті өндірістік тұтыну және осы саладағы ақпараттық тұтыну
өндірістік кәсіпкерлікке жатады. Кез-келген кәсіпкерлер ең алдымен қандай
кәсіпкерлік қызмет, нақты қандай тауар өндіру керектігін анықтау керек. Ары
қарай кәсіпкер маркетингтік қызметке кіріседі. Тауарға деген қажеттілікті
білу үшін ол потенциалды тұтынушылармен, тауар сатып алушылармен, көтерме
немесе көтерме-бөлшек сауда ұйымдарымен контактіге түседі. Бұл
келіссөздердің нәтижесі кәсіпкермен болашақ тауар алушылар контактіге
отырады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделік өрісі едәуір түрліше және оны іске
асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде
қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру
және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
2. Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын , оның
мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-
айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен
айрмашылығы – мұнда өнім өндіруге - байланысты өндірістік
ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның
бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта сату және
қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру,
ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме
сатып алу бағасы елеулі жоғары болу керек екеніне сүйену қажет.
Коммерциялық кәсіпкерлік қызметіне тауар биржалары мен сауда
ұйымдары жатады. Тауар биржасы дегеніміз – тауар өте аз болып
жасалуы және сатып алушы үлгісіне қарамай алатын көтерме нарық
саудасының әртүрлілігі. Тауар биржасында коммерциялық
делдалдармен олардың қызметшілері қосылып сауда операцияларын
жүргізеді.
3. Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі,
солай болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшалығы –
тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар
(акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б.) ,
яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада
жүргізіледі. Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік – бұл
коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық
мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады,
айырмасы тек тауар қаржы активі болып саналады. Сонымен қатар
қаржылық кәсіпкерліктің негізгі қызметі коммерциялық банкпен
биржа қорлары болады. Коммерциялық банк – коммерциялық ұйымдарды
ақылы несиелейтін, клиенттердің айтуы бойынша есеп
операцияларымен ақша салымдарын қабылдауды іске асыратын
акционерлі типтегі қаржылық – несиелік мекеме. Қазақстандағы
коммерциялық банк қызметінің ерекшелігі өндірістің құралдарын
ұзақ уақытқа алады да, аз уақытқа қарыз береді. Тағы бір
ерекшелігі қажет құралдар болмағандақтан ұзақ уақытқа көп
несиелерді бере алмайды.
Биржа қорлары дегеніміз – капиталдың жоғарылауы мен активтердің нақты
құнын көрсететін құнды қағаздар нарығы. Биржа қорының принципі сұраныс пен
ұсынысты реттеу.

ΙΙ-ТАРАУ. Қазақстандағы Қазпочта акционерлік қоғамының кәсіпкерлік
қызметіне талдау
1. Қазпочта акционерлік қоғамына технико-экономикалық талдау

Қоғамның рыноктық экономика және ақпараттандырудың қазіргі даму
кезеңінде почта байланысы ақпараттық инфрақұрылымның маңызды элементі болып
табылады. Бүгінгі күні Қазпочта акционерлік қоғамының кең ауқымды почта,
қаржылық, және агенттік қызмет көрсету үшін бар күшін жұмсауда. Қызмет
көрсету механизмін тұрақты түрде жетілдіріп отырады, жаңа қызмет түрлері
жобаланып жасалады және енгізіледі, клиентке қызмет көрсету сапасын арттыру
үшін ең жаңа технологиялар пайдалануға енгізіледі. Сонымен қатар кеңінен
тармақталған филиалдық желі біздің қызметті елдің ең шалғайдағы
аймақтарының тұрғындарымен қоса, тұтынушылардың барлық топтарының бірдей
пайдалануына жағдай жасайды.

Қазіргі кезде уақыт талабына сай, почта байланысының тиімділігінің
арта түсуімен қатар, жаңа қызмет түрлері, жаңа технологиялар енгізіліп,
көрсетілетін қызмет сервисі арта түсуде. Сонымен қатар почта жөнелтілімін
адресатқа жеткізу мерзімі қысқарып келеді.

Өткен 2002 жыл, Қазпочта акционерлік қоғамы үшін қоғамның кезекті
қаржылық тұрақтану және негізгі экономикалық көрсеткіштерінің өсу жылы
болды. Төменде келтірілген деректер осы айтылғандардың айғағы болмақ.

ТАБЛИЦА 1- ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗПОЧТА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНА ТЕХНИКО-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

№ КӨРСЕТ- өлш. бірл2001 2002 + - %
КІШ ТЕР
1 Көрсетілген Мың. тг 2989304 3915671 926367 30%
қызметтен
түскен табыс
2 Көрсетілген Мың. тг 1980827 2507131 526304 26%
қызметтің
өзіндік құны
3 Жалпы табыс Мың. тг 1008477 1408540 400063 39
4 Кезеңдік Мың. тг 11152 6232 -4920 -45
шығындар
5 Негізгі Мың. тг 997325 1402308 404983 40
қызметтен
түсетін табыс
6 Негізгі емес Мың. тг 399563 85009 -314554 -79
қызметтен
түсетін табыс
7 Салық салуға Мың. тг 1396888 1487317 90429 6
дейінгі табыс
8 Корпоративті Мың. тг 26775 15635 -11140 -42
салық (30%)
9 Салық Мың. тг 1370113 1471682 101569 7
салынғаннан
кейінгі табыс
10 Төтенше жағдай - - - -
шығындары
11 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«АҚШ-та басталған Қаржы дағдарыстың Қазақстан Республикасына тигізер әсері»
Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибелері
Қазақстандағы франчайзинг
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі
ҚР-ғы кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру формалары
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру формалары
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Қаржылық сақтандыру негіздері
Жекеменшік экономикалық категория ретінде
«Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің дамуы және тиімділігін арттыру» (ЖШС «АРЫС» мысалында )
Пәндер