Ортағасырлық Ислам философиясы



I Ортағасырлық ислам философиясының бірегейлігі.
1.1 Ислам діні . араб философиясының негізі
1.2 Дін мен фалсафа сабақтастығы
1.3 Христиан діні
Орта ғасырда пайда болып, жаңа заманға дейін философия тарихында көрнекті орын алған, еңбектерін араб тілінде жазған, негізінен мусылман елдерінен шыққан ойшылдар тобының ілімін ғылымда фалсафа ден атау дәстүрі бар. Оларды орыс тіліндегі әдебиеттерде «араб тіліндегі философия» немесе «араб философтары» дейді. Анығында бұлар ерекше ойлау менталитетіне ие болған фалсафа өкілдері. Көпшілікке ұсынылып отырған осы хрестоматияның мақсаты — фалсафаның аса көрнекті өкілдерімен жүртшылықты таныстыру.
Фалсафа туралы 1991 жылы Москваның «Наука» баспасынан жарық көрген «Исламның энциклопедиялық сөздігінде» мынандай түсінік берілген: «ал-фалсафиа — термин, которым в средневековой мусулъманской литературе обозначали философию мыслителей, ориентировавшихся на античные модели философствования и называвшихся фаласифа (ед. ч. файласуф), а также саму античную философию».
Бұл түсініктен мынандай жайлардың басы ашылып тұр. Біріншіден, фалсафа философия дегеннің арабшаланған түрі. Демек, араб тілі орта ғасырда философиялық мәдениеттің тіліне айналған. Философияның бір тілдік негізде өрбігені тарихта белгілі, айталық, антиктік философия грек тілі негізінде болса, Шығыс Азия мен Қытайда тибет тілінде, Орта Азия мен Еуразиялық кеңістікте түркі тілінде, Батыс Еуропада ортағасырлардан жаңа дәуірге дейін латын тілінде, қазіргі заманда мұндай міндетті ағылшын тілі игеріп кетуі ықтимал.
Фалсафаның араб тілінде өрбуіне мәдени-тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайлар болган. Бұл жерде еріксіз мойындайтын мәдени-әлеуметтік жағдай: ислам діні, оны таратушы басты саяси күш — Араб халифаты. Халифат мемлекеттік құрылым ретінде Аравияда VII ғасырдың жиырмасыншы жылдары пайғамбарымыз Мұхаммедтің діни реформасы нәтижесінде өмірге келген. Пайғамбарымыз дүние салғаннан кейін Халифат мүлдем ұлан-асыр империяға айналды. Әдетте, мұндай империялардың ғүмыры ұзақ болмаушы еді, халифат болса жеті ғасырдай уақыт өмір сүрді. Бұл имнериялар тарихында болімаған мерзім. Әлемді дүр сілкіндірген социалиизмнің өмірі небәрі жетпіс жылға әзер жетсе, Халифат дүниеге жеті жүз жылга жуық өз өктемдігін жүргізді. Араб тілі осы империяның мемлекеттік тілі болатын. Мұхаммед пайғамбар діни ұстаз, саяси басшы әрі ең жоғаргы үкім шығарушы болғандықтан, оның тілі (араб тілі) дінде, саясатта, шариғатта (заңда) мемлекеттік қызмет атқарған.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I Ортағасырлық ислам философиясының бірегейлігі.

Ислам діні - араб философиясының негізі

Дін мен фалсафа сабақтастығы

1.3 Христиан діні

1.Ортағасырлық ислам философиясының бірегейлігі.

1.1 Ислам діні - араб философиясының негізі

Орта ғасырда пайда болып, жаңа заманға дейін философия тарихында көрнекті орын алған, еңбектерін араб тілінде жазған, негізінен мусылман елдерінен шыққан ойшылдар тобының ілімін ғылымда фалсафа ден атау дәстүрі бар. Оларды орыс тіліндегі әдебиеттерде араб тіліндегі философия немесе араб философтары дейді. Анығында бұлар ерекше ойлау менталитетіне ие болған фалсафа өкілдері. Көпшілікке ұсынылып отырған осы хрестоматияның мақсаты — фалсафаның аса көрнекті өкілдерімен жүртшылықты таныстыру.

Фалсафа туралы 1991 жылы Москваның Наука баспасынан жарық көрген Исламның энциклопедиялық сөздігінде мынандай түсінік берілген: ал-фалсафиа — термин, которым в средневековой мусулъманской литературе обозначали философию мыслителей, ориентировавшихся на античные модели философствования и называвшихся фаласифа (ед. ч. файласуф), а также саму античную философию.

Бұл түсініктен мынандай жайлардың басы ашылып тұр. Біріншіден, фалсафа философия дегеннің арабшаланған түрі. Демек, араб тілі орта ғасырда философиялық мәдениеттің тіліне айналған. Философияның бір тілдік негізде өрбігені тарихта белгілі, айталық, антиктік философия грек тілі негізінде болса, Шығыс Азия мен Қытайда тибет тілінде, Орта Азия мен Еуразиялық кеңістікте түркі тілінде, Батыс Еуропада ортағасырлардан жаңа дәуірге дейін латын тілінде, қазіргі заманда мұндай міндетті ағылшын тілі игеріп кетуі ықтимал.

Фалсафаның араб тілінде өрбуіне мәдени-тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайлар болган. Бұл жерде еріксіз мойындайтын мәдени-әлеуметтік жағдай: ислам діні, оны таратушы басты саяси күш — Араб халифаты. Халифат мемлекеттік құрылым ретінде Аравияда VII ғасырдың жиырмасыншы жылдары пайғамбарымыз Мұхаммедтің діни реформасы нәтижесінде өмірге келген. Пайғамбарымыз дүние салғаннан кейін Халифат мүлдем ұлан-асыр империяға айналды. Әдетте, мұндай империялардың ғүмыры ұзақ болмаушы еді, халифат болса жеті ғасырдай уақыт өмір сүрді. Бұл имнериялар тарихында болімаған мерзім. Әлемді дүр сілкіндірген социалиизмнің өмірі небәрі жетпіс жылға әзер жетсе, Халифат дүниеге жеті жүз жылга жуық өз өктемдігін жүргізді. Араб тілі осы империяның мемлекеттік тілі болатын. Мұхаммед пайғамбар діни ұстаз, саяси басшы әрі ең жоғаргы үкім шығарушы болғандықтан, оның тілі (араб тілі) дінде, саясатта, шариғатта (заңда) мемлекеттік қызмет атқарған.

Араб тілі — Құран тілі. Бес уақыт намаз міндетті түрде арабша оқылады. Демек, мұсылмандық жеткен жерлерде хат тану араб тілін оқудан басталды. Сөйтіп, сауатты адам араб тілін меңгерген адам деп мойындалды. Араб тілін меңгеру — білімділіктің әрі мұсылмандықтың белгісі. Осы жагдайға сай оқу, білім беру жүйесі арабша қалыптасып, ендігі жерде араб тілі мұсылман өркениетінің тіліне айналды.

Екіншіден, фалсафа мұсылман мәдениетінің туындысы. Бұл, негізінен, мұсылман елдерінің ойшылдарына тән дүниетаным. Фалсафа ілімінің қандай өкілі болсын, мұсылмандыққа қарсы шықпаған, қайта, керісінше, әлемдік мәдениет үлгілерін, әсіресе философтарды мұсылмандық дүниетаным тұрғысынан қарап, соған орай бейімдеген. Фалсафаның осы ерекшелігі кезінде христиан ойшылдарының ашу-ызасын туғызған. Фалсафаның мұндай күйде болуының табиғи-тарихи қажеттілігі болды.

Араб халифтері және елдің зиялы қауымы мұсылман мәдениетінің, өнерінің деңгейін жоғары көтеру қажеттілігін түсінді. Оның ең басты себебі, ислам діні өзінен алты ғасыр бұрын дүниеге келген христиан дінімен тарихи бәсекеге түсті. Бұл бәсекенің негізінде дүниені бәлу мәселесі тұрды. Сөйтіп, мұсылмандар және кәпірлер деген ұгымдар қалыптасты. Ертеректе ислам дінін қылыштың жүзімен, білектің күшімен жер-жерге зорлап енгізсе, келе-келе бұы тәсілдің өміршең еместігін халифтер, олардың кеңесшілері түсіне бастады. Ендігі жерде әлемді меңгерудің жолы ғылым, өнер, білім, философия екенін түсінген халифтер осы салалардың өрбіп-өсуіне бар мүмкіндіктерді жасай бастады. Осындай саясаттың негізінде араб тіліндегі философия пайда болады, ол тарихта Фалсафа деген атпен қалды.

Үшіншіден, фалсафа антиктік философияны араб тілінде, мұсылмандық дүниетаным негізінде қайта жандандырған. Бұл жөнінде белгілі ғалым Б.Э.Быховский мынандай пікір білдірген: Извлечеиие из мрака исторического забвения и воскрешение в памяти человечества многогранного учения Аристотеля, обнаружение и распространение затерянного философского клада перипатетизма стали выдающейся заслугой арабской философии раннего средневековья (Сигер Брабантский. М, — Мысль, 1979. — С. 29).

Фалсафа тарихышы арналган алгашқы оқулық-хрестоматия бол-ғандықтан, оның құрылымы туралы бірер сөз айтайын.

Арнайы әдебиеттерде фалсафа тарихы әл-Киндиден басталып, Ибн Рушдпен аяқталып жүр. Біз де осы тәртіпті сақтауга тырыстық. Одан әріде фалсафаның типологиясын белгілеу қажеттілігі болды. Фалсафа тарихының типолоғиясын анықтауда қандай әлшемдерді алу керек деген мәселеге айналды. Әдетте, типолоғияның әлшемдері: тарихи, географиялық, аймақтық немесе ұлттық болып келеді. Біз фалсафаның типологиясын анықтауда саяси географиялық әлшем қолдандық. Себебі, фалсафа араб тілі негізінде ғана емес, осы саяси негіздерде жүзеге асқан феномен. Осы тұрғыдан оның үш тарихи кезеңін белгіледік.

Біріші кезең. Бағдат халифатына қатысты, әл-Кинди, Таза ағайындар еңбектеріне байланысты қарастырылатын тарихи-мәдени кеңістік.

Екіиші кезең. Халифаттан өзге мұсылман мемлекеттерінің пайда болуына байланысты ислам мәдениеті Аравиядан тыс аймақтарда гүлдене бастады, соның бір көрінісі — Орта Азия мен Казақстан аумағында ерекше түрде дамыған фалсафа, оның өкідері: әл-Фараби, Ибн Сина, ОмарХаям, Аттар, әл-Газали, т.б. Бұлар парсы-түрік жұртының ойшылдары.

Үшінші кезең. Мұсылман Испаниясыидағы Еуропалық фалсафаның тарихи-мәдени кеңістігі, оның өкілдері: Ибн Бадж, Ибн Туфейл, Ибн Араби, Ибн Рушд.

Сонымен, фалсафа үш географиялық аймақта өніп-өсіті. Сонымен бірге фалсафаны таза күйінде қабылдау да қиын. Себебі. онымен бірге мұсылман дүниетанымында мынандай ағымдар, мектептер болған: мутазилиттер, қалам, суфизм, т.б. Бұларды бір бірінен ажырату қиын, себебі, мутазилизмді VIII-—IX ғасырлардагы исламның бір бағыты деп қарастырушылық бар. Мутазилиттер рационализм және білім жагында болып, халиф билігін зиялылық мәнде (светский) түсіндірген, олар әділеттілік Алладан болғанымен, Кұран сөзін догмаға айналдыруға қарсы болган. Сондықтан мутазилизм қаламның бір бағыты деу де талас тудыратын пікір.

Себебі, қалам ислам қағидаларын логикалық тәсілдермен түсіндіруге машықталған әрі діни беделге құрылған ілім. Қаламның қалыптасуында, Е.Бертельстің айтуынша, грек гностиктерінің әсері мол болған. Мутакалимдер негізінен мутазилиттерге қарсы болганымен, Ибн Халдунның пікірінше, мутакалимдердің кейінгі еңбектерінде қаламның мәселелері мен фалсафаның мәселері бір-бірімен араласып кеткені сондай, бұл ғылымдар мүлдем бірігіп кеткен (И.Э.С. С. 129). Фалсафа тарихын Ибн Халдуннан артық білу мүмкін іс емес, сондықтан беделге де ғылыми негіз ретінде сүйенген дұрыс болар. Осы себепті исламның негізін салушылар: әл-Ашари мен әл-Матурудилерді фалсафаның пайда болуының теориялық алғышарттары ден қабылдау орынды.

Араб тілінің әлемдегі ең кең қолданылатын тілгс айналуына ықпал еткен факторлардыц негізгісі — ислам діні. Басқа әлемдік діндерден ислам бір ғана тілмен барынша тығыз және тұрақты байланысымен ерекшеленеді. Исламның неігізін салушы Мұхаммед пайғамбар "құдай сөзін араб тілінде — таза, анық тілде жарияладым" деп сенімді түрде айтқан болатып. Ана тіліндегі сөз әдстте сол тілде сөйлейтін адамға анық та түсінікті болатыны белгілі. Алайда пайғамбардың "анық" араб тілі туралы қағидасы басқа бір мағынада айтылғап тәрізді. Бұл қағиданы пайғамбар өз қызметінің белгілі кезеңінде алға тартқан еді, бұл кезенде ол іс жүзінде бұрынғы діндерден мүлдем өзгеше жаңа дін таратып жүргенін дәлелдеуге тиіс болды. Ол үшін өзі уағыздап жүрғен діннің басқа тілдердегі діннен бәлек екенін және оларға қарсы дін екенін баса көрсету маңызды болған тәрізді. Осылайша араб тілі барынша қатаң монотеисік діннің тілі ретінде сакралды қасиетке ие болды. Құранның бірқатар жерлерінде әр түрлі контекстерде көрсетілген бұл қағида ислам мен араб тілінің байланысын анықтап берді.

Құранда мұсылмандар қауымының тілдік бірлігі, ортақтығы жөнінде ештеңе айтылмаған, алайда ислам арабтардың ғана діні болып тұрған кезде (пайғамбардың уақытында) ол өзінен-өзі түсінікті жағдай болды. Мұхаммед өз халқы арасында ғана уағыз жүргізді, бірақ пайғамбар аузымен айтылып отырған Алла сөзіне ден қою, оған бағынуға шақыру жалпы барлық адамзатқа арналған үндеу екендігі басынан-ақ түсінікті болды. Мұсылман қауымына ру-тайпалық, этникалық және тілдік ерекшелігіне, конфессиялық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан әрбір адам кіре алатын еді. Мұсылман қауымы бірте-бірте ұлғайып, аяғынан тұрып, кейін әлеуметтік-саяси бірлестікке, одан бүкіл Аравияға билігі тараған теократиялық мемлекетке айналған кезде, ортақ тілі бар жаңа діни-саяси негізде біртұтас әлеуметтік-коммуникативті жүйенің қалыптасуы үшін алғы шарттар пайда болды.

Араб жаулап алушылықтары дәуірінде (VII ғ. 30-жылдары — VIII ғ. ортасы) араб-ислам теократиялық мемлекеті - Халифат территориясы үздіксіз өсумен болды. Өздері жаулап алған елдерғе арабтар ислам дінін және өз тілдерін (ауызша және жазбаша) алып келді. Алайда бұл ислам мен араб тілінің таралуы араб әскерлерінің жаулап алу қарқынымен бірдей жүрді дегенді білдірмейді. Халифаттың халқы бірден біртұтас бұқараға, бірегей діни және тілдік бірлестікке айнала салған жоқ. Арабтарға қараған халықтар арасында араб тілінің орнығуы ұзақ уақытқа созылды және әр елде әр түрлі қарқынмен жүріп, өр түрлі нәтижелерге өкелді.

Жаулаушылардың әскерлері, олардың гарнизондары, жылжымалы немесе тұрақты қосындары (лагерлері) араб тілінің алғашқы аралдары болды, тек келесі кезенде ғана пайда болған кішігірім араб мекендері араб тілінің осындай аралдарына айналды. Әдетте, жергілікті халықтармен салыстырғанда келімсек арабтар аз ғана пайызды құрады. Бірақ оларға өз күшіне деген сенімділік, жақсы ұйымдасқандық тән болды; мұның бәрі араб тілінің артықшылық жағдайда болуына ықпал етті. Арабтар жаулап алған елдеріндегі әлеуметтік-саяси және тілдік жағдайға икемделуге, олардың тілін үйренуге, жергілікті халықпен қатынас орнатуға тырыспады. Олардың қосындары, гарнизондары мен мекендері тілдік жағынан да автономиялы, тәуелсіз болды: күнделікті және ресми әңгімелер, әкімшілік, сот, діни рәсімдер, астанамен хат алмасу - бәрі де араб тілінде жүрді.

Керісінше, жергілікті халық, әсіресе оның арабтармен тығыз және дүркін-дүркін байланысқа түсіп отырған белігі оларға тілдік жағынан икемделуге мәжбүр болды. Бұл, ең алдымен түтқындарға қатысты болды: тұтқындар алдымен араб қосындарына әкелініп, кейіннен халифаттың орталығына және лтілетін. Бұл топқа, сондай-ақ арабтармен бейбіт келісімге келудің немесе олардың алдында тізе бүгудің шарттары туралы келіссөз жүргізушілер; алым-салық телеушілер; мұсылман әскерінің қатарына кіріп, олармен бірге ары қарай жорыққа аттанушылар; араб әскерлеріне азық-түлік тасушылар және арабтармен сауда жасаушылар жатты.

Араб тілі күшпен, жазалау шараларының көмегімен немесе жоғарыдан жүргізілген белгілі бір саналы және жоспарлы саясаттың арқасында енгізілді деуге болмайды. Алайда қалыптасқан әлеуметтік-саяси жағдай араб тілінің өріс алуына барынша қолайлы жағдай туғызды. Араб жаулап алушылықтары бұрынғы тілдік ұжымдардың ұйымдық тұтқаларын бұзды, дәстүрлерді қорғап отырған аз ғана әлеуметтік топты - бюрократия мен дінге қызмет етушілерді артықшылыктарынан айырды. Керісінше, араб тілін білетіндерге артықшылықтар берді. Араб тілі жеңімпаздар тілі ретінде анағұрлым артық беделге ие болды, сондықтан да жергілікті халық олардың діні мен қауымына кіруге асықты.

Ислам тек араб тілінде ғана уағыздалды, ислам ілімін басқа тілдерге аударуға ешқандай талпыныс жасалмады. Құранның қандай да болмасын басқа тілге аударылмайтыны туралы догма жасалды, осы догма басты ислам тілі ретіндегі араб тілінің жағдайын одан сайын нығайтты.

Араб тілінің мемлекетгік басқару ісінде барынша кең кәлемде қолданылуы халиф Әбд әл-Малік (685-705) тұсындағы реформалардан көрініс тапты. Атап айтқанда, іс-қағаздар жұргізу мен теңге шығару араб тіліне көшірілді. Жазба араб тілінің анағұрлым кең қолданылуы араб орфографиясының реттеліп, жетілдірілуін қажет етті, бұл іс VІІ-VIII ғғ. межесінде іске асты.

Араб тілінің қолданылу аясының одан өрі кеңеюі аббасилер билігі дәуірінде іске асырылды. Аббасилер қозғалысы, тек арабтарға ғана беріліп келген артықшылықтарға қарсы бағытталды. Шынында да VIII ғ. ортасында араб үстемдігі айтарлықтай әлсіреп, бұған дейін Халифаттың тірегі болған арабтардың тайпалық жасағы өзінің бұрынғы маңызын жоғалтты, арабтар мемлекеттік табысты иемденудегі ерекше құқықтарынан айрылып қалды, бұрынғы клиенттер (маула) өмірдің барлық салаларында арабтармен тендікке қол жеткізді. "Арабтар" деген үғымның өзі өзгеріске ұшырап, тек тууы бойынша арабтар ғана емес, сондай-ақ араб тілін менгерген барлық мұсылмандар осылай аталатып болды. Билеуші топтар, шенеуніктер мен армия құрамында үлкен өзгерістер жасаған аббасилік төңкеріс жергілікті халықтың, әсіресе Иран мен Орта Азия халықтарыпың жаппай ислам дініне өтуімен бірге жүрді. Ислам дінін жаппай қабылдау өз кезегінде араб тілін жаппай меңгеруге ұмтылушылықты туғызды.

Атақты хадисші, исламды түсіндірудегі ерекше бір бағыттың (шафиизм) негізін салушы аш-Шафи (820 ж. қайтыс болған) араб тілінің ролі және оны үйренудің қажеттігі жөніндегі өз ойын былайша жеткізеді: "Араб тілі — басқа тілдер арасында ойды жеткізу тәсіддері мен сөздік құрамы жағынан да ең бай тіл және пайғамбардан басқа бұл тілдің барлық құрамын толық білетін адамды біз білмейміз. Алайда бұл тілде барлық арабтар түсінбейтіндей ешқандай сөз жоқ. Пайғамбар тілін білетіндер ғана қандай да болмасын артыкшылықтарға лайықты. Және оның тілінде сейлейтіндер басқа тілдерге ешбір еліктемеуі керек. Керісінше барлық басқа тілдер пайғамбардың тіліне еліктеуі тиіс.

Әрбір мұсылман өз зердесіне орай араб тілін үйренуге міндетті, өйткені ол осы тілде "Алла жалғыз, оның ешбір серігі жоқ, ал Мұхаммед оның елшісі" деген сөзді айта алуы және Құранды осы тілде оқи алуы тиіс". Ислам дінінің осындай атақты қайраткерлерінің араб тілі жөніндегі ойлары мен пікірлері бұл тілдің өрісінің кеңеюінде айтарлыктай роль атқарғаны түсінікті.

Араб әдеби тілінің, поэзиясыиың нығаюына және оның баска тілдерге әсер ету мүмкіндігіне ықпал еткеп факторлардың қатарында бұл тілде аса бай көркем, діни-полемикалық және ғылыми әдебиеітің болуын, УШ-ХІ ғғ. араб грамматикасының, лексикографиясының елшемі мен шешендік өнерге қатысты ғылымпың жасалуын атауға болады, мұның өзі тілдік норма мен стильдік канондардың тұрақтануына, сондай-ақ тілдің ғылыми терминологиямен байытылуына ықпал еткен еді.

Алайда ислам дінін қабылдау өзінен өзі араб тілінің үстемдік алуына алып келді деп айтуға болмайды. Ислам дінін қабылдаған кепшілік иран және түркі халықтары өз ана тілін сақтап қалғаны белгілі.

Ресми және ауызекі сөйлеу тілі болып жергілікті тілдер қала берген мұсылман мемлекеттері мен кауымдарында араб тілі көбіне жазбаша түрде қолданылды. Оның қызметі негізінен исламмен байланысты, яғни әдет-ғұрып, намаз, құранмен байланысты болды. Мұның өзі халықтың белгілі бір бәлігінің араб тілінің неғіздерін білуін, сауат ашуын талап етті, ал дінбасылары мен заңгерлерге келетін болсақ (қади), олар араб философиясы, мәдениеті мен дәстүрлі исламдық ғылым салалары бойынша кең білім алып отырды. Олардың іс жүзінде араб тіліндегі еңбектердің барлығымен танысуға мүмкіндігі болды, және олардың ішінен араб тілді елдердегіден бірде-бір кем түспейтін білімпаз кісілер де, сондай-ак атақты ғалымдар да шығып отырды. Ауызекі араб тіліп үйренуге сондай-ақ әр түрлі саяхаттар, атап айтқанда, білім жолындағы саяхатгар, исламның қасиетті жерлеріне тәуеп ету және саудагерлікпен араб елдеріне бару т.б. ықпал етіп отырды.

Арабтардың келуімен және ислам дінінің таралуымен халифаттың басқа да аймақтары сияқты, Орталық Азияның да қоғамдық өмірінде араб тілі белең алды. Бұл тіл - сол кездегі ғылым тілі еді, сондай-ақ ол алуан түрлі халықтардың мәдени жетістіктерімен алмасуына ықпал етуші прогрессивті тіл болды. "Түріктерді араб-парсы мәдениетіне толық бағындыру ешқашан болған емес, және түріктер өз тілдерін ешқашан жоғалтқан емес, бірақ араб мәдениетінің әсері күшті болғаны соншалықты, түрік тілі ешуақытта мәдени және мемлекеттік тіл болған емес", - деп жазады академик В.В.Бартольд 15]. Орта ғасырлық түркілер тіліне араб тілі әлементтерінің енуіне ең алдымен ислам дінінің тарауы әсер етті. Ислам дінінің мемлекеггік дінге айналуымен бұл аймақта да араб тілі мен жазуы таралды. Ежелгі түрік жазуы ығыстырылды, ал түрік лексикасына араб сөздері енді [6]. Ислам діні идеясының халық арасына тарауымен бірге осы дінге байланысты лексикалық әлементгср де тарай бастады. Құдайға құлшылық ету (құран, намаз, дұға) араб тілінде іске асты. Ал дін қызметкерлері мен заңгерлер тек арабша сауат ашып қана қойған жоқ, дәстүрлі ислам ғылымдары бойынша кең білім алуы қажет болды.

Араб тілінің Орталық Азия халықтары арасында тарауына ықпал еткен маңызды факторлардың бірі - Орта Азиямен, яғни Мәуереннаһрмен ежелден келе жатқан тығыз тарихи байланыстары еді. VIII ғ. басында бүкіл Орта Азияны арабтар жаулап алып, әкімшілік-басқару аппаратын өз қолдарына алды. Олар бұл жерде ислам дінімен бірге араб жазуын да енгізді. Осы территорияда бұрын үстем болған парсы (тәжік) тілі енді араб тіліне орын берді. Барлық қалалардағы діни білім беретін бастауыш және басқа да дәрежедегі оқу орындарында сабақ араб тілінде жүрді. Жергілікті ақсүйек өкілдері араб мәдениетін тез қабылдап, араб тілін үйреніп алды және арабтармен бірге елді басқаруға қатысты. Дін мен жазудың ортақтығы, араб тілін пайғамбар тілі деп және оны игеру — Құдайға жағымды іс деп білу Орта Азиядағы араб тілінің позициясын барынша нығайтты.

Арабтар Орта Азияны жаулап алғанға дейін-ақ бұл аймақты отарлай бастаған еді. Мысалы, VII ғ. екінші жартысында 50 мың араб өз отбасыларымен Орта Азияға қоныстанады. Ал елді жаулап алғаннаи кейін тұрғын үйлердің жартысын арабтарға беру жергілікті халыққа міндеттелді. Арабтар билігінің алғашқы дәуірінде ислам дінін қабылдаған жергілікті халық барлық салықтар мен міндеткерліктерден босатылды. Осы факторлардың бәрі аз ғана уақыт ішінде араб тілін бірінші орынға шығарып, үстем тілге айналдырды, және жергілікті түркі тілді және иран тілді халықтың белгілі бір бәлігі үшін ол әдеби және ауызекі сөйлеу тіліне айналды. Араб тілі ресми тіл болды - арыздар мен өтініштер осы тілде жазылды және бұйрық-жарлықтар мен заңдар да осы тілде шығып тұрды.

Орталық Азияның оңтүстік бәлігі (Оңтүстік Қазақстан, Жетісу) Орта Азия мен (Мәуереннаһр) ежелден-ақ тығыз тарихи байланыста болғанын жоғарыда айтып кеткен едік. Мұсылман дәуірінде бұл аймақтар, алдымен Самани мемлекетінің (ІХ-ХІ ғғ), кейінірек Қарахандар мемлекетінің қол астында бірікті. Кеңес дәуіріндегі әдебиетте түрік-мұсылман мәдениетінің қалыптасуына саманилік дәстүрлердің ықпалы жеткілікті бағаланбай келген еді. Соңғы жылдардағы зерттеулерде осы олқылықтың орнын толтыруда айтарлықтай алға жылжулар байқалады. Мұндай зерттеулерде иран-түрік (самани-түрік) мәдени синтезі мәселесіне ерекше назар аударылып, парсылардың (тәжік) түркі дүниесіне ықпалы, әсіресе мұсылман дәуірінде күрт өскендігі жөнінде айтылады. Дәл осы саяси байланыстар мен өзара мәдени ықпалдастық Орта Азияда кеңінен қанат жайған араб тілінің Орталық Азия түріктерінің ортасына да бірте-бірте енуіне ықпал етті.

Схоластика деген атаумен танылган ортағасырлық философия мұсылмандық, иудейлік және христиандық болып белінеді. Алайда, оның дәл осы мұсылмандық саласы қалған екеуінің бастау кезі болды. Әсіресе, иудейлік схоластика Еуропада ол түста араб тілі арнасында гүлденді. Мәселен, иудей философияеының кейінгі Спинозага дейінгі біраз ғасырларга дем берген Мұса ибн-Маймунның аса маңызды шығармалары осыган кез жеткізеді. Спинозаның өзінен де ибн-Маймунның кейбір идеялары шаң беріп қалып отыруы тегін емес.

Мұсылман схоластикасы, дәлірск айтсақ, фалсафа араб тілінде болған. Ислам қабылдаган елдердің галымдары ғана емес, тіптен еврей философтары да араб тілінде жазган. Оган дәлел ибн-Маймун (еврей) философиясы.

Еуропаның грек философияеын бірден тікелей қабылдауына еш мүмкіндігі жоқ еді. Еуропаға грек философиясын әкелген — арабтар немесе араб тіліндегі философия өкілдері. Евроцен-трист Гегель бұл шындыкты мүлдем мойындамаған. Оның айтуынша философияның екі түі бар — олар грек философиясы және неміс философияеы. Ал грек филососфы Сократ, Платон, әсіресе, Аристотельді грек тілінен араб тіліне, одан латынга аударуда, түсіндіруде ал-Кинди, ибн-Рушд, тағы басқалардың еңбектерінің тарихи маңызы бүгінгі күннің өзінде өз құндылығын жойған жоқ.

Мұсылман схоластарынан (фалсафадан) эстафетаны алған христиан (латын тілдегі) схоластары болды. Олардың тарихи қызметтері, екінішке қарай, оқулықтарда дұрыс айтылмай жүр. Алғашқы схоластар — араб тіліндегі философия мен латын тіліндегі христиандық философияның арасындағы жалғастырушылар. Егер олар болмағанда жоғарыда айтылған Ф. Бэ-коннан бастап Б. Спинозаға дейінгі аралыктағы жаңа дәуір филосюфияеы болмас еді. Кейінрек Д. Локк, Д. Юм, Д. Беркли, Фихте, Кант, Гегель, Фейербах, Шеллииг сияқты маман философтар дүниеге келгеи. Бірақ осы философтардың талқыға салған көптеген проблемаларын араб тіліндегі философтар еңбектерінен кездестіреміз. Алайда, бұл жерде біз діни партикуляризмнің басын ашып айтуымыз керек. Араб тіліндегі философия мұсылмандық шеңберде болса, жаңа заман философиясы кейінгі (ағылшын, Француз, неміс филососфиясы) христиандык дүниетанымға негізделген. Әрине, Батыс Еуропа философиясын діни философия дегеннен аулақпыз. Олар филосфия жәие теология мәселесін нақтылы қарастырған. Бірақ, дүниетанымдық шеңберде олар христиан ілімін жоққа шығармаған. Тіптен, дін мәселесінде айқын пікірде болған Дидро, Вольтерлердің өзі Жаратушы деген идеяға қарсы шықпаған. Араб тіліндегі философияға қарсы шығудың немесе оны ескермеушіліктің сынын да діни партикуляризмде жатқаны анык. Сенымен бірге араб тініндегі филосфия, негізінен, Еуропада есіп-өнгенін баса айту керек. Бұл мәнде араб тіліндегі философияда еуропалық сана, оның тарихи жағдайы бар. Көпшілікке белгілі, қазіргі христиандык Испания кезінде мұсылман елі болған. Арабтар бұл елде 710 жылдан 1492 жылга дейін үстемдік құрған. Жеті ғасыр деген кандай әлшемімен алсаңыз да ете ұзақ мерзім. Ондаған ұрпақтар өмір сүрген жылдар ішінде мұсылман Испанияда араб тілі, мәдениеті, өнері мейлінше гүлденді. Осы тарихи дерек, өзінің тиісті бағасын алмай келеді. Демек, сол кезде Еуропаныи ең мәдениетті елі осы Исиания болатып. Сол кезде Еуропада араб тілін білмеу білімсіздік, надандық саналатын. Осы мәселе туралы И. Г. Гердер кезінде былай деп жазған: Арабтар болмаса Гербсфтта, Альберт Велыний де, Вилла Новалык Арнольд та, Роджер Бекон да, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Ислам философиясының батысқа әсері
Орта ғасыр философиясының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері
Сопылық ілім
РЕСЕЙДІҢ 18-19 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Орта ғасыр философиясы туралы
Әл - Фарабидің философиялық ойларының мәні
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Пәндер