Информатикада Adobe Photoshop программалық оқыту құралын үйрету технологиясы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
Қазіргі заманда, барлығы болмаса да, көптеген өмір интституттары электрондық түрге тіреліп келеді. Оқу модернизациясы да арта қалып отырғаны жоқ. Елбасының «Қазақстан-2050» жолдауында, білім-ғылымға көп көңіл бөліп, жастарға да үлкен аманат жүктеп, ауыр жүк арқалатып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Мен сіздерге - жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер», - деген. Сондықтан, жастар, қазіргі уақытқа сай білім алуылары тиіс. XXI ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Олай болса, Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.
Біздің заманда информатиканың компьютерлік графика облысы, суреттердің, адам монитордан немесе сыртқы ақпарат тасымалдаушы құралдарындағы көшірме түріндегі, барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Әртүрлі сканерлер, сандық камералар, веб-камералар пайда бола бастағаннан, адамдардың қолында көптеген сандық суреттер пайда болды. Бұл жағдай, сол суреттерді өңдеу, монтаждау, өзгерту, ол суреттерді пайдаланып басқа суреттер шығару, коллаж жасау, сияқты әрекеттерге мұқтаждық туғызды. Сондықтан, компьютерлік графикамен жұмыс жасай білу, әр адамның ақпараттық сауаттылығының ажырамас бөлігі. Бұл жағдай, білім беру мекемелеріндегі, ақпараттық технологиялар пәніне біршама өзгертулерге әкелді.
Суреттерді редактілеу бағдарламаларының алуан түрлілігі, оқытушының алдына қиын мәселелерді қояды, ең бірінші, нақты графикалық редакторды таңдау, ал кейін оны үйретудің әдістемесін құру мәселелері. Қолдағы материалдар мен әдістемелер, немесе бұл құрама-бөліктерді мүлдем қарастырмайды, немесе оқушылардың графикалық редактор жайлы толық түсінік алуға мүмкіндік бере алмайды.
Зерттеудің көкейкестілігі: білім беру жүйесін реформалау еліміздің тәуелсіз мемлекет ретіндегі даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Олай болса, білім беру тәжірибесінде қалыптасқан жағдайларға жасалған талдаулар жалпы білім беру жүйесін ұлттық, әлеуметтік, рухани және мәдени құндылықтармен біртұтас қарастыра отырып, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай түбегейлі қайта қарау қажеттігін талап етіп отыр. Ал білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында информатиканың мамандыққа баулу курстарының қазіргі бағыттарын дамыту, оның алғышарттары болып табылады.
Зерттеудің мақсаты : студенттердің назарын, қазіргі заманға сай ақпараттық технологияларды пайдаланып, графикалық редактордың басты мүмкіндіктерін көрнекілі көрсетіп, ары қарай, Photoshop-ты қызығушылықпен, әрі тартымды оқып үйренуге мотивациялау болып келеді.
Зерттеу нысаны: графикалық редактор туралы үстіртін білім беру.
Зерттеу пәні: арнайы орта білім беру мекемелеріндегі, информатика пәнін оқитын студенттерге, Adobe Photoshop бағдарламасымен жұмыс істеуді және оны әрі қарай тереңдете оқуға бағдар беру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, қазіргі замаға сай ақпараттық технологияларды қолданып, студенттерге оны көрнекілі көрсетсетін болса, білім алушының бағдарламаға деген, және оны кейін тереңдете, қызығушылықпен оқуға деген ниетін туғызуға болады.
Зерттеу міндеттері:
- Adobe Photoshop бағдарламасын білім берудің шарттарын ашу;
- Студенттердің қызығушылықтары мен жасерекшелік психологиясын ескеру;
- Бейнекурс мазмұнын ойластырып, даярлау;
- Adobe Photoshop бағдарламасының негіздерін айқындау және үйрету;
- Алынған білімді тәжірибеде қолдану;
- Бейнекурс бойынша қорытындылар жасап, қатемен жұмыс жүргізу.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы:
Бейнекурс келесі істе келесі мүмкіндіктерді береді:
- Оқушыға уақытты үнемдеуге, оқудың жерін таңдауға;
- Қандай да болсын себептермен, дәстүрлі оқу типінде оқи алмайтындарға өз бетімен білім алуға;
- Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға;
- Оқуға кететін шығынды әлдеқайда азайтады;
- Ақпаратты қабылдау және оны түсініп талдау мүмкіндігі өседі;
- Мобилділік - бейнені, кез-келген тасымалдаушыдан (ұялы телефон, планшет, ноутбук, дербес компьютер) қарап, білім алуға.
Зерттеу әдістері: Adobe Photoshop бағдарламасының шығу тарихын, оның интерфейсін, қолдану облыстарын, нұсқаларын, оңай және ыңтайлы түрлерін, бөлек инструменттерін зерттеп жинақтау; колледждерде информатика пәніндегі, графикалық ақпараттану тарауын талдау, қорыту және жүйелеу; озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу; оқу жіне тәрбие үрдістерін бақылау, тақырып бойынша арнайы өткізілген тәжірибе жұмыстарының зерттеу нәтижесін қорытындылау, шыққан нәтижелерді талдау және өңдеу.
Бейнекурсты жасау кезінде, жоғарыда айтылып кеткен жағымды жақтар мен тиімділік, өзектілік қарастырылды, осыдан бұрын студенттердің жасерекшелік психологиясын, қызығушылықтарын және ақпараттану пәніне көзқарастары да ескерілді.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен және CD таспа түріндегі қосымшадан тұрады
1. Aрнaйы oртa білім бeру мeкeмecіндe инфoрмaтикaның oқытудың тeoриялық әдіcтeмecі
1. 1 Инфoрмaтикaдa cтудeнттeрді Adobe Photoshop прoгрaммaлық oқыту құрaлын үйрeту тeхнoлoгияcы
Кoмпьютeрлік грaфикa - ЭEМ пaйдaлaнудың жaңa oблыcы. Aлғaшқы кeздeгі кoмпьютeрлeр caндық жәнe cимвoлдық aқпaрaттaрды ғaнa өңдeумeн шeктeулі бoлғaн. ЭEМ үшінші буынындa грaфикaлық құрылғылaр пaйдa бoлды. Aл кoмпьютeрлік грaфикa төртінші буындa жacaлып шығaрылды.
Кoмпьютeрлік грaфикa қocымшaлaры түрлішe бoлып кeлeді: ғылыми грaфикa, қызмeттік грaфикa, құрылымдық грaфикa, кecкін грaфикacы, көркeм жәнe жaрнaмaлық грaфикa, кoмпьютeрлік aнимaция.
Кoмпьютeрлік грaфикa - aқпaрaттық тeхнoлoгияның нaқты oблыcы. Coндықтaн кoмпьютeрлік грaфикa өнімдeрін көбірeк көрceту кeрeк, oлaрғa түрлі-түcті cурeттeр, cұлбaлaр, диaгрaммaлaр, aнимaция жәнe үш өлшeмді грaфикa үлгілeрі жaтaды. Oқушылaрдың нaзaрын грaфикaлық интeрфeйcкe aудaрaмыз, oл aрқылы үш өлшeмді нaқты көрініcтeр aлынaды. Грaфиктік прoгррaммaлaу - eң күрдeлі caлa. Қoлдaнбaлы грaфиктік жинaқтaмaлaр aрқacындa кoмпьютeрлік грaфикa бaршaның қoлдaнуынa мүмкіндік бeрeді.
Қoлдaнбaлы прoгрaммaлық құрaлдaр. Кoмпьютeрлік грaфикaның бірнeшe қoлдaнбaлы прoгрaммaлaры бaр, әрбір бөлімі үшін өзіндік прoгрaммaлaры бeрілeді.
«Грaфикaлық рeдaктoр» aтaуы қoлдaнбaлы прoгрaммaлaрғa қaтыcты қoлдaнылaды жәнe oндaғы грaфиктік aқпaрaт - рacтрлық жәнe вeктoрлық түрдe ұcынылaды. Coндықтaн рacтoрлық әнe вeктoрлық грaфикaлық рeдaктoрлaр кeздeceді.
Қaрaпaйым рacтрлық рeдaктoрлaрғa Paint, Adobe Photoshop жaтaды. Adobe Photoshop рacтрлық рeдaктoрын кәcіби дизaйнeрлeр қoлдaнaды. Oлaр cкнeрлeнгeн cурeттeрді өңдeу үшін көркeм кoмпoзиция, кoллaж жәнe т. б. жacaудa пaйдaлaнылaды.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, web-дизайн, жүйелік программалаушы, администратор және т. б. мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны біздің дипломдық жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Adobe компаниясы өзінің ең мықты және атақты графикалық пакеттерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық графикалық пакетін ұсынды. Оның құрамына Photoshop -пен бірге ImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat программалары кірді.
Photoshop CS өзінің жаңартылған өзгерістерімен графикалық кескіндер мен суреттерді жеңіл, ұтымды өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл нағыз ақпаратты цифрлік өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша пакет. Photoshop CS-тың сипаттамаларының ерекшеліктері арқасында жұмысты кез-келген адам, яғни қарапайым қолданушыдан кәсіпкер біліктілер тез әрі оңай орындай алады.
Photoshop жаңарған сайын жұмысқа икемді әрі ыңғайлы болуда. Оны тағы да бір рет дәлелдейтін бір жай - енді ыстық клавишаларды өздігінше өзгертуге және реттеуге мүмкіндік бар. Қолданушы программада берілген ыстық пернелерді жаттамай-ақ өзіне ыңғайлы болған пернелерді түзіп қоя алады.
Тағы бір дәлел болатын жағдай - жаңа Histogram (Гистограмма) палитрасының пайда болуы. Оның атқаратын қызметі: кескіннің түсі мен ол жайлы ақпартаттарды көру, әлбетте сонымен бірге оларды бақылап отыру. Осындай жаңалықтарымен Photoshop алдыңғы нұсқаларынан ерекшеленеді.
Одан басқа Photoshop-та біріктірілген кескін суреттерді (панорамных изображений) шағаратын жаңа керемет команда пайда болды. Бұл - Photomerge (фото біріктіру) командасы. Бұның көмегімен кез келген суретті көлденеңінен де, тігінен де біріктіріп жаңа кескін алуға болады.
Crop and Straighten атты жаңа құрал сканермен көп жұмыс істейтін адамдарға көп жеңілдік жасайды: енді сканерден өткен суреттер автоматты түрде кесіліп дұрыс жағына айналып отырады.
Web-графиканы әзірлейтін ImageReady пакетіне де көптеген өзгерістер енген. Енді түскен суреттерді Macromedia Flash форматында экспорттауға болады.
Әрине бұл жаңалықтармен Photoshop СS-тың мүмкіндіктері біте қоймайды. Жоғарыда көрсеткендер тек мысал ретінде ғана. Осылар мен тағы да басқа жаңалықтармен мүмкіндіктерді алда қарастырып өтеміз.
Ұсынылып отырған «Photoshop жүйесіндегі компьютерлік графика» пәні бойынша электронды оқулық жасау атты дипломдық жұмыс аталған мәселені шешуге бағытталған бір қадам болып табылады.
Қазіргі кездегі компьютерлік графиканың мынадай бағыттарын атап көрсетуге болады: іскерлік графика; инженерлік графика; ғылыми графика; көркем-жарнамалық графика және Web-графика.
Іскерлік графика - компьютерлік графиканың бұл бағыты әр түрлі мекемелердің жұмыстарында қолданылады, көбінесе жоспарды көрсетеді, статикалық мәліметтерді диаграмма немесе график түрінде беруде қолданылады. Графиканың бұл бағыты адамдарға таныс, өйткені ол теледидарларда жиі қолданылады. Көбінесе өмірден мынадай мысалдар келтіруге болады: сайлау нәтижелері, ақшаның бағамы, тауар бағасының өсуі және т. б. График түрінде берілген ақпаратты санмен берілген ақпаратқа қарағанда адам тез қабылдайды
Инженерлік графика - құжаттық графиканы электрондық түрде құру және түзету. Инженерлік графика жобалау жұмыстармен айналысатын барлық аумақтарда қолданылады. Қарапайым киім тігу үлгісінен бастап ракета үлгісін жасауға дейін жаңа заманның инженерлік графикасы - сызушының жұмыс орны емес, ол қиын программалық кешен болып табылады. Оындай жүйелерді қолдану арқылы жобалауға кеткен уақыт мерзімі елеулі түрде қысқарып, жаңа өнім тез шығарылады және олардың сапасымен сенімділігі артады.
Ғылыми графика - ол ғылыми зерттеулер нәтижелерін және инженерлік қызметте есептеу нәтижелерін көрнекі түрде көрсету үшін қолданылады. Графикалық үлгіде көрсетілген ғылыми есептеу немесе эксперименттер нәтижелері сандық түрде берілген мәліметтерге қарағанда көрнекі болады және кез клген адамның қабыладуына жеңіл болады.
Мысалы, бір зерттеу нәтижесінен алынған процес үлгісі немесе обьект мына түрде көрсетілген:
Z=cos(U(x2+Vy2) )
U және V- параметрлері өзгерсе процес қалай өзгереді? Мұны көз алдымызға елестету қиынырақ. Ал егер осы формула негізінде 3-өлшемді графика тұрғызсақ, онда маман процес ерекшелігін берілген шектеулерде тез анықтайды.
Көркемдік және жарнамалық графика. Компьютерлік графиканың бұл бағыты баспа басылымдарын безендіруде, хабарламалық роликтерде, фотосуреттерді өңдеуде, мультфильмдер жасауда қолданылады.
Компьютерлік графика түрінің бірі - бір мезгілде өзінде дыбыс, әуен, мәтін, бейне және анимация үйлескен, мультимедиа деп аталады .
Web-графика. Web-беті WWW-да орналастырылған және гипермәтін форматында дайындалған құжат (файл) болып табылады. Олай болса, осы Web-бетінің дизайны мен оны құратын графикалық элементтерді де тиімді пайдалану, графикалық элементтердің көмегімен бетті бөліктерге бөлу тағы да басқа да мәселелерді шешеді.
Графикалық редакторлар. Компьютерде суретті салу және өңдеу үшін қолданылатын арнайы бағыттағы программалар графикалық редакторлар деп аталады.
Графикалық жұмыс істеуге қарапайым суреттерді көруден, кәсіби графикалық редакторға дейінгі программалар көптеп дамыған. Кейбір тапсырмаларды арнайы программалар қолданбай-ақ орындауға болады.
Windows - 2000, Windows XP, және Windows - операциялық жүйесінде арнайы суреттермен фотосуреттерді сақтайтын «Мои рисунки»(My Pictures) деген қапшық болады. Бұл қапшықта бізді қызықтырған бейнелерді көріп, басылымға шығаруға болады. Және сканер мен цифрлік фотокамерадан жаңасын алып, кейбір қарапайм суреттерді түрлендіріп, орындауға болады. Бұл кезде барлық іс-әрекет бағыттаушыда орындалады. Windows - қосымша программаларды қолдануды талап етпейді.
Енді қазіргі кезде компьютерлік графикада кеңінен қолданылып жүрген графикалық реадкторларға тоқталып кетелік.
Corel Draw - векторлық графикалық редакторы аналогтық программалар арасындағы көшбасшы болып келеді. Оның жетістігі - үлкен таңдау тәсілімен, ыңғайлы интерфейспен және жоғары сапалы кескіндерді алумен, графикалық бейнелерді редакциялаумен және құрумен түсіндіріледі. Corel Draw - түс тереңдігін ауыстыру және бейнелерді бір түстік модельден келесі түске аударуға мүмкіндік беретін программа.
Кескіндер обьект болып табылады. Corel Draw редакторында обьект түсінігі негізгі түсінік болады. Обьект - элемент кескіні: түзу, айналым, тікбұрышты үшбұрыш, қисық, тұйықталған қисық, көпбұрышты үшбұрыш.
Күрделі кескінді құру үшін көптеген түрлі обьектілер қолданылады. Corel Draw-дағы барлық жұмыстар осы обьектілер арқылы жасалады. Corel Draw-дың басты обьектісі қисық болып табылады. Бұл қисықтар Безье қисығы деп аталады. Математик Пьер Безье - ерікті қисыққа, қисықтың басындағы және соңындағы екі вектордың көмегімен беруге болатының айтады. Corel Draw-да растрлық кесінділерді графикалық құжатқа қоюға болады. Сонымен қатар, әрбір жеке обьект болып саналады және оның басқа обьектімен байланыстырмай - ақ редакциялауға болады .
Corel Draw - жұмысының негізгі принциптері.
Әрбір редакторда құрылған сурет, бір немесе бірнеше обьектіден тұрады.
Қарапайым геометриялық фигуралар немесе ерікті қисық құру. Мәтінді форматтау немесе кірістіру.
Кез - келген обьектіні редакциялау контурдың түсін, бояуын және обьектінің форматын өзгерту.
Дайын болған суретті және алдын - ала құрылған иллюстрацияны құжатқа кірістіру.
Әртүрлі көркемсурет құбылыстарын қолдану.
Corel Draw программасының жұмыс терезесі басқа графикалық редакторлар терезесінен ерекшелігі жоқ. Программа редаторында мәтіндік обьектінің екі түрлі көрсетілімі: фигуралармен (Artistic) және қарапайым (Paragraph) мәтінмен жұмыс істеу мүмкіндігі бар.
Adobe Photoshop - кәсіби растрлық графикалық редакторы және ең күрделі әр - түрлі есептерді орындауға арналған программа. Бұл программа дизайнер, суретші, безендіруші және осы аумақта жұмыс істейтін басқа да қолданушыларға арналған. Adobe Photoshop-программасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтау үшін қолданылатын пакеттердің бірі. Adobe Photoshop палитрамен, сканермен, калибрмен, импорттауға, экспорттауға, түс таңдауға, кескін көлемін, мөлшерін, оның шешілуін, түсті түзетуге, кескінді түрлендіруге, маскалармен, қабаттармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Adobe Photoshop программасының басты мақсаты - бейнені құру және өңдеу. Кез - келген программа сияқты Photoshop - та дайын бейнелерді жүктеу және жаңасын құруға болады. Алдын ала құрылған бейнелерді редакциялау өте жеңіл орындалады.
Компьютерге иллюстрацияны сканердің немесе цифрлік фотокамераның көмегімен қосуға болады. Photoshop құралдары фотосуреттерді қалпына келтіруді оңай орындайды. Жақсы фотосурет алу үшін оның қанықтылығын, жарықтық реңін, түстерін түзетіп, суреттегі бүлінген жерлер мен дақтарды алып тастау керек.
Photoshop программасының саймандар тақтасының ерекшелігі - ол балама (альтернативті) саймандардың болуы. Бұндай саймандар белгілері - кішкентай үшбұрыш белгісіндегі арнайы белгі. Егер тышқан көрсеткішін осындай пернеге апарып басса, онда қосымша саймандар тізбегі ашылады. «Аумақ» және «Лассо» саймандарының көмегімен кескіннің шегін, аумағын белгілеп алуға болады, ал «Ауыстыру» (перемещение) сайманның көмегімен белгіленген аумақтардың орнын ауыстырып және олардың көшірмесін алуға болады. «Сиқырлы таяқша» (Волшебная палочка) сайманы түс белгісіне байланысты аумақты автоматты түрде бөліп алу үшін арналған. Сиқырлы таяқшамен Лассоны графикалық объектілердің нақты шеңберін жүргізу операциясын орындау үшін пайдаланады.
Сурет салуға арналған саймандар тобына әдетте келесілер кіреді: аэрограф, бояуыш, қарындаш және өшіргіш. Штамп немесе мөр сайманын толтыру операциясын орындау үшін пайдаланады.
Масштаб сайманы суреттің үлкейтілген бөлімдерімен жұмыс істесе, қол сайманы программа терезесінің шегінен шығып кеткен суреттердің орынын ауыстыруға болады.
Paint - растрлық графикалық редакторы қарапайым графикалық кескіндерді көру және оларды басқа программаларға енгізуге негізделген. Ол мәтіндік құжаттарға диаграммалар, графиктер, схемалар сияқты қарапайым иллюстрацияларды енгізу үшін қолданылады.
Paint - графикалық редактордың өзі кескіндерді өңдеуге, салуға арналған болып шартты түрде екіге бөлінеді. Кескіндерді салуға арналған редактор сызықтарды, нүкте, әртүрлі геометриялық фигураларды құруға негізделген. Ал өңдеуге арналған редактор кескіндерді біріктіру, түстерді араластыру, әртүрлі қосымша тиімді көрсетушілік енгізуге арналған.
Paint программасын іске қосу Бас меню→Программалар →Стандарттық бөлімінен Paint редакторының жұмысын аяқтау үшін Файл мәзірінің Шығу (Выход) командасын таңдау немесе тақырыптар қатарындағы басқару түймесін басу жеткілікті. Іске қосылған соң редактор терезесінің негізгі бөлігін сурет салынатын жұмыс алаңы алып тұрады. Терезенің сол жағында сурет салуға арналған саймандар тақтасы, оның төменгі жағында түстер палитрасы орналасқан.
Paint графикалық редакторы әртүрлі объектілерді салу мүмкіндігін береді және оның түстермен жұмыс істеуге арналған бірқатар саймандары бар. Бұл редактор фондық негізгі түспен және үстінен бояйтын екі жай түспен жұмыс істейді.
Редактор іске қосылғаннан кейін негізгі түс қара, фонның түсі ақ болады. Сурет салу жұмысын редактор іске қосылғаннан кейін бірден бастауға болады. Қажетті сайманды, түсті таңдау әрекетін тышқан көмегімен жасаған өте тиімді. Негізгі түсті өзгерту үшін қажетті түске тышқанның сол жақ батырмасын, ал фонның түсін өзгерту үшін, он батырманы шертеміз. Paint графикалық редакторының мәзір қатары Файл, Түзету, Түр, Сурет, Палитра, анықтамалық командалардан тұрады. Осы командалардың көмегімен жұмыс алаңында салынған суреттермен толық жұмыс жасай аламыз.
Corel Painter - Painter графикалық редакторын тек комьпьютерлік графикада ғана қолданбайды, сонымен қатар жоғарғы суретші мамандар да осы программамен жұмыс істейді. Бұл программа дәстүрлі көркем суреттердің салу жолдарын жеңілдетеді.
Painter программасы сандық бейнелерді редакциялау ғана емес, сонымен қатар көптеген көркемсурет шығармаларын, акварелилер, гравюралар және мозаикаларды бірден эранға құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде бұл программаны Corel фирмасы шығарып жатыр. Негізінен бұл программаны Corel фирмасынан бұрын Meta Creations, ал одан бұрын Fractal Design фирмасы шығарған.
Painter - программасының негізгі құралы ол қылқалам (бояуыш) . Қылқалам деп - барлық суреттерді салуға болатын құралдарды айтамыз. Мысалы: қарандаштың түрлері, аэрограф, қалам және т. б. Аздаған қылқаламның өзі көптеген шығармашылық жұмыстарға мүмкіншілік береді. Painter графикалық редакторы құру ғана емес, сонымен қатар бейнені редакциялауға мүмкіндігі бар. Суретші векторлық, растырлық элементтермен жұмыс істей алады.
Painter жұмысының негізгі принциптері.
- Қылқаламды таңдау көмегімен дәстүрлі бейнені құру;
- Фондық суреттен басқа, суретке растырлық және векторлық объект құруға болады;
- Фон сияқты объектіні де редактірлеуге, өшіруге немесе көшіруге болады;
- Кез-келген элементті кескінде ерекшелеуге және оған әртүрлі құбылыс қолдануға болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz