Қоғамда әлеуметтік старификацияның жиынтығы
КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
1. Қоғамда әлеуметтік старификацияның жиынтығы
2. Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні
3. Қоғамдағы жастар арсындағы стратификация мәселесі
4. Әлеуметтік стратификация және қазіргі қоғамдағы сипаты
5. Қазақстандағы әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік мәселесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі бөлім
1. Қоғамда әлеуметтік старификацияның жиынтығы
2. Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні
3. Қоғамдағы жастар арсындағы стратификация мәселесі
4. Әлеуметтік стратификация және қазіргі қоғамдағы сипаты
5. Қазақстандағы әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік мәселесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік , тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер , банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғадағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысы, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәулетті орташа, кедей адамдар пайда болды. Қоғам қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті. Әлеуметтік стратификация - қоғам мүшелерінің материалдық байлықты, табысты, артықшылықты, мәртебені, билікті, құқық пен міндеттерді иеленуінің бірдей болмауынан көптеген әлеуметтік топтарға, таптарға бөлінуі.
Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.
Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.
1 А.Н. Агафонов, Қ.Н. Меңлібаев «Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс» // Астана-2005жыл-8 бет.
2 www.google.
3 Вестник психосоциальной и коррекционно – реабилитационной работы.- 2001.-№3.- 83бет.
4 ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының жобасы // Казахстанская Правда-2002.14 мамыр. – 2 бет.
5 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы // Новое поколение -1998.№13. – 3 бет.
6 Ш.Қ.Қарабаев «Әлеуметтану негіздері» оқу құралы,2009 жыл
7 Икенов А.И.,Жүсіпова А.Д. «Әлеуметтану негіздері
2 www.google.
3 Вестник психосоциальной и коррекционно – реабилитационной работы.- 2001.-№3.- 83бет.
4 ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының жобасы // Казахстанская Правда-2002.14 мамыр. – 2 бет.
5 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы // Новое поколение -1998.№13. – 3 бет.
6 Ш.Қ.Қарабаев «Әлеуметтану негіздері» оқу құралы,2009 жыл
7 Икенов А.И.,Жүсіпова А.Д. «Әлеуметтану негіздері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
1. Қоғамда әлеуметтік старификацияның жиынтығы
2. Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні
3. Қоғамдағы жастар арсындағы стратификация мәселесі
4. Әлеуметтік стратификация және қазіргі қоғамдағы сипаты
5. Қазақстандағы әлеуметтік стратификация және әлеуметтік
мобильділік мәселесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қазақстанның әлеуметтік
құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік ,
тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында
жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер,
кәсіпкерлер, фермерлер , банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың,
дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері.
Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі
таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғадағы
белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысы, өтіп
жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдерістері
де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық
жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде.
Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәулетті орташа, кедей адамдар
пайда болды. Қоғам қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының
өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті. Әлеуметтік
стратификация - қоғам мүшелерінің материалдық байлықты, табысты,
артықшылықты, мәртебені, билікті, құқық пен міндеттерді иеленуінің бірдей
болмауынан көптеген әлеуметтік топтарға, таптарға бөлінуі.
Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы
жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында
теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары
да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында
әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа
алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы
мәртебесі, билікке қатынастары.
1.Қоғамда әлеуметтік стратификацияның жиынтығы
Стратификация термині латынның stratum - жік, қатпар және facio –
істеймін деген сөздерінен шыққан.
Әлеуметтік стратификация дегеніміз қоғам мүшелерінің материалдық
байлықты, табысты, артықшылықты, мәртебені, билікті, құқық пен міндеттерді
иеленуінің бірдей болмауынан көптеген әлеуметтік топтарға, таптарға
бөлінуі.
Әлеуметтік стратификация — әлеуметтанудың орталык, такырыбы. Ол
қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық кұрылымды
мәртебелердің жиынтығы арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы, және т.б.
арқылы құрылады. Қарапайым қоғамда мәртебелер саны аз және енбек бөлінісі
деңгейі төмен болады, ал казіргі замандағы қоғамда — мәртебелер көптеп
саналады және еңбек бөлінісін ұйымдастыру деңгейі де әлдеқайда жоғары.
Әлеуметтік кұрам әлеуметтік стратификацияға айналады - вертикаль-ды
тәртіппен орналаскан әлеуметтік жіктердін, жиынтығы, дәлірек айтканда
кедейлердің, ауқаттылардың, байлардың жиынтығы.
Адамдар әрдайым қозғалыста болып, өздерінің мәртебесін өзгертіп
отырады. Қаржы буржуазиясы жер аристократиясының орнына келіп, оны
алмастырды, казіргі өндірісте біліктілігі шамалы мамандықтарды ақ
жағалылар деп аталатындардың өкілдері - инженерлер, программистер,
роботталған кешендердің операторлары ығыстырып шығарды. Соғыстар мен
революциялар қоғамнын әлеуметтік қүрылымын кайта жасап, пирамиданың шынына
кейбіреулерді көтерсе, баскаларын төмендетті. Олар казір де жүріп жатыр,
партиялық элитаны бизнес-элита келіп алмастырды.
Өрлеу мен кұлдыраудың арасында белгілі бір асимметрия бар: бәрінің де
көтерілгісі келеді және ешкімнің әлеуметтік сатыда төмендегісі келмейді.
Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық
қауымдастыктарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті түрде
дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен
қатынастардан кұралады. Сонымен бірге, олар тек осы байланыстар мен
қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Бұл
болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік организм ретінде өмір
сүруіне себепші болады. Мүның мәнін өздерінін теорияларында О, Конт, Г.
Спенсер, К. Маркс, М. Вебер, Т. Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып
берген еді. Қоғамның әлеуметтік қүрылымы — адамдар қауымдастықтарының және
әлеуметтік топтарының арасындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және
рухани өмір жағдайларының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.
Қоғамның әлеуметтік құрылымынын даму негізіне: 1) қоғамның еңбек
бөлінісі; 2) өндіріс құрал-жабдықтарына және оның өніміне меншік қа-
тынастары жатады. Қоғамдық еңбек бөлінісі - әлеуметтік топтардың, тап-
тардың, кәсіби топтардың, сонымен бірге қала мен ауыл адамдарынан, ой
еңбегі мен дене еңбегі өкілдерінен тұратын үлкен топтардың пайда болып,
одан әрі өмір сүрулеріне себепші болды.
Өндіріс құрал-жабдықтарына деген жеке меншіктік қатынастар қоғам-нын
осы ішкі бөліністеріндегі оның экономикасын және ішінара қалыптаса бастаған
құрылымды нығайтады. Қоғамдық еңбек бөлінісі де, меншік катынастары да
қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының объективті әлеуметтік-экономикалык
алғышарттары болып табылады.
Қоғам өмірінде әр түрлі қызмет түрлерінің пайда болуына, материалдық
өндірістің және рухани мәдениеттің дамуларына еңбек бөлінісінің белгілі
дәрежеде елеулі ықпал ететінін кезінде Огюст Конт, Эмиль Дюркгейм, Питрим
Сорокин және т.б. дәлелдеген болатын. Тарихи процестегі қоғамдық еңбек
бөлінісінін рөлі жөніндегі кең аукымды ілім, сонымен бірге қоғамның
әлеуметтік құрылымының дамуы жөніндегі тұжырымдама ретінде марксизмнің
әлеуметтік-экономикалык теорияларында да орын алған еді. Марксизм теориясы
жеке меншіктің осы процестегі рөлін де ашып берді.
Коғамның әлеуметтік кұрылымының негізгі элементтеріне: қоғамдық еңбек
бөлінісі, өндіріс құралдарына деген жеке меншіктік катынастар және қоғамдық
өнімді бөлуде соған ортақтасатын әр түрлі таптар жатады. Оларды осылайша
түсіндірудің қажеттілігін әр түрлі бағыттың әлеуметтанушылары мойындап
отыр:
• кала мен ауыл адамдары;
• ой және дене еңбегінің өкілдері;
• сословие;
• әлеуметтік-демографиялык топтар (жастар, әйелдер мен еркектер, аға
ұрпақ);
Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын,
себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік
стратификация теориясының маңызы зор. Стратта деген геология термині
жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал,
қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі жік деген ұғымды
пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі
стратталардың болғанын білеміз.
Қоғамдық еңбек бөлінісі ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы
айырмашылықтың пайда болуына, соның нәтижесінде қоғамда білімі мен кәсіби
деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті.
Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген және ол адамдар
мен топтардың вертикалды бағытта сатылы орналасуынан көрінеді. Яғни тік
сызық бойында бір топтың екінші бір топтан жоғары немесе төмен орналасуы
деген сөз.
2. Әлеуметтік стратификацияның теориясы және оның мәні.
Әлеуметтік стратификация - қоғам мүшелерінің материалдық байлықты,
табысты, артықшылықты, мәртебені, билікті, құқық пен міндеттерді иеленуінің
бірдей болмауынан көптеген әлеуметтік топтарға, таптарға бөлінуі.
Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы
жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында
теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары
да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында
әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа
алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы
мәртебесі, билікке қатынастары.
Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:
а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне
байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам
мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік
бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай
мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық
жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады.
Каста - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-
шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстүр бойынша
қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус
ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл
қоғамда касталардың 4 тобы болған:
• брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;
• кшатрийлер (әскери адамдар);
• вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;
• шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;
• хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру,
қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.
Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен
төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына
қатаң тыйым салынған. Брахмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген
тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек.
Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі
адамдардың мінез-құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің
қалдықтары сақталған.
Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық
жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге
бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған.
Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге –
қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден
екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын
алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты
билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты
жағдайлар орын алған.
Тап деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX
ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні
негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде
таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды. Тек кейін К. Маркс және
М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері
мен астарларына терең назар аударыла басталды.
К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап
күресі туралы теориясын негіздеді. Соның нәтижесінде ол әлеуметтік
стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының
экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық
еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс
қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен.
Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының
түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның
негізі таптары - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар
мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі
таптар болып есептеледі.
Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып
келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары. Мәселен,
капиталистік қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін.
К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа әлеуметтік
жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына
толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ,
олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы –
меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға
түседі.
К. Маркс интеллигенцияны әлеуметтік топқа жатқызады. өйткені бұл
топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері өз және олар шығу тегі жағынан
да әр түрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін
қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық және
пролетарлық деп жіктеуді ұсынған.
К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол
капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы
қанаудың мәнін түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын
негіздеді.
К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол
өзінің 1919-шы жылы жазған Ұлы бастама деген еңбегінде таптарға мынадай
анықтама берген: Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны
мен өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан
алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін
адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық
өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ
адамдардың еңбегін қанауын айтамыз.
Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге:
• адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын;
• олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын;
• еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты;
• қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін;
• қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын
жатқызады.
Бұл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек
экономикалық категория ретінде көрінеді.
3.Қоғамдағы жастар арасындағы стратификация мәселесіе талдау
Жастар - жасына қарай сипаттамалары жиынтығының, әлеуметтiк
жағдайлар ерекшелiктерiнің негiзiнде бөлiнетiн және қоғамдық құрылыспен,
мәдениетпен, әлеуметтендiру заңдылықтарымен, осы қоғамды тәрбиелеумен
айқындалатын, сол немесе басқа да әлеуметтiк-психологиялық қасиеттермен
ескерiлген әлеуметтiк-демографиялық топ; қазiргi заманғы жастардың жасына
қарай 14-тен 25 жасқа дейiнгiлердi қоса алғанда Қазақстанда 14-29 жастағы
жастар үлесi 2009 жылғы 1 қаңтарда халықтың құрылымында 29,2% құрады, бұл
4 358 925 адамды құрайды, оның iшiнде экономикалық жағынан белсендi халық
2406775 адам болып табылады.
Республикада жастар өсiмiнiң демографиялық үрдiсi сақталуда: халықтың
табиғи өсiмi - 6,3%. Жастар - бұл қашанда үлкен ерекше жасына қарай кiшi
топ ретiнде білінетiн объективтiк қоғамдық құбылыс.
Жастар - қоғамның бiр бөлiгi. Бұл ретте, жастар саясаты жас ұрпақты
қоғамдық өмiрге әлеуметтік ықпалдастырудың бiрден-бiр мүмкiн болатын тетiгi
болып табылады.
2008 жылы жүргiзген әлеуметтік сауалнама нәтижелерi бойынша жастар
санасындағы оларды толғандыратын неғұрлым өзектi проблемалар: сыбайлас
жемқорлық, билiк органдарындағы қызмет бабын терiс пайдаланушылық (44,3%),
есiрткінің таралуы (31,6%), жастар арасында қылмыстың өсуi (29,8%) болып
табылады .
Бұдан басқа, жастардың едәуiр бөлiгi үшін өмiрлiк маңыздысы сауал
салынғандардың 45,6%-ында тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты
проблемалар болып табылады. Осы проблеманы жою үшiн жастар жеке меншiк
тұрғын үй сатып алуға жеткілiктi табыс табу мүмкiндiктерiн берудi ұсынады,
бұл ретте сауал салынғандардың 31,5%-ы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету
жөнiндегi шаралар қабылдануы қажет екенiн атап өтедi. 15,9%-ы үшін тұрғын
үймен қамтамасыз ету әдiстерінің бiрi ипотекалық кредит беру жүйесiн дамыту
болып табылады.
Әдеттегi нормалар, мораль мен адамгершілік туралы ұғымдар
елеулi өзгерiске ұшырап отырған қоғамның түрленуi кезінде құралдық
құндылықтар немесе өмiр сүруде табысқа жету әдiстерi деп аталып жүргендер
туралы қоғамның түсiнiктерiн бiлу маңызды.
Жастардың 48,3%-ының пiкiрi бойынша жақсы білімнің болуы өмiрде
табысқа жетудiң қажетті алғы шарты болып табылады. Пайдалы байланыстар мен
тамыр-таныстық өмiрде алға басуға ең жақсы түрде жәрдемдеседi - бұл табысқа
жету әдiстерi рейтингiндегі екінші позиция (33,5 %).
Табысқа жету үшін үшінші бiр басым құрал деп корреспонденттердің
32,7%-ы ақшаның болуын атайды. 29,0%-ы қажырлы еңбек етудi атап өтедi,
17,0%-ы үшiн күшті ерiк жiгер, 10,5%-ы үшiн "жағдайлардың сәтті барысы"
негiзгi құрал болып табылады.
Қазiргi Қазақстан қоғамы құрылымының түрленуiндегі қиыншылықтар
қандай да бiр дәрежеде республика жастарының 5,1%-ында заң және
адамгершiлiк туралы ұғымдардың өзгеруiне ықпал етiп отыр, олар өмiрде
табысқа жетудегі мiндеттi жағдай деп қылмыс әлемiндегi байланыстардың
болуын есептейдi.
Сонымен бiрге, жастардың үштен бiр бөлiгiнен астамы жақсы бiлiм
мен мамандықтар ала алады, кейбiреулерi өздерiнiң саяси көзқарастары мен
талаптарын еркiн және жария түрде бiлдiредi, кейбiреулерi білікті
медициналық көмектер алады, кейбiреулерi өздерінiң шығармашылық
қабiлеттерін iске асыра алады, кейбiрi өз қаласы мен кентінің өмiріне
қатысты шешiмдер қабылдауға ықпал ете алады.
Жартысынан астамы (61,7%) өз халқының әдет-ғұрыптары мен
дәстүрлерін еркiн сақтай алады.
Жастардың дамуындағы неғұрлым өзектi мәселе жастар арасындағы
әлеуметтік-экономикалық шиеленiстi көңіл күйдi көрсететiн жұмыспен қамту
мен еңбекке орналастыру проблемасы болып табылады. Ресми статистикалық
деректер бойынша республикада 2004 жылғы жағдай бойынша 15-тен 29 жасқа
дейінгi жұмыссыздар 300 мыңға жуық, яғни жалпы санның 12,2%-ы.
Еңбек рыногын кеңейтудің, жастарға арналған жаңа және қосымша жұмыс
орындарын құрудың нақты жолдарының бiрi кәсiпкерлiк бастамаларды дамыту
болып табылады. Жастар арасында, сауал салынғандардың 50, %-ы жастар
кәсіпкерлiгiн дамытудағы елеулi проблемаларды көрсетедi, 25%-ы проблеманың
болу мүмкiндiгiн ғана атап өтедi.
Көптеген жас адамдар (35%), егер мемлекет тарапынан жастардың
кәсіпкерлігі үшін көтермелеу мен ынталандыру енгізілетiн жағдайда жеке
меншiк бизнестерін ұйымдастырғылары келедi. Бұл ретте, барлық сауал
салынғандардың iшiнен 35,5%-ы қазiргi жағдайларда жеке бизнестерiн
ұйымдастыруға дайын екендiктерiн көрсетті және 9%-ы ғана "жоқ" деп жауап
бердi.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің деректерi бойынша 2004 жылдың төртiншi тоқсанында ғана 63370
жас адамдар жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшiн өтiнiш жасады, олардың
iшiнде тек 37273 адам ғана жұмысқа орналасты. Қазiргi кезде жастардың
экономикалық дамуын және оларды еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету үшін
жағдайлар жасау жөнiнде мақсатты жұмыстар жүргiзілiп келедi. Тұтастай
алғанда осы бағыттағы жұмыс кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, еңбекпен қамтуға
жәрдемдесу, жастар ұсынған бизнес-жобаларды сараптау және бағалау жөнiндегi
кешендi қызмет көрсетулердi қамтамасыз ететін жастардың әлеуметтiк
қызметтерiн ұйымдастыруға шоғырландырылады.
Республикада жер-жерде жұмыспен қамту қызметтерінің ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz