Қазақстан-Испания экономикалық қатынастары


ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазақстан-Испания экономикалық қатынастары
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі таңда Испанияның Қазақстандағы мүддесі саяси және экономикалық ынтымақтастық перспективасы, бай табиғи ресурс қоры (негізінен мұнайгаз саласына аса назар аударылады) және саяси тұрақтылыққа негізделіп отыр. Испания дамыған индустриалды мемлекет, ауыл шаруашылығы және ауыр өнеркәсіп салаларында әлемдік өндірушілердің бірінші ондығына кіреді. ХХ ғ. 60 жж. экономика саласында жүргізілген жемісті реформалар халықаралық тұрғыдан танылды және көптеген сарапшылар оны ерекше «испандық үлгі» ретінде бағалады. Жылдан-жылға қарқынды дамып келе жатқан Испания экономикасы мен демократизациясының тұрақталуы Қазақстанның мүддесін арттыруда. Әлеуметтік-экономикалық модернизация мен саяси демократизация жолының жаңа кезеңіне қадам басқан Қазақстанның маңызды басымдылықтарының бірі - аймақтағы қауіпсіздік және геосаяси тұрақтылықты қамтамасыз ету функцияларын атқарып келуінде.
Еуропадағы Қазақстанның сауда және инвестиция салаларындағы ірі серіктестерінің бірі ретіндегі Испанияның маңызды орны екі жақты қатынастарында саяси және экономикалық мәселелердің жоқтығын көрсетеді. Екі мемлекеттің саяси-экономика саласындағы өзара мүдделерінің ұштасуы Астана мен Мадридтің дамуына бағытталып отыр.
1992 жылы 11 ақпанда Испания Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1999 жылы қаңтарда Мадридте Қазақстан Елшілігі ашылды, ал сол жылы маусым айында Алматыда Испания Елшілігі қызмет ете бастады.
1994 ж. наурыз айында Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Испанияға алғашқы мемлекеттік сапары болды, ал Қазақстанға 1997 ж. қазан айында Үкімет Төрағасы Х. М. Аснардың басшылығымен Испания Королдігі делегациясының ресми сапары жасалды. 2000 ж. 10 қазан, 2000 ж. 30 - 31 қазан және 2001 ж. желтоқсанда Президент Н. Назарбаевтың Испанияға ресми сапары нәтижесінде ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың іргетасын қалаған бірқатар құжаттарға қол қойылды:
- ҚР мен Испания Корольдігі арасындағы Өзара қарым-қатынастар негіздері жөніндегі декларация;
- ҚР көлік және коммуникациялар министрлігі мен Испания Корольдігінің Даму министрлігі арасындағы Жүктерді халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат бланкілерімен алмасу туралы келісім;
- Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы шарт;
- Экономика мен өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық туралы ҚР мен Испания Корольдігі арасындағы келісім [1] ;
- ҚР Үкіметі мен Испания Корольдігі Үкіметінің арасындағы 2000-2003 жж. арналған білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы.
ҚАЗАҚСТАН-ИСПАНИЯ экономикалық ҚАТЫНАСТАРЫ
Жоғарыда аталған құжаттардың ішіндегі ең маңыздысы екі тараптар арасындағы Өзара қарым-қатынастар негіздері жөніндегі декларация болып табылады. Аталмыш құжат екіжақты қатынастың бастамасының негізін қалады. Декларацияда ҚР мен Испания Корольдігінің өзара қатынастары БҰҰ Жарлығы, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі Хельсинки Кеңесінің Қорытынды акті және Жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясының мақсаттары мен принциптеріне сәйкес демократия, бостандық және адам құқықтарын құрметтеу принциптеріне негізінделген [3] .
Қазақстан мен Испания қоршаған ортаны қорғау және оған төніп отырған қауіптің алдын алу - халықаралық қауымдастықтың міндеті деп есептейді. Осы тұрғыда екі мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында және табиғи ресурстарды саналы және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуде ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.
Сондай-ақ, өзара экономикалық қатынастарының әрі қарай дамуы екі тарап арасындағы экономикалық ынтымақтастығының нығаюына, әсіресе қаржы, сыртқы сауда, машина құрылысы, химия және электрондық өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен қайта өндеу өнеркәсібі, жаңа технологиялар, кадрлар дайындау және туризм салаларында маңызды рөл алатына сенеді.
Жоғарыда келтірілген құжаттар екі ел арасындағы берік шартты-құқықтық базасының негізін құрайды.
1996 жылы 30 қаңтарда Серіктестік және Ынтымақтастық жөніндегі Келісімін Испания Корольдігі Еуропалық Одақ мемлекеттері ішінде бірінші болып ратификациялады.
Бүгінгі күні қазақстан-испандық инвестиция және сауда-экономикалық қатынастары қалыпты дамып келеді. Еуропалық Одақ мүше-мемлекеттері ішінде Қазақстан үшін экономикасына шетел инвестиция көздерін тартуда Испанияға мүдделі болып отыр. Қазақстандағы ең көлемді инвестиция Еуропалық Одақ үлесіне тиеді. 1993 жылдан 2001 жылға дейінгі Қазақстан экономикасына Еуропалық Одақ мүше-мемлекеттерінің тікелей инвестиция үлесі ортақ әлемдік инвестиция үлесінен 34, 2% (3479, 5 млн. АҚШ долларын) құрады. Қазақстан экономикасына шетел инвестициялары 2005 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша 49, 7 млрд. долл. құрады. Испанияның үлесі - 0, 1 % (54, 6 млн. долл., соның ішінде тікелей инвестициялар - 6, 6 млн. долл., басқалары - 48 млн. долл. ) . 2005 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша Қазақстаннан шетелге 15, 06 миллиард АҚШ доллары инвестицияланған. Оның ішінде Испанияның үлесі 0, 2% (31, 7 млн. долл. ) құрайды.
Еуропалық Одақ мемлекеттерінен инвестиция тартудың маңызды ортасы түсті металлургия мен мұнай-газ секторы болып табылады. Бұл үрдіс Қазақстан экономикасының рыноктық экономика бағдарына қатысты болып келеді, осы жағдайда еліміздің мұнай орындарын, газ, көмір, қара және түсті металлургия өндіріп шығаруға, мұнайгаз кәсібін дамытуға, минералды шикізат өндіруге және шетелдік капитал салымын тартуға тұтынушылығы артып келеді.
Қазақстан Республикасының Испания Корольдігімен сауда-экономикалық ынтымақтастығының негізгі көрсеткіштері
1994 ж-дан 2000 ж-ға дейін [4]
(АҚШ млн. долл. )
Асыл емес металдар мен бұйымдарды импорттау көлемі 51% көтерілуін қамтамасыз ете отырып, 2004 жылы 8, 2 млн. АҚШ долларына қарсы 12, 5 млн. АҚШ долларын құрады.
Экспортталған минералды шикізаттың көлемі 436, 1 млн. АҚШ долларына сәйкес келді және 2004 жылмен салыстырғанда (249, 7 млн. АҚШ доллар) 74, 6 % көтерілді. Химиялық және оның саласымен байланысты өнімдерінің үлесі 2004 жылы 3, 5 млн. АҚШ долларына қарсы 8, 2 млн. АҚШ долларын құрады, яғни 2, 5 есеге көтерілуімен негізделді. 2005 жылы Испаниядан қазақстандық импорттың негізгі баптары 2004 жылмен салыстырғанда (7, 8 млн. АҚШ доллары) 44 % төмен болатын 4, 4 млн. АҚШ доллары сомасына жер, әуе және су көліктерінің құралдары, олардың бөлшектері мен құрал-жабдықтары; алдағы жылдың көрсеткішінен (25, 1 млн. АҚШ доллары) 47% артық 37, 1 млн. АҚШ доллары сомасына машиналар мен электротехникалық жабдықтар; 2004 жылдың (4, 8 млн. АҚШ доллар) мәліметтерінен 17, 5% асатын 5, 7 млн. АҚШ доллары сомасына химиялық және оған байланысты өнеркәсіптік салалары болып табылады.
Экспорт 2005 жылы 464, 5 млн. АҚШ долларын құрады және 2004 жылы көрсеткіштеріне қатысты (281, 4 млн. АҚШ доллары) 65 % көтерілді. Импорт 75, 7 млн. АҚШ долларын құрады, яғни 2004 жылы көрсеткішінен (65, 1 млн. АҚШ доллары) 16 % жоғары. Қазақстандық және испандық статистикалық мәліметтерінің айырмашылығы тауарлар мен қызметтердің айналысын есепке алу әдістемесінің әр түрлігімен түсіндіріледі. Қара металдар мен олардың бұйымдары 15, 7 млн. АҚШ доллары сомасына экспортталған және алдағы жылмен салыстырғанда (27, 5 млн. АҚШ доллары) 43 % төмендегені байқалады.
Қазақстан жағының мәліметі бойынша Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымының көлемі 2005 жылы 540, 2 млн. АҚШ долларын құрады және 2004 жылмен салыстырғанда (346, 5 млн. АҚШ доллары) 56 % көтерілді. Испания статистикалық органдарының мәліметтері
бойынша 2005 жылы екі ел арасындағы тауар айналысы 668, 4 млн. АҚШ долларын құрады (2004 ж. - 596, 74 млн. АҚШ доллары) .
Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бірден-бір механизмі экономика мен өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық қазақ-испан комиссиясы (ЭӨК) (І мәжілісі 1997 жылы Мадридте өткізілді) болып табылады. 2000 жылы қазан айында Президент Н. Ә. Назарбаевтың Испания Королдігіне сапары шеңберінде ЭӨК-нің екінші мәжілісі және «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» атты конференциясы болып өтті. Қазіргі уақытта Мадрид қаласында комиссияның кезекті мәжілісін ұйымдастыру мәселелері пысықталуда[5] .
2005 жылдың 25 мамыры - 1 маусымы аралығында Премьер-Министрдің орынбасары, ҚР Индустрия және сауда министрі С. М. Мыңбаевтың басшылығымен қазақстандық делегациясы Барселона мен Мадрид қалаларына сапары шеңберінде, 2003-2005 жж. арналған Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының презентациясына қатысты. Сапардың шеңберінде өткізілген келіссөздер мен кездесулердің барысында қазақстандық және испандық даму институттары мен компанияларының арасында бірқатар бірлескен жобаларды іске асырудың жағдайлары талқыланды [6] .
Соңғы жылдары Қазақстан мен Испания арасындағы іскерлік байланыстардың кеңеюіне өзара ынтымақтастықтың перспективаларына арналған түрлі форумдар мен семинарлардың (1997 ж. Алматыда өткен «Испаниямен экономикалық байланыстар» атты семинар, т. б. ) өткізілуі жәрдемдесуде.
Жоғарыда айтылған сапарлар мен кездесулер нәтижесі дипломатиялық және саяси-экономикалық қатынастардың тереңдей түсуіне ықпал етеді. Мұнда Қазақстанда Испания компанияларының қызмет етуі, инвестиция салымы мен несие желісінің көлемі, білім беру орталықтарының ашылуы, студенттер және мамандармен алмасу, т. б. дәлел бола алады.
Қазіргі таңда Қазақстан нарығында Испанияның 13 компаниясы жұмыс істейді, олардың қызмет ету саласы ауқымды, яғни мұнайгаз, телекоммуникация мен байланыс, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы салалары және т. б. Айтылған компаниялар мен фирмалар ішінен келесілерді айтуға болады: «Репсол», «Тальго», «EQUIP TECNIQ SANTANDREU», Unión Española de Explosivos (өнеркәсіптік бағыттағы жарылғыш заттарының өндірісі), «Индра» (ақпараттық технология), «Телтроник» (радиокоммуникация) және тағы басқалары. «ITS» компаниясының Казкоммерцбанкпен бірлескен серіктестігі құрылыс саласында бірге қызмет етеді. Испанияның «Кампо Фрио» компаниясы Қазақстанның мал шаруашылығы саласында өнімдерінің қайта өндіруіне арналған жаңа құрылғылар мен технологияларын тасымалдайды.
Екі мемлекеттің бір-біріне мүдделілігі негізінен мұнайгаз саласы мен жаңа технологиялардың тасымалдануында болып отыр. Әлемнің ірі мұнай-газ компанияларының ондығына кіретін, 7-ші орындағы испандық REPSOL 1997 ж. бері Байғанин кен орны аумағында көмірсутегі қорын барлау және игеруге келісім-шарт жасасып, қазақстандық нарықта жұмыс істеуде. Репсол компаниясының Қазақстан нарығындағы оң қызметі басқа да испан компанияларына үлгі бола алады. Бүгінде Қазақстанның шетелдік мемлекеттермен тауар айналымының жалпы көлеміндегі Испанияның үлес салмағы 0, 4 % құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz