Несие жүйесі жайлы



Кіріспе.

І. Несие жүйесінің теориялық негіздері.
1.1 Несие жүйесінің мәні және қалыптасуы.
1.2 Несие жүйесінің жіктелімі.

ІІ. Қазақстан Республикасының ЖЗҚ жүйесін талдау.
2.1 «Ұлар Үміт» қалыптасуы, дамуы, операциялары.
2.2 «Ұлар Үміт» ЖЗҚ.ң даму тенденциялары.

ІІІ. Қазақстан Республикасының несие жүйесінің проблемалары, даму жолдары.


Қорытынды.
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі елде бұрын соңды болмаған қаржы нарығының қалыптасуын талап етті. Нарықтық қатынастар дамуы үшін елдің несие жүйесінің жаңа деңгейге өтуін талап етті, яғни Кеңес үкіметі тұсында қалыптасқан несие жүйемізге көптеген өзгерістер енді деп айтуымызға толық негіз бар.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының несие жүйесі нарықтық қатынастар дамыған елдердің несие жүйесінің тәжірибесін қолдана отырып, өзіндік бір несие жүйесін құрды. Біздің несие жүйеміз үлкен екі жүйеден тұрады:
- банктік жүйе
- парабанктік жүйе
Қазақстан Республикасында банктік жүйе нарықтық қатынастарға өтуге байланысты көптеген қиындықтарға ұшырады. Кеңес Үкіметінің Мембанкінің құрамдас бөлігі ретінде болып саналған еліміздің банк жүйесі Кеңес Үкіметі тараған кезде көптеген коммерциялық банктердің ашылуына және еліміздің алғашқы Орталық банк жүйесінің ашылуы болды. Алайда, елде нарықтық қатынастардың жоғары деңгейде дамымауы Ұлттық банктің коммерциялық банктердің қызметін атқаруына тура келді. Сондай-ақ, елде жаппай көп мөлшерде ашылған коммерциялық банктер нарық құралдарын дұрыс дәрежеде түсінбеуі олардың коммерциялық банк статусынан айырылуына және банкротқа ұшырауына себепкер болды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы жекешелендіру процесін жүргізуі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін реттеу туралы Ұлттық банкке мемлекет тарапынан құқықтық жетілуді қамтамасыз етуі – елімізде несие жүйесін жаңа деңгейге көтерді. Алайда, 1997 жылы Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде болған қаржы дағдарысы еліміздің несие жүйесінің дамуын ұзақ жылдарға созылуына себепкер болды.
Қазіргі таңда несие жүйесінің негізгі буыны болып табылатын – банктер. Қазіргі Қазақстандық банк жүйесі екі негізгі буыннан тұрады:
- Эмитент: Ұлттық банк
- Эмитент еместер : Коммерциялық банктер.
Ал енді менің осы курстық жұмысты жазудағы мақсатым – елімізде қалыптасқан несие жүйесін құрылымдық талдау, оның даму тенденцияларына баға беру. Осы мақсатыма орай мынадай міндеттер туындайды:
- елдің несие жүйесін мақсатты түрде құрылымдық талдау;
- банктік және банктік емес қаржы институттарының операцияларын талдау;
- несие жүйесінің қалыптасу барысындағы проблемаларды ашып көрсету;
- қаржы институттарының даму тенденцияларына баға беру.
1. «Мемлекет және құқық негіздері» Е. Баянов .Алматы. Жеті жарғы. 2001жыл.
2. «Ақша, несие, банктер» Ғ.Сейітқасымовтың редакциялығымен. Алматы. Экономика, 2001ж.
3. «Ақша айналысы және несие» С.Б.Мақыш.Алматы.2006ж.
4. «Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнді және үмітсіздер қатарына жатқыза отырып, провизия(резерв)құру ережесі. ҚР Ұлттық банк Басқармасының №465 қаулысы. 16.11.2002ж.
5. «Деньги, кредит, банки» Под.ред. Лаврушина О.И.-Москва Финансы и статистика, 2006г.
6. «Атаулы әлеуметтік көмек» ҚР заңы. 17.07.2001ж.
7. «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» Ахметов, Жұмағұлова. Алматы 2006ж.
8. «Пенсионное обеспечение и социальная защита граждан РК»
Алматы. 2005г. Юрист.
9. «Практикум по праву социального обеспечения» Манчурская Е.Е.
Москва 2003г.
10. ҚР-ң конституциясы 28-29-30 баптар.
11. «ҚР-ғы зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң » 2004ж. 20 маусым.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе.

І. Несие жүйесінің теориялық негіздері.
1. Несие жүйесінің мәні және қалыптасуы.
1.2 Несие жүйесінің жіктелімі.

ІІ. Қазақстан Республикасының ЖЗҚ жүйесін талдау.
1. Ұлар Үміт қалыптасуы, дамуы, операциялары.
2. Ұлар Үміт ЖЗҚ-ң даму тенденциялары.

ІІІ. Қазақстан Республикасының несие жүйесінің проблемалары,
даму жолдары.

Қорытынды.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі елде бұрын
соңды болмаған қаржы нарығының қалыптасуын талап етті. Нарықтық
қатынастар дамуы үшін елдің несие жүйесінің жаңа деңгейге өтуін талап
етті, яғни Кеңес үкіметі тұсында қалыптасқан несие жүйемізге көптеген
өзгерістер енді деп айтуымызға толық негіз бар.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының несие жүйесі нарықтық
қатынастар дамыған елдердің несие жүйесінің тәжірибесін қолдана отырып,
өзіндік бір несие жүйесін құрды. Біздің несие жүйеміз үлкен екі жүйеден
тұрады:
- банктік жүйе
- парабанктік жүйе
Қазақстан Республикасында банктік жүйе нарықтық қатынастарға өтуге
байланысты көптеген қиындықтарға ұшырады. Кеңес Үкіметінің Мембанкінің
құрамдас бөлігі ретінде болып саналған еліміздің банк жүйесі Кеңес Үкіметі
тараған кезде көптеген коммерциялық банктердің ашылуына және еліміздің
алғашқы Орталық банк жүйесінің ашылуы болды. Алайда, елде нарықтық
қатынастардың жоғары деңгейде дамымауы Ұлттық банктің коммерциялық
банктердің қызметін атқаруына тура келді. Сондай-ақ, елде жаппай көп
мөлшерде ашылған коммерциялық банктер нарық құралдарын дұрыс дәрежеде
түсінбеуі олардың коммерциялық банк статусынан айырылуына және банкротқа
ұшырауына себепкер болды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы жекешелендіру процесін
жүргізуі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін реттеу туралы Ұлттық
банкке мемлекет тарапынан құқықтық жетілуді қамтамасыз етуі – елімізде
несие жүйесін жаңа деңгейге көтерді. Алайда, 1997 жылы Оңтүстік-шығыс Азия
елдерінде болған қаржы дағдарысы еліміздің несие жүйесінің дамуын ұзақ
жылдарға созылуына себепкер болды.
Қазіргі таңда несие жүйесінің негізгі буыны болып табылатын –
банктер. Қазіргі Қазақстандық банк жүйесі екі негізгі буыннан тұрады:
- Эмитент: Ұлттық банк
- Эмитент еместер : Коммерциялық банктер.
Ал енді менің осы курстық жұмысты жазудағы мақсатым – елімізде
қалыптасқан несие жүйесін құрылымдық талдау, оның даму тенденцияларына
баға беру. Осы мақсатыма орай мынадай міндеттер туындайды:
- елдің несие жүйесін мақсатты түрде құрылымдық талдау;
- банктік және банктік емес қаржы институттарының операцияларын талдау;

- несие жүйесінің қалыптасу барысындағы проблемаларды ашып көрсету;
- қаржы институттарының даму тенденцияларына баға беру.

І. Несие жүйесінің теориялық негіздері.

1. Несие жүйесінің мәні және қалыптасуы.

Несие- нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен
қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас
сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші
қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге
байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін
сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне
капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз
де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде
берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр
түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз
емес, несие – бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни
қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал
қаржы – сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы:
дотация, субвенция, субсидия, түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа
ие.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша
пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып,
несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие –
бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай – ақ олардың
жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда –
бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие - кәсіпорындар, ұйымдар
және бірлестіктер, сондай- ақ халық арасындағы несие қорын құру және
оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша
пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты
элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар
субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар
субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз
беруші- бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады.
Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық
субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті,
несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен
жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға,
кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б.
байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік
қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес,
сондай- ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш – бұл өте
ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы- бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар
тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының
элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның
ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын
қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде
мынадай қызметтерді атқарады:
- қайта бөлу:
- айналыс шығындарын үнемдеу:
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру:
- капиталдың шоғырлануын жеделдету:
- ғылыми – техникалық прогресті жеделдету:
Несиенің қайта бөлу қызметі кез – келген елдің ұлттық
экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл
қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір
саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта
бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде
жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие
арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы
несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі
ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын
алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті
туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың
барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің
орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын
қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік
жасайды.
Ал келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты
ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай
орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде
тек қана тауар айналысын емес, сондай – ақ нақты ақшалардың уақытша орнын
ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі
несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен
жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының
жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да
ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты
дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді
шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда
алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми – техникалық прогресті жеделдету қызметі
ғылыми – техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады.
Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының
(бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға
түседі. Сондай – ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық
ретінде енгізу үшін аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар
бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді
банктің несиелері есебінен қаржыландырылады.
Мемлекеттік несие (кредит) негізінен бюджеттік тапшылықты жою
мақсатында қосымша қаржылық ресурстарды қалыптастыру жөнінде мемлекет
тарапынан жүзеге асырылатын қызмет болып табылады. Мемлекеттік несие екі
түрге бөлінеді:
а) ішкі мемлекеттік заемдар,
б) сыртқы мемлекеттік заемдар.
Ішкі мемлекеттік заемдарды ерікті, қайтарымды және ақылы түрде
жеке және заңды тұлғалардан алу кезінде мемлекет борышқор, ал тұлғалар
қарыз берушілер болып есептелінеді. Сыртқы мемлекеттік заемдар барысында
мемлекет қарыз алушы немесе қарыз беруші ретінде болуы мүмкін.
Мемлекеттік несиенің тағы бір өзіне тән ерекшелігі, оның бір уақытта
тиісті бюджеттің кірісі және шығысы түрінде көрініс табуы. Мемлекеттік
несиені екі тұрғыдан, яғни экономикалық және құқықтық категориялар
ретінде қарастыруға болады. Экономикалық категория ретінде мемлекеттік
несие деп, мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын
уақытша пайдалану үшін оларды ерікті, ақылы түрде және қайтарымды негізде
бюджет тартуына байланысты туындайтын экономикалық қатынастардың жүйесін
айтамыз.
Ал құқықтық категория ретінде, мемлекеттік несие дегеніміз,
бюджетті қалыптастыру, бюджеттік тапшылықтарды жою және ақша айналымын
реттеу мақсатында, ерікті, ақылы, қайтарымды, мерзімді негізде
мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын
бюджетке жұмылдыру барысындағы құқықтық қатынастар. Ішкі мемлекеттік
заемдар облигация, қазынашылық бондар немесе қазынашылық вексельдер
нысанында болады.
Енді банктік несие немесе мемлекеттік кредиттеу туралы.
Мемлекетімізде бірінші деңгейдегі Ұлттық Банктен басқа екінші деңгейдегі
мемлекеттік банктер де (өзге банктер де) бар екенін білеміз.Осы
мемлекеттік банктердің негізгі атқаратын қызметтерінің ішіндегі ең
бастысы несиелеу, яғни банктік ссуда беру болып табылады. Мемлекеттік
банктер мемлекеттің қаржылық-несиелік органдары болғандықтан өз
қызметтерін жүзеге асыру барысында мемлекет мүддесін көздейді, ал табатын
табыстары мемлекеттік орталықтандырылған ссудалық қорын қалыптастырады.
Сонымен банктік несие (кредиттеу) деп, несие беруші банктің
(кредитор) қарыз алушы тұлғаға (клиентке) өзінің ссудалық қорынан ақша
қаражаттарын белгілі мерзімге, ақылы түрде және қайтарымды негізде
уақытша пайдалануға беруін айтамыз. Банктік несие беру тек кредиттік
шарттың негізінде жүзеге асырылады. Кредиттік шарт дегеніміз, банктік
ссуда беру жөнінде қарыз беруші банк (кредитор) пен қарыз алушы –
клиенттің арасында жасалған келісім.
Банктік несие беру кезінде мына келесі бірнеше қағидалар
басшылыққа алынады: жоспарлық, мақсаттылық, материалдық, қамтамасыз
етілуі (кепілдендірілуі), қайтарымдылық, мерзімдік, ақылық. Қарыз алушы
тұлғалар (борышқорлар) банктік ссуданы пайдаланғандары үшін банктік
процент төлейді. Банктік процент – борышқордың банкке өзіне берілген
ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін, алған ссуда сомасына процент есебінде
қосылатын банктік есептеу ставкасы болып табылады.
Пайдалануға берілетін мерзімдері бойынша қысқа мерзімге, орта
мерзімге және ұзақ мерзімге берілетін несие болып бөлінеді.
Банктік несие заңды және жеке тұлғалардың (кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын)айналым қаражаттарына деген қажеттілік
мұқтаждықтарын қамтамасыз ету және негізгі қорларын құру мақсатында
беріледі.
Қазіргі кезде несие (кредит) ссудалық капиталдың қозғалыс
нысанын көрсетеді, сондықтан оның нарықтық экономикалық аясында атқаратын
рөлі өте зор.

2. Несие жүйесінің жіктелімі.

Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір
дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың
негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер
барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз
алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы
сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар
түрінде берілетін несиені – коммерциялық , ал ақша түріндегі несиені
банктік деп атайды. Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде
қолдануынан туады.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға
берген тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие – бұл вексель айналысының пайда болуына себеп
болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің
бұл формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай
– ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен
бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды
сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай
жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы
уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме –
вексель қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
- қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады,
- коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі,
- қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен
байланысты,
- коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады,
- қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің
заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар
бағасының құнына қосылады.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға
ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік
несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз
алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады.
Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер
береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
І. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға,
- банктерге,
- қаржы-несиелік мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- өнеркәсіп салаларына,
- ауыл шаруашылығына,
- саудаға,
- дайындау ұйымдарына,
- жабдықтау-сату ұйымдарына,
- кооперативтерге,
- жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

ІІ .Мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
- орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін)
- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

ІІІ.Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
- негізгі қорларға жұмсалатын:
- айналым қаражатына жұмсалатын.

ІV.Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
- Қамтамасыз етілген:
- кепілхатпен,
- кепілдемемен,
- кепілдікпен.
- Сақтандырылған.
- Қамтамасыз етілмеген:
- сенім (бланктік) несиесі.

V.Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер.
2) Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған
активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді:1-
санатты күмәнді, 2 – санатты күмәнді, 3 – санатты күмәнді, 4- санатты
күмәнді, 5 – санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер.
VІ Валютамен берілуіне қарай:
Ұлттық валютамен,
Шетел валютасымен.

VІІ Берілу шартына қарай:
1)Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін
және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2)Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс
ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несие.
3)Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық
бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4)Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несиенің түрі.
5)Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа
мерзімді несие.
6)Банкаралық несие – банктердің бір – біріне беретін несиесі.
7)Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге алып, берілетеін несие.
8)Лизингтік несие – құрал – жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін
несие.
9)Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат
пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
10) Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
11) Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу
мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.

VІІІ. Несиелеу объектісіне қарай:
- меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға,
- материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына,
сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен
импорттауға,
- азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар,
материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына.
ломбардттық , кепілдік және ссудалық операцияларға,
- театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары
арасындағы маусымдық, үзілістерге,
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландаруға,
- тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды
ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз
байланысты: бір жағынан, тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі
өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды, екінші
жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттігін
ұлғайтады. Мұндай тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру
жағдайында пайда болуда.
Тұтыну несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде
қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол
елдің ішкі жиынтық өнімінің 10 % - ын, Германия мен Францияда – 30 % -ын,
ал Ұлыбритания мен АҚШ – та 60% -ын құрайды екен. Бұл елдердің
тәжірибелерінде тұтыну несиесін ең қымбат тауарларды: автомобиль, электр
тұрмыстық құралдарды, жиhаздарды және т.с.с. сатып алу барысында жиі
пайдаланады. Бұл елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі
автомобильдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну
несиесі банктік несиенің бір бөлігі ретінде,
оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып келеді.
Сондықтан да, несиенің бұл формасының экономикасы дамыған елдерде кеңінен
пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті, яғни бұл
несие халыққа ең жоғарғы деңгейде мтериалдық игіліктерге қол жеткізуге
қолайлы жағдай жасаса: екіншісі, объективті, яғни кез келген қоғамның
дамуының басты бір экономикалық мәселесі – бұл дайын өнімді өткізу десек,
ендеше тұтыну несиесін қолдану аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл
атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде
реттеп отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және
пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды
ынталандыруға тиіс.
Қазақстанда тұтыну несиесі кеңінен дамып отырған несиеге
жатады. Екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай
түрлері қолданылуда:
- автомобильдік несие,
- ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие,
- тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие,
- кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге ( оқу, емделу, демалу және
т.с.с.) берілеті.
Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген
автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.
Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:
- жиhаз,
- сантехника,
- аудио – видео және тұрмыстық техникалар,
- компьютер және оргтехника,
- басқа да тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және
сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

Казкоммерц банктің тұтыну несиесінің түрлері мен
шарттары.

№ Несиелеу Тұтыну несиесінің
шарттары түрлері.
Автомобиль Ұзақ мерзімді
несиесі. тауарлар сатып
алу несиесі.
Жаңа Ескі(пайдаланған)
1 2 3 4 5
Несие Автомобиль Автомобильді 10 000 АҚШ
мөлшері құнының 80% бағалау құнының долларына
дейін 80%- на дейін дейін (немесе
эквивалент)
500 000 АҚШ
долларына
дейін(егер
қамтамасыз ету
заты –
жылжымайтын
мүлік болса)
Бастапқы Автомобиль 3жылға дейін жүрген
жарна құнынан 20% шетел көлігін сатып
алуда 20% ,3 жылдан
5 жылға дейін
жүрілген шетел
көлігін сатып алуда
30%, 5 жылдан 10
жылға дейін
жүрілген шетел
көлігін сатып алуда
50%, 3 жылға дейін
жүрілген ТМД
елдерінің
автокөлігін сатып
алуда-30%,3 жылдан
5 жылға дейін
жүрілген ТМД
елдерінің
автокөлігін сатып
алуда – 50%

3 Несие мерзімі шетелдік автокөлік 3 жылға дейін 2 жылға дейін
үшін 5 жылға дейін,
ТМД елдерінің
автокөлігі үшін 3
жылға дейін
4 Несие валютасы АҚШ доллары немесе АҚШ доллары АҚШ доллары
теңге немесе теңге немесе теңге
5 Несие үшін төлем Айына: 1,5 % (АҚШ Айына: 1,7 % Айына: 1,7 %
долларымен) және (АҚШ (АҚШ
1,7 (теңгемен) долларымен) долларымен)
және және 1,7 %
1,7(теңгемен) (теңгемен)
6 Қамтамасыз ету Сатып алатын Егер шетел Сатып алатын
түрі автомобиль автокөлігінің тауар немесе
жүрілген уақытытұрғын үй
10 жылдан,
ТМД-кі 5 жылдан
аспаса, сол
автомобильді

Казкоммерц банктің 2003 ж. жарнамалық
материалынан.

Сонымен қатар жоғарыдағы банктен тұтыну несиесін алуға қажетті
құжаттар тізімі мынадай:
Қарыз алушының анкетасы:
1. Жеке куәлігі (көшірмесі)
2. СТТН (көшірмесі)
3. Соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы ақпарат
Ипотекалық несиелеудің үлгілері
Кәсіпкерлікті несиемен қамтамасыз ету анализі
Тұтынушылық несиелендіру проблемалары мен жетілдіру жолдары
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың экономикалық негізі
Қазақстандағы банктік жүйе
Экономика пәнінен дәрістер
«Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеуді дамытудың негізгі бағыттары»
Қазақстан Республикасындағы банктердің іс-жүзіндегі көрсететін қызметтер көрінісін талдау
Банктердің мәні және оның қызметтері. АҚШ және Германия банктері
Пәндер