Шығыс философиясына сипаттама


ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ
Үнді философиясы
Жалпы адамзат тарихында қола дәуірінен өту өндіргіш күштердің ширақ дамуына ғана әкеліп соққан жоқ, сонымен қатар рулық, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдыққоғамның пайда болуына, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуіне, адамның белсенді іс-әрекеті арқасында өзінің табиғат құдіреттері алдындағы әлсіздігі, бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюдағы алғашқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына, осы негізде абстракциялық ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды. Сөйтіп, ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың көзқарас кең өріс ала бастады. Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім және ойлау қабілетінің арқасындағы қайшылықтарды шешуге тырысты. Бірақ мұндай көзқарас әлі де болса философия емес еді. Себебі Ежелгі Шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуы, философиялық ой-пікірдің сол кездегі жетістіктермен нашар байланыста болуы Шығыс философиясының діни-мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.
Дегенмен де, табиғат құбылыстары мен олардың арасындағы өзгерістерді сиқырлы, танылмайтын беймәлім күштердің құдіретін деп ұғып, адамға ұқсас құдай бейнесін жасау - абстракциялы ойлау процесінің жетілгендігін көрсетіп, дүниетанымдық көзқараста философияның жеке бағыт қалыптасуына қажетті алғашқы шарт болды. Осының нәтижесінде, кезінде жоғары деңгейдегі мәдениеттің арқасында әлемге әйгілі болған Шығыс елдерінің философиялық ілімдері қалыптасты.
Біздің жыл санауымыздан үш мың жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде қауімдік қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғам 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер(әскер басылар), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және шудралар (құлдар) . Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды, және өздеріне ғана тән әртүрлі мамандықтары болды. Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздкріне ғана тән әртүрлі мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардың үлесіне ой еңбегі, кшатрийлерге әскери қызмет, вайшьилерге - ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамның осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үнді мәдениетінің ескерткіші Ведаларда (веда - б. д. д. 1500 ж. ) жинақталған. Ведалар 4 бөлімнен тұрады: 1. Самхит - құдайларға арналған гимндер жинағы. 2. Брахман - самхитті түсіндіретін әртүрлі мифологиялық әңгімелер, ритуалдар, т. б. . 3. Араньякта (Орман кітабы) - брахманға тән ритуалдың орнына құдайларды іштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойланып- толғану сияқты көзқарас. 4. Ведалардың ең соңғы сатысы "Упанишадта" дәстүрлі варналарды бір-біріне қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады. Упанишадтың басты тезисі Брахман туралы. Ғарыштың негізінде мәңгі мәнділік - Брахман жатыр. Ал одан барлық заттар дамып өскен. Олай болса, Брахман - бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Бразман екі түрлі болады. Біріншісі қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көптүрлі болса, екіншісі жалқы. Кейбір жағдайларды брахманмен қатар, синоним ретінде, атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман - тіршіліктің негізгі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің ішкі бастамасы, негізі және соңы болады. Атман тек бастама ғана емес, ол -саналы тіршілік иесі, әлемді жаратушы. Брахман және атманмен қатар тұрған ұғымдардың бірі - пуруша және "мен". Пуруша (еркек) - ол әлем, адам түріндегі әлем. Сондықтан атман бастапқыда пуруша түрінде болып, "мен әлемді жаратамын" деп: аспан суын, сәуленің бөлшектерін, өлімді, суды жаратты. Осыдан біз атманның саналы екенін түсінеміз. Упанишадта "менді" брахманмен, атманмен тең деп түсінгенде ғана, адам өзін Құдаймен, бүкіл әлеммен теңмін деп түсінеді. Ал "мен" бір бөлек, брахман, атман бір бөлек деп түсінетін болсақ, ол білімділікке жатпайды. Ал егер атманды танып- білсек, барлығын да білгеніміз. Жалпы, білімділік Упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей құрбандыұ шалу туралы білім өте құндырақ. Өмірдің ең басты мақсаты тірі кезінде атман-брахманмен қосылып - бірігу. Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер сол Ведалардың беделін мойындау-мойындамауға байланысты әртүрлі бағыттарға бөлінеді:жайнизм, буддизм, даршандар, чарвактар-локаяттар, саньхья.
Жайнизм («Жина» -жеңімпаз) . Жайнизмнің негізгі философиялық көзқарастары «Сиддханта» деп аталатын кітаптар жинағында берілген. Жайнизм сансарға, кармаға және мокшаға сенеді. Жайнизмнің басты мақсаты - қасірет деп түсінген өмірден алшақ болу. Жайнизмнің ілімінше, карма заңын құдайларға құрбандық шалып өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірді жеңуге болмайды. Ол үшін сансардан құтылу қажет.
Жайналықтар әлемді жаны бар және жаны жоқ деп екіге бөледі. Тіршілігі жоқ әлем атомдардан тұратын материядан құралады. Олар бір-бірімен қосыла, бөліне алады. Оларға сонымен қоса кеңістік, уақыт, орта және қозғалыс жатады.
Тіршіліктің жаны бар, керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі әртүрлі болады. Егер ауа, жер, су, от, өсімдіктер тек қана сезіне алса, құстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түйсіну тән. Жалпы алғанда, тіршілік мәңгі, бірақта ол материялдық денелер түрін қабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, бір денеден екінші денеге ауысып отырады.
Жайналардың пікірінше, әлем бірінің үстінде бірі орналасқан көптеген қабаттардан тұрады. Төменгі екі қабаты әзәзіл, ортаншы қабатта жер, келесі қабатта құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта құдайларға ұқсас джиндер орналасқан. Олар 24 тиртханкаларға және джиндарға сену керек дейді.
Жайнизм кейінірек келе дигамбар және шветамбар деген екі сектаға бөлініп кетті. Жайнизмге Үндістанда қазірдің өзінде де көптеген адамдар сенеді.
Буддизм . Бұл философиялық ағымның шығу тарихы принц Сидддхарта Гаутаманың есімімен тығыз байланысты, Буддизм ілімі бойынша, өмір- қасірет. Адам қандай әлеуметттік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен құтыла алмайды. Оған құдайға шалған құрбандық та көмектесе алмайды. Қасіріеттен құтылудың бірден-бір жолы- сансардан толық азат болу. Ол үшін адам төрт түрлі ақиқаттты білуге тиіс:
- Өмір- қасірет. Өмірге келу, кәрілік, ауру, өлім, жақсы көрген нәрсеңнен айырылу, қажетіңе жете алмау, т. б. -осылардың бәрі қасірет.
- Қасіреттің пайда болуы ақиқат.
- Қасіреттің пайда болу себебі өмірден ләззат алуға деген құштарлық екенін түсініп, аталған құштарлықтардан құтылу арқылы оны жеңуге болатындығына сену.
- Құштарлықтан құтылу жолдарын білу. Құштарлықтан құтылу оңай емес, ол үшін сегіз әдептілік қағиданы бұлжытпай орындау арқылы жанды таза ұстауға тырысу қажет. Олар:
- Дұрыс жол- төрт ақиқатты дұрыс түсіну.
- Дұрыс шешім - төрт ақиқақа өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер.
- Дұрыс сөз- өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау.
- Дұрыс іс-әрект- ешқандай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық болу.
- Дұрыс тұрмыс қалпы- адал еңбек етуді әдетке айналдыру.
- Дұрыс күш жұмсау- құмарлықпен, жаман оймен күресу.
- Дұрыс ой-бағыт- бұл дүниенің жалған, алдамшы, уақытша екенін түсіну.
- Дұрыс жинақтала білу- өз денеңді сезінуден, ойлаудан, түйсінуден арылу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz