Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕР ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ . . . 5
- Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының түсінігі және қызмет ету негіздері . . . 5
- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныпталуы . . . 8
- Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын басқару . . . 12
2. НАРЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕР ҚАРЖЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ . . . 14
2. 1 Қазіргі уақыттағы негізгі ұйымдық-құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері . . . 14
2. 2 Нарық жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын қалыптастырудағы негізгі элементтер . . . 19
2. 3 Нарық жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорлары. («Сеймар Альянс қаржы корпорациясы» АҚ мысалында) . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 27
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі . Курстық жұмыстың зертеу объектісі болып нарық жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мәні болып танылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы - бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық қамтамасыз етудің көздерін - жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты алғашқы бөлуді қамтитындықтан және кәсіпорындар деңгейінде мемлекеттің қаржы ресурстарының басым ауқымы қалыптасатындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық тетігі, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындарының шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Курстық жұмыс мақсаты мен міндеттері . Курстық жұмысымыздың мақсаты - шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын теориялық негізде танысу, оның қаржы жүйесіндегі орнын анықтау, Қазақстан Республикасында және нарық жүйесіндегі қызмет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жағдайын анықтау. Осы мақсат төмендегідей міндеттерді жүктейді:
- Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын теориялық жақтан зерттеу;
- Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сыныпталуын анықтау;
- ҚР-дағы немесе нарық жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жұмыс істеу негіздерін анықтау, т. б.
Курстық жұмыстың құрылымы. Біздің курстық жұмысымыз 2 тараудан тұрады. 1-тарау үш бөлімнен тұрады. 1-тарауда шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының түсінігін, функцияларын, сыныпталуын және оны қалай басқаруын көріп отырмыз.
2-тарау 3 бөлімнен тұрады. Бұл тарауда қазіргі уақыттағы негізгі ұйымдық-құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері, нарық жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын қалыптастырудағы негізгі эелементтер мен олардың қаржы қорлары, «Сеймар Альянс қаржы корпорациясы» АҚ мысалында қарастырылған.
Сонымен қатар курстық жұмыстың соңында қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі де орын тапты. Мұнда орыс және қазақ тіліндегі әдебиеттер тізімінен құралды. Жалпы алғанда 28 беттен тұрады.
- ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕР ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1. 1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының түсінігі және қызмет ету негіздері.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс, қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық (қаржылық немесе ақша) қатынастарды айтады. Ақшалай табыстар мен қорланымдарға мыналар жатады: өнімді, жұмысты, қызметтерді өткізуден түсетін түсім-ақша; кәсіпорынның жалпы және таза табыстары.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы өзіне өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медициналық, ақпараттық, маркетингтік және басқа қоғамдық-пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдарының, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерін туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын қосалқы категорияға - жалпы «қаржы» категориясы сияқты оның функцияларын орындайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бөлу және бақылау сияқты функцияларды орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъекті қаржысының өзіндік ерекшелігі оның бөлгіштік сипатында, өйткені шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қатынастардың негізгі бөлігі ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу нәтижесінде пайда болады.
Бөлу функциясы екі жақты негізде жүзеге асырылады:
бухгалтерлік, статистикалық және жедел есептемедегі қаржылық көрсеткіштер арқылы;
қаржылық ықпал ету арқылы.
Бірақ егер экономиканы басқарудың орталықтандырылған жүйесі кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге өнім шығаруға, пайдаға, өзіндік құнға және басқа көрсеткіштерге қызметтің қатаң шекаралары қойылса, қазіргі кезде ықпал жасау экономикалық тұтқалар мен ынталандырмалардың (салықтар, жеңілдіктер және т. б. ) көмегімен жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара толық айналамының үдерісінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, кредит үшін пайыз) негізінде бөлінетіндігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс үдерісінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайтын және оның көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бүкіл ақшалай табыстар мен қорлар қалыптасады және пайдаланылады. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты болып табылады. Бөлгіштік функцияны орындай отырып қаржы жалпы ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз етеді және оның барлық стадияларына әсер ете отырып оған қызмет жасайды. Бұдан басқа, ақша қаражаттарын дұрыс бөлу шаруашылық жүргізуші субъектінің жұмысын жақсартуға ынталандырушы ықпал етеді.
Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл үдеріс шаруашылық жүргізуші субъектілердің өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты (пайданы) жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк кредиттерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Қаржылық қатынастардың құрамында шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақша қатынастарының мынадай топтарын бөліп көрсетуге болады:
басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу үдерісінде, коммерциялық несиелендіру кезінде қалыптасады) ;
өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан жұмыскерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге жұмыскерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағазадар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;
мемлекетпен - бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарын қалыптастырғанда;
банктермен (қаржылық қатынастардың бұл тобы банк кредиттерін алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын опеациялар нысаны түрінде іске асады) ;
сақтық органдарымен - мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
жоғары ұйымдармен - ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және басқалары) ;
құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын (салымдарын) төлеу кезінде, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т. с. с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:
- қаржылық қатынастардың көпқырлығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
- өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуыжәне оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар - бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құн нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттай және ақша нысанында болуы мүмкін;
- жоғарыбелсенділік, шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы болып табылады. /23. 158 б/
1. 2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныпталуы.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер - кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін. (1-кесте)
1-кесте. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы.
Толық серіктестік
Жауаупкершілігі шектеулі серіктестік
Акционерлік қоғам
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер
Сенім серіктестіктігі
Басты
Еншілес
Қазыналық
Өндірістік
Тұтыну
Қоғамдық бірлестіктер
Қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындары
Қоғамдық қорлар
Мемлекеттік
Коммерциялық
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамына материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және рыноктық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негіздерінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді.
Межелеудің ең жалпы белгісі шаруашылық жүргізуші субъектілерді қызмет сфераларының біріне - материалдық немесе материалдық емес (қызметтер сферасы) сфераға жатқызу болып табылады.
Қызметтің материалдық сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілері бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізгі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың өнімдері) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сфераға да бағытталады.
Материалдық емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың үдерісі, әдеттегідей, оларды тұтыну үдерісімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды.
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл сфералардың қаржысын ұйымдастыруға - қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер құнының жасалу үдерістеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде де, сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру - қорланымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді. Мысалы, материалдық сфера қорларының қозғалысында өндірістік босалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес сфераға сипатты емес бірқатар басқа үдерістердің қозғалысымен байланыстылары елеулі орын алады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың басқа белгісі олардың қаржылық қызметінің сипаты - коммерциялық және коммерциялық емес қызметі болып табылады.
Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде бекітіліп берілген, онда заңи тұлға ұғымы анықталады. Заңи тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңи тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңи тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңи тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін және ол кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.
Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына: коммерциялық есепке немесе белгілі бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттіліктерін жабатын бюджеттік қаржыландыруға есептелген. Егер мекеме коммерциялық және коммерциялық емес қызметті үйлестіретін болса, онда бұл қызмет тиісті қаржылық зардаптарға ұшыратады: мұндай қызметтің өзін-өзі қаржыландырылуын ұйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу, алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.
Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді.
Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс (пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-қимылдарды орындауға бағытталған.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардың және (немесе) мемлекеттік емес заңи тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретінде болады, жеке меншіктің айырықша түрі ретінде қоғамдық ұйымдардың меншігі болады.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып ажыратылады.
Меншіктің аталған нысандарының ішінде шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының көптеген түрлерін (санын) туғызатын әр түрлі шаруашылық құрылымдары қалыптасуы мүмкін:
1. Мемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар , соның ішінде:
республикалық - Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының жалпымемлекеттік міндеттерін шешу үшін;
коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар - тиісті аумақтың халқының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағыныста болады.
- Заңи тұлғалардың жеке меншігіне негізделген шаруашылық жүргізуші субъектілер: әр түрлі тұрпаттағы шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар.
- Қоғамдық бірлестіктердің меншігіне негізделген шаруашылық жүргізуші субъектілер.
- Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңи тұлғалар мен азаматтардың мүлкін біріктіру негізіндегібірлескен кәсіпорындар.
- Азаматтардың меншігіне негізделгенжеке меншікті шаруашылық жүргізуші субъектілер.
- Меншіктің жоғарыда келтірілген әр түрлі нысандарының қатысуындағыаралас кәсіпорындар.
Меншіктің барлық нысандарының теңдігі мен меншік субъектілерінің құқығын теңдей қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілденілген.
Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық нысандыры мен олардың мөлшерін ажырата білген жөн. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық нысандары меншік нысанымен - мемлекеттік, жеке (әр түрлілігімен) меншікпен анықталады. Мөлшері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілер шағын, орта және үлкен болуы мүмкін. Заңнамалық тәртіппен қызметтің әр түрлі сфералары шағын шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және ұйымдық міндеттерді жедел шешуге мүмкіндік беретін тиімді құрылымдар ретінде олардың дамуын ынталандыру мақсатында параметрлері анықталуы мүмкін. Мәселен, Қазақстанда жеке кәсіпкерліктің субъектілеріне жеке кәсіпкерліктін, макробизнестін, шағын және орта кәсіпкерліктің, ірі бизнестің субъектілері жатады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің әр түрлі сыныптамалық сипаттамаларының сан алуандығы, олардың мүмкін болатын үйлесу қаржы жүйесінің бұл буынының қаржы механизмін күрделілендіреді, оны үнемі жетілдіруді, қызметті айқын заңнамалық реттемелеуді, жақсы жолға қойылған басқаруды және қаржылық үдерістерді бақылауды қажет етеді.
Жалпы меншіктің әр түрлі нысандары шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы ортақ қағидаттарға негізделген. Алайда бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық мәртебесіндегі айырмашылықтар кәсіпорындарды басқару механизмінің кейбір ерекшеліктерін, мүліктік жауапкершілік сипатты және осымен байланысты болатын қаржы ресурстарын қалыптастырып, бөлудің нысандарын анықтайды.
Бұл ең алдымен жарғылық капиталды қалыптастыру көздерін, табысты бөлуге және бюджетпен өзара қатынастарды ұйымдастыруға қатысты болып отыр. /23, 163 б/
1. 3 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын басқару.
Бұл буынның қаржысын басқарудың министрліктердің, ведомстволардың, концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті (басқамалары) мен бөлімдері , шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырады.
Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.
Министрліктер мен басқа жоғары органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайында басқару қаржы менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интелектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz