Меншікті капиталдың есебі туралы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының

білім және ғылым министрлігі

Алматы сауда экономикалық колледжі

Курстық жұмыс

Меншікті капиталдың есебі

Мазмұны

Кіріспе

1. Меншікті капитал

1. 1 Меншікті капиталдың түсінігі

2. Меншікті капиталдың есебі

2. 1 Жарғылық капиталдың есебі

2. 2 Резервтік капиталдың есебі

2. 3 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі

2. 4 Капитал қозғалысы бойынша болатын

операциялар есебі

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер

.

Кіріспе

1. Меншікті капитал

1. 1 Меншікті капиталдың түсінігі

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай - ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы шаруашылық субъектінің есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Субъекті мүлкінің құрамы.

Субъектінің барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналымнан тыс) активтерң және «айналымдағы активтерң - деп екіге бөледі.

Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық - техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал айналымдағы активтер шаруашылық субъектінің атқаратын қызметінен пайда табу үшін пайдаланылады. Олардың қатарына ақшалай қаржылар, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлы - материалдық қорлар, дебиторлық алашақтар және басқадай активтер жатады.

Субъекті мүліктерінің (капиталының) құралу көздері.

Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құрылады. Шаруашылық субъектісі меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

  • жарғылық капитал
  • резервтік капитал
  • бөлінбеген пайда

Шаруашылық субъектілері өздерінің меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар және кредиторлық борыштар жатқызылады.

Жарғылық қор меншік иесі субъектінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялаған қаржыларының сомасы болып саналады.

Меншіктік ұйымдық - құқықтық нысанына және меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай жарғылық қор мынадай түрлерде болуы мүмкін:

Шаруашылық серіктестіктердің (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері) .

Жарғылық қор мөлшері субъектінің жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, өкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Қосымша төленген капитал - қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық құнмен сатқаннан пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Қосымша төленбеген капитал - негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалағанда олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқалардан туындайды.

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекте (алдағы уақыттарды) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып шаруашылық субъектісі өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен шаруашылық субъектісінің (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі) .

Бөлінбеген пайда (табыс) - шаруашылық субъектінің кәсіпорынның жалпы табысының (пайдасының) барлық шығындарын өтегеннен, бюджетке төленген салық сомаларынан және табыстан (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.

2. Меншікті капиталдың есебі

2. 1 Жарғылық капиталдың есебі

Жарғылық капиталдың жалпы мөлшері, шығарылған түрлері бойынша (жай және артықшылығы бар) акциялардың сандары, бір акцияның номиналдық (атаулы) құны, акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жарғы тиісті мемлекеттік органдарда тіркеуден өткізілуі тиіс. Қоғамның акцияны сатып алатын мүшесіне ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауға құқығы бар.

Шаруашылық субъектілерінде жарғылық капиталдың есебі:

501 - «Жай акцияларң;

502 - «Артықшылығы бар акцияларң;

503 - «Қосқан үлестер мен жарналарң, - деп аталатын 50 - «Жарғылық қорң бас шоттың бөлімше шоттарында есептеледі.

Акционерлердің акцияға жазылған сомасына жарғылық қорды құрғанда, сондай - ақ қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық қор мөлшерін өсіргенде немесе акциялардың номиналдық (атаулы) құнын өсіргенде жарғылық қордың өскен сомасына 511 - «Төленбеген капиталң шоты дебеттелініп, 501 - «Жай акцияларң және 502 - «Артықшылығы бар акцияларң деп аталатын шоттары кредиттелінеді.

Егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін ақшалай түрде салатын болса:

431 - «Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалай қаражаттарң;

432 - «Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалай қаражаттарң;

441 - «Есеп айырысу шотындағы ақшалай қаражаттарң;

451 - «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі ақшалай қаражаттарң;

452 - «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі ақшалай қаражаттарң, - деп аталатын шоттардың тиістілері дебеттелініп,

511 - «Төленбеген капиталң - деп аталатын шот кредиттелінеді.

Ал егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін «материалдық емес активң, «негізгі құралң, «материалдық құндылықтарң тағы да басқа түрде салатын болса:

10 - «Материалдық емес активтерң, 12 - «Негізгі құралдарң, 20 - «Материалдық құндылықтарң және тағы да басқа бас шоттардың тиісті бөлімше шоттары дебеттелініп, 511 - «Төленбеген капиталң - деп аталатын шот кредиттелінеді.

Сондай - ақ серіктестіктердің (акционерлік қоғамнан басқадай) қоғамдық жарғылық қорға қосқан үлестері мен жарналарының сомасына 10 - «Материалдық емес активтерң, 12 - «Негізгі құралдарң, 20 - «Материалдық құндылықтарң, 43 - «Валюталық шотң, 44 - «Есеп айырысу шотың, 45 - «Кассадағы ақша қаражаттарың тағы басқа бас шоттардың тиісті бөлімше шоттары дебеттелініп, 503 - «Қосқан жарналар мен үлестер шотың кредиттелінеді.

Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.

Егер де қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық капитал да азаяды, демек: 503 шоты дебеттеледі де, 441, 451, 101 - 103, 106, 121 - 125, 201 - 206, 221, 222 шоттары кредиттеледі.

Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 501, 502 шоттары дебеттеледі де, 521 - «Қайтып алынған капиталң шоты кредиттеледі.

521 - «Қайтарылып алынған капиталң - деп аталатын шот акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған акцияларының есебін жүргізу үшін арналған. Бұл жағдайда, яғни субъекті акционерлерден өз акцияларын сатып алған уақытында бухгалтерлік есепте 521 - «Қайтырылып алынған капиталң - деп аталатын шот дебеттелініп, № 4 «Ақша қаражаттарың бөлімі шоттары және басқа да шоттардың тиістілері кредиттелінеді.

Егер акционерлік қоғам өз акцияларын айналымнан алып тастаған (шығарған) уақытта дебет 501 - «Қарапайым акцияларң немесе 502 - «Артықшылығы бар акцияларң шоттарының тиістісі айналымнан алынған акцияның құнына дебеттелініп, 521 - «Қайтарылып алынған капиталң - деп аталатын шот кредиттелінеді.

Осы айтылғандармен қатар шаруашылық субъектісінде 53 - «Қосымша төленген капиталң - деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында қоғамның өз акцияларын номиналдық (атаулы) бағасынан жоғары бағамен сату барысында пайда болған сомалары, ал 54 - «Қосымша төленбеген капиталң - деп аталатын бас шотының бөлімше шоттарында ақшаның құнсыздануына және тағы да басқа жағдайларға байланысты субъектінің «негізгі құралдарынң, инвестицияларын, сондай - ақ басқа да активтерін қайта бағалау нәтижесінде пайда болған капиталдың өсу сомалары есептелінеді. Жоғарыда айтылып өткендей қоғам өз акцияларын номиналдық бағасынан жоғары бағамен сатқан уақытында ақша қаражаттарының келіп түсуіне қарай № 4 - «Ақша қаражаттарың бөлімі шоттарының тиістілері (431, 432, 441, 451 және 452) дебеттелініп, 531 - «Қосымша төленген капиталң шоты кредиттелінеді. Бұл шоттың кредитіне 521 - шоттың дебетіне акционерлерден акцияларды олардың номиналдық (атаулы) бағасынан төмен бағамен сатып алудан пайда болған айырма сома жазылады. Субъектінің негізгі құралдарын, инвестицияларын және басқа да активтерін қайта бағалағаннан алынатын сомаларға тиісті шоттары (122 - 126 аралығындағы, 141 -144 аралығындағы, 201 - 208 аралығындағы, 221 - 223 аралығындағы және тағы басқа) дебеттелініп, 541 - «Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капиталң, 542 - «Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капиталң және 543 - «Басқа да қосымша төленбеген капиталң шоттарының тиістілері кредиттелінеді.

Сонымен қатар 541 - «Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капиталң шотының кредитіне, 131 - 134 - шоттарының дебетіне бұрынғы негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде өскен тозу сомасы шегінде кейінгі негізгі құралдарды қайта бағалау кезіндегі кеміген тозу сомасы жазылады.

541 - «Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капиталң шотының дебетіне жазылатындар:

- 131 - 134 шоттардың кредитінен негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде өскен тозу сомасы;

  • 561 - «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) ң шотының кредитінен негізгі құралдардың пайдаланылуына қарай олардың қосымша бағаланған сомалары және есептен шығарылған негізгі қорлардың пайдаланылған мерзімі ішінде бөлінбеген табысқа апарылмай қалған қосымша бағасының сомасы;
  • 121 -125 шоттардың кредитінен негізгі құралдардың бұрынғы қайта бағалау кезіндегі анықталған қосымша құны шегінде келесі қайта бағалау кезіндегі оның құнының азаю сомасы;
  • 542 - «Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капиталң шотының дебетіне;
  • 401 - 403 - шоттарының тиістілерінің кредитінен қаржылық инвестицияларды бұрынғы қосымша бағалағанда алынған сомасы шегінде инвестициялардың кейінгі кездегі құнының төмендеу сомасы;
  • 561 немесе 723 - шоттардың тиістілерінің кредитінен қабылданған есеп саясатына қарай есептен шығарылған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бұрынғы қосымша бағаланған сомасы.

2. 2 Резервтік капиталдың есебі

Резервтік капитал - акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Акционерлік қоғамдармен басқа да шаруашылық субъектілері өздерінің таза пайдасы есебінен жоғарыда айтылғандай резервтік капитал құрады. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, Акционерлік қоғамдар және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай - ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында бекітіледі.

Бұл резервтік капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді, бірақ та ол субъектінің жарғылық капиталының 10 пайызынан (процентінен) кем болмауы тиіс. Ақшаның құнсыздануына, өндірістің өркендеуіне, сондай - ақ басқа да жағдайларға байланысты шаруашылық субъектінің жарғылық капиталы көбейген уақыттарда резервтік капиталда оған сәйкес артып отыруға тиіс. Резервтік капиталдағы жинақталған сома субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивидендтерді төлеуге, алдын ала болжалмаған (есептелмеген), төтенше жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмсалынады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Жалпы резервтік капиталдағы жинақталатын сомаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамның жарғысында бекітіледі. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады. Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында көрсетілген мөлшерге тең етіп қайта қалыптастыруды қажет етеді. Шаруашылық субъектілерде резервтік капиталдың есебі 55 - «Резервтік капиталң бас шотының:

551 - «Заңмен белгіленген резервтік капиталң;

552 - «Басқадй резервтік капиталң, - деп аталынатын бөлімше шоттарында есептелінеді.

Резервтік капитал субъектінің таза пайдасы есебінен қалыптасқан уақытта бухгалтерлік есепте: 561 - «Ағымдағы жылдың бөлінбеген табысың - деп аталынатын шот дебеттелініп, 551 - «Заңмен белгіленген резервтік капиталң немесе 552 - «Басқадай резервтік капиталң - деп аталынатын шоттар кредиттелінеді. Ал шаруашылық субъектінің резервтік капиталындағы жинақталған сомасы жұмсалынғанда бухгалтерлік есепте: 551 немесе 552 - шоттарының тиістілері дебеттелініп, 561 - «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) ң, 562 - «Өткен жылдардағы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) ң, 622 - «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысуң немесе тағы да басқа шоттардың тиістілері кредиттелінеді. Акционерлік қоғамдар немесе басқа да субъектілер өздерінің тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар құруына болады. Бұндай бағытта құрылған қор сомаларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру субъекті үшін міндетті болып саналынбайды. Ол аталған қорлардың есебі 552 - «Басқадай резервтік капиталң - деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.

Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 551 - ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:

621, 622, 687 - артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде; 561 - шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) ң, 562 - шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) ң - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.

552 - шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы 551 - шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.

Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құраған) кезде 561 шоты дебеттеледі де, 551 шоты кредиттеледі.

2. 3 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі

Шаруашылық субъектісінің қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелінетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны) ң болып табылады. Шаруашылық субъектілерінде «бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның) ң есебі 56 - бас шоттың:

561 - «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) ң және 562 - «Өткен жылдардағы бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян) ң - деп аталатын бөлімше шоттарында жүргізіледі. Бөлінбеген пайда көбейгенде (келіп кірістелгенде) 561 - «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян) ң шоты кредиттелінеді. Ал, керісінше, бөлінбеген пайданың жұмсалуы немесе осы жылғы шеккен зиян 561 - «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян) ң шотының дебетіне жазылады.

Мысалы: 561 - «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян) ң шотының дебетіне:

  • 571 - қорытынды табыс (зиян) шотының кредитінен есеп беретін жылғы шаруашылық субъектісінің шеккен қорытынды зиянының сомасы;
  • 551 және 552 - шоттардың тиістілерінің кредитінен шаруашылық субъектісінің жасаған резервке тиісті қордың сомасы;
  • 662, 622 немесе 687 - шоттарының тиістілерінің кредитінен акционерлерге (серіктестіктерге) төленетін немесе төленген дивидендтер сомасы жазылады;

Акционерлерге (серіктестіктерге, қатысушыларға) дивидендтерді төлегеннен қалған есеп беретін жылдың бөлінбеген табысының сомасы 561 - «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) ң шотының дебетінен 562 - «Өткен жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) ң шотының кредитіне апарылады.

Жалпы акционерлік қоғамның немесе субъектінің құрылғаннан бастап жұмсалынбаған (бөлінбеген) таза пайдасы оның капиталы болып саналады. Кез келген шаруашылық субъекті меншікті капиталының жалпы сомасы яғни барлық активтері сомаларының қосындысынан міндеттемелері сомаларының қосындысын алып тастағандағы қалған сомасы субъектінің немесе акционерлік қоғамның жарғысында көрсетіліп белгіленген жарғылық капиталының сомасынан кем болмауы тиіс. Егер баланс активінің нетто сомасы қоғамның жарғысында белгіленген жарғылық қордан кем болған жағдайда субъекті қызметінің рентабельділігі төмен екендігін көрсетеді. Бұндай жағдайда шаруашылық субъектісі жарғылық қорының мөлшерін қайта қарауға тиісті.

Есепті жылдың соңында барлық шаруашылық субъектілердің бухгалтериясында жетінші «табыстарң (701 - 727) және сегізінші «шығындарң (801 - 845) - деп аталатын бөлім шоттары 571 - шотпен жабылуы тиіс, яғни бұл шоттарда қалдық қалмайды. Жоғарыда аталған жетінші бөлім шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте 701 мен 727 аралығындағы шоттар дебеттелініп, 571 - «жиынтық табыс (зиян) ң - деп аталынатын шот кредиттелінеді. Ал сегізінші бөлім шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте 571 - «жиынтық табыс (зиян) ң - деп аталынатын шот дебеттелініп, 801 мен 845 - аралығындағы шоттар кредиттелінеді. Осы операциялардың қорытындысы бойынша 571 - шоттың дебеті мен кредитіндегі сомалар салыстырылып, егер дебетіндегі сома артық болған жағдайда шаруашылық субъектінің ағымдағы жылы зиян шеккендегі, ал кредиттік сома артық болған жағдайда шаруашылық субъектінің ағымдағы жылы өзінің істеген жұмысының қорытындысы бойынша пайда тапқандығы болып табылады.

Егер шаруашылық субъектісі зиян шексе жылдың аяғында -

561 - «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) ң - деп аталынатын шот дебеттелініп,

571 - «Жиынтық табыс (зиян) ң - деп аталынатын шот кредиттелінеді.

Ал егер пайда тапса:

571 - «Жиынтық табыс (зиян) ң - деп аталатын шот дебеттелініп,

561 - «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) ң - шоты кредиттелінеді.

2. 4 Капитал қозғалысы бойынша болатын

операциялар есебі

Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.

Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 511 - ші «Төленбеген капиталң шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жиналады.

511 «Төленбеген капиталң шоты шоттардың Бас жоспарында, «Меншік капиталың ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып саналады.

Сондай - ақ, 511 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды т. б. ), демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.

Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына 511 - ші «Төленбеген капиталң шоты дебеттеледі де, 50 - ші «Жарғылық капиталң бөлімшесінің шоттары - 501 - ші «Жай акцияларң, 502 - ші «Артықшылықты акцияларң (акционерлік қоғамдарда) және 503 - ші «Қосқан үлестер мен жарналарң (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.

Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 511 - ші «Төленбеген капиталң шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:

  • материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде - 101 - 104, 106 шоттары;
  • жерді, негізгі құралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде - 121 -125 шоттары;
  • материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде - 201 - 206, 208, 221 - 223 шоттары;
  • ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде - 451, 452, 441, 431, 432 шоттары дебеттеледі.

Егер де 511 шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.

511 - ші шоты бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар, құрылтайшылар) бойынша жүргізіледі. Қайтарылып алынған капиталдың есебі. Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысында акциялардың номиналдық құнын (бірақ ең төменгі деңгейден кем болмауы керек) , не жалпы акцияның шығарылуы көлемін қысқарту жөнінде шешім қабылдауына құқылы. Акционерлік қоғам заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша, алдын - ала өзінің барлақ кредиторларын хабардар етіп отыруға міндетті.

Сонымен қатар, акционерлік қоғамның кредиторлары қоғамның тиесілі міндеттерін орындаудан бас тартуына және олардың шеккен зияндарының орнын толтыруды талап етуге құқылы. Егер мұндай процедура оның жарғысында алдын - ала қарастырылмаған болса, онда олар өз меншік капиталын азайту үшін, мүдделі адамдардың берген өтінішінің негізінде жасалған сот шешімдері керек.

Бұл жағдайда акционерлік қоғам өзінің акциясын өз қызметкерлері мен жұмысшыларына олардың мүдделігі мен ынталылығын арттыру үшін қайта сатады. Сондықтан өз акцияларын нарықтық айналымға шығарады.

Қайтарып алынған капиталдың есебін жүргізу үшін 521 - ші шоты арналған, ол 501 және 502 шоттарға қарағанда контрпассивтік шот болып табылады.

521 шоттың дебеті акционерлердің меншігіндегі акцияларды қайтып сатып алынған құнын көрсетеді. Акцияларды қайтып сатып алған кезде: 521 шоты дебеттеледі де және 431, 432, 441, 451, 452, 423 шоттары кредиттеледі.

Акционерлердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатып алынған акциялар номиналдық құны бойынша да, номиналдық құнынан жоғары немесе төмен құны бойынша да сатып алынуы мүмкін:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы мен оның есебінің міндеттері
Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы
Меншік капиталдың кластары
Капиталдар туралы
Ақша айналым құралы ретінде
Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу
Меншік капиталдың ұйымдастырушылық есебі
Меншікті капиталдың есебі туралы ақпарат
Меншiкті капитал туралы
Меншікті капиталдың қалыптасуы мен жұмсалуының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz