ҚР-дағы кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу құқығы



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:
1.Қ.Р.ның кәсіпкерлікті қолдау
тұрғыдан зерттеген ғалымдар
2.Кәсіпкерліктің субьектілері
3.ҚР.дағы кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу құқығы
4.Кәсіпорынның мақсаты және басқару жүйесі
5. Қ.Р.ның кәсіпкерліктің құқықтық базасы

ІІІ. Қорытынды
Кәсіпкерлік қызметтің қандай болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын, дәреже-деңгейін тапқаны бүгінде баршаға мәлім. Ал бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерліктің туындап, дамуы жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарық экономикасына көшудің (өтудің) бірден-бір жолы мемлекет құрылымындағы әртүрлі аяда қызмет атқаратын өндіріс, кәсіпорындармен тайталаса және бәсекелесе алатын, айтарлықтай дәрежесі бар кәсіпкерлік құрылымдар құру, дамыту болып табылады, демек бұл кәсіпкерлік құрылымдардың материалдық базасы жекеменшік инвестициялар болып табылумен қатар, олардың басқару бастауында (бастамасында) білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет. Осыған орай, мемлекетіміздің бірнеше жыл көлемінде жүргізіліп жатқан жекешелендіру саясаты қандай да болмасын аядағы мемлекеттік меншікке негізделген монополизмді жойып мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдардың дамып, өркендеуіне бағытталған деп айта аламыз. Негізінде кәсіпкерлі деп, өзара пайдалы нәтижеге жету және табыс табу мақсатанды қатысушылардың өз қарамағындағы мүліктері мен қаражаттары, сондай-ақ дамытуға берілетін несиелер есебіне, ағымдағы заңдардың көлемінде (шегінде) жүзеге асырылатын (мүдделі) шаруашылық және басқа да коммерциялық қызметті айтамыз. Кәсіпкерлік халыққа қажетті тауарлар, өнеркәсіп өнімдерін және басқа қызметтер жөніндегі қоғамдағы, мемлекетіміздегі сұраныстар мен ұсыныстар есепке ала отырып жүзеге асырылатын қызмет болғандықтан ол тек кәсіпкерге ғана емес, халыққа да тиімді болып табылады.
Осы жайлардың аяғы ретінде қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы Елбасының тарапынан көрсетіліп жатқан жәрдем, қамқорлықтарды айтуға болады. Бірақ бұл жерде айта кететін бір жай кәсіпкерлік қызмет жөніндегі бірнеше заңдар мен басқа да заңға сәйкес актілердің қабылдануына және өркениетті жекешелендіру саясатына бір қалыпты жүргізілуіне қарамастан кәсіпкерліктің, әсіресе өндіріс, өнеркәсіп аясындағы кәіпкерліктің ойдағыдай дамымай отырғаны белгілі.
Себебі бюрократиялық аппараттың әлі де азаймауы, мемлекет, қоғам мүддесін көздейтін жекешелендіру саясатын жергілікті және басқа деңгейде айтарлықтай жүзеге асырмауы, сондай-ақ салық салмақтарының кемімеуі.
1. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» авт: Ғ.Сапарғалиев
2. «Қазақстан республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері» авт:К.Т. Битеміров, Алматы 1998
3. WWW.GOOGLE.kz
4. «Құқықтану хрестоматия», авт: А.Ибраева,С.Есетова.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:
1.Қ.Р-ның кәсіпкерлікті қолдау
тұрғыдан зерттеген ғалымдар
2.Кәсіпкерліктің субьектілері
3.ҚР-дағы кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу құқығы
4.Кәсіпорынның мақсаты және басқару жүйесі
5. Қ.Р-ның кәсіпкерліктің құқықтық базасы

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Кәсіпкерлік қызметтің қандай болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан
өзіне тиісті орнын, дәреже-деңгейін тапқаны бүгінде баршаға мәлім. Ал
бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерліктің туындап, дамуы жүргізіліп жатқан
экономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарық
экономикасына көшудің (өтудің) бірден-бір жолы мемлекет құрылымындағы
әртүрлі аяда қызмет атқаратын өндіріс, кәсіпорындармен тайталаса және
бәсекелесе алатын, айтарлықтай дәрежесі бар кәсіпкерлік құрылымдар құру,
дамыту болып табылады, демек бұл кәсіпкерлік құрылымдардың материалдық
базасы жекеменшік инвестициялар болып табылумен қатар, олардың басқару
бастауында (бастамасында) білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет.
Осыған орай, мемлекетіміздің бірнеше жыл көлемінде жүргізіліп жатқан
жекешелендіру саясаты қандай да болмасын аядағы мемлекеттік меншікке
негізделген монополизмді жойып мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдардың
дамып, өркендеуіне бағытталған деп айта аламыз. Негізінде кәсіпкерлі деп,
өзара пайдалы нәтижеге жету және табыс табу мақсатанды қатысушылардың өз
қарамағындағы мүліктері мен қаражаттары, сондай-ақ дамытуға берілетін
несиелер есебіне, ағымдағы заңдардың көлемінде (шегінде) жүзеге асырылатын
(мүдделі) шаруашылық және басқа да коммерциялық қызметті айтамыз.
Кәсіпкерлік халыққа қажетті тауарлар, өнеркәсіп өнімдерін және басқа
қызметтер жөніндегі қоғамдағы, мемлекетіміздегі сұраныстар мен ұсыныстар
есепке ала отырып жүзеге асырылатын қызмет болғандықтан ол тек кәсіпкерге
ғана емес, халыққа да тиімді болып табылады.
Осы жайлардың аяғы ретінде қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы
Елбасының тарапынан көрсетіліп жатқан жәрдем, қамқорлықтарды айтуға
болады. Бірақ бұл жерде айта кететін бір жай кәсіпкерлік қызмет жөніндегі
бірнеше заңдар мен басқа да заңға сәйкес актілердің қабылдануына және
өркениетті жекешелендіру саясатына бір қалыпты жүргізілуіне қарамастан
кәсіпкерліктің, әсіресе өндіріс, өнеркәсіп аясындағы кәіпкерліктің
ойдағыдай дамымай отырғаны белгілі.
Себебі бюрократиялық аппараттың әлі де азаймауы, мемлекет, қоғам
мүддесін көздейтін жекешелендіру саясатын жергілікті және басқа деңгейде
айтарлықтай жүзеге асырмауы, сондай-ақ салық салмақтарының кемімеуі.

ІІ. Негізгі бөлім

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік
қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын ролінің ұшан-
теңіз екені дәлелдеуді қажет қылмайды. Қазіргі заманда гүлденіп, кемеліне
келіп дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және
орта кәсіпкелікті дамыта отырып, айтарлықтай дәрежеге жеткені баршаға
мәлім.
Бүгінде республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі
болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру және олардың
ұйымдық – құқықтық нысандары мен мемлекеттік-құқықтық реттеу әдістерін
жетілдіру күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірінші кезекке қойылып отыр.
Оған куә ретінде Қазақстан Республикасы Президенті тарапынан жасалынып
жатқан куәлікті қолдау, жандандырып нығайту туралы шараларды, сондай-ақ осы
шараларды материалдық және құқықтық актілерді атап өтуге болады. Сондықтан
біз кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күштері деп
білуіміз қажет. Осыған орай айта кететін бір жәйт, мемлекетімізде
кәсіпкерліктің жан-жақты қолдау табуын тек кәсіпкерлікті дамыту үшін ғана
деп түсінбей сонымен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуға қосар
үлесінің де қомқты екенін естен шығармауға тиістіміз. Демек нарқтың өрлеп,
өркендеуі кәсіпкерлердің қызметтеріне айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады.
Тағы бір ескеретін жәйт, бұрынғы тоталитарлы Қазақстан экономикасының жеке
меншікке негізделген нарықтық экономикаға түрлендірілуі кәсіпкерлік
қызметті дамытып, жандандырудың таптырмас көзі ретінде көрініс тауып отыр.
Зерттеу мәселесінің байланысты Қазақстан Республикасы бойынша
кәсіпкерлік құқық (шаруашылық, сауда кәсіпкерлік құқығы деп те аталады),
кәсіпкерлік қызмет проблемаларына орасан зор мән берген және ғылми
теориялық тұрғыдан үлес қосқан, осы сала бойынша ғылыми еңбектері бар
оқымысты,ғалым-заңгерлер Базарбаев Б.Б., Басин Ю.Г., Диденко А.Г., Еренов
А.Е., Жакенов В.А., Қаудыров Т.Е., Сапаргалиев Ғ.С., Сулейменов М.К.,
Тулеугалиев Г.И., Шайбеков К.А., Романкова И.В., Худяков А.И., және т.б.
болып табылады[1].
Кәсіпкерлікті құқықтық реттеудің проблемалары мен кейбір аспектілері
ТМД ғылымдарының еңбектерінде зерттеліп, жарық көрген болатын. Агарков
М.М., Алексеев С.С., Гордон В.М., Иоффе О.С., Кляйн Н.И., Кулагин М.И.,
Лаптев М.И., Лаптев В.В.,Лунц Л.А., және тағы басқада ғылымдардың
еңбектерінде кәсіпкерлік саласында туындайтын қоғамдық қатынастардың
ерекшеліктер зерттелген және кәсіпкерлік құқықтың құқық жүйесінде алатын
орны мен атқартын рөлі көрсетілген.
Жоғарыда аталған авторлардың көптеген ұсыныстары мен тұжырымдары
ағындағы заңдарды көрініс тапқан. Бірақ осы мезгілге дейін кәсіпкерліктің
көптеген теориялық және практикалық аспектілері зерттелмей қалған, сонымен
бірге кәсіпкерлікке арналған еңбектердің көбі ТМД елдердің рынокқа өтпей
тұрған кезде жазылған болатын. Сонымен қатар ол еңбектер елімізде жаңадан
көрініс тапқан құбылыстан яғни шағын және орта бизнестің ерекшеліктерін
жеткілікті мөлшерде есепке алмаған. Кәсіпкерлік қызметті реттейтін
заңдардың да айтарлықтай оқылықтары бар. Олардың кәсіпкерлік қызмет
аясындағы жүріп жатқан процестерге әсер етпеуімен бірге құрамында шағын
және орта бизнестің дамуын ынталадыратын шаралардың да жоқ екені байқалып
отыр. Елімізді экономикалық дағарыстан шығаруды қамтамасыз етудің қажетті
шарты, кәсіпкерлік саласындағы қоғамдық қатынастарды дамыту және жетілдіру
болып табылады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаев
өзінің Қазақстан –2030 атты стартегиялық бағдарламасында еліміздің
экономикалық саясаттың бірден бір басымды бағыты шағын және орта бизнес деп
атаған болатын. Міне осылай кәсіпкерлік – құқықтық ғылымның жеткен
жетістігін бағалай отырып, сонымен бірге оның көптеген теориялық
мәселелерін айтарлықтай зерттеліп, шешім таппағандықтан әлі де зертеушісін
күтіп отырғанын мойындаумыз қажет.
Соңғы кездерде жарық көрген мына еңбектерде Сүлейменов М.К., Покровский
Б.В., Худяков А.И., Жакенов В.А., Право и предпринимательство в Республике
Казахстан. Алматы., Жеті Жарғы, 1994.; Романкова И.В. Проблемы правового
регулирования предпринимательства граждан в Республике Казахстан. Алматы.
1997.; Климкин С.И. Правовые формы предпринимательства в Республике
Казахстан. Алматы, Баспа, 1997. біршама өзекті мәселелер зерттеліп,
тұжырымдалғанымен кәсіпкерлік қызмет, кәсіплік құқық теорияларының
мәселеріне арналған, тереңдетіліп зерттелген кешенді еңбек қазіргі нарықтық
экономика, заман талабына сай қажет болып отыр.
2.Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің субъектілері заң жүзінде
белгіленген. Олар: Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалар,
сондай-ақ шетелдік жеке және заңды тұлға резидентттер болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға – азамат заңды тұлға құрып
немесе құрмай айнылыса беруіне болады. [2] Ал ұжымды кәсіпорындар
кооперативтер немесе әкімшілік-аумақтың кәсіпкерлік қызметтері өз
меншіктерінің негізінде заңды тұлғаға құру арқылы кәсіпкерлікпен айнылыса
алады. Енді аздап осы кәсіпкерліктің мәні мен маңызына тоқталайық. Бұл
жөнінде бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі көзқарастардан бөлек келешегі бар
концепцияда адамның мынадай іс-қимыл-әрекеті өзінің сипатына байланысты
мынадай екі негізгі типке: бастапқы базистік еркін-ерікті қызметке және
қондырма еріксіз қызметке бөлінеді делінген.
Сол бірінші ерікті қызмет кәсіпкерлікке жатады, өйткені ол қызметті
жүзеге асырушы тұлғаның мүддесіне, жүзеге асыру жолдары мен әдістерін
таңдау еркіне, мақсат еткен нәтижесіне жетуіне, өзінің қаражат-мүлкіне
негізделген. Бірақ қанша ерікті қызмет болғанымен заңнан тыс шықпауы қажет.
Өйткені мемлекет мүддесіне, яғни ұйымдасқан қоғам мүддесіне зиян келуі
мүмкін.
Мемлекет тарапында жүзеге асырылатын қызметтерге тұлғаның жұмысқа кіруі
ерікті сипатта болғанмен, басқару қызметі басқарушы органың мүддесіне соған
жету жолында жүзеге асырылатын фукнцияларына, әдістеріне және т.б.
негізделгендіктен қызмет істеу еріксіз болып табылады.
Кәсіпкерлік мемлекеттің экономикасының басты элементі болып
есептелінеді, себебі ол өндіріс аясындағы экономикалық қызмет ретінде
басқарушы қызметтен ерекшеленеді. Мемлекеттің өзі саяси биліктің субьектісі
және мемлекеттік меншік иесі болғандықтан тікелей шаруашылық кәсіпкерлік
(коммерциялық) қызметтерге араласпайды, ол тек әзірше (мүмкіндігінше
толығымен жекешелендірілген) жұмыс атқарып, қызмет көрсетіп жатқан
мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық ұйымдары арқылы кәсіпкерлік қызметке
араласады.
Бұл турасында ҚР Азаматтық Кодексінің 10-бабында дәл айтылған сияқты.
Кәсіпкерлік-меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңдар тұлғалардың,
тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе
табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік
кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік)
негізделген ынталы қызмет,. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның
тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Осыған орай
кәсіпкердің кім екені жөнінде түсінік бере кету қажет. Кәсіпкер деп өз
атынан және өз қаражаттары (меншікті немесе қарызға алған) есебінен
тауарлар мен өнімдерді өндіру, сату немесе сатып алу жөніндегі жұмыстарды
орындау және қызмет көрсету арқылы пайда табу мақсатындағы қызметті
(кәсіпкерлік қызметті) ұдайы (тұрақты) негізде жүзеге асыратын азаматты
немесе заңды тұлғаны айтамыз. [3]
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік берген.
Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғауды мемлекет, мемлекет атынан өкілетті
органдар қамтамасыз еттеді.
Дәл осы жерде кәсіпкерліктің құқықтық режимі жөнінде айта кетуіміз
қажет. Негізгі қай салада болмасын құқықтық режимнің екі түрі: жалпыға
бірдей рұсат етілген яғни диспозитивтік түрі, сондай-ақ рұсат беру арқылы
көрініс табатын императивтік түрі белгіленгенді. Кәсіпкерлік қызметтің
құқықтық режимі тек рұқсат етілген құқықтық реттеу сипатында болады,
сондықтан қатысушы екі жақ тарап заң жүзінде тең құқықты.
Кәсіпкерлік қызметте әрбір жасалатын әрекет (іс-қимыл) жөнінде арнайы
нормативтык-құқықтық акт қабылдау арқылы оны реттеу сияқты қызметтер қажет
емес.
Кәсіпкерліктің дамуына мол сенім, мемлекет тарапынан кепіл,
экономикалық негіз ретінде-жеке меншік нысаны, құқықтық негізгі ретінде-
заңдар бар.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар заңды тұлға құрмай-
ақ осы қызметпен айналысуға патент алған кезден бастап құқылы. Патент бір
мезгілде азамттың кәсіпкер ретінде тіркелгені жөніндегі куәлік және
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензия болып табылады.
Ал шаруа (фермер) қожалығы құрамында; мердігерлік шарт және өзге де
азаматтық-құқықтық шарттар негізінде бір жолғы жұмыс атқаратын; көтерме
және бөлшек сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-ақ
өндірілген, өңделген, сатып алынған өнімдерді, оған қоса импорттық
өнеркәсіптік және азық-түлік тауарларын сол үшін арнайы бөлінген жерлерде
немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен жылына ең төменгі жиырма жалақы
жиынтығынан аспайтын азаматтар мемлекеттік тіркеуден босатылады, яғни
қызметтерін заңды тұлға құрмай жүзеге асырады.
Өз қызметінің негізі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейдін
(коммерциялық) ұйым заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға мемлекеттік
кәсіпорындар, толық серіктестіктер, (коммандиттік) сенім серіктестіктер,
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қосымша жауапкершілігі бар
серіктестіктер, өндірістік кооперативтер жатады.
Сонымен Қазақстан республикасындағы кәсіпкерлік қызмет екі түрге
бөлінеді деп айта аламыз. Оны шағын және орта кәсіпкерлік, яғни жеке
кәсіпкерлік сондай-ақ мемлекеттік кәсіпкерлікке бөлу кәсіпкерліктің
экономикалық негізінің заңды маңызын бөлуге және реттеуге себебін тигізеді.
Кәсіпкердіктің түрлері заңдар арқылы белгіленеді, сондықтан олар оның
құқықтық негізі болып табылады.
Мысалы, заң жүзінде кәсіпкерліктің түсінігі берілген және жоғарыда
аталған субьектілерден басқа да қызмет түрлері мен субьектілер туралы
айтылған қызмет түрлеріне мыналар жатады: инновациялық қызмет; ойын бизнес;
шоу-бизнес; венчурлік фирмалар; шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымы.
Субьектілер: заңды тұлға құрайтын жеке адамдар және қызметкерлердің орташа
жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтердің жалпы құна орта есеппен
бір жыл ішінде алпыс мың еселенген есептік көрсеткіштен аспайтын,
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпкерліктің бір түрі ретінде әкімшілік-аумақтық біліктің
меншігі негізінде жүзеге асырылатын қызметті айтуға болады.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні болады дегендей. Белгілі ғалым М.К.
Сүлейменовтың айтуы бойынша, ешқандай меншік нысаны болмайды, тек меншіктің
түсінігі және меншік құқығы мүлікті өз ұйғарымы бойынша пайдалану.
Сонша дәстүрлі қалыптасқан түсінік бойынша меншік нысаны 3 бөлінеді:
Мемлекеттік (республикалық және коммуналдық); ұжымдық (кооперативтік,
арендалық, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және т.б.); азаматтардың (өзіндік
және жеке мееншік). Қазіргі кезде меншіктің 2 түрі көрсетілген: мемлекеттік
және жеке меншік (мемлекттік емес меншік). Жеке меншік азаматтардың,
мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншігі
болып табылады. Ал қоғамдық ұйымдар мен діни бірлестіктерінің меншіктерін
қайда қосуға болады деген сауалға, жеке меншікке деп айта аламыз.
Ал егер аралас жеке меншік, мемлекеттік меншікке негізделген
кәсіпкерлік болса бақылау пакеті мемлекеттік емес құрылымның қолында болған
жағдайда ғана қызмет кәсіпкерлік болып есептелінеді.
Мемлекет меншік иесі ретінде кәсіпкелік қызметтің субьектісі бола
алмайды. Сондықтан аралас меншік бар жердегі мемлекеттік заңды тұлға өзінің
шаруашылықты жүргізу құқығын жүзеге асырушы кәсіпкер ретінде көрініс
табады. Мемлекет кәсіпкерлікті дамыту барысында кәсіпкерлікпен айналысатын
мемлекеттік органдардың қызметтерін бақылап, шектеп және тежеп отырады.

3. Кәсіпкерлік тек жеке меншікке ғана негізделіп қоймай, сонымен қатар
шаруашылықты жүргізу құқығынан да негізделеді. Алғашқы кездерде кәсіпкерлік
жеке немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономикалық даму негізі
Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
Кәсіпкерлікттің ұйымдық – құқықтық түрлері
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясаты
Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік капитал
«ҚР – да кәсіпкерлікті дамыту мәселелері»
Кәсіпкерлік теориясы: мазмұны, қағидалары және даму шарттары
ҚР және АҚШ мемлекетінің жеке кәсіпкерлігі
Жалпы кәсіпкерлік
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы
Пәндер