Шаруашылық жүргізу құқығы туралы
КІРІСПЕ
І БӨЛІМ
1.1 Шаруашылық жүргізу құқығының түсінігі
1.2 Шаруашылық жүргізудегі құқықтық нысандар
ІІ БӨЛІМ
2.1 Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргізудің ұйымдастырылуы және оны дамыту жөніндегі мемлекет саясаты.
2.2 Шаруашылық жүргізу субъектілеріне талаптар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық бүкіл заңдар жүйесі түбегейлі жанаруға ұшырады. Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні, түрпішіні, қызметтері өзгерді. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, заңдылық құқықтық тәртіпті, құқықтың, заңның қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролін нығайтуға нақты жағдайлар туды. Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық ұлтаралық діни келісім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде.

1. Республикалық референдумде қабылданған ҚР Конституциясы 30.08.95. 7.10.1998. 21.07. 2007. өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген.
2. ҚР Азаматтық Кодексi (жалпы бөлiм) 27.12.1994. ҚР Президентiнiң заң күшi бар күшi бар Жарлығымен 18.12.2001. өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген.Алматы. Жетi Жарғы . 2002.
4. ҚР Азаматтық Iс Жүргiзу Кодексi 13.07.1999. 25 май 2001 жылы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген. Алматы. Жеты Жарғы.2000. (2005жылғы 8-шілдедегі № 67-ІІІ ҚР Заңдарымен енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар).
1. Айымханова Н. Қазақстан Республикасы шаруашылық жүргізу құқығы: Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2002.
Арнайы әдебиеттер
1. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Алматы: Болашақ баспа, 2009.
2. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы: Оқу-әдістемеліқ құрал. Алматы, 2004.
3. БұғыбайД.Б. Кәсіпкерлік құқық. Жалпы бөлім: Лекциялар курсы. Алматы: Қайнар, 2007.
1. Жанайдаров И.У. Проблемы реализации права государственной собственности.-Алматы: Қазақстан,2007
2. Иоффе О.С. Обязательственное право. – М., 1975 Молдабеков Ж. Тәуелсіздік тірегі неде. 2006 ж.
3. Сулейменов М.К. Коментарий к Закону Республики Казахстан «О собственности.»Бизнес и право в Казахстане, 2008, № 11
4. Стамкулов Ә.С. Бектурғанов.Ә. «Жерге меншiк құқығының кейбiр мәселелерi» //Ақиқат журналы №6 2005.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І БӨЛІМ
1.1 Шаруашылық жүргізу құқығының түсінігі
1.2 Шаруашылық жүргізудегі құқықтық нысандар
ІІ БӨЛІМ
2.1 Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргізудің ұйымдастырылуы және
оны дамыту жөніндегі мемлекет саясаты.
2.2 Шаруашылық жүргізу субъектілеріне талаптар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің бірліктің,
татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани
қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу,
адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің
құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық
қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық
қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты.
Нәтижесінде мемлекет, құқық бүкіл заңдар жүйесі түбегейлі жанаруға ұшырады.
Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні,
түрпішіні, қызметтері өзгерді. Адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтары, заңдылық құқықтық тәртіпті, құқықтың, заңның қоғамдық
қатынастарды реттеудегі ролін нығайтуға нақты жағдайлар туды. Елдің
экономикасын көтерудегі, азаматтық ұлтаралық діни келісім мен татулықты
сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа,
заңға деген сұраныс арта түсуде.
І БӨЛІМ
1.1 Шаруашылық құқығының жүргізу түсінігі
Шаруашылық жүргiзу құқығы - мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде
алған және бұл мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын ҚР
АК және өзге де заң құжаттарымен белгiленген шекте жүзеге асыратын
мемлекеттiк кәсiпорынның заттық құқығы болып табылады.
Шаруашылық жүргізу құқығы мына құжаттардың негізінде туындайды:
• сатып алу – сату келісім-шарты;
• тегін беру келісім-шарты;
• келісім – шарт міндеттерінің күшіне жылжымайтын мүлікті беру;
• бөлінетін баланс немесе беру актісі (әмбебап құқық мирасқорлығы
тәртібінде)
• мүлікті заңды тұлға балансына беру туралы шешім, беруді-қабылдау акті
(балансқа беру тәртібі бойынша);
• сот актілері;
• мүлікті беру туралы атқарушы органның шешімі немесе беру актісі
• жарғылық капиталына жылжымайтын мүлікті салу туралы шешім (құрылтайшы
келісім-шарты, басқосу хаттамасы);
Құқықты орнатушы құжаттар тіркеуге екі данада беріледі, біреуі
түпнұсқа немесе нотариалды расталынған болуы тиіс. Бұл құжаттардың
түпнұсқалары (немесе нотариалды расталынған көшірмесі) тіркеуден кейін
өтініш берушіге қайтарылады.
Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін жиын мөлшері
Меншілікке құқықты, шаруашылық жүргізуге, шұғыл басқаруға, сенімділік
басқаруға, кепілдікке, рента пайдалануға (сервитуттардан басқа) тіркеу
үшін:
• пәтерге,жеке тұрғын үйге(шаруашылық құрылыстары және басқа сол сияқты
обьектілерге)бір айдың есептік көрсеткіштерінен бастап,жиын төлеген уақытқа
дейін шаруашылық құрылыстың 50 пайызы;
• тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстармен және басқа да ұқсас
обьектілерге),тұрғын үйлердегі тұрғын емес жайларға,тұрғын емес
құрылыстарға –есептік көрсеткіштің сегіз есе айлық көрсеткіші;
гаражға - бір айдың есептік көрсеткіштерінен бастап,жиын төлеген уақытқа
дейін шаруашылық құрылыстың 50 пайызы;
• тұрғын емес жайдың мүліктік кешеннің қызмет ететін күніне жиын төлеу
(ғимарат,құрылыс,қондырғы):
• бір обьектен тұратын – 10 АЕК
• 2 ден 5-ке дейін бөлек тұрған обьектілер – 20(есе) АЕК
• 6 –дан 10ға дейін бөлек тұрған обьектілер – 20(есе) АЕК
• 10-нан жоғары бөлек тұрған обьектілер -25 (есе) АЕК шағын бизнес
кәсіпкерлері үшін;
• тұрғын үйге (шаруашлықы құрылыстарымен және басқа да лайықты
обьектілерімен)тұрғын үйдің тұрғын емес жайлары,тұрғын емес құрылыс,тұрғын
емес мүліктік кешендер (ғимарат,құрылыс,қондырғылар) -1 АЕК;
• жер учаскелеріне құқылықты тіркеу: меншіктік құқық,жерді
пайдалану,басқа да құқықтар – 50% АЕК;
• сервитутты тіркеу -50%АЕК;
• кондоминиум обьектілерін тіркеу – 1АЕК;
• ипотекалық куәліктің берілуін тіркеу және оның басқа иелерге соңынан
берілуі -25% АЕК;
• құжаттың мемелекеттік тіркелгені туралы төлнұсқасын тіркеу - 25%
АЕК;
• жылжымайтын обьектінің идентификациялық сипаттамасымен құқық
иеленушінің ауысуын тіркеу;
• жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтату, адам қайтыс болғанда, тұрғын жай
құлатылғанда,басқа да құқықтың ауысуы мен байланысты тіркеу - 25% АЕК;
• жылжымайтын мүлікке ипотеканың тоқтатылуын тіркеу - 25% АЕК;
• банк заимдарының шарты мен арзанға беру талаптарын тіркеу, міндеттеме
де ипотекамен қамтамасыз етуді тіркеу - 25 % АЕК;
• келісім шартының өзгеру нәтижесінде құқықтың өзгеруін тіркеу, құқықты
орнына келтіру негізі мен және заңды фактілерімен тіркеу - 25% АЕК;
• жылжымайтын мүлікке басқа да құқықтарды тіркеу - 50% АЕК;
Мемлекеттік тіркеу жиынының нөлдік мөлшері:
• жылжымайтын мүлікке Қазақстан Республикасының заңдылық актілері
қарастырғандай мемлекеттік ұйымдарымен белгілі тәртіпте ауысқан құқық;
• жылжымайтын мемлекеттің меншігіндегі мүлікке құқық өкілетті
мемлекеттік ұйымдар үшін, республикалық меншікті иеленуге, пайдалануға,
билеуге құқын жүзеге асыратын, және оның аймақтық ұйымдарын;
• Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, әкімшілік-аймақтық
бірліктегі және мерзімдегі, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу .
Мәміле нақтылы деп есептеледі:
• тіркелген уақытынан бастап;
• тіркелген мәмлелер оны жасаған тұлғаларымен атаулармен қол
қойылып,толық аты жазылып, жылжымайтын обьектіні оның тұрғаны орнын,
тіркелген құқын қысқаша суреттеп көрсетеді;
• егер мәмлені тіркеген нақтыламаған формада жасаса, оны тіркеуде бір
жақ бас тартса сот екінші жақтың талабы бойынша мәмлені тіркеу туралы шешім
шығаруға құқылы.Бұл жағдайда мәмлені тіркеу соттың шешіміне сәйкес болады.
1.2 Шаруашылық жүргізудегі құқық мазмұны
ҚР – да шаруашылық жүргізуде құқығтың 2 нысаны танылды:
мемлекеттік және жеке. Осы меншік нысандары Конституцияға сәйкес бірдей
танылады, қорғалады, құқықтық дәрежесі тең деп саналады. Жеке меншік
құқықтың 2 түрі бар: азаматтардың жеке меншігі және мемлекеттік заңды
тұлғалардың жеке меншігі. Жеке меншікте заңмен тиым салынбаған кез келген
материалдық игіліктер болуы мүмкін.
Егер меншік кұқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе тиісті
мемлекетгік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде
болады. Ал субъект мемлекеттік емес занды тұлға немесе азаматтар деп
танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді. Сонымен, меншікке субъектілер:
мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола
алады. Сонымен, мемлекеттік меншік құқығының объектісі болып азаматтық
айналымнан алынып тасталмаған кез келген объект табылады. Мемлекеттік
меншіктің екі түрі бар: республикалық және коммуналдық.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып екіге
бөлінеді, Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына
сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген
мүліктен тұрады. Республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры мен алмас
қоры, тек қана мемлекеттік меншік обьектілері және мемлекеттік заңды
тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан
Республикасының қазынасын құрайды. Сонымсн қатар, Республика қазынасының
катарына жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да
табиғи ресурстар жатады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына
сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларга бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджст қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға
бекітіліп берілмеге өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті
атқару орындарының қарауына жатады делінген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі мен басқа
органдары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң
құжаттарында, ережелерде және өзге де кұжаттарда белгіленетін құзыреті
шегінде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттері
арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алып,
оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады.
Мемлекет өзінің меншік құқығын өзі құрайтын мемлекеттік
кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құкығына негіздеп
жүзеге асыруы мүмкін. Шаруашылық жүргізу құқығы заттық кұқық болғандықтан
оны жүзеге асырушы мемлекеттік кәсіпорын меншік иесі немесе уәкілдік берген
мемлекеттік органның берген құзіретінің көлемінде ғана иелену, пайлалану
және билік ету құқығын жүзеге асыра алады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы
мүліктің меншік иесі мен құжаттарын сәйкес кәсіпорын құру, оның қызметінің
мәні мен мақсаттарын белгілеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерін
шешеді, кәсіпорынға тиесілі мүліктің өз мақсатында пайдаланылуы мен
сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Заң
күші бар "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" Жарлығына сәйкес аталған
кәсіпорындар үшін мемлекеттік тапсырысты орындау міндетті түрде бекітілген
және олардың мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалған шарттардан бас тарту
мүмкіншіліктері жоқ. Сонымсн қатар, қызметін шаруашылық жүргізу
құқығына негіздеген мемлекеттік кәсіпорынға меншік иесінің немесе ол
уәкілдік берген мемлекеттік органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің
мына түрлерін жасауға тыйым салынған: өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды,
жабдықты және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге тұлғаларға сатуға
және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді (3 жылдан астам) жалға беруге,
уақытша тегін пайдалануға беруге; филиалдар мен еншілес кәсіпорындар
құруға, жеке кәсіпорындармен бірге кәсіпорындар мен бірлескен өндірістер
құруға, оларға, өзінің өндірістік және ақша капиталын салуға; жеке
кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен процент ставкасын
төмен процентпен төлем алуға; басқа тұлғаның міндеттемелері бойынша
кепілдік және кепіл болушылық болуға.
Жедел басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен
қаржыландыратын мекеменің, меншік иесінен мүлік алған және өз кызметінің
мақсатына меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң
құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған
билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттың құқығы
болып табылады. Жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес жедел басқару құқығын
иемденушілер мыналар болуы мүмкін; қазыналық кәсіпорын және мекеме. Мекеме
меншік нысанына байланысты мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік емес
мекеме болып бөлінеді.
Жедел басқару құқығы өзінің құқықтық жағдайына байланысты шаруашылық
жүргізу құқығынан төмендегі ерекшеліктерімен көзге түседі: біріншіден,
қазыналық кәсіпорын және мекеме әруақытта да меншік иесінің тарапынан
қаржыландырылады; екіншіден, қазыналық кәсіпорын да, мекеме де өз
жабдықтарын сметалық көлемінде жүзеге асыра алады; үшіншіден, олар меншік
иесінің тапсырмаларының көлемінде қызмет жасайды. Мекеме басқару,
әлеуметтік мәдени сипаттағы қызметті жүзеге асыру үшін құрылып, бюджет
тарапынан қаржыландырылатын болғандықтан оның құкықтық құдіреті заң
құжаттарында қатаң белгіленген. Қазақстан Республикасы Президентінің Заң
күші бар "Мемлекеттік кәсіпорындар" туралы Жарлығының 3-ші тарауы қазыналық
кәсіпорынның құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған.
Мемлекет меншігінің түрлерін белгілеу ҚР Үкіметінің шешімімен жүзеге
асырылады. Осы екі меншік құқығынан басқа да түрлері бар: ортақ меншік
құқығы. 2 немесе бірнеше тұлғаның ортақ меншік құқығы мүлікті бірлесіп және
өз қалауы бойынша иеленуі, пайдалануы және оған билік етуі. Оған тән басты
ерекшеліктер:
1) меншіктің бірнеше субъектілерінің меншік құқығында болуы;
2) меншіктің кейбір түрлері тек тікелей заңда көзделген жағдайларда ғана
пайда болады.
Меншіктің қатысушылары: заңды тұлғалар, ҚР және оның әкімшілік-аумақтық
бөліністері. Олардың саны заңмен шектелмеген.Азаматтық айналымнан алынып
тасталмаған кез келген зат меншік құқығының объектісі бола алады. Шаруа
(фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі. Шаруа (фермер) қожалығының
мүлкі олардың арасында шартта өзгеше белгіленбесе, ол осы қожалықтың
мүшелеріне тиесілі болады. Шаруа (фермер) қожалығының бірлескен ортақ
меншігінде оның мүшелерінің ортақ қаражатына шаруашылық үшін сатып алынған
мүліктер, жер учаскелері, мал, құс, техникалық жабдықтар мен құрал-
саймандар болады.
Азаматтық құқықтық айналымнан алынып тасталмаған кез келген материалдық
игіліктер меншік құқығының объектісі болып табылады. Кейбір объектілер тек
арнайы рұқсат болғанда ғана меншік құқығында болуы мүмкін. Меншік
құқығының мазмұнын меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған
билік ету өкілеттігі, яғни құқығы құрайды.
Иелену құқығы болып заң жүзінде қамтамасыз етілген мүлікті іс жүзінде
иеленуді жүзеге асыру құқығы табылады.
Пайдалану құқығы болып мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алу, одан пайда
табудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндіктері табылады.
Билік ету құқығы болып мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен
қамтамасыз етуі.
Азаматтық Кодекстің 188 бабының 3 тармағына сәйкес, меншік иесі
өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер
жасауға, мүлікті басқа адам меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік
иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану, билік ету
жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, кепілге беруге және одан да басқа
әдістермен ауырпашылық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Меншік құқығы болып субъектінің заң құжаттары арқылы танылған
және қорғалатын өзіне тиесілі бөлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және
оған билік ету құқығы табылады. Меншік құқығы заңды маңызы бар фактілер
негізінде пайда болады. Мысалы, сату – сатып алу, мұра, айырбастау шарты
кезінде т.б. Меншікке байланысты қатынастар түрлі субъектілер арасында
пайда болады және оның өзіне тән объектісі мен мазмұны болады. Меншік
құқығының субъектісі – жеке тұлға, мемлекеттік емес заңды тұлға, Қазақстан
Республикасы және оның әкімшілік-аудандық бөліністер. Меншік құқығының
пайда болу негіздері – нәтижесінде меншік құқығы туындайтын заңды маңызы
бар фактілер. Олар: бастапқы, туынды. Бастапқы негіз кезінде мүлікке меншік
құқығы алғаш рет пайда болады, яғни ол мүлік осыған дейін ешкімнің
меншігінде болмаған, мұндай негіздерге мүлікті алғаш рет жасау, иесіз
заттың мемлекет меншігіне өтуі, мүлікті пайдалану нәтижесінде жеміс пен
өнім алу, олжа табу.
Туынды негіз кезінде меншік құқығы бір адамнан екінші адамға
ауысқан жағдайда пайда болады. Мысалы, біреудің меншігіндегі мүлікті екінші
адамныі сатып алуы немесе айырбастап алуы немесе сыйға алуы, мұраны
қабылдау нәтижесінде меншік құқығына ие болу, конфескациялау.
Меншік құқығының пайда болу уақытының маңызы бар, себебі меншік иесі
өзіне құқық пен бірге міндетті де қабылдайды. Мысалы, Азаматтық Кодекстің
190 бабы.
Меншік құқығының жойылу негіздері. Мүлікті меншік иесінің
ықтиярсыз алып қоюға жол берілмейді. Ол Қазақстан Республикасы
Конституциясында меншікке қол сұқпау қағидасы болып бекітілген. Тек Заңда
көрсетілген негіздерге сәйкес айыруға болады. Бұл негіздер Азаматтық
Кодекстің 249 бабының 2 тармағында көрсетілген. Ерікті және еріксіз
негіздер болады. Ерікті негіз: меншік иесінің өз мүлкін басқа адамға беруі,
сатуы, айырбастауы, сыйлауы, мұраға қалдыруы, сондай-ақ өз меншігіндегі
мүліктен бас тартуы. Еріксіз негіз: меншік иесін еріксіз түрде меншік
құқығынан айыру үшін заңда көзделеген негіздер болуы керек және міндетті
түрде сот шешімі қажет. Сонымен бірге мүліктің меншік иесінің еркіне
тәуелсіз жағдайда жойылуы мүмкін. Мысалы, жеке меншік мүліктің тозып-қирауы
және жойылуға жатқызылуы, тосын оқиға салдарынан мүліктің жойылуы.
Меншік құқығынан айырудың еріксіз негіздеріне жатады:
1.реквизициялау
1. тәркілеу
2. ұлт меншігіне алу.
Реквизициялау – дүлей сипатта, тосын оқиғалар, жұқпалы аурулар мен
індеттер болған жағдайда жеке меншіктегі мүлікті қоғам мүддесі үшін
мемлекеттік өктем басқару органдарының шешімі бойынша заңда белгіленген
тәртіппен меншік иесіне мүліктің құнын төлеп, меншік құқығынан еріксіз алып
қою. ( Азаматтық Кодекстің 254бабы)
Тәркілеу – әкімшілік құқықбұзушылық және қылмыс үшін қолданылады.
Тәркілеу кезінде кінәлі адамның өз меншігіндегі мүліктің барлығын немесе
бір бөлігін және заңсыз иемденген мүлкін мемлекеттік меншікке ықтиярсыз
түрде тегін алынады.
Ұлт меншігіне алу ҚР арнайы қабылданған Заңы негізінде жүргізіледі. Бұл
негізде азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі мүлкі мемлекет
мүлкіне айналады. Осының нәтижесінде меншік иесіне келтірілген залалдарды
ҚР толық көлемде өтеуі тиіс.
Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және
қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған
билiк ету құқығы.
Мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде көрiнедi.
Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес
мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен
түрады.
Республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры,
мемлекеттiк меншiктiң Азаматтық Кодекстiң 193-бабында аталған объектiлерi
(жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи
ресурстар) және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де
мемлекеттiк мүлiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын құрайды.
Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құжаттарына сәйкес
коммуналдық заңды түлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен түрады. Жергiлiктi
бюджет қаражаты және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге
де коммуналдық мүлiк жергiлiктi қазынаны құрайды.
Коммуналдық меншiк жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейлерi бойынша
облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық
(облыстық маңызы бар қалалардың) меншiк болып бөлiнедi.
Мемлекеттiк меншiктегi мүлiк мемлекеттiк заңды тұлғаларға шаруашылық
жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп берiлуi мүмкiн.
Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған
және бұл мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын Азаматтық
Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленген шекте жүзеге асыратын

Шаруашылық жұргiзудегi мүлiктiң меншiк иесi заң құжаттарына сәйкес
кәсiпорын құру, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын белгiлеу, оны қайта
құру мен тарату мәселелерiн шешедi, кәсiпорынға тиесiлi мүлiктiң өз
мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасауды жұзеге асырады.
Меншiк иесi өзi құрған кәсiпорынның шаруашылық жұргiзуiндегi мүлiктi
пайдаланудан келтiрiлген таза табыстың бiр бөлiгiн алуға құқылы.
Оралымды басқару құқығы меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын
мемлекеттiк мекеменiң, меншiк иесiнен мүлiк алушы және өз қызметiнiң
мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмаларына және мүлiктiң мақсатына сәйкес заң
құжаттарымен белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған
билiк ету құқығын жұзеге асырушы қазыналық кәсiпорындардың заттық құқығы
болып табылады.
Мемлекеттiк мекемеге немесе қазыналық кәсiпорынға бекiтiлiп берiлген
мүлiктi меншiктенушi, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, ол мүлiктi
қайтарып алуға, не өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында өз қалауы
бойынша қайта бөлуге құқылы.
Основные отличия двух видов управления государственным имуществом
представлены в таблице.
Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері: негізгі ерекшеліктері
Шаруашылық жүргiзу құқығында Оралымды басқару құқығында
Шаруашылық қызметтен алынатын қірістер есебінен жұмыс істейді
Меншіктенуші қаржыландырады
Өз пайдасын пайдалану бағытын өзі анықтайды Смета бойынша өз қаражатына
иелік етеді
Мемлекет кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды
Мемлекет қазыналық кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша субсидияланған
жауапкершілікте болады
Дәрменсіз борышкерлер болуы мүмкін Дәрменсіз борышкерлер болып
табылмайды
Жарғылық қоры қалыптастырылады (10 мың АЕК кем емес) Жарғылық қор
қалыптаспайды, қызмет мүлікі меншіктенуші бекітетін кірістер мен шығыстар
сметасына сәйкес жүзеге асырылады
Меншіктенушінің немесе оған уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша
келісімінсіз негізгі құралдарға жатқызылған мүлікке иелік етуге құқығы жоқ
(меншіктенушінің біршама кең дербес келісімі, мүлікке иелік ету бойынша
біршама құқығы бар) Уәкілетті органның тек жазбаша келісіммен өзінің
шаруашылық қызметі нәтижесінде алынган өзіне бекітілген мүлікті шеттеуге
немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқылы
Барлық өзіне тиесілі мүлікке өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді
Өзінің иелігінде ақшаға ғана өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.
Мемлекет активтері - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде
мемлекеттік меншікке алынған, құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес
игіліктер мен құқықтар.
Қазақстан қоғамының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар,
оны иелену және (немесе), пайдалану және (немесе) оған билік ету Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін мүлік
стратегиялық объект болып табылады.
Стратегиялық объектілерге: магистральдық темір жол желілері; магистральдық
мұнай құбырлары; магистральдық газ құбырлары; ұлттық электр тораптары;
магистральдық байланыс желілері; ұлттық почта тораптары; халықаралық
әуежайлар; халықаралық маңызды мәртебесі бар теңіз порттары; әуе қозғалысын
басқару жүйесінің аэронавигациялық құрылғылары; кемелердің қауіпсіз жұзуін
реттейтін және оған кепілдік беретін құрылғылар мен навигациялық белгілер;
атом энергиясын пайдаланатын объектілер; ғарыш саласының объектілері; су
шаруашылығы құрылыстары; ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары; сондай-ақ
меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының
пакеттері (қатысу үлестері, пайлары), меншігінде стратегиялық объектілер
бар жеке және заңды тұлғалардың шешімдерін тікелей немесе жанама айқындауға
немесе қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге мүмкіндігі бар заңды тұлғалар
акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары) жатқызылуы мүмкін.
Жекешелендiру дегенiмiз - меншiк иесi ретiнде мемлекеттiң еркiмен
Жекешелендiру туралы Заңда белгiленген арнайы рәсiмдер шеңберiнде немесе ол
анықтайтын тәртiппен жұргiзiлетiн, мемлекеттiк мүлiктi жеке тұлғалардың,
мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың және шетелдiк заңды тұлғалардың
меншiгiне сату.
Қазақстан Республикасының өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды
қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке, ұлттық басқарушы
холдингке немесе ұлттық холдингке тиесiлi және ұлттық экономиканың негiзiн
құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда қызметiн жұзеге асыратын,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған акционерлік қоғам
ұлттық компания болып табылады.
Қазақстан Республикасының Yкiметi құрылтайшысы және жалғыз акционерi болып
табылатын, ұлттық компаниялардың және өзге де акционерлiк қоғамдардың өзiне
меншiк құқығымен тиесiлi акциялар пакеттерiн тиiмдi басқару үшiн құрылған
акционерлiк қоғам ұлттық холдинг болып табылады.
Құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып
табылатын, қызметінің негізгі мақсаты ұлттық даму институттарының, ұлттық
компаниялардың және басқа заңды тұлғалардың өзіне меншік немесе
сенімгерлікпен басқару құқығымен тиесілі акциялар пакетін (қатысу
үлестерін) басқару болып табылатын акционерлік қоғам ұлттық басқарушы
холдинг болып табылады.

Қазақстан аумағында шаруашылық жүргізу қызметті жүзеге асыратын заңды
тұлғалардың, заңды тұлға құрмай шаруашылық жүргізумен айналысатын жеке
тұлғаларға қарағанда басым көпшілігі екені белгілі. Шаруашылық жүргізумен
айналысатын ұйымдар құқықтық нысандарының белгіленуі арқылы белгілі бір
заңды тұлғаға айналады. Ұйымның құқықтық жағдайы шаруашылық жүргізу
аясындағы экономикалық функцияны жүзеге асыруына заңды жағдай туғызады. Ең
бастысы ұйымның азаматтық құқық субъектісі болуы қажет, ал азаматтық құқық
субъектілікке тек заңды тұлға ғана ие болады.
Азаматтық заңдарда заңды тұлғаның мына төмендегідей ұғымы берілген
"меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар
және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан
мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтыр мен міндеттемелерге ие болып,
оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер мен жауапкер бола алатын ұйым
заңды тұлға деп табылады ".
Осыған орай әрбір заңды тұлғаның өзіне тән дербес балансы немесе
сметасы болады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін заңда өзгеше айтылмаса жарғы
не құрылтай шартымен жарғысы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге
асырылады.
Заңды тұлғалар өз қызметтеріне байланысты коммерциялы және коммерциялы
емес болып бөлінеді. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді
көздейтін коммерциялық ұйым, не мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және
алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін- коммерциялық емес ұйым заңды
тұлға бола алады . Ал осы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға
мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік және өндірістік кооператив
нысандарында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым - заңды тұлға мекеме қоғамдық бірлестік, тұтыну
кооперативі, қоғамдық қор және діни бірлестік нысанында және заң
құжаттарында көзделген өзге де нысыандарда құрыла алады. Осы ұйым
шаруашылық жүргізу қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай
ғана айналысады.
Кейбір мәліметтерге қарағанда Қазақстан аумағындағы коммерциялық заңды
тұлғалардың құрылу құқықтық нысандары мына бағытта дамыған: мемлекеттік
кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері және өндірістік кооперативтер.
Отанымыздағы шаруашылық жүргізу жөніндегі заңдардың дамуы 1992 жылғы 11
желтоқсаннан басталған болатын. Осы уақыттың ішінде қабылданған басқа да
заңдарга сәйкес шаруашылық жүргізудің мынадай ұйымдық нысандары көзделген
болатын:
Қандай да болмасын меншік нысанындағы кәсіпорындар және олар құратын
бірлестіктер;
Шаруашылықтар және өзге де қоғамдар мен серіктестіктер;
Қорлар және шаруашылық жүргізу қызметті жүзеге асыруға құқығы бар өзге
де қоғамдық ұйымдар;
Жекеменшік шаруашылық жүргізу ұйымдар ;
Енді осы жоғары да аталған шаруашылық жүргізу нысандарын мұқият
қарастырамыз. Кәсіпорындардың әр-түрлі меншік түрінде құрылатны белгілі
және бұл жағдайлар меншік туралы және кәсіпорындар туралы Заңдарда
көзделген болатын.
Бұлардан басқа мемелекеттік меншікке негізделген мынадай
кәсіпорындарды құру көзделген болатын:
1. Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуының жалпы мемлекеттік
мәселелерін шешу мақсатында құрылатын мемлекеттік республикалық
кәсіпорындар;
2.Тиісті аумақтың тұрғылықты халқының әлеуметтік-экономикалық
мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін құрылатын коммуналдық меншіктегі
кәсіпорындар;
Негізінде осы аталған шаруашылық жүргізу нысандары еліміздегі орта
және шағын кәсіпкеліктің өсіп дамуына байланысты басқаша түрлерде де
құрылулары мүмкін.
Кезінде құрылған шағын кәсіпорындар кәсіпорындар деп танылған болатын,
Бірақ уақыт өте келе бұл жағдай қателік болып табылғаны белгілі. Сондықтан
шағын кәсіпорындардың барлығы азаматтық кодексімен көзделген коммерциялық
ұйымдардың бірі ретінде қайтадан тіркеуден өткен болатын.
"Шаруашылық серіктестері және акционерлік қоғамдары туралы " заңға
сәйкес шаруашылық серіктестіктердің мына келесідей түрлерін құру мүмкіндігі
қарастырылған еді. Олар:
1. Толық серіктестіктер;
2. Сенім серіктестігі:
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
5. Акционөрлік қоғам түрінде құрылуға тиісті серіктестік;
Енді осы кәсіпорындардың ұйымдарының әрбір түрлеріне азаматтық
заңдарға сүйене отырып сипаттама береміз. Бірінші қарастыратынымыз
мемлекеттік кәсіпорындар, оның ішінде жеке бөліп ашып көрсететініміз
шаруашылық жүргізу құқығына негізделген шаруашылық кәсіпорындар.
Мемлекеттік кәсіпорындардың қысқаша сипаттамасы :
1. Мемлекеттік көсіпорьіндар құқығына негізделген жөне шаруашылық жүргізу
құқығына негізделіп екіге бөлінеді;
2. МемлекеттІк кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар бойынша,
соның ішінде кәсіпорын қызметкерлері арсында бөлуге болмайды ;
3. Мемлекеттік кәсіпорындардың фирмалық аталымында оның мүлкі көрсетілуі
тиіс;
4. Мемлекеттік кәсіпорын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz