Үздіксіз экологиялық білім беру және оның сапалығы



Реферат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
І Бөлім. Әдебиеттерге шолу.
1.1.Экологиялық білім мен тәрбиенің маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Экологиялық білім берудің бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
1.3. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
1.4.Экологиялық білім мен тәрбиенің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ІІ Бөлім. Экологиялық білім қалыптастырудың негіздері мен тәжірибелері...26
2.1. Экология . халықтық тәрбиенің бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.2. Тәжірибелік.эксперименттік жұмыстарының нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
Зерттеудің көкейкестілігі.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері бүгінгі таңда өзекті мәселелер қатарына жатады.
Экологиялық білім проблемасын А.Н. Захлебный, И.Т. Суравегина, И.Д. Зверев, Б.Г. Иоганзен, А.Н. Захлебный, И.Д. Зверев, А.С. Бейсенова, А.Б. Бигалиев, Г.К. Длимбетова, М.Н. Сарыбеков, А.Г. Сармурзина, В.И.Фурсов, В.М. Коликов, К.З. Бекенов жене т.б. зерттеген, олар экологиялық білімнің жалпы теориялық және әдіснамалық аспектілерін жасады .
Экологиялық білім тұжырымдамасының ұлттық-аймақтық деңгейде даму проблемасы бірқатар еңбектерде көрініс тапқан (Я.И. Габев, Н.В. Шкарбан, И.О. Байтулин, Г.К. Длимбетова, А. Б. Бигалиев, М.Ә. Құдайқұлов, А.С. Боранбаев және т.б.). [27;28;29;30;31].
Оқушыларға экологиялық білім беру проблемалары бойынша да біршама еңбектер орындалды (И.Д. Зверев, С.В. Алексеев, И.В. Цветкова, Н.М. Чернова т.б; М.П. Ротанова т.б.; Н.Н. Родзевич, И.Т. Суравегина, Д.И. Сенкеевич және т.б.).
Зерттеудің басты мақсаты: оқушыларға экологиялық білім берудiң қажеттiлiгiн теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеу және бiлiм сапасын арттырудың тиiмдi жолдарын анықтау
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық-теориялық негіздерін анықтау.
2. Қазақстанда экологиялық білім жүйесiне, мазмұндық сипаттама беру.
3. Оқушылардың экологиялық бiлiмділігін қалыптастыру жолдары және оны жүзеге асырудың алғышарттарын анықтау.
4. Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының тұжырымдамасын жасау.
5. Оқушыларға экология пәнін оқыту әдістемесін негіздеу және оның тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
Зерттеудің көздері. Зерттеу проблемасы бойынша педагогтар мен психологтардың еңбектері; ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ұсынған құжаттары (тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқу-құралдары); (ҚР Конституциясы, “Білім туралы” Заңы, ҚР “Қазақстан 2030” даму стратегиясы; ҚР “Білім” мемлекеттік бағдарламасы; “ҚР экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы”; “ҚР экологиялық қауіпсіздікті сақтау”; “Экологиялық білім бағдарламасы”; “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға арнаған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы”; “Айнала қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң және т.б.
1. Каропа Г.Н. Теория и практика экологического образования и воспитания. - Гомель: Министерство образования Республики Беларусь, ГГУ им.Ф.Скорины, 1999. - 235 с.
2. .Каропа Г.Н. Принцип системной дифференциации в экологическом образовании школьников // Вопросы психологии. - 1999. - № 2. - С.28-34.
3. Каропа Г.Н. Теоретические основы экологического образования. - Минск: НИО, 1999. - 188 с.
4. Арефьева И.С., Степанов С.А., Степанов С.С., Гер П. Философские аспекты практики экологического воспитания и образования // Развитие детского и молодежного движения: Тезисы докладов VII Международной конференции по экологическому образованию, Санкт-Петербург, Россия, 27-29 июня 2001 г. - СПб: «Крисмас+», 2001. - С. 195-198.
5. Гагарин А. В. К проблеме формализма в экологическом образовании учащихся // Экологическое образование: до школы, в школе, вне школы. 2002. № 1. - С. 29-34.
6. Гагарин А. В. Преодоление элементов формализма в экологическом образовании // Акмеология. 2003. № 1. - С. 19-24.
7. 3. Н.В. Маслова. Ноосферное образование. М., 2002.
8. Ягодин Г.А., Пуротва Е.Е.. Устойчивое развитие – будущее цивилизации // Экология и промышленность России, июль 2001, - C. 37-38.
9. Третьяков П.И., Шамова Т.И.. Управление качеством образования: сущность и проблемы // Управление образования, апрель 2001, - С. 18-25.
10. П.И.Третьяков, Т.И.Шамова. Актуальные проблемы педагогической науки и практики на рубеже третьего тысячелетия. Сборник материалов научной сессии ФПК и ППРО. М., 2001. - С. 142-149.
11. Н.Н. Моисеев. Экология и образование. М., «Юнисам», 1996. - С. 234.
12. Сарыбеков М.Н. Теория и практика экологической подготовки будущего учителя начальных классов. Алматы. 1997. – 238 с.
13. Байтулин И.О., Нестерова С. Современные представления о предмете экология. Вестник высшей школы Казахстана, 1996. №.3. – С.29 –34.
14. Концепция экологического образования РК Астана. 2002.
15. Геккель Э. Естественная история мировоззрения. Лейпциг, Спб. 1908. 1 т. 274-6.
16. Лихачев Б. Педагогика. М., Прометеи. 1996, 230-6.
17. Кудрявцева Е.М. Психологический аспект экологического образования и воспитания. Таллин, 1980, 59-60-6.
18. Смирнова Г.С. Экологизация сознания и ее роль в оптимизации взаимодействия об¬щества и природы. Соб.науч.тр. Иванова, 1984, 33—36
19. Педагогика және психология/ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Алматы. Мектеп, 2002. 251-6.
20. Лихачев. Б. Педагогика/курс лекций. М., ЮРАИТ, 1999. 521-6.
21. Экология және табиғат қорғау//Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Алматы. Мектеп, 2001. 390-6.
22. Педагогика. /Под.ред Пидкасистый П.И. М., 2004. 603-67
23. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы. Білім, 1993. 267-6.
24. Егенисова А. Экологиялық ұғым-түсініктерді қалыптастыру. Қазақстан мектебі.
№ 1, 2007
25.Ақмырзаева М.Н. Экологиялық білім негіздері.Экологическое образование в Казахстане. №6, 2006.
26.К.Беркінбаев, Г.Ниязова.Экологиялық білім берудің негіздері. Қазақстан мектебі. №6, 2006.
27. Муликова А. Экологиялық тәрбие берудің маңызы зор. Қазақстан мектебі.№1-2007.
28. Тоғызбаева Н. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру қажет. Қазақстан мектебі. №12 – 2006.
29. Болтаев А. Экологиялық білім мен тәрбиенің тиімді жолдары. Қазақстан мектебі. №3 – 2004.
30. Шілдебаев Ж. Оқушыларға экологиялық білім беру мақсатын, міндеттерін және мазмұнын анықтаудың дидактикалық ұстанымдары.Білім – Образование. №2-2005.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БИОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТАНУ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ҮЗДІКСІЗ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ САПАЛЫҒЫ

Орындаушы:
Төлешова А.Н.
5 курс студенті

Ғылыми жетекші:

б.ғ.д , профессор
Бигалиев А. Б.

Норма бақылаушы:
Костюк Т. П.

Қорғауға каф. меңгерушісімен
Бигалиев А. Б.
жіберілді б.ғ.д , профессор

Алматы 2007
Реферат
Есеп-45 беттен, 30 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 5 қосымшадан
тұрады.
Кілтті сөздер: мектеп, мектепке дейінгі білім, қоршаған орта,
экологиялық сана, экологиялық мәдениет, экологиялық жағдаяттар, экологиялық
сауаттылық, экологиялық ойлау, экологиялық қауіпсіздік, экологиялық
қылмыс,үздіксіз білім беру, экологиялық білім, тұжырымдама,
эксперименттік зерттеулер.
Зерттеу объектісі: Алматы қаласының № 40, 81,145 мектеп-гимназиялары.
Зерттеудің басты мақсаты: оқушыларға экологиялық білім берудiң
қажеттiлiгiн теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеу және бiлiм сапасын
арттырудың тиiмдi жолдарын анықтау болып табылады
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алға қойылған міндеттер:
- Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық-теориялық
негіздерін анықтау.
- Қазақстанда экологиялық білім жүйесiне, мазмұндық сипаттама беру.
- Оқушылардың экологиялық бiлiмділігін қалыптастыру жолдары және оны
жүзеге асырудың алғышарттарын анықтау.
- Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының тұжырымдамасын жасау.
- Оқушыларға экология пәнін оқытудың тиімділігін тәжірибелі-эксперимент
жүзінде тексерістен өткізу
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық
(модельдеу, аналитикалық-синтетикалық; салыстырмалы, индуктивті-дедуктивтік
талдау), эмпирикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент,
педагогикалық іс-тәжірибелер); социологиялық (сауалнама); математикалық
статистикалық есептеу әдістері қолданылды.
Алынған нәтижелер:
- Оқушыларға экологиялық білім беру мазмұнының әдіснамалық-
теориялық негізі айқындалды.
-Экологиялық білім беру мақсаты, мiндеттерi мазмұнын анықтаудың
дидактикалық ұстанымдары және оқушылардың экологиялық білімділігін
қалыптастырудың жолдары анықталды.
- Оқушылардың экологиялық мәдениетiн қалыптастыру жолдары айқындалды.
Оқушылардың экологиялық білім беру сапалығын және тиімділігін
қамтамасыздандыратын тәжiрибелiк жұмыстар жүргiзiлдi
Зерттеудің болжамы: Оқушылардың экологиядан білімі артып, практикалық
іскерлігі мен дағдысы шыңдалады, дүниетанымдық, адами-эстетикалық көзқарасы
қалыптасады. Өйткені, бірегей табиғатты сақтау әр оқушының
тікелей экологиялық мәдениетіне, табиғатты қорғаудағы
сауатты көзқарасына байланысты.

МАЗМҰНЫ
Реферат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
І Бөлім. Әдебиеттерге шолу.
1.1.Экологиялық білім мен тәрбиенің
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Экологиялық білім берудің
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.3. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
1.4.Экологиялық білім мен тәрбиенің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ІІ Бөлім. Экологиялық білім қалыптастырудың негіздері мен тәжірибелері...26
2.1. Экология – халықтық тәрбиенің
бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.2. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...45
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері бүгінгі таңда
өзекті мәселелер қатарына жатады.
Экологиялық білім проблемасын А.Н. Захлебный, И.Т. Суравегина, И.Д.
Зверев, Б.Г. Иоганзен, А.Н. Захлебный, И.Д. Зверев, А.С. Бейсенова, А.Б.
Бигалиев, Г.К. Длимбетова, М.Н. Сарыбеков, А.Г. Сармурзина, В.И.Фурсов,
В.М. Коликов, К.З. Бекенов жене т.б. зерттеген, олар экологиялық білімнің
жалпы теориялық және әдіснамалық аспектілерін жасады .
Экологиялық білім тұжырымдамасының ұлттық-аймақтық деңгейде даму
проблемасы бірқатар еңбектерде көрініс тапқан (Я.И. Габев, Н.В.
Шкарбан, И.О. Байтулин, Г.К. Длимбетова, А. Б. Бигалиев, М.Ә. Құдайқұлов,
А.С. Боранбаев және т.б.). [27;28;29;30;31].
Оқушыларға экологиялық білім беру проблемалары бойынша да біршама
еңбектер орындалды (И.Д. Зверев, С.В. Алексеев, И.В. Цветкова, Н.М. Чернова
т.б; М.П. Ротанова т.б.; Н.Н. Родзевич, И.Т. Суравегина, Д.И. Сенкеевич
және т.б.).
Зерттеудің басты мақсаты: оқушыларға экологиялық білім берудiң
қажеттiлiгiн теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеу және бiлiм сапасын
арттырудың тиiмдi жолдарын анықтау
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық-теориялық
негіздерін анықтау.
2. Қазақстанда экологиялық білім жүйесiне, мазмұндық сипаттама беру.
3. Оқушылардың экологиялық бiлiмділігін қалыптастыру жолдары және оны
жүзеге асырудың алғышарттарын анықтау.
4. Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының тұжырымдамасын жасау.
5. Оқушыларға экология пәнін оқыту әдістемесін негіздеу және оның
тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
Зерттеудің көздері. Зерттеу проблемасы бойынша педагогтар мен
психологтардың еңбектері; ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ұсынған
құжаттары (тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-
әдістемелік құралдар, электронды оқу-құралдары); (ҚР Конституциясы, “Білім
туралы” Заңы, ҚР “Қазақстан 2030” даму стратегиясы; ҚР “Білім” мемлекеттік
бағдарламасы; “ҚР экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы”;
“ҚР экологиялық қауіпсіздікті сақтау”; “Экологиялық білім бағдарламасы”;
“Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға арнаған экологиялық қауіпсіздік
тұжырымдамасы”; “Айнала қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң және т.б.

І Әдебиеттерге шолу
1.1.Экологиялық білім мен тәрбиенің маңыздылығы

Қазіргі уақытта адамзат экологиялық қиын жағдайда тұр, ал оны дұрыс шешу
үшін экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы аса зор.
Табиғи ресурстардың толықтай немесе кейбір бөліктердің жоғалуы, табиғи
ландшафт өнімділігінің төмендеуі, топырақ, су жүйесінің құрғауы, қоршаған
ортаның ластануы Қазақстандағы табиғи ортаның жалпы экологиялық жағдайының
бұзылуын сипаттайды.
Аралдың апатты жағдайға ұшырауы, т.б. су көздерінің ластануы, энергетика
мен ауыл шаруашылығы арасындағы байланыс барлық елдегі эколог-мамандардың
біріккен жұмысы үшін перспективалық мәселелер болып табылады. Мұндай қарым-
қатынастар суды сақтау, суды пайдалану және су көздерін қорғау бойынша
барлық ұлттық бағдарламалардың бірігуіне әкеледі.
Қазақстанда экологиялық жағдайдың қалыптасуы халықтың денсаулығына әсер
етпей қоймайды, экономикалық апатқа әкеледі, сондықтан экологиялық
қауіпсіздік — мемлекет аймақтарының стратегиялық міндеттерінің бірі, ерекше
атап айтқанда, халықтың тұрмыс жағдайының тұрақтылығы мен қалыпты өмір
сүруін қамтамасыз ету. Экологиялық жағдайдың нашарлау себептерінің бірі
халықтың экологиялық білім деңгейінің төмендігі немесе жеткіліксіздігін
көрсетеді.
Ең бастысы, экологиялық мәселелер басқару шешімдерін қабылдау кезінде
ескерілуі қажет, олай болмаған жағдайда қоғам оның себептерімен емес, ал
олардың туындауымен күреседі.
Экологиялық білім берудің тиімді жүйесі — қоғам мен экономиканың даму
тұрақтылығын қамтамасыз ететін құралдардың бірі.
Тұрақты даму ұстанымдарында экологиялық капитал қорларын болашақ ұрпаққа
жеткізу мен сақтаудың қарастырылғаны белгілі: топырақтың құнарлығы, таза
ауа, белгілі климат, озондық қабат, генетикалық биотүрлер. Әкімшілік
басқару және табиғатты пайдалану саласындағы барлық мамандардың экологиялық
дайыңдығының сапасы маңызды деңгейде анықталуы тиіс.
XXI ғасырдың күн тәртібінде экологиялық білім өзіндік мақсат емес, ол
тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет, салауатты өмір, құндылықтар,
білімді өзгертудің негізгі механизмі ретінде қарастырылады. Басқаша
айтқанда, білім адам құқығының негізін қалаушы болып есептелінеді.
Экологиялық білім беру төмендегідей адам іс-әрекеттерінің дамуына
негізделген:
* табиғи ресурстарды үнемдеу;
* қоршаған ортаның ластауын тоқтату;
* табиғи экожүйені сақтау;
* қабылданған экологиялық этиканы, тәртіп кодекстерін және халықаралық одақ
нормаларын сыйлауды меңгеру;
* қаржылық қолдау және қоршаган ортаны қоргауды жүзеге асыруға белсенді
түрде қатысу, толық дайындықты қалыптастыру;
- ТМД мемлекеттеріндегі біріккен экологиялық саясатты жүзеге асыру және
біріккен табиғатты қорғау әрекеттерін жүргізу.
Экологиялық білім беру — ерекше қалыптасқан жүйе, болашақ ұрпақтың
мүддесі мен қажеттілігін және алғышарттарын сақтау, жер жүзіндегі адам
өмірінің жоғары бағалануы, ақпараттық-экологиялық қоғамның жүзеге асы-
рылуы.
Экологиялық білім дегеніміз - үздіксіз оқу үрдісі және ғылыми-тәжірибелік
білім мен іскерлік жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, ол
тұлғаның дамуы мен тәрбиеленуінің, экологиялық өмір салтын қалыптастырудың,
тұрақты табиғатты пайдалану мен тұтынудың, қоршаған ортаны қорғау
саласындағы қызметі мен тәртібінің құндылық бағдарлары болып табылады.
Экологиялық білім жүйесі ұйымдық формалардың іс-әрекетін үйлестіретін
үздіксіз экологиялық білім жиынтығының міндеті мен мақсатын жүзеге асыру
үшін керек. Олар — экологиялық білім инфрақұрылымы, басқарудың нормативтік-
құқықтық, ғылыми-әдістемелік және экономикалық реттеу.
Экологиялық білім стратегиясы - экологиялық білім аймағындағы
мемлекеттік саясат негізін құрайтын, оны жүзеге асырудың негізгі бағыттарын
анықтайтын экологиялық мәдениетті қалыптастыру, яғни адам-табиғат, қоғам-
табиғат қарым-қатынас саласындағы қоғамдық ой-сана ғана емес, оның терең
қажеттілігінің өзгерісін түсінетін ұстанымдар, мақсаттар, ойлар
басымдығының жүйесі.
Экологиялық мәдениет - әрбір адамның және елдің экологиялық
қауіпсіздігі, салауатты өмір салтын, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын
қалыптастыру, қоршаған табиғи орта мен адам қызметі қарым-қатынасының
ежелден келе жатқан тәжірибесі.
Мемлекеттік нормалардың қалыптасуы нәтижесінде қоғамдық мұратты
көрсететін әр адамның экологиялық жауапкершілігі болады. Ол табиғи жүйені
өзіндік реттеуді білдіреді.
Маңызды экологиялық білім беру негіздерінің экологиялық пәндері
адамдардың даму тұрақтылығы мен жер жүзіндегі өмір сүру мәселелерін
қамтиды. Оларды оқытудың нысандары — биоорталық және антропоорталық сипатын
ұстанатын жүйелер. Мұндай жүйе түрлері қоғам мен адам, тірі табиғат
дамуының өзіндік ұйымдастырылуын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы экологиялық білім жүйесі Қоршаған ортаны қорғау
министрлігімен және Білім министрлігімен реттеледі және үйлестіріледі.
Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау" туралы заңының 73
және 74 баптарында экологиялық білім мен тәрбиенің үздіксіздігі мен
жалпылығы қарастырылған. Ал біздің еліміздің білім беру жүйесінің
құрылымына сәйкес қабылданған экологиялық білімнің бірнеше сатысы бар:
* бірінші — мектепке дейінгі мекемелерде және отбасындағы тәрбие;
* екінші — орта кәсіби оқу орындарында және бастауыш, жалпы орта
мектептердегі білім беру;
* үшінші — жоғары оқу орындарынан білім алу;
— төртінші — жоғары оқу орындарынан кейінгі дайындық саты.
Мектепке дейінгі экологиялық білім мен тәрбие беру бұл үздіксіз
экологиялық білім жүйесінің бірінші сатысы, яғни балаларда экологиялық
сауаттылықтың негізін қалыптастыру сатысы. Бұл кезеңде мына үш шарттың
орындалуы тиіс.
1. Балаға экологиялық білімнің элементтерін жеткізу үшін білікті маман
керек.
1. Бейне визуалды құралдар мен баспалар қажет.
2. Қалада тұратын балаларды тірі табиғатпен таныстыру үшін таным жорықтар
ұйымдастыру.
Үздіксіз экологиялық білім жүйесінде орта мектептегі экологиялық білім
екінші сатысы болып саналады. Бірақ, оқу үрдісінде қазіргі қолданылып
жүрген оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулар экологиялық мәселені толық
карастыра алмайтынын мойындауға мәжбүрміз. Өйткені, мектеп пен
гимназиядағы, лицейлердегі экологиялық білім беру жүйесінің жұмыстары 5
пайыздан аспайды және жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім
факультативтік сабақтарда ғана жүзеге асырылады. Неге десеңіз, еліміздің
жалпы білім беретін мектептерінде бұл мақсатта арнайы курстар әлі жоқ. Тек
кейбір жоғары оқу орындарында ғана экологиялық білім әр түрлі жолдармен
өтіп келеді.
Экобілім аймағы мамандарының пікірінше, табиғи ортада болып жатқан
құбылыстарды дұрыс бағалай білетін сана-сезімі жетілген білікті кадрлар
даярлау керек және олар тек табиғатты қорғап қана қоймай, табиғи
ресурстарды дұрыс пайдалануды, қоршаған ортаны басқару және өзгерістерін
қадағалауды меңгергендері ләзім.
Ал мұндай мамандарды жоғары оқу орындарында даярлау үшін теориялық-
әдіснамалық және экологиялық білім тәжірибесіндегі басты ұстанымдарды іске
қоса отырып, кәсіби бағыттылықты дұрыс жолға қою керек. Ол үшін мына
төмендегі мәселелер шешімін табуы тиіс:
* экологиялық білім беру және табиғатты қорғау жұмысы басқа елдердегідей
"тұрақты дамуы " беделіне өту;
* экологиялық білім беруді тек қана білімді, іскерлікті, дағдыны
қалыптастыру мен тәжірибеде қолдану ғана емес, оны баламалы экологиялық
өмірге жаңалық енгізетін және табигатты қорғаудағы белсенді тәжірибелік
қызмет деп қарастырғанымыз жөн.

1.2. Экологиялық білім берудің бағыттары
Елбасының қолдауымен Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөне
қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды
заңдар мен құжаттар қабылданды. Соның ең маңыздысы “Қазақстан
Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі
тұжырымдамасы” (2003ж.) көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие берудің
өміршең бағдарламасын нақтылап берді. Елбасының № 1241 (2003)
Жарлығымен мақұлданған бұл тұжырымдама ҚР “Қазақстан Республикасыньң
конституциясы”, “Білім туралы” заңына сәйкестендірілген бірден-бір
мемлекеттік білім мен экологиялық саясатына қолдау көрсеткен шешуші
құжаттардың бірі болды. Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен
Білім туралы Заңы (1999), Айналадағы ортаны қорғау туралы Заңы (1997),
Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030
бағдарламасы (1996), Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі
тұжырымдамасы (1997), Қазақстан Республикасы экологиялық білім мен тәрбие
берудің ұлттық стратегиясы (1998), Экологиялық білім бағдарламасы
(1999), Қазақстан Республикасы орта білім берудің мемлекеттік
стандарттары (1998), Қазақстан Республикасы 2004-2015 жылдарға арналған
экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасы (2004) және т.б. құжаттар
қабылданды. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен
кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отансүйгіштікке баулитын
экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, Адам —
қоғам — табиғат жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға
күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр.Уақыт талабы
педагогтарға адам бойындағы табиғатқа деген теріс көзқарасты өзгерту, қайта
құру міндетін қойып отыр. Ұлы ойшыл, ғұлама философ, психолог-педагог,
табиғат зерттеуші Әл-Фараби, Ж.Баласағүн, М.Қашқари, С.Бақырғани, т.б.
сонау ерте кезден-ақ табиғатты жеке адамның ақыл-ойы мен сана-сезімін
тәрбиелеудің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білді. Олар өздерінің
педагогикалық идеяларында табиғатқа жауапкершілікпен қараудың, жеке адамның
адамгершілік қатынасын қалыптастырудың маңызына ерекше мән берді.
Соңғы XX ғасырдың екінші жартысында адам баласының алдынан табиғатты
қорғау мәселесі шығып, жастарды соған сай оқыту мен тәрбиелеудің
қажеттілігі туды. Өйткені, экологиялық мәселелер қазір әлемде өзінің
қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселенің біріне айналды. Сондықтан
жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі
бірден-бір қажетті кезек күттірмес міндет екендігі 1991 жылғы Қазақстан
Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында және 1992
жылғы Қазақстан Республикасының білім беру туралы Заңында, 1996 жылғы
Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында айқын
көрсетілді.
Белгілі философтар В.Афанасьев, В.Журавлев, А.Хпиркин, Г.Смирнова,
А.Қасабеков, Ж.Алтаев, т.б. жасөспірімдерге экологиялық ұғым-түсініктерді
қалыптастыруды қоғам - адам – табиғат арасындағы дүниетанымдық сана
формаларын саралау тұрғысынан қарастырады. Себебі, адамның тұрмыс-
тіршілігінің әлеуметтік мәнге ие болуының нәтижесінде санасы дамып,
жетіледі. Сана адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын реттеп, бағыт-бағдар
беріп отырады. Ол жеке тұлғаның қызметін іске асырудан, оның шығармашылық
ойлау әрекетінен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен, табиғи
ортамен қарым-қатынаста болып, сана-сезімінің дамуы, өзіне, басқа адамдарға
қоршаған заттық дүниеге көзқарас-пікірінің қалыптасуы жеке адамды
жетілдірудің негізгі факторы болып саналады. Сонымен адамның ақыл-ойы мен
сана-сезім бірлігін дәлелдейтін тұжырым жеке тұлғаның экологиялық
мәселелерге жаңаша көзқараспен қарауына бағыттайды.
Психологтар Л.Выготский, С.Рубинштейн, И.Кон, Е.Кудрявцева, В.Яс-вин,
Л.Божович, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, т.б. өз еңбектерінде оқушылардың
экологиялық ұғым-түсініктерін қалыптастыру қоршаған ортамен қарым-қатынаста
психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген
пікірлер айтқан. С.Рубинштейн әрбір жеке адамның қоршаған ортамен
байланысының басты бөліктерінің бірі - қарым-қатынас деп санайды. Ол
табиғатқа адамгершілік қатынасы мен мінез-қүлық нормаларын қалыптастыру
екенін қөрсете отырьш ...басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа
адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның
гана қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз ~ дүниеге, өмірге, табиғатқа шын
дос қатынастағы адам дейді.
Ч.Дарвин Түрлердің шығуы еңбегінде органикалық дүниенің дамуына
байланысты көптеген экологиялық байқауларын келтірген. Дегенмен, ғылымда
экология деген ұғымды алғаш айтқан адам Эрнест Геккель. Ол экология
деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің табиғат зерттеушісі
Эрнест Геккельдің өмірге енгізген экология сөзін дәлме-дәл аударғанда Үй
туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы ғылым деген грек сөзінен шыққан. Ендігі
бір анықтамада экология қоғамдық сананың формасы ретінде фауна мен
флораның өзара әрекеті мен қатынасының зандылықтарын зерттейтін биология
ғылымының бір бөлігі деп беріледі. Келесі бір экологиялық сөздікте
экология (гректің ойкос - үй, мекен, тұрақ және логос — білім, ғылым,
зерттеу деген екі сөзінен құралған) - қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми
негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара
қатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым деп
сипатталған.
Соңғы уақыттарда экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не
болса соған: тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық
деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өндеуге, көкөністерді органикалық
тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы
іc-әрекеттің өзі аса қажет екендігіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен
ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін
табиғаттың өз үкімімен бізге берер соққысын жеңілдету мен лайықты аз жазаны
аз да болса кешеуілдетуге тырысуымыз жатыр деп атап көрсеткен еді Америка
экологы Р.Риклефс.
Е.Кудрявцева экологиялық тәрбиенің психологиялық табиғатын қарастырып,
оны жүйелілік жолымен іске асырудың қажеттілігіне ерекше маңыз берді. Ол
табиғатты қорғауға жұмылдырудағы адам бойыңдағы сенімге ерекше мән беріп,
оның негізгі мына бөлігіне баса назар аударды. Олардың әрқайсысын іштей
мына элементтерге мүшеледі.
1. Интеллектілік (ойлылық) бөлігі: сенім негізіндегі экологиялық білімді
дүниетанымдық сипаттағы интеллектілік іскерлікті себепті ойлау
тәсілдерін меңгеруі.
2. Жеке-даралық бөлігі: қатынас пен бағалаудың себебі табиғат қорғау
әрекетіне мақсат қою және себептің дәлелі, моральдық бағыттылығы, табиғатты
қорғау қажеттілігі және азаматтың бұл қажеттілікті ұғыну сенімі.
3. Ішкі дайындығы: ықылас, ниет, субъектінің өзіндегі бар біліміне сәй-кес
әрекеттенуге байыптылығы ұстанған жолын нақты іске, әрекетке айнал-дырудағы
дайындығы.
Осы бөліктердің әрқайсысының өзіндік мәнін ұғынуда, олардың органи-калық
бірлікте болуын қамтамасыз етуде, табиғатқа жауапкершілік қатынасын
қалыптастыруда оқушының жеке басы қасиетін ескере отырып жүргізуге негіз
болады.
А.3ахлебный жалпы білім беретін мектептегі екі әлеуметтік мақсатқа жетуге
бағыттауды ұйғарды.
1. Оқушылардың жеке мінез-құлқын және әр түрлі іс-әрекетінде табиғи
ортаға жауапкершілік қатынас нормаларын сақтау қажеттігіне тәрбиелеу.
2. Қоршаған ортаны жақсарту мен қорғауда оны оқушылардың
ұқыптылықпен пайдалану дағдысын, сонымен бірге табиғатқа ысырапшылдық
сипаттағы көрініске төзе алмайтындай қатынасты тәрбиелеуді ұсынады.
Зерттеу арқылы бірнеше жаңа экологиялық ұғымдардың мазмұнын ашуға болады.
Олар – Экологиялық білім, Экологиялық сауаттылық, Экологиялық құқықтық
сана, Экологиялық мәдениет, Экологиялық этика, Экологиялық сана,
Экологиялық ойлау, Экологиялық қауіпсіздік, Экологиялық қылмыс,
Экологиялық қатынас. Бұлар мазмұндары ортақ, сабақтас ұғымдар.
Экологиялық сана — қоғамдық жеке адам санасының бір бөлігі, адамның
табиғатпен өзара қатынасындағы білімі, сенімі және дағдарысының жиынтығы.
Философ Г.Смирнова Экологиялық сана дегеніміз — қоғам мен табигаттың
өзара әрекеттесу үрдістерін танып білу нәтижесін, деңгейін айқындау деп
анықтама береді. Ал экологиялық сана мынандай маңызды функцияларды
атқарады:
1.Ағартушылық функциясы оқушылардың табиғат: эстетикалық жаратылыс және
ол барлық тіршілік иелерінің өмір сүру ортасы екендігін түсінулеріне
көмектеседі. Өскелең ұрпаққа экологиялық тепе-теңдіктің қайтымсыз бүлінуіне
жол бермей, табиғатты қорғау мақсатында экологиялық білімдерін пайдаланудың
қажеттілігі туралы ой, көзқарастарын қалыптастырады
2.Дамытушылық функция балаларға экологиялық құбылыстарды салыстыру,
өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі байланыстарды анықтау, табиғаттың жай-
күйі туралы білу үрдісінде жүзеге асырылады.
3.Тәрбиелік функциясы оқушыларда табиғатқа деген эстетикалық,
адамгершілік қарым-қатынастарын қалыптастыруда жүзеге асады. Олардың
бойындағы борыш және жауапкершілік сезімдері қоршаған әлемнің ұлылығы мен
сұлулығына рахаттануға ұласады. Бұлар оқушыларды табиғатты аялап, қорғау
әрекеттеріне шақырып, сүйіспеншілікке баулиды, туған өлкеге деген
отаншылдықты (патриотизм) күшейтіп, нығайтады.
4.Ұйымдастырушылық функциясы оқушыларды табиғатты қорғаудағы іс-
әрекеттерін ынталандыру рөлін атқарады. Түрлі кәсіпорын мекемелерін
тұрғызу, жер пайдалану, отын дайындау, шөп жинау сияқты жұмыстарды орындау
қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылуына қатысады.
5. Болжаулық (бағдарлық) функциясы адамның табиғатта әр түрлі іс-
әрекеттерінің, экологиялық үрдістерінің бұзылуының соңы неге
әкелетіндігінің мүмкін болатын салдарын алдын ала болжау дағдыларын
дамытуда сипат алып, қандай әрекеттер экологиялық бейтарап, табиғат пайдасы
үшін қандай шараларды жүргізу керектігіне бағыттайды. Экологиялық болжау
халық шаруашылығын дамытудың, өндіріс күштерін орналастырудың, жалпы
сауатты жоспарлай білудің алғы шарты болып табылады.
Аталған экологиялық сананың функцияларының тиімді жүзеге асуы
оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастырады және экологиялық сана
дүниетанымның негізгі құрамдас бөлігі ретінде экологиялық тәрбие үрдісінде
негізделеді.
Мектепке дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие беруді
олардың қоршаған ортаға қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктерін
ескере отырып жүзеге асыру қажет.
Мектепке дейінгі балалардың табиғатқа қарым-қатынасы алдымен олардың
эмоционалдық-сезімталдық ортасы арқылы көрінеді.
Балалардың жоғары эмоционалдық сезімталдығын ескере отырып, баланы
табиғат құбылыстарының көркемдік әртүрлілігінен әсер беретін жарқын
көріністерімен байытып отыру керек.
Мектеп жасына дейінгі балаларға оларды не қоршап тұрғанын ұғыну мен
түсінуге, қырағылық пен байқағыштыққа үйрету қажет.
Осы жастан балаларды экологиялық мәдениетке баулу, экологиялық
әлемді түсіну негіздерін қалыптастыру басталады.
Тәрбиешілер мен балалардың бірлескен іс-әрекетінің түрлері әр түрлі
болып келеді: бақылау және сюжеттік-рөлдік әр түрлі дидактикалық ойындар,
қарапайым тәжірибелер, ізденімпаздық әрекеттер, оқу, тыңдау мен
өлкетанулық әдебиеттерді тыңдау, өлеңдерді жаттау, табиғат жайлы
жұмбақтарды құрастыру және шешу, халықтық салт-дәстүрлермен танысу.
Сондықтан үнемі экологиялық тақырыптарда, мысалы, Құстар күні, Жасыл
дәріхана, Табиғатты қорғайық деген сияқты мерекелік кештер өткізіп
тұрған жөн.
Табиғат туралы алғашқы түсінік, экологиялық тәртіптің білік,
дағдылары балалардың тек сабақ барысында ғана емес, негізінен баланың
табиғатқа күнделікті қарым-қатынасы: серуен кезінде, еңбектенуде және ойын
арқылы қалыптаса бастайды.
Балалардың табиғатты қорғау қызметіне аса көңіл бөлу керек: табиғат
бұрышын ұйымдастыру, терезенің алдына Бақша жасау және т.б. Бұлардың
барлығы табиғатпен экологиялық құнды тиімді оқытуды қамтамасыз етуге
себебін тигізеді.
Мектеп жасындағы балаларда тірі ағзалар өмірі туралы ұғымдар
қалыптасып, мектеп жасына дейінгі балалардың тек қана адамның табиғаттағы
негізгі ережелерін білуі қажет, білген білімдері мен біліктерін табиғатты
қорғауға бағытталған қоғамдық-пайдалы істерде қолданылады.
Экологиялық тәрбие мақсатты бағытталған оқыту нәтижесінде жүзеге
асады. Оқушылар әр түрлі пәндерді оқу үрдісінде экологиялық білімдерін
жетілдіреді. Адамгершілік және эстетикалық отансүйгіштікке баулу тәрбиелері
балалардың табиғатқа сүйіспеншіліктерін оятып, оның керемет сұлулығына
ләззаттануға және оны аялауға, қорғауға баулыса, ал қоғамдық пайдалы еңбек
оларды табиғатты қорғау ептіліктеріне үйретеді. Осы айтылған өзара
байланыстар мен іс-әрекет түрлерінің әр түрлілігімен, жан-жақтылығымен
қамту экологиялық тәрбиенің жүйесін анықтайды. Бұл жүйе биология,
география, физика және гуманитарлық, эстетикалық цикл пәндерімен сабақтас
орындалады. Биология және география балаларға қазіргі кездегі өсімдіктер
мен жануарлар әлемінің, жалпы қоршаған ортаның экологиялық күйінің
бейнелерін кескіндейді. Оқушылар экологиялық тепе-теңдіктің не екендігін,
өсімдіктер, жәндіктер, құстар, жануарлар, ормандар, жер қоймасы мен
атмосфера қалай бір-бірімен өзара әрекеттеседі және қалай бір-бірінің
үйлесімді тіршілік етулеріне биологиялық қалыпты, жағымды жағдай
жасайтындарын біледі. Құмырсқалар орман тазалаушысы - санитарлар сияқты,
жәндіктер құстарды қоректендіреді, өзендер құймасы су қоймасын жасайды,
орман ауаны тазартады және алқаптардың желденуінен сақтайды, қар егістік
алқаптарын жауып, дымқылдандырады. Осы байланыстар туралы таным оқушыларды
табиғаттың жалпыға ортақ байланыстылығы мен біртұтастығы туралы
дүниетанымдарының қалыптасуына мүмкіндік бере отырып, оларға табиғат
байланыстарының бұзылуы биологиялық баланстың өзгеруіне, орны толмас
шығындар әкелетінін, адам өмірін қиындататынына көздерін жеткізеді. Физика
және химия оқушыларға политехникалық білімдер кешені мен өнеркәсіптің
қазіргі ұстанымдарын, ғылыми негіздерін үйретеді. Оқушылар өнеркәсіп
саласының қоршаған ортаға әсерлері, технологиялық үрдістердің зиянды
әсерлерін болдырмау құрылымдары мен ұстанымдары және қалдықсыз өнім
шығаруды ұйымдастыру мүмкіндіктерінің экономикалық, экологиялық тиімділігі
туралы түсінік алады.
Экологиялық сана экологиялық білімдерден тұрады, өндіріс пен шаруашылық
нысандарын, олардың болашақта тигізетін зиян-зардабын алдын ала білуде
экологиялық білімнің зор маңызы бар.
Экологиялық-құқықтық сана — экологиялық жеке заңды, мәдениетті меңгеру,
экологиялық заңдарды біліп, дұрыс қолдана білу.
Экологиялық ойлау — табиғаттағы алуан өзгерістердің экологиялық
факторларының себеп-салдар байланыстарын ашып түсіну.
Экологиялық сауаттылық — балаларды табиғат қорғаудың ғылыми негіздерімен
қаруландыру.
Экологиялық этика - қоршаған орта мен қарым-қатынасты мінез-құлық
нормаларының ережелерімен қаруландыру.
Экологиялық қауіпсіздік - экологиялық заңды тұрғыда адамның өмірлік
маңызды экологиялық мүддесінің, ең алдымен, таза да салауатты өмір сүру
үшін қолайлы табиғат ортасына құқығының қорғалуы.
Экологиялық қылмыс - қоршаған табиғат ортасына және денсаулығына зиян
келтіретін, Қазақстан Республикасының белгіленген экологиялық құқықтық
тәртібіне, қоғамның экологиялық қауіпсіздігіне қол сұққан қоғамдық қауіпті
айыпты әрекет.
Экологиялық мәдениет - күрделі ұғым. Әдістемелік әдебиеттерде оның
мазмұны мен көлемі әр түрлі деңгейде айқындалып, экологиялық білім беру
жүйесінің міңдетті бір бөлігі ретінде адамдардың материалдық және рухани
тіршілігін тегіс қамтиды. Келесі бір әдебиеттерде былай деп мазмұндалған:
Экологиялық мәдениет адамда белгілі бір дәрежеде білім қорының болуын,
сенім мен моральдық мақсаттылықтың болуын, сондай-ақ, оның табигатты көздің
қарашығындай сақтау мәселесімен үйлесімді келетін тәжірибелік іс-әрекет
жасауға дайын болуын қарастырады .
Келтірілген анықтамаларға қарағанда экологиялық мәдениетті
қалыптастырудың мақсаты — Адам — қоғам — табиғат түрінде үйлесімділік
орнату, табиғи байлықты сақтау, молайту және тиімді пайдалануда
жауапкершілік сезімін тудыру.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру — аса күрделі үрдіс, ол идеология,
саясат, құқық, ғылым, өндіріс, өнер, ағарту салаларының бірлесе жұмыс
істеуі арқылы жүзеге асады.
Экологиялық мәдениет пен этиканың құрамына мыналар кіреді:
* табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын білу;
* табиғатты қорғау қажеттілігін түсіну;
* табиғатқа тигізген өзінің әсерінің салдарын болжай білу;
* табиғатпен қарым-қатынаста заңды ережелерді сақтау.
Қысқасы, оқушылардың экологиялық санасы, ойлауы, сауаттылығы, этикасы
мен мәдениеті экологиялық білім мен тәрбиенің нәтижесінде қалыптасады.
Қоғамымыздың білім саласындағы азамат ғалымдары Ә.Бейсенова,
Ж.Жатқанбаев, Н.Сарыбеков, К.Сарманова, А.Сотников, С.Тілеубергенов,
Н.Торманов, т.б. экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздерін,
мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін зерттеуде үлкен үлес қосты.
Соңғы кезде экологиялық білім беру жүйесі турапы дүниежүзілік тәжірибеге
қарағанда оның әр түрлі моделі қолданылып келеді. Олар:
- көп пәнді жүйе (барлық пәнді өздерінің ортақ тақырыбына
сәйкестендіріп, экологиялық білім беру);
* бір пәнді жүйе (экологиялық білім бір ғана пән арқылы беріледі);
* аралас (экология жеке пән ретінде) оқытылады.
Республикамыздың оқу жүйесінде экологиялық білім берудің мемлекеттік
бағдарламасы дүниежүзілік тәжірибелерді саралай отырып көпшілікке,
жеткіншектерге үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді. Ол
төмендегідей оқу жүйесінен тұрады:
* мектептерге дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру;
* мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру;
* жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру (әр түрлі сала бойынша);
* мамандарды қайта даярлау мекемелерінде экологиялық білім беру;
* көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу
жоспары бойынша жалпы және арнайы білім беретін оқу жүйелері 2000 жылдан
бастап жаңа базистік оқу жоспарына көшірілді. Ол - орта мектеп (10-11
сыныптар) және бастауыш мектеп (1-4 сыныптар). Жоғарыдағы оқу құрылымына
қарай әрбір пән мұғалімі оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру
үрдістерін жоспарлауы тиіс. Осыған орай, ғалымдар А.Захлебный,
И.Суравегина, Б.Лихачев еңбектерінде көрсетілген экологиялық тәрбиенің
әмбебап маңыздылығын ескере отырып, біз экологиялық тәрбие беруде
оқушылардың "экологиялық сауатын" ашудан сөз бастағанды жөн көрдік.
Өйткені, экологиялық тәрбие экологиялық білімділікпен тығыз байланыста
қалыптасады. Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында негізгі
үғымдар мен түсініктер бар, олардың негізгілері: "экологиялық сана",
"экологиялық сауаттылық", "экологиялық этика", "экологиялық мәдениет",
"экологиялық білім", т.б. Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі
тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушылардың табиғатқа деген көзқарасын
қалыптастырады.
Адам - табиғаттың ажырамас элементі, онсыз жан баласы дем алуы,
қоректенуі, жылу мен жарықты қабылдауы мүмкін емес. Қысқасы, табиғатсыз
тірлік те, өмір де жоқ. Сондықтан да қоршаған ортамыз - табиғатқа деген
қарым-қатынас терең ізгілік пен адамгершілікке ұласуы қажет. Осымен қатар
табиғат - адамдар үшін таным мен эстетикалық қарым-қатынастардың нысаны.
Оның тартымды құпия сырына енудің өзі терең ғылыми көзқарастың қалыптасуына
ықпал жасайды. Осыған орай, экологиялық мәдениетті адамның негізін қалаушы
бастапқы, міндетті және жалпыға ортақ берілуі тиіс экологиялық тәрбиенің
қажеттілігі туындайды. Жоғарыда атап кеткендей, экологиялық сана толығымен
экологиялық білімді қамтыса, оның құрамдас бөлігі эстетикалық сезімдер мен
экологиялық жауапкершілік болып табылады.
Экологиялық сананың қалыптасуына гуманитарлық және эстетикалық цикл
пәндерінің қосар үлестері мол. Тарих, қоғамтану, мемлекет және құқық
негіздері табиғатқа деген озбырлық қарым-қатынастарға және оны орынсыз
пайдалануға жол бермеуді дәріптейді.
Эстетикалық цикл: әдебиет, бейнелеу өнері, музыка сабақтары
табиғаттың оның адам бойындағы ізгілікке, рухани күйіне, табиғатқа және
ондағы барлық тірі ағзаларға деген қарым-қатынасына тигізер әсерлері шексіз
екені анық. Өнер табиғатты жандандыра түседі, оны адаммен жақындастыра
отырып өзінің сол табиғаттың ажырамас бір бөлігі екендігін түсінуге
мүмкіндік береді. Оқушыларға экологиялық сананың қалыптасуында табиғатты
қорғау сипатында жүргізілетін қоғамдық пайдалы еңбектің рөлі зор. Атап
айтқанда, олардың қатарына мектеп орманшылығын, аңшылық шаруашылығындағы,
аң фермаларындағы жұмыстарды, сонымен қатар ортаны қорғауда құрылған
санитарлық топтардың жұмыстарын қосуға болады. Бұл топ мүшелері ауадағы,
судағы ластану деңгейін анықтаса, балық және орманшылықта зиянын тигізуші
броконьерлермен күрес бойынша құрылған топ мектеп алаңдарынан, үйлерден
табиғаттың әр түкпіріндегі қыс мезгілінде қорғансыз қалған аң, құстарға
жедел жәрдемге келеді. Сол сияқты туристік өлкетану жұмыстары да балалардың
табиғатты қорғау әрекеттерімен тығыз байланысты, өйткені, олар өзендер мен
ормандардағы, демалыс орындарындағы ережелерді ұстануды үйретеді.
Мектепте оқушыларға экологиялық тәрбие беруде бұқаралық ақпарат
құралдары да маңызды рөл атқарады. Балалар және жасөспірімдерге арналған
әдебиеттер, газет, журналдардағы мақалалар, радио және теледидардан
берілетін бағдарламаларда табиғатты сақтау мен қорғауға назар аударылуы
тәрбиеге оңтайлы әсер ететіні сөзсіз.
Ең бастысы, экологиялық тәрбиенің негізгі көрсеткіштері оқушылардың
қазіргі экологиялық мәселелерді жете түсінуі, оны сақтап қорғауда
жауапкершілік сана-сезімдері және табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдері
сұлулықты көре білу, сүйсіну және рахаттана білу дағдылары болып табылады.
"Адам - қоғам - табиғат" жүйесінің мәні де осында. Адамзат тарихы табиғат
тарихымен тікелей байланысты. Қазіргі кезде адам мен табиғаттың дәстүрлі
өзара әрекетінің салдары үлкен экология да мәселеге айналуда. Адамды
қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға дағдыландыратын экологиялық тәрбиені
мектеп жасынан бастау қажет.
Прус королі Вильгельмнің "бұл армияның жеңісі емес, австриялықтарды прусс
мұғалімі жеңді" деген қанатты сөзі тарихтан белгілі. Басқаша айтқанда,
астриялықтарды жеңген прустің білім беру жүйесі деген сөз. Осы сөздің
аясында экологиялық дағдарысты қоршаған ортаны қорғау саласының мамандары
ғана емес, арнайы экологиялық білім беру жүйесі шешеді деуге болады.
Соңғы 20 жылда ғалымдардың экологиялық білім беру мен тәрбиелеу
мәселелерін зерттеуге көніл бөлулері айтарлықтай өсті. Мәселен, Н.Верзилин,
ЛЗахлебный, И.Зверев, Б.Иоганзен, И.Матрусов, А.Мамонтова, В.Сухомлинский
және т.б. өз еңбектерінде табиғатты қорғаудағы қоғамдық пайдалы еңбекті
ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық тәрбие мен
білім берудің түрлі аспектілерін қарастырады.
Экологиялық білім беру мынадай үш мәселені шешуі тиіс.
1. Адекватты экологиялық көріністерді формалау, яғни "адам - табиғат"
жүйесінің өзара байланыстары туралы көріністер.
2. Табиғатпен қарым-қатынасты формалау.
3. Табиғатпен қарым-қатынастағы әдеп, дағдылар мен біліктіліктер жүйесі мен
стратегиясын формалау.
Оқушыны табиғатқа жауапкершілікпен қарауға баулу - күрделі әрі ұзақ
мерзімді қажет ететін үрдіс. Оның нәтижесі анықталған білім мен біліктерді
беру ғана емес, табиғи ортаны жақсартуға, қорғауға қажетті талап пен
дағдылардың, эмоциялық қатынастардың дамуы болуы тиіс.
Экологиялық тәрбие үрдісін тиімді жүргізуге тікелей ықпал ететін,
экологнялық мәдениеттің негізгі бөліктерінің бірі болатын тұлғаның жеке жан
дүние саласына әсер етуді күшейту қажеттілігі байқалады. Ал қалыптасқан
жағдайды түбегейлі өзгерту қазіргі заманғы философтар мен мәдениеттанушылар
айқындаған қоғамдағы экомәдениет құндылықтарының негізінде экологиялық
тәрбие мәселесін ғылыми тұрғыдан шешу арқылы іске асырылады.
Экологиялық тәрбие берудің негізгі мәселелері мынаған саяды:
* эколоғиялық білімді тереңдету және кеңейту;
* жағымды, мінез-құлықты тәрбиелеу;
* экологиялық әрекет барысында оқушылардың қоғамдық, шығармашылық, танымдық
екпінділігін дамыту;
* табиғатты қорғау сезімін ояту, т.б.
Экологиялық білім әмбебап, пәнаралық сипатқа ие. Сондықтан ол жалпы
білім берудің барлық формаларына енуі тиіс.
И.Зверевтің пікірінше, экологиялық білімнің негізгі мақсаты -
оқушылардың табиғат ерекшеліктері, оған адамдардың қарым-қатынасы,
экологиялық мәселелер және оларды өндірісте, тұрмыста оңтайлы шешу үшін
теориялық білімдерді игерту.
Б.Лихачев экологиялық білім мен тәрбие беру әдістері мен формаларын
шартты түрде бірнеше топтарға бөледі. Ойлау мен танымды дамытудың мектептік
және мектептен тыс әдістері, бағытталған тәжірибелік қызмет дағдылары мен
біліктіліктерін меңгеру, құқықтық жауапкершіліктің дамуы, т.б.
А.Захлебный экологиялық бағдарлама жасауда оқушыны оқыту мен тәрбиелеуде
тұлға ретінде қалыптастыру факторларына көбірек көңіл бөлу қажет деп
санайды.
Экологиялық тәрбие беру тәсілдерінің қазіргі кезде жиі қолданып жүрген
тәсілдерінің бірі – пән мазмұнын экологияландыру. Бұл - мектеп оқушыларына
оқытылатын пәндер негізінде экологиялық білім мен тәрбие беру деген сөз,
яғни пәнді оқыту барысында бұрыннан оқытылып келген тақырыптардың мазмұнын
қосымша экологиялық мәліметтермен толықтыра баяндау.
Біз экологиялық тәрбиеге бағдарлап оқыту мәселесін орта мектептің
информатика пәнінің негізінде қарастырып көрелік. Орта мектепте информатика
пәнін экологиялық тәрбиеге бағдарлап оқытудың негізгі идеясы мен мазмұны
үздіксіз экологиялық білім берудің біртұтас жүйесі негізінде қалыптасуы
тиіс. Олар: табиғи қорларды пайдалану, түрлердің дамуы, қоршаған ортаны
тазарту және т.с.с көптеген экологиялық ұғымдардың жиынтығы негізінде
оқушының дүниетанымдық көзқарасының экологиялық тұрғыда қалыптасуына ықпал
ету.

1.3. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолдары

Тұлғаның экологиялық көзқарасын, мәдениетін қалыптастыру, олардың
қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің өзекті
мәселелерінің бірі болып табылады. Ол экологиялық білім мен тәрбие беруді,
болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды өмірге ендіруге
тікелей байланысты екені белгілі. Осыған орай, Елбасы Н.Назарбаев
Стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасында осы
мәселеге айрықша көңіл бөлгенін атап өткен жөн. Дамудың осы стратегиялық
бағытына сәйкес ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі 1999
жылы 4 қаңтарда Экологиялық білім бағдарламасын бекіткен болатын.
Сондықтан осы құжаттарды басшылыққа ала отырып оқытушы өзінің барлық жұмыс
бағдарламасын жоғары талап дәрежесіне сай жүргізуі қажет. Осыған орай,
әлеуметтік экологиялық қарама-қайшылықтардың ғаламшарлық деңгейде
шиеленісуі кезеңінде адам — қоғам — табиғат жүйесіндегі: қарым-
қатынастың үйлесімділігін қамтамасыз ететін мәдениеттің жаңа түрі:
экологиялық мәдениетті қалыптастыру — болашақ мамандарды даярлаудың мақсаты
мен мазмұнына жаңа бағыт беретін өзекті мәселе.
Бұл мәселені шешудің негізгі жолдарының бірі — оқушылардың санасында
қоршаған орта және оны қорғау жөнінде берік білім қалыптастырып, осы
бағытта тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қоршаған ортаға
ұқыптылықпен қарайтын, өзін сол ортаның бір бөлігі ретінде сезінетін,
табиғатты сүйетін, яғни, экологиялық сауатты, мәдениетті азамат дайындау.
Болашақ мамандардың қалыптасуында ең маңызды орын алатыны — мектеп.
Сондықтан мектепте әрбір оқушыға экологиялық білім беру мен тәрбиелеу
жүйесі дұрыс жолға қойылып, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдері
таңдап алынып, үздіксіз түрде, жалпы педагогикалық ғылыми-әдістемелік
негізде басқа пөндермен кешенді түрде оқытылса, қоғам алдында тұрған өзекті
мәселелердің бірі өз шешімін табады деп есептеуге болады. Осыған байланысты
оқушылардың қоршаған орта мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалануын
адамзат — қоғам — табиғатты байланыстыратын жаратылыстану салалары арқылы,
соның ішінде ботаника, зоология, адам анотомиясы және морфологиясы, т.б.
пәндерін кіріктіру (интеграция) арқылы қалыптастыру өте тиімді. Мысалы,
ботаника пәні бойынша оқушыларға Гүлдің құрылысы, Гүлді өсімдіктердің
табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы деп аталған кіріктірілген
тақырыптардан оқушылар өсімдіктердің жер жүзіндегі тірі организмдерді таза
сумен қамтамасыз ететіндігін, олардың азықтық, өнеркәсіптік, ауыл
шаруашылық жағдайларында маңызының бар екендігін түсіне келе эстетикалық;
санитарлық-гигиеналық, экономикалық тәрбие алады. Ал қолданбалы биология
және топырақтану негіздері мен ауыл шаруашылық негіздері пәнінен Топырақ
және орта, Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар тақырыптарында оқушылар
сыртқы ортаның әсері жайлы экологиялық түсініктер алса, тұқымды үнемдеп
себу, есептеу негізінде экономикалық, агротехникалық, санитарлық-гигиеналық
тәрбие берудің мүмкіндіктері мол.
Өсімдік — жануар — адам бұл табиғаттың байлығына әсер ететін
жүйе.Осыған орай, зоология пәні — биолог мамандардың экологиялық
мәдениетінің қалыптасуына және дамуына жағдай жасайтын биологиялық
пәндердің бірі болып табылады.Оқушыларға алғашқы дәрісте-ақ жануарлар
әлемінің 2 миллион түрі бар екенін, солардың таралуы, әр түрлі биотикалық,
абиотикалық және антропогендік факторлардың әсері және жануарлардың
құрылысы, оның тіршілігіне тікелей байланыстылығы аталып көрсетіледі.
Паразит қарапайымдылар мен құрттар, былқылдақ денелілер тақырыптарын өткен
кезде олардан сақтану үшін жеке гигиена мен қоғамдағы санитарлық-гигиеналық
және санитарлық-техникалық, экологиялық тәртіпті сақтау қажеттілігі
қарастырылады.
Экологиялық білім мен тәрбиені меңгерген тұлға экологияның маңызды
элементтерін түсініп, ондағы түрлі шиелініскен өзекті мәселелердің алдын
алуға дайын табиғат қамқоршысы бола алады. Сондықтан оқушыларға,
біріншіден, экологиялық білім беру қажет. Экологиялық білім беру дегеніміз
— адамның қоршаған табиғи ортаға саналы көзқараспен қарап, оның байлықтарын
үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің
қажеттілігін түсінетін, қоршаған табиғи ортаны қорғауға белсене араласатын
көзқарасты қалыптастыру.
Экологиялық білім берудің мазмұны — оқушы бойында экологиялық құндылықты
қалыптастыру. Мұның мәнісі: экологиялық орнығуын қамтамасыз ету. Әр маман
иесі табиғатты тұтасынан алғанда қоғамның және жеке адамның алуан түрлі
қажеттілігін өтейтін қазына байлық деп түсінуі керек. Бірақ, ол
сарқылмайтын қазына емес. Адамның қажеттілігі тәжірибелік, материалдық және
рухани болуы мүмкін. Тәжірибелік қажеттілігін өтеу арқылы өндірісті,
ғылымды және техниканы дамытады. Рухани қажеттілігін өтеп, ақыл-ойын және
эстетикалық талғамын өсіреді. Табиғаттың әсемдігі мен сұлулығын көре
білуге, одан ләззат алуға баулу — экологиялық білім беру мен табиғат
қорғауға тәрбиелеудің басты міндеті. Болашақ маман иесі табиғаттың
құндылығын экономикалық жағынан да бағалай білуі тиіс. Бұл, әсіресе,
тәуелсіз Қазақстанның нарыққа бет бұрған шағында аса қажетті міндеттерінің
бірі.
Экологиялық білім берудің және табиғат қорғауға тәрбиелеудің келесі
бөлігі — экологиялық этиканы қалыптастыру, табиғатпен қарым-қатынастағы
шектеулер мен ережелер жүйесі жөнінде білім беру. Табиғатты қорғауға
байланысты шәкірт бойында төмендегідей іскерліктер мен дағдыларды
қалыптастыру қажет:
* табиғаттағы болып жатқан барлық құбылыстарды бақылай және жай-күйін
бағалай білу;
* экология туралы ғылыми білімді жетік меңгеретін іскерлікті игеру;
* алған экологиялық білімін құрбыларының және көпшіліктің арасында
насихаттау;
* табиғатты қорғауға бағытталған қоғамға пайдалы еңбек ету;
* табиғат тазалығын бұзатындарға төзбестікпен қарау;
* жердің жасыл жамылғысын сақтау және молайту саласындағы тәжірибелік
істерге белсенді түрде араласу.
Туған өлке табиғатын қорғау және тиімді пайдалану, оны ластану мен
бүлінуден қорғау үшін адамзаттық жауапкершілікке тәрбиелеу, табиғатпен
қарым-қатынас жасаудың азаматтық-патриоттық негіздерін қалыптастыру қажет.
Бұл Отанға сүйіспеншілік сезімді оятады.
Ғылыми әдебиеттерде ең алғаш табиғатты қорғау ісін педагогикалық мәселе
ретінде қозғаған профессор В.Скалон болды. Ол Гүлденген табиғат - арман
емес, ол — шындық. Оны сол қалпында сақтау бізге, біздің бала тәрбиелеудегі
іскерлігімізге тәуелді деп тұжырымдаған.
Ғалымның бұл құнды пікірі К.Благосклонов, Н.Гладков, А.Захлебный,
И.Зверев, Б.Иоганзен, П.Иванов, Н.Сарыбеков, Е.Сластенина, И.Суравегина,
Л.Шапошников, т.б. ғалымдар еңбектерінде де жалғасын тапты және олардьң
еңбектері өз кезегінде педагогтар ізденістерінің теориялық негізіне
айналды.
А.3ахлебный экологиялық білім беру арқылы қоршаған ортаға құқық
нормалары мен моральдық ұстанымдарынан туындайтын жауапкершілік қатынастың
негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатындығын aйтады.
Экологиялық мәдениет деп жеке адамның бойында табиғатты қорғау
талабын жүзеге асыратын нақты білім мен сенім, тәжірибелік дағдының болуын
түсінеміз. Экологиялық мәдениетті игерген адам табиғат пен қоғамның жалпы
даму зандылықтарын танып біледі.
Экологиялық мәдениет негізінен табиғи ортаның тіршілікке қажетті
құндылықтарын меңгеру мен сақтаудағы оқушылардың саналы шығармашылық іс-
әрекеті, қоғамдық белсенділігі мен саналығының маңызды көрсеткіші болып
табылады. Экологиялық мәдениет үрдісінің қозғаушы күші — адам, сондықтан
оның экологиялық мәдениет мәртебесі, экологиялық мәдени ортасының
қалыптасуы өзіне тәуелді. Инженерлер, техниктер, экономистер,
әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, құқықтанушылардың қандай экологиялық
білімдерді иеленгендігіне байланысты, қандай деңгейде олар өздерін нағыз
адам бейнесінде көрсеткендігіне байланысты, қаншалықты олар өз халқының,
бүкіл адамзаттық, осы және болашақ ұрпақ алдында жауапкершілікті сезінуіне
байланысты адам мен қоғамның экологиялық мәдениеті қалыптасады.

1.4. Экологиялық білім мен тәрбиенің рөлі

Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы биосфераға тікелей ықпалын
тигізіп, жер шарындағы экологиялық жағдайдың күн сайын қиындап бара
жатқанын көрсетіп отыр. Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды
болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті
көріністері – аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су
ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі,
табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті
табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы
қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде.
Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім
мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол Қазақстан –
2030 даму стратегиясында басты орын алады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне кешенді зерттеулерді талап етеді:
біріншіден, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін
көпшілікке біртұтас ғылыми білім жүйесін беру; екіншіден, тұлғаның дүниеге
деген гуманистік көзқарасын тәрбиелеу; үшіншіден, экологиялық мәдениетті
дамыту; төртіншіден, қоршаған ортаны қорғауда белсенді бағытты ұстау және
апған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру.
Экологиялық білім мен тәрбие беру тәжірибелік табиғат қорғау ісінсіз
жүзеге аспайтындығы белгілі. Соған байланысты дәстүрлі емес білім алудың
жаңа бір түрі: оқу экологиялық соқпақ білім беру жүйесіне енді. Ол
адамдардың демалыс уақытындағы табиғат туралы білім мен тәрбие алу
мүмкіншілігін тудырады.
Сонымен, оқу экологиялық соқпақ - бұл табиғат қорғау ісінде экологиялық
білім мен тәрбие беруді насихаттауға бағытталған әрі ақпаратқа толы,
ұйымдасқан және белгіленген маршрут.
Оқу экологиялық соқпақтың басты мақсаты - табиғат аясында оқушы, студент
және тағы басқа келуші қауымға қоршаған ортада мінез-құлқын, этикасы мен
экологиялық мәдениетін қалыптастыру және басқа да мәселелер айқындала
түседі:
танымжорық мүшелеріне қоршаған табиғат ортада болып жатқан құбылыстарды,
үрдістерді және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту технологиясы
Популяцияға жалпы түсінік
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі
Нарықтағы әлеуметтану
Жер мониторингі мәліметтерін қолдану
Бизнес жоспарды орындаудағы негізгі міндеттемелер
Экологиялық тәрбиелеу
Кәсіпорындағы кадрлардың біліктігін жоғарлатумен байланысты проблемалар
Әлеуметтік саясат
Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы
Пәндер