Мейрамхана бизнесі


Жоспар
Кіріспе
1. Мейрамхананың дамуын зерттеу
2. Мейрамхана сыныптамасы
3. Мейрамханадағы жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері
4. Мейрамхана қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен
құқықтары
5. 150 орынды 1-ші категориялы мерамхананың ыстық цехы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстанда, соңғы жылдар ішінде, нарықтық экономика мен соған қатысты механизмдердің қалыптасуы жүзеге асырылуда. Сұраныс пен ұсыныстың механизмі жұмыс істей бастады және бәсекелестіктің бірінші белгілері пайда болды. Дамыған бәсекелестік фирмалардың пайдалылығын төмендетеді деген пікір тараған, өйткені көбінесе қосымша бірқатар шығындарды талап ететін жаңа қызметтерді әзірлеуге, жарнамаға жұмсалатын шығындарды көбейтуге тура келеді. Дегенмен бәсекелестік артықшылық барлық уақытта пайдалылықтың қысқаруымен қатар жүрмейді. Ең маңызды бәсекелестік артықшылық фирманың экстенсивті дамуының есебінен жүзеге асырылмайды, ал оның қолданудағы құралдарының тиімді пайдаланылуын жоғарылатымен жүреді, яғни шығындарды төмендетумен, қызметкерлердің кәсіптілігін жоғарылату жолымен менеджментті жақсартумен және т. б.
Қазіргі уақытта Қазақстанда көптеген мейрамханалар әрекет етеді, және де олардың негізгі бөлігі Алматы қаласында шоғырланған. Сондықтанда олардың арасындағы бәсекелестікте осы жерде жоғарылайды. Осы күреске төтеп беру үшін, мейрамханалар көрсететін қызмет сапасын жоғарылатуы, бәсекелестік қабілетті бағаны ұстауы, жәнеде басқа әдістермен әлуетті тапсырыскерлерді өзіне тартуы керек. Бұл саладағы зерттеулермен маркетинг айналысады.
Бүгінгі күнде менеджмент тақырыбы өте көкейтесті болып табылады. Қазақстандық фирмалар менеджмент саласында бірінші тәжірибелерін алуда.
Мейрамханалық бизнесте басқарудың алатын орыны ерекше. Бұл нарықты дер кезінде зерттеу, тапсырыскерлердің қажетсінуін айқын анықтау және бәсекелестердің қызметін тұрақты талдау өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға және дұрыс стратегиялық шешім қабылдауға мүмкіндік беретінімен байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты, өз кезегінде тапсырыскерлер қатарын көбірек тартуға және кеңейтуге, пайда алуға және оны жоғарылатуға бағытталған, мейрамханалардың анық маркетингілік стратегиясын әзірлеу қажеттігіне әсер ететін, мейрамханалық кешенді басқаруға ықпал етуші әдістер мен функцияларды зерттеу болып табылады.
Мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
- мейрамханалық кешенді басқарудың әдістерінің және функцияларының мазмұнын анықтау;
- қызмет көрсетудің мейрамханалық нарығының ерекшеліктерін зерттеу;
- халықтың қызметтің осы түріне қажетсіну жағдайын зерттеу;
Зерттеудің теориялық мәнділігі, нарықтық экономика жағдайларындағы туризмнің дамуымен тығыз байланысқан, мейрамханалық бизнестегі қызметтің ең тиімді аспектілерінің бірін зерттеумен анықталады.
Зерттеу нәтижелері туристік қызмет көрсету нарығының дамуының оның жеке субъектілерінің мақсаттарымен өзара қатынасын түсінуге әсер ете алады.
Жұмыстың тәжірибелік мәнділігі, оның нарықтағы мейрамханалық қызметтің жетілдірілуі бойынша ұсыныстарды әзірлеуге дейін жеткізілгенімен қорытындыланады. Зерттеу нәтижелері мейрамханалық бизнестің пайдалылығын, бәсекелестік қабілеттілігін және тұрақтылығын жоғарылату үшін қолданыла алады.
Экономикалық құбылысты зерттеудегі дұрыс тәсілдеме, нақты практикада қолданылатын жаңа білімді алу үшін қажетті теорияның жетілдірілуінің алғы шарты болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыста, қызмет көрсету проблемасы ерекше маңызға ие болатын, тереңдетілген теориялық мәнін түсіну мен негіздеуді қажет ететін проблемалар кешені қарастырылады.
Сондықтан жұмыстың бірінші тарауы мейрамханалық істің даму эволюциясына; бұрыннан тұрақтанып қалған көптеген ұғымдар өзінің мағынасы мен мәнін өзгерткен кездегі, нарықты экономиканың қазіргі кезеңі үшін үлкен мәні бар қызмет көрсетудің теориялық түсіндірілу проблемаларына; сонымен қатар мейрамханалардың даму тарихына арналған.
Жұмыстың екінші тарауы мейрамханалық нарықтың қазіргі жағдайына талдама шолу жасауға арналған. Онда мейрамханалық кешендердің қызметтерінің нақты деректері келтірілен. Осы тарауда, мейрамханалық кешенді басқарудың өскемендік тәжірибесіне талдау жүргізілген.
Үшінші тарауда, Қазақстандағы, әсіресе Алматы қаласындағы, мейрамханалық бизнесті басқару ерекшеліктері қаралған.
Қорытындыда, республиканың ары қарай дамуы жағдайларында, мейрамханалық бизнес менеджерлерінің жоғары білікті кадрлары әлуетінің болуының қажеттігі туралы тұжырым жасалынды.
Зерттеу тақырыбы болып мейрамханалық кешенді басқарудың әдістері мен функциялары, жаңа мейрамханалық кешендерді құру бойынша зерттеудің әдістемелік әзірлемесі табылды.
Зерттеу мақсаты ретінде мейрамханалық істің дамуының әдістемелік негіздері; мейрамханамен, пайда алуға және оны жоғарылатуға, нарықты «жаулап алуға» бағытталған анық басқару стратегиясын әзірлеу қажеттігінің негіздері алынады.
Жұмыстың теориялық негізін, басқару теориясының проблемаларын зерттейтін отандық және шетелдік экономистер еңбектеріндегі жағдайлар мен ережелер құрады.
Жұмыста мейрамханалық нарықтағы жағдайлар туралы ақпараттар беретін дүркіндік басылымдар, жарнамалық газеттер мен ақпаратты жинақтар және анықтамалар қолданылды.
1. Мейрамхананың дамуын зерттеу
Мейрамхана - бұл, мейрамхананың сауда залдарындағы келермендерге қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейін ұйымдастырумен, күрделі дайындалатын аспаздық тамақтардың кең ассортиментінің өндірісін ұйымдастыруды ұштастыратын кәсіпорынның ерекше типі.
Мейрамханалар, әдетте, қалалардың орталық, тіршілікті көшелерінің бойында, қонақ үйлер жанында, темір жолдар мен автовокзалдарда, аэропорттарда, айлақтарда, көпшілік демалатын орындарда және т. б. орналастырылады.
Мейрамхана - бұл жеке тапсырыс бойынша тағамдар мен жеңіл тамақтар дайындауды кеңінен қолданатын, сонымен қатар мезіретте қарастырылған фирмалық және ұлттық тағамдарды дайындайтын кәсіпорын.
Мейрамхананың жұмысын ұйымдастырудың ерекшелігі - бұл келермендерге қызмет көрсетудің жоғары сыныбы. Сыныпталу, көрсетілетін қызметтің сапасын, деңгейін және қызмет көрсету жағдайын сипаттайтын, кәсіпорынның ерекше белгілерінің жиынтығын болжайды.
Мейрамханаларда, оларды ыңғайлы жићаздармен жабдықтау, қажетті микроклиматты жасау, атап айтқанда, ауаны желдете салқындату жолымен, интерьер және т. б. арқылы қолайлылықтың жоғары деңгейі қамтамасыз етілуі керек.
Мейрамханалар мерекелік ресми қабылдауларда, мәжілістерде, конференцияларда, съездерде, отбасылық мерекелерде және т. б. қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
Мейрамхана бизнесінің эксперттерінің бағалауы бойынша, Алматыда ортабағалы категорияда жұмыс істейтін 100-150-ге жуық мейрамханалар бар. Орташа тордан тыс мейрамханалардың айналымы айына 60-70 мың АҚШ долларын құрайды, ал нарықтың бұл сегментінің жалпы айлық айналымы жуық шамамен 15-20 милл. тең. Ол жылына шамамен миллиард доллардың төрттен бірін құрайды1.
Ортабағалы категориядағы мейрамханаларға келетін адамдардың әлеуметтік - демографиялық портретін құратын зерттеу, осы топтың ерекшеліктерін, олардың медиа артықшылығын айқындады, сонымен қатар мейрамханаларға ең жиі келушілерді анықтады.
Біз, көрсетілген мысалдардан көргеніміздей, мейрамханаларға келушілердің басым көпшілігі жұмыс істеуші адамдар. Көбінесе олар жоғары білімді мамандар.
Олардың әрбір үшіншісі шетелге жылына бір рет, ал әрбір төртіншісі жылына 2 рет саяхат жасайды.
Мейрамханаларға бару - бұл бос уақытты өткізудің ең белгілі әдісі.
Мейрамхананың ең белсенді келермендері ерлер болып табылады. Олар үшін аптасына 1-3 рет мейрамханаға бару сипатты нәрсе, ал осы уақыттағы әйелдердің мейрамханаға келуі айына 2-3 рет болады. Ер адамдардың барынша жоғары белсенділігі мейрамханалар тұжырымдамасын әзірлеу кезінде ескерілуі керек: мүмкін акцент ерлер аудиториясы үшін тартымды символдарға жасалатын шығар.
Адамдар үшін мейрамхананы аяқ астынан таңдау сипатты - респонденттердің (пікірі сұралушылардың) 53 % пайызы осылай жасайды. Жәнеде бұл кезде мезірет - мекемені аяқ астынан таңдаудың басты критериясы болып табылады. Оны бірінші кезекте келермендердің 64 % атайды. Әлуеттік тұтынушылар қалай тамақтармен айқындалып болса, солай кәсіпорынды таңдау оның орналасу орынына бағытталады. Баға респонденттермен үшінші кезекте ғана аталады.
Алматы облысына қысқаша сипаттамалық шолу беруден бүрын туризм географиясының төмендегі мәселелеріне тоқталғанды жөн көрдік Туризмде географиялық аспектілерді зерттеуге деген қызығушылық географияның түрлі салаларда пайда болды. Бірақ-та ең маңыздысы- туризм географиясының бөлек саланың объектісі ғана емес, ірі кешенді бөлімдердің объектісі де болып табылады. Туризм мәселелері салалық ғылым мен бөлімдерінен бөлініп, оларды синтетикалық тұрғыдан қарастырып қажет болды.
Әрине, қазіргі туризм- бұл спецификалық қоғамдық қозғалыс және де зор мәдени-тәрбиелік, ғылыми-танымдық және спорттық-сауықтыру маңызы бар белсенді демалыстың түрі болып табылады. Сондықтан бұны зерттейтін география туризмнің бұның бәрін ескерілуі қажет.
Демалушылар демалыс пен саяхат аймағын таңдаған кезде табиғи ресурстар үлкен рөл атқарады. Туристерді ландшафт пен климаттың ерекшеліктері, өсімдік пен жануар әлемінің байлығы мен әртүрлілігі және спортпен айналысу үшін, аң және балық аулау үшін табиғи мүмкіншіліктер қызықтырады. Территорияның табиғи ресурстарының жиынтығына байланысты рекреациялық іс-әрекеттің түрі ұйымдастырылады. Ірі туристік кешендерді және туристік нысандарды құру кезінде оюлыстың немесе ауданның географиялық орналасуы, яғни теңіз жағалауына, тау мен орман массивтеріне жақындығы басты орынды алады
Демалысты жақсы көретіндер сапарға барып, әр түрлі мақсаттарын көздейді. Біреулер мемлекеттің көрікті жерлермен танысады, екіншілер табиғаттың сұлулығымен әсемдейді, таза орман немесе тау ауамен тыныс алғысы келеді. Үшіншілерге жаяу сапар- бұл спорттық оқиға. Басқа сөзбен айтқанда, рекреацияда және туризмде үш негізгі функцияларды бөлуге болады: танымдық, спорттық-сауықтыру және емдік. Кейбір авторлар бұл негізгі үш функцияларды бірігіп, “еңбекке жарамдықты қалпына келудің мақсаттары” деген ұғымға жалпыланады, яғни адамның физикалық және психологиялық күштерін қалпына келтіруі.
Барлық авторлар танымдық функцияларға ең біріншіден көңіл бөледі. Танымдық- бұл психологиялық күштерін қалпына келтірудің ерекше түрі. Турист келген территорияға қызығушылықты талаптану бере отырып оның ойларын жұмыс туралы болады, яғни, танымдық адамды ойлауға итереді, бұл арқылы ол адамның миың жиналған психологиялық шаршауынан босатады. Танымдық функция турист барған ауданның табиғи, мәдени-тарихи, этнографиялық, шаруашылық және де басқа көрікті жерлерге деген қызығушылықта көрінеді.
Табиғи-климаттық факторларға көрікті жерлер, жайлы климаттық жағдайлар: бір қалыпты ауа температурасы, құрғақ, күн және желсіз күндердің көп болуы; әдемі табиғат көрінісі: ормандар, таулар, өзендер, көлдер, үңгірлер, теңіздер және т. б жатады. Мәдени-тарихи көрікті жерлерге тарихи, археологиялық, архитектуралық ескерткіштер, мұражайлар, сурет галереялар, театрлар және т. б объектілер жатады.
Ал этнографиялық көрікті жерлерге халық шығармашылықтың салт-дәстүр, рәсімдер, ұлттық киім, тамақ, фольклор және т. б жатқызуға болады. Шаруашылық көрікті жерлер туралы айтсақ, шаруашылықты ерекше әдіспен іске асыру немесе оның белгілі бір аудандағы өте жоғары дамып келуі, дамыған қызмет көрсету сферасы жатады.
Турист белгілі-бір территорияға келгенде оның бұл себептері де болуы мүмкін- жергілікті оқиғалар, мысалы, театрлық және музыкалық фестивальдар, кинофестивадьдар, слеттер, конгресттер, жәрменкелер, карнавалдар, ірі спорттық жарыстар т. б.
Халықтың мәдени деңгейінің дамуы туризмнің танымдық жағының ұлғаюын қажет етеді, өйткені, туризм қоғамның ең маңызды мақсаттарын-адамның мәдениетін тәрбиелеу іске асыруға көмектеседі.
Туризм арқылы сауықтыру - бұл адамның физикалық пен психологиялық және өндірістік пен өндірістік емес шаршандау мәселелерін шешу әдістерінің бірі болып келеді. Жақсы ұйымдастырылған және белсенді демалысты кең қолдануы (жаяу сапар, кеме, велосипед, моторлық емес көлік арқылы сапарлар) адамдарды физикалық жағынан күшті етіп, олардың жағымды емес жағдайларға қарсы қарсыласуды күшейтеді.
Сауықтыру-спорттық туризмде адамның денсаулықты жақсарту және жалығудан бас тарту үшін жалпы шаралар қолданылады. Сондай жағдайларда серуендер, жаяу сапарлар, экскурсиялар, әртүрлі оқиғалар, ауа және күн серуендер, теңіз бен көл шомылулар және т. б шаралардың маңызы зор болып келеді.
Бұл функциялардың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы өте зор, өйткені, ол мыңдаған адамның денсаулығын жақсартуына бағытталған, яғни, олардың еңбекке жарамдылығы жоғарылайды. Өсіп тұрған ұрпақтың үйлесімдік дамуын сауықтыру мен спорттық шараларсыз іске асыруы мүмкін емес. Мемлекеттің әлеуметтік саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі - халқының денсаулығын сақтау мен жақсарту және еңбек жарамдылығын көтеру. Бұл міндеттін іске асырудағы белгілі бір сауықтыру функцияларын орындайтын және демалыстың белсенді түрі болып табылатын туризм маңызды орын алады. Демалыс пен еңбек - қалыпты өмірлік процесінің екі жағы болып, ал жақсы ұйымдастырылған демалыс- еңбек етудің жоғары деңгейде болуының ең керекті шаралардың бірі болып табылады. Іс әрекеттің бір түрінен екіншіге ауысқанда, адам жақсы демалады .
Республикамыздың президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Алматы қаласының мәртебесі және оны одан ары дамытудың шаралары» жөніндегі Жарлығы бізге Оңтүстік астананың болашағына зор жауапкершілікпен қарауды жүктейді. «Қазақстан - 2030» стратегиясында Алматы қаласы мәдени, туристік және бизнес орталықтары өте дамыған орталық ретінде көрсетілген.
Егер біз Алматы қаласына сырттан көз салатын болсақ, оның өте маңызды және ыңғайлы геосаяси жағдайда екендігіне мән береміз. Бүгінгі қала бұл үлкен сан тарам жолдың тоғысы, әсем табиғаты жайлы, Қазақстанның ғылыми және ағарту орталығы ретінде көз тартады. Алматы қаласының экономикалық - географиялық жағдайының туризмге ықпалы I - тарауда толығымен берілген. Мұндағы ірі де әйгілі театрлар мен мәдени ағарту орындары адамдардың демалуына жағдай туғызатын бизнес түрін дамытуға қолайлы - ақ. Алайда, көз алдымыздағы осы қолайлы жағдайлардың бір өзі туризм қызметін дамытуға жол ашпасы анық.
Қаланың әсемдігіне нұқсан келтіретін әлі де болса бірқатар мәселелер өз кезегінен шешімін табуын күтеді.
Бірсыпыра келеңсіздіктердің, яғни шетел кәсіпкерлері мен туристер-дің туризм бизнесіне араласуына кедергі келтіріп қалатын іс - әрекеттер орын алып қалатынын сөз орайы келгенде ашық айтуға тиіспіз.
Сонымен, жоғары топты көрсете отырып, мейрамхана келермендері «бағаға бағытталушылар» қатарына жатпайтынын көруге болады. Олар алдын-ала көрсетілетін қызмет деңгейін, мейрамханадағы қызмет қандай бағамен көрсетілетінін білетін болуы керек, және де таңдауды аспаздық артықшылықтарға негіздеп жасайды.
Егер Алматы қаласының мейрамханаларын салыстыратын болсақ, онда бірнеше келешекті мейрамханаларды алып оларды салыстыру керек, сол арқылы мейрамханалардың қандай критерияларға сүйеніп таңдалатынын анықтауға болады:
1. "ТОО Каскад" мейрамханасы. Мейрамхана «Бақыт» - стильді дәстүрлі мейрамхана. Оның интерьерінде фольклорлық және қазіргі күйлер үйлесімді ұштасады. Тұрмыс бөлшектері, қызметкерлер костюмдері, ыдыстар - ерте заманның заттары. Залдың ортасында - үлкен шаңырақ - дала сағаты, күннің қозғалыс жылдамдығының көрсеткіші, үйдің және бейбітшіліктің символы, қабырғада - тас таңбалы суреттер - бұл Ыстықтың қасынан табылған таңба тастардың дәл көшірмесі. Барлық жићаз арнайы тапсырыспен Италияда жасалған. Әсем безендірілген үстінгі тақтайлар шығыс өрнектерімен мозайкамен жасалған, жәнеде олардың біреусі екінші рет қайталанбайды. Шынындада - мұражайлық сирек кездесетін зат! Столдың ортасында кікене батырлар мүсіндері тұр, олар тұзбен және бұрышпен толтырылған, кез-келген уақытта қызмет көрсетеді. Бұл мейрамханада үйлену тойлары ерекше қызықты өтеді. Кейде «Мақпал» сән үйінен сән көрсетушілер шақырылады. Қонақтарды ұлттық стилдегі киімдерді көрсете отырып, әдемі қыздар күтіп алады. Бұл факті мейрамхана ұсынатын қызметтің әрине жоғары деңгейін куәлендіреді. Қазақтың даласы сияқты, мейлінше кең, үлкен залда үлкен банкеттер мен отбасылық мерекелерді өткізу өте ыңғайлы. Мейрамханада сізді меншікті ансабль орындайтын «тірі музыка» қуантады. Жәнеде, қазіргі дыбыстық жүйе солай орналастырылған, мейрамхананың қай бұрышында болсаңда музыканы сахнада, залдың ортасында тұрғандай сезінесің. Музыка тек қана ұлттық - ешқандай ауытқу болмайды, мейрамхананың стиліде осында. Сонымен қатар бұл жерде театрландырылған шоуда жүргізіледі. Ұлттық киімдер киген артистер, көрермендерін өздерінің иілгіштіктерімен, ритмді сезінулерімен таң қалдырады.
Тапсырысты қазақ, орыс, ағылшын, жапон, қытай, ұйғыр, қырғыз тілдерінде жасауға болады. "Жерұйық" мейрамхана - мұражайының тұжырымдамасы - мейрамхананың барынша жаңа тұжырымдамасы, ол аңыздар мен әңгімелерге бай қазақ халқының тарихы туралы естуге болатындығымен қорытындыланады.
"Бақыт" мейрамханасының тамағы. Бұл жерден дүниежүзі халықтарының тамақтарының тағамдарын табуға болады: поляктің, немістің, итальянның, кавказдық және, тіпті, непалдың тамақтарын. Бірақ дегенмен негізгісі - әрине қазақтың тағамы, сонымен қатар бұл жерде жаңа ұсталған балықтан жасалған тағамда ұсынады - «түрген форелі».
Шараптар картасыда жеңіл тамақтар мезіреті сияқты әр алуан. «Жемчужина Иссыка», «Тургеньское золото» және «Тургеньский бриллиант».
"Бақыт" мейрамханасының қожайындары өзінің клиенттеріне, оларға өзінің алғысын білдіре отырып, кішкентай сыйлықтар жасайды. Ол саздан жасалған күлдіргі ботақанның немесе тапқыш Алдар көсенің пішіндері болуы мүмкін. Мейрамхана-мұражай оданда қымбатты сыйлықтар жасайды. өзінің мерей тойын жасаушылар тәтті торт пен музыкалық сыйлық ала алады. Тұрақты клиенттері, дисконттық карталары бар клиенттер, «Дастархан» жүйесіндегі барлық мейрамханаларда («Бақыт», «Рубин», «Сапфир») 10 % жеңілдікке ие бола алады. Не айтуға болады! Бұл жерде өзінің қонақтарын жақсы көреді, олардың тілектерін тауып, олардың қуаныштарын бөліседі. "Жерұйық" мейрамханасы өзінің қонақтарын сүйеді - олардың тілектерін табады және қанағаттандырады.
2. Мейрамхана сыныптамасы
Барлығымен қабылданған бірыңғай мейрамханалар сыныптамасы жоқ, мүмкін мұның тұрақты дамушы бизнес болуынан шығар. Дегенмен барлық эксперттер мейрамханаларды екі үлкен категорияға бөлуге болатынымен келіседі: толық сервисті және мамандандырылған. Басқа категориялар арасында жылдам қызмет көрсетуші мейрамханаларды, түскі астарға мамандандырылатын мейрамханаларды, ерекше жағдайларға арналған мейрамханаларды, күнделікті және ұлттық мейрамханаларды бөліп көрсетуге болады. Осындай бөлу кезінде кейбір мейрамханаларды бірден екі категорияға жатқызуға болады:
- жылдам қызмет көрсететін ұлттық мейрамханалар;
- мамандандырылған мейрамханалар, және оның мамандануы - түскі ас.
Толық сервисті мейрамханалар деп тағамдар таңдауы өте кең, әсіресе порциялы (үлесті) тағамдары көп, мейрамханалар аталады, және столға берілетіндердің бәрі дайындау цехтерінде дайындалады және өндіріледі. Толық сервисті мейрамханалар нысанды немесе нысанды емес бола алады, оларды бағалары, атмосферасы және ұсынылатын мезіреті бойынша сыныптауға болады. Бұл мейрамханалардың көбісінде дайындалатын тағамдар «жоғары тамақтар» разрядына жатады. Оларда, батыстың тамақ талғаушыларының пікірі бойынша дүниежүзінде ең жақсы болып табылатын, француз және италия дәстүрі басымдылықты болады.
Толық сервисті мейрамханалардың көп саны жеке тұлғалар қолында және оларды басқаруды басқарушы немесе директорлар кеңесі жүзеге асырады. Соңғы кездерде осы типті мейрамханалар өте көп пайда бола бастады.
Ерке келермендер өзінің «маңдай терісі» үшін үлкен нәрсені қажетсінетін бүгінгі күндерде, қатаң бәсекелестіктің салдарынан, мейрамханалық бизнестің бұл сегментінде пайдамен жұмыс істеу қиындай түсуде.
Толық сервисті мейрамханаларда қызмет көрсету деңгейі әншейінде өте жоғары: метрдотель қонақты күтіп алып оны стол басына отырғызады, аға даяшы тағам туралы кеңестер беріп, олардың өзіндік ерекшеліктерін, тапсырылған тағамдардың сапасы жайлы түсінік береді, тапсырылған тағамдарға қандай шараптың дұрыс келетінін де сол айта алады. Кейбір талғамға сай толық сервисті мейрамханаларда жеңіл тағамдарға арналған қосымша столдар немесе дөңгелекті арбалар қолданылады - атаулы ағылшынша қызмет көрсетудің міндетті атрибуты.
Толық сервисті мейрамханаларды көркемдеу мейрамхана жасауға тырысатын жалпы атмосфераға сәйкес болады. Төменде мерамхана сынптамасы беріледі (кесте1)
Кесте 1
Мейрамхана шаруашылығының сыныптамасы
Алынған көзі [3]
Мейрамханаларды мамандандыру әртүрлі болуы мүмкін; жылдам қызмет көрсету, отбасылық, күнделікті. Сонымен қатар мейрамханалар ұлттық тағамдарды, кешкі астарды, таңғы асты дайындауға мамандандырылуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz