Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы



Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Көтерілістің шешуші кезеңі және оның жеңілуі
Пайдаланылған әдебиеттер
Көтерілістің басталу себептері, барысы. 19 ғасырдың 20-жылдарына қарай Ұлы жүздің бір бөлігі Кіші жүздің солтүстік өңірі Қоқан бектерінің билігінде болды. Тіпті Орта жүздің де бір бөлігін өзіне қаратуға тырысқан Қоқан билеушілері қазақтардың алым салық жинап, еңбекшілердің берекесін кетірді.
19 ғасыдың 20-30 жылдарында Хиуа хандығы да Шекті, Табын, Төртқара, Байұлы руларына қысым көрсетіп, Сыр өзенінің төменгі ағысында бірнеше бекініс тұрғызды. Сауда керуендерін тонаған, қазақтардың тыныштығын алған хиуалықтардың жорықтарының салдары ауыр болды.
1822 жылғы Жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың шаруашылық жағдайын мүлде құлдыратып жіберді. Отаршылдық қанауға қарсы бағытталған қазақтардың күресін Абылай ханның немерелерінің бірі сұлтан Саржан Қасымұлы басқарды. Көкше және Ұлытаудың маңында көшіп қонып жүрген шаруалар патша үкіметінің жазалау топтарының қысымына төтеп бере алмай, Орта жүздің оңтүстігіне көшіп кетті. Қоқан билеушісінің иелегіне жақындаған Саржанды 1836 жылы Қоқан ханы өлтірді.
Патша үкіметі Жаңаелек бойында әскери шеп сала бастады. Қазақтардың атам заманнан қоныстанған жерлерінен ығыстырыла бастауы, белгілі би Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліске себепші болды. Орск Троицк бекіністерінен Торғай өзеніне қарай ойысқан қазақ шаруалары жер тапшылығынан мейлінше қиынщылық көрді. Жоламан Тіленшіұлы ұйымдастырған көтерілістің басты мақсаты да отаршылдар күшпен басып алған жерлерді иелеріне , халыққа қайтарып беру еді. Біршама ғана ауданнды қамтыған Ж. Тіленшіұлы және т.б. да қозғалыстардың қозғаушы күштерінің әлеуметтік құрамы біркелкі болмады. 19 ғасырдың 30-40- жылдарын қамтыған Қазақстанның ең ірі халықтың сипаты бар Кенесары Қасымұлы ның көтерілісін әзірлеуде мұндай әлеуметтік қозғалыстар белгілі бір рөл атқарғаны айқын.
1) Ж.Қ. Қасымбаев "Қазақстан тарихы" ,Алматы "Рауан",1997
2) Ж.Қ. Қасымбаев "Кенесарының соңғы сапары және ажалы" ("Последний поход Кенесары и его гибель")

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Көтерілістің шешуші кезеңі және оның жеңілуі
Пайдаланылған әдебиеттер

Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Көтерілістің басталу себептері, барысы. 19 ғасырдың 20-жылдарына
қарай Ұлы жүздің бір бөлігі Кіші жүздің солтүстік өңірі Қоқан бектерінің
билігінде болды. Тіпті Орта жүздің де бір бөлігін өзіне қаратуға тырысқан
Қоқан билеушілері қазақтардың алым салық жинап, еңбекшілердің берекесін
кетірді.
19 ғасыдың 20-30 жылдарында Хиуа хандығы да Шекті, Табын, Төртқара,
Байұлы руларына қысым көрсетіп, Сыр өзенінің төменгі ағысында бірнеше
бекініс тұрғызды. Сауда керуендерін тонаған, қазақтардың тыныштығын алған
хиуалықтардың жорықтарының салдары ауыр болды.
1822 жылғы Жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру мал
шаруашылығымен айналысқан қазақтардың шаруашылық жағдайын мүлде құлдыратып
жіберді. Отаршылдық қанауға қарсы бағытталған қазақтардың күресін Абылай
ханның немерелерінің бірі сұлтан Саржан Қасымұлы басқарды. Көкше және
Ұлытаудың маңында көшіп қонып жүрген шаруалар патша үкіметінің жазалау
топтарының қысымына төтеп бере алмай, Орта жүздің оңтүстігіне көшіп кетті.
Қоқан билеушісінің иелегіне жақындаған Саржанды 1836 жылы Қоқан ханы
өлтірді.
Патша үкіметі Жаңаелек бойында әскери шеп сала бастады. Қазақтардың
атам заманнан қоныстанған жерлерінен ығыстырыла бастауы, белгілі би Жоламан
Тіленшіұлы бастаған көтеріліске себепші болды. Орск Троицк бекіністерінен
Торғай өзеніне қарай ойысқан қазақ шаруалары жер тапшылығынан мейлінше
қиынщылық көрді. Жоламан Тіленшіұлы ұйымдастырған көтерілістің басты
мақсаты да отаршылдар күшпен басып алған жерлерді иелеріне , халыққа
қайтарып беру еді. Біршама ғана ауданнды қамтыған Ж. Тіленшіұлы және т.б.
да қозғалыстардың қозғаушы күштерінің әлеуметтік құрамы біркелкі болмады.
19 ғасырдың 30-40- жылдарын қамтыған Қазақстанның ең ірі халықтың сипаты
бар Кенесары Қасымұлы ның көтерілісін әзірлеуде мұндай әлеуметтік
қозғалыстар белгілі бір рөл атқарғаны айқын.
Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы сұлтан Кенесары
көтерілісінің басты мақсаты- Қазақстанның патшалы Ресейдің құрамына қосылып
үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен
жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату еді. Жеке басы ірі
феодалдық топтан шықса да Кенесары Қасымұлы және оның төңірегіне
шоғырланған топ халықтың шаруашылық және саяси дамуына Ресейдің билеуші
топтарының билеп төстеуі саясатының салдарын түсіне білді. 1822 жылы туған
ағасы Саржанның көтерілісіне де қатысқан Кенесарының көзқарастарына,
кейінгі жылдардағы қимылдарына із қалдырған өзінің әкесі сұлтан Қасым
болды. Қырық мың шаңырақ жақтастарымен Көкшетау бойынан Қоқан хандығының
шекарасына қарай сұлтан Қасымның, өзінің балалары Есенгелді, Саржан және
Кенесарыны ертіп, көшіп кетуінің басты себебі де патша үкіметінің округтік
приказдарды құруына қарсылық көрсеткені еді.
Ташкент билеушісінің қолынан қаза тапқан бауырлары мен әкесінің
тағдырына қатты налыған Кенесарының тағы да бір мақсаты- қоқандықтардың
тепкісіндегі қазақтарды азат ету еді.
Кенесары Қасымұлының көтерілісі 19 ғасырдағы бүкіл Қазақстанды
қамтыды. Ұлы, Орта және Кіші жүз қазақтары бұл көтеріліске белсене қатысты.
Көтерілістің әр кезеңдерінде сұлтанды Қыпшақ, Төртқара, Жағалбайлы, Шекті,
Алшын, Керей, Жаппас, Бағаналы, Табын, Тана, Арғын және басқа ірі рулар
қолдап отырды. Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші- қазақ
шаруалары еді. Кеулей бастаған отарлық езгіден, феодалдық топтардың
қысымынан құтылуға тырысқан бұқара көтеріліс арқылы өздерінің әлеуметтік
қайшылықтарын шешеуге тырысты. Езілген үш жүздің еңбекшілерінің осы саяси
арпалысқа қатысуы қозғалысқа, оның басты мақсаттарына ұлт азаттық сипат
берді.
Көтеріліске сонымен қатар ірі ақсүйек өкілдерінің қатысуы көтерілісті,
бір жағынан, өз мүдделеріне пайдалану, артықшылықтарын қайтарып алу болса,
екінші жағынан, көшпенді феодалдық дербес мемлекеттің негізін салу еді.
Көтеріліске қатысқан белгілі Шыңғыс ұрпақтарының ішінде Көкшетау өңірінен
сұлтандар: Шеген, Қанқожа Уәлиұлы, Тани Тортайұлы, Айғаным ханымды, Ақмола
округінен: Күшік, Жадай, Жанай Айшуақұлдарын кездестіреміз. Құсмұрын,
Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы, Баянаул округтерінде кейіннен патша үкіметінің
сотжазалау мекемелерінің жинаған мәліметтеріне қарағанда, көтеріліске 80-
нен астам сұлтан, би, старшындар қатысқан.
Кенесары әскерлерінің жеке отрядтары басқарғандар арасында үш қазақ
жүзінің де халық арасында есімдері белгілі батырларын кездестіріміз:
Ағыбай, Иман, Жоламан Тіленшіұлы, Бұхарбай, Бұғыбай, Анғал батыр, Жеке
батыр, Байсейт батыр, Сұраншы батыр, т.б. Көтеріліске әр түрлі ұлттардың
өкілдері қатысты: орыс, өзбек, қырғыз, қазақ, т.б. Қазіргі қырғыз, өзбек,
қазақ халықтарының жерін қамтыған осы көтеріліске әр түрлі ұлт өкілдерінің
ат салысуы түсінікті. Қоқан, Хиуа бектерінің, қырғыз манаптарының, орыс
помещиктерінің озбырлығынан қашқан езілген топ өкілдері көтерілістен пана
іздеді, әлеуметтік талаптарының орындалуын армандады.
1837 жылы қараша айында Кенесары Қасымұлы Петропавл қаласынан шыққан
керуенге еріп келе жатқан Ақтау бекінісі казактарының тобына тұңғыш рет
шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. 1838 жылдың
көктемінен көтерілісшілердің патша жазалаушы қолдарымен қақтығыстары
жиіленді. Көтеріліске Қойлыбай- Шағрай, Жанай, Қалқаман, Темеш, Тыналы және
басқа да Ақмола округі өңірінде көшіп жүрген қазақ рулары белсене қатысты.
1838 жылы мамыр айының 26-ы күні Кенесары отрядтары Ақмола
бекінісіне тұтқиылдан шабуыл жасады. Патша үкіметінің сойылын соққан сұлтан
Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы және Карбышев басқарған бекініс гарнизоны Ақмоланы
қорғап қала алмады. Көтерелісшілер бекіністі өртеп жіберді.
Көтерілістің қарқындылығы сондай, тіпті патша үкіметіне берілген жеке
қазақ сұлтандары да мал бастарын аман сақтау үшін алғашында көтеріліске
қосылды. Солардың ішінде Баянаул округінің ірі феодалы Мұса Шорманов,
сұлтандар Бабатай, Елемес Жайнапов, т.б. кейіннен жазалаушылар жағына щығып
кетті. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүздің қазақтарының негізгі бөлігі
Кенесары туы астында шоғырланды. Осы 1838 жылдың күзінен қозғалыс Кіші
жүзді де шарпыды. Ырғыз және Торғай өзендері бойын қоныстанған қазақ
шаруалары көтеріліске ынтамен қосылды. Көп кешікпей қозғалысқа би Жоламан
Тіленшіұлы өз жақтастарымен қосылды.
1841 жылы тамыз айында Кенесарының қолы Ташкентке аттанды. Алайда
сарбаздар арасында жұқпалы аурудың тарауы бұл жорықты тоқтатты.
Көтерілісшілердің бір тобы ірі қоқан әскерлері орналасқан Созақ,
Жаңақорған, Жүлек және Ақмешіт бекіністерін қоршады. Созақты қоршау және
бірнеше қоқан бекіністерін алу көтерілісшілерді рухтандырды. Кенесары
Қасымұлының аты кең далада белгілі болды. Қоқан ханы тіпті сұлтанға одақ
жасауды ұынды. Қазақ жерлерін азат етуді аңсаған көтеріліс басшысы мұндай
одақтан бас тартты.
Көтеріліс шеңберінің кеңейіп бара жатқанынан шошынған патша үкіметі
Кенесары иен Қоқан хандығының арасындағы қайшылықты пайдаланып, оны
тұншықтыру үшін тікелей шараларды іске асыра бастады. 1842 жылы В.А.
Перовскийдің орнына Орынбор өлкесіне губернатор болып тағайындалған генерал
Обручев қарулы қолмен көтерілісті қанға бояуға тырысты. Екінші жағынан,
Сібір генералгубернаторы князь Горчаков та Сібір жағынан қысымды
үдетті.1842 жылы Сотниковтың қазақ даласына Сібір әскери шебінен жіберген
тобы Кенесарының топтарына шабуыл бастады. Кейіннен құрамы күшейтілген
Сібір жазалау отряды Ақсақалтөбе маңында 1000 түйе, 3000 жылқы, 10000 қойды
айдап әкетті. 100 адамды өлтірді, бейбіт қазақ ауылдарын соққыға жықты. Осы
жағдай көтерілісші күштерінің Батыс Сібір генералгубернаторының билігіндегі
қазақ ауылдарына әскери қимылдарын күшейтуге түрткі болды.
1843 жылдың маусым айының 27 күні 1 Николай патша войсковой старшина
Лебедев бастаған әскери құрамы 300 казактан тұрған отрядты көтерілісті
жаншуға жіберуге келісімін берді. 1843 жылдың тамыз айында Кенесарыға қарсы
билеуші сұлтан Жантөреұлы, Баймағамбет Айшуақұлы, полковник Генс және
Бизановтар бас болып бес мыңдық екінші топ ұйымдастырылды. Омбы және
Қарқаралы маңында жазалаушылардың екінші тобы жасақталды. 1843 жыды тамыз
айының 1-і және 7-І күні Орынбордан аттанған топпен Кенесары сарбаздарының
арасындағы кескілескен шайқас екі жағына да құрбандық әкелсе де, нақты
нәтиже бермей, әскери қырқыс тоқтатылып, көтерілісшілер шегінді. 1843 жылы
тамыз айының 17-і күні Орынбор жағынан қимылға кіріскен полковник
Бизановтың да қарулы тобы көтерілісшілерге қарсы ешқандай нәтижеге жетпей,
Ор бекінісіне қайтып оралды. Кенесары әскерлерінің 1844 жылғы шілде айының
20-нан 21-не қараған түнінде болған шайқасы жеңіспен аяқталды: түнгі
қақтығыста көтерілісшілер Жантөреұлы отрядын қоршап, оған соққы берді,
жазалаушы әскери топпен бірігіп Кенесарыға қарсы тұрған қазақ феодалдарынан
44 сұлтан ұрыс даласында мерт болды. Көтерілісшілердің әскери қимылдарының
қарқынды болғаны соншалық, ұрыс болған жерге жақын келген полковник
Дуниковскийдің тобы сұлтан Жантөреұлының көмекке келуге батылы жетпеді.
Ахмет Жантөрелы Тобыл өзеніне қарай шегінуге мәжбүр болды. Кенесарыға қарсы
күресте дәрменсіздігі үшін войсковой старшина Лебедев Орынборға шақыртылып,
орнынан босатылып, сотқа берілді.
1844 жылғы күрестің нәтижелері көтерілісшілердің рухын көтерді, жаңа
қазақ ауылдарының Кенесары туы астында шоғырлануына түрткі болды. Осы
жағдай Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр
етті. Көтеріліс басшысы да патша үкіметімен арадағы тартысты өзара келіссөз
арқылы шешудің жағында еді. 1838 жылы желтоқсан айында Ақбұлақ округтік
приказы төңірегіндегі Кенесары Қасымұлынан Батыс Сібір генрал-губернаторы
князь Горчаковқа және Николай патшаға арналған хаттарды тапсыруға келген
бес өкілі- Тобылды Тоқтыұлы, Жүніс Жанкүшікұлы, Малберді Қонысбайұлы
тұтқынға алынып, жазаға тартылды. Кенесарының өз өкілдері арқылы қойған
талабы қазақ жерлеріндегі округтік приказды жою, Абылай хан кезіндегі қазақ
жерінің дербестігін қалпына келтіру, жергілікті тұрғындардан алымсалық
жинауды тоқтату еді. Күрестің екінші кезеңінде ол бұрынғы талаптарын
біршама жұмсартты.
Патшалы Ресеймен қарулы қақтығыстың ауырлығын сезген сұлтан бүкіл
қазақ жерін отарлаудан азат етудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі
19 ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар
Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштері
Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері мен барысы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалысы
Кенесары Қасымұлы — ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы
Қазақ халқының ұлт азаттық жолындағы күресі
Қазақ шаруалары
Жай сөйлемнің түрлері
Пәндер