Тележурналистиканың рекреативті функциясы



I. Кіріспе бөлім:
1. Рекреативті функцияға анықтама беру.

II. Негізгі бөлім:
1. Көңіл . ашар бағдарламаларға талдау.
2. Көңіл . ашар бағдарламалардың кемшіліктері мен артықшылықтары.
3. Сағатбек Қалиевпен сұхбаттасу.

III. Қорытынды:
1. Мен осы курс жұмысы барысында нені үйрендім?
«Recreatio» - латын тілінен аударғанда қалпына келтіру деген мағынаны білдіреді. Рекреация дегеніміз – демалыс, жұмыс барысында жібірген күш - қуатын қайта қалпына келтіру. Негізінен көп рекреативті бағдарламалар журналистикадан тыс болып келеді.
Таза көңіл – ашар өнімдерді көбіне мамандандырылған телекомпаниялар жасайды. Оларға комедиялық фильмдерді, конкурстарды, бейнеклиптарды жатқызуға болады. Кей кезде журналистер мұндай бағдарламаларда жүргізуші және редакторлардың жұмысын атқарады. Тіпті қарапайым концерттің эфирде көрсетілуі де редактордың жұмысы болып саналады. Ал егер де концерт барысында жүргізуші концерттің қатысушыларымен сұхбаттасса, егер де жұлдыздардың өмірінен репортаждар көрсетілсе, мұндай жағдайда журналист осы көңіл – ашар бағдарламаның жасаушысының бірі болып табылады.
Бір сөзбен айтқанда, рекреативті функция дегеніміз – шаршағанды басып, көңіл – күйді ашып, күні бойы жіберген энергияны қайта қалпына келтіре алатын бағдарламалар.
Сауалнама жүргізу барысында, «қай бағыттағы бағдарламаларды тамашалағанды ұнатасыз?» деген сұраққа, 25 адамның 14 «көңіл – ашар бағдарламалар» деген жауап қайтарды. Жас аралығы 17 жас пен 60 жас. Демек, мұндай бағдарламалар көрермендер арасында өте үлкен сұранысқа ие.
Енді осындай көңіл - ашар бағдарламаларға талдау жүргізсек:


«Сегіз қырлы» телебәйгесі
Тарату арнасы: «Қазақстан»
Жобаның авторы: Сағатбек Қалиев
Жүргізушісі: Арнұр Садықов
Сценарий авторы: Назгүл Сарыбаева
Қоюшы режиссер: Айнаш Тұрсынбекова
Режиссердің ассистенті: Данияр Махмұдов
Музыкалық редактор: Абдулхамит Райымбергенов
Бас суретші: Ерлан Мағау
Әкімшілер: Ерке Байжігітова, Бөпежан Сатыбалдинова
Шеф-редактор: Назгүл Сарыбаева
Бағдарламаның ұзақтылығы: 50 минут
Эфирге шығатын күндері: әр сенбі сағат 14:15, жұма сайын сағат 15:15 (қайталау).
Жанры: музыкалық, ойын-сауықтық, конкурстық бағдарлама .
«Сегіз қырлы» ішсең - шөлің қанбайтын бұлақ болған, көңілге нұр сыйлайтын шуақ болған, жігеріңді жанитын қуат болған қазақтың дәстүрлі мәдениетін қайта жаңғыртпақ. «Сегіз қырлы» бүгінгі таңдағы дәстүрлі өнерді ту етіп жүрген сал серілер мен жыраулардың есімдерін анықтамақ. «Сегіз қырлы» ұлттық дәстүрлі мәдениетіміздің өркендеуіне үлес қоспақ.
1. Кузнецов Г.В., Цвик В.Л., Юровский А.Я. Телевизионная журналистика. – М.: Издательство Московского университета, 1994. 49 – 50 б.б.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Recreatio - латын тілінен аударғанда қалпына келтіру деген мағынаны
білдіреді. Рекреация дегеніміз – демалыс, жұмыс барысында жібірген күш -
қуатын қайта қалпына келтіру. Негізінен көп рекреативті бағдарламалар
журналистикадан тыс болып келеді.
Таза көңіл – ашар өнімдерді көбіне мамандандырылған телекомпаниялар
жасайды. Оларға комедиялық фильмдерді, конкурстарды, бейнеклиптарды
жатқызуға болады. Кей кезде журналистер мұндай бағдарламаларда жүргізуші
және редакторлардың жұмысын атқарады. Тіпті қарапайым концерттің эфирде
көрсетілуі де редактордың жұмысы болып саналады. Ал егер де концерт
барысында жүргізуші концерттің қатысушыларымен сұхбаттасса, егер де
жұлдыздардың өмірінен репортаждар көрсетілсе, мұндай жағдайда журналист осы
көңіл – ашар бағдарламаның жасаушысының бірі болып табылады.
Бір сөзбен айтқанда, рекреативті функция дегеніміз – шаршағанды
басып, көңіл – күйді ашып, күні бойы жіберген энергияны қайта қалпына
келтіре алатын бағдарламалар.
Сауалнама жүргізу барысында, қай бағыттағы бағдарламаларды
тамашалағанды ұнатасыз? деген сұраққа, 25 адамның 14 көңіл – ашар
бағдарламалар деген жауап қайтарды. Жас аралығы 17 жас пен 60 жас. Демек,
мұндай бағдарламалар көрермендер арасында өте үлкен сұранысқа ие.
Енді осындай көңіл - ашар бағдарламаларға талдау жүргізсек:

Сегіз қырлы телебәйгесі
Тарату арнасы: Қазақстан
Жобаның авторы: Сағатбек Қалиев
Жүргізушісі: Арнұр Садықов
Сценарий авторы: Назгүл Сарыбаева
Қоюшы режиссер: Айнаш Тұрсынбекова
Режиссердің ассистенті: Данияр Махмұдов
Музыкалық редактор: Абдулхамит Райымбергенов
Бас суретші: Ерлан Мағау
Әкімшілер: Ерке Байжігітова, Бөпежан Сатыбалдинова
Шеф-редактор: Назгүл Сарыбаева
Бағдарламаның ұзақтылығы: 50 минут
Эфирге шығатын күндері: әр сенбі сағат 14:15, жұма сайын сағат 15:15
(қайталау).
Жанры: музыкалық, ойын-сауықтық, конкурстық бағдарлама .
Сегіз қырлы ішсең - шөлің қанбайтын бұлақ болған, көңілге нұр
сыйлайтын шуақ болған, жігеріңді жанитын қуат болған қазақтың дәстүрлі
мәдениетін қайта жаңғыртпақ. Сегіз қырлы бүгінгі таңдағы дәстүрлі өнерді
ту етіп жүрген сал серілер мен жыраулардың есімдерін анықтамақ. Сегіз
қырлы ұлттық дәстүрлі мәдениетіміздің өркендеуіне үлес қоспақ.
Мақсатымыз: Ұлтымыздың дәстүрлі мәдениетін сақтап, кейінгі ұрпаққа
қаймағын бұзбай жеткізу үшін телевизияның жаңа технологиялық жетістіктерін
пайдалана отырып, інжу-маржанға айналған рухани қазынаны көрермендерге
тарту ету. Жалпы қазақ телевизиясының тарихында мұндай бағдарлама бұрын-
соңды болған емес. Қазақтың ұлттық мәдениетінде қалыптасқан 4 орындаушылық
мектептің өкілдерін таныту және музыкалық мұрасын насихаттау. Ұлттық
дәстүрлі мәдениеттің іргесін сөкпей оны заман талабына сай дамыту. Болашақ
ұрпақты тәрбиелеуде олардың отаншылдық рухын күшейту. Ұлттық дәстүрлі
музыканы жаңа телевизиялық форматтарға бейімдеп, қалыптастыру.

"Сен сұлу"
Тарату арнасы: Қазақстан
Ұзақтығы – 40 мин
Шығу уақыты – жұма 22:05, қайталау - сәрсенбі, 13:00
Жанры – ток - шоу
Шығармашылық бірлестік жетекшісі - Сәуле Жиреншина
Продюсері – Дүрия Даниярова
Шеф-редактор – Разия Ыдырысбаева
Жүргізуші – Рахман Омаров
Редакторы - Жайна Шойғараева, Гүлмира Айдабосынова
Режиссері – Жансая Еримова
Режиссердің ассистенті – Назым Ошыбаева
Өзінің түр - тұлғасына, киім киісіне онша мән бермейтін әйелді
сәндеу арқылы, оған психологиялық тұрғыдан өзіне деген сенім туғызып,
өзгерту. Сән үлгісін ұсынушы сарапшылардың көмегімен әр әйелдің ішкі жан
сұлулығы оның сыртқы көрінісіне сәйкес болу керек деген идеяны
көрермендермен бірге әңгімелесе отырып дәлелдеу. Көпшіліктің арасында
көрінбей жүрген қарапайым әйелді сол күнгі эфирдің жұлдызына айналдыру.

Әзіл – студио
Тарату арнасы: 31 канал
Жанры: скетч-шоу
Тілі: қазақша, орысша субтитрмен
Ұзақтығы: 28 мин
Хабардың жиілігі: күнделікті
Шығу уақыты: күнделікті 18:30, қайталауы 03:30, демалыс күндері
23:30-да.
Шығармашылық ұжым:
Жоба жетекшісі: Нұрлан Қоянбаев
Редакторлары: Марат Әлібаев, Марат Оралғазин, Жұмабек Әділет, Рүстем
Омараов, Нұрдәулет Шертім, Әділет Әбілов
Режиссері: Айгүл Ақсамбива, Стас Булов
Әртістері: Гүлнәр Сильбаев, Нұрбигүл Егізова, Марат Әлібаев, Марат
Оралғазин, Нұрдәулет Шертім, Нұржан Тұтов, Тұрсынбек Қабатов
Эфирдегі уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағ. 18:30-да және 03:30-да,
сенбі-жексенбі күндері сағ. 23:30-да
Әзіл-студио - бұл әзіл-сықақтың ерекше формасы. Аталмыш жоба
қалжынға бір табан жақын кез келген қазақ отбасындағы көксандықтан орын
алатын, жилігі жағынан ең көлемді жобалардың бірі. Қазақ телевидениясында
бұрын соңды ойын-сауықтық, әзіл-сықақ негізінде құралаған мұндай жоба
болған емес. Бұл алғашқы бастама болып отыр. Сонымен қатар, бұл
бағдарламаның өзге жобалардан басты ерекшелігі – қазақ тұрмысындағы қағытпа
қалжындарын жергілікті сценаристердің көмегімен Көңілді Тапқырлар
Клубының тарландары ойнауында. Және мұның барлығы тек қазақ тілінде
көрініс таппақ. Бағдарламаның тағы бір өзгешелігі - онда әртістер тобын
қазақ КВН саңылақтары құрайды.

Қазақстан театры
телевизиялық жобасы
Тарату арнасы: Хабар
Эфир: сенбі, 22:30
Продюсер: Татьяна Лаврик
Режиссер: Гүлнәр Мейірбекова
Дыбыс режиссері: Ілияс Есетов
Режиссер ассистенті: Ләйла Сәрсембаева
Редакторлары: Ирина Налобина, Нұргүл Сүлейменова, Назым Перне.
Жоба аясында отандық бас театрлар – Абай атындағы опера және балет
театры, М. Әуезов атындағы Қазақ драма театры, М. Лермонтов атындағы Орыс
драма театры, және келешекте Қазақстанның басқа да театрларының үздік
қойылымдары ұсынылады.
Бұлар - ерекше ықыласқа бөленіп, қызу пікірталас туғызған
қойылымдармен қатар, ұзақ жылдар бойы көрермендер көзайымына айналған
қойылымдар. Басты рөлдерде республикамыздың үздік әртістері ойнайды.
Жобаның тұсаукесері Абай атындағы МАОБ театрында қойылған Гаэтано
Доницеттидің Махаббат сусыны операсымен ашылды. Басты партияларды белгілі
әнші Майра Мұхамедқызы мен жақында ғана Алматы консерваториясын бітірген
жас дарын Нұржан Бажекенов орындады.

Розыгрыш
Тарату арнасы: Евразия
Жанры: көңіл – ашар супер шоу
Бағдарлама тақырыптары: барлық тақырып әзіл-қалжынмен қамтылған
Тілі: орысша
Хабардың жиілігі: айына бір рет
Жүргізушілер: Татьяна Арно, Валдис Пeльш
Розыгрыш - әзіл мен қалжыңға негізделген. Нақтырақ айтқанда
жұлдыздарды ыңғайсыз жағдайға қалдыру.

Фамилия
Тарату арнасы: Евразия
Бұл бағдарлама жұлдыздардың өмірбаянын баяндайды. Елге танымал
жұлдыздардың өмірбаянын сыныптастары, достары баяндайды. Кей жағдайларда
осы бағдарлама арқылы жұлдыздар өз табынушыларымен таныса алады немесе ұзақ
жылдар бойы көрмеген достарымен, сыныптастарымен кездесуі әбден мүмкін.
Бағдарламаның басты мақсаты: бағдарламаның басты кейіпкерін
таңқалдыру. Сыйлықтар, ескі суреттер, қызықты кадрлар көрерменді
қызықтырады.

Ледниковый период
Таралу арнасы: Евразия
Жанры: шоу
Тілі: орысша
Эфир: бағдарлама демалыста
Бұл бағдарлама спортпен тікелей байланысты. Жұлдыздар мұз айдынында
кәсіби сырғанайтын мамандармен бірге өз өнерлерін көрсетеді. Әр маусым
сайын бағдарламаның жеңімпаздары анықталып отырады. Бұл бағдарламада бәрі
бар: спорт, интрига, сайыс, би.

Кемшіліктер мен артықшылықтар салыстыру барысында айқындалады
демекші, жоғарыда аталып көрсетілген бағдарламаларға талдау жүргізсек:

№ Бағдарламаның атауы Бағдарламаның Бағдарламаның кемшілігі
артықшылығы
1. Сегіз қырлы - Қазақтың дәстүрлі - Барлық аудиторияны
телебәйгесі мәдениетін жаңғырту; қамтымайды.
- Қазақтың музыкалық
мұрасын насихаттау.
2. Сен сұлу - Нәзік жандарға - Кейіпкерлердің көбіне
психологиялық тұрғыдан жасанды болуы (эфирге
сенім туғызу. шығарар алдында
кейіпкерлерді
психологиялық тұрғыдан
дайындау қажет).
3. Әзіл студио - Көңіл – күйді - Көшірме;
көтеретін бағдарлама. - Әртістік жетіспейді;
4. Қазақстан театры - Аты айтып тұрғандай, - Барлық аудиторияны
Қазақстанның ең үздік қамтымайды.
театрлық қойылымдарымен
көрермендерді
сусындату, яғни
қазақтың театрлық
мұрасын насихаттау.
5. Розыгрыш - Көңіл – күйді
көтеретін бағдарлама;
- Әртістер өз
жұмыстарын өте жақсы
атқарады.
6. Фамилия - Әсерлі әңгімелер,
қызықты фотосуреттер
мен оқиғалар адамның
көңілін сергітеді;
- Көңіл – күйді
көтеретін бағдарлама.
7. Ледниковый период - Шоу болғандықтан, кез
– келген адамның
көңілінен шығады.

Өздеріңіз байқағандай, қазақ телевизиясындағы көңіл – ашар
бағдарламалардың кемшіліктері өте көп. Оған қарапайым мысал, барлығы
көшірмеден басталады: Такси; Наша Раша - Наша Казаша; 6 кадров -
Әзіл студио; Скажи! - Сырласайық! және т.б.
Сауалнама жүргізу барысында, 25 адамға Евразия каналының көңіл –
ашар бағдарламаларына қандай баға бересіз? деген сұраққа 15 адам жоғарғы
баға берді. Ал Қазақстан каналдарының көңіл – ашар бағдарламаларына
жоғарғы бағаны 5 адам ғана берді.
Осындай нәтижені көріп, еріксіз Евразия каналы мен Қазақстан
каналын салыстыруға тура келді. Евразия каналының артықшылықтары неде?
Біздің кемшіліктеріміз неде? деген сияқты сұрақтарға жауапты табу үшін, 8
қырлы атты көңіл – ашар бағдарламаның авторы Сағатбек Қалиевтан сұхбат
алғанды жөн көрдік.

Жансая Имандосова:
- Қазіргі таңда көшірме бағдарламалар көбейіп кетті. Осы жайында не
айтасыз?
Сағатбек Қалиев:
- Журналистік көзқарас болу керек. Өйткені Ресейдің өзі де батыстан
алады. Яғни телевизиялық жанрлар бәріне ортақ: Қазақстанға да, Ресейге де.
Ол қазақтікі де емес, орыстікі де емес. Ол баяғыда батыста дамыған
дүниелер. Ең бастысы мәселе сол жанрлардың ішінен қаншалықты қазақи,
өзімізге сәйкес нәрселерді сіңіре аламыз, бере аламыз, көрсете аламыз.
Мысал үшін егер Ресей өзінің эстрадалық музыкасын көрсетіп жатса,
Қазақстанда керісінше, себебі көрерменнің талабына сондай.
Жансая Имандосова:
- Евразия каналы мен Қазақстан каналын салыстыра кетсеңіз.
- Екі мәселе бар, бірінші егер екі каналды мысал үшін салыстырса,
Евразияны да бір нүктені баса салып көре береді, біздікін де көре береді.
Яғни екеуі де біздің ортақ канал сияқты болып қабылданады. Ал енді
Қазақстан каналындағы бағдарламаларды алатын болсақ, ол жерде әрине, сын
айтатын мәселелер өте көп. Ең бірінші мәселе, жоспарлы түрде алдын ала
дайындалып және бағдарламаларды мамандар жасамайды. Тапсырыс болады да, өте
жылдам жасалады. Қаржыландару мәселесі. Айта кететін бір мәселе, істей
алатын мамандардың жоқтығы емес, керісінше істей алатын мамандар бар,
оларды дұрыс пайдалана білу, яғни, жоспарлау, концептуалдық көзқарас
қалыптастыру, жүйелі түрде дамып келе жатқан жаңа технологияларды пайдалана
білу, яғни мұның төңірегінде кәсіби іскер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
«Қазақстан» және «Хабар» телеарналарындағы адамзатқа тән құндылықтарды насихаттайтын бағдарламалардың шығармашылық сипаты
Ток - шоу тікелей эфир арқылы миллиондаған көрермен жинай алатын бағдарлама
Тележурналистиканың БАҚ саласындағы алатын орны
Отбасы функциялары
Тележурналистикадағы рекреативті функция
Сұхбат түрлері
Тележурналистиканың нарыққа бейімделуі
Телевидениедегі сұхбат жанры және тікелей эфир
Тележурналистика
Пәндер