Мемлекеттiк бюджет жайлы ақпарат


МАЗМҰНЫ:
КIРIСПЕ . . . 3
1. Мемлекеттiң бюджетiнiң әлеуметтiк -экономикалық мәнi . . . 4
2. Мемлекеттiң бюджеттiк құрылымы . . . 10
3. Мелекеттің бюджеттерінің кірістері мен шығыстарын құқықтық реттеу . . . 12
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 21
КIРIСПЕ
Мемлекттiк бюджет кез-келген мемлекеттiң өмiр сүруiнiң мiндеттi шарты болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлудi және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн, мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы болып табылады. Мемлекеттiк бюджет мемлекеттiк органдарға өз функцияларын орындауды қамтамасыз етедi. Бюджет мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшiн экономиканың барлық секторларының қаржаттарын жинақтау құралы ретiнде қолданылады. Бюджеттiң көмегiмен ұлттық табысты сектораралық, салааралық, территорияаралық қайтабөлу, экономиканы мемлекеттiк реттеу және ынталандыру, әлеуметтiк саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады.
Бюджетке ақша қаражаттарын жинақтай отырып, мемлекет өзiнiң алдындағы әртүрлi саяси, әлеуметтiк, мәдени бағдарламаларын жүзеге асырып, экономикалық, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бiлiм беру, еңбекпен қамтамасыз ету, т. б. сұрақтарын шешедi.
Бюджет мемлекеттiң және мемлекеттегi барлық мемлекеттiк органдардың өмiр сүруiнiң қаржылық базасын құрайды. Мемлекеттiк аппарат, құқық қорғау органдары, атқару органдары, мемлекеттiк мекемелер, бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар сәйкес бюджет есебiнен өмiр сүредi. Бюджетке жинақталған қаржылар мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясатты жүргiзу үшiн, қорғанысты, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылады. Бюджет мемлекеттiң қолындағы мықты басқарушы механизм болып табылады. Ол мемлекеттiң қаржылық саясатын жүргiзiудегi жолсапаршысы. Экономикадағы кризистiк жағдайлар және қаржылық жүйедегi ауытқушылық бюджет алдындағы тұрған мiндеттердiң толық көлемде орындалуына кедергi жасайды. Сондықтан, мемлекет бюджеттегi келеңсiз оқиға - бюджет тапшылығының болуына жол бермеу шараларын, оның зиянды салдарларын болдырмаудағы мүмкiн деген шараларын жасап отырады.
Мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тұрады. Мемлекетiмiзде қалыптасатын бюджеттiк қатынастар 1 сәуiр 1999 жылы қабылданған Бюджет жүйесi туралы Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.
Мемлекет және қоғам бюджеттiң кiрiстерiнiң неғұрлым көп болғанына мүдделi. Олар өздерiнiң болмыстарын және функцияларын атқарудың материалдық негiзi - қаржыларға мұқтаж екенiн жасырмайды. Ал ол қаржыларды қалыптастыру және бөлу мемлекеттiк бюджет арқылы жүзеге асырылады. Сол себептi бюджет мәселесi үнемi өзектi мәселе ретiнде қала бермек.
1. Мемлекеттiң бюджетiнiң әлеуметтiк-экономикалық мәнi.
Қоғамның экономикалық және әлеуметтiк құрылымын қалыптастыру және дамытуда қаржылық жүйенi және оның құрамына кiретiн мемлекеттiң бюджетiн мемлекеттiк реттеу үлкен роль атқарады, ол мемлекетке экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүргiзуге әсерiн тигiзедi. Мемлекеттiк бюджет арқылы мемлекеттiң ақша қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың бағытталған қызметi жүргiзiледi. 1
Экономикалық құрал ретiнде мемлекеттiк бюджет мемлекеттiң ақшасының пайда болуын және жұмсалуын көрсетедi, ол мемлекеттiң алдындағы тұрған мiндеттер мен функцияларды қаржылармен қамтамасыз етуге арналған. Осы мiндеттерге байланысты бюджет екi функцияны: бөлу және бақылау функцияларын атқарады.
Бөлу функциясының мазмұны мемлекеттiң территориялары, экономиканың салалары, қоғамдық қызметтiң салалары арасында қаржылық ресурстардың қайта бөлiнуi процесстерiмен анықталады. Сала-аралық бөлу бiр жағынан, бюджетке экономиканың әртүрлi салаларындағы кәсiпорындармен ұйымдардың енгiзетiн төлемдерiне, екiншi жағынан - бюджеттiк қаражат есебiнен арнайы мақсаттағы әртүрлi қорлардың қалыптасуы және олардың кейiнгi қолданылуына негiзделедi. Территорияаралық қайта бөлу белгiлi бiр территориялық бiрлiктердiң бюджетiне белгiлi бiр мiндеттi төлемдердiң аударылуы және бюджеттiк реттеудiң әртүрлi формалары арқылы жүзеге асырылады: ол әрбiр әкiмшiлiк территориялық бiрлiкке өзiнiң ақша қорын қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.
. Бюджеттiң бөлу функциясы экономикалық және әлеуметтiк дамудың өзектi мәселелерiне ақша қаражаттарын бағыттауға, қоғамдық өндiрiстiң дамуында жоғары жетiстiктерге жетiп, оның тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
Бақылау функциясының негiзiнде сәйкес бюджеттiк түсiмдердiң және шығыстардың көрсеткiштерi көрсетiлетiн бюджеттiк ресурстардың қозғалысы жатыр.
Бюджеттiк көрсеткiштердiң нақты адрестiк сипаты материалдық өндiрiс және материалдық емес саладағы әрекеттердiң хағдайын бақылауға мүмкiндiк беретiн құрал болып табылады. 2
Бюджетке түсетiн төлемдердiң уақытылы немесе толық түспеуi, бюджеттiк қаржылардың рұқсатсыз қолданылуы және бiркелкi қолданылмауы өндiрiстiк жоспарлардың орындалмауын, мемлекеттегi экономиканың тұрақсыздығын көрсетедi. Мұндай жағдайда бюджеттiк көрсеткiштер тек қана экономиканың индикаторы болып қана қоймай, бұл жiберiлген қателiктермен кемшiлiктердi жоюға бағытталған нақты шараларды дайындаудың және қолданудың негiзi болып табылады.
Бюджеттiң бақылау функциясы әрекет етуiнiң өте кең көлемiмен және барлығын қамтитындығымен ерекшеленедi.
Мемлекеттiк бюджет экономикалық мағынадағы қаржылық қатынастардың жиынтығы ретiнде бiрнеше ерекшелiктермен сипатталады:
- бюджеттiк қатынастар бөлу сипатында болады;
- олар тек қана ақшалай нысанда жүзеге асырылады;
- бюджеттiк қатынастар мақсатты ақша қорларын қалыптастыру және пайдалануға байланысты болады.
Бұл белгiлер басқа да қаржылық қатынастарға тән болуы мүмкiн, бiрақ, бюджеттiк қатынастар мемлекеттiң қолында бағаланатын қоғамдық өнiмнiң шоғырлануына және олардың жалпы мемлекеттiк қажеттiлiктердi қанағаттандыруға қолданылуына әсерiн тигiзедi.
Мемлекеттiк бюджеттiң өмiр сүруi ерекше экономикалық нысандар - бюджеттiң кiрiстерi және шығыстарына байланысты болады. Кiрiстер мемлекеттi қажеттi ақша қаражаттарымен қамтамасыз етедi, ал шығыстар орталықтандырылған ақша қаражаттарының мемлекеттiк қажеттiлiктерге сәйкес бөлiнуiн көрсетедi.
Бюжеттiк байланыстардың мақсатты бағытталған сипаты, мемлекеттiң орталықтандырылған ақша қаражат қорларының қозғалысының нысандары бюджеттiк байланыстардың сәйкес қаржылық жоспарларда көрсетiлуiне әкеледi, осы жерден мемлекеттiк бюджеттiң құқықтық мазмұнын көремiз.
Соныменен, бюджетте - мемлекеттiң бюджетке салық төлейтiндермен және салықтық емес төлемдердi төлейтiндермен, сондай-ақ, бюджеттiк қаржыларды алушылармен қаржылық қарым-қатынасы, яғни, мемлекеттiң халықпен және шаруашылық субьектiлермен бюджеттiк қаржыларды қалыптастыру және бөлуге байланысты өзара қарым-қатынасы көрсетiледi.
Ақша қаражаттарын бюджетке жинақтау мемлекетке мәдениеттi, бiлiм беру саласын, денсаулық сақтау салаларын дамытуға, кiрiстерi шағын отбасыларына көмек көрсетуге, тұрғын үй мәселелерiн шешуге бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Ақша ресурстарын жинақтай және бөле отырып, мемлекет өздi-өздiгiмен реттелетiн рыноктық механизмнiң әрекет етуiн ретке келтiрiп отыру мүмкiндiгiн алады. Мемлекеттiк бюджет арқылы жинақталған ақша қаражаттары жеке кәсiпкерлiк арқылы қанағаттандыру мүмкiн емес, жалпы мемлекеттiк қажеттiлiктердi қанағаттандыруға жұмсалады. Оларға мемлекеттiк басқару, азаматтардың қоғамдық қауiпсiздiгi, әлеуметтiк бағдарламалар, экология, қорғаныс жатады.
Мемлекеттiк бюджеттiң құқықтық мазмұнын толығырақ және дәлiрек ашу үшiн, бiз мемлекеттiң қаржылық қызметiнiң түрi ретiндегi - қаржылық жоспарлаудың түсiнiгiн ашуымыз керек.
Мемлекеттiң қаржылық қызметi, яғни мемлекеттiң және мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ, мемлекетпен өкiлеттiлiк берiлген тұлғалардың мемлекеттiң ақша қаражатын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыруы әрдайым жоспарлы сипатта болады.
Мемлекеттiң iшкi өнiмiнiң айналымы материалды - заттай және бағаланатын нысанда жүзеге асырылады. Бағаланатын нысандағы iшкi өнiмнiң айналымы нәтижесiнде қаржы қатынастарының пайда болуы, қайта бөлiнуi, және пайдаланылуының ұйымдастырылуы қатынастары пайда болады, осы мемлекеттiң қаржылық қызметiнiң мәнiн көрсетедi. Ал, қаржылардың пайда болуы, бөлiнуi және қайта бөлiнуi, пайдалануды ұйымдастыруы процесстерiн басқару қаржылық жоспарлаудың көмегiмен жүзеге асыралады, оның обьектiсi мемлекеттiң ақша қорлары және бiрiншi кезекте мемлекеттiк бюджет болып табылады.
Қаржылық қызметтiң осы түрi - қаржылық жоспарлардың жасалуы, бекiтiлуi және орындалуын ұйымдастыру процесстерiн көрсететiн қызмет болып табылады, себебi қаржылық жоспарлау қаржылық жоспарлардың жүйесi арқылы қамтамасыз етiледi.
Қаржылық құқық теориясы қаржылық жоспарлаудың екi түрiн атайды. Бiрiншiден, ол тiкелей дерективтi жоспарлау. Жоспарлаудың ондай түрi мемлекеттiк меншiкке негiзделген экономикалы мемлекеттерге тән. Ондай жоспарлау мемлекеттi басқарудың шектен тыс номенклатуралығына, қатаң иерархиялық сипатына байланысты. Ол жоспарлық мiндеттемелердiң мәжбүрлiлiгiмен сипатталады. Бұл әртүрлi терiс әсерлерге: тауар өндiрушiлердi дербес емессiздiкке, ынтасыздыққа алып келедi. Бiрақ, кейбiр ғалымдардың пiкiрi бойынша, мұндай жоспарлаудың түрiнде жақсы жақтарда бар, себебi ол қаржылық процесстердi жеткiлiктi түрде нақты, тез және тиiмдi басқаруға мүмкiндiк бередi. 3
Нарықтық экономикалы дамыған мемлекеттерде қаржылық жоспарлау «жоспар - болжам« қағидасына негiзделiп жүргiзiледi. Бұл жоспарлаудың түрi экономикалық процесстерге жеңiл әсер етедi. Бұл жерде бағдарламалы - мақсатты тәсiл қолданылады, және мұндай жоспарлаудың мiндетi: экономиканың тиiмдiлiгiн арттыруға белсендi әсер ету; қаржылық және басқа да ресурстардың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалармен үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету; қаржыларды жұмсауда қажеттi пропорция мен үстемдiктi анықтау.
Мемлекет эконмикаға әсер ететiн әртүрлi әкiмшiлiк, қаржылық, экономикалық, ақша-кредиттiк тәсiлдердi қолданады. Солардың бiреуi фискалдық саясат болып табылады. Фискалдық саясат ретiнде өндiрiстiң нақты көлемiнiң өзгеруiне бағытталған, еңбекпен қамтамасыз етудi көбейтуге және инфляцияға бақылау жүргiзуге бағытталған, салық салу саласындағы және үкiметтiк шығындар саласындағы шаралардың жиынтығын айтамыз. Бюджеттiк саясаттың iрi бағыты ретiнде ақша қаражаттарын экономикалық iлгерiлеуге, экономикалық және қаржылық кризистердiң салдарларын шешуге, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылыққа бағытталған мақсаттарға қолдануды айтамыз. Осы мақсатта соңғы уақытта ғылыми-техникалық прогреспен, экономиканың құрылымдық қайта құрылуымен байланысты ұзақ мерзiмдi салымдар жүргiзiлуде.
Мемлекеттiк қаржылардың экономикаға әсерiн екi негiзден көремiз:
- Мемлекеттiк шығындардың өсуi экономикадағы сұраныстың көбеюiне, яғни, өнiмдердi шығарудың және еңбекпен қамтамасыз етудiң өсуiне алып келедi.
- Салық салуды көбейту жеке үй азаюына, өнiмдердiң шығарылуының және еңбекпен қамтамасыз етiлудiң азаюына алып келедi.
Сондықтан, мемлекет өзiнiң фискалдық саясатын анықтауда және жүргiзуде өте мұқият болуы, мүмкiн деген шаралардың барлығын қолдануға тиiстi.
2. Мемлекеттiң бюджеттiк құрылымы.
Бюджеттiк жүйе - мемлекетте жұмыс iстейтiн барлық бюджеттердiң жиынтығын бiлдiредi. Бюджеттен тыс қорлардың жиынтығымен мемлекеттiк қаржылардың жиынтығын құрайды. Бюджет жүйесiнiң құрылысы мемлекеттiк басқару органдарының құрылысымен анықталады. Бiздiң мемлекетiмiз унитарлы мемлекет болғандықтан басқару органдарының екi деңгейi бар: орталық және жергiлiктi. Орталық басқару органдарына ҚР Парламентi, ҚР Президентi, ҚР Үкiметi, ҚР Қаржы министрлiгi және ҚР Кiрiс министрлiгi, орталық атқару органдары, ҚР бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетi жатады. Жергiлiктi басқару органдарына жергiлiктi өкiлдi органдар - маслихаттар, жергiлiктi атқару органдары - әкiмдер және әкiмшiлiк жатады.
Осыған сәйкес мемлекеттiк бюджет екi деңгейдегi бюджеттерден - республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тұрады. Сондай-ақ мемлекеттiк қаржылардың iшiнде бюджеттен тыс қорлар үлкен роль атқарады. Қазiр мемлекетiмiзде тек екi бюджеттен тыс қорлар бар. Олар мемлекеттiк Зейнетақы қоры және Ұлттық қор. Бұрын, 1999 жылғы Бюджет жүйесi туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданға дейiн бiрнеше бюджеттен тыс қорлар болған ( жол қоры, мiндеттi медициналық сақтандыру қоры, геологиялық-iздестiру жұмыстарын жүргiзу қоры, әлеуметтiк қор, еңбекпен қамтамасыз ету қоры, табиғатты қорғау қоры, экономиканы қайта құру қоры, кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi дамыту қоры, т. б. ) . 4 Қазiр бұл қорлар қысқартылған. Қазiргi кезде салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер республикалық бюджетке барып түседi де, әртүрлi салаларға және территорияларға бөлiнедi. Жергiлiктi бюджеттерге барып түсетiн кiрiс көздер бар, бiрақ олар аз көлемде.
Мемлекеттегi бюджеттер бiр-бiрiмен тығыз байланыста бола отырып, қызмет етедi. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдаған Заңмен, жергiлiктi бюджеттер жергiлiктi маслихаттардың шешiмдерiмен бекiтiледi. Бюджеттердiң жобалары атқару органдарымен: республикалық бюджеттiң жобасы - Қазақстан Республикасының Үкiметiмен, жергiлiктi бюджеттiң жобасы - жергiлiктi әкiмдермен жасалады. Сосын олардың орындалуын атқару органдары қамтамасыз етедi. Жергiлiктi бюджеттердiң орындалуын маслихаттардың жанынан құрылған тексеру комиссиялары, ал республикеалық бюджеттiң орындалуын - Рсепубликалық бюджеттiң орындалуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетi тексередi.
Бюджеттердiң құрылысы:
1) . Түсiмдерден:
- кiрiстерден;
- алынған ресми трансферттерден, қайтарылған кредиттерден;
2) . Шығыстардан:
- шығындардан, кредиттерден;
3) . Бюджет тапшылығынан ( профицитетiнен ) ;
4) . Бюджет тапшылығын қаржыландырудан
( профициттi қолданудан ) тұрады.
Мемлекеттiк басқаруды және мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру үшiн бiрнеше шаралар комплексi қабылданады. Оларды бiз бюджеттiк бағдарламалар деймiз. Бұл бағдарламалар ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар және дамудың бюджеттiк бағдарламалары деп бөлiнедi. Ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар заң актiлерiне сәйкес, тұрақты сипатта болатын мемлекеттiк басқару функцияларын орындауға бағытталған немесе бiр мезгiлдiк шараларды жүргiзудi көрсететiн бағдарлама. Дамудың бюджеттiк бағдарламалары Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық және институционалды дамуына бағытталған бағдарламалар болып табылады. 5
3. Мелекеттің бюджеттерінің кірістері мен шығыстарын құқықтық реттеу
Бюджеттердің құрылысы төмендегідей элементтерден тұрады:
1) . Түсімдерден:
а) кірістерден;
б) алынған ресми трансферттерден,
в) қайтарылған кредиттерден қалыптасады;
2) . Шығыстардан:
а) жұмсалулардан,
б) кредиттерден тұрады;
3) . Бюджет тапшылығынан (профицитетінен) ;
4) . Бюджет тапшылығын қаржыландырудан (профицитті қолданудан) тұрады.
Қаржылық жоспарлаудың обьектісі, біз жоғарыда атап өткеніміздей, қандай да бір мемлекеттік ақша қоры болып табылады, қаржылық жоспарлау ақша қорының кіріс және шығыс бөлігін қамтиды, яғни қаржылық жоспар кірістер мен шығыстар сметасы болып табылады.
Негізінен, жалпы ереже бойынша, кірістер менен шығыстар бір - біріне тең болуы керек, бірақ, көп мемлекеттерде мемлекеттік бюджеттің тапшылығы үнемі байқалып отырады.
Мемлекеттік басқару органдары жүргізетін көптеген қаржылық операцияларды жоспарлау мақсатында, олардың орындалуын есепке алу және талдау жасау үшін, және мемлекеттік қаржылардың мемлекеттің экономикасына әсерін, қаржылардың және төлем балансының жағдайын бағалау үшін, бұл операцияларды классификаторлар негізінде бірыңғай топтарға жіктеу керек.
Қаржылық операцияларды бір жүйеге келтірудің негізі ретінде мемлекеттік органдарға келіп түсетін және олардан шығарылатын ақша қаражаттарының табиғатын пайдалануға болады. Қаржылық операцияларды бірыңғай топтарға біріктіруге мүмкіндік беретін негізгі критерийлер ретінде: кірістер мен шығыстар; қайтарылатын немесе қайтарылмайтындығы; ақылы немесе ақысыздығы; ағымдағы немесе капиталды; қаржылық активтер немесе міндеттемелер; т. б. қарастыруға болады.
Ғалымдар бюджеттік құрылым ретінде бюджеттік жүйені, яғни әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің жиынтығын атайды. 6Кейбір ғалымдар бюджеттік құрылымның құрамына бюджеттік жүйеден басқа кірістер мен шығыстардың қағидаларын және оларды ажырату тәртібін жатқызады. 7
М. И. Пискотиннің ойы бойынша бюджеттік құрылымға сондай-ақ, бюджеттердің құрылымына барып түсетін салықтар менен кірістерді анықтау тәртібі де жатады. Жоғарыдағы аталғандарға қарап, бюджетттік құрылымның құрамына бюджет жүйесінің жататынын көреміз. Бюджет жүйесі дегеніміз - сол мемлекет территориясында әрекет етуші барлық бюджеттердің жиынтығы.
А. И. Худяковта, бюджеттік реттеудің бірнеше әдістерін көрсетіп кеткен:
1. бюджеттік жүйеге кіретін бюджеттер арасында бөлу;
2. кейбір түрлерінің арасында нақтылы бекітілген кірістерді анықтау;
- әртүрлі бюджеттердің реттеуші кірістерін анықтау;
- бюджетаралық дотация;
- бюджетаралық кредиттеу.
Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы« 1999 ж. заңына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі дами түсіп, оның орнығуына жол берілді десек болады.
Ол заңның 1 бабында әртүрлі терминдердің түсініктері берілген, мысалы, бюджет - дегеніміз, орталықтандырылған ақша қоры, ол заңдармен бекітілген салықтар мен басқа да түсімдер негізінде қалыптасып, мемлекеттің өз функцияларын жүзеге асыру үшін арналады, ал бюджеттің құрылымы деген термин - бюджеттік жүйені ұйымдастырылуы мен оның құрылу қағидаларын көрсетеді.
Заңның 1 бабында берілген анықтамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеті дегеніміз - республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара құрылымы болып табылады. Онда, мемлекеттің экономикалық және қаржылық мақсаттары арасындағы қарым - қатынастар, әртүрлі сатыдағы және әртүрлі секторлардағы бюджеттер арасындағы қарым - қаиынастар, бюджетке түсетін әртүрлі кірістер мен шығыстардың құрылымы мен мөлшері, республикалық бюджеттің тапшылығы (профициті) және т. б. көрінеді.
Заң бюджеттің құрылымын қаржылық құқыққа сәйкестендіріп, оның 6 бабына сәйкес бюджет мынадай бөлімдерден тұруы тиіс дейді:
- Түсімдер- Үкіметтік қарыз алулар мен арнайы грант алуларды қоспағандағы бюджетке түсетін барлық кірістерден тұрады;
- Арнайы алынған трансфертер (гранттар) - тауарларды немесе қызмет көрсетулерді сатып алуға, кредит беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдер.
- Шығыстар - кредиттеу мен мемлекеттік қарыздардың негізгі соммасын жою үшін кететін шығыстарды қоспағандағы бюджеттен шығатын барлық шығыстардан тұрады;
- Кредиттеу - таза кредиттеулер мен бюджеттен кредиттеу үшін жүргізілетін төлемдер, ол заңды тұлғаларға не жеке тұлғаларға қайтарымды негізде ақша қаражаттарын беру.
- Бюджеттің дефициті (профициті) -Кірстер мен Арнайы алынған трансферттер (гранттар) бөлімдерінің жалпы мөлшері мен Шығыстар және Кредиттеу бөлімдерінің жалпы мөлшері арасындағы айырмашылықтан тұрады;
Қаржы Министрлігі бюджеттік саясаттың басты мақсаттары мен, алдағы жылдың бюджеттік саясатын, өтіп бара жатқан бюджеттің орындалуының бағасы, және ақша - кредиттік саясаттың басты бағыттарын айқындап отырады. Осы арқылы ол, мемлекеттің қаржылық балансын анықтайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған мемлекеттің қаржылық балансы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі үшін жергілікті бюджеттердің параметрлерін, олардың республикалық бюджетпен қарым - қатынастарын айқындауға жол береді. Алдағы жылдың Республикалық бюджеті осы жылдың 15 желтоқсанына дейін Қазақстан Рсепубликасының Парламентінің палаталарының ортақ отырысында қарастырылып, бекітіледі.
Қаржылық жоспардың орындалуы Республикалық бюджет үшін анықталған тәртіпте жүзеге асырылады.
Соныменен, бюджет түсімдер мен шығыстардан тұрады. Бюджеттің кіріс операциялары шығыстардағы қажеттіліктерді қаржыландыру үшін және мемлекеттік кредиттерді беру үшін жүзеге асырылады. Бюджеттің негізгі түсім көздерін қамтамасыз ететін салықтар болып табылады.
Кез келген мемлекет өзінің шынайы тәуелсіздігін мемлекеттік кірістер жүйесінің нақтылы механизімін құру негізінде қалыптастырады. Оның негізгі саласы ретінде - халықтың жалпы жағдайын көтеру үшін, мемлекеттің қаржылық жағдайын жақсарту үшін төленетін, кәсіпкерлік пен шаруашылық субьектілердің жағдайын ескеретін, бюджетке төленетін міндетті төлемдер болып табылады. Олардың мемлекеттегі басқа кірістерден басты айырмашылығы, олардың міндетті түрдегі төлетіндігінен көрінеді8.
Салық төлеуші ондай төлемдерді заңдармен бекітілген тәртіппен, мерзімде міндетті түрде төлеуі тиіс. Сондай - ақ, ондай міндеттілік комплексті болып табылады себебі, онда - салық төлеушінің төлеу міндетімен қоса белгілі бір мемлекеттік органның ондай төлемдерді міндетті түрде алу міндеті де көрінеді.
Бюджетке төленетін міндетті төлемдер салықтық және салықтық емес болып бөлінеді.
Салықтық төлемдерге - салықтар жатады да, ол - қайтарымсыз, ақысыз түрдегі міндеті бюджетке төленетін төлем болып табылады, салықтық емес төлемдерге - салыстырмалы - қайтарымды болып келетін мемлекетік баждар, алымдар және міндетті төлемдер жатады.
Мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдердің түрі:
1. Салықтар. Салықтар дегеніміз - мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру үшін, мемлекеттің шығыстарының орнын толтыруға арналған - мемлекеттік қорлар құру үшін мәжбүрлі түрде, ақысыз, қайтарылмайтын, міндетті түрдегі ақшаларды алу болып табылады. 9 Сондай-ақ, бюджетке салықтардан басқа да міндетті төлемдер келіп түседі. Оларға жататындар: алымдар, баждар, төлемдер.
2. Алым сияқты міндетті төлемнің құқықтық мазмұнын анықтау үшін, оның салықтық төлемнен негізгі айырмашылықтарын анықтау қажет.
А) Алым бір реттік төлем болып табылады, ал салықтық төлемдер үшін - тұрақты ұзаққа созылған қатынастар тән;
Б) Алым салыққа қарағанда экономикалық мағынада салыстырмалы эквивалентті болып табылады, заңдық мағынада салыстырмалы қайтарылатын төлем болып табылады. Алым төлегені үшін субьект белгілі бір құқықтарды иеленеді немесе мемлекеттен қандай да бір рұқсаттарды алады.
В) Салыққа қарағанда, алымды төлеу салыстырмалы ерікті түрде болады. Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға, егер қандай да бір қызметпен айналысқысы келсе алым төлеуге міндетті.
3. Баж.
Бюджетке түсетін келесі міндетті төлемнің түрі - баж болып табылады. Баж дегеніміз заңды маңызды әрекеттер жасағаны үшін немесе құжаттар бергені үшін, соған өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар мен алынатын міндетті төлемнің түрі. Бұл анықтамаға қарап, біз баждың алымға жақындығын көреміз. Бірақ, Худяков А. И. ойынша, келесідей айырмашылықтар бар:
А) Баж - бюджеттің, яғни жалпы мемлекеттің кірісі, ал алым - төлеушіге қызмет көрсеткен ұйымның кірісі. Сондықтан, классикалық теорияға сәйкес, баж - фискалды төлем, ал алым- чиновниктік төлем.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz