Тәңірлік діндердегі дін және Пайғамбар міндеттері
Кіріспе
І.Тарау. Тәңірлік діндердегі дін және Пайғамбар міндеттері
І.1. Тәңірлік діндердегі дін түсінігі
І.2. Тәңірлік діндердегі пайғамбар міндеттері
ІІ.Тарау. Тәңірлік діндердегі Пайғамбар сөзін қолдануды зерттеу әдістері
ІІ.1. Тауратта қамтылған пайғамбарлар және олардың сөздері
ІІ.2. Өзге киелі жазбаларда қамтылған пайғамбарлар және олардың сөздері
ІІ.3. Мұхаммед (с.а.у.) ның хадистері мен зерттелу жолдары
Қорытынды
Сілтемелер
Пайдаланылған әдебиеттер

Діннің адамзат тарихында алар орны ерекше. Кез-келген халықтың өз тарихында діни санасы болғандығына ешкім қарсы дау айта алмас. Дін-рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны болып табылады. Әйгілі философ Генри Бергсон дін жайлы: «Өткен тарихта және заманымызда ғылымды, пәнді яки пәлсәпәні білмейтұғын адам қоғамдарын кездестіруге болады. Алайда, дінсіз ешбір қоғам болмайды» -деген өз көзқарасын білдірсе, ал Эрнест Ренан: «Сүйген нәрселеріміздің, дүниедегі өміріміздің және нығметтердің бәрінің жоқ болып кетуі мүмкін. Бірақ діндарлығымыздың жоғалуы мүмкін емес»-дейді1. Дін адамның өзінің жаратылысындағы құпияларды анықтап, табиғаттағы құбылыстардың, ғарыштағы қозғалыстардың астарын түсіну үшін ізденіске түсуінен, сұрақтарға жауап іздей бастауынан алау алған сезімнен туындайды.
Яхудилердің қасиетті тілі Ибрани тілінде abodath elohim (Тәңірге құлшылық) сөзі дін түсінігі ретінде қолданылады. Сонымен қатар бұл сөз құлшылық, құрбан және дұға мағынасында да қолданылады2. Пехлеви тілінде «заң, үкім, әмір» мағыналарына келетін «daath» сөзі дін үшін жалпы термин болып күнімізге дейін қолданылуда. Ескі Гректерде дін түсінігіне қорқу, әрі құрмет деген мағынаны білдіретін «thrioheya» сөзі қолданылған. Түркі халықтары қолданып жүрген «дін» сөзі араб тілінен келгені белгілі. Мұсылманшылықты қабылдамастан бұрын түркі халықтары дін ұғымы ретінде әр түрлі кезеңдерде «дрм», «дарм», «нам», «ден» сияқты сөздерді қолданғаны деректерде айтылуда. Христиан дінінде діни термин ретінде латынша «religio» сөзі қолданылады. «Religio» сөзі бір нәрсені міндеттену, қайта-қайта оқу, істеу мағыналпрына келеді3.
Араб тіліндегі «дін» сөзі шариғат, заң, құқық жолы, жаза, сый деген мағыналарға келеді4.

Жоспар
Кіріспе
І-Тарау. Тәңірлік діндердегі дін және Пайғамбар міндеттері
І.1. Тәңірлік діндердегі дін түсінігі
І.2. Тәңірлік діндердегі пайғамбар міндеттері
ІІ-Тарау. Тәңірлік діндердегі Пайғамбар сөзін қолдануды зерттеу әдістері
ІІ.1. Тауратта қамтылған пайғамбарлар және олардың сөздері
ІІ.2. Өзге киелі жазбаларда қамтылған пайғамбарлар және олардың сөздері
ІІ.3. Мұхаммед (с.а.у.) ның хадистері мен зерттелу жолдары
Қорытынды
Сілтемелер
Пайдаланылған әдебиеттер
І-Тарау. Тәңірлік діндердегі дін және Пайғамбар түсінігі
І.1. Тәңірлік діндердегі дін түсінігі
Діннің адамзат тарихында алар орны ерекше. Кез-келген халықтың өз
тарихында діни санасы болғандығына ешкім қарсы дау айта алмас. Дін-рухани
мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны болып табылады. Әйгілі
философ Генри Бергсон дін жайлы: Өткен тарихта және заманымызда ғылымды,
пәнді яки пәлсәпәні білмейтұғын адам қоғамдарын кездестіруге болады.
Алайда, дінсіз ешбір қоғам болмайды -деген өз көзқарасын білдірсе, ал
Эрнест Ренан: Сүйген нәрселеріміздің, дүниедегі өміріміздің және
нығметтердің бәрінің жоқ болып кетуі мүмкін. Бірақ діндарлығымыздың жоғалуы
мүмкін емес-дейді1. Дін адамның өзінің жаратылысындағы құпияларды анықтап,
табиғаттағы құбылыстардың, ғарыштағы қозғалыстардың астарын түсіну үшін
ізденіске түсуінен, сұрақтарға жауап іздей бастауынан алау алған сезімнен
туындайды.
Яхудилердің қасиетті тілі Ибрани тілінде abodath elohim (Тәңірге
құлшылық) сөзі дін түсінігі ретінде қолданылады. Сонымен қатар бұл сөз
құлшылық, құрбан және дұға мағынасында да қолданылады2. Пехлеви тілінде
заң, үкім, әмір мағыналарына келетін daath сөзі дін үшін жалпы термин
болып күнімізге дейін қолданылуда. Ескі Гректерде дін түсінігіне қорқу, әрі
құрмет деген мағынаны білдіретін thrioheya сөзі қолданылған. Түркі
халықтары қолданып жүрген дін сөзі араб тілінен келгені белгілі.
Мұсылманшылықты қабылдамастан бұрын түркі халықтары дін ұғымы ретінде әр
түрлі кезеңдерде дрм, дарм, нам, ден сияқты сөздерді қолданғаны
деректерде айтылуда. Христиан дінінде діни термин ретінде латынша
religio сөзі қолданылады. Religio сөзі бір нәрсені міндеттену, қайта-
қайта оқу, істеу мағыналпрына келеді3.
Араб тіліндегі дін сөзі шариғат, заң, құқық жолы, жаза, сый деген
мағыналарға келеді4.
Терминдік мағынасына келер болсақ: Дін-ақыл-есі дұрыс адамдардың өз
қалауларымен дүниеде және ақіретте немесе тек дүниеде жақсылық пен бақытқа
жеткізетін иләһи (тәңірлік) немесе ғайри-иләһи заңдар жинағы5.
Ғылыми тұрғыдан діндер политеистік яғни көптәңірлік діндер және
монотеистік яғни біртәңірлі діндер болып екіге бөлінеді. Политеистік діндер
дегеніміз бірден көп тәңірлерге сенім. Көп тәңірлі діндерде тәңірлердің
саны бірнеше жүздеген тәңірмен шектелуі әбден мүмкін. Ал монотеистік
діндерде бір-ақ тәңір туралы сенім болады. Монотеистік діндер қатарына
яһудилік, христиандық және ислам жатады6.
Ал ислам ғұламаларының пікірінше дін негізінен үшке бөлінеді:
1) Хақ дін.
Аллаһ тарапынан пайғамбарлар арқылы жеткізіліп, ешқандай өзгеріске
ұшырамастан және бұзылып, бұрмаланбастан қазіргі таңға дейін жеткен дін.
Бұл ерекшіліктер мен қасиеттерді өз бойына сіңірген дін-Ислам діні.
2) Мұхарраф діндер (бұзылған, бұрмаланған діндер).
Аллаһ тарапынан пайғамбарлар арқылы білдірілгенімен кейіннен адамдар
тарапына өзгертіліп, негізі бұрмаланған діндер. Қазіргі кездегі христиандық
пен яһудилік (иудаизм) мұхарраф діндер болып табылады.
3) Батыл діндер (жалған діндер)
Адамдар тарапынан ойдан шығарылған діндер. Бұл діндердің пайғамбарлар
баяндаған діндермен ешқайдай қатысы жоқ. Буддизм, конфуцизм секілді діндер.
Хақ дін және мұхарраф діндер Аллаһ тағала тарапынан келгендіктен тәңірлік
діндер болып есептеледі. Ал Аллаһ тағала дінін тек пайғамбарлар арқылы
жіберіп отырған. Тәңірлік діндердегі пайғамбарлардың орны өте үлкен болып
табылады7.
І.2. Тәңірлік діндердегі пайғамбар түсінігі
Тіліміздегі пайғамбар сөзі парсы тілінен енген сөз болып табылады.
Пайғамбар сөзі парсыша пайам немесе пейгам-яғни хабар және бер-
яғни жеткізуші, әкелуші деген екі сөзден құралып хабар әкелуші немесе хабар
жеткізуші деген мағыналарға келеді8. Ал пайғамбар сөзінің орнына арап
тілінде хабар жеткізуші мағынасына келетін نبي және елші мағынасына
келетін رسول сөздері қолданылады9. Бұл мағыналар сөздің негізгі мағынасы
болып табылады. Ал діни термин ретінде алып қарастырар болсақ пайғамбар
Жаратушы мен оның құлдары арасындағы елшілік қызметін атқаратын жан деген
мағынаны меңзейді. Сонымен қатар Құран-кәрімде пайғамбарды بشير яғни
сүйіншілеуші, نذير ескертуші т.б. атаулармен атайды. Негізінде نبي
және رسول сөздерінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Жаңа бір шариғат (яғни
діни заң) және жаңа кітап түсірілген пайғамбар رسول , ал жаңа бір шариғат
және жаңа бір кітап түсірілмеген тек өзінен алдын келген пайғамбардың
кітабын және шариғатын жаюшы пайғамбар نبي деп аталады. Хз Мұса, Хз Дәуіт,
Хз Иса және Хз Мұхаммед (с.а.у) رسول болып есептеледі. Өйткені оларға
кітаптар түсірілген еді. Пайғамбарлық Хз Адам (ғ.с)-нен басталып Хз
Мұхаммед (с.а.у)-мен аяқталады. Ислам дінінің сенімінде пайғамбарлар мен
адамдар арасында өмір сүру тұрғысынан ешбір айырмашылық жоқ. Яғни
пайғамбарлар да адамдар секілді ішіп-жейді, үйленеді, қуанышқа яки қайғы-
қасіретке душар болуы әбден мүмкін9. Оларды өзге адамдардан айырар ең үлкен
ерекшелік уахи, сипаттары және мұғжиза болып саналады.
Әуелі Аллаһ тағала адамзат баласын жаратты. Кейін олардың тура жолда
жүрулері үшін өздерінің арасынан таңдап пайғамбарлар жіберіп отырған. Бұл
жайлы Құранда: ألله يصطفي من الملائكة رسلا ومن الناس яғни Аллаһ тағала
адамзат баласының және періштелердің арасынан пайғамбарлар таңдап отырған-
деп айтылған. Ал пайғамбарлардың негізгі міндеттеріне келер болсақ ол төрт
мәселеден тұрады. Олар:
1. Тәблиғ
Тәблиғ, сөздікте жеткізу, ұластыру мағыналарына келеді. Ал термин
ретінде қарастыратын болсақ тәблиғ пайғамбардың Аллаһ тағаланың әмір
еткен әмірлерін немесе тыйымдарын сол қалпында үмбетіне жеткізуі болып
табылады. Бұл жайлы Құранда Мұхаммед (с.а.у)-ға: يا أيها الرسول بلغ ما أنزل
إليك من ربك وإن لم تفعل فما بلغت رسالته яғни Ей пайғамбар! Раббың
тарапынан түсірілгенді (адамзат баласына) жеткіз. Егер ол істі атқармасаң,
елшілік, пайғамбарлық міндетіңді атқармаған боласың-деп айтылған.
2. Тәбиин
Тәбиин, сөздікте түсіндіру, түсініктеме беру мағыналарына келеді. Ал
термин ретінде қарастырар болсақ, тәбиин пайғамбардың Аллаһ тағала
тарапынан келген әмірлерді немесе тыйымдарды үмбетіне түсіндіруі болып
табылады. Бұған дәлел ретінде
وأنزلنا إليك الذكر لتبين للناس ما نزل إليهم ولعلهم يتفكرون
яғни Саған (Мұхаммед) адамзат баласына түсіндіруің үшін Құранды
түсірдік. Әрине олар түсінер-аяты айғақ бола алады.
3. Тәғлим
Тәғлим, сөздікте үйрету, тағлым беру деген мағыналарға келеді. Ал
термин ретінде қарастырар болсақ, тәғлим пайғамбардың өз үмбетіне
Аллаһтың дінін, кітабын үйретуі болып табылады. Бұған Құранда Ибраһим (ғ.с)
мен Исмайылдың (ғ.с) Аллаһқа: ربنا وابعث فيهم رسولا منهم يتلوا عليهم أياتك
ويعلمهم الكتاب والحكمة ويزكيهم إنك أنت العزيز الحكيم яғни Уа жаратушы
ием, ұрпағымыздың ішінен өздерінен, оларға аяттарыңды оқитын, Кітапты әрі
үкімдерін үйретіп, оларды тазартатын бір елші жібергейсің, Сен аса үстем,
данасың қылған дұғалары дәлел бола алады17.
Иудаизмдегі пайғамбарлар және олардың сөздері қамтылған киелі жазбалар
Иудаизм (яһудилік) тәңірлік діндердің ең көнесі болып табылады. Әрі бұл
дінді ұстанушылар саны өзге тәңірлік діндерді ұстанушылардан анағұрлым
азырақ. Қазіргі бұл дінді ұстанушылардың саны 18-20 миллионға жуық. 4,4
миллионы Израилде, 6 миллионы АҚШ-та, өзгелері Еуропа мемлекеттерінде т.б
аймақтарда өмір сүреді. Яһудилік монотеистік дін. Яһудилік ұлттық дін
екендігі талас тудырар мәселе емес. Өйткені еврейлер өз дінін еврей еместер
арасында таратуға ешқашан ұмтылмайды, яғни миссионерлікпен шұғылданбайды.
Еврейлердің дінінің өзге діндерден ерекшіліктері бар. Бұл дін әрі еврей
халқының тарихы да болып саналады. Бұл діннің басты ерекшілігі, осы дінді
ұстанушы еврейлер өздерін құдайдың ықыласы ерекше ауған халықпыз деп
санауында. Яғни ғаламда өмір сүріп жатқан барша халықтан өздерін артық
санайды әрі өздерін құдайдың сүйікті құлдары деп есептейді. Өйткені құдай
олармен Сина тауында сөйлескен әрі әмірлерін орындайтықтарына байланысты
уәде алған әрі Мұса (ғ.с) арқылы Тауратты жіберген. Еврейлердің қасиетті
жазбаларында құдай өзінің сүйікті құлдарына (еврейлерге) әрқашан қолдау
жасап, оның әрекеттеріне шәлкес, ерке баласы іспетті қарайды, кейде осы
шәлкестігі, еркелігі үшін назарынан тыс қалдырып, ауыр жазаға тартады деп
жазылған. Яһудиліктің өзіне тән діни мерекелері де бар. Яһудиліктің
қасиетті жазбалары Танак (жазбаша діни қасиетті жазбалар) және Талмуд
(ауызша діни қасиетті жазбалар) болып екіге бөлінеді. Танакты христиандар
көне өсиет деп атайды әрі өздерінің діни кітабы ретінде санайды. Танак үш
бөлімден тұрады. Олар: Тора (Тәурат), Нәвиим (пайғамбарлар) және Кәтувим
(кітаптар). Танак атауы бұл үш бөлімнің ибранише бас әріптерінің
бірлесуінің нәтижесінде пайда болған сөз. Танак қамтыған кітаптардың саны
мәселесінде тек Яһудилер мен Христиандар арасында ғана емес, христиандардың
өз араларында да келіспеушіліктер бар. Яһудилер мен протестанттар бойынша
апокрифтік (дұрыс емес) саналған кейбір кітаптар католиктер мен
православтар бойынша канондық (дұрыс) болып саналады. Яһудилер мен
Христиандар бойынша, христиандар тарапынан Ескі Өсиет деп аталған
Яһудилардің қасиетті кітабы отыз тоғыз кітаптан құралады. Ал Яһудилер
Танакты кейбір кітаптарды бірлестіріп, жиырма төт кітап етіп қабылдайды18.
Нәвиим алғашқы пайғамбарлар (нәвиим ришоним) және кейінгі пайғамбарлар
(нәвиим ахораним) болып екіге бөлінеді. Пайғамбарлар жайлы мәліметтер
Нәвиимде (пайғамбарлар), Кәтувимде (кітаптар) және көне өсиеттің әр
жерінде қамтылған. Яһудилердің киелі жазбалары түгел дерлік Аллаһ тағаланың
сөздері болып табылмайды. Өйткені аталмыш киелі жазбалар тек Аллаһ
тағаланың сөздері ғана емес, еврейлердің көне бүтін тарихын қамтыған. Яғни
киелі жазбаларда иудаизмдегі пайғамбарлардың сөздері, іс-әрекеттері т.б
қамтылған19.
Уахи
Уахидің сөздік мағынасы: бір нәрсені жасырып және өте шапшаң білдіру.
Ал діни термин ретінде алып қарастырар болсақ: Аллаһ тарапынан тікелей
немесе елші арқылы пайғамбарларға білдірілген нақты хабар. Аллаһ тағаланың
таңдаулы құлдарына қалаған нәрселерін білдіруі арнайы тәсілдер, жолдар
арқылы жүзеге асады. Аллаһ әр түрлі уахи жолдары арқылы сөздерін
пайғамбарларға жеткізген.
Уахидің түрлері:
1) Шынайы түс: Аллаһ қалаған мәліметтерін түс арқылы пайғамбарларына
жеткізген. Мысалы Мұхаммед (с.а.у)-ға алғашқы уахи осылай келген, түсінде
көргендері айна-қатесіз болып отырған.
2) Аян беру: Аллаһ қалаған нәрселерін ештеңенің көмегінсіз
пайғамбарлардың жүректеріне орналастыруы.
3) Перде артынан айтылу арқылы: Арада ешқандай дәнекер болмастан
кімнің айтқанын көрмей, Аллаһ тағаланың әмірлерін есту.
4) Бір елші (періште) арқылы болатын уахи: Ұлы Аллаһ тағаланың өз
әмірлерін бір періште арқылы пайғамбарларға естіртуі.
Аллаһ сөзін пайғамбарларға жеткізетін періште кейде өз қалпында
келеді, ал бағзы уақытта адам кейпінде келеді, ол жерде болғандар оны
көреді, даусын естиді. Ал кейде періште келіп пайғамбарға уахиді білдіреді,
алайда өзі көрінбейді10.
Пайғамбар сипаттары
Пайғамбарлар Аллаһ тағала тарапынан берілген өзгеше, ерекше сипаттарға
ие. Олар:
1) Сыдқ: Пайғамбар сөзі мен іс-әрекетінде үнемі тура, әділ, шыншыл
болады. Сөзіне іс-әрекеті сай болуы қажет. Оның өтірік, жалған сөз сөйлеуі
мүмкін емес. Пайғамбардың адалдығы, шыншылдығы, әділдігі жайында иман
келтіргендер яки иман келтірмегендер еш шүбәланбаған. Мысалы: Рим
императоры Гераклиус Мұхаммед (с.а.у) жайлы ол шақта иман келтірмеген Әбу
Суфяндан: Өзін пайғамбармын деп жарилаған жанның сөзінен тайған кезі болды
ма? - деп сұраған еді. Әбу Суфян (р.а): Жоқ! Оның сөзінен тайған кезі
болған емес-деп жауап берген еді. Бұл сипат Аллаһ тағаланың пайғамбарға
берген ерекше сипаттарының бірі.
2) Аманат: Пайғамбар адамзат баласының ең сенімдісі. Мысалы: Ислам
дінінің пайғамбары Мұхаммед (с.а.у)-ның пайғамбарлық келместен бұрын
Мұхаммед әл-Әмин яғни сенімді Мұхаммед деген лақап аты бар еді. Тіпті
Меккеден Мәдинаға һижрет еткен уағында да мүшріктердің бірнеше аманаттары
бар еді. Таңқаларлық жайт, дәл сол шақта мүшріктер Мұхаммед (с.а.у)-ды
өлтіргелі жүргентұғын. Бұл сипат та Жаратушы иеміздің Мұхаммед (с.а.у)-ға
берген ерекше сипаттарының бірі.
3) Фатанат: Пайғамбарлар адамзаттың ең зерек, алғыр, ұққыш, парасатты
пенделері болып табылады. Сонымен қатар ерекше зейінге, қабілетке ие.
Мысалы: Аққан селден зиян көрген Қағба Меккедегі рулар тарапынан жөнделген
еді. Алайда Хажарул-асуад-ты орнына қою мәселесінде әркімнің осы міндетті
атқаруға ниеті бар еді. Тіпті рулар арасында талас-тартыс пайда болып, қан
төгуге дейін барды. Осы мәселені Пайғамбарымыз (с.а.у) ақылға қонымды
жолмен шешкен еді.
4) Исмет: Пайғамбарлар ешқандай күнә жасамайды. Пайғамбарлардың тек
адамзат баласы болғандықтан адам баласына тән кейбір кемшіліктері болуы
мүмкін. Олар зәллә деп аталады. Олардың бойында бұл кемшіліктердің бар
болуы адамзат баласына ешқандай сылтау, себеп іздеуіне кедергі, бөгет
болады. Яғни бұл кемшіліктер болмаса, пайғамбарлар тәңірлік дәрежеге,
бейнеге енуі ғажап емес11.
МҰҒЖИЗА
Мұғжизаның сөздік және терминдік мағыналары.
Филологтар мұғжиза сөзінің арабша عجز(ажәза)етістігінен туындап
әлсіз болу, істей алмау, шамасы келмеу, қолынан келмеу т.б. мағыналарды
білдіретіндігін , ал أعجز (әғжәза) бабында болса шамасын келтірмеу, алға
шығу, басып озу, бұрын келу, ерте қимылдау, артқа тастау, жоғары тұру,
басқалардың сөйлей алмайтынындай етіп сөйлеу, әдеттен тыс таңғажайып істер
т.б. мағыналарға келетіндігін және осы бабтың негізгі есімшесі түрінде
қолданылып тұрғандығын айтады12.
Терминдік мағынасына келер болсақ, пайғамбарлардың иман
келтірмегендерді бір Аллаһқа иман келтіруге шақыру, иман келтіргендердің
иманын арттыру әрі өздерінің шынайы пайғамбар екендіктерін дәлелдеу
мақсатында Аллаһ Тағала тарапынан берілген таңғажайып істер. Барлық
пайғамбарларға адамдарды таң қалдыратын бірнеше мұғжизалар берілген.
Мұғжиза Аллаһтың әмірімен болатын іс-әрекет, ал пайғамбарлар осы іс-
әрекеттерге арқау, себепкер болған. Яғни пайғамбарлар Аллаһ Тағаланың
рұқсатынсыз ешқандай мұғжиза істер көрсетпеген13.
Құран Кәрімде және хадистерде мұғжиза сөзі кездеспейді. Бірақ мұғжиза
мағынасында أية , بينة , برهان (аят, бәийнә және бурхан) сөздері орын
алған. Енді осы сөздерге байланысты Құран Кәрімдегі мысалдарына тоқталып
өтелік:
а) أية (аят): бұл сөз нышан және белгі мағыналарына келеді. Құран
Кәрімде пайғамбарлардың мұғжизаларына аят делінген. Бұған байланысты
Құрандағы Салих (а.с.) пайғамбардың мойынсұнбаған қауымына: Сендерге
Раббыларыңнан ашық мұғжиза (аят) келді. Міне Аллаһтың інгені сендерге бір
мұғжиза аятын келтіруге болады.
ә) بينة (бәийнә): бұл сөз дәлел, айғақ мағыналарына келіп, Құран
Кәрімде мұғжиза мағынасында қолданылған. Яғни мұғжиза пайғамбарлардың
пайғамбарлығына дәлел болғандығы үшін осылай қолданылған. Мәриям ұлы Иса
(а.с.)-ға да мұғжизалар беріп, Жебірейіл (а.с.) арқылы қуаттадық аятында
да осы мағынада берілген.
б) برهان (бурхан) : Құран Кәрімде мұғжизаға бурхан деп те айтылған.
Бұған байланысты Қолыңды қойныңа тық, кесірсіз аппақ болып шығады.
Қорқудан салбыраған қолыңды жина! Бұл екеуі, Перғауынға да, адамдарына да
Раббыңның дәлелі (бурхан) аятын келтіруге болады. Осы аятта да бурхан сөзі
мұғжиза мағынасында қолданылып тұр14.
2. Мұғжизаның ерекшеліктері және шарттары.
1.Мұғжиза негізінде Аллаһ Тағаланың іс-әрекеті. Пайғамбардың
мұғжизасы деп айтылуы астарлы мағына береді. Пайғамбарлар осы мұғжиза
істерге тек себепкер және өздерінің пайғамбар екендіктерін растау үшін ғана
Аллаһ Тағала тарапынан берілген төлқұжат.
2.Мұғжиза тек пайғамбар болып келген кісілер ғана жасай алады.
Пайғамбар болмаған кісілердің көрсеткен таңғажайып істеріне мұғжиза деп
айтылмайды.
3.Мұғжиза табиғат заңдарына теріс бір құбылыс.
4.Мұғжиза пайғамбарлықтан алдын немесе кейін болмауы керек.
Пайғамбырлықпен бірге болатын нәрсе.
5.Мұғжиза пайғамбардың тілек қалауына сәйкес болады. Тауды қопарамын
деген біреудің теңізді айыруы мұғжизаға жатпайды.
6.Мұғжиза қабыл етпеу, жоққа шығару сияқты жайттардан кейін болса
әсерлірек болады. Мұны былайша келтіруге болады: Діни үкімдер алып келген
пайғамбарға қауымы Біз сенің пайғамбарлығыңды қабыл етпейміз,
пайғамбарлығың рас болса, бір мұғжиза келтір деп пайғамбарды мойындамай,
қарсы шығып ауыр халге душар еткен жағдайда пайғамбарлардың
пайғамбарлықтарын растау мақсатында мұғжиза көрсететін.
7.Мұғжиза адам баласының ұқсасын және теңін жасауы мүмкін болмаған бір
нәрсе болуы қажет15.
3. Мұғжизаның пайғамбарлардың өмір сүрген дәуіріне сәйкес болуы.
Әрбір пайғамбар өз заманындағы оқиға, жағдайларға байланысты мұғжизалар
көрсеткен. Мысалы: Хазіреті Мұса (а.с.) пайғамбар заманында сиқыршылық,
балгерлік әрекеттер басым болған. Сондықтан Хазіреті Мұса пайғамбарға
берілген мұғжизалардың көпшілігі осы сиқыршылық, балгерлікке байланысты
болған. Иса (ғ.с.) пайғамбар уақытында медицинамен байланысты оқиғалар, іс-
әрекеттер басым болған. Иса пайғамбардың мұғжизаларының көпшілігі ауруларды
сауықтыру, өлікті тірілту сияқты медицинамен байланысты жағдайларға қатысты
көрсетілген.
Мұхаммед (с.а.с) пайғамбар заманында Арабстан түбегі ақын,
жазушылармен, әдебиетші-жыршылармен танымал болған. Осыған байланысты
Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарға ешқандай өлең-жыр, жазба әдебиет тең
келмейтін Қасиетті Құран Кәрім адамзатқа өткен және болашақ күндерінен
хабар бере отырып, аты әлемге әйгілі ақын-жазушыларды, әдебиетшілерді,
жыршыларды әдеби жағынан да, мәдени жағынан да тізе бүктірген. Ешқандай
ақын-жазушы, әдебиетші, Құран аяттарына, сүрелеріне тең келетін ешқандай
өлең-жырлар, қара сөздер жаза алмаған. Осылайша пайғамбарымыз Мұхаммед
(с.а.с)-ға адам баласын құпия-сырыменен, терең мәніменен, маңызыменен таң
қалдырған, алғашқы берілген мұғжиза Қасиетті Құран аяттары болған16.

Мұсаның яхудиліктегі орны ерекше. Өйткені ол яхудиліктегі ең ұлы
пайғамбар болып саналады. Жүсіп пайғамбар көз жұмғаннан кейін Мысырда
еврейлердің саны көбейе түсті. Таққа жаңа отырған перғауын Жүсіп
пайғамбардың жасаған жақсылығын ұмытып, еврейлердің санының артуынан
қауіптеніп, шеттете бастады. Тіпті әрбір дүниеге келген еврей баласын
өлтіруді әмір етті. Міне осындай дәуірде Мұса дүниеге келді. Шешесі оны бар
болғаны үш-ақ жасыра білді. Ұлын жасыра алмайтындығына көзі жеткен анасы,
себетке салып, өзенге ағызып жберді. Ніл өзенінің жағалауымен бауырының
тағдырын не болатындығын әкпесі Мәриям бақылап келе жатқанды. Ніл өзенінде
шомылып жатқан перғауынның қызы, ағып келе жатқан себетті алып, оның ішінде
жатқан баланың еврей екендігін аңғарып, оған жаны ашыды. Дәл осы шақта
әкпесі Мәриям келіп, баланы емізетін әйел тауып беретіндігін білдірді.
Перғауынның қызы бұл ұсынысты жөн көріп, Мәриямның айтқанын қабыл етті.
Мәриям дереу өз шешесін ертіп келді. Перғауынның қызы баланы тәрбиелеуді,
емізуді Мұсаның өз шешесіне тапсырды. Судан тауып алғандықтан Моше (судан
шығарылған) деген ат қойды. Мұса жас шағында еврейлердің қонысына барып,
олардың жағдайларымен танысатын, іштей жаны ашитын. Күндердің күнінде бір
мысырлықтың еврейлердің бірін ұрып жатқандығын көрді. Еврейге жақтасқан
Мұса, мысырлықты өлтіріп қояды. Перғауынның қаһарынан қорыққан Мұса, Мидйан
атты жерге қашты. Мидйанда балшының қызымен үйленді. Балшының қойын бағып
жүрген Яхвенің періштесі келіп, еврейлерді Мысырдан алып шығуды әмір етті.
Қасына жәрдемші ретінде Яхве бауыры Харунды берді. Осылайша тәңірдің
дегенін орындау үшін Мұса Мысырға қайта оралды. Перғауын Мұсаның сөзін
құлағына ілмей, өз сарайынан қуып шықты. Міне осыдан бастап Мұса мен
перғауынның арасында үлкен тартыс туды. Уақыт өте келе бір-біріне деген
араздық ушыға түсті. Тіпті Мұса мұғжиза көрсетуге мәжбүр болды. Перғауын
барша сиқыршыларын жинап, Мұсамен бәсекеге түсті. Нәтижеде Мұсаның
қолындағы асасы үлкен апжыланға айналып, перғауын сиқыршыларының жасаған
сиқырларын жұта бастады. Осыған қарамастан перғауын еврейлердің Мысырдан
шығуына рұқсат бермеді. Яхве егер перғауын айтқан әмірлерін орындамаса,
пәлекет беретіндігін Мұса арқылы блдірді.Осылайшы Яхве мысырлықтарға он
пәлекет берді. Перғауын Мұсаның айтқандарының орындалып жатқандығын байқап,
еврейлердің Мысырдан кетуіне өз рұқсатын берді. Мысырдан шыққан еврейлер
қызыл теңізге қарай бет алды. Қызыл теңізге жақындағанда Мұса теңізге қарай
қолын созғанда, теңіз екіге айырылды. Еврейлер теңізден өткеннен кейін,
Мұса қолын теңізге қайта созғанында, берген сөзінен айныған перғауын әрі
оның әскері теңізге батып кетті. Шөлде азық-түлігі таусылған еврейлер,
Мұсаға шағымдана бастады. Яхве аспаннан кешке ет таңертең нан жаудыра
бастады. Осы ет пен нанмен еврейлер қырық жыл тамақтанды. Кейін еврейлер
судан таршылық көре бастады. Яхвеге жалбарынып су беуін тіледі. Яхве Мұсаға
жартасты асасымен ұруды әмір етті. Мұса асасымен ұрған сәтте, жартастан су
шығып, еврейлер суға қарық болды. Еврейлер Мысырдан шыққаннан кейін үш ай
уақыт өткеннен кейін Сина шөліне келіп аяқ тіреді. Осы аталған жерде Яхве
Мұсаны шақырып, одан еврейлерге берген нығметтеріне орай, еврейлердің игі
қауым болатындығына уәде алды. Үшінші күні Яхве Мұсаға он әмірді білдірді.
Мұса еврейлердің қиын, ауыр жағдайларында басшылық еткен пайғамбар еді. Ол
жүз жиырма жасында көз жұмды. Мұса, Маоб жазығындағы Небо тауының Пиеге
деген төбесіне шығады. Сол төбеден оған Яхве Данаға дейінгі дейінгі
Галадтың барша жерін көрсетеді. Кейін Мұса аталған жерде қайтыс болады.
Оның өлімі Тәуратта былайша суреттеледі: Аллаһтың құлы Мұса Маоб өңірінде
өлді және Маоб өңірінде Бейт-пеор қарсысындағы өзен бойына жерленеді. Бірақ
күні бүгінге дейін ешкім оның қабірін білмейді. Әрі Мұса көз жұмғанда жүз
жиырма жаста еді. Еврейлер Маоб жазығында отыз күн Мұсаны жоқтап жылады.
Осылайша Мұсаға арналған аза тұту, жылау, жоқтау күндері бітті20.
Бұл сөздер кімнің сөзі? Аллаһтың сөздері емесі екендігі анық. Аллаһқа
Мұсаның өлімін, оған аза тұтылғандығын, қай жерде өлгендігін айтудың қандай
қажеттілігі бар. Жоғарыда айтылған сөздер Мұсаның сөздері де емесі анық.
Өйткені ол шақта Мұса өліп қалған болатын. Өліп қалған адамның өз
өмірбаянын жазуы мүмкін емес. Шығар қорытынды: Тәуратты Аллаһтың сөзі дей
алмайсыз, тіпті Мұсаның сөздері деп айта алмайсыз. Тәуратты тек еврейлердің
тарихы деп есептеуге болады. Ол тарихының өзі Мұсадан кейін екі мың жылдан
кейін жазылған.
Лұт
Лұт пайғамбар яхудиліктегі пайғамбарлардың бірі болып есептеледі. Тура
жолдан шығып, азғындыққа бет бұрған қауымның пайғамбары болған. Лұт
пайғамбар, оның қыздары, әрі қауымы жайында Тәуратта баяндалған. Лұт
пайғамбарға екі періште келіп, одан қыздары мен әйелін алып, қаладан кетуі
керектігін айтады. Лұт пайғамбар әйелі мен қыздарын алып, қаланы тастап
кетеді. Аллаһ қаланың тұрғындары шектен шыққандықтан, қаланы жоқ қылып
жібереді. Ал кейін Лұт пайғамбар қыздарымен бір үңгірді паналайды. Әйелі
қаладан шығып бара жатқанда артына қарағандығы өліп қалады. Бұдан кейінгісі
Тәуратта: Бір күні үлкен қызы сіңлісіне: Әкеміз қартайды. Бұл маңда
бізбен жыныстық қатынасқа түсетін ер адам жоқ. Кәні, әкемізге шарап
ішкізіп, әкеміздің ұрпағын жалғастыру үшін онымен жыныстық қатынаста
түсейік-дейді. Осылайша олар әкелеріне шарап ішкізеді. Үлкен қызы әкесінің
қасына жатады. Ал әкесі не істеп не қойғанын білмейді. Таңертең үлкен қыз
сіңлісіне:
-Мен түнде әкеммен бірге болдым. Бүгін түнде оған тағы шарап ішкізейік. Сен
де жатып шық
Кіші қызы да әкесімен жатып шығады. Кейін Лұттың екі қызы да өзінен
жүкті болады21. Бұл сөздердің Аллаһтың сөздерінің болуы мүмкін емес нәрсе.
Лұт пайғамбардың сөздері де емес. Мұндай әрекетті пайғамбар түгіл қарапайым
адам баласы істемейтін іс. Бұл оқиға желісі секілді роман, әңгіме әдебиет
тарихында болған емес. Тіпті қазіргі таңдағы фильмдерде мұндай қасіретті
оқиға болған емес. Аллаһ Лұттың қауымын азғындықтары, бұзылғандықтары үшін
жоқ қылып жібереді. Ал сол оқиғадан соң Лұт адам аузы бармас, үлкен күнә,
қылмыс жасайды. Бұның бәрін бақылап тұрған Аллаһ Лұтқа және оның қыздарына
ешқандай жаза қолданбайды. Сонда Аллаһтың әділетті деген сипаты қайда
қалды. Жарайды Лұт өмір сүрген қала жоқ болып кеткен күннің өзінде, сол
қаланың маңындағы өзге адамдар сол қалпында өмір сүрген емес пе? Егер Лұт
пайғамбар ұрпағының жалғасуын қаласа, ал қыздары үйленгілері келсе, басқа
жерлерге барып үйленіп, ұрпақтарын жалғастыра алар еді ғой.
Сонымен қатар аталған аяттарда Лұт пайғамбардың шарап ішкендігі жайлы
айтылған. Ислам дінінің сенімінде пайғамбарлар Аллаһтың ең адал, таза, ең
ақылды, әрі ең сүйікті құлдары. Олар ешқашан шарап ішпеген, ешкімге
ішкізбеген әрі жалпы олар адамзат баласына жағымсыз іс-әрекеттердің
бастаушысы бола алмайды. Өйткені олар Аллаһтың таңдаулы құлдары әрі Аллаһ
әрдайым оларды өз бақылауында ұстайды.
Жақып
Жақып пайғамбар яхудиліктегі пайғамбарлардың бірі болып саналады. Жақып
пайғамбар бірде жалғыз өзі қалады. Таң атқанша бір адам онымен күреседі.
Оны жеңе алмайтынын түсінісімен жамбас сүйегінен жармасты. Жақыптың бөксесі
ауырып кетеді. Ол адам Жақыпқа: Жібер мені, кетейін. Өйткені таң уақыты
таяп қалды-дейді. Жақып: Маған оң батаңды бермейінше жібермеймін-дейді.
Ол адам:
-Сенің атың кім?
-Жақып,-деді. Ол адам:
-Енді сен Жақып емессің, Исраил боласың. (Аллаһпен күресуші
мағынасында) Өйткені сен Аллаһпен, адамдармен күрестің. Оларды жеңдің.
Тәуратта Аллаһтың адам сияқты бейнеленуі, оның Жақып пайғамбармен күресуі
ақылға сыйымсыз нәрсе. Еврейлер бұл есімнің Жақыпқа Яхве тарапынан
берілгендігін айтады. Сондықтан яхудилік ұлттық дін, Яхве де тек олардың
тәңірі әрі еврейлер Яхвенің таңдаулы құлдары деген түсінік қалыптастырады.
Қазіргі таңдағы еврейлер мемлекеті дәл осы атаумен аталады. Яғни Израиль
деп аталады.
Еврейлердің діни сенімінде көптеген кемшіліктер бар. Мысалы:
Жарату ісінің бәрін бітіргеннен кейін жетінші күні Аллаһ демалды-
деген аят бар. Дем алу тек шаршағаннан кейін болатын іс емес пе? Өзіңіз
ойлап көріңізші, шаршап, шалдығатын жаратылыс қалай Аллаһ бола алады.
Немесе Аллаһ Адам ата мен Хауа ананы жаратып, жәннатқа кіргізеді. Олар
тыйым салынған ағаштың жемісін жейді. Ал кейін Аллаһ қоңыр салқын уақытта
бақта қыдырып жүргенде оның даусын Адам ата мен зайыбы Аллаһтың көзінен
бақтағы ағаштардың арасына тығылып қалады. Бұл оқиға желісі Тәуратта: Қоңыр
салқын күнде бақта қыдырып жүрген Аллаһтың даусын олар естиді. Адам ата мен
зайыбы Аллаһтың көзінен бақтағы ағаштардың арасына жасырынды-деп
баяндалады. Демек Тәуратта жазылған нәрселерден қорытынды шағарар болсақ
Аллаһ-адам іспеттес жаратылыс. Бақта қыдыратын, оның үстіне ыстық уақытта
емес, қоңыр салқын уақытта қыдыруды жақсы көретін, ыстыққа шыдай алмайтын
адам секілді. Аллаһ адам сияқты бақта қыдырмайды немесе адамзат баласы
секілді ыстықтан мазасызданып, қоңыр салқын уақытта қыдыруға шықпайды. Бұл
айтылған немесе жазылған нәрселердің барлығы жаңылыс, қате пікірлер.
Сонымен қатар Жақып пайғамбардың өтірік айтып әкесін алдауы да Тәуратта
қамтылған.
Ысқақ пайғамбар үлкен ұлы Есауды шақырып алып: Мен қартайдым. Қашан
өлетінімді білмеймін. Сондықтан аңға шығып, бір аң аулап, маған пісіріп
бер. Мен оны жегеннен кейін саған батамды беремін-деді.
Мұны Ысқақ пайғамбардың әйелі Рәбия естіп, кіші ұлы Жақыпқа хабар
береді. Оған: Жақып, ұлым, барып екі әдемі лақ алып кел. Мен олардан әкең
сүйсініп жейтіндей дәмді қылып тамақ дайындап беремін. Сосын оны әкеңе
апарып бер, жесін. Сөйтіп, өлер алдында әкең саған батасын берсін,-дейді.
Жақып екі семіз лақ сойып, анасына әкеліп береді. Ал анасы еттен
дәмділеп тамақ пісіріп береді. Жақып тағамды алып, әкесіне апарып береді.
Әкесі Ысқақ пайғамбар: Сен кімсің?-деп сұрайды. Жақып:
-Мен, сіздің үлкен ұлыңыз Есаумын. Айтқандарыңызды орындадым. Аң аулап
әкеліп, тамақ пісірдім. Басыңызды көтеріп, мен аулаған аңның етін жеп,
маған батаңызды беріңіз,-дейді.
Ысқақ пайғамбар алғашында күдіктенеді, бірақ кейін сенеді. Жақыпқа әрі
күшті әрі бай болуы үшін ақ батасын береді. Міне осы аталған Жақып кейін
пайғамбар болады. Адам ақылына сыйымсыз нәрсе емес пе? Мұндай айлакер, қу,
өтірікші адамды Аллаһ қалай пайғамбар етіп жібереді. Пайғамбар дегеніміз
таза, пәк жоғарыда аталған жағымсыз мінез-құлықтардан бойын аулақ ұстайтын
жан емес пе?
Жақып әкесі Ысқақ пайғамбарды алдап, батасын алғаннан кейін, Ысқақ
пайғамбардың үлкен ұлы Есау Жақыптың істегендеріне қатты ашуланып, Жақыпты
өлтіргісі келеді. Анасы мұны біліп қойып, Жақыпқа: Нағашыларыңа кет-
дейді. Жақып нағашыларына бара жатқан кезде бір жерде ұйықтап қалады.
Тәуратта бұл оқиға былай суреттеледі: ...Содан кейін Есау оны өлтірмекші
болады. Жақып қашып кетеді. Жолда ұйықтап қалып түс көреді. Түсінде оған
жерден көкке жетіп тұрған баспалдақ көрінеді. Ал періштелер оған бірі
мініп, бірі түсіп жүр екен. Баспалдақтың ең үстінде Аллаһ тұрады. Ол
Жақыпты күшті етуге, бұл жерлерді оған беруге сөз береді. Аллаһ оған: Мен
саған жәрдемдесемін. Қай жерге барсаң да сені қорғаймын. Сені жалғыз
тастамаймын-дейді22.
Әкесі Ысқақ пайғамбарды алдап, батасын алған Жақып, Аллаһтан да сөз
алады. Ал кейін пайғамбар болады. Өтірікші адамға Аллаһ көмектесе ме? Адал
Есауға емес, Жақыпқа неге пайғамбарлықты береді.
Нұх
Нұх пайғамбар яхудиліктегі пайғамбарлардың бірі болып табылады. Аллаһ
Нұх пайғамбарға жерді топан су басатындығын, өзіне арнап кеме жасау
керектігін білдіреді. Әрі оған кемені бітіргеннен кейін, топан су
басталмастан бұрын бұрын әр түрлі жануарлардан жұп қылып, кемеге алуға
бұйрық келеді.
Өмір сүріп жатқан жануарлардың әрбіреуінен екі-екіден кемеге алуың
керек. Бірі еркек, бірі ұрғашы болсын. Жыныстарына қарай құстардан,
малдардан және жорғалаушылардан, әр жыныстан екі-екіден сау қалуы саған
келеді-деп Нұхқа айтылады23.
Ал Тәураттың басқа бір бөлігінде Нұхқа: Жер бетіндегі жануарлардың
ұрпағын жалғастыру үшін кемеге әрқайсысынан жеті еркек, жеті ұрғашы ал-
деген әмір бар. Аталған екі нәрсенің қайсысы дұрыс. Нұх пайғамбар әр
жануардан бір еркек, бір ұрғашы алды ма, әлде жетеу-жетеуден алды ма? Мұны
Тәуратты жазған адамдардан сұраған дұрыс шығар.
Сүлеймен
Сүлеймен пайғамбар Дәуіт пайғамбардың ұлы болып есептеледі. Сүлеймен
яһудилердің сенімі бойынша патша да болған. Сүлейменге (ғ.с) қатысты
деректер Сүлеймен мәтелдерінде, Тәураттың өзге бөлімдерінде де қамтылған.
Яһудилер Сүлеймен мәтелдерінің Сүлеймен пайғамбардың жазғандығына
сенеді. Бұл кітап отыз бір тараудан тұрады. Сүлеймен мәтелдерінде
көбінесе нақыл сөздер, афоризмдер қамтылған. Сонымен қатар туыстар
арасындағы байланысқа қатысты мәселелер, патшаларға айтылған насихаттар т.б
қамтылған. Мысалы: Масса патшасы Лэмуэлге анасының берген насихаттары. Бұл
кітаптан өзге Сүлеймен пайғамбардың Нәшиделер нәшидесі атты кітабы бар.
Бұл кітап еврейлердің діни мерекелерінде оқылады. Кітаптың мазмұны
негізінде бір адамның сүйіктісіне жазған махаббат жыры. Мысалы:
1.Мені өз аузымен сүйсін, өйткені сүйгені шараптан әлдеқайда жақсырақ.
2. Мен Сүлейменнің шатыр үйлерінің перделері және Кедар шатыр үйлері
секілді қарамын. Алайда әдемімін, ей иерусалим қыздары!
3. Қара түсті болғаныма назар аудармаңдар. Өйткені мен күнге күйіп
кеткенмін.
4. Ей, сүйіктім, мен сені перғауынның арбаларына жегілген қысыраққа
ұқсатамын.
5. Жүзің, шашың, мойның алқалармен бірге неткен әдемі еді.
6. Аһ, сен неткен әдемі едің, сүйіктім. Көздерің көгершіннің көздері
секілді.
Міне Сүлеймен (ғ.с) жазды деп яһудилер сенетін кітаптың сиқы осындай.
Бұл әрі яһудилердің киелі жазбаларында сақтаулы. Жоғарыда аталған
деректердің Сүлейменге қатысты болуы мүмкін емес. Сүлеймен (ғ.с)-ға
қатысты Тәураттағы өзге деректерге көз жүгіртейік. Мысалы:
Аттар мен соғысқа (майданға) арналған арбалар үшін Сүлейменнің төрт
мың қорасы және он екі мың атты әскері бар еді.
Немесе: Сүлейменнің соғыс арбаларға жегілетін аттарға арналған қырық
мың қорасы және он екі мың атты әскері бар атты әскеріне бөліп қойған
орындар бар еді 24.
Нәтижеде Сүлеймен пайғамбардың қоралары төрт мың ба, әлде қырық мың ба?
Мұны Тәуратты жазған тарихшылардан сұрағанымыз жөн шығар.

Зәбур
Зәбур араб тілінде кітап, ал ибрани тілінде хат деген мағынаға
келеді. Еуропада кітап ретінде аты жоқ. Септагинт кітабында әртүрлі
бөлімдер өлең (грекше псалмос) деп аталғаны үшін, толығына өлеңдер
(ағылшынша псалмос) деп аталуы әдетке айналды.
Өлеңдерде адамдарға жақсылықты, туралықты, мінез-құлыққа байланысты
қасиеттерді үгіттейтін өсиеттер бар. Яһудилердің және христиандарда
ғибадаттарында және күнделікті өмірлерінде өлеңдер маңызды орын алады.
Шайтанға еріп кету қаупі туғанда, қиыншылықта, көңілсіз болғанда,
жалғыздық, уайым, ауру кезеңдерінде осы өлеңдерден белгілі өлеңдер оқылады.
Ислам дінінің сенімінде зәбур Дәуіт пайғамбарға берілген тәңірлік
кітаптардың бірі. Яһудилікте Дәуіт патша болып есептеледі. Ал Ислам дінінің
сенімінде Дәуіт патша әрі пайғамбар болған. Ислам ғұламалары Зәбур деп
атайтын тәңірлік кітап, яһудилікте тахиилим немесе сефер тахиилим
(өлеңдер) деп аталады. Құран кәрімде Зәбур сөзі үш жерде айтылады.
Сонымен қатар Құранда зубур сөзі де бар. Бұл сөз парақтар мағынасын
қамтыса да, жалпы кітап мағынасын беретін зәбур сөзінің көпше түрі.
Зәбур берілген Дәуіттің аты Құранда он алты рет айтылады, бойындағы
ерекшеліктеріне орай бірнеше рет мадақталады. Дәуітке пайғамбарлық, ғылым,
шешендік, әдемі дауыс, даналық және байлық бітеді. Жер бетінде халифа,
темірден сауыт жасауды білген ұста болған.
Зәбур туралы Құранда, Таурат пен Інжіл сияқты көп мәлімет берілмейді,
тек Дәуітке осындай кітаптың берілгені айтылады. Аллаһ тағала Мұхаммед
пайғамбарға: Нұх (а.с.) және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей
саған да уахи еттік. Сондай-ақ Ибраһим, Исмаил, Исхақ; Яғқуб (а.с.),
ұрпақтарына және Иса, Әйуб, Юныс, Харун және Сүлейменге (а.с.) де уахи
еттік. Әрі Дәуітке(а.с.) Зәбурды бердік дейді. Дәуіт (ғ.с)-ның яһудилер
тарихында орны ерекше. Яһудилердің ең өркениетті дәуірінің негізін салады.
Әрі әйгілі қолбасшылардың бірі болады. Христиандар және еврейлер бұл
өлеңдердің Дәуіт (ғ.с)-ға қатысты екендігіне сенеді. Алайда жүргізілген
зерттеулердің нәтижесінде бұл өлеңдердің тек бір бөлігі ғана Дәуіт (ғ.с)
қатысты екендігі анықталған. Өлеңдер жүз елу өлеңнен құралған. Олардың
жетпіс үші Дәуіт пайғамбарға, он екісі Асафтықтарға, он екісі
Корахтықтарға, біреуі Мұсаға (ғ.с), екеуі Сүлейменге (ғ.с), біреуі біреуі
Етанға және біреуі Иедутунға қатысты. Қалған өлеңдердің кімге қатысты
екендігі белгісіз. Әрі өлеңдердің құрылысында кемшіліктер және қателіктер
өте көп. Мәтіндер өте ескірген әрі көптеген түзетулер енгізілген.
Яһудиліктегі өлеңдер мен христиандықтағы өлеңдер арасында көптеген
қайшылықтар бар. Өйткені христиандықтағы өлеңдер негізгі түпнұсқасы грек
тілінде жазылған. Негізінде бұл өлеңдер ибрани тілінден грек тіліне
аударылған аударма болып есептеледі. Қайшылықтардың тууының негізгі себебі:
1.Ибрани тілінде жазылған өлеңдердің дұрыс жиналмауы.
2. Ибрани тілінде жазылған өлеңдердің дұрыс жазылмауы.
3. Аудармашылардың дұрыс аудара алмауларынан.
Жоғарыда айтып өткен мәселелерді көз алдымызға әкелгенде, қазіргі
таңдағы қолымыздағы Көне Өсиет ішінде орын алған өлеңдер, Құранда
айтылған Зәбур бола алмайды. Яғни Аллаһтың Дәуіт пайғамбарға жіберген
негізгі Зәбур кітабы қазір қолымызда жоқ. Тек Дәуіт (ғ.с)-ның сөздері,
өмірбаяны немесе яһудилердің тарихы болып табылады25. Бұдан өзге Дәуіт
пайғамбарға немесе Дәуіт патшаға қатысты Тәураттағы мәліметтерге көз
жүгіртейік.
Дәуіт пайғамбар сириялықтармен соғысады. Оларды жеңіп, көп шығынға
ұшыратады. Шығынның қаншалықты екендігіне бірге куә болайық: Сириялықтар
Дәуіттің алдынан қашып кетеді. Және сириялықтардан жеті жүз арба
жауынгерлер мен қырық мың атты әскерін өлтіреді.
Немесе Тәураттың басқа бір аятында: Сириялықтар Исраильдің алдынан
қашып кетеді. Дәуіт сириялықтардың жеті мың арба жауынгерлері мен қырық мың
жаяу әскерін өлтіреді26. Қайсысы дұрыс? Жеті жүз арба ма, әлде жеті мың
арба ма? Қырық мың жаяу әскер ме, әлде қырық мың атты әскер ме? Бұған
кінәлі тек Тәуратты жазған тарихшылар ғана болуы мүмкін.
Дәуіт пайғамбар төсегінен тұрып, қыдырып жүрген кезде, жуынып жатқан
Үрияның әйелі Бат-Себаны көреді. Ұнатып қалып, оны шақырып алады. Онымен
жыныстық қатынасқа түсіп, зина жасайды. Әйел Дәуіт пайғамбардан жүкті
болады. Дәуіт әскердің қолбасшысына хат жазып, бұл әйелдің күйеуі Үрияны
алдыңғы сапта соғыстырып өлтіреді. Ал кейін Дәуіт пайғамбар ол әйелге
үйленеді. Дәуіт Натанға айтты: Құдайға қарсы қылмыс істедім-деп. Натан
Дәуітке: Құдай сенің күнәңді кешірді, өлмейсің. Бірақ дүниеге келген балаң
өледі-деді27. Еврейлер аталған деректердің Аллһтың сөзі екендігіне сенеді.
Бұл айтылған нәрселердің барлығы қалайша Аллаһтың сөзі болмақ. Дәуіттің
зина жасауының өзінің таңдаулы қауымына түсіндірудің не қажеттілігі бар.
Немесе Аллаһтың мұндай әрекетті Дәуіт секілді пайғамбар немесе патша да
жасаған, сендерге де жасауға болады дегені ме? Дәуіттің өмірін, тарихын
оқыған адамда зина қылуға да болады, қолдан келсе оның күйеуін өлтіртіп
жіберуге болады пікір қалыптасады емес пе? Аса назар аударарлық жайт бұл
деректер Тәураттың тек еврейлердің тарихы жазылған жылнама екендігіне айғақ
бола алады.
Алғашқы пайғамбарлар (нәвиим ришоним)
Алғашқы пайғамбарлар (нәвиим ришоним) жайлы Яшу, Хакімдер, бірінші және
екінші Самуэл, бірінші және екінші патшалар кітаптарында жазылған.
1. Яшу. Бұл кітап жиырма төрт тараудан тұрады. Кітапта Мұса (ғ.с)-ның
өлімінен кейінгі Яшу пайғамбардың бастауымен еврейлердің құдайдың уәде
еткен аймағына баруы және ол аймақтың еврейлерге бөлініп берілуі жайында
айтылады. Киелі кітаптар жайлы жүргізілген зерттеулерге сүйенсек,
еврейлердің айтқаны секілді бұл кітапты Яшу пайғамбар жазбаған. Өйткені
кітап әр түрлі деректерден құрастырылған. Әрі кейінгі ғасырларда әр түрлі
түзетулер, қосымшалардың енгізілгені анық.
2. Хакімдер. Бұл кітап жиырма бір тараудан тұрады. Кітапта Яшудың өлімінен
кейін болған әрі патшалықтың құрылуына және Самуэлдің балалық шағына
дейінгі оқиғаларды қамтиды. Әсіресе еврейлерге әлеуметтік және діни
тұрғыдан ықпалы үлкен Хакімдердің іс-әрекеттері жазылған. Бұл кітап та
еврейлердің дегені секілді Самуэл пайғамбар жазбаған, кейінгі дәуірлерде
жазылған. Деборанын нәшидесі (5-тарау) және Иотамын сөйлесуі (9, 7-15)
тәрізді тараулар кейінгі Самуэл пайғамбардың кезеңінде емес, кейінгі
дәуірлерде жазылғандығы дәлелденген.
3. Алғашқы және екінші Самуэл. Бұл кітаптың алғашқы және екінші Самуэл деп
екіге бөлінуінің себебі кейінгі дәуірлерде болған. Грек тіліне аударылғанда
негізгі мәтін екіге бөлініп аударылған. XV және XVI ғасырлардан бастап
еврейлер де дәл осы әдісті қолдана бастаған.алғашқы Самуэл отыз бір
тараудан тұрады. Кітап Самуэлдің балалық шағы, пайғамбарлығы, Саулді патша
ретінде тағайындауы, Дәуіт (ғ.с)-мен болған тартыстары, Самуэлдің өлімі
секілді оқиғалар желісін қамтыған. Екінші Самуэл жиырма төрт тараудан
тұрады. Кітапта Дәуіт (ғ.с) патшалығы жайлы жазылған.Алғашқы және екінші
Самуэл кітаптарын еврейлердің айтқанына сүйенер болсаңыз Самуэл пайғамбар
жазған. Алайда алғашқы Самуэлдің өзінде Самуэл пайғамбардың өлімі жайлы
жазылған. Оның екінші Самуэлді жазуы мүмкін емес. Сондықтан басқа
деректерде екінші Самуэлді Натан және Гад жазған деген көзқарастар бар.
Ғылыми зерттеулер алғашқы және екінші Самуэл кітаптарындағы қайшылықтар
және қайталаулардың негізінде аталмыш кітаптардың жалғыз адам емес кемінде
екі адамның жазғандығын дәлелдеді.
4. Алғашқы және екінші патшалар. Алғашқы патшалар кітабы жиырма екі
тараудан, ал екінші патшалар кітабы жиырма бес тараудан тұрады. Еврейлердің
қасиетті жазбаларында аталмыш кітаптар бір кітап болып есептеледі. Кітаптар
Дәуіт (ғ.с)-ның өлімінен Вавилон құлдығына дейінгі болған оқиғаларды,
Сүлеймен (ғ.с)-ның және де өзге патшалардың патшалықтары жайлы жазылған.
Яғни болып өткен тарихи оқиғаларды баяндаған. Кітаптарда қамтылған оқиғалар
төрт жүз жылдық уақытты қамтиды. Әрі кітаптарды тек бір кісі емес, бірнеше
кісі жазған, әрі кейіннен қосылған көптеген қосымшалар, түзетулер бар.
Өйткені бұл кітаптарды жазған адамның төрт жүз жыл өмір сүруі қажет.
Кітаптарды жазған аворлар әр түрлі шығармаларды, кітаптарды қолданған. Бұл
кітаптарға грек тіліне аударылғаннан кейін тағы да қосымшалар, түзетулер
енгізілген. Өйткені грек тіліндегі аудармаларда кейінгі түзетулер,
қосымшалар қамтылмаған28.
Кейінгі пайғамбарлар (нәвиим ахораним)
Кейінгі пайғамбарлар бөліміндегі кітаптар пайғамбарлар атттарымен
аталады. Өйткені Еврейлер сеніміне сүйенер болсаңыз бұл кітаптар
пайғамбарлардың сөздері әрі олардың жазған кітаптары болып табылады.
1. Ишайа. Бұл кітап алпыс алты тараудан тұрады. Кітап Ишайа пайғамбарға
уахи арқылы келген, халқына көрсеткен құтылу жолдарын, әдістерін қамтиды.
Ғылыми зерттеулер аталмыш кітапты үш бөлім ретінде қарастырады. Бірінші
тараудан отыз тоғызыншы тарауға дейінгі бөлімді бірінші Ишайа пайғамбарға,
қырқыншы тараудан елу бесінші тарауға дейінгі бөлімді екінші Ишайа
пайғамбарға, елу бесінші тараудан алпыс бірінші тарауға дейінгі бөлімді
үшінші Ишайа пайғамбарға қатысты деп табуда. Бұған зерттеушілерді
мәжбүрлеген нәрсе кітапта қамтылған тарихи оқиғалардың бірнеше ғасырларда
болғандығы. Ишайа пайғамбар б.д.д 740 жылы пайғамбарлығын бастаған әрі оның
пайғамбарлығы қырық немесе алпыс жылға созылған. Алайда екінші Ишайа
пайғамбарға қатысты бөлімде Вавилондағы құлдыққа қатысты оқиғалар, ал
үшінші Ишайа пайғамбарға қатысты бөлімде Вавилондағы құлдықтан құтылған
халықтың, Палестинадағы жағдайы қамтылған. Кітаптағы аталмыш оқиғалар
зерттеушілердің бұл кітапты тек бір адам емес, көптеген адамдардың жазған
еңбектері деген көзқарас айтуына себепші болған.
2. Иеремия. Елу екі тараудан тұрады. Иеремия пайғамбар б.д.д 645 жылы
дүниеге келген. Бд.д 626 жылы пайғамбарлық келіп, пайғамбарлық міндетін
атқара бастаған. Бұл кітапта Иеремияға келген уахи, хабарлар жайлы,
еврейлердің құтылатындықтарына, және Иерусалимнің құлауы жайында жазылған.
Ибрани (иврит) тілінде жазылған және грек тілінде жазылған Иеремия
кітаптары арасында қайшылықтар, ұқсас емес мәселелер жеткілікті. Қазіргі
қолдағы Иеремия кітабы, Иеремия пайғамбарға қатысты мәселелердің қайта
толықтырылған әрі қайта жазылған кітабы. Бұл кітаптың толықтырылғаны
Вавилонда басылған.
3. Езекиел. Бұл кітап қырық сегіз тараудан тұрады. Кітапта еврейлердің
Вавилон құлдығындағы дәуірде өмір сүрген Езекиел пайғамбардың әр түрлі
оқиғалар жайлы уахилары қамтылған.
4. Хошеа. Бұл кітап он төрт тараудан тұрады. Кітапта б.д.д VIII ғасырда
өмір сүрген Хоше апайғамбардың өмірі, сол шақтағы еврейлердің жағдайы әрі
олардың келешегі жайлы мәліметтер қамьылған.
5. Иеол. Кітапта әр түрлі уахи жолдары арқылы Яхвенің (құдайдың) күнделікті
жасайтын іс-әрекеттері қамтылған. Бұл кітаптың б.д.д IX ғасыр мен б.д.д I
ғасыр аралығында жазылғандығы жайлы әр түрлі көзқарастар бар.
6. Амос. Бұл кітап тоғыз тараудан тұрады. Кітапта б.д.д VIII ғасырда
пайғамбарлық міндетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz