Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
Кіріспе
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
1.2 Бесшатыр және Есік типтес ескерткіштер
1.3 Тасмола мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Қазіргі тандағы Қазақстанның археолгоия ғылымының алдында тұрған келелі міндеттердің бірі-тарихи мұраларымызды обьективті тұрғыда зерделей отырып, ғылыми айналымға енгізуде екендігі сөзсіз.Тарихи сананың ұлттық тарихымызды танып-білуде маңызды орын алатынын ескерсек, бұл ретте археолог-ғалымдарымызға жүктелген міндеттер жеңіл болмасы анық.Еліміз егемендік алған жылдардан бастап тарихымыздың көптеген ақтаңдақ беттері ашылып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіле бастады. Осы негізде археологиялық ізденістер де жаңдана түсіп, отандық ғалым-археологтардың өз міндеттерін нағыз кәсіби дәрежеде атқарып, сүбелі үлес қосып отырғаның айта кеткен орынды. Дегенмен де, аймақтық ерекшеліктерге байланысты басы ашылмаған мәселелер өз шешімін күтуде. Сондай маңызды тақырыптардың бірі- Қазақстанның ерте темір дәуірі ескерткіштерін зерттеу болып табылады. Жалпы ерте темір кезенінің басты көрсеткіші болып табылатын археологиялық ескерткіштердің хронологиялық диапозонының кендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге сақ дүниесі шеңберінде болған тығыз мәдени – шаруашылық байланыстар археологиялық материалдардан да анық көрініс табады. Осы ретте қорғандардың архитектуралық құрылысын, ондағы табылған олжаларды зерттеулер мен топтау мәдени – тарихи кезендерді түйіндеуге және осы мәдениеттерді жасаған сақ тайпаларының даму деңгейін саралауға мүмкіндік туғызады. Қазіргі кезде ел басымыздың жарлығы бойынша құрылған «мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Қазақстан өңіріндегі барлық тарихи – географиялық аймақтарды қорғауға алынуына сәйкес тарихи ескерткіштерге баса назар аударылуда. Ескерткіштерді қайта жанғыртып, оларға ғылыми археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін үкімет тарапынан жыл сайын қаржы бөлінеді, осынын негізінде археологиялық экспедициялар жасақталып тарихтын қыр-сырларын ашуға тырысады.
Оңтүстік, Шығыс Қазақстан және Орталық Қазақстан өңіріндегі ерте темір дәуірінің ескерткіштерінің зерттелуін негізгі екі топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа отандық ғаламдар тобы, оған Черников С.С, Толстов С.П, Грязнов М.П, Андрианов Б.П және басқаларды жатқызамыз. Аталмыш ғалымдар Қазақстан территориясындағы көне ескерткіштерге алғаш болып археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, осының нәтижелерінде бұл өңірлердің археологиялық карталары, хронологиялары, кезеңдемелері мен жаңадан қорымдар ашылды. Екінші топқа тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы археолог ғалымдарды атауға болады. Олар Ақышев Қ.А, Байпақов К.М, Ақынжанов С.М, Самашев З.С, Ә.Х.Марғұлан., М.Қ.Қадырбаев сынды ғалымдар, аталмыш ғалымдар ірі археологиялық экспедициялар ұйымдастырып, онда қазба жұмыстарымен айналысты,бірінші кезекте қирай бастаған және жаңадан салынған құрылыс аймағында орналасқан нысандарға назар аударылуда.

1. Абаев К.И. Скифский быт и реформы Зорострзма.-«Архив ориентан».ХХІҮ. Фраха, 1956, номер 1.11 c.
2. Агеева Е.И. Курганные могильники ранних кочевников северо-восточной части Алма-Атинской области.// Изв. АН Каз. ССР, Сер. истор., археологий, этнографий 1959 вып. 3 ( II), 83-85 сс.
3. Андрианов Б.В. Древние оросительные системы Приаралья. М., 1969, 192-199 сс.
4. Акишев А.К. Курган Иссык. Москва, 1978, 142-145 сс.
5. Акишев А.К. Искусство и идеология саков.А., 1984., 154-156 сс.
6. Акишев А.К., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. А., 1963, 140-141 сс.
7. Акишев А.К., Алпысбаев Х.А., Максимова А.Г.,1978. Исследование в зоне Шульбинского водохранилища // АО 1977 г.24-26 сс.
8. Акишев А.К.,1956.Отчеты о работе Илиской археологической экспедиций 1954 г.// ТИИАЭ АН КазССР.Т.1.15-18 сс.
9. Акишев А.К.,Археология в Казахстане за советский период // СА.номер 4.2-4 сс.
10. Артамонов М.И. Сокровище саков. М., 1973. 55 с.
11. Арсланова Ф.Х. Погребальный комплекс VIII-VII вв. д.н.э. из Восточного Казахстана. Сб. « В глубь веков», А., 1974, 63-67 сс.
12. Арсланова Ф.Х. Работы в Восточном Казахстане // АО 1971.45-47 сс.
13. Археологческие исседования на северных сконах Каратау. Труды ИИАЭ АН КазССР.т.14. Алма-Ата, 1962.14-18 сс.
14. Археологические исседования в Казахстане. Алма-ата, 1973.10-12 сс.
15. Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. Алма-Ата, 1987.58-60 сс.

Мазмұны
Кіріспе
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
1.2 Бесшатыр және Есік типтес ескерткіштер
1.3 Тасмола мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Қазіргі тандағы Қазақстанның
археолгоия ғылымының алдында тұрған келелі міндеттердің бірі-тарихи
мұраларымызды обьективті тұрғыда зерделей отырып, ғылыми айналымға енгізуде
екендігі сөзсіз.Тарихи сананың ұлттық тарихымызды танып-білуде маңызды орын
алатынын ескерсек, бұл ретте археолог-ғалымдарымызға жүктелген міндеттер
жеңіл болмасы анық.Еліміз егемендік алған жылдардан бастап тарихымыздың
көптеген ақтаңдақ беттері ашылып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйелі түрде
жүргізіле бастады. Осы негізде археологиялық ізденістер де жаңдана түсіп,
отандық ғалым-археологтардың өз міндеттерін нағыз кәсіби дәрежеде атқарып,
сүбелі үлес қосып отырғаның айта кеткен орынды. Дегенмен де, аймақтық
ерекшеліктерге байланысты басы ашылмаған мәселелер өз шешімін күтуде.
Сондай маңызды тақырыптардың бірі- Қазақстанның ерте темір дәуірі
ескерткіштерін зерттеу болып табылады. Жалпы ерте темір кезенінің басты
көрсеткіші болып табылатын археологиялық ескерткіштердің хронологиялық
диапозонының кендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге сақ дүниесі шеңберінде
болған тығыз мәдени – шаруашылық байланыстар археологиялық материалдардан
да анық көрініс табады. Осы ретте қорғандардың архитектуралық құрылысын,
ондағы табылған олжаларды зерттеулер мен топтау мәдени – тарихи кезендерді
түйіндеуге және осы мәдениеттерді жасаған сақ тайпаларының даму деңгейін
саралауға мүмкіндік туғызады.
Қазіргі кезде ел басымыздың жарлығы
бойынша құрылған мәдени мұра бағдарламасы бойынша Қазақстан өңіріндегі
барлық тарихи – географиялық аймақтарды қорғауға алынуына сәйкес тарихи
ескерткіштерге баса назар аударылуда. Ескерткіштерді қайта жанғыртып,
оларға ғылыми археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін үкімет тарапынан
жыл сайын қаржы бөлінеді, осынын негізінде археологиялық экспедициялар
жасақталып тарихтын қыр-сырларын ашуға тырысады.
Оңтүстік, Шығыс Қазақстан және Орталық Қазақстан өңіріндегі ерте
темір дәуірінің ескерткіштерінің зерттелуін негізгі екі топқа бөліп
қарастыруға болады. Бірінші топқа отандық ғаламдар тобы, оған Черников
С.С, Толстов С.П, Грязнов М.П, Андрианов Б.П және басқаларды жатқызамыз.
Аталмыш ғалымдар Қазақстан территориясындағы көне ескерткіштерге алғаш
болып археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, осының нәтижелерінде бұл
өңірлердің археологиялық карталары, хронологиялары, кезеңдемелері мен
жаңадан қорымдар ашылды. Екінші топқа тәуелсіздік алғаннан кейінгі
жылдардағы археолог ғалымдарды атауға болады. Олар Ақышев Қ.А, Байпақов
К.М, Ақынжанов С.М, Самашев З.С, Ә.Х.Марғұлан., М.Қ.Қадырбаев сынды
ғалымдар, аталмыш ғалымдар ірі археологиялық экспедициялар ұйымдастырып,
онда қазба жұмыстарымен айналысты,бірінші кезекте қирай бастаған және
жаңадан салынған құрылыс аймағында орналасқан нысандарға назар аударылуда.
Жетісу өңіріңдегі сақ ескерткіштері
1.1Жетісу өңіріңдегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Жетісу өңіріндегі сақ мәдениеттерін зерттеу өзекті мәселелердің
бірі болып табылады. Жетісу өңірі ерте темір кезенінің басты көрсеткіші
болып табылатын археологиялық ескерткіштерінің хронологиялық диапазонның
кендігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар сақ дүниесі шеңберінде болған тығыз
мәдени-шаруашылық байланыстар археологиялық материалдардан да аңық көрініс
береді. Осы ретте қорғандардың архитектуралық құрылысын, ондағы табылған
олжаларды зерттеу мен топтау мәдени-тарихи кезендерді түйіндеуге және осы
мәдениетті жасаған сақ тайпаларының даму денгейін саралауға мүмкіндік
туғызады. Бірақ та бұл археологиялық ескерткіштердің барлығы да осы уақытқа
дейін өз қалпында жетпегендігін ескергеннің өзінде әлі де талай ғылыми
құнды жаналықтар өз ашылуын күтуде. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап
қазақ даласындағы көне ескерткіштерге, табылған олжаларға Ресей ғалымдары
тарапынан қызығушылық арта түсті. Құрамына Сырдария мен Жетісу облыстары
кірген Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуына байланысты осы өлкенің
тарихына түпкілікті ден қойыла басталды. Жетісу жерін зерттеудің алғашқы
кезені 1862 жылғы орыстын ірі ғалымдарынын бірі В.В.Радловтын
зерттеулерімен тікелей байланысты, ол Қапал елді-мекенінің жанынан үш обаны
қазды және кездейсоқ олжалардың жиналуы арқылы жетісуды мекендеген халықтар
жайлы құнды мәліметтер жинайды. Ал 1879 жылы жетісу өлкесінің алғашқы
археологиялық картасы жасалды. Табылған обалар мен қорғандарды сипаттау
жұмыстары мен Н.А.Абрамов және М.В.Флоринский В.В.Бартольд сияқты ғалымдар
айналысты. Осы зерттелген қазба жұмыстардың нәтижелері 1896 жылы
Н.Лыкошиннің археологическое изучение Туркестана до образование
Туркестанского кружка любителей археологий атты еңбегінде жинақталды.
Жүйелі түрде зерттеулер мен табылған олжаларды салыстыра талдау жұмыстары
А.Н.Бернштамның есімімен байланысты. 1936-1952 жылдары Кеңкөл, Қарғалы,
Берікқара қорымдарын да және Шу каналы бойында зерттеулер жүргізген, ол
алғаш рет жетісу ескерткіштерінің тарихи-археологиялық кезендемесін ұсынды.
Исседондардың сақ тайпалық бірлестігінің құрамына енгендігін айта келе,
қола дәуірінен бастап мәдениетті жергілікті халықтың жасағандығын
дәлелдеуге тырысты [17, 210-215 ].
Жетісудағы сақ археологиясының дамуындағы келесі үлкен кезен 1954-
1961 жылдарды қамтиды.1954 жылы тарих, археология және этнография институты
болашақта Қапшағай СЭС-нің су астында қалатын аймақты зерттеу мақсатында
К.А.Ақышев басқарған Іле археологиялық экспедициясын ұйымдастырды. Алғашқы
бір маусымнын өзінде-ақ экспедиция сақтар дәуірі обаларының үлкен тобын
тапты. 1957 жылы жетісу археологиялық экспедициясы зерттеулерін бастайды.
Сақ ескерткіштерін, ортағасырлық қола мәдениетің зерттеу, оның негізгі
міндеттеріне айналды [4, 142-145].
1960 жылдары жетісудағы сақтар ескерткіштерін зерттеу жөніндегі
жұмыстар одан әрі жалғастырылды. Іле алқабы сақтарының мәдениетіне арналған
монографияда К.А.Ақышев сақтар мәдениетінің шығу сауалдарын қарастырып,
жебе ұштарын хронологиялық жағынан топтастырса Г.А.Кушаев жетісу мәдениетін
кезендестіру маңызы бар данықты оқиға Есік обасының ашылуы болды, одан
табылған олжалар сақтар мәдениетінің, олардың мифологиясын, өңері мен
жазуын, әлеуметтік құрылысын зерттеуге тың серпін берді. Алайда жемісті де
қарқынды жүргізген жетісудың ерте темір дәуірі заттай мәдениетін зерттеу,
топтау, жүйелеу, тарихи талдау жұмыстары соңғы жылдары өз жалғасын таппай
қалды. Соңғы жиырма жылдар ішінде Жетісу көшпелілері жайлы мәлімет тек
қазба жұмыстарынан алынған мәліметтер арқылы толықтыруда [5, 154-156 ].
Б. з. б. I мың жылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан сақ
тайпаларының үлкен бір тобының таралып орналасқан орталығы болды, бұлар,
болжамдардың бірі бойынша, тиграхауда-сақ Арал маңында массагеттермен
сәйкестіріледі.
Обалы қорымдардың және петроглифтердің топографиясы мен олардың өте-
мөте көптігі Қазақстан территориясының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін
ежелгі заманда адамдардың түгел мекендегенін дәлелдейді. Үлкенді-кішілі
Сырдария, Іле, Талас, Қаратал, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Қеген және басқа
өзендердің аңғарларында тастан және топырақтан үйілген көптеген обалар
шоғырланған. Олардың дені жүздеген үйінділері бар молалы аландар болып
келеді. Мысалы, Жуантөбе қорымы (Іле өзенінің сол жақ жағалауы) 300 обадан,
Берікқара қорымы (Та-лас өзені) — 500 үйіндіден түрады. Қетпен-Төбе
(Солтүстік Қырғызстан) аңғарында 700 обадан тұратын қорымдар бар. Жетісу
мен Оңтүстік Қазақстанның ғасырлар бойы қалыптас-қан осындай және басқа да
ірі-ірі обалы қорымдарында түрлі уақыттың жерлеу орындары бар.
Биіктігі 20 метрге дейін жететін патша обалары деп аталатын
обалардың кептігі жөнінен Орта Азия мен Қазақстанның басқа да аудандарында
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға тең келері жок. Осындай археологиялық
керіністі керіп, А. Н. Бернштам патша сақтары мен усундер нақ осы
Жетісуды мекендеді деген қорытындыға келді.
Б.з.б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының сақ пира-мидаларында
Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы ең ежелгі, жер үстіндегі ағаш
архитектураның өте сирек кездесетін ескерткіштері- бөренелерден түрғызылған
ірі-ірі жерлеу құрылыстары табылды. Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі
үлкен қорымның құрамына кіретін Есік обасындағы ақсүйек сақтың қабірі
жерлеу ғұрпының байлығымен таң қалдырады.
Берікқара қорымының (Талас езенінің аңғары) үлкен обаларының жер
үйінділерінде әр түрлі дөңгелек, төрт бұрышты, тізбе, комета тәрізді етіп
тастан салған жанама құрылыстары бар. Олар сақ тайпаларының сол кезеңдегі
діни және әлемнің шығуы туралы ұғымдарын керсетеді.
Регионның ежелгі тұрғындарының шаруашылық, тұрмыс салттары туралы
бағалы мәліметтер кіші обаларда - саны жағынан ру-тайпа ақсүйектерінің
обаларынан бірнеше есе асып түсетін қатардағы қауым мүшелерінің қабір
ескерткіштерінде - сақталған.
Қорымдардың материалдарын көптеген кездейсоқ табылған олжалар мен
көркемдік қола бұйымдар көмбелері қазандар, кұрбандық ыдыстары,
шырағдандар, еңбек құралдары, қару және ат-тұрман заттары едәуір толықтыра
түседі. Олардың көпшілігі жануарлар мен андардың, кейде адамның бедерлі
және мүсінді бейнелерімен сәнделген.
Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-жылдар аяғында грек
тарихшысы Геродоттың Тарих деп аталатын еңбегінде және басқа қол
жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия
мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер
одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар массагеттер, каспийші- лер,
исседондар, кейініректе алаңдар, сарматтардан тұрған. Персия патшасы I
Дарийдің Накширустамдағы (Персополға жақын) тас жазуларында Сақ тайпалары
үш топқа:сақ-хаумаваргаларға (хаома сусынын дайындайтын сақтар), Сақ-
тиграхаудаларға (төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар), Сақ-парадараяндарға
(теңіздің арғы бетіндегі сақтар) бөлінеді делінген. Бірінші топтоғы сақтар
Ферғана жерінде мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу
жерін жайлап, скифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы жағындағылар
болған.
Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын
төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ,
қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер.
Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тұлға (Афрасиаб) болған деген
деректер бар. Сақтар көк тәңіріне табынған. Археологиялық қазбаларға
қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білседе, мыс пен қоланы
пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан
құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың дүние жүзіне аңдарды
өрнектеумен әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттық мәдениетті
дамытуға елеулі әсерін тигізді.
Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпалардың аңды салт атпен
қоршалып аулайтыны бейнеленген.
Б.з.б. I мың жылдықтың орта шенінде, яғни сақ заманында
өндірістің мамандырылған түрлері болды. Бұлар руданы өндіру және өңдеу,
темір ұсталығы, темірді құю және зергерлік істер еді. Сақтар темірден
үзеңгі, ауыздық жасауды үйреніп, соғыс құралдарын, қару-жарақтарды, жебенің
ұштарын, қысқа семсерлер-ақинақ, қанжар, ұзын семсерлер, найза, түрлі
балталар жасады. Металл өңдеумен бірге қолөнердің тұрмыстық ыдыс-аяқ жасау,
тас қашау, суйек ою, тері илеу, жіп иіру және тоқымашылықтың түрлері де
болды. Темірден пышақ, металдан ыдыс, балта, темір ілгектер, шоттар,
қашаулар т.б. заттар жасалынды.
Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Батыс Еуропа халықтарымен тығыз
байланыс жасап тұрды. Бұл жөніндегі қазылған ескі молалардан табылған
заттар сақтардың өмірі туралы көптеген мағлұматтар береді. Сақтардың
әлеуметтік қоғамы жөніндегі айтқанда, олардың басты үш топқа бөлінгенін
көрсетуге болады. Бірінші-әскери топтар, екіншілері-ауқатты бай топтар,
діни адамдар, жрецтер, үшіншілері-жай қатардағы сақтар, бұлар кедейлер,
оларға соқа және екі өгіз тән болған.
Қазақстанның әр өлкесінің, соның ішінде жетісудың сақ дәуірінің
ескерткіштерін тіркеу, сипаттау және картаға түсіру жұмыстарын кешенді
түрде, жаңа денгейде жүргізу керектігі туындауда. Сақтар өмір сүрген
уақытта адамнын қоршаған ортадан жекеленіп бөлініп шығуына байланысты Жаңа
дүниетаным қалыптасты. Ірі обалар тек ғана адамды жерлеу орны емес,
сонымен қатар әр уақыт желісінде ғұрыптық рәсімдер орындалған күрделі
жерлеу-ғұрыптық кешен екендігі көрсеткен, үш топтан ғана тұрмағандығы
қазіргі таңда мойындалмаған құбылыс. Сонымен бірге Бернштамнын Қарғалы
шаманның жерлеуін ашуы бұл кезенде діни әдет-ғұрыптарды атқарушылардың-
абыз, шамандардың болғандығын айғақтайды. Сондықтан да осы көзқарастар
тұрғысынан тізбекте орналасқан обаларды жан-жақты, толық түрде зерттеу
арқылы ғылыми түйіндер жасауға болады [ 22, 47-49 ].
Б.з.б. мыңжылдықта жетісу мен оңтүстік қазақстан-болжамдардың бірі
бойынша Тиграхауда - сақтарға баланатын сақ тайпаларының қауымының өзіндік
жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналды. Сақ өркениеті - Орталық және Алдыңғы
Азияның мәдениеті мен өңері жетістіктерінің бірегей синтезі.
Оба қорымдарымен петроглифтер топографиясы және олардың көп болуы ерте
кезде Қазақстан аумағының, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық
игерілгенің көрсетеді. Үлкенді-кішілі Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік,
Шелек, Шарын, Кеген өзендерімен басқаларының аңғарларында көптеген тас
және топырақ обалар шоғырланған. Олардың көбісі жүздеген төмпешіктері бар
үлкен молалы жер болып табылады. Мәселен Жуантөбе қорымы Іле өзенінің сол
жақ жағалауы-300 обадан, Берікқара қорымы талас өзені 500 төмпешіктен
тұрады, Кетпен- төбе алқабында 700 обадан тұратын қорымдар бар. Бұларда
және Жетісумен оңтүстік Қазақстанның басқа да ірі оба қорымдарында адамдар
әртүрлі уақыттарда жерленіп, олар жүздеген жылдар бойында қалыптасқан [23,
110-131 ].
Биіктігі 20 метрге дейін жететін патша обалары дейтіндердің көп
жинақталуы жөнінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға Орта Азияда және
Қазақстанның басқа аудандарында тең келетіні жоқ. Осындай археологиялық
ландшафт А.Н.Бернштамды патша сақтары мен усундер нақ жетісуда мекендеген
деген қорытындыға келген .

Жетісу өңіріндегі ескерткіштерді негізінен екі топқа бөліп
қарастыруға болады. Оның бірінші тобы Бесшатырлық және екінші тобы Есіктік
типтегі ескерткіштер. Бесшатыр қорымы іле өзенінің оң жағасында, шылбыр
қойнауында орналасқан. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы
қиыршақ тас және топырақ үйінділерімен жабылған. Үйінділердің көлеміне
қарай қорым обалары үлкен, орташа және кіші обалар болып бөлінеді. Үлкен
обалардың диаметрі 45 метрден 105 метрге дейін, олардың биіктігі 6 метрден
18 метрге дейін жетіп ауытқып отырады. Орташаларында тиісінше 25-18 және 5-
6 м, кішілерінде 6-18 м және 0,8-2 метр.
Сирек кездесетіндері болмаса, қазылған обалар бұрындары тоңалып
кеткен болып шықты. Дегенмен де Бесшатыр обалары мерзімін белгілеуге
болатын тамаша материал (қанжарлар, жебелердің ұштары) ғана емес, сонымен
қатар қабір үстіне орнатылған іргелі құрылымдардың ерекше бағалы, жаңа
үлгілерін де берді. Диаметрі 104 м, биіктігі 17 м Үлкен Бесшатыр обасы
ерекше. Үйінді төбесі қиық конус тәрізді, жалпақ төбесінің диаметрі 32 м.
Обаның тас жамылғысы табаны жағалай тығыз етіп бірнеше қабат төселген бұл
орасан зор үйінді орнатқан цоколь секілді болып көрінеді. Үйіндінің
солтүстік және оңтүстік жақтарында төменге қарай түсетін ордың ені 2 м, ізі
байқалды. Үйіндінің айналасынан 5-7 м қашықтықтан тас дуал өтеді (ені 2м
және сақталып қалған биіктігі 50-60см). Үйіндімен қатар бір басы көмілген
ірі тас бағандардан (менгирлерден) және үлкен қой тастардан қоршау түрінде
тұрғызылған дөңгелек құрылыстар сақталған. Үлкен обаның айналасында барлығы
94 қоршау бар. Кейбір тік тұрған тас бағандарға қазақ ру-тайпаларының
таңбалары қашап салынған. Обаның солтүстік-шығыс жағында тағыда осындай 7
қоршау бар, олар оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр.
Олардың жанынан қыш ыдыстардың көптеген сынықтары табылды, қыш қазандардың
тұтқалары кездеседі. Қазылған қоршаулардың көпшілігінде тайыз жерден күл-ыс
дақтары табылды, екеуінен сүйек қалдықтары, керамиканың сынықтары мен
моншақтар шықты. Сірә, қоршаулар табыну мақсатына арналып, отқа табынуға
және құрбан шалу ғұрпына байланысты болуы ықтимал.[ 8, 15-18 ].
Бесшатыр үш үлкен обадан тұрады. Бірінші, Үшінші және Алтыншы
Бесшатыр обалары, орташа үш оба мен барлық ұсақ обалар қазылды. Бірінші
бесшатыр обасының диаметрі 52 м, биіктігі 7,6 м, оңтүстік жағынан 8,93 м.
Оба таспен жабылған. Үйіндінің түп жағына тас неғұрлым тығыз қаланған,
обаның төбесі жалпақ. Үйінді үш қабат. Ең үлкені-екінші қабаты, ол
қалындығы 8,5 метрден 13 метрге дейін жететін топырақ пен қиыршық тастан
тұрады. Төменгі қабатының астында Тянь-шань шыршасының өнделген тұтас
бөренелерінен салынған үлкен ағаш құрылыс табылды. Сағана үйілген топырақ
астында жерленген адамның үстіне тұрғызылған, бұл түгелдей жер бетіндегі
құрылыс. Бесшатыр сағанасы сол кезде ағаштан салынған күрделі құрылыс болып
табылады, ол бірнеше бөліктен тұрады олар: дәліз (дромос) қабірдің алдыңғы
кірер аузы және жерлеу бөлмесі. Сағананың барлық бөренелері жақсы өнделген:
бұтақтары мен бұдырлары тегістеліп шабылып, қабығы аршылған. Бөлменің
қабырғасын құрайтын бөренелер мұқият тегістеліп, бір-біріне тығыз
қиюластырылған, бүкіл құрылысты мейілінше тұрақты ету үшін бөренелердің
жуан жұмыр басы қарама-қарсы айқастырылып салынған. Бұрыштарында бөренелер
бір-біріне тек түйісіп қана тұрады және өзара бекітілмеген сондықтан
Бесшатыр құрылысы дағдылы түсініктегі қима емес. Бөренелерде қашау мен
Пышақ іздері жақсы сақталған-олардың екі шеті мен ортасында кертік бар.
Жерлеу бөлмесінің бөренелерден тұратын төбесі жалпақ шиден есілген
арқандармен буылған қамыс төсеніш қабатымен жабылған. 14 обаны қазған кезде
жерлеу құрылымының жаңа үлгісі ашылды. Обаның жерлеу құрылысының негізі -
ұсақ қиыршық тастар араластырып топырақтан тұрғызылған қабырғалар.
Қабырғалар Бөренелермен үш қатар етіп жабылған, бөренелердің төменгі екі
қатары Тянь-шань шыршасынан, ал жоғарғы қатары жете бөренелер. Бөренелермен
жабылған төбесінде таспен бұтадан және сексеуілдің шырпысынан он алты қатар
етіп күмбез тәрізді жаппа жасалған. Мазардың негізі төртбұрышты, ал төбесі
дөңгелек күмбез сияқты болған. Қабірдің шығыс жағында есігі болып есіктің
екі жағында жерге тігінен көмілген қос-қостан екі бағана тұрған. Қос
бағаналар бір-бірімен қазықтармен бекітілген мейлінше берік болуы үшін
бөренелер шиден өрілген жуан арқандармен байланып тасталған. Кірер ауыздың
төбесін бөренелердің үстінен ши арқандармен болған екі қабат төсенішпен
жапқан қабірдің лақытына кірер жердің жанына жуан бөренің кесіндісі
қойылған. Лақыттың еденінде адамның шашыраған сүйектері жатыр [9, 2-4 ].
Бесшатыр қорымы б. з. б. I мың жылдықтың орта шеніндегі Жетісу
ескерткіштері жөнінде неғұрлым толық түсінік береді. Ол Іле езенінің оң жақ
жағасында Шылбыр қойнауында орналасқан және 31 обадан түрады; олардың 21-і
таспен, ал 10-ы қиыршық тас және топырақ үйінділерімен жабылған.
Үйінділерінің көлеміне қарай қорым обалары үлкен, орташа және
кіші обалар болып белінеді. Үлкендерінің диаметрі 45 метрден 105 метрге
дейін, биіктігі 6 метрден 18 метрге дейін өзгеріп отырады орташаларынікі
- соған сәйкес 25- 38 м және 5- 6 м, кішілерінікі - 6- 18 және 0,8- 2 м
диаметрі 104 м және биіктігі 17 м Үлкен Бесшатыр обасы ерекше. Қорғанның
қиық конус түріндегі тас жамылғысы табаны жағалай тығыз етіп бірнеше қабат
төселген, бұл - орасан зор үйінді орнатқан цоколь секілді болып көрінеді.
Үйіндінің солтүстік және оңтүстік жақтарында ені екі метрлік орлар
байқалады. Үйіндіні айналдыра тас дуал тұрғызылған. Үйіндімен қатар бір
басы көмілген ірі тас бағандардан (менгирлерден) және үлкен қой тастардан
қоршау түрінде тұрғызылған дөңгелек құрылыстар салынған. Үлкен обаның
айналасында барлығы 94 қоршау бар. Қейбір тік тұрған тас бағандарға ру-
тайпа таң-балары қашап салынған. Қүл қалдықтарына, қыш ыдыс сынықтарына
қарағанда, қоршаулар отқа табынушылық пен құрбан шалу ғұрпына байланысты
болған.
Бесшатырда үш үлкен, үш орташа оба және кішкене обалардың бәрі
қазылып ашылды. Бірінші Бесшатыр обасының диаметрі 52 м., биіктігі 7,6 м.
Үйінді астынан аршылған Бесшатыр қабірі бірнеше бөліктерден: дәлізден
(дромостан), қабірдің алдыңғы кірер аузынан және жерлеу бөлмесінен тұратын,
өз заманындағы жер бетіндік күрделі ағаш құрылыс болып табылады. Бөлменің
қабырғасын құрайтын бөренелер бір-біріне тақап қиюластырылған бүкіл
құрылысты барынша орнықты ету үшін бөренелердің жуан түп жағын ерсілі
қарсылы кезектестіріп қалаған.
Жерлеу бөлмесінің бірқатар бөренелерден тұратын жалпақ төбесі
шиден есілген арқандармен буылған қамыс төсеніш қабатымен жабылған.
Жерлеу жоралғысынан кейін бөлмеге кіретін ауыз ірі тастармен бекітіліп, ал
дәліздің бөлінген жерлері төбесіне дейін жабайы тастарды қиыршық тастармен
араластырып толтырылған болуы ықтимал. Тек осыдан кейін барып жерлеу
құрылысының үстіне ірі тастар мен қиыршық тас аралас орасан зор үйінді
үйілген.
Екінші бір үлкен обаның тас үйіндісі астында сол кездеп жердің
бетінің деңгейінен 2 метрдей тереңдікте жер асты жолдарынын жүйесі болды.
Олар жердін негізгі жынысында қазылған және негізгі бағыттаушы кірер аузы
мен жанама тармақтардан тұрады. Жолдардың күмбезі жарты шеңбер тәрізді,
жер асты жолдарының биіктігі метрден астам, ені 75—80 см. Қабыр-ғалардың
кей жерлерінде кішігірім кертпеше ойықтар жасалған, олардың жанындағы ыс
іздері бұл ойықтарда жер астында жұмыс істеген жер қазушыларға жарық
түсіретін май шырақтардың тұрғандығын дәлелдейді, жанама тармақтарда
құрбандық шалудың қалдығы - мал сүйектері табылған. Негізгі жолдың жанама
тармақтарды қосқандағы жалпы ұзындығы 55 м.
Бесшатыр хронологиясы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz