Жеке тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру туралы



КІРІСПЕ

1 «НҰРБАНК» БАНКІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

2 ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ НЕСИЕЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Халықты ипотекалық несиелеу
2.1.1 «Нурбанк» АҚ «Нур Жаусын» ипотекалық несие бағдарламасының жалпы белгілері

2.2 Тұтыну несиесін беру
2.2.1 «Нурбанк» АҚ «Классикалық» несие бағдарламасының жалпы белгілері
2.2.2 Жалақы несиесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
ҚОСЫМША
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы. Банктер нарықтық экономикада ең басты қаржылық делдалдар болып табылады. Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі – несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен, қазіргі түсінікте “ коммерциялық банк” - бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.
“ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” заңның 1-бабына сәйкес, “банк –осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”.
Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәкес банктік операцияларға мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың крреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
1 «Банк ісі» С.Б.Мақыш
2 «Ақша, несие, банктер» Сейтқасымов
3 «Ақша айналысы және несие» Оқу құралы Алматы: Издат-Маркет, 2004.
4 «Коммерциялық банктер операциялары» Оқу құралы. Алматы: Издат-
Маркет, 2004.
5 « Қаржы және несие» Оқу-әдістемелік құралы Алматы:
Қазақ университеті, 2000.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 НҰРБАНК БАНКІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

2 ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ НЕСИЕЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Халықты ипотекалық несиелеу
2.1.1 Нурбанк АҚ Нур Жаусын ипотекалық несие бағдарламасының жалпы
белгілері

2.2 Тұтыну несиесін беру
2.2.1 Нурбанк АҚ Классикалық несие бағдарламасының жалпы белгілері
2.2.2 Жалақы несиесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз
құрылымы. Банктер нарықтық экономикада ең басты қаржылық делдалдар болып
табылады. Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің
саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды
сатып алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің
кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты
белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда
кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады.
Банктің негізі деп оның басты өнімі – несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен, қазіргі түсінікте “ коммерциялық банк” - бұл ерекше өнім
шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада
төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып
табылады.
“ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” заңның 1-бабына сәйкес,
“банк –осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық
ұйым болып табылатын заңды тұлға”.
Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты
қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәкес банктік операцияларға
мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың крреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта
санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен
байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін
және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару
шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің
тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп
айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша
және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы
қағаздарын басқару;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау,
сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және
клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған
бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін
көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға
беру;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен
жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнота мен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және
жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;
Мен дипломға дейінгі тәжірибемді еліміздің ең танымал банктерінің бірі
Атырау қаласында орналасқан Нұрбанк АҚ Банкінің бөлімшесінде өттім.

1 НҰРБАНК БАНКІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Нұрбанк АҚ ы 1992 жылы 3 тамызда Атырау қаласында құрылды. 2003 жылы
бас Банк Алматы қаласына ауысты.
Аз уақыттың ішінде Нұрбанк кішігірім аймақтық банктен республикалық
деңгейге көтеріліп, Қазақстанның басты он банкінің қатарынан орын алды.
Бүгінгі күні банк басты көрсеткіштер қатары бойынша 8 жайғасымды иеленуде.
Халықаралық рейтингтік агенттіктер, аудиторлар мен шетелдік инвесторлар
әрдайым банктің активтерінің сапасын, тәуекел менеджмені жүйесі мен Банкің
автоматизациялау деңгейін жақсы бағалап келеді.
Банк бұтақталған филалдар желісін құрған: Қазақстанның барлық негізгі
аймақтарында банктің 16 филиалы және 34 әмбебап банктің қызмет көрсету
орталықары бар.
Банктің бизнес принципері мен құндылықтары
• Нәтижеге бағытталу
• Жауапкершілік
• Кәсібилік
• Динамикалық
• Инициативалық
• Инновациялық
• Ашықтық
Нұрбанк бизнес ерекшелігі мен қаржылық мүмкіндікерді ескеретін жеке
кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуде.
Шағын және орта бизнес үшін несиелеу бағдарламалары:
• МСБ ЭКСПРЕСС –жылдам 3 күн ішінде дайын болатын несие. Займның
максималды сомасы 3000000 дейін; мерзімі 18 айға дейін; автокөлік және
және айналымдағы тауарды қамтамасыз ету үшін;
• МСБбизнес айналым қаражатын толтыру немесе негізгі құралдары алу үшін;
займның максималды сомасы 360 000 000 теңгеге дейін, мерзімі 5 жылға
дейін;
• МСБ МҮЛІК бизнес жүргізу үшін мүлік саып алу, қарыздың максималды сомасы
360 000 000; басапқы жарна 20%; мерзімі 7 жыл; бастапқы жарна болмаған
жағдайда қолда бар мүлік кепілдікке алынады;
• МСБ Авто көлік құралдары мен арнайы техникаларды сатып алу үшін.
Максималды қарыз мөлшері 360000000 дейін алғашқы жарна сатып алынатын жаңа
көлік пен техниканың 20% ы, бұрын эксплуатацияланған көлік пен арнайы
техникалардан 30 %. Қарыз алу мерзімі 5 жыл.
• МСБ КАПИТАЛ бастапқы бизнесті қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастырады.
Максималды қарыз мөлшері 7000000; мерзімі 5жыл. Негізгі қарызды өеу
бойынша жеңілдікті кезең 3 ай.
• Овердрафт 1 айға дейінгі жылдамдықты несие, максималды қарыз мөлшері
соңғы 3 айдағы Банктегі орташа айлық айналымының 25-30% дейін мөлшерде.
Нұрбанк сонымен қатар Қазақстандағы саудалық қаржыландыру нарығында
белсенді қатысушылардың бірі болып табылады. Саудалық қаржыландыру
аумағында бірқатар өнімдермен жұмыс істейді:
1. Шетелдік Экспортті-несиелік агенттік (ЭНА) сақтандыруымен
импортты ұзақ мерзімдік қаржыландыру (3-5 жыл аралығында)
Қаржыландыру шарттары:
- батыстың қаржыландырушы банктерімен несиелік келісімдер аумағында 7 жылға
дейін келісім шарт сомасынан 85%-ы беріледі;
- негізгі қарызды сонымен қатар пайыздық сыйақыны тең үлесте әр жары жылда
өтеп тұру қажет. Сонымен негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікі кезең бар
(жоба ерекшелігіне байланысты 6 айдан 1,5 жылға дейін);
- 1-10 млн. долларға дейінгі ірі жобалар қаржыландырылады.
2. Сауданы қысқа және орта мерзімге қаржыландыру (720 күн)
Пост- қаржыландырумен аккредитивтер –банк клиенттеріне, түрлі тауарлар
мен шикізаттар немесе қондырғылар импортерлеріне жабылмаған негізде
импорттық аккредеив ашылады. Банк қаржыландыру көзі ретінде оның шетелдік
банк корреспонденттінің несиелік линиясын пайдаланады.
Резервтік аккредеив және банктік акцепт. Банк клиенттері әдетте
импорттық келісім шарттар бойынша авансық төлемдер жасау үшін қарыздық
қаражаттар сұрайды. Дәл осы мақсаттарда Нұрбанк шетелдік банкермен несиелік
келісімдер аумағында резервтік аккредетивтер шығару жолымен импорт
алдындағы қаржыларды тарта алады.
3. Предэкспортық қаржыландыру –қазақстандық экспортерлерді
предэкспорттық қажеттіліктерін қаржыландыру –шетелдік банктердің
несиелік линиялары аумағында Нұрбанк клиенттеріне.
Есептік -кассалық қызмет көрсету
Клиенттік бизнеске қызмет көрсетуді қарастыра отырып, Нұрбанк өз
қызметінің басымды бағыттары ретінде әр клиенттік жеке дара қажетіліктерін
ескере отырып, барынша қолайлы жағдай тудыруға тырысады. Келесідей есептік
-кассалық қызметтерді ұсынады:
- Түрлі валютада ағымдық шоттар ашу;
- SWIFT жүйесі бойынша ұлттық, шетелдік валюталарда аударымдық операциялар
жүргізеді;
- Банк жүйесінде тегін аударымдар;
- Жинақаушы зейнетақы қорларына төлемдер;
- Паспорттық мәмілелерді рәсімдеу;
- Банк котировкасы бойынша валюталарды конвертациялау;
- Клиенттік алғашқы алабы бойынша қолма қол ақшамен қамтамасыз ету;
- Ақшаларды ірілендіру, ұсақтау;
- Сейфтік операциялар.
Компьютерлі модемді Банк Клиент байланысын қолдану арқылы қызмет
көрсету арқылы компьютер мен модем арқылы банктік қызметтердің толық
спектрін алу: Банктегі шоттар бойынша есептік операцияларды жүзеге асыру,
Банктен түскен валюта курсы, бағалы қағаздар котировкасы туралы
хабарламаларды қарау және т.б.
Артықшылықтары:
- Нақты уақыт режимінде төлем құжаттарын редактілеу және басып шығару;
- Бухгалтерлік бағдарламалармен импортэкспорт;
- Клиенттің жұмыс орнын жаңарту, анықтамалықтардың өзгерісі бойынша клиент
тарпынан ешқандай күш жұмсаудың қажеті жоқ;
- Клиент пен Банк арасындағы мәлімет алмасуда толық құпиялылық;
- Уақытты, кеңселік және көлік шығынын үнемдейді.
Бұл жүйе Банктің орта және ірі немесе консервативті клиенттеріне
бағытталған.
Интернет -банкинг дистанционды банктік қызмет көрсету жүйесі
–интернет технология көмегімен банктік қызметтердің толық спектрін ұсыну
арнасы. Есептік операцияларды жүргізу үшін банкке бармай ақ клиентке
оңтайлы уақытты банктік шоттардан кез келкен уақытта ақпарат алу.
Артықшылықтары:
- Көпқолданбалы режимде құжаттармен жұмыс істеу;
- Интернет -банкинг жүйесінде жұмыс істеу үшін қызметкерлерге қосымша
оқудың қажеті жоқ, қолданушылар тек Интернет желісінде жұмыс істей білсе
болғаны;
- Төлем құжатын полясын толтырудың автоматты түзету төлем құжатын толтыруда
қате кету ықтималдығын төмендетеді;
- Минималды техникалық талаптар;
- Түсінікті де қарапайым интерфейс
- Локальді мәліметтер компьютер істен шыққан кезде немесе ауысқан кезінде
сақталмай қалады деп уайымдамауға болады.
Клиентке Банкпен келісім шартқа отырғаннан кейін жүйеге өз бетінше
қосылса болғаны.
Заңда тұлғаларға уақытша бос қаражаттарын депозитке салудың ұтымды
шарттары берілген:
1. Инвестициялық - жоғары ставкалы, капиталын қосымша толтыру және
көбейту мақсатында жарналар салуға болатын салым. Салу мерзімі: 1-
12, 15,18,24 және 36 ай; салым валютасы: теңге, доллар, евро.
Минималды сома: 5 000 000 тенге, 40000 доллар немесе 30000 евро;
қосымша жарна шексіз, сыйақыны төлеу: мерзім соңында.
2. Оптимальный қосымша жарналар мен қаже болған жағдайда
бөлшектеп алу мүмкіндігі бар салым. Мерзімі: 1-12,
15,18,24,36,42,54 және 60 ай; салым валютасы: теңге, доллар,
евро. Минималды сома: шексіз; бөлшектеп алу: төмендетілмейтін
қалдық шегінде; сыйақыны төлеу: таңдамалы мерзім соңында немесе
ай сайын; қосымша: Visa Bussiness корпоративті төлем карточкасын
рәсімдеу.
3. Еңбек капиталы жұмыскердің тұрақты тұрғылықты еліне еңбек
келісім шарт мерзімі аяқталуы бойынша шетелдік жұмыскерді
қайтаруға кепілдікі қамтамасыз ету мақсатында салынатын салым.
Мерзімі: келісім шарт уақыты аяқталғанға дейін; салым валютасы:
теңге, доллар, евро. Минималды сома: шексіз; сыйақыны төлеу: ай
сайын;
4. Жер қойнауын пайдаланушының қоры ҚР дағы жер қойнауын
пайдаланушы бойынша операцияларды болдырмау үшін құрылатын жою
қорын құру мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салатын салым.
Мерзімі: келісім шарт уақыты аяқталғанға дейін; салым валютасы:
теңге, доллар, евро. Минималды сома: шексіз; сыйақыны төлеу: ай
сайын;
Нұрбанк сондай ақ карточкалық өнімдер қатарын ұсынады:
1. Жалақылық жоба фирма қызметкерлерінің жалақысын Visa Нұрбанк
пластикалық картасының шотына аудары бойынша қызметтер.
Компания үшін артықшылықтары:
- Қолма қол ақшаларды алу, тасымалдау (инкассация), сақтау бойынша
шығындарды азайту, қауіпсіздік;
- Кәсіпорын жұмысшылары жалақы алу күндері өндірістен кетпейді;
- Қағаз құжат айналымын қысқартады: ведомостер, шығындық ордерлер және
т.б. толтыру;
- Кассалық қызметкерлердің екбек ақысын қысқартып, оларды басқа
қызметтерге пайдалану;
- Карточка арқылы демалыс ақыларын, жол сапарлық аванстық шығындар және
басқа төлемдерді жасау мүмкіншілігі;
- Кәсіпорын жұмысшыларының жалақы сомалары туралы мәліметтердің
құпиялылығын қамтамасыз ету;
- Компания қызметкерлерінің карт шоттарына ақша қаражаттарының күнбе күн
дәл түсуі.
Компания қызметкерлері үшін артықшылықтары:
- Қолма қол ақшаны тәуліктің 24 сағаты бойы ала алу:
- Visa логотипі бар бүкіл жер жүзінде;
- Нұрбанк АҚ филиалдары мен банкоматтарында және Қазақстан Халық
банкі АҚ банкоматтарында тегін;
- Сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарында Қазақстанда ғана емес Visa
логотипі бар бүкіл әлемде төлем жасау мүмкіндігі;
- Орташа айлық жалақының 70 %-ы мөлшерінде қалпына келтірілетін несие
лимитін рәсімдеу мүмкіндігі;
- Нұрбанкте ақша жинау мүмкіндігі;
- Банк банкоматтары көмегімен Alma TV, Beeline қызметтеріне төлем
жасау;
- Банк ішінде картадан картаға бір сәттік аударымдар жасау.

2 ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ НЕСИЕЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 Халықты ипотекалық несиелеудің мәні

“Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы” ҚР заңына сәйкес “ипотека – кепіл
берушінің немесе үшінші бір тұлғаның иелігінде және пайдалануында болатын
кепілге салынған жылжымайтын мүлік” деп берілген.
Ипотекалық несие - жылжымайтын мүлікті кепілге алып берілетін несиені
білдіреді. Жылжымайтын мүлікке жер, тұрғын үй, өндіріс ғимараты және т.с.с
жатады. Ипотекалық несиелеу тұтыну несиесінің түрлеріне қарағанда біршама
күрделі процессті білдіреді.
Халыққа берілетін ипотекалық несиені үш түрге бөлуге болады:
1) тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін ипотекалық
несиелер;
2) тұрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық
несиелер;
3) тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер.
Ипотекалық несиелеу үрдісі бірнеше кезеңдерден тұрады. Мысалға,
Казақстан ипотекалық компаниясының (ҚИК) бағдарламасы бойынша тұрғын үй
несиесін алу мынадай сатыларды қамтиды:
1-кезең. Алдын ала біліктілігін (квалификация) анықтау, яғни бұл
кезеңде клиенттің несиелеу шарттары туралы қажетті ақпараттарды алу және
ипотекалық несие алуға байланысты мүмкіндігін анықтау жүзеге асады. Алдын
ала біліктілікті анықтау үшін клиент ҚИК-на (Алматыдағы) барып өтуге немесе
Компанияның кез келген серіктес-банктерінің есеп айырысу-кассалық
бөлімдерінен өтуге болады.
2-кезең. Несиенің сомасын анықтағаннан кейін және банкке берген
ақпаратты тексергеннен кейін қарыз алушының қаржылық мүмкіндігіне қарай
және несие берушінің талаптарына сәйкес пәтер таңдалады. Сонымен, тұрғын
үйді сатушы мен сатып алушының арасында тұрғын үйді сатып алу, сату туралы
алдын ала келісімшарт жасалады. Несие беруші несиенің қайтарылуын
қамтамасыз ететіндей етіп, тұрғын үйді бағалайды, сондай-ақ қарыз алушының
бастапқы салымы мен берілетін несиенің сомасын есептейді. Егер тұрғын үй
банктің барлық талаптарынан шықса, онда оны кепіл заты ретінде қабылдайды.
Бағалауды мемлекеттік лицензиясы бар тәуелсіз бағалаушы жүзеге асырады.
Тұрғын үйді бағалау, яғни ипотека затының нарықтық құнын анықтау
мақсатында жүзеге асады. Несие алатын тұрғын үй таңдалған соң, бағалаушы
өзінің қызметі үшін ақы төленген жағдайда тұрғын үйге тәуелсіз бағалауды
жүргізеді, ал банк бағалау құнын беретін несие сомасымен салыстырады. Банк
бұл жерде бағалау құнын есепке ала отырып, оның болашақта әр түрлі
факторлардың ықпалына байланысты өзгеруін болжай білу керек.
Жер телімшесі бар үйді бағалауды ғана Жылжымайтын мүлік орталығы
РМК жасайды.
Жылжымайтын мүліктің құнын бағалауда үш негізгі әдіс қолданылады:
1. Шығындық әдіс. Бұл әдіс 5 сатыдан тұрады:
- жердің құнын бағалау;
- ғимараттың, қосымша құрылыс объектілерінің ағымдағы құнын бағалау;
- моральдық және заттай тозу шамасын бағалау;
- тозу құнын белгіленген құнынан шегеріп тастау;
- жер құнын ғимараттың құнына қосып, мүліктің жалпы құнын бағалау.
2. Табыстық әдіс. Бұл әдіс күту принципіне негізделеді, яғни
жылжымайтын мүлікті сатып алушының алдағы уақытта табыс алатынын есепке
алып, мүлікті бағалайды. Мұндай бағалау төмендегідей кезектілікпен
жүргізіледі:
- жыл сайынғы жалгерлік табысты бағалау;
- бос қалған орындарды ұстауға кететін және жалгерлік ақы жинауға
жұмсалатын шығындар шегеріліп тасталады;
- мүлікті пайдалануға жыл сайын жұмсалатын шығыстарды шегеріп тастап,
таза пайдалану табысын анықтайды;
- мүліктен алатын табысының бағасын анықтайды; Бұл капиталдану нормасы
таза пайдалану табысының мүлікті нарықта сату бағасына қатынасы
арқылы анықталады.
- Капиталдану нормасы және таза пайдалану табысы негізінде мүліктің
құны мынадай формула бойынша есептеледі:

Мүлік құны = Таза пайдалану табысы
Капиталдану нормасы

3. Сатуды тікелей салыстырмалы талдау әдісі. Бұл әдіс нарықтағы
субъектілерінің жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілесіне негізделеді.
Бағалау процедурасының негізгі кезеңдері төмендегідей:
- жылжымайтын мүлікті бағалауға, сатуға байланысты жасалған мәмілелер,
ұсыныстар туралы ақпараттар жинау мақсатында нарықты зерттеу;
- ақпараттың шынайылығын растау мақсатында ақпаратты таңдау;
- жылжымайтын мүлікті бағалауға сәйкес келетін өлшем бірлікті таңдау
және әр таңдалған өлшем бірлігі бойынша салыстырмалы талдау
жүргізу;
- нарықта сатылатын сол типтес мүліктің жекелеген элементтерімен
бағаланатын объектіні салыстыру.
Жылжымайтын мүлікті бағалауда пайдаланылатын әрбір әдістердің
артықшылықтары мен кемшіліктерін мынадай критерилерге байланысты
анықталады:
1) Талдау жасалатын ақпараттар түрі, сапасы және ауқымдылығы;
2) Мүліктің құнына ықпал ететін ерекше факторлардың ескерілуі;
3) Жылжымайтын мүлік нарығындағы жалпы экономикалық жағдайды есепке
алу;
4) Қарастырылатын аудандағы экономикалық, саяси және физикалық
күштердің ықпалын есепке алу.
3-кезең. Андеррайтинг жүргізу кезеңі. Андеррайтинг - қарыз алушылардың
төлем қабілеттігі мен несиелік қабілеттігін анықтай отырып, оларды таңдауға
мүмкіндік беретін шаралардың кешені. Бұл кезеңде клиент таңдаған банк, оның
алатын қарызды қайтару қабілетін және оның берген мәліметтерінің
шынайылығын тексереді.
Қарыз алушы туралы барлық ақпараттарды жинақтағаннан кейін банктер
андеррайтинг процедурасын жүргізеді. Біріншіден, қарыз алушының тапсырған
құжаттарының заңи жағынан шынайылығы тексеріледі. Құжаттарды тексеру және
талдау нәтижелері байынша заң қызметкерлері мен қауіпсіздік қызметкерлері
несиелеу бөлімшелеріне қорытынды жазып береді. Қаншалықты несие ұзақ
мерзімге берілетіндіктен қарыз алушы алған несиесін қайтара ала ма не жоқ
па деген сияқты сауалдарға жауап іздестіру мақсатында несиелеу бөлімінің
мамандары қарыз алушының құжаттарына қаржылық талдау жүргізеді. Ең бастысы
қарыз алушының жұмыспен қамтамасыз етілуі жағдайына мән береді. Ол үшін
мынадай өлшемдерге көңіл аударады:
1) Қарыз алушының кемінде екі жыл ішінде бір мамандықты атқаруы немесе
егер, үзіліс болған жағдайларда, оның себептерін түсіндіру талап
етіледі. Қарыз алушының потенциалдық мүмкіндіктері, оның кәсіби
өсуімен, білім алу деңгейімен, біліктілігімен, жасын мөлшерімен
сипатталады.
2) Соңғы екі жылдағы жұмыспен қамтамасыз етілу тұрақсыздығы анықталған
жағдайларды, мынадай факторлар ескеріледі:
- жұмысты ауыстырудың бір немесе бірнеше қызмет аясында болуы;
- жұмыстың ауыстырылуының кәсіби өсуге байланыстығы.
Кейіннен банк клиенттің несиелік қабілетін анықтайды. Айталық, қарыз
алушының жеке басының сапасы және заңды құқықтарына баға беріледі. Жеке
басының сапасын бағалауда, қарыз алушының өмір сүру жағдайына мән береді.
Қарыз алушы банкке өзінің беделі, денсаулығы, білімі, ұйымдастыру қабілеті
туралы ақпараттар беруге тиіс. Егер қарыз алушы банктің клиенті болса, онда
басқа банктермен аталған клиент арасындағы несиелік қарым-қатынастарға мән
береді.
Несиелік қабілетті бағалау екі негізгі әдіспен жүзеге асады:
1. Сараптамалық бағалау әдісі. Бұл әдіс қарыз алушының несиелік
қабілетін бағалаудағы жалпы экономикалық тәсілдерді қамтиды.
Ақпаратты талдай отырып, сараптаушылар ипотекалық несиені беру
туралы мәселені шешеді.
2. Баллдық жүйе әдісі (несиелік скоринг әдісі). Бұл әдіс саратаушылық
әдіспен бағалауға қарағанда біршама объектвиті және үнемді шешім
қабылдауға мүмкіндік береді. Мұндағы басты қиындық, қарыз алушының
несиелік қабілетін балдық жүйе әдісімен бағалаудың статистикалығы,
бұл өз кезегінде несиелік шарттың орындалу үрдісіндегі өзгерістерді
ескеріп, ақпаратты үнемі жаңартып отыруды көздейді.
Несиелік скоринг негізінде қарыз алушының несиелік қабілетін шынайы
бағалауда американ экономисі - Д.Дюран үлгісін пайдалануға болады. Онда
потенциалды қарыз алушы балын есептеуде мынадай коэффициенттер қолданылады:
- Жасы 20 жастан асса әр жылға 0,01 балл (ең жоғары 0, балл)
есептелді.
- Жынысы әйел – 0, еркек –0 балл.
- Аталған жерде тұру мерзімі: әрбір тұрған жылына 0,042 балл (ең
жоғары –0,42 балл).
- Мамандығы: төменгі тәуекелі бар мамандығы үшін 0,55 балл, жоғары
тәуекелі бар мамандығы үшін 0 балл және өзге мамандықтар үшін 0,16
балл.
- Жұмыс істейтін саласы: мемлекеттік мекемеде, банкте, брокерлік
фирамида, қоғамдық көлік мекемесінде және т.с.с жұмыс жасайтын
болса 0,21 балл.
- Жұмыспен қамтылуы: аталған кәсіпорында жұмыс жасаған әр жылы үшін
0,059 балл (ең жоғары 0,59 балл).
- Қаржылық көрсетікштер: банктік шоты болса 0,45 балл, жылжымайтын
мүлкі болса 0,35 балл, өмірін сақтандыру полисі болса 0,19 балл.
Осы коэффициенттер негізінде Д.Дюран “жақсы” және “жаман” клиенттердің
арасындағы бөлетін шекараны –1,25 балмен анықтайды. Яғни 1,25 балдан жоғары
алса, онда қарыз алушы несиелік қабілетті болып саналады.
Қазақстан банктік тәжірибиесінде ипотекалық несиелеуге байланысты
клиенттің төлем қабілетін анықтау өзінше ерекшеленеді. Қарыз алушының
табыстары мен шығыстарының құрылымын анықтағаннан кейін оның нормативті
және нақты төлем қабілеті бағаланады.
Несие бойынша ай сайынғы төлем сомасыының ең жоғары шамасы қарыз
алуышының табысының 40(-нан аспауы көзделеді.

Ең жоғары төлем сомасы ( Қарыз алушының табыстары 2

Мұнда табыс ретінде қарыз алушының және тең қарыз алушының негізгі
жұмысы бойынша жалақысы қарастырылады.
Несие бойынша төлеуге тиісті ең жоғары соманың есеп айрысу төлемдеріне
қатынасы қарыз алушының нормативтік төлем қабілетін сипаттайды. Мұндай
қатынас 1,0 (немесе 100(-дан) артық болуға тиіс.

Нормативтік төлем қабілеті ( Төлеуге тиісті ең жоғары сома Есеп
айырысу төлемдері

Қарыз алушының ай сайынғы табыстары мен ай сайынғы шығыстарының
айырмасы, оның бос ақша қаражатын көрсетеді, яғни несиені қайтаруға оның
қанша мөлшерде қаражатының барлығын сипаттайды.

Бос ақша қаражаттары ( Қарыз алушыны отбасының ай сайынғы табыстары
Қарыз алушы отбасының ай сайынғы шығыстары

Бос ақша қаржаттарының есеп айрысу төлемдеріне қатынасы қарыз алушының
нақты төлем қабілетін көрсетеді.
Отбасының орташа айлық табысын есептеуде соңғы 12 айлық табыстары
алынады және оны құжатпен растау қарастырылады. Отбасының табыстарына ерлі-
зайыптылардың және жақын туыстарының табыстары жатады.
Табыс алу көздеріне мыналар кіреді:
- негізгі жұмыс орны бойынша алатын жалақы;
- қосымша істейтін жұмысынан алатын жалақы;
- дивидент түріндегі табысы;
- салымдары бойынша сыйақы түріндегі табыстары және сақтандыру
төлемдері;
- зейнетақы және стипендия;
- жалгерлік ақы формасындағы таза табысы;
- алимент және балаларға арналаған жәрдем ақы;
- Сонымен қатар, ай сайынғы шығыстарға да мән беріледі. Несиелік
қаражаттарға сатып алатын тұрғын үйге байланысты ай сайынғы
шығыстарға мыналар жатады: несие бойынша ай сайынғы төлемдер
(негізгі қарызды және сыйақыны қайтару);
- сақтандыруға байланысты ай сайынғы төлемдер (қарыз алушының өмірін
сақтандыру, тұрғын үйді сақтандыру)
- ай сайынғы мүлікке салынатын салық (сатып алынған тұрғын үйге
байланысты);
- айсайынғы коммуналдық төлемдер.
Тұрғын үйді сатып алуға байланыссыз ай сайынғы шығыстар:
- алимент бойынша ай сайынғы төлемдер;
- басқа несиелерді қайтару (осы ипотекалық несиеден басқа);
- міндетті салықтық төлемдер (өзге мүлікке салынатын салықтар, көлік
құралдарына салық);
- өзге де міндетті ай сайынғы шығыстар (тұрғын үйді жалдау,
автомобильді ұстау, өзге де жылжитын және жылжымайтын мүліктерді
ұстау, қызмет көрсету, сақтандырумен байланысты шығыстар; қосымша
медициналық сақтандыру);
Несиелік қаражаттарға сатып алынған тұрғын үйге байланысты шығыстардың
отбасының табыстарына қатынасы 35(-дан аспауы тиіс.
Барлық тұрақты шығыстардың (тұрғын үймен байланысты және байланыссыз
жоғарыда айтылған) отбасының табысына қатынасы 40(-дан аспауы тиіс.
Егер аталған көрсеткіштермен ипотекалық несиеге байланысты төлемдер
қарыз алушының отбасының табысына қатысты 150 АҚШ доллардан кем болса, онда
коэффициенттерді 45( және 50(- ға дейін түзетуге болады.

Нақты төлем қабілеті ( Бос ақша қаржаттары Есеп айырысу төлемдері

Қарыз алушының төлем қабілетін талдау жасау негізінде, оның төлем
қабілеттік рейтингі анықталады:
- жоғары төлем қабілеттілік, яғни нақты төлем қабілеттілік шамасы
200(-дан артық болады;
- қанағаттанарлық төлем қабілеттілік, яғни нақты төлем қабілеттілік
шамасы 120-160( аралығында болады;
- теріс төлем қабілеттілік, яғни нақты төлем қабілеттілік шамасы 110(-
дан төмен көрсеткішпен сипаталады.
Егер төлем қабілеттілік бойынша қарыз алушының нормативтік төлем
қабілеттігі 110(-дан төмен болса, онда ондай қарыз алушыға несие беруден
бас тартылады.
4-кезең. Несиелік сараптама қорытындысын қарау, яғни жеті банктік
күн ішінде несиелеу жобасын қарап, Несиелік комитет шешім қабылдайды.
5-кезең. Келісімшарт жасау – несие берушімен қарыз алушы арасында
келісімшарт жасасу. Сатып алу – сату келісімшартын жасау, сатушымен есеп
айырысу күні тұрғын үйді сатып алу-сату туралы келісімшарт жасалып, сол
күні займ туралы келісімшарт жасалады.
6-кезең. Есеп айырысу күні – несиені беру туралы оң шешім
қабылданған соң тұрғын үйді сатушымен есеп айырысу күнін белгілеу. Сол күні
қарыз алушы өзінің өмірін және сатып алатын тұрғын үйін сақтандыруға,
сондай-ақ бастапқы жарнасын төлеуге тиіс. Қалған соманы банк төлейді.
Сонымен бір айдан кейін қарыз алушы ай сайынғы төлемін жасауды бастайды.
7-кезең. Сатып алатын үді бір жылға сақтандыру. Ипотекалық несиелеумен
айналысатын банктер арнайы сақтандыру бағдарламасын қолданады. Сақтандыру
бағдарламасы екі түрлі сақтандырудан тұрады.
- Жеке басын сақтандыру, яғни өмірін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу ерекшеліктері
Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы
Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру және оның ерекшеліктері
НЕСИЕНІ БЕРУ НЕСИЕНІ ҚАЙТАРУ
Заңды тұлғаларды несиелеу
Жеке тұлғаларды несиелеу мүмкіндігі туралы несиелік тұжырымды құрастыру
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы мәлімет
Қарыз алушының іскерлік беделі
Коммерциялық банктердің несиелік операциясына сипаттама
Пәндер