Құқық нормасы түсінігі және белгілері
ЖОСПАР
Кіріспе
І Құқық нормасы түсінігі және белгілері.
ІІ Құқық нормаларының құрылымы, гипотеза, диспозиция және санкция, оның түрлері.
ІІІ Құқық нормаларының формасы және оның құрылымының нормативтік.құқықтық актісінің баптары мен арақатынасы.
ІV Құқық нормаларының түрлері, құқық нормаларының жіктелу критерийлері.
V Қорытынды
VІ Пайдаланылған әдебиеттер

Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық – жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы. Ал құқықтық норма дегеніміз құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіш, торшасы.
Құқықтық норма – мемелекет тарапынан қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма,
Құқық норма – заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқық норма жария айқындық, нақтылық мәнге ие болады. Оның шешімін табуға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тәуекелев. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, 1999ж.
2. С.Д. Баққұлов. «Құқық негіздері». Алматы, 2004ж.
3. Е. Баенов. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері».
4. Ғ. Сапарғалиев, Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, 1997.
5. Е.Т. Әбілезов, С.М.Рахметов. ҚР-ң қылмыстық құқығы. Алматы, 2001ж.
6. Ғ. Төлеуғалиев. «ҚР-ң азаматтық құқығы». Алматы, 2001.

Жоспар
Кіріспе
І Құқық нормасы түсінігі және белгілері.
ІІ Құқық нормаларының құрылымы, гипотеза, диспозиция және санкция, оның
түрлері.
ІІІ Құқық нормаларының формасы және оның құрылымының нормативтік-
құқықтық актісінің баптары мен арақатынасы.
ІV Құқық нормаларының түрлері, құқық нормаларының жіктелу критерийлері.
V Қорытынды
VІ Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық
қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық – жалпыға бірдей
міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы. Ал құқықтық норма
дегеніміз құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ,
онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіш, торшасы.
Құқықтық норма – мемелекет тарапынан қамтамасыз еткен, қоғамдық
қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын,
олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын
жалпыға бірдей міндетті ереже, норма,
Құқық норма – заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық
белгісін білдіреді. Осыдан құқық норма жария айқындық, нақтылық мәнге ие
болады. Оның шешімін табуға мүмкіндік береді.
І Құқық нормасы түсінігі және белгілері
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік
ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің
билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам
мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық
деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған
нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық
норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді: қоғамдық
мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті,
адамгершілікті. заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы,
халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын т.б. демократиялық іс-әрекеттерді
біріктіреді.
Құқықтық норманың құндылығы:
- құқықтық нормалар қоғамды реттеп, басқарудың құралы, сол арқылы
адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-кқтынастарына дұрыс бағыт беріп
отырады;
- құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал,
нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп
отырады;
- құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап,
қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына
мүмкіншілік жасап отырады;
- құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандықты т.б.
демократиялық қағидаларды қалыптастырады;
- құқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты
жақсартудың құралы.
Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін,
қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма -
құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы дамуының үлгісі деуге
болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың
бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады:
бірінші – адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау -
жоспарлауы (ішкі бостандық); екінші – өз мүдде-мақсаттарын өздері анықтап,
оны өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық).
Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым-қатынастар құқықтық нормалар
арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке
мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп, қоғамның дұрыс, жағымды
дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.
Құқықтық норманың негізгі сипаттары:
1. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетгі, керекті қарым-қатынастарды
реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты,
әділеттікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның экономикалық, саяси,
әлеуметтік, рухани, мәдени т.б. даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады.
Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Конституцияда және заңдарда
көрсетілген.
2. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс-
тәсілдерін алдын ала анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ қатынастың, оны
реттеудің, орындалуының үлгісін жасайды. Міне осы үлгілерді зерттеу
арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
3. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар
дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты
әлеуметтік тұрақты процесті типизация дет атайды. Мұның маңызы өте зор.
Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
4. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы
қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың
дұрыс орындалуына үлес қосады.
Құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын,
маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқарып толық түсінуге
болады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды
күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. Өйткені ол
нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық
көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің өз еркінде, тек заңға
нышан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет
қамтамасыз етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар,
мағыналы, сапалы қарым-қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны
толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны
толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі,
екіншісінде – оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде –
қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе бір толық норма болып
шығады. Мұндай норманың кұрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым
көпшілігі толық түрде болады. Егерде толық болмаса, жетіспейтін
элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Сонымен, құққықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары
мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен
қамтамасыз етілетін ереже-қағида.
Құқық туралы негізгі түсініктер
Норма дегеніміз – бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың
қоғамда қалыптасқан екі түрі бар: әлеуметтік нормалар мен техникалық
нормалар.
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі
құрал - әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің,
мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан қоғамды басқарудың,
қатынастардың құралына айналды.
Бұл нормалардың негізгі түрлері:
• Құқық нормасы.
• Моральдық нормалар: жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-әділетсіздік,
достық-қастық, инабаттылық, парасаттылық, адамгершілік т. б. қасиеттер.
• Саяси нормалар.
• Эстетикалық нормалар.
• Қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже қағидалары.
• Әдет-ғұрып нормалары.
• Салт-дәстүр нормалары.
• Діни, имандылық, инабаттылық нормалары.
Техникалық нормалар – адамдардың табиғатпен, техникамен дұрыс қатынас,
байланыс жүргізу ережелері. Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс
уақытында техникалық нормалардың маңызы өте зор. Табиғатпен байланысты
қоғамның барлық салаларында техникасыз өмір жоқ. Сондықтан адамдардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін
мәселелердін ең күрделісі.
Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі
пікір бар: біріншісі, қоғамның дамуын басқаратын, реттеп отыртын
факторлардың бірі – құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырайды. Бұл пікірді
заңды көзқарас дейді. Екіншісі, бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның
дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді
заңды нигилизм дейді. Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы
нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау деген түсінік.
Сонымен, құқық дегеніміз мемлекет орнатқан және оның күшімен
қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп
ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ
мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік,
мәдениеттік т. б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара-қатынасын
реттеп, басқару;
- халықаралық қатынастарды реттеп, басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі
болады: біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік
дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі – құқықтың
субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін,
басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың негізгі функциялары: реттеу және қорғау.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық
қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-
қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.
Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет
қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы
дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің
шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып
отырады.
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын
қалыптастырады. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екіге бөлінеді: негізгі
заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормалары.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде
немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының
Салық кодексінде нормалардың элементтері 1-ші бабында толық көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік кесімдердің
баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі.

түрлері

қалыптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты,
мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық
нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәрііп
ережелерінің нормасы.

Салық туралы заңында норманың элементтері 1-бабында көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің
баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері:
диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен
міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың діңгегі, құқықтық тәртіптің
үлгісі-моделі. Мысалы, КР, АЗК, 482 б. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен
шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі.
Диспозицияның үш түрі болады:
- жалпылама түрі – нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері айқын
көрсетілмейді; мысалы жұмыссыздық туралы заңда республикалық, облыстық,
аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;
- айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы,
қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;
- сілтеу түрі – диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу
жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті
қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін
жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (КР, ҚК - 7 б.).
Гипотезаның үш түрі болады:
- егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса, мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;
- егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса, ондай гипотезаны – күрделі гипотеза деп атайды;
- егерде норманың, іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы
басталса, мұндай гипотезаны альтернативтік гипотеза деп атайды.
Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз
салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі
болады:
- абсолютті айқын санкция: жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып
төлеу т.б.;
- салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның арасындағы
жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар);
- альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын
қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз
рөлін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егерде нормада бір екі
элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.
Норматавтік актілердің жеке баптарында норманың элементтері толық
болмайды. Конституцияның баптарында тек гипотеза мен диспозиция ғана
болады. Қылмыстық кодексте тек диспозиция мен санкция ғана болады. Іс
жүзінде норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында болуы мүмкін
немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. Оны тауып
алуға болады.
Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері.
1. Тікелей норманың үш элементін (гипотеза, диспозиция, санкция) толық
келтіру. Мұндай тәсіл нормативтік актілердің көбінде қолданылады. Бұл
құқықтық нормалардың іске асуын, орындалуын жеңілдетеді.
2. Сілтеме тәсіл норманың жетіспейтін элементі туралы осы заңның басқа
бөліміне, тарауына, бабына сілтеме жасалады.
3. Бланкеттік тәсіл-норманың жетіспейтін элементі туралы басқа заңға,
қаулыға сілтеме жасау.
Сонымен құқықтық норма, заңның немесе нормативтік актілердің баптарында
элементтердің толық болмауы мүмкін. Оларды міндетті түрде іздестіріп табу
қажет.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл-шаруашылық, құрылыс,
мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.
2. Құқықтың саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя,
азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-процессуалдық т.б.
саладағы нормалар.
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар;
қорғаушы нормалар.
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым
салушы нормалар; ерік беруші нормалар.
5. Норма элементтерінің құрылымына қарай нормативтік актілер үшке
бөлінеді: нақты белгілі нормалар – мазмұны толық анық жазылған элементтері
түгел; салыстырмалы нормалар – мазмұны, элементтері түгел емес, мәселені
болған істің жағдайына қарай шешу; балама (альтернативтік) нормалар – істің
орындалуының, норманың жүзеге асуының бірнеше бағыты, әдісі болуы.
6. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар,
арнаулы нормалар.
7. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының
қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық,
заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағыттағы нормалар.
Міне осы көрсетілген бағыттар бойынша құққық өзінің күнделікті қоғам
өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмұны жағынан құқық нормалары заңдылық
пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту,
жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікірлер мен көзқарастарды жинақтап құқықтың
қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып отырады.
Құқықтық нормалардың мүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бағалау
әдістерімен қатар әкімшілік немесе соттық жауапқа тарту арқылы қамтамасыз
етіледі.

ережелердің ең күрделі түрі.
Құқықтың нысаны – мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу түрлері,
олар:
1. Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында
мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғұрып
нормалары адамдардың қарым-қатынасында ғасырлар бойы қолданылған, өмірде
жан-жақты тәжірибе арқылы қалыптасқан. Мысалы, Ману заңы, орыс правдасы,
Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның Жеті
жарғысы т.б. айтуға болады. Қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де
қазақтың ұлттық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің
шешімдері ұқсас істерді қарағанда, күші бар құқықтық норма ретінде
пайдаланылған. Сонымен қатар, қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық
әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған. Әдет-ғұрып
нормалары арқылы қазіргі кезеңде де дамушы елдерде біраз қарым-қатынастар
реттеліп, басқарылып жатады.
2. Құқықтық прецедент – соттың және әкімшілік органның нақты бір істі -
мәселені қарап, реттеп, шешім қабылдаған кесімдері басқа істерді, реттеп
шешуге негізгі норма бола алады. Бұл шешімдер нормативтік актілердің бір
түрі.
3. Нормативтік шарттар – қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады.
Мысалы: Германия Федеративтік Республикасы мен Германия Демократиялық
Республикасының бірігу шарты, мемлекеттердің арақатынасындағы шарттар,
кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б.
4. Референдумда қабылданған нормативтік кесімдер – заңның бір түрі.
Сондықтан бұл кесімдер құқықтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдум
жалпы мемлекеттік түрде және жергілікті мақсатпен өткізіледі.
5. Нормативті-құқықтық кесім – мемлекеттік органның қабылдаған,
бекіткен кесімі. Қоғамдағы қарым-қатынастардаңы басым көпшілігі осы
нормативтік кесімдер арқылы реттеліп, басқарылады.
Заңдық күшіне қарай нормативтік кесімдер екі түрге бөлінеді: заңдар
және заңға тәуелді актілер. Бұл нормалар мемлекеттік көлемде, қоғамды
басқаратын ең жоғарғы мемлекеттік органның бекіткен құжаттары (президент,
парламент, үкімет т.б.).
Мазмұнына қарай нормативтік актілер қоғамның әр саласына сәйкес
бөлінеді: азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы,
қылмыстық т. б. Сонымен қатар, нормативтік кесімдер бірнеше саланы
біріктіріп реттеп, басқарып отырады. Мысалы, шаруашылық, сауда, әскери,
сауда, теңіздік, табиғат т. б. жүйедегі актілер.
Көлеміне қарай нормативтік кесімдер үш түрге бөлінеді: жалпы қоғамдық,
шектеулі, төтенше актілер.
Кесімдер қабылдаған субьектісіне қарай үшке бөлінеді: Парламенттің
актілері, атқарушы органның актілері, сот билігінің актілері.
Заң – мемлекеттің ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған
ең жоғары күші бар нормативтік кесім. Барлық заңдар және заңға тәуелді
нормативтік кесімдердің Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдігі дейді.
Заңның белгі, нышандары:
1. Мемлекеттің ең жоғарғы басқарушы органы немесе референдумда
қабылданған, бекіткен кесімі.
2. Ең күрделі мәселелер туралы қабылданған кесім.
3. Заңның өзіне тән арнаулы процедурасы бар, ол төрт кезеңнен тұрады:
заң жобасын жасап, ұсыну; жобаны талқылау; заңды қабылдау, бекіту; заңды
жариялау.
4. Заңды ешкім өзгертпейді, толықтырмайды. Тек қана қабылдаған орган
ғана өзгерте алады, толықтырады.
5. Заң – барлық нормативтік актілердің негізі, діңгегі. Қоғамда заңның
үстемдігі қалыптасу керек.

құқықтық актісінің баптары мен арақатынасы
Қазақстан тәуелсіздікке қолы жетіп, егеменді мемлекет құру кезінде
құқықтың даму процесі басталып, аяқталмаған жағдайда нормативтік актілердің
дамуын жан-жақты зерттеп жақсы түсінуге толық мүмкіншілік бар.
Өткен тақырыптарда көрсетілгендей құқық пен мемлекет қоғамның
экономикалық, әлеуметтік даму процесін, жеке және заңды тұлғалардың қарым-
қатынастарын реттеп, басқару үшін өмірге келді. Бұл объективтік процесс.
Сондықтан құқықтың қоғамда қалыптасуы үш бағытта дамиды. Қазақстан
Республикасының құқығы да осы үш бағытта дамуда:
- қоғамда өмірге келіп, қалыптасқан қатынастарды реттеп, басқару үшін
құқықтық нормалар қабылданып, қызмет жасауда;
- қоғамның объективтік даму процесінің болашағын болжап, оларды басқару
үшін алдын-ала нормативтік актілерді дайындау;
- қоғамның өткен дәуірін ғылыми тұрғыдан зерттеп заңды тәжірибелік
қорытындылар жасап, құқықтық нормалардың сапасын жақсарту.
Құқықтық нормалар қоғамның экономикалық-әлеуметтік қажеттіліктері
арқылы өмірге келіп құқықты қалыптастырады. Құқық тек қоғамның әлеуметтік-
экономикалық даму процесін басқарумен шектелмейді. Сонымен бірге адамдардың
және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарында реттеп, басқарып отырады. Осы
процесте халықтың, ұйымдардың қоғамның дамуы қажеттілігін, тиектерін жақсы
дұрыс түсінуін – объективтік құқық дейді. Ал сол объективтік процесті
нормативтік актілер арқылы басқаруды – субъективтік құқық дейді.
Бұл екі процестің арасында тығыз байланыс, бір-біріне тәуелділік, іс-
әрекетінде бірлестік болады. Бұларсыз объективтік және субъективтік процесс
дұрыс, жақсы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz