Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Ежелгі Греция
2. Ежелгі Рим
3. Франк мемлекеті және оның құқығы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Негізгі бөлім:
1. Ежелгі Греция
2. Ежелгі Рим
3. Франк мемлекеті және оның құқығы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Грекия Балкан түбегі мен Кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан. Грекияның өзі Фракия мен Македониядан оңтүстікке қарай созылып жатыр. Грекия үшке бөлінеді: Солтүстік, Орталық жəне Оңтүстік Грекия немесе Пелопонесс. Грекия аймақтары тау тізбектерімен бөлінеді. Афины қаласы теңізден 5 шақырым ғана қашықтықта орналасқан, теңіз қарақшыларынан сенімді жасырылып, сыртқы қауіптен қорғануы қамтамасыз етілген болатын.
Рим жергілікті патриархалдық қауымға жататын. Патрицийлер ру, курия жəне трибаларға бөлінетін. Рим үш трибаның одағы болатын. Бір курия он рудан, триба он курийден тұратын. 3 трибаның əрқайсысы жүз рудан, ал бүкіл қауымның халқы үш жүз рудан құралатын. Ру бірлестіктеріне кіретін азаматтар өз əскерлерін құратын. Халық жиналысына қатынасып, қауымның алғашқы мүшелері болып саналатын. Алғашқы толық құқықты азаматтықты тек патрицийлер иеленді.
Əрбір рудың аты болды. Рудың басшысы ақсақал кеңесіне, атап айтқанда сот қызметін жүзеге асыратын санаға енді. Ең басында Рим қауымы 300 рудан тұрғандықтан, ежелгі сенат 300 сенатордан тұрды. Сенат өмірлік көсемді сайлады. Патша Сенаттың төрағасы болып, бүкіл қауым атынан құдайға құрбандық берді жəне "легиондарды" басқарды. Ең маңызды мəселелер курияның, рудың халық жиналысында қойылып отыратын.
Халықтың ең ауқатты бөлігінен тұратын бірінші топтың жүздіктеріндегі адам саны небары оншақты еді. Керісінше, соңғы топ жүздіктерінде азаматтардың саны жүзден едəуір асып, ал ақырғы центурияда 4 мыңға дейін жетті. Сонымен дұрыс шешілсе, 1 топ шешімі дұрыс жəне қуатты болып шығады. Олар 193 дауыстан 98 дауыс береді. Басқа топтар дауыс беруге қатыспаса да болатын, өйткені олардың дауыстарының ешқандай қажеті жоқ еді.
Франктерде мемлекеттің пайда болуының ерекшеліктері. Рим империясы Еуропаның ескі мемлекетіне жататын, онымен қатар күшті жаңа мемлекеттер пайда болды. Жаңа халықтар бір-біріне ұқсамайды, олардың құрылысы тайпаларға ұқсайды. Ол бір – бірімен жиі соғысатын. Парсылардың және римдердің империялары ыдырап, әсіресе, дала тайпалары күшейіп, өрлеудің жаңа кезеңдеріне аяқ бастады. Бұл тайпалар: хұн, аландар, дала көшпенділері Батыс Еуропаға жылжыды. Еуропада герман тайпалары: франк, лангобардтар, вандалдар, вестготтар және остгогтар туған жерлерін қалдырып, басқа жаққа қоныс ауыстыра бастады. Олар Рим империясының Рейн және Дунай өзендерінің арғы жағалауындағы жерлерге қызығып жүретін. Герман тайпалары бұл жерлерге бұрын да шабуыл жасаған болатын. Бірақ тайпалары қыса бастағаннан кейін, олардың белсенділігі күшейді. Герман тайпалары бұрыннан Рим империясының шекарасын қорғайтын әскерлерде қызмет атқаратын, бірақ бірсыпыра уақыт өткеннен кейін Рим императорлары герман халқынан шыққан әскерлерсіз өз жерлерінің шекарасын қорғай алмайтынын түсінді. Германдардан құрылған әскерге толық сенуге болмайтын. Олардв басқарған бастықтары өздерін Рим императоры ретінде мәлімдеп, азаматтық соғыс ашатын болды. Рим азаматтары әскерге қызмет істегісі келген жоқ.
Рим халықтары герман тайпаларының бәрін «варвар» жабайы деп атайтын. Бұл сөз гректерден рим халықтарына көшті, олар римдіктерден басқаның бәрін «варвар» деп атады.

1. Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы. Оқулық. Алматы, 2005.
2. Шапахқызы У.Ш. Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы. Оқу құралы. Астана, 2005.
3. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2004.
4. Əмірбеков Ш. Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2000.

Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Ежелгі Греция
2. Ежелгі Рим
3. Франк мемлекеті және оның құқығы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Грекия Балкан түбегі мен Кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан.
Грекияның өзі Фракия мен Македониядан оңтүстікке қарай созылып жатыр.
Грекия үшке бөлінеді: Солтүстік, Орталық жəне Оңтүстік Грекия немесе
Пелопонесс. Грекия аймақтары тау тізбектерімен бөлінеді. Афины қаласы
теңізден 5 шақырым ғана қашықтықта орналасқан, теңіз қарақшыларынан сенімді
жасырылып, сыртқы қауіптен қорғануы қамтамасыз етілген болатын.
Рим жергілікті патриархалдық қауымға жататын. Патрицийлер ру, курия жəне
трибаларға бөлінетін. Рим үш трибаның одағы болатын. Бір курия он рудан,
триба он курийден тұратын. 3 трибаның əрқайсысы жүз рудан, ал бүкіл
қауымның халқы үш жүз рудан құралатын. Ру бірлестіктеріне кіретін азаматтар
өз əскерлерін құратын. Халық жиналысына қатынасып, қауымның алғашқы
мүшелері болып саналатын. Алғашқы толық құқықты азаматтықты тек патрицийлер
иеленді.
Əрбір рудың аты болды. Рудың басшысы ақсақал кеңесіне, атап айтқанда сот
қызметін жүзеге асыратын санаға енді. Ең басында Рим қауымы 300 рудан
тұрғандықтан, ежелгі сенат 300 сенатордан тұрды. Сенат өмірлік көсемді
сайлады. Патша Сенаттың төрағасы болып, бүкіл қауым атынан құдайға
құрбандық берді жəне "легиондарды" басқарды. Ең маңызды мəселелер курияның,
рудың халық жиналысында қойылып отыратын.
Халықтың ең ауқатты бөлігінен тұратын бірінші топтың жүздіктеріндегі
адам саны небары оншақты еді. Керісінше, соңғы топ жүздіктерінде
азаматтардың саны жүзден едəуір асып, ал ақырғы центурияда 4 мыңға дейін
жетті. Сонымен дұрыс шешілсе, 1 топ шешімі дұрыс жəне қуатты болып шығады.
Олар 193 дауыстан 98 дауыс береді. Басқа топтар дауыс беруге қатыспаса да
болатын, өйткені олардың дауыстарының ешқандай қажеті жоқ еді.
Франктерде мемлекеттің пайда болуының ерекшеліктері. Рим империясы
Еуропаның ескі мемлекетіне жататын, онымен қатар күшті жаңа мемлекеттер
пайда болды. Жаңа халықтар бір-біріне ұқсамайды, олардың құрылысы
тайпаларға ұқсайды. Ол бір – бірімен жиі соғысатын. Парсылардың және
римдердің империялары ыдырап, әсіресе, дала тайпалары күшейіп, өрлеудің
жаңа кезеңдеріне аяқ бастады. Бұл тайпалар: хұн, аландар, дала көшпенділері
Батыс Еуропаға жылжыды. Еуропада герман тайпалары: франк, лангобардтар,
вандалдар, вестготтар және остгогтар туған жерлерін қалдырып, басқа жаққа
қоныс ауыстыра бастады. Олар Рим империясының Рейн және Дунай өзендерінің
арғы жағалауындағы жерлерге қызығып жүретін. Герман тайпалары бұл жерлерге
бұрын да шабуыл жасаған болатын. Бірақ тайпалары қыса бастағаннан кейін,
олардың белсенділігі күшейді. Герман тайпалары бұрыннан Рим империясының
шекарасын қорғайтын әскерлерде қызмет атқаратын, бірақ бірсыпыра уақыт
өткеннен кейін Рим императорлары герман халқынан шыққан әскерлерсіз өз
жерлерінің шекарасын қорғай алмайтынын түсінді. Германдардан құрылған
әскерге толық сенуге болмайтын. Олардв басқарған бастықтары өздерін Рим
императоры ретінде мәлімдеп, азаматтық соғыс ашатын болды. Рим азаматтары
әскерге қызмет істегісі келген жоқ.
Рим халықтары герман тайпаларының бәрін варвар жабайы деп атайтын. Бұл
сөз гректерден рим халықтарына көшті, олар римдіктерден басқаның бәрін
варвар деп атады.
Ежелгі Грекия. Афина мемлекетінің басты билік органдары - халық
жиналысы, бесжүздіктер кеңесі, ареопаг, гелиэя, стратегтер, архонттар
комиссиясы, болды. Афина мемлекетінің басты билік органы халық жиналысы -
эклексия. Халық жиналысы 10 күнде бір рет Акрополь жанындағы үлкен жайдақ
төбе Пникстің басына жиналатын. Кейінірек мəжілістер Афина театрында
өткізілетін болды. Халық жиналысына 20 жасқа толған афина азаматтары
қатынасатын. Афина азаматтары деп саналатын адамдар Аттиканың қала
тұрғындары, еркек адамдар, 18-ге толғаннан кейін бір жыл ішінде семсерлесу,
ату, найза лақтыру, жаттығуларын үйренуі үшін Пир ауданында бірге жиналады.
Бір жыл оқудан кейін олар күзет қызметтерін атқарады да, 2 жылдан кейін 20
жасында Аттика азаматтары деп саналатын болды. Олардың ұстазы-софронистер
өте беделді, белгілі адамдар, оларға бір күн оқытқаны үшін 1 драхма беріп
тұрды, олар 500-діктер кеңесінің мүшесі деп саналды.
Афина азаматтарының негізгі құқықтарына бостандық, жеке тəуелсіздік,
жерге қожалық ету, үкіметтен нарықтық көмек алу жататын. Ал міндеттеріне
мүлікті сақтап ұстау, өзі тұрған полиске көмек беру, отанды қорғау,
үкіметтің заңын орындау, құдайды сыйлау, мемлекет басқару ісіне белсенді
қатысу кіретін.
Өзге қалалардан Афинаға қоныс аударған гректер - метектер жəне сондай-ақ
құлдар эклексияға (халық жиналысына) жіберілмейтін. Халық жиналысының ең
біріншісі негізгі, басты деп аталды. Бұл жиналыс бүкіл лауазым иелерінің
есебін тыңдайтын, егін жағдайын жəне мемлекеттік қауіпсіздік сақшысының
ісін қарайтын. Халық жиналысы 9-10 күнде бір ретжиналды. Басқа жиналыстары
Афина саясатының бар-лық негізгі мəселелерін талқылайтын жəне шешетін,
қаржы мəселелерін қарайтын, соғыс жəне бейбітшілік жөніндегі мəселелерді
шешетін, өзге елдерден келген елшілердің баяндамаларын тындайтын жəне
сондай-ақ күнделікті көптеген мəселелерді қарап отыратын. Халық жиналысында
əрбір афина азаматы кез келген мəселені көтеруге ерікті еді. Шешім ашық
дауыспен қол көтеру арқылы кейде жабық дауыспен де қабылданатын. Жабық
дауыс бергенде урнаға бұршақ, қара не ақ тастар, не болмаса жазуы бар
ыдыстың сынықтары салынған. Халық жиналысын жинайтын притандар, олар 5 күн
бұрын халық жиналысының күн тəртібін жариялайтын. Б. д. дейінгі 395 жылы
халық жиналысына қатынасқан азаматтарға ақы төлеу тəртібі енгізілді.
Халық жиналысынан тысқары өзге де демократиялық мекемелер өмір сүрді.
Дегенмен, өздерінің маңызы жөнінен олардың ешқайсысы халық жиналысымен
теңесе алмайтын. Афина халық жиналысының қызмет бабы өте кең болатын. Онда:
заң қабылдау, қызмет адамдарын сайлау, қаржының қалай жұмсалғанын тексеру,
жоғарғы сот қызметін өткізу, халық жиналысын басқару органдары болды.
Аттикада бүкіл қызмет адамдары халық жиналысы арқылы бір жылға сайланып
тұрды. Азаматтардың бəрі сайланбастан бұрын докимасияға салынды.
Бесжүздіктер кеңесі, архонт, 10 стратегтер, Ареопаг, Гелиэя, қаржы
комиссиялары деген қызмет органдары болды.
Ежелгі Рим. Рим аристократиялық республикасы. Мемлекеттік құрылысы. Б.д.
дейінгі V-VІ ғасырлар бойында патрицийлік аристократиялық республика
конституциясының бірте-бірте қалыптасып, даму процесі өрістеді. Б. д. д.
510 жылы Римде республика құрылды. Патшаның орнына 2 консулды сайлайтын
болды. Рим республикасының тарихы 500 жылдан асады. Бірақ Римде республика
құрылғанымен, қоғамдық құрылыста айтарлықтай өзгерістер бола қойған жоқ.
Рим ерте республикалық кезеңде полис, яғни, еркін құл иеленушілік
сипатындағы азаматтық қауым болып қалды. Рим халқы егіншілікпен, мал
шаруашылығымен шұғылданды. Римдіктер астық дақылдарын, жүзім, зəйтүн егіп,
өсірді, бақша шаруашылығымен шұғылданды. Диқандар темірді еңбек қаруы
ретінде қолданды. Олар ірі жəне ұсақ қара мал, шошқалар өсірді.
Б. д. д. V-ІІІ ғ.ғ. Рим мемлекеттік құрылысының тұжырымдалу процесі
жүрді. Мемлекеттік өкімет органдары-халық жиналыстары, магистратуралар,
Сенат болатын. Рим республикасының жоғарғы мемлекеттік органы б. д. дейінгі
1 ғ. басына дейін 300 адамнан тұратын Сенат еді. Сенаторларды цензорлар
тағайындайтын. Сенаторлардың көбі өмір бойына сенатор болып қалды. Кез
келген адам сенатор бола алмайтын. Ақсүйек рудан шыққан, жасы 60-қа толған,
əуелі диктатор, консул яғни, претор болып істеген адам ғана бұл лауазымға
сайлана алатын.
Сенат заң қабылдамайтын, бірақ ол заңды талқылау құқығын иеленген еді.
Бұл функцияны ол жаңа заң қабылдағандай шебер қолдана білді.
Сенатты магистратгар ғана шақыра алатын. Мəжілістерге төрағалық етуші
Сенаттың қызмет бабы өте жоғары еді.
Ол мемлекет мүлкіне басшылық жасады, қазынаға иелік етті, бюджетгі,
салықты белгіледі. Ол комиция қаулыларын, ол сайлаған қызмет адамдарын
бекітіп, сыртқы саясатқа басшылық етіп, діни тəртібін бақылады.
Сенат республиканың əскери өмірін басқарды. Жауынгерлерді жинау мерзімін,
əскерлер контингентін, əскери бастықтар өкілдігін белгіледі. Бақылау
мақсатын көздеп, елшілерін өзі соғыс жүргізіп жатқан магистратқа жіберіп
отырды. Рим Республикасының аристократиялық ерекшелігі Сенаттың рөлінен-ақ
көрініп тұрды. Сенаттың ықпалы орасан зор болды.
Аристократиялық республика халық демократиясының көп белгісін сақтап
қалды. Халық жиналыстары - сол демократияның бір көрінісі. Ең маңызды
мемлекеттік органдары - халық жиналыстары. Олар комиция деп аталды. Римде
комициялардың үш түрі бар.
Куриялар жиналыстары (комициясы). Римде ежелден келе жатқан комиция
жиналыстары болатын. Бұған үкіметтің жоғарғы иесі, əкесі мен шешесінің
азаматтық құқығы бар, толық құқылы Рим азаматтары (патрицийлер) жататын.
Рим азаматтары халық жиналысына қатысып, мемлекеттік қызметке алынып, жеке
меншікке ие болып, Рим əскерлерінде қызмет ете алатын.
Халық жиналыстарының тағы бір күрделі түрі - центуриаттық комициялардың
маңызы зор болды. С. Туллий жүргізген реформадан кейін олардың саны 193-ден-
373 дейін көбейді. Центуриаттық жиналыс патрицийлер мен плебейлердің
жиналысы болатын. Бұл жиналыстарды жоғарғы қызмет адамдары қаланың шетінде,
Марс алаңында шақырды. Магистрат жиналыс алдында шешілетін мəселені қойып,
дауыс беру ісін жүргізуді биледі. Алғашқы дауыс беру центурия ішінде өтті.
Əрбір центурияда бір-бір дауыстан беретін. Центуриат жиналысьшың қызметтік
ықпалы күшті болатын, біріншіден олар қабылдайтын, центуриат комициялары
Рим халқының еркін білдірді. Олар жоғарғы қызмет адамдарын - консулдарды,
преторларды, цензорларды сайлады. Соғыс жариялау жəне бітім жасау
мəселелерін шешті. Комиция қабылдаған заңдарды бекітті.
Қатты жазаға ұшыраған азаматтардың шағымын қарайтын таблица заңдарын
қабылдау Рим плебейлерінің үлкен жеңісі болды. Патриций мен плебейге ортақ
заңдар плебейлерді патрицийлердің жүгенсіздігінен қорғауға тиісті болды.
Эдилдер плебей трибундардың көмекшілері болды.
Б. д. д. 445 жылы Канулейдің заңы қабылданды. Ол плебейлерге патриций
əйелдерге үйленуге рұқсат етті. Б. д. дейінгі 409 жылы плебейлерді квестор
етіп сайлайтын болды. Кейін оларды-367 жылы-консул, 364 жылы-куруль
эдилі(курульный эдил), 366 жылы-диктатор, 351 жылы-цензор, 337 жылы-претор
ретінде сайлап қоятын бодды. Б. д. д. 287 жылы Яни-куль төбесінде
плебейлердің ақырғы жиналысы болды. Плебейден шыққан диктатор Квинт
Гортензий халықты тыныштандыру үшін, трибут комициялардың шешімі бойынша
жалпы мемлекеттік заңдары болатындығын тағы да растайтын заң шығарды.
Рим халқының төменгі жігі құлдар болды. Бұлардың көбі соғыс тұтқындары
еді. Басқалары көршілес тайпалардан немесе осында келген құл сатушылардан
сатып алынатын. Құлдарды толықтырып отырудың маңызды көзі – кіріптарлық
құлдық болды.
Өнер мен сауданың дамуы Рим плебейлердің жіктелуіне əкеліп соқты.
Плебейлер арасынан сауда-қолөнер шонжарлары шықты. Екінші жағынан плебейлер
саны өсті. Плебейлердің патрицийлермен нарықтық тұрғыдағы күресі жер үшін
күрес болды. Кедейленген плебейлердің кіріптарлығын жою талаптары күресті
қиындата түсті. Б. д. д. V-VІ ғасырларда плебейлер нарықтық жəне саяси
қатынастарда патрицийлермен теңдік жолындағы ұзақ күреске кірісті. Олар
патрицийлер ие болып отырғандай азаматтық құқықтарды, магистратураларды,
Сенаттан орын алу құқықтарын талап етті.
Плебейлердің патрицийлермен күресінің басталуы б. д. д. 494 жылға жатады.
Эквалармен соғыс кезінде ауыртпалық тартқан плебейлер Рим ескерлеріне
қызмет етуден бас тартты да, Римді тастап, Əулиетау үстіндегі лагерьде
тұрды. Плебейлердің Рим əскерін тастап кетуінен шошынған патрицийлер оларға
кеңшілік жасауға мəжбүр болды. Плебейлердің дербес ұйымдасу құқығы танылды.
493 жылдан бастап олардың өз ортасынан б. д. д. олар екі лауазымды адамды
халық трибундарына сайлай алды. Трибундар сенат пен магистраттардың
плебейлердің мүдделеріне қайшы келетін шешімдеріне тыйым (вето) салу
құқығын алды. Сонымен, олардың міндеті плебейлерді патрициан магистраттары
мен сенаттың жүгенсіздігінен қорғау болды. Алғашында 2 трибун, содан соң 4,
ал кейінірек 10 трибун сайланды.
Б. д. д. 449 жылы 12 тақтаға ойылып жазылған заңдар форумға қойылды. Атам
заманғы патрицийлермен қатар Римде еркін халықтың тобы-плебейлер де пайда
бола бастады.
Плебейлер патрицийлердің рулық бірлестіктеріне кірген емес. Ежелгі
заманда жер иеленуге құқығы болмады. Бұлардың көпшілігі қолөнермен жəне
саудамен шұғылданды. Плебей азаматтық құқықтарға көп қол жеткізе алмады.
Бірақ уақыт өткен сайын оларды Рим əскери жасағының құрамына енгізетін
болды. Плебейлердің салық төлеп, əскерге қызметке араласуы нақты көрініске
айналды.
Плебейлердің қалай пайда болғаны бірнеше болжам бар. Қазіргі
зерттеушілердің пікірі бойынша, плебей халқының тегі ішінара еркін қоныс
аударушылардан, ішінара еркіндікке жіберілген құлдардан, Римде қоныс тебуге
римдіктер зорлап көндірген кейбір көршілес шағын қалалардың тұрғындарынан
құралды.
Комициялардың үшінші түрі-трибут комициялары. Олар триба бойынша
жиналатын. Олар центуриат комициялармен салыстырғанда демократияға неғүрлым
бейім болды. Өйткені, бұл комицияларға өздерінің орнына қарамай барлық рим
азаматтары қатысты. Трибут жиналыстары əдетте заң-жоба мəселелерін шешті,
төменгі қызмет адамдарын сайлады, кейбір қылмысты істерді талқылауға салды.
Трибут комициялары 35 болатын. Олар кейбір заңдардың жаңа жобасын
талқылап, плебей трибундарын сайлады.
Римде халық жиналыстарының жүйесі демократиялық негіздерде құрылмаған
еді. Рим халқының жиналыстарын тек магистраттар ғана шақыруға құқылы болды.
Бірде-бір халық жиналысында зандық бастама болған жоқ. Басқыншылық
соғыстардың нəтижесінде Рим республикасы орасан зор мемлекетке айналды.
Оның иеліктері бүкіл Аппенин түбегі кеңістігінде ғана емес, сондай-ақ одан
əлдеқайда сырт жерде бытырап, Рим б. д. дейін үлкен қалаға айналды да,
Жерорта теңізінің аса маңызды саяси орталығы болды.
Жеңіп алған елдерден Римге көп құл əкелініп жатты. Сөйтіп олар жеке
меншіктерге сатылды. Римде "нобиль"-деп аталатын жана топ пайда болды.
Олардың дүние мүлкі 1 млн. сестерция болып болжамдалды. Олардың
латифундияларына рим шаруалары жұмыс істейтін. Шаруалар құлдың арзан
еңбегімен бəсекеге түсе алмады.
Қоғамдық қайшылықтардың шиеленіскені соншама, көптеген саяси қайраткерлер
үшін əлеуметтік қайшылықтардың жаңадан бүрқ ете түсу қаупі айқын білініп
отырды.
РИМ құқығы. Рим құқығы. Рим құқығының даму кезендері. Жалпы сипаттама.
Римдіктер əлемді 3 рет жаулап алды: бірінші рет легиондармен, екінші рет
христиан дінімен, ал үшінші рет құқығымен. "Жазылып қойған сана" деп
аталатын Римдік құқықтың классикалық түрін Батыс Еуропада көп феодалдық
мемлекеттерде қолданылатын. Ол көп мемлекеттердің құқық жүйесінің негізін
қалады. Бұл құқық жүйесі континенталды жəне романдық-германдық құқық жүйесі
деп аталады.
Рим құқығының мықтылығын дəлелдейтін факторлар көп. Біріншіден, Рим
империясы құл иеленушілік мемлекеттердің арасындағы ең ірі, соңғы, күшті
мемлекеттердің бірі болып табылады. Рим империясы көрші мемлекеттерді өзіне
бағындырып, солардың саяси тəжірибесін, құқықтық құжаттарын, сот
практикасын, саяси санасын өз өміріне бейімдеп, өзіне тəн ерекше құқық
жүйесін құрды. Римде преторлардың, патрицийлердің жөне перегриндердің
істерін қарау екі түрлі болды. Сондықтан басқа мемлекеттердің құқықтық
əдеттері, принциптері, белгілері, құқықтық тəжірибесі Рим құқығына көшіп,
оған əсерін тигізді. Спарта, Афины, Сирия жəне басқа мемлекеттер Рим
империясының құрамына еніп, оның провинциясына айналған еді. Сондықтан Рим
империясының заңгерлері афинаның құқық дамуының нəтижелерін пайдаланды.
Сонымен бірге Римнің мың жылдық тарихы оның құқықтық дамуын бүкіл əлемдік
тарихи маңызды оқиғаға айналдырып жіберді. Римде құқықтық жүйеге,
заңгерлерге көп көңіл бөлінді. Бұл қызмет иелеріне ерекше құрмет
көрсетілді. Гай, Павел, Ульпиан, Модестин, Папиниан - Римнің ең күшті
заңгерлері қатарынан саналды.
Рим құқығы дамуының өзіндік ерекшелігі болатын. Олар құқық көп өзгермеу
керек деп санайтын. Құқықтық нормаларды тек ешкім қолданбаған жағдайда ғана
жоятын еді. Рим заңгерлері асығыс қабылданған жəне көп өзгеретін заңдар
құқықтық тəрбиеге əсерін тигізеді деп есептейтін. Сондықтан заң шығару
жұмысы құрметті де қиын жұмыс ретінде бағаланатын. Оған көп көңіл бөлініп,
көп уақыт жіберілетін. Əрбір заң сол заңды ұсынған адамның атымен аталатын.
Жақсы заңдары көп шығарған адамдар өте сыйлы, мəлімді қызметкерлер болып
есептелді.
Халық жиналысы заңдарды қабылдағанда оған тек қана "аламыз", "алмаймыз"
деп дауыс беретін. Бүкіл Римнің тарихынан өткен заң-12 таблица заңдары. Бұл
заң б. д. дейінгі V ғасырда қабылданған, бұны Римнің Корпус Юрис Цивилис
деген кодексіне де кіргізген еді. Бұл құқықтық құжат он бір ғасыр
қолданылды. Ол Рим құқығының негізі болғаннан кейін заңдылықтың мықтылығын,
тұрақтылығын көрсету үшін, дəлелдеу үшін сақталған.
Рим құқығы квирит құқығы ретінде пайда болған. Квириттер-Рим азаматтары,
патрицийлер еді. Квирит құқығы тек қана Рим азаматтарының құқығы болып
саналды. Бұл аксиома ретінде бекітіледі. Рим азаматтарының жəне
перегриндердің қарым-қатынастарын реттейтін құқық-халық құқығы. Рим
құқығының схемалары, ішкі құрылысы, терминдері, түсініктері көп
мемлекеттерде қолданылды. Оның қайта жаңғырып, гүлденуі, қолданылуы, қайта
дамуы, жандануы рецепция деп аталды.
Рецепциямен Рим құқығы феодалдық мемлекеттердің тəжірибесіне кірген
болатын. Одан кейін ол буржуазия кодификацияларына кіріп, Германия,
Франция, Италияның кодекстері арқылы бүкіл дүние жүзіне тараған. Ең күшті
кодекстерінің бірі - Наполеонның 1804 жылғы азаматтық кодексі.
Қазіргі азаматтық заңдарды терең түсіну үшін Рим құқығының негізгі
белгілерін, түсініктерін, терминдерін білу керек. Рим құқығының негізі
(сапасы) бүкіл буржуазиялық азаматтық - құқықтық теорияға сіңісіп кетті.
Қазір көп қолданылатын терминдердің, түсініктердің пайда болған уақытын
білу арқылы олардың шын маңызын да анықтауға болады.
Рим құқығының заңгерлік техникасын, тілін, ішкі құрылысын заңгерлердің
білгені жен. Рим құқығының тарихымен танысу арқылы құқық қалай пайда
болады, өзгереді, қандай кезеңдерден өтеді, өзінің ішкі мазмұнын қалай
өзгертеді, сыртқы нысаны қалай дамиды деген жалпы мəселелерден мағлұмат
алуға болады. Рим құқығы жеке меншік үстемдік еткен қоғамдық құрылыстардың
ең жақсы нысаны.
Республика түрінде өзінің проблемаларын шешіп, демократиялық əдістерді,
институттарды қолданып жатқанда Рим мемлекеті құқығының даму деңгейі төмен
болды. Құқықтардың сол кезеңін біз ежелгі құқық кезеңі деп белгілейміз.
Оның негізгі қайнар көзі 12 кесте зандары құқық нысандары болып қалған.
Рим мемлекеті империяға айналып, əлсіреп, ыдырай бастағанда құқық жоғары
дəрежесіне көшеді. Рим құқығының ең маңызды құжаты - Корпус Юрис Цивилис
Византияда VI ғасырда пайда болған. Бұл Батыс Рим империясының құлаған
кезеңі.
Рим құқығының негізгі белгілері-жеке меншіктің неғүрлым абсолюттық
құқығын бекіту болып табылады. Бұл тауарлы ақша қатынастарының жоғары
деңгейіне байланысты. Рим құқығы құлдарға да толық жеке меншікті бекітіп
берді. Рим құқығының келесі белгісі - оның прогрессивтік-консервативтік
сипаты. Рим құқығы жылдам өзгеріп, жаңа қарым-қатынастарды өз уақытында
жөнге салып тұрады. Ол өзінің ішінде ескі заңгерлік институттарды,
манципация, квирит, нексум сияқты нысандарды көп уақыт сақтайтын.
Римде тек қана заң қызметкерлері емес, бүкіл құқық сыйлы болатын. Құқыққа
осындай көзқарастағы қоғам көбінесе дұрыс шешімдерді сақтап отырды. Ол
құқық нормасын бұзуға, жоюға, асықпады.
12 кесте завдары ата-баба құқығы ретінде жұрттың бəрі көретін көрнекті
жерге қойылатын. Ол заңдарды ешкім "мен оқымадым, мен білмеймін" деп айта
алмайтын еді. Жаңа құқық нормасын шығарып жатса да, оның бұрынғы атын,
негізгі нысанын сақтауға тырысатын. Бұл əрбір Рим азаматы құқық мықты,
тұрақты, жеке адамның құқығын, мүддесін қорғайды деп сену үшін істелген
нəрсе.
Рим қүқығы өте динамикалық құқыққа жататын. Бұған себеп бірнешеу. Сот
тəжірибесінде қатысты құқық преторлардың жұмысымен байланысты болды. Олар
теорияға ұмтылмайтын, сот істерін дұрыс шешіп, соған түсінік бергісі
келетін. Бірақ преторлардің тəжірибесінен шыққандықтан, Рим құқығының
теориясы да өте күшті еді. Заңгерлердің білімі ете жоғары болатын. Істеген
қызметтері де сыйлы еді. Заңгерлердің арасында бəсеке қызып жататын.
Рим қүқығының бірінші кезеңі-квирит құқығы. Қоғамның əлеуметтік-нарықтық
құрылысы айтарлықтай емес еді, сондықтан құқықтың нысаны өте қарапайым
жағдайда болды. Квирит құқығының негізгі белгілері-ішкі тəртіпсіздікті
түзету, діни нормалар мен бірлікте болу, бұрынғы завдармен, əдеттермен
байланысты үзбеу еді. Құқық əлі салаға бөлінбейтін. Оның діни рəсімі,
дəстүрлік жоралғы сипаттары сақталды. Құқықтық нормалар жалпылама
шығарылды, сондықтан ол өте нақтылы, жетілмеген болатын. Квириттердің
құқығы преторлардың құқығымен қатар дамыды.
Ежелгі Рим құқығының мұрасының ең маңыздысы 12 таблица завдары. Бұл
құқықтық құжаттың қабылдануына плебейлер мен патрицийлердің күресі əсерін
тигізді. Плебейлер патрицийлердің сотын осы заң бойынша тəртіпке келтірді
жəне өздерінің құқығын қорғады.
Бұл заң б. д. дейінгі V ғасырда қабылданды. Бүл цивилдік құқықтың мұрасы
болып табылады.
Бұл құқық бүкіл Римнің зат-мүліктерін манципацияға жататын жəне
манципацияға жатпайтын деп екі түрге бөледі.
Манципацияға жататындар: жер, құл жəне мал, қалғандары жатпайтын заттар.
Манципация сатушы жəне сатып алушы, өлшеу жəне бір кесек жезі бар
таразышы жəне 5 куəгер, Римнің толық құқылы азаматтары. Сатып алушы қолын
иыққа қойып: "мен Рим заңдары бойынша 1000 құлды осы жерден сатып алдым" -
дейді. Сатушының үндемей тұрғаны келісім бергені деп есептеледі. Жезді
өлшеуші өлшеуіштің табағына зат лақтырады, келісім жасалды деп саналады.
Осы айтылған процестің бір рəсімі орындалмаса, келісім заңды емес. Мұның
өзі Рим құқығында ұсақ формализмнің көп екенін көрсетеді.
Жер бүкіл Рим қауымының меншігі болып саналды. Сондықтан оны сату үшін
осындай күрделі манципация процесі керек еді. Қауым жерге, құлға, малға
қатысты келісімдерді қадағалайды. Басқа заттардың бəрін еркін сатуға
болады. Олардың құны да жоғары.
Нексум-құлдық борыш. Бұл құлдықты да жезбен баянды етеді. Қарызын төлей
алмаған азаматқа сот шешімі бойынша бұғау кигізіледі. Өсімқор қарыз алушы
адамды үйіне алып кетіп, 3 жексенбі басты базарға шығарып, қарызын төлейтін
туысқандарын жəне жолдастарын іздейді.
Содан кейін оның қарыз алушыны өлтіруге құқығы бар. Б. д. дейінгі IV
ғасырда осы Петелий заңы жойылды. Ендігі кезде қарыз алушы өзінің мүлкімен
ғана жауап беретін болды.
Некелік қарым-қатынастар ерекше. Оның екі түрі болды. Некенің бірінші
түрі - отағасыға бəрі бағынады. Шаңырақтың мүлігі ұжымдық меншік, оған
əкесі ғана иелік етті. Бүкіл агнаттар əкесінің мұрагерлері бола алды. Əйел
адам жұбайына бағынды. Некенің екінші түрі - сине ману, манципациясыз.
Мұнда ерлі-зайыптылардың құқығы тең. Əйелі жылына бір рет 3 күнге қашып
кетуге тиісті, сонда өзінің бостандығын, құқығын теңдігін сақтайтын болған.
Қылмыс құқығы оның жасалуына қарай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz