XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қоғамдық жағдайдың Отырар өңірі ақындары шығармашылығына ықпалы



Кіріспе
1. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қоғамдық жағдайдың Отырар өңірі ақындары шығармашылығына ықпалы 6
2. Отырар трагедиясындағы өңірі ақындарының (Майлықожа, Қызыл жырау, Айтбай Белгібаев, Сәдуақас Жақашев, Санбай, Елеусіз, Ергөбек, Байбосын, Жүсіпбек, Шалбәкір Жекмырзаев) әдеби мұралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Еліміздің тәуелсіз ел атанып, еркіндікке қол жеткізуі – халқымыздың рухани мұрасын түгендеп, ұлтымыздың мәдениеті мен әдебиетіне, дүниетанымына қайта үңілңп, жаңаша саралап, өзіндік ой қорытуға да мүмкіндік туғызып отыр. Қазақ халқының руханиятын дамытып, эстетикалық талғам-түсінігін жетілдіретін, өмірдегі күрделі құбылыстардың сырын сырлы сөзбен ұқтыратын рухани құндылығының бірі – әдебиет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев “Мәдени мұра” бағдарламасында “... ұлттық мәдениетіміздің ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманттау басты мақсат” деп ерекше атап өтті. Сондай-ақ мұндай елдік бағдарлама өткен ғасырлардағы ақын-жазушылар шығармашылығына да, әдеби мәселелерге де толымды түрде жан-жақты сараптама жүргізуге жол ашады.
Олай болса, кеңесиік кезеңге тарихта, әдебиет пен өнерге бүкемеленген шындықтың пердесін ашып, өз кезінде зерттелмей, зерделенбей, танылмай – тарихи, ғылыми, әдеби, мәдени жағынан ойластырсақ, ауадай қажетті міндет.
Қазіргі заманның аса білімпаз, сирек талант иесі, рухани саланың қыр-сырын жетік білген білгір тұлғаларымыздың бірі Ө. Жәнібеков Отырар өркениетінің оңтүстік өлкесінде арқалы ақындар мектебінің пайда болып, қалыптасуына да ықпал еткенін асқан даналықпен дәйектеп берген. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде күншуақты өңірңмңзде Отырар рухынан бойына қуат, ой-санасына нәр алған тұтас бір ақындар мектебінің қалыптасып, дамуына, сол мектептің көрнекті өкілдерінің соңында өшпес мұралар қалдырып, әдебиетімізді байыта түсуіне осынау өрелі өркениеттің әсері ерекше болғаны сөзсіз.
Өкінішке қарай, Отырар өркениетінің оңтүстік ақындары мектебін қалыптастырудағы ықпалы әлі күнге дейін тұтас ғылыми тұжырым ретінде зерттелмей, өзінің әділ бағасын ала алмай келеді. Еліміздің күнгейіндегі дүниеге келген ақын-жыраулар мен жыршы-күйшілердің туындылары жеке-жеке сарапқа салынып, талдауға түскенімен, олардың шығармаларындағы ортақ сарын, тақырыптың даралығы, көркемдік ерекшеліктің еншілес смпаты және тағы басқа мәселелер әдетте әңгіме өзегінен тыс қалып отыр. Жұмыстың өзектілігі Отырар ақындарының мұрасын тәуелсіздік рухына сай, қазіргі ұлттық жаңғыру үрдісіне үндес саралап, талдау қажеттелегінен көрінеді.
1. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. – Алматы: Жазушы, 1989;
2. Қазақ совет энциклопедиясы, 4-том;
3. Дәуітов С. Жүсіпбек Шайхисламұлы. // "Қазақ әдебиеті" газеті, 15-мамыр, 1987;
4. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы: Ер-Дәулет, 1994;
5. Елеукенов Ш., Шалғынбаева Ж. Қазақ кітабының тарихы. – Алматы: Санат, 1999;
6. Жиреншин Ә. Қазақ кітаптарының тарихы. – Алматы: Қазақстан, 1971;
7. Қазақ кітабының шежіресі (1807-1917). – Алматы: Рауан, 1996;
8. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиет. – Алматы: Білім, 1993;
9. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі (Құрастырушылар: З. Ахметов, Т. Шаңбаев). – Алматы: Ана тілі, 1998;
10. Қазақ халық әдебиеті: көп томдық. Айтыс. – Алматы: Жазушы, 1988;
11. Құттыбайұлы Е. Сағындым даусын ботаның... — Шымкент, 1991. – 3-бет;
12. Сонда, 4-бет.
13. Әлімов А. Ақынды есте сақтайық. // Оңтүстік Қазақстан, 1 желтоқсан, 1988;
14. Бердібаев Р. Жыр ғұмыры ұзақ. Айтбай Белгібайұлы 1888-1961 жылдары өмір сүрген ақын. // Социалистік Қазақстан, 1 желтоқсан, 1988;

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қоғамдық жағдайдың
Отырар өңірі ақындары шығармашылығына ықпалы 6
2. Отырар трагедиясындағы өңірі ақындарының (Майлықожа, Қызыл
жырау, Айтбай Белгібаев, Сәдуақас Жақашев, Санбай, Елеусіз,
Ергөбек, Байбосын, Жүсіпбек, Шалбәкір Жекмырзаев) әдеби мұралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Еліміздің тәуелсіз ел атанып, еркіндікке қол жеткізуі – халқымыздың
рухани мұрасын түгендеп, ұлтымыздың мәдениеті мен әдебиетіне, дүниетанымына
қайта үңілңп, жаңаша саралап, өзіндік ой қорытуға да мүмкіндік туғызып
отыр. Қазақ халқының руханиятын дамытып, эстетикалық талғам-түсінігін
жетілдіретін, өмірдегі күрделі құбылыстардың сырын сырлы сөзбен ұқтыратын
рухани құндылығының бірі – әдебиет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев “Мәдени мұра”
бағдарламасында “... ұлттық мәдениетіміздің ұлықтап, бар мен жоғымызды
түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманттау басты мақсат” деп ерекше атап
өтті. Сондай-ақ мұндай елдік бағдарлама өткен ғасырлардағы ақын-жазушылар
шығармашылығына да, әдеби мәселелерге де толымды түрде жан-жақты сараптама
жүргізуге жол ашады.
Олай болса, кеңесиік кезеңге тарихта, әдебиет пен өнерге бүкемеленген
шындықтың пердесін ашып, өз кезінде зерттелмей, зерделенбей, танылмай –
тарихи, ғылыми, әдеби, мәдени жағынан ойластырсақ, ауадай қажетті міндет.
Қазіргі заманның аса білімпаз, сирек талант иесі, рухани саланың қыр-
сырын жетік білген білгір тұлғаларымыздың бірі Ө. Жәнібеков Отырар
өркениетінің оңтүстік өлкесінде арқалы ақындар мектебінің пайда болып,
қалыптасуына да ықпал еткенін асқан даналықпен дәйектеп берген. ХІХ
ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде күншуақты өңірңмңзде Отырар
рухынан бойына қуат, ой-санасына нәр алған тұтас бір ақындар мектебінің
қалыптасып, дамуына, сол мектептің көрнекті өкілдерінің соңында өшпес
мұралар қалдырып, әдебиетімізді байыта түсуіне осынау өрелі өркениеттің
әсері ерекше болғаны сөзсіз.
Өкінішке қарай, Отырар өркениетінің оңтүстік ақындары мектебін
қалыптастырудағы ықпалы әлі күнге дейін тұтас ғылыми тұжырым ретінде
зерттелмей, өзінің әділ бағасын ала алмай келеді. Еліміздің күнгейіндегі
дүниеге келген ақын-жыраулар мен жыршы-күйшілердің туындылары жеке-жеке
сарапқа салынып, талдауға түскенімен, олардың шығармаларындағы ортақ сарын,
тақырыптың даралығы, көркемдік ерекшеліктің еншілес смпаты және тағы басқа
мәселелер әдетте әңгіме өзегінен тыс қалып отыр. Жұмыстың өзектілігі Отырар
ақындарының мұрасын тәуелсіздік рухына сай, қазіргі ұлттық жаңғыру үрдісіне
үндес саралап, талдау қажеттелегінен көрінеді.

1. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қоғамдық жағдайдың Отырар
өңірі ақындары шығармашылығына ықпалы

Зерттеуші Ә. Оспанұлының ғылыми айналымға түсірген мәліметтеріне
сүйенсек, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Қазақстанның
оңтүстігінде аса күрделі ахуал қалыптасты. Жетісу және Сыр бойы жағалауын
мекендеген халық Қоқан басқыншыларының езгісіне түсті.
Қоқан хандығы – Орталық Азияда ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында
құрылған феодалдық-монархиялық мемлекет болатын. XIX ғасырдың бас кезінде,
1799–1808 жылдары хандық құрған, қарапайым халық арасында "Әлім залым" деп
аталып кеткен Әлім хан Оңтүстік Қазақстан қалаларына тарпа бас салды.
Мұндай басқыншылық саясат кейін де жалғасын тапты. Әлімнің інісі, өзінің
туған ағасын өлтіруге қатысқан Омарханның, ол дүниеден өткеннен кейін таққа
отырып, адамгершілікке жат нешетүрлі зұлымдық істер істеген, өзімен бірге
туған екі қарындасына, әкесі Омарханның жесіріне үйленген, 1822–1845 жылдар
арасында хандық құрған Мәмедәлінің, әсіресе, Құдияр ханның (1845–1875)
тұсында да осылай болды.
Осындай басқыншылық саясаттың салдарынан Қазақстан жерінің күнгей
аймағының едәуір бөлігі – Сырдарияның ортаңғы ағысынан Ақмешітке дейінгі
және Ташкенттен Жетісуға дейінгі жерлерді Қоқан бектері өздерінің езгісіне
түсірді. Осы кезеңде Сырдария жағалаулары мен Жетісу жерінде көптеген
бекіністер тұрғызылып, Қосқорған, Жаңақорған, Шымқорған және Жөлек сияқты
қамалдар салынды.
Қоқан билеушілерінің халық бүқарасына жасаған жәбір-жапасында шек
болмады. Елден өндірілетін алым-салықтарының түрлері көбейді. Қоқан бегінің
егін жайында су тегін жұмыс атқарғандарымен тұрмай, қазақ малшылары зекетке
қырық қойдың бірін, ал, диқан шаруалар егістіктен өндірген астығының оннан
бірін салық ретінде төлеп тұрды, бұл салықтың түрі "қараж салығы" деп
аталды. Сондай-ақ, жергілікті халық 24 қап көмір, 4 тай сексеуіл, 1000 бау
қамыс дайындап беруге міндетті болды. Онымен ғана шектеліп қалмай, үй басы
бір адам (бұлар көбінесе жігіттер болған) мініс атымен, киім-кешегімен,
қару-жарағымен қоса Қоқан әскерінде қызмет істеуге тиісті болды. Соғыс
жағдайында қару ұстауға жарайтын азамат біткен әскер қатарынан табылуға
міндетті еді. (Жүсіпқожаұлы М. Әділет деп. – Шымкент, 1991. – 8–9-беттер;
Оспанұлы Ә. Қаратау шайырлары. – Алматы: Қазақ университеті, 1991. – 10–11-
беттер).
Ал, көрнекті тарихшы Ә. Бекмахановтың еңбектерінде де Қоқан хандығы
туралы жан-жақты мәліметтер келтіріледі. Ол кісінің деректеріне қарағанда,
"Хиуа хандығының қазақтарға деген саясатынан Қоқан саясатының сойқаны кем
түскен жоқ. Қоқан хандығы ХVІІІ ғасырдың басында, өзбектің Шахрух би
басқарған, Минг деп аталатын бір тайпасы Ферғананы тәуелсіз мемлекет етіп
құрған кезде пайда болды.
Шахрух бидің мұрагері болып Нарбота би таққа отырды. Ол жаңа
мемлекеттің астанасы ретінде Қоқан қаласын таңдады. Замандасы Ахмет Шайхтың
айтуына қарағанда, Нарбота өзін ханмын деп атамай, "бек" деген лауазымды
иеленген.
Минг әулетін құрушылар Шахрух би мен Нарбота тұсында Қоқан хандығы
шағын вилает болып табылатын. Хандықтың жері тек Ферғана аңғарымен және
Ходжентпен шектелді.
Нарбота биден соң таққа оның үлкен ұлы Әлім (1799 – 1809 жж.) отырды.
Ол хан атағын иеленген сәттен бастап Ферғана Қоқан хандығы болып аталды.
Қоқан хандығын біріктіруші Әлім хан тарихшы Наливкиннің сөздерімен
айтқанда, "қуатты әрі өз алдына бөлек отау тіккен мемлекет құруды көксеп,
осы жолда іс қылады". (Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40
жылдарында. – Алматы: Санат, 1994. – 163-бет).
Басқыншылардың қазақтардан жыл сайын өндіретін алым-салықтарының
қаншалықты ауыртпалық әкелгенін мына мәліметтерден көруге болады. Тарихшы
Е. Бекмахановтың жоғарыда аталған еңбегінде келтірген деректерге жүгінетін
болсақ, қазақтың бестамғалы тайпасының ауылдары жыл сайын 8 мыңнан 10 мыңға
дейін, сіргелі тайпасының өкілдері 6 мыңнан 8 мыңға дейін, сиқымдар мен
жаныстар 2 мыңнан 2,5 мыңға дейін қой айдап апарып, Қоқан бектерінің алдына
апарып беруге мәжбүр болған. Тіпті жергілікті қазақтардың балалары Орта
Азия базарларына апарылып, саудаға салынып, қыз-келіншектердің ары аяққа
тапталып жатты.
Қоқандықтардың мұндай жөнсіздіктері жергілікті халықтың орынды
наразылығы мен қарсылығын туғызды. Соған қарамастан Қоқан ұлықтары
қазақтарға қарсы жазалаушы жасақтарын жіберіп, халықты қанға бояп, қырғынға
ұшыратып отырды. Сол себепті 1821 жылы Оңтүстік өлкесінде Қоқан
қысымшылығына қарсы Тентек төре бастаған көтеріліс бұрқ ете түсті. Кейін
1851–1853 жылдары және 1858 жылы Жетісуда, Әулиеатада және Түркістанда
көтерілістер болды. (Жүсіпқожаұлы М. Әділет деп. – Шымкент, 1991. – 8–9-
беттер; Оспанұлы Ә. Қаратау шайырлары. – Алматы: Қазақ университеті, 1991.
– 10–11-беттер).
Оңтүстік Қазақстан өңірінде орын алған осы жағдай Отырар ақындарының
шығармашылығна да ерекше әсер етті. Әсіресе, 1816–1888 жылдар аралығында
қазіргі Отырар ауданына қарасты "Қожатоғай" ауылында өмір сүрген Мәделіқожа
Жүсіпқожаұлы туындыларының дені осы тарихи кезеңді көз алдымызға
елестетеді.

2. Отырар трагедиясындағы өңірі ақындарының (Майлықожа, Қызыл жырау, Айтбай
Белгібаев, Сәдуақас Жақашев, Санбай, Елеусіз, Ергөбек, Байбосын, Жүсіпбек,
Шалбәкір Жекмырзаев) әдеби мұралары

Сәдуақас Жақашұлы – осы кезге дейін көпшілік оқырманға да, ғылыми және
әдеби жұртшылыққа да онша таныс болмай келген Отырар ақындарының бірінен
саналады. Артындағы ұрпағына мол мұра қалдырған, өз туындыларында заманалық
үлкен оқиғаларға да үн қосқан, тарихи тақырыптарға да қалам тартқан, есімі
бүкіл Оңтүстік Қазақстанға белгілі Сәдуақас ақын туралы алғаш рет ғылыми
тиянақты пікірді көрнекті ғалым, академик Рахманқүл Бердібай айтқан
болатын. (Бердібаев Р. Сәдуақас ақын. Жұлдыз, наурыз, 1983).
Рахманқүл Бердібай ғылыми айналымға енгізген деректерге сүйенсек,
Сәдуақас Жақашұлы 1888 жылы бұрынғы Сырдария губерниясына қарасты Түркістан
уезінің 24-ші ауылында, әйгілі Отырар төбенің батыс жағындағы "Жантақты ой"
деген жерде (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданындағы Отырар
ауылы) дүниеге келіп, 1951 жылы қазан айында дүние салған.
Сәдуақастың әкесі Жақаш пен шешесі Жұмаш кезінде ауылдағы той-жиындарға
жиі-жиі қатысып, өлең айтып, көзге түскен жандар екен. Бала кезінде
Сәдуақас әке-шешесімен бірге әлгіндей жиын-думандарға, қызықты кештерге
барып, әнші, күйші, термеші, өлеңшілердің сөздерін естіп, әсерленіп, бойына
көптеген тағылым алады.
Есейе келе Сәдуақас Оңтүстік Қазақстан өлкесіне аты мәлім Молда Мұса,
Айтбай Белгібайұлы секілді ақындардан өнеге алып, өлең-жырлар жазады.
Алайда, бірен-саран шығармалары болмаса, туындыларының көпшілігі кезінде
баспа жүзін көрмеген. Сәдуақастың жарияланған шығармаларының арасында
аудандық "Социалистік Шәуілдір" газетінде жарық көрген "Құттықтау" атты
өлеңін (1936 жыл) және облыстық "Оңтүстік Қазақстан" және Түркістан
аудандық "Қызыл Түркістан" газеттерінде басылған "Құмкөл серіктігі" деп
аталатын өлеңдерін айтуға болады.
Болашақ ақын Сәдуақас жас шағында Оспан қажы, Дәуренбек және Өскенбай
секілді молдалардан сауат ашып, ескіше араб қаріптерімен жазылған
кітаптарды оқи алатын болады. 1930-шы жылдарда латын әрпімен сауатын ашады.
Сол кезде газет-журналдарда, Қазақстан баспаларында жарияланған әдеби
шығармаларды үздіксіз оқып отырады.
Тақырыптық жағынан Сәдуақастың шығармалары 1930-шы жылдардағы қазақ
ақындарының өлеңдерімен бағыттас, үндес келуі осы айтылғандардың әсері
болса керек. Ол алдыңғы қатарлы қазақ ақындарының көркемдік
ерекшеліктерінен үйрене отырып, оларға еліктеп көптеген шығармаларын
жазады.
Сонымен қатар сөз қолданысында, бейнелеу құралдарында Сәдуақастың
ешкімге де ұқсамайтын өз өрнегі де танылады. Оның шығармалары әдебиет
тарихы үшін елеусіз құбылыс емес, өткен кезеңдердегі әдебиетіміздің,
мәдениетіміздің байлығына аз да болса үлесін қоса алатын туындылар болып
табылады.
Өкінішке қарай, Сәдуақас Жақашұлының шығармашылық мұралары кейінгі
уақытқа дейін жүйелене жинақталып, толық жарияланбаған және саралана
зерттелмеген. Ақынның туындыларының қолжазбалары өзінің жақын ағайындарының
қолында үзақ жылдар бойында сақталып келген.
Сәдуақас ақын туралы алғаш мәлімет беруші ретінде оның туған інісі
Мамыр Жақашұлын айтуға болады. Ол ағасы Сәдуақастан оқып, арабша сауатын
ашқан. Кейін ер жетіп, есі кірген соң Түркістан қаласындағы Ғани Опаходжаев
деген бай саудагерге далданып, соның қарамағында әртүрлі жұмыстар атқарған.
1938 жылы Ғанидың кәмпеске науқанына ілініп, қамалып кетуіне байланысты
Мамыр Жақашұлы жалшылықтан босанып, өзінің ауылында, Отырар жерінде
кәмпеске науқанына белсене қатысқан. Арада бір жыл өткен кезде, 1929 жылы
өзінің туған жерінде "Мыңшұқыр" деп аталатын жер серіктестігін
ұйымдастырып, сол артельге төраға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәді Жәңгірұлының әдеби мұрасы
Шортанбай - қазақ әдебиетіндегі зар заман дәуірінің көрнекті өкілі
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Жабаев Жамбыл– қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
XІХ ғасырдың әдебиеттің ерекшелігі
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ ТАРАУ
ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің зерттелуі
Қазақ жеріндегі жыр айту мектептері
Пәндер