Өрбу физиологиясы


Жоспар:
- Өрбу физиологиясы
- Жыныс әрекеттерінің реттелісі
- Нейроэндокриндік реттелу
- Жыныстық құштарлық
- Жасқа байланысты жыныс ерекшеліктері
- Қорытынды
Өрбу физиологиясы
Жер бетіндегі тіршіліктің үздіксіздігі тірі организмдердің ұрпақ жаңғырту қасиетіне негізделген. Соның нәтижесінде адамзаттың барлық өмір сүрген уақытында өмірден кеткен ұрпақтардың онына жаңа ұрпақтар келеді. Мұны адамның жыныс әрекеттік жүйесі атқарады.
Бұл жүйе жыныс клеткаларының (гамета) жетілуі, жыныстық құштарлық (либидо), салт жоралары (ритуал), ұрықтану, жүктілік, босану, сүтпен емізу (лактация), ұрпақ тәрбиелеу іспеттес процестерінен құралады. Осының бәрі организмнің жыныстық әрекеттерінің әркелкі көріністерін қамтитын біртұтас әрекеттік жүйе арқылы реттеледі.
Жыныстық әрекеттік жүйенің ерекшелігі ер мен әйел организмінің әртүрлі өзі реттелетін механизмдерінен тұрады. Олар биологиялық және әлеуметтік нәтижеге жету, яғни өрбу мен түр жалғастыру үшін қарама-қарсы жынысты серіктердің өзара белсенді әрекеттесуін түзеді.
Табиғатта өрбу маусымдық, рефлекстік, оралымды болып үш түрге бөлінеді. Жалпы аналық организмде жыныстық ырғақтылық ерекше қалыптасқан. Аталық организмдердің тұқымдылығы мен жыныстық құштарлығы солардың ерекшеліктеріне бейімделеді.
Жыныстық әрекеттік жүйенің қызметі арнайы ішкі сөлініс бездерінде түзілетін жыныстық гормондардың (андроген, эстроген) қандағы мөлшеріне тәуелді келеді. Жыныс гормондары ұлпадағы заталмасу процестерімен қатар, жалпы жыныстық әрекеттік жүйені тікелей қоздырады. Жыныс гормондарының сөлінісі планета әсерлеріне сәйкес болады.
Жыныс саласының анатомиялық құрылымы мен физиологиялық әрекетін жыныс мүшелерімен бірге орталық және шеткі жүйке жүйесі, ішкі сөлініс бездерінің, яғни нейроэндокриндік аппараттың әртүрлі бөлімдері қамтамасыз етеді.
Жыныс мүшелері (генеталий) : жыныс бездері (гонада), ұрық жолдары, жатыр, қосалқы жыныс бездері және шағылысу (копуляция) мүшелерінен тұрады.
Жыныс бездері аралас әрекетті бездерге жатады. Олардың сыртқы сөлініс қызметі - жыныс клеткаларын (сперматозоидтар мен аналық клеткасын) бөліп шығару, ішкі сөлініс әрекеті - қан мен лимфаға өтетін жыныс гормондарын түзу.
Аталық жыныс мүшелері прокреациялық (ұрпақ жанғырту) қызметатқарады. Олардың әрбір бөлігінде сперматогенез (аталық клетканың түзілуі, жетілуі және қор сақталуы) жүзеге асады. Ішкі сөлініс қызметі аталық шәует безінде жыныс гррмондары - андрогендерді түзуіне байланысты. Олардың ішінде негізгісі және ең белсендісі - тестостерон. Андростерон темтостероннан 6-10 есе әлсіз келеді.
Еркектер организмінде андрогендер өмір бойы сперматогенезді және қосымша жыныс белгілердің дамуын қамтамасыз етеді. жыныстық жетілу кезеніндежыныс мүшелері өсіп, еркектерге тән дене тұлғасы, жүн жамылғысы, дауыс үні және т. б. қалыптасады.
Аталық жыныс гормондары белок синтезін жеделдетеді, зор анаболиктік қасиеті болады. Олардың әсері еркектердің қаңқасың, бұлшықеттерін, ішкі ағзаларын өсіреді.
Андрогендер шәует безімен қатар бүйрекүсті бездерінде түзіледі. Ол әсіресе балиғаттық шаққа дейін байқалады. Еркектердің организмінде эсторгендер де түзіледі. Эстрадиол, тетостерон сияқты, аталық безінде, ал эстрон бүйрекүсті безінің ізашарларынан жасалып шығады.
Аналық бездер жамбас аймағында орналасып, жатырдың жалпақ дәнекері арқылы оның түтігіне бекінеді. Аналық без үш түрлі қызмет арқарады. Гаметалық (ұрық жетілдіру) - аналық бездерінде жұмыртқа клеткасын түзу және жетілдіру. Жаңа туған кезде аналық бездерде бірнеше жүз мыңнан 2 млн-ға жуық әлі жетілмеген жұмыртқа клеткаларынан құралатын фолликулалар (көпіршіктер) болады, олар жалаң қабатты эпителиймен қоршалған, қабырғалары ішкі сөлініс қызметін атқарады. Жыныстық кемелдену шақта қалыпты физиологиялық атрофиядан кейін 40-60 мың фолликула қалады. Балиғаттық кезең аяқталған соң гипофиз гормондарының ықпалынан әрбір ай сайын 300-400 фолликула дамиды. Алайда әйелдердің 30-35 жылға созылатын бала көтеретін шағында небары 400 фолликула пісіп жетіледі, қалғаны атрезияға душар болады. Сөйтіп, әйелдердің бала көтеретін жасында барлығы 300-500 жұмыртқа клеткасы жыныстық кемеліне жетеді.
Әйелдердің бала көтеретін кезеңінде аналық бездің қыртыс қабатында фолликулалардың жетілуі, овуляция (жұмыртқа клеткасының шығуы), орнына сары дене түзілуі, оның жүктілікке байланысты тғдыры оралымды түрде қайталанып отырады.
... жалғасыАналык бездерде ішкі сөлініс (эндокриндік) кызметін атқарады. Фолликулада қуыс пайда болған сәттен жыныс гормондары эстрогендер (эстрон, эстрадиол, эстрол) тузеді.
Әйел организмінде фолликуланың даму және жетілу кезеңдері жыныс оралымыньң ерекшеліктері мол эстрогендік кезін тудырады.
Жыныс оралымыньң орта кезінде гипофиздің және баска түрткілердің әсерінен грааф көпіршігі жарылып (овуляция), құрсақ, қуысына жумыртқа клеткасы шығады. Жарылған фолликуланың қабырғасы қабысып, оның орнында бірнеше сатыдан өтетін сары дене пайда болады . Осыдан кейін жыныс оралымының лютеин кезі басталады.
Сары дене еттекірдің және жүктіліктің кезінде әртүрлі қызмет атқарады. Еттекір сары денесінің әрекеттік мерзімі 12-14 күн. Жасөспірімдік және климакс (еттекірі тоқтаған) кезенінде сары дененің белсенділігі төмендеп, тіршілік мерзімі қысқарады. Сары дене бүкіл әйел организмінің оралымды құбылыстарының ырғағына әсер ететін прогестерон және эстроген гормондарын түзеді. Овуляциядан кейін 7-8 күні қанда прогестеронның және несепте прегнандиолдың мөлшері өседі. Ал еттекір келер алдында прогестеронның мөлшері өте азайып, жатырдың кілегейлі қабықшасындағы қан тамырларының ішкі қабаты сылынып түседі. Жатырдың кілегейлі қабығы ісініп, жалаңаштанған қан тамырларынан қан құйылады да, еттекір келеді. Бұл процесс 3-5 тәулікке созылады да, әрбір туар ай сайын қайталанып отырады.
Жыныс әрекетінің реттелісі
Организмнің жыныс әрекеттерінің реттелу механизмдері орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдерінің гипоталамус арқылы жасайтын күрделі ықпалдарынан тұрады. Гипоталамус бұл ықпалдарды гипофиз арқылы жүзеге асырады. Жыныс мүшелерінің қызметің шартты және шартсыз рефлекстер реттейді. Шартсыз рефлекстің афференттік жолдары орталық жүйке жүйесіне жыныс аппаратының эрогендік рецепторларынан ақпарат жеткізеді, ал оның афференттік ықпалдары гипоталамус пен гипофизді іске қосады. Эрогендік рецепторлар жыныс мүшелерінде шоғырланады.
Жынстың шартсыз рефлекс орталықтары жұлын деңгейінде орналасады. Алайда олар мидың жоғарғы бөлімдері қатысатын күрделі рефлекстердің құрамына кіреді.
Жұлынның бел және сегізкөз сегменттерінде жыныс мүшелерінің ширығу (эрекция) және шәует шығару (эякуляция) орталықтары болады. Жыныс орталықтарының жоғарғы қозғыштығы оргазм (құшырлану) сезіммен аяқталады. Осы орталықтардың қозу толқыны жоғары өрістеп, оргазм тудыратын гипоталамус пен лимбия жүйесін белсендіреді.
Бұл эмоциялық әсерленіс кезінде нақтылы вегетативтік өзгерістер байқалады: жүреутің систолалық көлемі 130-170 %-ке өседі, пульс (кейде минутына 150-180-ге дейін) тыныс (минутына 40-қа дейін) жиіленеді, қан қысымы (систорлалық қысым қалыпты жағдайдан с. т. б. 60-100 мм-ге дистолалық қысым 20-50 мм-ге дейін) көтеріледі. Оргазмнан кейін жалпы қажу, босансу, байыз табу, ұйқышылдық байқалады. Оргазм ерлер мен әйелдерде әртүрлі болады, жеке ерекшеліктері байқалады және көптеген түрткілерден тәуелді келеді. Медициналық тұрғыдан алып қарағанда, оргазм организмге жағымды әсер етеді. Жыныстық қанағат сезім болмаған жағдайда жиі невроз пайда болады.
Жыныстық әрекеттердің қалыптасуына шаррты рефлекстік әсерленістер қатысады. Шартты рефлекстік жыныстық (сексуалды) тітіркендіргіштер талдағыштар арқылы әсер етеді. Шартты рефлекстік әсерленіс көбінесе ер адамда аса жетілген.
Жалпы шартты рефлекстік жыныс тітіркендіргіштерінің организмнің жыныстық қозғыштығын күшейтуі немесе төмендетуі нейроэндокриндік жүйенің әсеріне және нейропсихикалық саланың жағдайына байланысты болады.
Нейроэндокриндік реттелу
Жыныс әрекеттік жүйенің нейроэндокринді аппараты әрбір жас кезендеріне қолайлы жыныс гормондарының деңгеін, организмнің өсу, даму, жыныс құштарлығын, өрбу процестерін қамтамасыз етеді.
Жыныс гормондарының организмге жасайтын әсерінің көлемі зор. Олар калетка геномын (текқорын), бөлінуін, ағзалар мен тканьдердің қайта жаңғыруын (регенерациясын), өсу және даму, иммундық әсерленісін, зат алмасуының барлық түрін, мінез-құлығы мен эмоциясын реттейді, ақыры генотиптің (тектүрдің) фенотипке (белгітүрге) алмасуын жүзеге асырады.
Организмнің ұрпақ жаңғырту және гормон түзу қасиеті гипоталамус-гипофиз және шеткі сөлініс бездерінен тұратын күрделі құрамалардан тұрады.
Гормондар әсерінің алғашқы жүзеге асатын деңгейі-ағзалар мен тканьдер. Олардың клеткаларының ажырытылыс нәтижесінде көптеген гормондар жиынтығына арнайы рецепторлары болады. Тканьдерде клеткааралық реттеуді әрекетін простогландиндер ұйымдастырады. Бұлардың іс-әрекеті ЦАМФ (циклді аденозинмонофосфат) арқылы іске қосылады. Тканьдерде туатын сигналдық ақпараттар орталық жүйке жүйесіне беріледі.
Нейроэндокриндік реттелістің келесі деңгейі шетте орналасқан сөлініс бездері. Олар түзетін гормондар қанға сіңіп, қашықтықтан және ұзақ уақыт әсер ете алады. Сөйтіа гормондар әртүрлі аймақтарда жекеленген ағзалардың биоырғағын лайықтастырып, олардың арнайы іс-әрекетін үйлестіреді.
Гормондар әсеріне еркеше сезімталдығы білінетін ағзаларды нысана-ағзы деп атайды. Мәселен, сүт безі мен жатыр жыныс гормондарына өте сезімтал келеді. Олар бақа ағзалар мен тканьдер елемейтін, жыныс гормондарының (эстроген, прогестин, андроген) аз мөлшерінде де арнайы жауап береді.
Шеткі эндокриндік бездер өздігінде гипофиздің бағыттаушы гормондары арқылы реттеледі (үшінші деңгей) . Төртінші деңгей гипоталамустың «босатушы гормондар» (ризилинг-гормондар) түзуші орталықтарынан тұрады. Ең ақырғы, бесінші деңгей, гипоталамустың нейрогормондарын қадағалайтын ОЖЖ-нің басқа жоғарғы құрылымдары.
Гипофиз жыныс саласын реттейтін (ФСГ) және лютеиндеуші (ЛГ) гормондар түзеді. Бұлардың тұқым бағыттаушы (гонадотропты) гормондар (ТБГ) деп атайды. ТБГ жыныс бездеріндегі тек белгілі процестерді қадағалайды. Мәселен, әйел организмінде ФСГ аналық бездегі фолликуланың өсуін, дамуын және пісіп жетілуін, ал ЛГ оның жарылу (овуляция) кезін жүзеге асырады. Гипофиздің тағы бір гормоны пролактин сары дене гормоны-прогестеронмен бірігіп, аналық безде жаңа фолликуланың дамуын тежейді. Аналық клетка ұрықтанған жағдайда, бұлар оның жатырдың кілегейлі қабықшасына еніп, бекінуін және плацентаның қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге ұрпақ жаңғырту (репродукция) мүшелерін дайындауға, сүт безінің дамуына және сүт бөлу (лактация) процестерін реттеуге осы гормондпр жауапты.
Еркектердің организмінде ФСГ сперматогенезді, ал ЛГ андрогеннің биосинтезін реттейді. Сондықтан ЛГ, басқаша, дәнекер клеткаларды демеуші гормон деп те аталады.
Гипоыиз гормондары, оның ішінде ТБГ, гипоталамустың «босатушы гормондарынан» тәуелді келеді. Бұл нейрогормондар сөлініс нейрондарында түзіліп, талшықтарының бойымен төмен ағады (аксондық тасымал) . Одан гипофиздің қақпа капиллярының алғашқы ілмектерінде қанға өтеді. Рилизинг-гормондарымен қаныққан қан гипофиздің алдыңғы бөлігіне (аденогипофизге) жетеді. Сөйтіп гипофиздің сөлінісін қан арқылы гипоталамус жіті бақылап отырады.
Қазір гипоталамустың 10 рилизинг-гормоны анықталды. Олардың кейбіреуі гипофиздегі ішкі сөліністі демейді (либериндер), ал басқалары тежейді (статиндер) . Гипофизде ФСГ және ЛГ сөлінісі фоллиберин мен люлиберин арқылы сәйкестеліп реттеледі. Гипоталамутан гипофиздің екі гормоның да белсендіретін зат бөлініп алынды, кейін ол синтезделіп, клиникада тумайтын әйелдерді емдеу үшін қолданылып жүр.
Гипофиздің тұқым бағыттаушы гормондары сөлінісін гипоталамустың тонусты және оралымды (циклді) орталықтары қамтамасыз етеді. Тонусты орталық ФСГ және ЛГ синтезделіп бөлініп шығуын қадағалайды. Оралымды орталық преоптикалық аймақта орналасқан. Мұнда люлибериннің мол мөлшері байқалады, ол жыныс оралымына және гонадотропиннің тәуліктік ырғағына сәйкес өзгеріп отырады. Гипоталамустың оралымды орталығының құрамына супрахиазмалық және доға тәрізді ядролар кіреді.
Гипоталамустың жыныс орталықтары тәуелсіз әрекеті болғанымен, орталық жүйке жүйесінің біраз құрылымының бақылауынды болады.
Жыныстық әрекеттік жүйенің қызметіне лимбияның құрамына кіретін бадамша тәрізді дене (амигдала) мен гипокамп қатысады. Біріншісі демеуші, екіншісі тежеуші әсерді қамтамасыз етеді.
Гипоталамустың жыныстық (сексуальдық) орталығына эпифиз зор тежеуші ықпал жасайды. Жыныстық орталықтарды ОЖЖ-нің адренергиялық және холинергиялық құрылымдары, вегетативтік жүйке бөлімдері реттейді. Норадреналин ФСГ мен ЛГ сөлінісін демейді, допамин пролактин түзілуін тежейді.
Жыныс әрекетін реттеуге лимбия жүйесімен қатар ми қыртысы да қатысады. Адамның әлеуметтік жағдайы, психикасы және эмоциялық әсерленісі жыныстық әрекеттік жүйенің қызметін бақылап отырады.
Жыныстық құштарлық
Жыныстық құштарлық (либидо) ең әуелі қанға жыныс гормондарының-андрогендер мен эстрогендердің жиналуына байланысты. Сонымен бірге оған арнайы әлеуметтік тітіркендірістер әсер етеді. Адамда әсіресе тәрбие, жеке немесе қоғамдық тәжірибе маңызды орын алады.
Жыныстық құштарлық биологиялық мотивациялардың бір түрі. Ол ерлер мен әйелдерде бірдей қалыптасады. Сыртқы тітіркендіргіштер ми қыртысы арқылы гипоталамустағы жыныс орталықтарын белсендіреді. Алайда еркек пен әйелдердің гормондық механизмдері әртүрлі болғандықтан, жыныстық құштарлық өзгеше туады.
Жыныстық құштарлық андроген мен эстроген гипоталамустың алдыңғы бөлігіне әсер етіп, ми қыртысына және басқа құрылымдарға белсендіруші ықпалдарынан пайда болады.
Жыныстық кемеліне келген еркектерде тестостерон үнемі түзіледі, ал әйелдерде эстрогеннің түзілуі жыныс оралымына сәкес келеді.
Іс жүзінде жыныстық құштарлықтың қалыптасуына басқа да ішкі сөлініс
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz