Құқық, мемлекет, саясат туралы идеялары



Жоспар:

Кіріспе

1.Құқық ұғымы және оның негіздері
2.Құқық, мемлекет, саясат туралы идеялары
3.Билікті бөлу. Мемлекет нысандары
4.Мемлекеттердің табиғи күйден ұйымдасқан және құқықтық күйге өтуі.
Әлем азаматының құқығы
5. Мәңгілік бейбітшілік және бүкіләлемдік федерация жобасы

Қорытынды:

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Иммануил Кант (1724-1804) – ұлы неміс ойшылы, немістің классикалық философиясының негізін қалаушы, осы заманғы либерализмнің, құқықтық мемлекет, әлемдік федереция теориялары ізашарлараның бірі. Кант Кëнигсберкте (қазірігі Ресей Федерециясындағы Калининградта) қолөнер-шінің отбасында әулие Иммануил күнінде дүниеге келген, сондықтан есімі осылай аталған. Ол Кëнигсберк университетінде оқыған, оқытушы болған, екі рет (1786 және 1788 ж.ж) оның ректоры болып сайланған. Университетте Канттың 268 дәрістер курсын оқығаны есептеліп шығарылған, оның ішінде 12 рет құқық бойынша, 28 рет – этика бойынша, 49 рет – метафизика бойынша, 1 рет – теология бойынша және т.с.с. дәрістер курсын оқыған [1].
Кëнигсберк университетінің пофессоры Канттың ілімі XVIII ғасырдың 70-жылдары осыған дейінгі философияны саяси тұрғыда қайта пайымда-ғаннан кейін қалыптасты. Өзінің саяси-құқықтық көзқарастарын ол бастапқыда құрамады “Бүкіләлемдік-азаматтық тұрғыдағы жалпы тарих идеясы”, “Мәнгілік әлемге қатысты” сияқты жұмыстары енген мақалалар жинағында баяндады, ал кейнірек “Адамгершілік метофизикасы” (1797ж.) трактатында қорытындылады.
Ресей әскері Шығыс Пруссияның астанасына кіргеннен кейін жеті жылдық соғыс кезеңінде 1858 ж. Кант басқа да қалалықтар секілді Ресейдің император ханымы Елизаветаға және тақ мұрагеріне ант береді (Кант 1762 ж. дейін Ресейдің қол астындағы азаматы болған). Кант орыс офицерлеріне, кейініректе неміс офицерлеріне әскери өнер бойынша дәрістер оқыған. Мұндай дәрістерге болашақ атақты қолбасшы, сол кездегі потполковник А.В.Суворов қатысқан болуы керек деген мәліметтер бар, ол осы тұста Кëнигсбергке, кезінде қаланың губернаторы болған Игенерал - әкесіне барған.
“Машықтық парасат сыны ” (1788), “Бүкіл әлемдік-азаматтық тұрғыда-ғы жалпылама тарих идеясы”(1784),“Салт-ғұрыптар метофизикасы”(1797) және т.б. ойшылдың саясат және құқық мәселелері жөніндегі негізгі шығармаларына жатқызуға болады. Өзінің бірқалыпты, қатаң тәртіпке бағынған әрі шығармашылықпен шыңдалған бүкіл ұзақ өмірінде Кант Шығыс Пруссия шегінен сыртқа шықпаған. Алайда, бұл ой-пікірлері автордың кеңістіктің бір нүктесінде болуының орнын толтыра отырып, бүкіл әлемді шарлаған, кеңістік пен уақыттың адамның қолы жетпейтін көкжиектеріне бойлаған, бүкіл ғаламшарды, ғарышты, адамзат тарихын, адамзаттың болашағын көре білген шығармалар тудыруына кедергі бола алмады. Ерікті Кëнигсберг сопысы Петарбург Ғылым академиясының шетелдік мүшесі (1724 ж. шілде), сондай – ақ Берлин мен Сиенедегі (Ита-лия) академияның мүшесі болып сайланады
Пайдаланылатын әдебиеттер:
[1] Гулыка А. Кант М., 1977, 247-бет
[2] Кант И. Метафизика нравов в двух частях ⁄⁄ 6.т4-т,2-б М., 1965, 139-бет
[3] Кант И.К Вечному миру ⁄⁄ 6т-қ.шығ., 6-т.М., 1996, 270-бет
[4] Кант И. Метафизика народов в двух частях.1965, 133-бет
[5] Баскин Ю.Я.Кант⁄⁄ Из истори политической и правовой мысли.М..1984.
31-б.; Ударцев С.Ф. Правовое госудаство: смысловые грани доктрины
(философия құқық тарихынан) ⁄⁄ Ғылыми еңбек “Әділет”, 2001,№1(9)16-17-бб
т.б.
[6] Кант И. Трактаты и письма.М..1980, 296-б
[7] Козлихин И.Ю. Итория полетических и правовых учений. Новое время: от Ма-
киавнлли до Канта.Дәрістер курсы, 2-бас., толықт.СПб., 2002,357-б
[8] Ященко А.С.Международный федерализм.М., 1908,76-б
[9] Комаровский Л.А.Международное право. М.,1905. Левин Д.А. Наука междуно-
родного права в Росии в конце XIX и начале ХХ в. Опщие вопросы теории во
всемирно междунородного права.М.,1982.
[10] Диоген Лаэртский. О жизни, учениях и иречениях знаменитых философов ⁄⁄
Жалпы ред.басқ.және кіріспе мақ. А.Ф.Лосев, М.,1979, 254-б
[11]Анталогия кинизма. Антисфен.Диоген.Кратет.Керкит.Дион.Фрагменты сочи-
нени кинических мыслителей ⁄⁄ И.М.Нахов М., 1984 114-б
[12]Таукелев А.Н.,Сапаргалиев Г.С. Государственно-правовые взгляды аль-Фара-
би. Алматы, 1975,54-55,84-б
[13] Рзаев А.К.,Грепетин Б.Л. Вопросы войны и мира в воззрениях азербайджанс-
ких мыслителей прошлого ⁄⁄ История полетической мысли и современность.
М., 1988,154-б
[14] Кант идеясының алғы тарихы: Андреев И.С.Вековая мечта человечества ⁄⁄
Трактаты о вечном мире. М.,1963,13-38-б
[15] Илюхина Р.М. Пацифизм и ненасильственная альтернатива в истори ⁄⁄ Принци-
пы не насилия. Классическое наследие /В.М.Иванов М., 1991,172-б
[16] Гулыка А.В.Гердер и его “Идеи к философии истори человечество”⁄⁄ Гердер
И.Г. Идеи к философии истори человечество. М.,1977,644-б
[17] Баскин Ю.Я.Кант ⁄ Из истори полетической и правовой мысли.М., 1984.61-б
[18] Рассел Б.История заподной философии. 2-т.М., 1993, 227-б
[19] Ж.Ж.Руссо. Мәнгілік бейбітшілік туралы пайымдау ⁄⁄ Трактаты о вечном мире ⁄
М.,1963.149-б

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

1.Құқық ұғымы және оның негіздері
2.Құқық, мемлекет, саясат туралы идеялары
3.Билікті бөлу. Мемлекет нысандары
4.Мемлекеттердің табиғи күйден ұйымдасқан және құқықтық күйге өтуі.
Әлем азаматының құқығы
5. Мәңгілік бейбітшілік және бүкіләлемдік федерация жобасы

Қорытынды:

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

Кіріспе
Иммануил Кант (1724-1804) – ұлы неміс ойшылы, немістің классикалық
философиясының негізін қалаушы, осы заманғы либерализмнің, құқықтық
мемлекет, әлемдік федереция теориялары ізашарлараның бірі. Кант
Кëнигсберкте (қазірігі Ресей Федерециясындағы Калининградта) қолөнер-шінің
отбасында әулие Иммануил күнінде дүниеге келген, сондықтан есімі осылай
аталған. Ол Кëнигсберк университетінде оқыған, оқытушы болған, екі рет
(1786 және 1788 ж.ж) оның ректоры болып сайланған. Университетте Канттың
268 дәрістер курсын оқығаны есептеліп шығарылған, оның ішінде 12 рет құқық
бойынша, 28 рет – этика бойынша, 49 рет – метафизика бойынша, 1 рет –
теология бойынша және т.с.с. дәрістер курсын оқыған [1].
Кëнигсберк университетінің пофессоры Канттың ілімі XVIII ғасырдың 70-
жылдары осыған дейінгі философияны саяси тұрғыда қайта пайымда-ғаннан кейін
қалыптасты. Өзінің саяси-құқықтық көзқарастарын ол бастапқыда құрамады
“Бүкіләлемдік-азаматтық тұрғыдағы жалпы тарих идеясы”, “Мәнгілік әлемге
қатысты” сияқты жұмыстары енген мақалалар жинағында баяндады, ал кейнірек
“Адамгершілік метофизикасы” (1797ж.) трактатында қорытындылады.
Ресей әскері Шығыс Пруссияның астанасына кіргеннен кейін жеті жылдық
соғыс кезеңінде 1858 ж. Кант басқа да қалалықтар секілді Ресейдің император
ханымы Елизаветаға және тақ мұрагеріне ант береді (Кант 1762 ж. дейін
Ресейдің қол астындағы азаматы болған). Кант орыс офицерлеріне, кейініректе
неміс офицерлеріне әскери өнер бойынша дәрістер оқыған. Мұндай дәрістерге
болашақ атақты қолбасшы, сол кездегі потполковник А.В.Суворов қатысқан
болуы керек деген мәліметтер бар, ол осы тұста Кëнигсбергке, кезінде
қаланың губернаторы болған Игенерал - әкесіне барған.
“Машықтық парасат сыны ” (1788), “Бүкіл әлемдік-азаматтық тұрғыда-ғы
жалпылама тарих идеясы”(1784),“Салт-ғұрыптар метофизикасы”(1797) және т.б.
ойшылдың саясат және құқық мәселелері жөніндегі негізгі шығармаларына
жатқызуға болады. Өзінің бірқалыпты, қатаң тәртіпке бағынған әрі
шығармашылықпен шыңдалған бүкіл ұзақ өмірінде Кант Шығыс Пруссия шегінен
сыртқа шықпаған. Алайда, бұл ой-пікірлері автордың кеңістіктің бір
нүктесінде болуының орнын толтыра отырып, бүкіл әлемді шарлаған, кеңістік
пен уақыттың адамның қолы жетпейтін көкжиектеріне бойлаған, бүкіл
ғаламшарды, ғарышты, адамзат тарихын, адамзаттың болашағын көре білген
шығармалар тудыруына кедергі бола алмады. Ерікті Кëнигсберг сопысы
Петарбург Ғылым академиясының шетелдік мүшесі (1724 ж. шілде), сондай – ақ
Берлин мен Сиенедегі (Ита-лия) академияның мүшесі болып сайланады.
1 Құқық ұғымы және оның негіздері
И.Кант өзінің құқық туралы ілімінде, мысалы, ежелгі қытай философы
Конфуций секілді құқық пен имандылық табиғатының жақындығын, тығыз
принциптері біртұтас және мінез – құлықтың күллі реттеуіштерінің негізін
құрайды деген идеяны басшылыққа алды. Тарихи, генетикалық және атқаратын
қызметі тұрғысынан алғанда, құқық пен имандылық бірге пайда болып, өмір
сүреді және дамиды, адамның табиғатындағы олардың түп-тамыры да біреу
болады. Ол заңдарды, басқаша айтқанда, заң құқығын құқық пен имандылық
міндеттерін шешетін әлеуметтік реттеудің мәжбүр-леу элементі ретінде
қарастырылады. Әлеуметтік өзін-өзі реттеу әрекеті жеткіліксіз болатын
жағдайлар мен салаларда адамның мінез-құлқын реттеудің мәжбүрлік сипаты бар
қосымша құралдары әрекет ете бастайды.
Кант логика саласының мамандары үшін “Ақиқат дегеніміз не?” деген сұрақ
қандай маңызға ие болса, “Құқық дегеніміз не?” деген сұрақ құқық-танушы
үшін де сондай маңызға ие болады деп есептеді. Канттың ойын-ша, бұл
сұраққа тәжірибелік мағлұматтардың көмегімен немесе қолданы-лып жүрген
заңдарға сілтеме жасау арқылы жауап таба алмаймыз, өйткені бұл заңдарда
ненің құқықтық, ненің құқықтық емес екені көмескі болып қала береді. Оның
пікірінше, бұл жағдайда құқықтың парасатты табиғатын анықтау үшін және
құқық құбылысының жалпы мәселелерін шешу үшін тәжірибелік мағлұматтар
жеткіліксіз болады. Мәселе абстрактілік теори-ялық, философиялық тәсілдер
қолдануды қажет етеді.Осы құқықты қоғамда өзара әрекеттесе өмір сүретін
түрлі адамдардың қатар өмір сүруінің, азат-ерік жігері мен зорлық-зомбылық
көрсетуін өзара шектеудің және шамалаудың сыртқы саласына жатады деп
ойлады. Канттың ойынша, құқық қоғамдық қатынастар нысанына жатады, қоғам
мүшелері бостан-дықтарының өлшемі және шекарасы болып табылады, оның
үстіне, бос-тандық өлшеміне жалпылама заңдарына сай келетін өлшемі мен
шекарасы болады.
“... Құқық, - деп жазды Кант, құқық туралы ілімнің метафизикалық
бастауларын қарастыра келе, - бұл жалпылама бостандық заңы тұрғысынан
қарағанда, біреудің [адамның] көрсеткен зорлық-зомбылығы келесі біреудің
көрсеткен зорлық-зомбылығымен шамалас болатын жағдайлардың жиынтығы”[2].
Сонымен қатар, оның негіздерінде құқық адамға қатысты алғанда сезімнен тыс
және тәжірибеге дейін құбылыс ретінде қарастырылады, оның мағынасы адамзат
тарихынан тысқа шығып, адам баласының өмірі мен қызметін ғарыштың іргелі
негіздерімен байланыстырады.
Құқық адам баласының ең жоғары мақсатына ортақ, әлемнің ауқымына
шамалас деп ойлады ойшыл.“Мәнгілік бейбітшілік жөнінде” атты ғақлиясында ол
“адамдардың құқығы” “құдайдың жердегі жаратқандары-ның ең қасиеттісі” деп
жазады [3]. Канттың ойынша, құқық дегеніміз адамзатты мәнгілікпен, ғарыш
заңдарымен, жоғары парасат принциптерімен және түпкі ойларымен
байланыстыратын құбылыс.
Адамға қатысты алғанда, сыртқы заңдары Кант табиғи және ұнамды заңдарға
бөлді. Табиғи заңдар дегеніміз – бұл міндеттілігін а priori ақыл- парасаты
мойындайтын сыртқы заңдар, ұнамды заңдар дегеніміз – бұлар “нағыз сыртқы
заңдар, болмайынша, міндеттемейтін, демек оларсыз заңдар бола алмайтын” [4]
сыртқы заңдар. Кант кейде “нағыз сыртқы құқық” деген тіркесті пайдаланған.
Ол күрделі қоғамдық өмірде ненің заңды екенін ұдайы бірден анықтауға бола
бермейтініне назар аударады. Оның үстіне, нақты қайшылықтарды, құқықтың
түрлі мәнділігін көрсететін екі ұшты жағдайлар да тууы мүмкін. Мұндай
жағдайларда ол“кең мағынадағы құқық” пайдаланған. “Мәжбүрлеу құқығы”
(мысалы, әділеттілікке, осынау “мылқау құдыретке” шақыратын, тараптардың
шартында өзге ештеңе көзделмейтін реттерде бірден – бір тиімді құрал бола
алатын) және аса қажеттілік(“құқықсыз мәжбүрлеу”) ретіндегі әділеттілік
осыған жатқызылады. Алайда осы қажаттілік ұғымы “мұқтаждық заңды
мойындамайды (necessitas non habet lege m)” мағынасында ашылса да, Канттың
ойынша, теріс нәрсені заңға сәйкес ететін мұқтаждық болуы мүмкін емес.
Кант адамның бостандығы дегеніміз – бұл оның туа біткен құқығы, барлық
қалған құқықтар осыдан таралады деп тапшылады. “Бостандық (басқаның
мәжбүрлеушісі озбырлығынан тәуелсіздік) – деп көрсетті Кант, - әрбір басқа
адамның жалпылама заңға сәйкес бостандығымен үйлесетіндіктен, бұл адамзатқа
жататын әрбір адамға тән бірден –бір бастапқы құқық болады ” .
Бостандықтың келесі жағы – адамдардың теңдігі және олардың бостандыққа тең
құқылығы.
Канттың құқықтық ілімінің негізгі ұғымы - “тегеурінді талап”. Бұл –
құқықтың бастапқы, жалпылама принципі, оған адам мінез – құлқының негізгі
бастаулары жөнінде толғана келе, бұған дейін де кейбір ойшылдар, мысалы,
Томос Гоббс назар аударған. Адамның иманды мінез – құлқының іргелі
негіздерін іздестіру жолында ақыл-ой адамзат әлемінде бұдан асқан әмбебап
бастапқы формула жоқ деп әділ есептей отырып, тарихта белгілі бір
принципке әлденеше рет оралды.
Кант “тегеурінді талапты” адам мінез – құлқының күллі өмірлік жағдай-
ларына таралатын жалпы әмбебап ереже ретінде түсінеді Бұл ақыл – пара-сат
талабы, қоғам мүшелері арасында қарым-қатынастарды ұйымдастырудың парасатты
негізі. Бұл - ілгері ереже мінез құлқының негізгі бағыты, мойынсұнатын
норма осымен бірге жалпылама заңның принципі болатындай, осындай заңның
күшіне ие болатындай әрекет істеуді талап етеді деп есептейді Кант. Ол
былай деп жазды: егер адамның қылығы және жалпы алғанда оның күйі әркімнің
жалпыламаға сәйкес бостандығымен үйлесімді болса, онда мұндай мінез–құлық
пен күйге кедергі жасайтын адамның әрекеті дұрыс емес, “өйткені мұндай
кедергі жасау(қарсы әрекет істеу) жалпылама заңға сәйкес бостандықпен үйлес-
пейді”.“Сонымен, - деп Салт-ғұрыптар метафизикасында”, - жалпылама құқықтық
заң мынаны білдіреді: сырттай қарағанда өзінің озбырлығының еркін көрінісі
әркімнің жалпыламаға сәйкес бостандығымен үйлесетіндей әрекет етеді” .
Басқаша сөзбен айтқанда, басқалардың бәрінің жалғыз өзіне ғана емес,
баршамен қалай қатынас жасауын қалайтынындай әрекет етеді.
Құқық әдетте мәжбүрлеу өкілеттілігімен байланысты болады. Ал мәжбүрлеу
құқықтық және құқықтық емес мәжбүрлеуге бөлінеді. Егер ол бостандық заңының
ақылға қонымды шегінен шығып, озбырлыққа айналатын бостандықты шектейтін
болса, құқықтық мәжбүрлеу болып табылады. Мәжбүрлеу бостандықты заңсыз
шектеуге және жалпы алғанда, құқықты жүзеге асыруға заңсыз кедергі
келтіргенде қарсы әрекет етуші болғанда да заңды болып шығады. “Демек, -
деп Кант, - бостандықтың белгілі бір көрінісінің өзі жалпылама заңдарға
үйлесімді бостандыққа кедергі (яғни теріс) болып шыққанда, оған қарсы
бағытталған мәжбүрлеу жалпылама заңдарға сәйкес келетін бостандықпен
үйлесімді, яғни орынды болады; ендеше, бұл құқыққа нұқсан келтіретін адамға
мәжбүрлеуді қолдану өкілеттігі де қайшылықтар заңы бойынша құқықпен
байланыс-ты”.
2 Құқық, мемлекет,саясат.
Канттың пікірінше, құқық мемлекеттің негізін құрайды. Көп ретте Кант-тың
құқықтық мемлекет және “құқықтық азаматтық қоғам” [5] теориясы
ізашарларының бірі ретінде танылатыны кездейсоқтық емес. Кант адамзаттың
тарихи даму міндеттерінің бірі “жалпыға бірдей құқықтық азаматтық қоғамға”
жету деп білді. Оның сенімі бойынша. Осындай қоғамда ғана адамның ең жоғары
бостандығына, қоғамның бүкіл мүшелерінің қарым-қатынасы мен бостандығының
үйлесімділігіне, сондай-ақ “табиғаттың ең жоғары мақсаты: адамзатқа
берілген барлық нышандарды дамытуға” қол жеткізуге болады. Мұндай қоғамда
ішкі бостандықтардың көптігі мен қоғамдық қатынастардың үйлесімділік
заңдарының қол жеткен сатыларындағы тәуелсіз сыртқы мәжбүрлеу өзара ұштасып
жатады.
Мысалы, Кант азаматтық қоғамды, халықты құрайтын, өзара қарым-қатынаста
болатын, құқықтық күйде болуға мүдделі индивиттердің жиынтығын мемлекет деп
атады. “Салт-ғұрыптар метафизикасының” тағы бір жерінде ол:
“Мемлекет(civitas) дегеніміз – бұл құқықтық заңдарға бағынған көптеген
адамдардың бірлестігі”. Мемлекет – бұл құқықтық ұйым, заңды мінез құлық
ережелерін қамтамасыз етудің ұйымдық, материялдық көрінісі және құралы
болудан басқа ешнәрсе емес, құқықтық реттеуді қамтамасыз ететін
құралдардың, институттардың жиынтығы. Мемлекеттің жаратылысында бұдан
өзгеше ештеңе жоқ. Егер тағы пайда болса қалса, онда бұл – кездейсоқ
нәрсе, мемлекеттің жаратылысы – құқықтық негіз. Мемлекеттің мақсаты -
әділеттілік пен құқықтың салтанат құруы.
Канттың пікірінше, мемлекет пен құқық – адам жаратылысының табиғи
туындылары, адамның бойындағы жеке және қоғамдық бастауларды сөзсіз
үйлестіру қажеттігінің, адамның өзімшілдік құмарлығы мен бейімділікте-рін
өзінің игілігі үшін, бүкіл адам баласының игілігі мен дамуы пайдалану-дың
табиғи тетігінің тікелей салдары болып табылады. Адамзат қоғамын-дағы
антогонизмді, бәсекені және бастама жасаушылықты дамыта отырып, табиғат,
Канттың пікірінше, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіру
құралдарын дамытудың, ынтымақтастық пен өзара көмек көрсетудің жоғары
дәрежесін қалыптастыруды да ұмытпаған. Бұл тұрғыдан алғанда, құқық және
оған сай келетін мемлекет адам жаратылысының түп-тамырларының терең
негіздерімен және оның тарихының мақсаттарыман байланысқан.
Канттың пікірі бойынша, құқық саясат жөнінде де бастапқы болады. Сайып
келгенде, құқық саясатқа емес, саясат – құқыққа сай болуы тиіс [6]. Сірә,
осыны атап көрсете келе, Кант бірқатар жағдайларда тікелей қарама -қарсы
ұстанымда болатын құқық пен саясаттың іс жүзіндегі күнделікті ара-қатынасын
тіркеп отыруды емес, ғаламдық тарихи үрдістерге назар аударғысы келген
болар.
Саясат пен имандылықтың арақатынасы проблемасы жөнінде толғана отырып,
олардың іс жүзіндегі күрделі, әрі бірқатар жағдайларға теріс өзара әсері
туралы ойлана келе, Кант саясатты имандылықпен үйлестіру, саясатты
имандылық пен тыныштыққа бағындыру адам жаратылысының мақсаттарына және
оның Жер бетіндегі мәртебелі міндетіне сай келетініне сенімді болады. Кант
жалпы адамзаттық ақыл-ойды “моральдық заң шығарушы”деп, ал моральды -
“теориялық құқықтану” деп атады .Ол былай деп жазды: “Әзезілдей ақылды
болыңдар”, мораль оны: “Көгершіндей таза болыңдар” деп толықтырады
(шектеуші шарт ретінде). Егер мұның екеуі бір өсиетке сыйыспайтын болса,
онда шындығында да саясат пен моральдың арасында дамудың бар болғаны; бірақ
олар қалай да өзгере қосылуға тиіс болса, онда қарама – қарсылық ұғымы
жосықсыз бо-лып шығады да, бұл дауды шешу жөніндегі мәселе айтарлықтай
қиындық туғызбайды. “Ең жақсы саясат – адалдық” деген қағида да өкінішке
қарай өмірде көп ретте қайшылыққа ұрындыратын теория бар болғанымен,
“Адалдық кез келген саясаттан жақсы” дейтін теориялық қағида да кез келген
қарсылықтан әлдеқайда жоғары тұрады және тіпті саясаттың міндетті шарты
болып табылады. Моральды сақтаушы тәңір Юпитерге (күш-қуатты сақтаушы
тәңірге) көнбейді”. Философтың пікірі бойынша, федеральдық мемлекетте
имандылық пен саясаттың қалыпты қарым-қатынасы орнауы үшін барынша қолайлы
жағдайлар қалыптасады.
Құқықтың, саясаттың және мемлекеттік биліктің арақатынасына келетін
болсақ, ол да Канттың ойынша, сайып келгенде құқықтың басымдылығына
негізделген, мұны адам баласының ақыл-ойы тудырып отыр. “Сонымен,- деп
жазады ол, - былай деп айтуға болады: табиғат, сайып келгенде құқықтың
жоғары билікті иеленуін қалайды”. Енді бір жерде Кант құқық саясатпен
үйлесімді болғандықтан, оның шектеушісі болуға тиіс дейді. Канттың
ойынша, мемлекеттің шарттық тегі оның құқықтық табиғаты мен байланысты.
Егем мемлекет құқық пен бостандықты қамтамасыз етуге, тиісті ұйымдық құрал
ретінде әрекет етуге тиіс болса, онда мемлекеттің құрылуының өзі еркін
негіздерге сүйенуге тиіс болатыны түсінікті. Тарихи даму барысында адамда
бірлесе өмір сүру және құқықтар мен бостандықтарды қайта бөлу принциптері
туралы созылмалы шарттар тиімді және табиғи даму – эволюциялық дамуды
жақтаушы.
Ұлы Француз және Американ революциялары кезеңінде ол осы оқиға-ларға
ынта қойды, франсуз ағарту идеясына, әсіресе Ж.Ж.Руссо идеясына бас июші
болды, бірақ Германиядағы революциялық идеяларды қорғап немесе насихаттап
сөз айтпады. Солай бола тұрса да, мысалы, халықтың егемендігі және билікті
бөлу туралы идеялары ол толық жарамды әрі өз заманының өзінен өзі билігі
және өзінің идеялары деп есептеді. Мысалы, ХIX ғ.үшін қосшы билер сотын ол
әбден қажет әрі тарихи тұрғыдан жеткен ұнамды институт ретінде қарастырған.
Ал революциялық билікке қатынас жөнінде философ былайша ойлады: революция
қоғамның алдында тұрған, басқа құралда шеше алмаған табиғи міндеттерді
шешетін болғандықтан, заңға құлықты азамат тіпті эволюция мен реформаларға
көбірек тілектес болса да, оны қарсы алуы тиіс.
3 Биілікті бөлу. Мемлекет нысандары.
Кант билікті бөлу теориясын жақтаушы болды. Ол мемлекеттік биліктің
бірлігін жақсы түсінсе де, мұндай билік үш жақты әрекет етеді, белгілі бір
мамандануға және іштей жіктелуге ие болады деп атап көрсетті, “Әрбір
мемлекетте, - деп қорытты ойшыл, - үш билік болады, яғни жалпылама нагізде
үш жақтың біріккен ерік-жігері болады (trias politica): заң шығарушы
ретіндегі жоғары билік (егемендік), билеуші (заңға сәйкес билейтін)
ретіндегі атқарушы билік және судьялар түріндегі сот билігі (заңға сәйкес
әркімге лайықты жазасын беретін)”.Мемлекеттегі үш биліктің бәрі де “өзара
үйлестірілген деп есептеді ол, бірінен-бірі толықтырады, біріне-бірі
көмектеседі және бағынады, бірақ олардың бірде-біреуі мемлекеттегі бүкіл
билікті сондай-ақ басқа биліктердің қызметін жаулап ала-алмайды.
Кант мемлекеттегі “әр түрлі үш билік” туралы жазды, осылардың арқасында
мемлекет қоғамнан өзінің алдында тұрған міндеттерді шеше алатын және
бостандық заңдарына сәйкес өзін-өзі жанғырта алатын дербес бірлікке
айналады. Канттың ойынша, бұл үш билік бір құбылысқа – мемлекеттік билікке
біріккен. Ішкі бөлінумен бір мезгілде өтетін олардың бірігуі мемлекет игілі
болады. Кант мемлекет игілігі дегенде “мемлекеттік құрылыстың құқықтық
принциптермен үйлесуінің ең жоғары сатысын жобалады, ақыл-ой әлде бір
тегеурінді талап арқылы бізді соған ұмтылуға міндеттейті”.
Басқару нысандары туралы айта келе, Кант оларды бірнеше белгілеріне
қарай жіктеді. Бір жағынан, бұл нысандарды билік басында отырған (заң
шығарушы) адамдардың санына қарай дәстүрлі болу. Ол автократия (бір адамның
билігі), аристократия және демократия жөнінде осылай айтты. Екінші жағынан,
билікті бөлу принципін жүзеге асыру сипатына қарай ол барлық мемлекеттерді
айтқанда, деспотияға, өйткені монархиялық республикаларда болатынын
ескерді) бөлді. Деспоттық мемлекет – қашан да монархия, ол билікті бөлуге
жол бермейді, құқықты сақтау принципіне сүйенбейді. Канттың ойынша,
деспотизм дегеніміз – мемлекеттің өзі бер-ген заңдары өзі билеп-төстеп
орындау принципі” “бостандық зираты” . Канттың өзі де біраз уақыт
конституциялық монархияға тілектес болады. Ол билікті бөлу, биліктің
халықтың мүдделерін білдіруі, қоғамдық шартты сақтауы, құқықтық сипаты
жөнінен деспотиядан өзгеше ұстанымда тұра-тын республикалық басқару нысаны
көп түрлі болуы мүмкін деп ойлады. Канттың пікірінше, республикалық
мемлекеттік нысан монархия ғана емес, сондай-ақ азшылықтың және көпшіліктің
билігі болуы мүмкін.Кейбір жағдайларда Кант демократияда деспоттық
демократия болуы да мүмкін деген ескерту жасады. Ойшыл “жұрттың бәрі билік
жасағысы келетін” демократиямен салыстырғанда, автократия мен аристократия
көп ретте өкілді жүйенің рухымен үйлеседі деп жорамалдады. Кант өкілді
жүйесі жоқ демократияға қарсы болды, деп есептеді, оны бей-берекет стихия
ретінде қарастырды. Ол республикалық монархияны аристократияға қарағанда
дамуға және реформалар жасауға неғұрлым қабілетті, жетілген құқықтық
құбылысқа неғұрлым сай келетін және бұған қоса, демократиямен
салыстырғанда, оның ойынша революцияға неғұрлым бейім деп есептеді.
Бұл арада Кант бүкіл мемлекеттік нысандардың, “басқару әдістерінің”
салыстырмалы құндылығы мен өзгергіштігін, олардың өздеріне қарама-қарсы
мағынаға өзгеру мүмкіндігін айқын сезінді [7].
4 Мемлекеттердің табиғи күйден ұйымдасқан және құқықтық күйге өтуі.
Әлем азаматының құқығы.
Канттың халықаралық құқыққа көзқарастары зор ынта туғызады. Оның
пікірінше, халықаралық құқық деген атау соншама сәтті алынбаған. Халы-
қаралық құқық ретінде пайдаланылатын түсінікті “мемлекетаралық құқық” деп
атау әлде қайда дұрыс болар еді.
Құқықтың деңгейі (немесе оның өзі айтқандай, - күйі) жөнінде толғана
келді, Кант құқықтық даму мемлекеттік немесе мемлекетаралық (халықа-ралық)
құқықпен шектелмейді деп білді. Оның пікірінше, “жер шексіз емес, тұйық
кеңістік болғандықтан, мемлекеттің және халықаралық құқық сөзсіз халықтар
мемлекетінің құқығы (jus gentium) немесе әлем азаматының құқығы (jus
cosmopoliticum) идеясына алып келеді; сондықтан құқықтық күйдің осынау
мүмкіндік болатын үш нысанының арасында ең болмағанда біруі жетіспейтін
болса, онада қалған нысандарының барлығы-ның ғимараты сөзсіз әлсіріп, ақыр
соңында опырылып түседі”. Канттың космополиттік идеясы оның адамзаттың
саяси-құқықтық даму келешегі туралы түсініктерімен ажырамастай байланысты.
Канттың идеяларын, оның ішінде халықаралық идеяларын, құқықтық
жаратылысы туралы тұжырымдамасын XX ғ. басында Ресейдің көрнекті заңгер –
ғалымдары дамытты. Юрьев (Тарту) университетінің профессоры, кейін
эмигрант, әлемдік федерализм проблемалары бойынша бірқатар ілгері
зерттеулердің авторы А.С.Ященконың XX ғ. басындағы федерализм туралы аса
көрнекті ілімінің, әсілі, Канттың “космополиттік құқық” идеясымен белгілі
байланысы бар. Ященко да халықаралық құқықтың “космополиттік құқық” айналуы
туралы жазды [8]. мәскеу университетінің профессоры Л.А.Комаровскийдің
(1846-1912) халықаралық құқық – адамзатың құқығы, халықаралық адамзат ұйымы
және ғаламшарда бейбітшілікті жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы біраз
ертеректегі идеялары Канттың іліміне жақын болды [9].
Кант “Бүкіл әлемдік тарихи тұрғыдағы жалпылама тарих идеясына”
мемлекеттің ішкі құрылысының сыртқы дүниемен тығыз байланысты болатынын
атап көрсетті. Мемлекет басқа мемлекеттерден оқшау өмір сүре алмайды.
Мемлекет ішінде оны қоршаған дүниеге қарама – қарсы бір нәрсе құруға
болмайды, қалай болғанда да, бұл тым орнықсыз құрылым болмақ. Оның ішінде,
бір мезгілде халықаралық (мемлекетаралық) қатынастар жүйесін
жетілдірмейінше, жетілген мемлекет құруға болмай-ды. “Жетілген азаматтық
құрылыс орнату проблемасы, - деп жазады ол, - мемлекеттер арасында заңға
сәйкес сыртқы қатынастар орнату проблемасына байланысты және мұны
шешпейінше, проблемада шешіл-мейді”. Осы секілді, жетілмеген қоғамда жеке
адамдардың жетілген өмі-рін құруға болмайтынындай, барлық мемлекеттердің,
тұтас алғанда, адам-заттың өмірін ұйымдастыру жетілдірмейінше, жеке
мемлекеттерге де қа-тысты мұндай ұмтылысты істеу мүмкін емес деп есептеді
Кант.
Табиғат соғыстың, қайқы-қасыреттің, қиратып-бүлдірудің, осылардың
туындайтын өмірлік қиындықтардың нәтижесінде адамзатты іс жүзінде оның
басынан өткен тәжірбиесі арқылы халықаралық қатынастарды жетіл-діру және
реттеу, халықтардың бүкіләлемдік одағы құру қажеттігі туралы қорытындыға
келтіреді. Ақыл-ой мұны осыншама қайғылы тәжірбиесіз-ақ еске салған болар
еді, бірақ адам баласының жаратылысы сондай – ол үшін өзінің тиімді
тағдырын танып-білудің осынша ұзақ жолы болмай қоймай-тын секілді.
Халықтың біртұтас одағы идеясы қаншама қиял-ғажайып болып көрінседе,
Канттың ойынша бұл – адамзат жеке мемлекеттер түрінде бір кезде оның
тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін “өзінің хайуандық бостандығын” құрбан еткен
жеке адамдардың жүріп өткен жолын қайталап істеуге мәжбүр болатын бірден-
бір парасатты жол. Осы тұрғыдан қараған-да, - деп атап көрсетті Кант, -
барлық соғыстар мемлекеттер арасында жаңа қарым-қатанастар құрудың және
қиратып-бүлдіру немесе ең болмағанда барлығын бөлшектеу арқылы жаңа
бірліктер түзу жолындағы толып жатқан ұмтылыстар(әлбетте, адамның мақсаты
ретінде емес, табиғаттың мақсаты ретінде) болып табылады. Алайда бұлар тағы
да ішкі алауыздықтарға немесе сыртқы араздықтарға байланысты сақтала алмай-
тындықтан, кейде ақырын да азаматтық құбылыстың ең жақсы ішкі жүй-есінің
арқасында, кейде мемлекеттер мен халықаралық заңдар арасындағы жалпы
келісімнің арқасында азаматтық қоғамдағыдай автомат секілді дербес өмір
сүре алатын күйге жеткенше жаңа, осыған ұқсас революцияларды бастан өткізуі
тиіс”.
Кант өзіне дейінгі және осы заманғы мемлекеттер ұдайы бір-бірімен
соғысып жатқан табиғи күйде болады деп тұжырымдады. Сондықтан “соғысу
құқығы”, “соғыс кезіндегі құқық”, “соғыстан кейінгі құқық”, “бейбітшілік
құқығы”, “әділітсіз жау жөніндегі құқық” ұғымдары халықа-ралық құқықта
айтарлықтай орын алады. Жеке адамдардың табиғи күйінен өзгеше,
мемлекетаралық табиғи күй бір мемлекеттің жеке адамдарының басқа
мемлекеттің жеке адамдарына қатынасын және олардың тұтас алған-да басқа
мемлекетке қатынасын айналып өте алмайды және халықаралық құқықпен реттеп
отырады.
Эволюция барысында мемлекеттер арасындағы табиғи күй келмеске кетеді,
ол мемлекеттерге бірігіп, олардың азаматтарына айналған индивиттер үшін де
осылай болған. Адамзат халықаралық қатынастың жаңа денгейіне шақты – жаңа
шарт - әр түрлі елдер мен халықтар арасын-дағы толып жатқан шарттардан
біртіндеп туындайтын мемлекеттен тыс шарт жасаудың қажеттігі мен мүмкіндігі
туралы қорытындыға келді. “Ақыл-парасатқа сәйкес, - деп жазды Кант, -
мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарына кейбір адамдар секілді өзінің тағы
(заңға негізделмеген) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
XIX ғасырдың бірінші жартысыңдағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер
Ежелгі Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар жайлы
Батыс еропалық саяси және құқықтық ойдың негізгі бағыттары
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ілімдер жайлы
Саяси ойлар және қазіргі кездегі саяси мектептедің тарихы
Құқық пен экомомика, саясат
Франциядағы XVIII – XIX ғасырдың басындағы ағартушылық ілімдер
Пәндер