Көне түркілер


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Көне түріктердің жазба мәдениеті
  3. Көне түріктердің әдебиеті

4. Көне түріктердің наным-сенімдері

5. Көне түріктердің Уақыт туралы түсінігі

Кіріспе

Ертедегі Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі қазіргі қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, тәжік, әзірбайжан, түркмен халықтарының негізін құрайтын түркі тілдес, түркі тектес жұрттардың әр-түрлі атулармен танылған, тарихта белгілі қағанаттары, алғашқы феодалдық мемлекеттері өмір сүрген «Ұлыс», «Қағанат», «Ел», «Әулет», «Орда» сияқты аттармен әйгілі олардың дербес салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өзіндік мәдениеті болған. Осылардың барлығы түріктердің рухани мәдениетін құраған.

Көне түріктердің жазба мәдениеті

Ұзақ уақыт бойы еліміздің жазба мәдениеті тарихы тереңнен тарқатылмай, қазақтар үш-ақ әліпбиді: араб, латын және кириллицаны ғана білетін секілді ұғым қалыптасқанды. Бүгіндері түрік тілдес халықтардың жазба мәдениетінің тарихы тереңнен бастау алатындығы айқындалып, бабаларымыз бір емес бірнеше әліпбиді біліп, оны пайдаланып келгені белгілі болып отыр.

Түркілер қолданған алғашқы жазудың екі атауы бар. Сыртқы нұсқасына қарап «руникалық жазуы» деп аталса, алғаш табылған жеріне қарап «Орхон-Енисей жазуы» деп аталады.

Руна - бұл дыбыстық жазу, оның курсиві жоқ, жеке таңбалар бір-бірімен байланыспай жазылады. Фонетикалық жағынан алғанда руна жазуы түрік тайпаларының тіліне бейімделген, әрі дыбыстық ерекшелігін де дәл бере алады. Әрбір дыбыс бір немесе бірнеше таңба арқылы беріледі, руна жазуының кейбір таңбалары пиктографиялық сипатқа ие. Руна әліпбиінде аймақтық және хроникалық нұсқаларын есептегенде 40-тан аса таңба бар. Оқылуы оңнан соға қарай.

Руна жазуының таралу аймағы - Сібірдегі Енисей, Лена өзендері маңы, Моңғолиядағы -Орхон, Селенга, Онгин өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы - Талас пен Сыр, Ертіс пен Іле өзендері қойнауы болып саналады. Руна тектес жазулар Хазар мемлекетінің территориясы -Еділ мен Дон өзені бойы және Солтүстік Кавказдан табылды. Алайда руна жазуының бұл батыстық нұсқасының ірі тексттерінің табылмауынан сыры ашылмай, құпия күйінде қалып келеді.

Зерттеушілер руникалық ескерткіштердің таралу аймағының көлемі көне түріктердің сауаттылығы жағынан сөз қозғауға мүмкіндік береді.

Зерттеушілер руникалық ескеткіштердің графикалық қорларына шолу жасай отырып, көне түріктер мекендеген аймақтарда жазу-сызу қолданылған, орхон-енисейлік түріктердің арасында сауаттылқ кең жайылған және ешбір «кезбе сауаттылардың» көмегінсіз жергілікті тұрғындар өздері жазған. Қытай жазбаларында түріктер адам, мал, қой, жылқы есебін ағаш тақталарға жазып отырғаны жазылады. Жазудың, жазба мәдениетінің көне түріктерге дейін болғанын б. з. б. 176 жылы ғұндардың билеушісі Моденің Қытай еліне хат жолдауы туралы құжаттар және «Есік» қорғанынан табылған күміс тостағандағы жазу да көрсетіп отыр. Б. з. б. V ғасырдың сақ дәуірінен қалған бұл күміс тостағандағы жазу туралы көп талас-тартыс болған. Дегенмен, осы сақ жазуының негізінде, әрі оның көне түріктер руникалық таңбаларына ұқсастығына қарап, белгілі түріктанушы ғалым А. Аманжолов төмендегідей қорытынды жасайды:

  1. Түік тілдес тайпалар бұдан 2500 жыл бұрын әліпбиі бар, жазуды білген және кеңінен қолданған.
  2. Көне түрік руна жазуы арғы ата-бабаларымыздың 1500 жыл бойы яғни б. з. б. V ғасырдан бастап б. з. X - ғасырына дейін қолданған төл жазуы.

Сөйтіп, көне түрік тайпаларында әліпбиі бар жазу тек V ғасырда пайда болды деген жылдар бойы қалыптасқан болжам ескіріп қалды. Көне түріктер руна жазуын құлыптастарға, тұрмыстық заттарға, үй қабырғаларына өз ойларын жазғанда қолданған. Атақты «Күлтегін»(732 жыл), «Білге қаған»(735 жыл) және «Тоныкөк»(716 жыл) жырлары тасқа қашалып жазылған руникалық ескерткіштер ішіндегі ең көлемдісі, әрі көне түріктердің өздері туралы жазған аса құнды, бірегей жәдігерлер болып табылады.

Сыртқы пішіні пирамида тәрізді Күлтегін Ескерткішінң биіктігі - 3, 15 метр, ені - 1, 24 метр және қалыңдығы - 0, 41 метр болады. Күлтегін ескеткішінің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ал сол жағындағы қосалқы бетіндегі 13 жол сол жазудың жалғасы болып саналады.

Күлтегін жырында түрік халқының ата-бабалары туралы, елге ерен істерімен белгілі болған Елтеріс, Қапаған, Білге қағандар және қолбасшы Күлтегін жайлы, түріктердің жорығы туралы айтылады. Жырдың авторы - Йолыг Тегін жырдың басты идеясы етіп халық бірлігін алған. Ел бірлігі арқасында бастыларды еңкейіттіріп, тізелілерді бүктіргендіктерін жазады. Бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге боларлық бұл тарихи ескеткі, өкінішке орай 1961 жылы үстіне найзағай түсіп, күл - талқан болған. Бұл күндері Күлтегін ескерткішінің тек орнв ғана сақталған.

Білге қағанға қойылған тасескерткіштің ұзындығы - 3, 45метр ен - 1, 74метр, қалыңдығы - 0, 72 метр. Сырт бейнесі, көркемдік нақышы жағынан да, мазмұны жағынан да, Білге қаған ескерткіші Күлтегін ескеткішіне өте ұқсас.

Тонікөк ескрткіші екі бағана тасқа бөлініп жазылған. Біреуінің биіктігі -1, 7 метр, екішісінің биіктігі - 1, 6 метр болады. Бірінші тасқа 1-36-ға дейінгі жолдар, екінші тасқа 37-62-ке дейінгі жолдар түсірілген.

Жырдың авторы Тоныкөктің өзі деген болжам бар. Бұл жырда түріктердің табғаштарға тәуелді болып қалғандығы, кейін бас қосып жауға қарсы тұрғандығы, қаған сайлауда Тоныкөктің ақыл-кеңесі, ерлік істері зор болғандығы жазылады.

Руна жазуы ескерткіштерін алғаш рет 1721-1722 жж. Сібірден Д. Г. Мессершмидт және Ф. И. Страленберг экспедициясы тапғқан болатын. Ал 1889 жылы орыс ғалымы Н. Я. Ядринцев Солтүстік Монғорлиядағы Орхон өзені бойынан Білге қаған мен Күлтегінге арналған тапса, ағайынды Д. А. және Е. А. Клеменцтар 1897 жылы Селенга өзені бойынан Шығыс Түрік қағанатының қағандары Елтеріске, Білгеге кеңесші болған, данагөй қария Тоныкөктің құрметіне қойылған ескерткішті табады.

Руна жазуы әліпбиінің сырын 1893 жылы дания ғалымы, Копенгаген Университетінің салыстырмалы тіл білімі кафедрасының профессоры Вильгельм Томсен(1842-1927) ашқан еді. Осы Вильгельм Томсен құпиясын ашқан әліпбиді пайдалана отырып, В. В. Радлов(1837-1918) Орхон ескерткіштерінің мазмұнын 1894 жылы орыс тілінде жариалайды, ал Томсеннің өзі жасаған аударма неміс тілінде 1895 жылы жарыққа шығады.

Содан бері руна ескерткіштерін әр қырынан зерттеу жұмысы үздіксіз жүргізіліп келеді.

Руна жазуының VIII-IX ғасырлардағы қағазға жазылған нұсқаларын Шығыс Түркістаннан XX ғасырдың бас кезінде ұйымдастырылған археологиялық топтар тапты. Көне руна жазуындағы қолжазбалар мен жеке басылымдардың неміс зерттеушілері А. Грюнведель мен А. Лепок тапқан үлкен жинағы Берлинде, Неміс ғылым академиясында, В. В. Радлов, С. Е. Малов, А. А. Дьяков, Д. А. Клеменц, т. б. жинаған олжалар Санкт петербургтағы азиаттық музейде, ағылшындық сэр А. Стейн тапқан қолжазбалар Лондонда, Британ Ұлттық Музейінде, француз түрктанушысы П. Пельо жинастырған қолжазбалар Париж ұлттық кітапханасында, бірнеше жақсы сақталған парақтар Стокгольм этнографиялық музейінде және Анкарадағы этнографиялық музейінде, сосын жапон ғалымы С. Отани басқарған экспедиция олжалары Киота музейінде сақтаулы тұр.

Руна жазуында жазылған кітаптар VI ғасырда басылып шығарыла бастады деп есептеледі. Көне түрік тіліндегі бізге жеткен алғаш табылған кітап 583 жылы жазылған «Нирванасутра» деп аталады. Дегенмен С. Е. Малов сияқты ғалымдар түрік тілінде шыққан «Хуастуанифт» V ғасырда жазылған деп есептеледі.

Шығыс Түркістан жерінентабылған VIII-IX ғасырларға жататын кітаптардың көбі ксилографиялық(ағашқа ойып басу) әдіспен жазылған.

Ал руна тілінде қағазға алғаш жазылған кітап - «Ырқ бітік» деп аталады. Кітаптың авторы жоқ, тек бас жағында «Бұл біліктілік кітабы жақсы» деп жазылған. Екі мағынаға ие «ырқ» сөзін (біліктілік пен сәуегейлік деген екі сөз) зерттеушілер алғаш сәуегейлік деп аударуына байланысты кітапқа «Сәуегейлік кітабы» (орысшы «Книга гадании») деген атауға ие болған. Кітап бүктелген 29 парақтан құралған, көлемі 13, 2*8см, тексті 108 жолдан, 65 бөлімнен тұрады, оның әр қайсысы «бұл жақсы» немесе «бұл жаман»деген ой қорытумен аяқталып отырады. Кітаптағы жазу стилі - орхон жазуы. Кітапты мазмұны бойынша 4-ке бөлуге болады:

  1. Адамдар мен жануарлардың тылсым-тіршілігі жайлы реалистік көріністер
  2. Мифологиялық және ертегілік сюжеттер
  3. Табиғатты суреттеу
  4. Міез-құлық жайлы нақыл сөздер

Руна тілімен жазылған көне түріктердің мақал-мәтелдерінің жинағы Шығыс Түркістан жерінен, үңгірде орналасқан храмнан табылды. Мысалы: «Айламен арыстанды да аулайды, ал күшпен тышқанды да аулай алмайсың», «Түтінсіз от болмас, ақаусыз адам болмас», «Куәгердің сөзі - мөр басқан құжатпен тең».

Миданнан, Дуньхуаннан табылған құжаттар арқылы біз руна жазуын әскери салада да қолданғанын білеміз.

Руна жазуымен жазылған ескерткіштерді табылған жеріне қарай былай бөлуге болады:

  1. Моңғолия жерінен табылған ескерткіштер. Бұлар негізінен«Орхон ескерткіштері»деп аталады және Орхон, Селенга, Толы өзендері бойында орналасқан.
  2. Енисей өзені аңғарынан табылған ескерткіштер. Бұл ескерткіштер: Тывалық және Минусиндік болып тағы екіге бөлінеді. Бұл топқа 150-ден аса үлкенді-кішілі құлыптастардағы, жартастардағы, алтын, күміс ыдыстардағы және теңгелердегі жазулар кіреді.
  3. Лена - Байкал ескерткіштер тобы. Жартастар мен тұрмыстық бұйымдардаға жазылған оқылуы қиын 16 қысқа жазуды топтайды.
  4. Алтай ескерткіштері. Барлығы 50-ден астам үлкенді-кішілі әр-түрлі заттардағы және құлыптастардағы жазу кіреді.
  5. Шығыс Түркістан ескеркіштер тобына Турфандағы ескі құрылыс қабырғаларындағы төрт жазу, храмдағы екі жазу, Миран мен Дуанхуаньнан табылған қағазға жазылған бірнеше ірі тексттер және қола айнадағы жазу жатқызылады.
  6. Орта Азиялық ескеркіштер тобы. Оған жетісу, Талас аңғарларындаға құлыптастардағы, тұрмыстық бұйымдардағы, теңгелердегі, ағаш таяқшалардағы ұзын саны 12-дей болатын жазулар кірсе, Ферғанадан табылған керамика мен темір бұйымдарға жазылған 17 жазудан тұрады. Муг тауларынан табылған теріге жазылған құжаттар да осы топқа жатады.
  7. Шығыс Европалық Ескеркіштер. Бұл топ тағы үшке: Донецскілік, Дунайлық және Повелжелік деп бөлінеді. Тұрмыстық заттардағы азды-көпті майда жазулардан құралған.

Сонымен қатар көне руна жазулары жанры бойнша мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Үндеу, үгіттеу жанрында жазылған жазбалар.
  2. Құлыптастық лирика. С. Е. Малов бұны көне түрік дәуіріндегі«мазарлар поэзиясы»деп сипаттайды. Құлыптастағы жазуда кейіпкердің аты, шені, жасы, басынан кешкен оқиғалары баяндалады, сонымен қатар марқұмның жете алмай кеткен арманы туралы жазылады.
  3. Жартастардағы, үй қабырғаларындағы келте жазулар.
  4. Магиялық, діни және әдеби тексттер.
  5. Тұрмыстық заттардғы: айна, ыдыс, теңге т. б. жазулар. Оларда шебердің немесе зат иесінің аты, өсиеттер жазылады.
  6. Іс-құжаттарға түскен жазбалар.

Көне түрік руникалық ескерткіштерінің тарихи-саяси және хронологиялық топтасуы:

  1. Шығыс Үрік қағанаты кезіндегі жазулар. Оған VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон және Алтай ескерткіштері жатады.
  2. Қырғыз қағанаты кезінде жазылған, жазылу мерзімі VIII-X ғасырларға жататын Енсией жазбалары жатады.
  3. Курыкан тайпалық одағы кезеңіндегі VIII-X ғасырлардағы Лена - Байкал жазулары.
  4. Батыс Түрік қағанаты кезеңіндегі ескерткіштер. (VIII ғасыр) .
  5. Шығыс Түркістандағы Ұйғыр мемлекеттерінің IX-X ғасырлардағы ескерткіштері. Қағазға түскен тексттер.
  6. Хазар қағанаты, Кавказ, Шығыс Европалық руникалық жазулар. (X-X ғасырларда жазылған деген болжам бар) .

Бұл руна ескеркіштері -ұйғыр, соғды, мани тілдерінде жазылған.

Көне түріктердің әдебиеті

Түрік тілдес халықтардың ежелгі әдеби ескерткіштерін тарихи - деректік, әдеби, тілдік т. б. қырынан танып - білуге қатысты түйінді мәселелер аз емес. Соның бірі - ежелгі түрік әдебиеті дәуірін айқындау.

Италяндық ғалы А. Бомбачи түріктер исламды қабыдағанға дейінгі (X ғасыр) кезең түрік әдебиетінің ең көне кезеңі деп аталады. Көне түріктердің ауыз әдебиеті кейіндері пайда болған жазба әдебиетке нәр беріп, оның өмірге келуіне алғышарттар жасап берді. Орхон жазуларында ауыз әдебиеттің үлгілері аз кездеспейді.

Көшпелілер тек материалдық мәдениетті ған емес, сол сияқты рухани мәдениетте де, өздерінің отырықшы көршілерінен арттта қалып көрген емес. Көшпелілер жыр - аңыздың екі жанрын: батырлар жыры мен жын-пері хикаяларын жасаған.

Мұның екеуі де мифологияға жақын, бірақ олар ақиқат өмірді осындай жолмен қабылдап, өздерінің сезім-түйсіктерін білдірген.

Түрік тайпаларының наным-сенімдерінен әлемдік мифологияға ортақ жамандық жақсылық тартысы аңғарылады.

«Фольклордың кейбір элементтерін, тіпті, қайткенде де түркілер уақытына жатқызуға болады», -деп жазады Л. Н. Гумилев. Л. Н. Гумилев алтайлықтардың «Сай-Солонгқа көмекке келген Ирбис-бурканның өзі жайлы: қалың жартасты тесіп өтңп, мен жарық дүниеге өзім шықтым», - деуі көне түріктердің шығу тегі туралы аңызбен сәйкес келетіндігіне назар аудартады. Одан әрі: Раши-ад-Дин де түріктердің шығу тегі туралы: олар тау жартастарына айдап кіргізіліп, одан шыға алмаған еді. Сосын олар жартас түбіне отындарды үйіп, от жағады. Ал тау темір рудасы болғандықтан, ол ериді де, тесік пайда болады, сол тесіктен түріктер жарық дүниеге шығады. Мұндағы варианттар дәлме-дәл келеді. Түрік Ирбис-буркан алтайлық Сай-Солонгты құтқарып, оның қарындасына үйленеді, сөйтіп ағайынгершілікпен бірге өмір сүреді. Осы аңыз сол кездегі Алтай тұрғындары түріктермен қатар өмір сүргенін дәләлдейді», -деп ой түйеді автор.

Түрік әлемінің ең биік жетістігін белгілі қазақ түркологы Ә. Қоңыратбаев оның эпостық туынды жасауында деп көрсетті. Мұндай жазбалар мифологиялық сюжеттерге ғанаемес, сонымен қатар тарихи оқиғалар да негіз боды.

Орхон жырлары ежелгі түрік тайпаларында ортақ дәстүрдің болғандығын байқатады. Бұл жырларды қазақ эпосы үлгілерімен, қазақ жыраулары шығармаларымен өзара салыстыраа зерттеу нәтижесінде әдебиеттанушы ғалымдарымыз көне түріктердің ақындық, шешендік, даналық, көркем ойлау алушылық өнері ұрпақтан-ұрпаққа ғасырдан-ғасырға үздіксіз жалғасты деген тұжырым жасап отыр.

Көне түріктердің діні, наным - сенімдер және салт-дәстүрлері

Көне түріктерде тәңіршілдік - монтеистік сипаттағы діни жүйе қалыптасты. Ол бір құдайды моцындайды. Тәңірге табынудың идеялық негізі - табиғат заттары мен құбылыстарын жанды деп қарау болып табылады. Тәңіршілдік сана әр заттың иесі, жаны бар деп пайымдайды. Тәңірге табыну алғашында дін түрінде емес, космологиялық түсініктер мен идеялардың жиынтығы ретінде, табиғат құбылыстарына мінәжат етумен пайда болды. Тәңірге сенудің терең тарихи тамырлары бар. Ол күллі дін атаулыдан бұрын пайда болған. «Тәңірі» атауының шығу тегі ғұндардың «ченли» және қытайдың «тянь», тіпті шумерлік «дингир» сөздерімен байланыстыра қарастырылады. Басқа құдайлардан айырмашылығы Тәңірі материалданбаған, ол - рух, бүкіл тіршіліктің иесі деген түсінік болған. Бұл сөздердің барлығы -аспан, мәңгі көк аспан дегенді білдіреді.

Қоршаған орта, табиғат көшпелі түрік тайпаларының тұрмыс тіршілігінің көзі ретінде маңызды рөл атқарды, бұған қоса олардың кәсіби қызметі, яғни малды күтіп-бағу табиғи климаттық жағдайларға тәуелді болды. Сондықтан да көне түріктердің діни наным-сенімдері табиғатқа табынушылық сипат алды.

Әуегі түрік дәуірінің өне бойында Тәңірге табынушылық бүкіл Евразия көшпелілері арасына тарайды.

«Биікте көк Тәңірі,

Төменде қара жер, жаралғанда,

Екеуінің арасыеда адам баласы жаралған», -

Дейтін Күлтегін жырындағы жыр жолдары көне түріктердің Аспан және адам бір мезгілде жаралды деп түсінгендіктерін меңзейді.

Көне түріктер мифологиясындағы ең жоғарғы сатыда бір объект - көк аспан және құдайды білдіретін Тәңірі бар. Тәңірі көне түріктердің түсінігі бойынша бірнеше сипатқа ие: а) жоғарғыны, яғни көкті көрсестеді; ә) жаратушы қызметін атқарады; б) жазалаушы қызметін де атқарады. Осы политеистік мәнде Әңірі аспанда, жерде, суда тау мен жануарлар әлемінде де болса керек. Қазақтарда: «Көк тәңірі», «Жер тәңірі», «Аң тәңірі», «Су тәңірі», «Құс тәңірі», деген ұғымдар сол көне түріктерден қалған мұралар. Барлық сөз тіркестерінде «тәңірі» сөзі «бұйырушы», «құдай», «билеуші», деген мағынаны білдіреді. Көне түркі халықтар түсінігінде Тәңірінің мекені - көк аспан, сондықтан аспан тоғыз қабатқа бөлінген деген. Сондықтан көне түріктердің құдайлар пантеонында да бірнеше Тәңірісі болған, бірақ олардың саны қанша екенін айту қиын. Солардың қатарында адамдарды қайта тірілтішу Тәңірі - Иоштар болып саналған. Көне түріктер пантеонында бақыт сыйлайтын бақыт құдайы - Жол тәңірісі болды. Көне түріктер Жол тәңірі құт-берекеге жеткізеді деп түсінген. «Ырқ бітікте» Ала атты жол тәңірі және Қара атты жол тіңірі туралы мәліметтер кездеседі. «Ырқ бітік» кітабындағы бұл мәліметтер көне түріктердің түсінігінде екі қарама-қарсы - жақсылық пен зұлымдық құдайларның болғанын аңғартады.

Аспандағы көк құдаТәңіріден кейін екінші орын алатын - отбасының қамқоршысы әйел құдай Ұмай болған. Көне түріктердің ғұламасы Тоныкөкке қойылған ескерткіште мынадай жодар бар: «Бізді дәйім жебеп жүрген Тәңірі ием, Ұмай анам мен жер-суым». Көне түрік тілінде «Ұмай» сөзі ана дегенді білдіреді.

Сонымен ежелгі түріктердің ұғымында Тәңірі аспандағы ер рөлінде көрініп, Ұмай - жер-ана болып қабылданған. Мысалы Күлегін, Тоныкөк жырында қағанның әкесі Тәңірге, анасы Ұмайға теңестіріледі.

Көне түрік жазба ескеркіштерінде адамдарға ажал жіберетін жер астындағы өлім құдайы Эрклиг жайлы айтылады. Ол әрбір адамның жанын алып, өмірін қысқартатын құдай бейнесі ретінде ұғынылған.

Өлген адамды жерлеу салты дами келе өлік туралы түсінікті дараландыра түсіп, аруақ ұғымын туғызады. Сөйтіп ата-баба рухына табыну пайда болады.

Адамдар мен құдіретті күштер арасында жүретін қоғамдағы ерекшк әлеуметтік топ шамандар болды. Шамандар көне түріктердің қоғамдаық өмірінде маңызды рөл атқарған.

Шаман атауын көне түріктерге дейін белгілі болған. Бұған б. з. д. бірінші мыңжылдық аяғына қарай ғұндарда шамандар болды деп мәлімдейтін қытай деректері куә бола алады, қытай тарихшылары шамандарды «ву» деп атаған. Деректерде ғұн шамандары «Жер рухына» құрбандық шалатыны туралы айтылады. Сондай-ақ ғұн жауынгерлеріне шамандар магиялық күштер арқылы жердем бергендігі баяндалады.

Қытай жылнамаларында жуандардан шыққан жас әйел шаманның теле тайпаларының әміршісінің тайпаларына қызмет еткенін және олардың найзағай түскен жерге құрбандық шалып, қойды көметіндігі айтылады.

Зерттеуші Ә. Қоңыратбаев шамандық көбіне тибет, мңғол, түрік тайпаларына тән дейді. Ғалым одан әрі: «Шаман діні Түрік қағанаты заманында толық туып қалыптасқан жоқ . . . Шамандақ Ұмай түрінде келіп, VII-IX ғасырларда жаңа нанымға айналады, оның басы бақсылар болғанымен, нағыз иелер - Қорқыт ата, Бабай түкті шашты Әзіздер болған еді. Бұл культ Сыр бойны VIII-IX ғасырларда орнығады», - деп жазады.

Шамандық түріктерге қайдан келген деген мәселеге Ә. Қоңыратбаев былай жауап береді: «Рас, шаманизм буддизмің бір тармағы болған. VI-VII ғасырларда Үнді елінен Тибет пен Қытайға, содан соң моңғолдар мен Түріктерге өткен. »

Ал шамандықты зерттейтін тағы бір ғалым Л. П. Потапов бұған қарсы мынадай уәж айтады: « . . . көне будда дінінде үндістерге жануарларды союға, қан шығарып, құрбандық шалуға тиым салынды. Сондықтан шамандық Үнді елінен келді деген дұрыс емес».

Француз ғалымы М. Элиада өз еңбегінде (Шаманизм және оның жүзеге асу әдістері. Париж, 1951) көне дәуірде түріктерде шамандық дін ретінде болды десе, екінші бір француз оқымыстысы Жан-Поль Ру «VII-VIII ғасырлардағы Орхон түріктерінің діні» (Париж, 1962) деген кітабында шамандықтың дін ретіндегі рөлін теріске шығарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне түркілердің діні, наным – сенімдер және салт-дәстүрлері
Орхон-Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі Тәңірлік идеясы
Түрік қағанатының қоғамдық - саяси құрылысы
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Түркі мәдениетінің өзіндік ерекшелігі
Түркі-ислам байланыстары
Түрік қағанатының саяси тарихы
Түркілердің шығу тегі
Оларға діни өзгеріс түркілер арқылы енді
Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам дініне дейінгі діндер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz