Индустриалдық-инновациялық стратегия аясында Қазақстанның көлік жүйесін және темір жол инфрақұрылымын дамыту


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тауар және тауарды өндіру

Мемлекеттің экономикалық бағдарламаларына үздіксіз қызмет көрсете отырып, еліміздің келешекке алынған экономикалық стратегиясына сәйкес көліктің барлық салаларын озық дамыту шараларын белгілеу бүгінгі күні республика көлік жүйесінің ең негізгі міндеті болып табылады.
Республикамыздың бүгінгі күнгі экономикалық дамуын, әрине индустриалдық-инновациялық стратегия белгілейді, оны ойдағыдай іске асыру экономиканың құрылымында сапалы өзгерістер жүргізуге және Қазақстанның әлеуметтік дамуын және қоғам құрылымын жаңа деңгейге шығаруға септігін тигізеді. Индустриалдық-инновациялық саясатқа сәйкес 2006-2010 жылдар Қазақстан экономикасының барлық салаларында бағдарламаларды белсенді іске асыру кезеңі болады. 2011-2015 жылдар стратегияны іске асырудың ең жемісті кезеңі болады. Осы кезең экономика салаларының құрылымын және экспортты әртараптандыруды белгілейді деп болжануда.
Қазіргі экономикалық кезеңде осы саладағы бизнесті дамытумен қатар, көлік экономикалық стратегияға қызмет көрсетудегі және мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы өзінің функциясын көтеруі тиіс. Атап айтқанда ауыл аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған және Каспий теңізінің Қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламалары, олардың негізгі мақсаттары ауыл шаруашылығы өнімін және қайта өңдеу өнімдерін экспорттау кезінде көлік шығыстарын азайту, ауыл шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін арттыру, сондай-ақ мұнайды ауыстырып тиеу көлемін арттыру. Бұл ретте көлік жүйесін үйлесімді, тіпті одан да озық дамыту қажет.
Соңғы жылдардағы талдау тауарды өндіру мен тасымалданған жүк арасында сәйкессіздік бар екендігін растайды.
Өндірістің басқа факторларымен қатар көлік тауар өндірісін арттыруда және жалпы еліміздің экономикасын дамытуда маңызды рөл атқаратыны және тежеуші фактор болып табылатыны келтірілген слайдта айқын бейнеленген.
Қазіргі уақытта индустриалдық-инновациялық дамыту стратегиясы шеңберінде 2 миллиард АҚШ долларынан астам сомадағы жобалар іске асырылу кезеңінде. Сонымен бірге, республикамыздың көлік жүйесі жай-күйінің дамып келе жатқан экономиканың өскелең талаптарына сәйкес келмеуі жағдайдың ушығуына себеп болып отыр. Бұл өз кезегінде көліктің барлық салалары бойынша шұғыл шаралар қабылдауға міндеттейді.
Салаларды талдау
Темір жол көлігі
Жүк айналымының 70% астамын жүзеге асыратын көліктің аса маңызды салаларының бірі темір жол көлігі болып табылады.
Ұлттық компанияларды және тұтастай саланы реформалау бағдарламасының соңғы кезеңі іске асырылуда. Айтарлықтай қысқа мерзімде түбегейлі өзгерістер жүргізілгенін атап өткен жөн.
Кәсіптік емес саланы оқшаулау , жолдарды, вагондар мен локомотивтерді жөндеу саласында нарықтық ортаны қалыптастыру, вокзалдар мен су-жылу және энергиямен қамтамасыз ету нысандарын коммуналдық меншікке беру, компанияның құрылымын оңтайландыру, жүк және жолаушы тасымалдары саласында адал бәскелестік үшін құқықтық және тарифтік негізді құру жөніндегі жұмыстар аяқталуда. Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте алғаш рет жолаушылар тасымалын еліміздің мемлекеттік бюджеті есебінен қаржыландыру жөнінде бағдарлама жасалды және ол жыл басынан бері қолданыста.
" Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" негізінде магистралдық темір жол желісі қызметтерін ұсынатын және жүк пен жолаушы тасымалдаушыларынан тұратын холдинг құрылды. Яғни, ұлттық қауіпсіздік міндеттерін қамтамасыз ететін және транзитті өткізу бойынша көршілес елдердің темір жолдарымен бәсекелестікке жарайтын мықты нарықтық компания құрылды.
Сонымен бірге, салада жедел түрде шешуін талап ететін бірқатар проблемалар да бар. 23 қыркүйекте мен еліміздің жетекші экспорттаушыларымен, республикамыздың өнеркәсіп кәсіпорындарының, көліктік логистика саласында жұмыс істейтін компаниялардың, Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағының, экспедиторлар, вагон операторлары компанияларының, олардың қауымдастықтарының өкілдерімен кеңес өткіздім. Елуден астам ұсыныстар мен ескертулер талқыланды, олар бойынша шаралар қабылданды.
Темір жол магистралдарының жеткілікті дамымауы, сондай-ақ негізгі қорлар мен жылжымалы құрамның сала бойынша 60% астамға тозуы саланың күрделі проблемалары болып табылады.
" Қазақстан темір жолы" компаниясының инвестициялық бағдарламаларында жаңа вагондарды жасайтын зауыттардан сатып алу және қолда бар вагон паркін жаңғырту арқылы, күрделі жөндеу және қалпына келтіру жөніндегі тапсырыстарды отандық "ЗИКСТО" зауытына бере отырып, вагон паркін жаңарту көзделуде.
Одан басқа, ірі экспортқа шығарушылардың алдына нақты міндет - меншікті жылжымалы құрамды сатып алу міндеті қойылды. Бұл жұмыс үшін елімізде экономикалық алғышарттар жасалған. Қазірдің өзінде 160-тан артық компаниялардың меншікті жылжымалы құрамы бар. Бұл 26 мыңнан астам вагон, жалпы парктің үштен бірі және шамамен 36% жүк айналымы. Қазмырыш, Испат-Кармет және басқа экспортқа шығарушылардың мәселенің осылай қойылуына дайын екендігін атап өту қажет және олар тек ұлттық тасымалдаушылармен жұмыстарын үйлестіруді сұрайды. Және де біз осы бағыттағы жұмысты жүргізіп отырмыз.
Тасымалдардың қауіпсіздігіне, жеткізу мерзімдеріне және "есіктен есікке" қызметін ұсыну мүмкіндігіне байланысты, сонымен бірге, әлемдік тәжірибеде тасымалдардың контейнерленуі байқалуда. Бүгіннің өзінде, Қазақстан Республикасы темір жол көлігінің экспорттық қатынастағы жүктерді контейнермен тасымалдаудағы әлеуеті жеткілікті.
Осы орайда, қолда бар контейнерге жарамды жүк көлемі есебінен Қазақстандағы тасымалдарды контейнерлеу деңгейін қазіргі 4%-дан 30%-ға1 дейін арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажет.
Қойма қызметтері бизнесінің дамымауы ерекше назарда болуы тиіс. Қазіргі заманғы жоғары механикаландырылған жүк және контейнерлік терминалдар жоқ. Тиісті ақпараттық-логистикалық инфрақұрылым да жоқ.
Осының бәрі аса зор, пайдаланылмаған резервтердің және әрі ұжымдық пайдаланымдағы, әрі ірі экспедиторлық компанияларда көліктік-логистикалық лорталықтар құру үшін инвестицияларды белсенді түрде тарту мүмкіндіктері туралы айтуға мүмкіндік береді.
" Достық-Алашанькоу" темір жол өткелінің шектеулі мүмкіндіктері тасымалдардың маңызды бағыттарының бірін дамытуда айтарлықтай күрделі тежеуші фактор болып табылады, осы орайда оның жыл сайынғы өткізу қабілетін 25 миллион

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның көлік және жол қатынасын дамыту: темір жолдар, автожолдар және инфрақұрылымдық саясат
Қазақстан темір жол жүйесін дамыту және халықаралық транзиттік әлеуетті арттыру
Еуропа-Азия транзиті: Қазақстанның көлік-инфрақұрылымын дамыту және халықаралық тәжірибе
Қазақстанның теңіз көлік әлеуетін дамыту және көлік жүйесін мемлекеттік басқаруды жетілдіру
Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамыту: азаматтық авиация, транзиттік әлеует және Каспий-Қара теңіз каналы
Қазақстандағы жол инфрақұрылымын дамыту және халықаралық автомобиль коридорлары
Халықаралық экономикалық байланыстарда көліктік қызмет көрсету бағасы және Қазақстанның көлік жүйесін дамыту стратегиясы
Қазақстанның көлік саясаты және автокөлік инфрақұрылымын дамыту стратегиясы: халықаралық дәліздер, экономикалық әсер мен кедергілер
Қазақстандағы халықаралық туризмде көлік саласының рөлі мен инфрақұрылымын дамыту стратегиялары
Транзиттік темір жол жүк тасымалы жүйесіндегі көліктік-логистикалық орталықтарды дамыту: темір жол өткелдері мысалында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz