Фирма тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
ФИРМА ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Өнімнің бәсеке қабілеттілігінің мазмұны, мәні және ерекшелігі
Өнімнің бәсеке қабілеттілігіне ықпал ететін факторлар
Нарықтағы тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтау көрсеткіштері
“МАРТ” ЖШС ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨНІМДЕРІНІҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ
“Март” ЖШС қызметінің экономикалық көрсеткіштері мен өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін бағалау
Кәсіпорын өнімдерінің сапа деңгейін анықтау

ФИРМА ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Фирма өнімінің бәсеке қабілеттілігін арттыруда маркетингтік жүйені жетілдіру
“Март” ЖШС өнімдерінің сапасын жоғарылату бойынша ұсыныстар
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Әлемнің дамуы өзінің ғаламдық ауқымын кеңейтіп, әрбір мемлекет пен жекелеген аймақтардың ішкі тұтыну нарығына белсене кіруде. Бұл кеңістіктегі экономикада да құрылымдық және институционалдық өзгерістер болып жатыр. Солардың ішінде әлемнің 75 пайызға жуық мемлекеттерін қамтитын Бүкіләлемдік сауда ұйымы аса маңызды орынға ие болды.
Бұл өзгерістердің аясында Қазақстан Республикасы да өзінің таңдауын жасауда және соған сәйкес шешімдер қабылдауда. БСҰ-мының талаптары күн өткен сайын күшейуде. Сапаны жоғарылатып, оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіруден бастап, кеден салықтарын қайта қарау, мемлекеттік қолдау тетіктерін төмендету сияқты ұсыныстар кез-келген БСҰ-на мүше болғысы келген мемлекетке қойылады.
Бұл жағдай, біздің еліміздің БСҰ-на мүше болуға жасап жатқан талпыныстарын жүйелеп, ұтымды тұстары мен кемшін жағдайларын сараптауды қажет етіп отыр. Сондықтан да, бұл ұйымның талаптарына мүмкіндігінше отандық кәсіпорындар мен олардың шығаратын өнімдерін сәйкестендіру бүгінгі уақыт талабы. Қазақстандық өнімдер нарықта бәсекеге қабілетті болғанда ғана біз БСҰ-нан табыстарға жететін боламыз.
Отандық экономиканы индустриалды-инновациялық бағытта дамытуды мақсат еткен біздің мемлекетіміз бар күш-жігерін еліміздің өнімдерін бәсекеге қабілетті, жоғары сұранысты, тұтынушыға қажетті деңгейде шығаруға жұмсауы тиіс. Тек сонда ғана, экономикасы дамыған мемлекеттердің өнімдерін өткізу нарығына айналмау мүмкіндігіміз бар.
Мұның барлығы да отандық кәсіпорындардың шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын қарастыруды қажет етеді. Бүгінгі күні қолда бар тәжірибелерді тиімді пайдаланып, экономикасы дамыған мемлекеттердің тәжірибелерін ескере отырып, біз бәсекеге қабілетті экономика жасақтауға тиіспіз. Мұның барлығы да менің дипломдық жұмысымның өзектілігін айқындайды.
Осыған сәйкес, менің дипломдық жұмысымның мақсаты – Қазақстанның БСҰ-на кіру жағдайында отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдарын анықтау болып табылады.
Белгіленген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- өнімнің бәсеке қабілеттілігінің мазмұнын, мәні мен ерекшеліктерін ашып көрсету;
- өнімнің бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін факторларды анықтау;
- “Март” ЖШС қызметінің экономикалық көрсеткіштері мен өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін талдау;
- өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыруда маркетингтік жүйені жетілдіру жолдарын көрсету;
- зерттелетін кәсіпорын өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін арттыруда сапаны жақсарту бойынша ұсыныстар беру.
Дипломдық жұмысымның зерттеу объектісіне – отандық нарықта халық тұтынатын тамақ өнімдерін, яғни, өсімдік майын, томат пасталарын, сусындарды шығаратын “Март” ЖШС алынды.
1. Назарбаев Н. Казақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, Білім, 1997 ж.
2. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы. ҚР Президентінің 2003 жылдың 17 мамырындағы Жарлығымен Бекітілген, Астана, 2003.
3. Қазақстан Республикасының “Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы” Заңы // Егем. Қазақстан, 2001, 27 қаңтар.
4. Фатхутдинов Р.А. Конкурентоспособность: экономика, стратегия, управление. Уч. пособие. Москва, ИНФРА-М, 2000ж.
5. Копешева С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны // Саясат, 2001, № 2.
6. Кошанов А.К. Устойчивое развитие экономики Казахстана в условиях глобализации // Саясат, 2001, № 12.
7. Қажымұрат К. Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингтің ролі // Саясат, 2002, № 1.
8. Никитина Г.А., Гусева Г.Я. Конкурентоспособность и им-портозамещение продукции на продовольственном рынке Казахста-на // Проблемы агрорынка, 2002, Январь-март.
9. Юданов А.Ю. Конкуренция: теория и практика. Учебно-практическое пособие. Москва, 1998 ж.
10. Азоев Г.Л., Челенков А.П. Конкурентные преимущества фирмы. Москва, Новости, 2000 ж.
11. Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Книга 3. Учебник. Алматы, Экономика, 2002 ж.
12. Ахметжанова С.Б. Конкурентоспособность пищевой промыш-ленности Казахстана: теория, проблемы и механизм обеспече-ния. Алматы, 2001 ж.
13. Трубилин А. Конкурентоспособность - главный фактор эффек-тивности производства // АПК: экономика, управление, 2002, № 12.
14. Әмірбекұлы Е. Бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі - кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру // ҚазЭУ хабаршысы, 2003, № 8.
15. Нурсеит Н. Оценка экспортной ориентации, импортозамещаю-щего потенциала и конкурентоспособности продукции промышленности Казахстана // Аль Пари, 2001, № 5-6.
19. Қазақстан Республикасының “Сертификаттау туралы” Заңы // Егемен Қазақстан, 1999, 13 тамыз.
20. Қазақстан Республикасының “Стандарттау туралы” Заңы // Егемен Қазақстан, 1999, 13 тамыз.
21. ҚР Үкіметінің “2001-2005 жылдарға арналған Республикалық “Сапа” бағдарламасы туралы” Қаулысы // Егемен Қазақстан, 2001, 8 мамыр.
22. Грузинова В.П. и др. Экономика предприятия. Учебник для вузов. Под ред. проф. Грузинова В.П. Москва, 1998 ж.
23. Байтанаева Б., Давильбекова Ж., Нурланова Г. Инновационная активность как фактор повышения конкурентоспособности экономики Казахстана // Аль Пари, 2002, № 1.
24. Қазақстан Республикасының “Инновациялық қызмет туралы” Заңы // Егемен Қазақстан, 2002, 9 шілде.
25. Қазақстан Республикасының “Теріс пиғылды бәсеке туралы” Заңы // Егемен Қазақстан, 1998, 11 маусым.
26. Қазақстан Республикасының “Демпингке қарсы шаралар туралы” Заңы // Егемен Қазақстан, 1999, 21 тамыз.
27. Зайцев Н.Л. Экономика промышленного предприятия, М.: ИНФРА-М, 1999 ж.
28. Экономика предприятия: Учебник для вузов / Под ред. Р.А.Сафронова, М.: Юристь, 1998 ж.
29. Сергеев И.В. Экономика предприятия. Издание 2-е, перер. и доп. Москва, Финансы и статистика, 2000 ж.
30. Портер М. Международная конкуренция. Пер. с англ. Под ред. и с предисловием Щеткина В.Д., Москва, Международные отношения, 1995 ж.
31. Горбашко Е.А. Обеспечение конкурентоспособности промыш-ленной продукции. Учебное пособие. Изд-во Санкт-Петербургского Университета экономики и финансов, 2002 ж.
32. Белый Е., Барашков С. Конкурентоспособность и качество продукции: два уровня управления // Маркетинг, 2004, № 4.
33. Шкардун В.Д., Стерхова С.А. Комплексный метод оценки конкурентоспособности нового товара // Маркетинг и маркетинго-вые исследования в России, 2001, № 4.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Фирма тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1-Бөлім ФИРМА ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 6
1.1. Өнімнің бәсеке қабілеттілігінің мазмұны, мәні және
ерекшелігі 6
1.2. Өнімнің бәсеке қабілеттілігіне ықпал ететін факторлар
Нарықтағы тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтау 13
1.3. көрсеткіштері
“МАРТ” ЖШС ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨНІМДЕРІНІҢ БӘСЕКЕ 21
2-Бөлім ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ
“Март” ЖШС қызметінің экономикалық көрсеткіштері мен 28
2.1. өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін бағалау
Кәсіпорын өнімдерінің сапа деңгейін анықтау 28

2.2. ФИРМА ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 38
Фирма өнімінің бәсеке қабілеттілігін арттыруда
3-Бөлім маркетингтік жүйені жетілдіру
“Март” ЖШС өнімдерінің сапасын жоғарылату бойынша 48
3.1. ұсыныстар
ҚОРЫТЫНДЫ 48
3.2. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
60
68
71

КІРІСПЕ

Әлемнің дамуы өзінің ғаламдық ауқымын кеңейтіп, әрбір мемлекет пен
жекелеген аймақтардың ішкі тұтыну нарығына белсене кіруде. Бұл кеңістіктегі
экономикада да құрылымдық және институционалдық өзгерістер болып жатыр.
Солардың ішінде әлемнің 75 пайызға жуық мемлекеттерін қамтитын Бүкіләлемдік
сауда ұйымы аса маңызды орынға ие болды.
Бұл өзгерістердің аясында Қазақстан Республикасы да өзінің таңдауын
жасауда және соған сәйкес шешімдер қабылдауда. БСҰ-мының талаптары күн
өткен сайын күшейуде. Сапаны жоғарылатып, оны халықаралық стандарттарға
сәйкестендіруден бастап, кеден салықтарын қайта қарау, мемлекеттік қолдау
тетіктерін төмендету сияқты ұсыныстар кез-келген БСҰ-на мүше болғысы келген
мемлекетке қойылады.
Бұл жағдай, біздің еліміздің БСҰ-на мүше болуға жасап жатқан
талпыныстарын жүйелеп, ұтымды тұстары мен кемшін жағдайларын сараптауды
қажет етіп отыр. Сондықтан да, бұл ұйымның талаптарына мүмкіндігінше
отандық кәсіпорындар мен олардың шығаратын өнімдерін сәйкестендіру бүгінгі
уақыт талабы. Қазақстандық өнімдер нарықта бәсекеге қабілетті болғанда ғана
біз БСҰ-нан табыстарға жететін боламыз.
Отандық экономиканы индустриалды-инновациялық бағытта дамытуды мақсат
еткен біздің мемлекетіміз бар күш-жігерін еліміздің өнімдерін бәсекеге
қабілетті, жоғары сұранысты, тұтынушыға қажетті деңгейде шығаруға жұмсауы
тиіс. Тек сонда ғана, экономикасы дамыған мемлекеттердің өнімдерін өткізу
нарығына айналмау мүмкіндігіміз бар.
Мұның барлығы да отандық кәсіпорындардың шығаратын өнімдерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру шараларын қарастыруды қажет етеді. Бүгінгі күні
қолда бар тәжірибелерді тиімді пайдаланып, экономикасы дамыған
мемлекеттердің тәжірибелерін ескере отырып, біз бәсекеге қабілетті
экономика жасақтауға тиіспіз. Мұның барлығы да менің дипломдық жұмысымның
өзектілігін айқындайды.
Осыған сәйкес, менің дипломдық жұмысымның мақсаты – Қазақстанның БСҰ-на
кіру жағдайында отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдарын
анықтау болып табылады.
Белгіленген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- өнімнің бәсеке қабілеттілігінің мазмұнын, мәні мен ерекшеліктерін
ашып көрсету;
- өнімнің бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін факторларды анықтау;
- “Март” ЖШС қызметінің экономикалық көрсеткіштері мен өнімдерінің
бәсеке қабілеттілігін талдау;
- өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыруда маркетингтік жүйені жетілдіру
жолдарын көрсету;
- зерттелетін кәсіпорын өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін арттыруда
сапаны жақсарту бойынша ұсыныстар беру.
Дипломдық жұмысымның зерттеу объектісіне – отандық нарықта халық
тұтынатын тамақ өнімдерін, яғни, өсімдік майын, томат пасталарын,
сусындарды шығаратын “Март” ЖШС алынды.
1-БӨЛІМ. ФИРМА ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ

1. Өнімнің бәсеке қабілеттілігінің мазмұны, мәні және ерекшелігі

Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруге ұмтылысы
отандық кәсіпорындардың шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру
мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Бәсекелік ортаның дамуы шығарылатын
өнімнің сапасын арттыруға, бағаны төмендетуге ықпалын тигізіп,
тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге
қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, мемлекеттің дамуына ықпал ететін
негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдеуде.
Экономист-ғалымдардың еңбектерін зерттеу көрсеткеніндей, қазіргі
уақытта өнімнің бәсекелік қабілетінің мағынасына қатысты көптеген
анықтамалар қалыптасқан.
Көптеген зерттеушілер бәсекелік қабілетті белгілі бір қажеттіліктерді
қанағаттандыруға бағытталған өнімнің сапалық және құндық сипатымен немесе
өнімнің нарықта өту мүмкіндігімен байланыстырады.
Бір топ ғалымдар өнімнің бәсекелік қабілеті тұтынушының сұранысын
қанағаттандыруға және тауарды сатып алуға, әрі пайдалануға кететін
шығындарын ескере отырып, тауардың сапалық және құндық ерекшеліктерімен
сипатталады десе, келесі бір тобы өнімнің бәсекелік қабілетін тұтынушының
қызығушылығын туғызатын және қажеттілігін қанағаттандыратын сипатымен
анықтайды. Ресей ғалымы А.Трубилин “өнімнің бәсекелік қабілетін нарықта
жетістікке жеткізетін оның тұтынушылық және құндық сипаттарының
жиынтығымен” анықтайды.
Алайда, мұнда өнімнің бәсекелік қабілеті белгілі бір тауарды басқасымен
салыстыру арқылы анықталатыны ескерілмейді. Осы көзқарасты ұстанатындар
өнімнің бәсекелік қабілеті, түпкі нәтижеде, тұтынушылар үшін қызығушылық
тудыратын тауардың технико-экономикалық қасиеттеріне келіп тіреледі деген
пікірде.
Келесі бір топ ғалымдар өнімнің бәсекелік қабілетін тұтынушыға
жағымдылығы жағынан сипаттайды. Мәселен, өнімнің тұтынушы үшін тартымдылық
деңгейі оның бәсекелік қабілетін көрсетеді. Сонымен қатар, өнімнің
бәсекелік қабілеті оның нарыққа ұсынылған ұқсас тауарлармен салыстырғанда
тұтынушылардың сұранысына толық жауап беруімен сипатталады деген анықтама
да бар.
И.В.Сергеев өнімнің бәсекелік қабілеті - тұтынушының қажетін өтейтін
және сатып алу мүмкіндігіне сай келетін тауардың сапалық және құндылық
көрсеткіштерінің жиынтығымен сипатталады және осы тектес бәсекелес
өнімдерден ерекшеленеді деген пікір білдіреді.
Алайда, бәсекелік қабілет - салыстырмалы түсінік және белгілі бір
жағдайлармен сипатталады, яғни ол нақты нарыққа, белгілі уақытқа, сәйкес
салаға және мемлекеттің, әлемнің, әрі қоғамның еңбек жүйесіне тәуелді.
Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілетін тек тұтынушыға жағымдылық жағынан
сипаттау жеткіліксіз.
Өнімнің бәсекелік қабілетіне қатысты тағы бір топ көзқарас былайша
анықталады: бәсекелік қабілет деңгейі нарықтық жағдаймен сипатталады және
өнімнің нақты нарықта сатылу қабілетімен бейнеленеді. Мәселен, кейбір
зерттеулерде өнімге немесе қызметке қатысты бәсекелік қабілет оның бәсекеге
төзімділігімен сипатталады, яғни басқа ұқсас тауарлардың ішінде сұранысқа
ие болуы және сатылуы өнімнің бәсекелік қабілетін көрсетеді. Өнімнің
бәсекелік қабілеті дегеніміз - оның белгілі бір нарықта, нақты бір уақыт
аралығында нәтижелі сатылуы - деп тұжырымдайды. Осыған ұқсас бір анықтама
былайша келтіріледі: бәсекелік қабілет - бұл өткізу нарығының белгілі
бөлігін иемденген және басқа ұқсас тауарлардың өткізілуіне шектеу жасайтын
өнімнің қасиеті. Бұл көзқарастар өнімнің нарықтағы өтімділігімен оның
бәсекелік қабілетін сипаттауға бағытталған. Аталған пайымдаулардағы негізгі
кемшілік - ол өнімнің нарықтағы сұранысқа ие болуы оның тапшылығына да
байланысты болатынын ескермеуінде.
Қазақстандық ғалымдар бәсекелік қабілетке төмендегідей анықтама береді:
бәсекелік қабілет - өнімнің нақты қоғамдық қажеттіліктерге сәйкестік
деңгейімен, сондай-ақ оны қанағаттандыруға кеткен шығындарымен бейнеленеді.
Сол сияқты, ғалым-экономист С.Б.Ахметжанова бәсекеге қабілетті өнім,
бәсекелестердің нарыққа ұсынған ұқсас тауарларымен салыстырғанда, сапасы
мен бағасы жағынан ерекшеленеді деген пікір білдіреді.
Профессор К.Р.Нұрмағанбетовтың өнімнің бәсекелік қабілеті туралы
топшылауында өзіндік маңыз бар: бәсекелес кәсіпорын өндірген ұқсас өнімге
ішкі және сыртқы нарықта қарсы тұру - өнімнің бәсекелік қабілетін
көрсетеді.
Өнімнің бәсекелік қабілетін оның бағасы арқылы сипаттау әрекеттері де
қолданылуда. Бұл бағаны қалыптастырудың квалиметриялық әдістемесін
жақтайтындардың анықтамаларында кездеседі. Олардың пікірінше, тауардың
бағасы - оның тұтынушылық және құндық қасиеттерін бейнелейтін әмбебап
сипатқа ие. Бағасына байланысты тауарлардың айырмашылықтары қалыптасады,
осы себепті тауарлар бір-бірімен бәсекеге түседі. Алайда, бұл көзқарасты
баға бәсекесі теріске шығарады, өйткені, біркелкі тұтынушылық сипатқа ие
тауарлар әртүрлі бағамен сатылуы мүмкін.
Өнімнің бәсекелік қабілетін екі топ факторлармен анықталатын
салыстырмалы сипатпен қарастыру жағдайлары да кездеседі, яғни, өнімнің
сапасы мен қарастырылатын өткізу нарығының талаптары арқылы. Шындығында,
өнім бәсекеге қабілетті болуы үшін өткізілетін нарықтың тиісті талаптарына
сай, жоғары сапалы болуы тиіс. Алайда, бұл жағдайдың өзі өнімнің бәсекеге
қабілетті екендігін көрсетпейді. Бәсекелік қабілет өнімді өткізу барысында
басқа тауарлармен салыстыру арқылы анықталады.
Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі және оған кететін
шығындылық арқылы анықталатын өнімнің салыстырмалы сипаттағы бәсекелік
қабілеті тұтынушының бір өнімнен екіншісін жоғары бағалау арқылы
анықтайтынын ескермейді. Осыған байланысты, өнімнің бәсекелік қабілеті -
оның ұқсас басқа өнімнен айырмашылығында ғана емес, салыстырмалы
ерекшелігінің де болуында.
Негізінен, өнімнің бәсекелік қабілеті оның нақты қажеттілік үшін
құндылығымен анықталады. Әрбір тұтынушы қандай да бір өнімді сатып аларда
оның қажеттілігін өтеудегі тиімділігін ескереді. Егер, өнім тұтынушының
қажеттіліктеріне сай болып тұрса, онда оның бәсекелік қабілетін бағалау
құнына қарай ауысады. Яғни тұтынушы, бір жағынан, өнімнің пайдалану
тиімділігін ескерсе, екінші жағынан, оған кететін шығынды ойлайды.
Бұл жерден шығатыны, өнімнің бәсекелік қабілеті - бұл өнімнің бәсекелес
өндірушілердің ұқсас өнімдерімен салыстырғанда жоғары тұтынушылық
қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу
құндылығымен ерекшелену сипаты. Бұл анықтама өнімнің бәсекелік қабілетінің
маңызын мейлінше толық түрде бейнелейді деген ойдамыз.
Батыстың қазіргі заманғы бәсекелік қабілет теориясының авторы М.Портер
өзінің “Бәсеке стратегиясы” кітабында бәсекелік қабілетті үш стратегия
арқылы көрсетеді:
1) шығындылықты төмендету;
2) бөлшектеу;
3) жинақтау.
Бірінші жағдайды қамтамасыз ету үшін ұйым өзінің өнім өндіру
шығындылығын, бәсекелестеріне қарағанда, мейлінше төмендетуі керек. Мұндай
үнемдеу өндіріс көлемінде, жаңа технологияларды енгізуде немесе басқа да
шикізат көздеріне байланысты болуы мүмкін.
Бөлшектеу стратегиясы барлық жағдайға әмбебап болып келеді. Бөлшектеу
өнімнің өзінде, оны жеткізу әдістерінде, маркетинг жүйесінде немесе басқа
да факторларда болуы мүмкін. Бұл әдістің бірінші стратегиядан айырмашылығы
бар, яғни, шығындылықты төмендету тек үнемдеуге ғана қатысты болса,
бөлшектеу стратегиясына әр алуан жолмен жетуге болады.
Портердің ұсынып отырған үшінші стратегиясы бар ынтаны қызмет жүйесінің
белгілі бір түріне жұмылдырумен байланысты. Бұл сала ішіндегі ауқымы
шектелген бәсекеге сүйенеді. Мәселен, ұйым белгілі бір тұтынушылардың
талғамына жауап беретін азғана өнім шығарып, барлық күш-жігерді осы
мақсатқа ғана жұмсайды. Портердің пікірінше, осы аталған стратегияның
әрбірі бәсекелік қабілеттің қалыптасуына өз ықпалын тигізуі мүмкін.
М.Портер осы кітабында шығарылатын өнімнің екі негізгі бәсекелік
артықшылықтарын бөліп көрсетеді, олар: мейлінше төмен шығындылық пен
мамандандыру.
Мамандандыру - тұтынушылардың айрықша қажеттіліктерін қанағаттандырып,
сол үшін басқа тауарлармен салыстырғанда жоғары бағалауға ие болу
қабілетімен түсіндіріледі. М.Портер мақсатқа жету үшін барлық күшті осы екі
әдістің біреуіне ғана аудару қажет деп пайымдайды. Шығарылатын өнімнің
бағасын төмендетіп немесе жоғары талапқа сай етіп, оны төлем қабілеті бар
тұтынушыларға сату керектігін көрсетеді.
Біздіңше М.Портердің өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру жолдары
шектеулі. Өйткені, жоғарыда аталған бәсекелік артықшылықтарды жеке-жеке
емес, кешенді түрде қолдануға мүмкіндік бар, сонымен қатар бәсекелік
қабілет нақты өнім түріне байланысты бірнеше факторларға тәуелді екендігін
ескерген жөн.
Жалпы алғанда, өнімнің бәсекелік қабілеті бірнеше маңызды қасиеттерге
ие:
1) бәсекелік қабілет - салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас өнімдермен
теңестіру арқылы анықталады;
2) ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың
өмірлік циклына және басқа да жағдайларға тәуелді;
3) әрбір тұтынушының жеке талғамы әрбір өнімнің бәсекелік қабілетіне
өздігінше әсер етеді. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілеті құбылмалы
сипатқа ие;
4) бәсекелік қабілет нақты, яғни ол өнімнің белгілі бір түріне,
нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйесіне және т.с.с.
байланысты;
5) бәсекелік қабілетке әсер етуге болады, ол оның құндылығын арттыру
үшін маңызды.
Осы жағдайларға байланысты бәсекелік қабілетті жүйелі түрде, уақытқа
және қоғамдық талаптарға сай, тұтынушы үшін де, өндіруші үшін де зерттеу
қажет.
Сонымен, жоғарыда айтылған өнімнің бәсекелік қабілетіне қатысты
анықтамаларды жинақтай келе, келесі пайымдауларды атап өтуге болады:
- өнімнің бәсекелік қабілеті - бұл тек нарықтық экономикаға тән
категория. Бәсеке жоқ жерде өнімнің бәсекелік қабілеті туралы сөз болуы
мүмкін емес;
- бәсекелік қабілет - салыстырмалы түсінік, өйткені ол тұтынушы
талғамын қанағаттандыруға бағытталған тауарларды бір-бірімен салыстыру
арқылы анықталады;
- өнімнің бәсекелік қабілеті - бұл өнімнің бәсекелес өндірушілердің
ұқсас өнімдерімен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен
бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен
ерекшелену сипаты. Басқаша айтқанда, өнімнің нақты нарықта сәтті өткізілуі
- оның бәсекелік қабілетін көрсетеді;
- бәсекеге қабілетті өнімді қалыптастыру тұтынушының талғамын
қанағаттандыратын сапалық және құндық, әрі тартымдылық сипаты тиімді
ерекшеліктер арқылы жүзеге асады;
- өнімнің бәсекелік қабілеті уақыт ағымына, өткізу нарығына, халықтың
өзгермелі сұранысына тәуелді өзгермелі құбылыс.
Сол сияқты, көп зерттеулерде өнімнің және өндірістің бәсекелік
қабілетіне ықпал ететін күштерді ажыратады:
- бір саланың бәсекелес кәсіпорындары арасындағы тартыс;
- ауыстырылмалы-тауарлар шығаратын кәсіпорындар тарапынан болатын
бәсеке;
- салаға жаңа бәсекелестердің ену қаупі;
- тасымалдаушылардың саудаласу мүмкіндіктері;
- тұтынушылардың саудаласу мүмкіндіктері.
Әрбір кәсіпорын өзі айналысатын қызмет түріне қатысты өнімдерінің
бәсеке қабілеттілігін анықтауына да болады. Өйткені, бәсеке қабілеттілік,
жоғарыда айтып өткеніміздей, салыстырмалы ұғым. Сондықтан да, бір нарықта
бәсекеге қабілетті өнім келесі бір нарықта бәсекеге қабілеттілігі төмен
болуы мүмкін. Бұл жағдай керісінше де болуы мүмкін.

1.2. өнімнің бәсеке қабілеттілігіне ықпал ететін факторлар

Еліміздің қазіргі уақыттағы экономикасы ашық сипатқа ие. Яғни, ішкі
нарыққа импорттың жеткілікті көлемде келуі, сыртқы инвесторлардың еліміздің
кәсіпорындарына қаржы құйуға мүмкіндіктерінің болуы, әлемдік нарықтың сауда
саясатын реттейтін ұйымдарға мүше болу жолдарының негізінің қалануы соны
көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруге дайындық
жүргізуі отандық кәсіпорындардың өнімдерінің бәсеке қабілеттілігіне әсер
ететін факторларды анықтап алуды және оларды ескеруді қажет етеді.
Қазіргі кезде өнімнің бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін факторлардың
төмендегідей түрлері бар.
Мәселен, өнімнің нарықтағы нәтижелі сатылуына әсер ететін факторлар
объективті түрде емес, тұтынушылардың субъективті қабылдануына байланысты.
Мұндай факторлар экономикалық әдебиетте “табыстың стратегиялық факторлары”
немесе ”табыстың негізгі факторлары”- деген атауға ие болған. Табыстың
стратегиялық факторлары өнімнің бәсекелік қабілетін анықтайды.
Әдебиеттердің талдауы көрсетіп отырғандай, өнімнің бәсекелік қабілеті
факторларын жіктеудің бірнеше түрлері қалыптасқан.
Өнімнің бәсекелік қабілетін анықтайтын факторларды екі негізгі топқа
бөледі. Олар: субъективті және объективті.
Субъективті факторлар өндірушіге байланыссыз, оларға психологиялық және
жеке тұлғалық факторлар жатады, мәселен, тұтынушылардың ұстанымдары, әдеті,
салты және т.б.
Объективті факторлар өндірушіге тікелей (сапа деңгейі) немесе жанама
(сатылған өнімге техникалық қызмет көрсету, делдал ұйымдардың қызметі,
т.с.с.) түрде байланысты болады.
Осы жіктеуге ұқсас, өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін
факторларды эндрогендік және экзогендік деп бөледі.
Эндрогендік факторлар өндірістік кәсіпорынның мүмкіндіктерін сипаттайды
және өнімнің технико-экономикалық деңгейіне ықпал етеді.
Экзогендік факторлар - әлемдік нарықтың немесе импорттаушы мемлекеттің
өнеркәсіптік тауарлар нарығының қажеттіліктерін және тауарға деген
сұранысты анықтайды. Мұндай жіктеу дұрыс, алайда, біріншіден, ол бағаның
өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін фактор екендігін ескермейді,
екіншіден, өндіруші тарапынан әсер ететін факторларды нақтылауды қажет
етеді, өйткені өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету өндірушіге
байланысты.
Тауардың өмірлік циклына байланысты бәсекелік қабілеттің факторларын
екі топқа бөледі:
- өнімді дайындау мен өндіру барысында пайда болатын факторлар -
техникалық деңгейі мен дайындау сапасы;
- өнімді нарықта өткізу процесіне әсер ететін факторлар - тұтынушының
сатып алу шығындары мен тұтынушының талабын қанағаттандыру (жеткізу,
сатудан кейінгі техникалық қызмет көрсету, т.б.).
Сонымен қатар, бәсекелік қабілеттің факторларын сыртқы, сапалық және
экономикалық деп бөледі.
Сыртқы факторларға экономика мен нарықтың даму тенденциялары, ғылыми-
техникалық прогресс, тұтыну құрылымындағы өзгерістер, нарық құрылымы және
бәсекелестер құрамы жатады. Сонымен қатар, мұнда кәсіпорынның имиджі мен
танымалдылығы, өндіруші мемлекеттің беделі де үлкен мәнге ие.
Екінші топ факторларын қазіргі қолданыстағы стандарттар, мөлшерлер,
ұсыныстар анықтайтын өнімнің сапа көрсеткіштері құрайды, сол сияқты,
өнімнің қауіпсіздігі, ұзақ мерзімге сақталынуы да осы топқа кіреді. Өнімнің
сапасын анықтау халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) талабымен
жүргізіледі.
Бәсекелік қабілетке әсер ететін үшінші топтағы факторларға, өнімнің
өзіндік құны мен бағасын қалыптастыратын экономикалық көрсеткіштер жатады.
Әлемдік тәжірибеде өнімнің бәсекелік қабілеті келесі факторлармен
анықталады:
- өнім сапасының нарықтың және нақты тұтынушының талабына сай
болуымен;
- сатып алуға, жеткізуге кеткен шығындармен;
- тұтынушыға тиімді уақытта жеткізу жағдайымен;
- кәсіпорынның нарықтағы беделімен және сенімді әріптес болатындығы
туралы дәлелімен.
Өнімнің бәсекелік қабілеті кешенді түрде мынандай үш факторға тәуелді
болуы да мүмкін:
Міндеті - өнімнің қандай мақсатқа пайдаланатынын, оның функционалдық
мүмкіндіктерін, сол арқылы, осы өнімді тұтынушылар тобын анықтайды.
Жоғары сапасы - бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Сондықтан, сапаны
өнімнің бәсекелік қабілетінің кешенді көрсеткіші ретінде қарастыруға
болады.
Бағасы - тауар құнының ақшалай көрінісі. Өнімге деген сұраныс пен
ұсыныс тең болғанда баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы
бағаны төмендетеді, ал керісінше, нарықтағы сұраныс артса, онда өнімнің
бағасы құнынан әлдеқайда жоғары болады. Нарықтық экономика жағдайында баға
объективті экономикалық заңдылықтарға, ең алдымен, құн заңына сай
қалыптасады. Бағалық бәсеке кезінде төмен баға өнімнің бәсекелік
қабілетінің кепілі болады.
Аталған үш факторды кешенді түрде қарастырған жөн. Көп функционалды
міндеті, жоғары сапасы және тиімді бағасы бар өнім бәсекеге қабілетті бола
алады. Бұл факторлар үнемі бір-бірін толықтырып отырулары қажет.
Өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін факторларды техникалық,
экономикалық және әлеуметтік-ұйымдастырушылық деп те бөледі.
Техникалық факторлар тауардың техника-конструкторлық сипатын, оның
міндеті мен белгілі бір топқа қатысын, адам организмі мен психикасына
сәйкестігін бейнелейтін эргономикалық көрсеткіштерін сипаттайды.
Экономикалық факторлар өнімді өндіруге кеткен шығындармен, оның
бағасымен, тауарды сату кезіндегі шығындармен және басқалармен анықталады.
Әлеуметтік-ұйымдастырушылық факторлар тұтынушылардың әлеуметтік
құрылымын, олардың ұлттық ерекшеліктерін, өндірістің, өткізудің және
тауарды жарнамалаудың ерекшеліктерін көрсетеді.
Өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін факторларды бір топ
зерттеушілер бағалық және бағалық емес факторларға бөледі.
Бағалық факторларға тауарды сатып алу бағасын (жеңілдіктерді, төлеу
мерзімін ескере отырып) жатқызуға болады. Тауардың сатылу бағасы өнімді
өндіруге және өткізуге кеткен шығындардан, өндірушінің табысынан, түрлі
салықтар мен алымдардан құралады. Сондықтан да, бағалық бәсеке кезінде
өндірушілер шығындылықты төмендетуге үлкен мән береді. Бұл бағаны өнімінің
бәсекелік қабілетіне әсер ететін негізгі фактор ретінде қалыптастырады.
Өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін бағалық емес факторларға:
өнімнің сапасын, ұйымдастырушылық-коммерциялық жағдайларды, сауда
маркасының имиджін және өндірушінің беделін жатқызуға болады. Бұл жерде
өнімнің сапасы оның тұтынушылық қасиетін анықтайды және сол үшін маңызды
болып есептеледі. Ұсынылып отырған өнім тұтынушы тарапынан сыналып, басқа
ұқсас өнімдермен салыстырылады. Өнімнің қасиеті тек оның сапасына ғана
емес, сол өнімнің құрамына кіретін заттардың жоғары сапасына да байланысты.
Алайда, тұтынушыға өзі ұнатқан өнімнің сапасымен қатар, ол өнімді сату
жағдайлары да үлкен әсер береді. Өнімді жеткізіп беру, белгілі бір
жеңілдіктер көрсету, өнімнің бұзылмауына кепілдік беру, несиеге беру және
т.с.с. тұтынушының бір өнімнен екінші өнімді таңдауына ықпал етуі мүмкін.
Бағалық емес бәсеке нарықта біркелкі бірнеше өнімнің пайда болуынан
туындайды. Осы жағдайда өнімі сапалы, әрі оған қызмет көрсету жағдайы
жоғары өндіруші тұтынушылар тарапынан сұранысқа ие болады.
Бағалық емес фактор нарыққа ұзақ уақыт өнім шығарып жүрген,
тұтынушылардың талғамынан шыққан өндірушілер үшін өте маңызды болып келеді.
Өйткені, біркелкі өнімдердің ішінен тұтынушы өзіне жақын, таныс, сауда
маркасы сенім білдіретін өндірушінің өнімін алуды қалайды. Мұндай кезде,
тұтынушы өзі сенім білдірген өндірушінің өніміне, басқа өнімдерге
қарағанда, жоғары баға беруге де дайын. Осы жағдайлардың өзі-ақ өндіруші
үшін бағалық емес факторлардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.
Кейбір еңбектерде өнімнің бәсекелік қабілетінің факторлары ретінде
өндірістің тиімділігін, кәсіпорынның ғылыми-техникалық және
ұйымдастырушылық деңгейлерін, еңбек өнімділігін жатқызады. Алайда бұл
факторлар нарықта сатылатын тауарға тікелей әсер етпейді, өйткені
тұтынушылардың қажеттіліктері жоғарыдағы факторларға байланысты емес.
Өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін факторларды сыртқы және ішкі
деп бөлуге де болады.
Сыртқы факторлар кәсіпорынның бақылауында бола алмайды, бірақ өнімнің
қалыптасуына ықпал етеді. Оларға жататындар:
- мемлекеттегі саяси-экономикалық жағдай және елдегі жүргізіліп
отырған саясат (инфляция деңгейі, экономиканың өсу деңгейі,
мемлекеттік тұрақтылық, т.б.);
- өндіріс орналасқан аймақтың экономикалық мүмкіндіктері;
- нарықтың монополиялану дәрежесі (бәсекелік ортаның болуы, нарыққа
кіру мүмкіндіктері және т.б.);
- ғылыми-техникалық және инновациялық жетістіктердің даму деңгейі,
көлемі және бағыттары;
- нарықтағы тұтынушылардың талғамы;
- халықтың әл-ауқаты (төлем қабілетінің жеткілікті дәрежеде болуы);
- табиғи ортаның жағдайы (шикізаттың жеткіліксіздігі, қоршаған ортаның
ластануы, т.б.);
- экономикалық қатынастарды реттейтін заңдылықтар, нормативтік және
патентті-құқықтық құжаттар;
- мәдени орта (халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, қағидаларды ұстануы
және т.б.);
- елдегі демографиялық ахуал және басқа да жағдайлар.
Бұл факторлардың әрбірі, тиісті дәрежеде, өнімнің бәсекелік қабілетінің
қалыптасуына әсер етіп отырады. Кейбір жағдайларда сыртқы факторлар ішкі
факторларға қарағанда өнімнің бәсекелік қабілетіне көбірек ықпал етеді.
Өйткені, мемлекеттің әлемдік нарыққа шығуда және ішкі нарықты қорғауда
ұстанып отырған саястаты, халықтың әл-ауқатына байланысты тұтынатын
тауарларының мәзірін өзгертуі, пайдаланылатын шикізат сапасының өзгеруі,
ішкі нарықтағы бәсекелік ортаның сақталуы, теріс пиғылды бәсекені шектеу
жұмыстары, нарыққа жаңа өнімдердің шығуы, тұтынушының белгілі бір өнімге
деген тұрақты ұстанымы және тағы басқалар өнімнің бәсекелік қабілетін ішкі
факторларға қатыссыз өзгертуі мүмкін.
Өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін ішкі факторлар кәсіпорынның
қызметіне тікелей байланысты, сондықтан да олар кәсіпорын тарапынан
қадағаланып, реттеліп отырады. Мұндай факторларға келесілер жатады:
- өндірістің техникалық деңгейі;
- өндірісті ұйымдастыру деңгейі;
- өндірістік шығындар;
- шикізаттың, материалдардың және басқа да өнімге қажет заттардың
сапасы мен бағасы;
- әлеуметтік-психологиялық жағдайлар;
- кәсіпорынның жарнамалық және ұйымдастырушылық қызметі (өнімді сату
кезіндегі қызмет көрсету жағдайлары);
- өнімнің патентті-құқықтық қорғалу дәрежесі мен халықаралық сапа
стандарттарына сәйкестігі.
Ішкі факторлар, нарықтық бәсекеде, кәсіпорын өнімін бәсекелестердің
ұқсас өнімдеріне қарағанда сапалы, әрі арзандау шығаруға, кәсіпорынның
бәсекелік артықшылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді. Өндіріске алдыңғы
қатарлы ғылыми-техникалық және инновациялық жетістіктерді енгізу, өнімнің
сапалық қасиеттерін арттыратын технологияларды тарту, өнімнің бағасын
салыстырмалы түрде төмендету, өнімді өткізуде әртүрлі маркетингтік шаралар
жүргізу – өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін ішкі мүмкіндіктерді
айқындайды.
Әр кәсіпорын өзінің стратегиялық жоспарларын дайындау кезінде өнімнің
бәсекелік қабілетіне көбірек әсер ететін факторларды анықтауға тырысады.
Сол арқылы өзінің бар назары мен ресурстарын осы мақсатқа жұмылдырады.
Жоғарыда аталған өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін факторлардың
әр кәсіпорынның өнімі үшін әртүрлі әсер ететінін ескере кеткеніміз жөн.
Себебі, сапалық ерекшелік, тауардың техникалық-технологиялық ерекшелігі,
тұтынушылық сипатының ерекшелігі бір тауардың - екіншісіне ұқсамайтындығын
дәлелдейді. Тек әлемдік емес, сол сияқты мемлекеттің ішкі нарығының өзі әр
аймақтың орналасу ерекшелігіне қарай бөлінеді. Сондықтан, әрбір тауардың
өту мүмкіндігі, бәсекелік қабілетінің артықшылығы сатылу нарығына
байланысты өзгеріп отыруы ықтимал. Кәсіпорын өнімінің бәсекелік қабілеті,
кей жағдайларда, теориялық тұрғыдан алғанда маңызы төмен факторға жоғары
дәрежеде тәуелді болады. Бұл әр кәсіпорынның өнім шығару ерекшелігіне,
орналасқан аймағының табиғи және экономикалық мүмкіндіктеріне, тұрғындардың
тұтынушылық талғамдарына тікелей байланысты, яғни өнімнің бәсекелік қабілет
факторларының әр алуан болуы заңды құбылыс. Айтылған факторлардың әсерін,
әрбір кәсіпорын, еліміздің Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі алдында
анықтап, тиісті қорытындылар шығарғаны дұрыс.

1.3. Нарықтағы тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтау көрсеткіштері

Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруге дайындық
жүргізуі кезінде ескеруі тиіс негізгі міндеттердің бірі, ол – нарықтағы
отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілік деңгейін анықтап алу. Оның себебі,
әрбір саланың шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі деңгейін білу
арқылы нақты шешімдер шығару. Бәсекелігі төмен салаларға мемлекет тарапынан
қолдау көрсету, бәсекеге қабілетті салаларға ары қарай даму стратегияларын
ұсыну. Әрине, Қазақстанның шығарған өнімдері, көп жағдайда, тек ішкі
нарықта ғана бәсекеге қабілетті бола алады.
Сондықтан да, нарыққа ұсынылған өнімнің бәсеке қабілеттілігін
анықтаудың кәсіпорын үшін маңызы зор. Оның басты себебі, уақытында дұрыс
шешімдер қабылдауға және кәсіпорынның нарықтық стратегиясын өнімнің нақты
бәсеке деңгейіне сәйкес анықтауға мүмкіндіктің болуы. Әсіресе, бәсеке
қабілеттілікті бағалау Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше және оған мүше
болуға ынта білдіретін мемлекеттердің бәсекелес өнімдерін салыстырған кезде
қажет.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау, бүгінгі күні, өндіруші үшін де,
тұтынушы үшін де маңызды. Өйткені, шығарылған өнімдерінің, өткізу
нарығында, бәсекелес өнімдерден артықшылығын немесе кемшілігін анықтау, сол
арқылы өндірістік стратегиясын белгілеу - өндірушіге, сатып алатын өнімінің
осы тектес өнімдерден құндылығын айқындау, сол өнімнің мейлінше тиімділігін
бағалау - тұтынушыға қажет.
Өнімнің бәсекелік қабілеті техникалық сипатымен, дизайнымен, сақталу
мерзімімен, сапасымен, беріктігімен, адам өміріне қауіпсіздігімен және сол
сияқты көптеген жағдайлармен бағаланады. Өндіруші өз өнімінің бәсекелік
қабілетін бағалағанда тұтынушы тарапынан қойылатын талаптарды ескеруі
қажет. Бәсекеге қабілетті өнімге белгілі қасиеттер тобы сай болады.
Өндіруші тұтынушылар талабына қоса, өткізу нарығындағы бәсекенің үстемдігін
де ескеруі шарт. Сол сияқты, өз өнімінің сапасын белгіленген стандарттар
мен нормаларға сәйкестігін бақылауы керек.
Бүгінгі таңда өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың көптеген әдістері
мен оларды жүргізу жолдары қалыптасқан. Олардың бірқатары өнімді бәсекелес
өнімдердің жалпы сипатымен салыстырып талдауға негізделсе, тағы бір тобы
индекстік әдіспен бағаланады. Мұндай бағалаулардың негізі болып зерттелетін
өнімнің сапалық және құндылық көрсеткіштерін тұтынушы талаптарымен
салыстыру саналады. Алайда, тұтынушының талаптары туралы мәлімет алудың
біршама қиындығына орай, өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау базалық
өніммен салыстыру арқылы жүргізіледі. Бұл үшін нарыққа ұсынылған ұқсас
өнімдердің ішінен өтімділігі жоғары, тұтынушылық қасиеттері сенім
туғызатын және беделді өндірушінің тауары таңдап алынады. Осы үлгілі
өнімнің көрсеткіштеріне салыстырмалы өнім көрсеткіштерінің сәйкестілігі
немесе сәйкессіздігі оның бәсекелік қабілет деңгейін айшықтайды.
Эксперттік әдісті қолданудың көптеген тиімділіктері бар. Ең алдымен, ол
- өнімді бағалау кезінде оның негізгі сипаттарын анықтаудың әр алуандығы.
Екіншіден, өнімнің қасиеттерін сипаттайтын бағалаушыларды қарапайым
тұтынушыдан, білікті маманға дейін тарту мүмкіндігі. Үшіншіден, өнімнің
бәсекелік қабілетін нарықтың әр аймақтарында бағалау арқылы, оның сол
өңірдегі нақты деңгейін анықтауға қолайлылығы. Алайда, бұл әдіспен өнімнің
бәсекелік қабілетін бағалағанда, эксперттерді таңдау мұқияттылықты қажет
етеді. Өйткені, таңдалған әрбір эксперт алынатын соңғы нәтиженің сапасына
белгілі бір деңгейде ықпал етіп отырады.

Өнімнің бәсекелік қабілет көрсеткішін есептеуде оның сапасы мен бағасын
бейнелейтін жекелей, топтық және интегралдық индекстерді қолданады. Көп
жағдайда қолданылатын бұл индекстердің ерекшелігі, жоғарыда аталған әдістер
сынды, бағаланатын өнімнің әрбір көрсеткіштерін үлгілі өнім
көрсеткіштерімен салыстыруында. Яғни, белгілі бір өнімнің артықшылығын
төмендегі формуламен бейнелеуге болады:
K = PC max,

К - өнімнің бәсекелік қабілеті;
Р - тиімділігі (өнімнің сапасы);
С - өнімді алуға және пайдалануға кеткен шығындар.

Интегралдық әдісті есептеу жеке және топтық индекстердің жиынтық
шамасымен жүргізіледі. Жеке және топтық индекстер сапалық және құндық
көрсеткіштерге бөлек есептеледі және соңында біріктіріледі.
Сапалық көрсеткіштің жиынтық индекстері мына формуламен есептеледі:

,

мұндағы - сапаның топтық индексі;
- сапаның і - параметрі бойынша жекелей индексі;
- жалпы құрамда і - параметрінің салмағы.

Алынған топтық индекс өнімнің базалық өнімге сапалық қасиеті жағынан
сәйкестігін көрсетеді. Алайда, сапа тұтынушы үшін өнімнің құндылығын толық
көрсете алмайды. Сондықтан құндық негізде өнімнің экономикалық параметрлері
есептеледі. Тұтыну құны индексімен бейнеленетін талданатын өнім мен базалық
өнімнің бағадағы айырмашылығы олардың бағалық бәсекелік қабілетін
көрсетеді.
Өнімді дифференциалды және маркетингтік әдістер арқылы бағалайтын
кешендік жолдары да ұсынылады. Бұл әдістер өнімді өндіру барысында оның
технологиялық дайындалу ерекшеліктерін, оның сапалық деңгейін және оны
өткізу кезеңінде тұтынушыларға жағымдылығы мен тиімділігін анықтау арқылы
жүргізіледі. Соңғы кездері, кәсіпорынды дамыту мен оның тиімділігін
арттыруда елеулі нәтиже беріп жүрген маркетингтік ізденістер өнімнің
бәсекелік қабілетін бағалауда да жан-жақты мәліметтер алуға қолайлы болып
саналады. Дұрыс ұйымдастырылған және міндеттері белгіленген маркетингтік
зерттеулер өнімнің сұранысын арттыру шараларының нәтижелілігін қамтамасыз
етіп отырады.
Кейбір ғалымдар өнімді оның тұтыну нарығындағы алатын үлесі арқылы
бағалауды ұсынады. Осы арқылы өнімнің нарықтағы бәсекелестердің өнімдерімен
салыстырғандағы әлсіз және ұтымды жақтарын анықтауға, сонымен қатар,
нарықтағы үлестері арқылы тез немесе баяу дамып бара жатқан бәсекелестерін
айқындауға да мүмкіндік туады.
Алайда, бұл әдіспен тек ашық, әрі жетілген нарықта ғана дұрыс ақпарат
алуға болады. Себебі, әрбір мемлекет өзінің ішкі нарығын импорттан шектеу,
отандық өндірушілерін қолдау саясаттарын жүргізіп отыруы мүмкін. Бұл
жағдайда, сыртқы бәсекелестердің жетістіктері мен кемшіліктерін жүйелі
түрде бақылау мүмкін емес.
Париждік сауда-өндірістік палата эксперттері өнімнің бәсекелік
қабілетін бағалаудың негізгі критерияларына келесілерді жатқызады:
- бұйымның жаңа болу деңгейі;
- оның дайындалу сапасы;
- бұйым туралы ақпараттарды тарату жолдарының болуы;
- өткізуді ынталандыру шаралары, жарнаманы қоса;
- бағалаудың қаржылық жағдайлары;
- өткізу жылдамдығы және нарықтық өзгерістерге тез икемделу қабілеті.

Өнімнің бәсеке қабілеттілігі деңгейін сандық көлемде бағалау жолдары да
бар. Бұл әдіс (өнімнің қызмет ету мүмкіндіктері, өнім шығару көлемі,
ресурстарды ұтымды жұмсау, шығынды азайту) көбінесе машина жасау
өнеркәсібінің өнімдерін бағалауға қолайлы болып саналады. Ол үшін өнімнің
тиімділігі мен бәсекелестері туралы сапалы ақпарат қажет. Алайда, мұндай
мәліметтерді жинаудың қиын екенін ескерсек, бұл әдіспен өнімді бағалаудың
өзі күрделене түседі.

Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалауда өзіндік ерекшелігі бар келесі
бір әдіс - тұтынушыларға сұрау жүргізу арқылы жүргізілетін әлеуметтік әдіс.
Бұл әдіс анкеталық сауал бойынша, өтімі көп өнімді анықтау нәтижесінде
тиісті шараларды қабылдауға жағдай жасайды. Көптеген әдістердің ішінде бұл
әдіс ең қарапайым және шығыны төмен болып есептеледі. Негізінен, өнімнің
бәсекелік қабілеті белгілі бір уақыт аралығында өзгеріп отыратынын
ескерсек, онда аталған әдіспен оның деңгейін жиі-жиі бағалауға болады.
Жоғарыда келтірілген әдістердің әрбірі нақты өндіріс пен оның өнімдерін
бағалау үшін дайындалған. Бұл әдістердің қай-қайсысы болмасын, алынған
мәліметтерді сараптауға, тиісті қорытындылар шығаруға және сол арқылы
өнімнің бәсекелік қабілетін қажетті деңгейде ұстау немесе оны арттыру
жолдарын белгілеу шараларын дайындауға негіз болады.
Бәсекелес өнімдерден сапалық артықшылығы оның бәсекелік қабілетінің
бірден-бір мүмкіндігі болып табылады. Ішкі нарықтағы өнімнің бәсекелік
ортасы, сондай-ақ сыртқы тасымалдаушылардың бәсекелік ортаға әсері
өндірушілерді баға саясатын дұрыс жүргізуге итермелейді. Кәсіпорын
жұмысының тұтынушылардың талаптарына сай өнім өндіруге негізделуі оның
бәсекелік тұрақтылығының жоғарылауына кепіл болады.
Кез-келген өнімнің бәсекелік қабілетін әділ бағалаушы - тұтынушы екенін
ескерсек, өнімнің сапалық және тартымдылық қасиеттерінің деңгейін де
тұтынушылар таразысына салған жөн. Тұтынушы талғамы кәсіпорын өнімінің
жетістіктері мен кемшіліктерін айқындап, сол нәтижелер бойынша нақты
міндеттер белгілеуге мүмкіндік жасайды.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы да, өнімнің бәсеке қабілеттілігі
деңгейін анықтаудың қажет және маңызды екендігін көрсетеді.
2 БӨЛІМ. “МАРТ” ЖШС ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨНІМДЕРІНІҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1. “Март” ЖШС қызметінің экономикалық көрсеткіштері мен
өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін бағалау
“Март” ЖШС 2001 жылы Алматы қаласында халық тұтынатын тауарлар шығаруға
негізделген кәсіпорын ретінде тіркеліп, өзінің жұмысын бастаған болатын.
Бұл кәсіпорын алғашқы кездері сусындар шығарумен, кейіннен шығарылатын өнім
ассортиментін кеңейтіп томат пасталарын, өсімдік майларын шығара бастады.
Өндірістік аумағының кеңдігіне байланысты кәсіпорын басшылығы белгілі
бір бөлігін жалға беріп, онда цемент, гипс өнімдерін шығаратын өндірістер
орын тепкен.
Қазіргі кезде кәсіпорын өзінің мүмкіндіктерін ұлғайту мақсатында келесі
бағыттарда жұмыс істеуде:
• томат пасталарын өңдеудің толық циклын өндіріске енгізу, томат
пасталары, сусын, өсімдік майлары өнімдерімен қоса, ауыл шаруашылығына
қажет мал азықтарын да өндіру;
• дәнді-дақылдар, соның ішінде қызан, қияр өсіруде ауыл шаруашылығы
ұйымдарымен келісім-шартқа отыру;
• дәнді-дақылды өңдеу өндірісін дамыту, одан май, ұн, сүт ұнтағы және
қоспалар сияқты тамақ өнеркәсібіне маңызды заттар алу;
• жаңа нарықтарды игеру мақсатында тұтынушылардың талғамын зерттеу
жұмыстарын жүргізу.
“Март” ЖШС томат пасталарын және май өнімдерін шығаруда қолданатын
шикізаттарды негізінен Ресей мен Шығыс Қазақстан облысынан тасымалдауда.
Отандық шикізаттың үлесі барлық шикізат көлемінде 2001 жылы 70,3% болса,
2004 жылы 79,3% көтерілді. Аталған кәсіпорын қызаннан, қиярдан тұздықталған
өнімдерді өндіру деңгейін ұлғайту мақсатында 20004-2006 жылдар аралығында
Ресейдің көптеген кәсіпорындарымен бірлесе отырып, жаңа өндірістік
қуаттарды іске қосу жоспарын бекітті. Сонымен қатар, бұл өндірістік
қуаттарды өсімдік майлары өндірісін шикізатпен жабдықтауда Ресей
аймақтарынан шикізат алдыру мәселелерін де бірлесе шешу жолдары
қарастырылуда.
Кәсіпорынның жалпы өндірістік сұлбасын төмендегі суреттен көруге
болады.

Сурет 2. “Март” ЖШС өндірістік құрылымы

“Март” ЖШС өндірістік құрал-жабдықтары Ресейдің, Германияның және
Венгрияның озық үлгілерінен тұрады. Сусындарды жоғары фильтрациядан өткізу,
томат пасталарына қажетті шикізаттарды сақтау қоймаларын мұздатқыштармен
жабдықтау, май өнімдерінің өңдеуіне қажетті пресстерді сатып алу мақсатында
кәсіпорын басшылығы Қытайдың белгілі компанияларымен де келісім-шарт
жасасуда.
Қазақстандағы тұтыну нарығына, салыстырмалы түрде, енді ғана еніп
отырған бұл кәсіпорын үшін ең басты мәселе нарықтағы танымалдылығын арттыру
және тұтынушылардың белгілі бір бөлігін өзіне тарту болып саналады.
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің экономикалық көрсеткіштеріне
тоқталатын болсақ, онда бұл кәсіпорынның бірте-бірте дамып келе жатқандығын
көруімізге болады.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың маңыздылығы, бүгінгі күні, ішкі
нарыққа ұсынылған өнімдердің арасынан сапасы мен бағасы жағынан ең
тиімдісін анықтаумен сипатталады. Біздің зерттеуіміздегі “Март” ЖШС
өнімдерінің бәсеке қабілеттілігі де, ең алдымен, оның тұтынушылық
қасиеттерінің бағасына сәйкестігімен, ұқсас өнімдер арасында тұтынушыға
ұнамды қасиеттерінің болуымен анықталады.
Бәсекелік қабілетті бағалаудың алғашқы кезеңінде өнімнің нарықтық
бағасы ескеріледі. Қазіргі кезде, ішкі нарықта, тұтынушы үшін өнімнің
бағасы оның бәсекелік қабілетінің негізгі көрсеткіші болып отыр. Көп
жағдайда, тұтынушылар табыс көлемінің төмендігіне байланысты бағасы
арзандау өнімді сатып алуға тырысады.
“Март” ЖШС өнімдерінің бәсеке қабілеттілігінің көрсеткіштерін нарықтағы
бағаларын салыстырудан бастаймыз.

Кесте 1. “Март” ЖШС өнімдерінің баға жағынан бәсеке қабілеттілігін анықтау,
тг.

Өнімдердің атауы “Март” ЖШС “Алтын дала” “Алматы “Сусындар”
ЖШС маргарин АҚ
зауыты” АҚ
Томат пастасы, кг 230 245 - -
Тәтті сусындар, л 35 - - 48
Газдалған су, л 28 - - 35
Өсімдік майы, кг 148 - 153 -

Кестеден байқап отырғанымыздай, “Март” ЖШС шығаратын өнімдерінің бағасы
бәсекелестерінің бағаларына қарағанда арзан, ол жағдай тұтынушыларды
тартудың маңызды факторы. Енді, осы мәліметтердің көмегімен кәсіпорынның
сусын өнімдерін шығарудан нарықтағы бәсекелік деңгейін келесі суреттен көре
аламыз.

Сурет 3. Кәсіпорынның өнім өткізуден нарықтағы бәсекелік үлесі

Суреттен көріп отырғанымыздай, “Март” ЖШС сусындар шығарудан Алматы
қаласының нарығында ең төменгі үлесті алып отыр. Оның басты себебі,
кәсіпорын нарыққа енді ғана еніп отыр және басқа да негізгі қызметтерінің
болуы.
Төмендегі кесте мәліметтері арқылы нарықтағы май өнімдері бойынша
отандық кәсіпорындардың және “Март” ЖШС бәсекелік деңгейлерін анықтаймыз.
Ол жерден, “Март” ЖШС май өнімдерін өткізу бойынша нарықта тек 5,7
пайызды ғана иеленіп отырғанын байқаймыз. Ең көп үлес Қазақстандық басқа да
кәсіпорындарға және шетелдік компанияларға (52,1%) және “Алматы маргарин
зауытына” келіп отыр (24,9%). Алдағы кездері кәсіпорын осы өсімдік майларын
кең көлемде өндіріп, нарықтағы негізгі өндіруші болуды көздеп отыр.

Кесте 2. “Март” ЖШС май өнімдерін шығару бойынша нарықтағы бәсекелік үлесі

Кәсіпорынның атауы Нарықтағы үлесі, % Натуралды шамада өнім
өндіру, тн
“Вита” АҚ 17,3 6032,3
“АМЗ” АҚ 24,9 8682,4
“Март” ЖШС 5,7 1987,5
Нарықтағы басқа да 52,1 18166,7
өндірушілер және шетел
компаниялары
Барлығы 100,0 34869,0

Өнімнің бәсекелік қабілетін анықтайтын көптеген әдістердің ішінен
тиімдісі ретінде эксперттік бағалау мен әлеуметтік сұрау нәтижесінде
алынған мәліметтерді салыстыру саналады. Өйткені, тұтынушы өзіне қажетті
өнімді басқа өнімдермен салыстыра отырып, оған жұмсалатын шығын мен
пайдалану тиімділігін ескеру арқылы сатып алады, яғни өнімнің бәсекелік
қабілетін жан-жақты бағалаушы - ол тұтынушы.
Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалағанда баға, сапа көрсеткіштеріне
мән беру қажет. Мұнда өнімнің құндылық және тұтынушылық қасиеттері
ескеріледі. Тұтынушы сатып алатын өнімнің бағалары бірдей болған кезде,
оның сапалық қасиеттерін салыстыра бастайды.
Сонымен қатар, өнімнің бәсеке қабілеттілігі деңгейі оның сыртқы
қорабының келбеті, сауда белгісінің сенімділігі және өнімнің танымалдылығы
сынды ерекшеліктерімен де анықталады. Жетілген бәсеке кезінде өнімнің
бағасы мен сапалық көрсеткіштеріне қоса өндірушінің аты, оның танымалдылығы
сияқты көрсеткіштер тұтынушы үшін таңдау назарына ілігетіні белгілі.
Өнімнің бәсеке қабілеттілігінің деңгейін біз эксперттік бағалау арқылы
5 баллдық жүйемен анықтаймыз. Ол жерде, эксперттер ретінде тұтынушылар
алынды. Егер тұтынушыға өнімнің тұтынушылық қасиеттері жағымды болса, онда
өнім бәсекеге қабілетті, егер қандай-да бір қасиеті тұтынушыға тартымсыз
болса, онда өнім салыстырмалы түрде бәсекеге қабілеті төмен болып
есептеледі.

Кесте 3. “Март” ЖШС сусын өнімдерінің бәсеке қабілеттілігі деңгейін анықтау

Бәсекелес Баға Сапалы-лығӨнімнің Өндіру-шіОрта балл
кәсіпорындар тиімді-лігы танымал-дылнің
і ығы беделі
“Март” ЖШС 5 4 3 4 4,0
“Әсем-ай” ЖШС 5 5 5 5 5,0
“Сусындар” АҚ 4 5 5 5 4,75
“Вита” АҚ 4 4 5 5 4,5

Алматы қаласының нарығына сусын шығаратын кәсіпорындар арасында “Әсем-
ай” ЖШС өзінің танымалдылығымен де, сапа, баға көрсеткіштерімен де жоғары
баллдық мәнге ие болды. Себебі, тұтынушылардың көбі бұл өнімнің
сапалылығын, дәмділігін көрсетеді. Сонымен қатар, аталған кәсіпорынның
өнімі нарықта бірнеше жылдардан бері сатылып келеді. Ал “Март” ЖШС сусын
өнімдері тек Алматы қаласының азғана бөлігіне шығарылатындықтан
танымалдылығы жағынан да, өндірушінің беделі жағынан да, сапа деңгейі
бойынша да тұтынушылар тарапынан төмен баллға ие болды.
Кәсіпорын өзінің нарықтағы бәсеке қабілеттілігін анықтау арқылы тиісті
шешімдер қабылдап, өнімдерінің сұранысын арттыруға бағытталған стратегиялар
дайындауы тиіс. Оның қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- тұтынушылардың талғамына сай өнімдер үшін нарықты терең зерттеу;
- жаңа технологияларды пайдалану, өндірісті жаңартуды жеделдету;
- бәсекелестерінің артықшылықтарын біліп, сол деңгейге жету;
- өнімнің сапасымен қатар, оның сыртқы келбетін де жетілдіру.

2.2. Кәсіпорын өнімдерінің сапа деңгейін анықтау

Өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтағанда, ең алдымен оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясатын жетілдіру
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясаты
Сыра зауытының тауар ассортименті
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Бәсекелестік. Алматы нан» АҚ әлеуетін талдау
Кәсіпорын мен цехтарды ірілендіру
Кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекелестік
Фирма стратегиясы мен оның бәсекеге қабілеттілігін басқару
Мұнай-газ саласындағы бәсеке қабілеттіліктің теориялық аспектілері
Пәндер