«Мемлекет нысаны түсінігі, түрлері және ерекшелігі»
КІРІСПЕ 3
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ НЫСАНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА 7
1.1 Мемлекеттің түсінігі және оның нысаны 7
1.2 Қазақстан Республикасының мемлекет нысанының ерекшелігі 15
2 МЕМЛЕКЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
26
2.1 Мемлекеттің басқару нысаны 26
2.2 Мемлекеттің құрылым нысаны 44
2.3 Саяси режим 48
ҚОРЫТЫНДЫ 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
52

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің “сындарлы он жылын” артқа тастады. Аталған он жылдан астам уақыт аралығында жас тәуелсіз мемлекетіміз өз тәуелсіздігін баянды етуге және мемлекеттің болашақтағы дамуының негізгі бағыттарын айқындауға бар күшін жұмылдырған болатын. Республикамыз өзін болашақта демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратынын жариялады. Мемлекеттің көрсетілген бағыттары Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған қолданыстағы Конституциясында көрініс тауып, бекіген болатын.
Сонымен қатар, бұл асқақ мұраттарды еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің әр жылғы халыққа Жолдауында негізгі бағыт ретінде әрқашан атап көрсетіп отырды. Президент соңғы халыққа Жолдауында ойын былай түйіндеген болатын: “Біз үш принципті элементке: азаматтық қоғам институттарын дамытуға, орталықсыздандыруға, тұрақты саяси-партиялық жүйе құруға ден қоюға тиіспіз. Тұрақтылықты, демократияландыруды және азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайту жөніндегі қадамдар жасау қажет” [1, 3 б].
Еліміздің Конституциясында белгіленген және Ел басының жыл сайынғы Жолдауында көрініс табатын бұл мақсаттарға өткеніміздің тарихи тәжірибесінен сабақ алып, оның ізгілікті жақтарын бойымызға сіңіре отырып жетеміз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, әлемдік демократиялық дамуға үлкен үлес қосқан мемлекеттік үлгілерді көптеп кездестіруге болады. Біздің жас мемлекетіміз де бұл істен кенде емес.
Қазақстан Республикасы болашақта Орта Азияның ең беделді де, алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің деңгейіне көтерілуді мақсат етіп отыр. Бұл “Қазақстан - 2030” бағдарламасында өзінің толық және айқын көрінісін тапқан болатын. 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның тежемелік әрі тепе-теңдік жүйелерін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасайтын заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арқылы жүзеге асырылатындығын бекітіп берді. Бұл биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының құқықтық негіздерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді деген сөз [2]. Яғни, бүгінгі қалыптасқан жағдайдағы қазақстандық конституционализмнің тағдыры негізінен биліктің үш тармағының өміршеңдігіне тікелей байланысты болмақ. Дегенмен де, конституциялық институттарды дамыту процесінде атқарушы билік құрылымының жүйелі түрде дамытылуының өте маңызды екендігі жасырын емес.
Қазақстандық құқықтық мемлекеттің конституциялық моделінің іс жүзінде табысты орындалуының басты шарты оның тұрақтылығы мен ұзақ мерзімділігінде екенін де ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан конституционализмді орнықты ету үшін Қазақстандық құқықтық мемлекеттіліктің конституциялық моделіне қажетті жақсартулардың, түзетулердің тек бүгінгі қолданыстағы Конституция нормаларының, ережелерінің, принциптерінің, механизмдерінің, процедураларының негізінде – оларды түсіндіру, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылуы мейлінше маңызды. Міне, осынау стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді шешу барысында орталық рөл, әрине, мемлекеттік билік органдарына тиесілі болады. Мемлекеттің жоғарғы органдарының қалыпты жұмыс атқаруы билік бөлу жүйесін дұрыс жүзеге асуына да байланысты болып табылады.

1 Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: Юрист, 2008. – 32 б.
2 Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. – 136 б.
3 Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. – Алматы. – 2003. – 198 б.
4 Өзбекұлы С., Қопабаев Ө.Қ. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 264 б.
5 Ағдарбеков Т.А. Мемлекет және құқық теориясы. – Алаты, 2003. – 345 б.
6 Досалиев Қ.Б. Заң үстемдігі принциптерінің мемлекеттік билік аясында әрекет ету. – Алматы. – 2001. – 185 б.
7 Сартаев С.С., Назарқұлова Л.Т. Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасуы: проблемалары мен болашағы. – Алматы. - 2005. - 464 б.
8 Баишев Ж. Конституционное право Республики Казахстан: Учебно-метод. пособие. – Алматы: Жеті жарғы, 2001. - 392 с.
9 Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. - Алматы: Жеті Жарғы, 2004, - 480 б.
10 Майлыбаев Б. Юридическая категория. Институт президентсва (понятие, сущность, содержание, основные признаки) // “Правовое обеспечение суверенитета Республики Казахстан: Вопросы теории и практики”: Материалы междун. научно-теоретич конферен. посвящен к дню Республики - Алматы: КазГЮА, 2001. – С. 86-95.
11 Қазақстан Республикасының Конституциясы, Президент, Парламент және оның депутаттарының мәртебесі, Үкімет, Республикалық референдум, Сайлау туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары / Құрастырған Э.Б. Мұхаметжанов, А.Н. Котлов. - Алматы: Жеті Жарғы, 1999. – 432 б.
12 Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 352 с.
13 Ибраева А.С., Ибраева Н.С. Теория государства и права: Учеб. Пособие. – Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 432 с.
14 Қ.Д. Жоламан, А.К. Мұқтарова, А.Н. Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Баспа. – 1998. - 256 б.
15 Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 264 б.
16 Теория государства и права: Учебник для вузов / Под ред. проф. В.М. Корельского и проф.В.Д. Перевалова. – 2-е изд., изми и доп. – М.: НОРМА, 2003. – 616 с.
17 Нерсесянц В.С. Общая теория права и государства: Учебник для вузов. – М.: НОРМА-ИНФРА, 2002. -552 с.
18 Чиркин В.Е. Современное государство. – М.: Междунар. Отношения, 2001. – 416 с.
19 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме: Заңтану / жалпы. ред. басқ. А.Қ. Құсайынов - Алматы: Мектеп, 2002. – 336 б.
20 Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі - Алматы: Жеті жарғы, 1995. – 208 б.
21 Фатеев А.Н. История общих учений о праве и государстве. Харьков, 1909. – 161 с.
22 Нерсесянц В.С. Гегелевская философия права: история и современность. М., 1974. – 229 с.
23 Болдырева Р.С. Разделение властей (теоретико - правовые аспекты). Дисс. к.ю.н. Москва 1998. - 164 стр.
24 Серегин А.В. Теоретические проблемы монархической формы правления: Дисс... канд. юр. наук: 12.00.01. – Ростов на Дону. – 2003. – 195 с.
25 Майлыбаев Б.А. Становление и эволюция института Президента Республики Казахстан: проблемы тенденции, перспективы (опыт политико-правового исследования): Монография. – Алматы: Изд-во “Арыс”, - 2001. – 532 с.
26 Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007. – 336 б.
27 Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Общая часть / Под. ред. проф. Страшуна Б.А. – М., 1996. – Т. 1. – 2. – 358 с.
28 Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. – М., 1997. – 250 с.
29 Государственное право буржуазных и освободительных стран: Учебник. 2-е изд., пераб и доп / Отв. ред. Ильинский И.П. и Энтим Л.М. – М., 1988. – 368 с.
30 Чичерин Б.Н. Курс государственных наук. – М., 1895. – Т.1. - *** с.
31 Коркунов Н.М. Русское государственное право. – СПб., 1914. – Т. 1. - изд 8. - 385 с.
32 Гачек Ю. Общее государственное право на основе сравнительного правоведения (Право современной монархии). – Рига. - Ч.1. – 1901. - 253 с.
33 Тихомиров Л.А. Монархическая государственность. - ГУЛ: Облиздат, 1998. - 350 с.
34 Солоневич И.Л. Народная монархия. – Минск., 1996. – 325 с.
35 Алексеев Н.Н. Русский народ и государства. – М., 1988. - 255 с.
36 Ильин И.А. Соб. Соч в 10 томах. – М., 1994. – Т.4. - 540 с.
37 Каппелер А. Сильное государства и пассивное общество // Родина. – 2002. - №7. – С. 55.
38 Шапиро А.ЛД. Об абсолютизме в России // История СССР. – 1968. - №5. – С. 70.
39 Коркунов Н.М. Русское государственное право. – СПб., 1914. – Т. 1. - изд 8. - 385 с.
40 Палиенко Н.И. Основные законы и форма правления в России (Юридическое исследования). – Харковь. – 1910. - 365 с.
41 Черняев Н.И. Необходимость самодержавия для России, природа и значение монархических начал. Этюды, статьи и заметки. – Харковь. – 1907. – 245 с.
42 Алексеев А.С. Безответственность монарха и ответственность правительства. – М., 1907. - 215 с.
43 Чиркин В.Е. Основы сравнительного государствоведения. Учебный курс. М., Артикул. – 1997. – 352 с.
44 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Заңтану / Жалпы ред. басқ. А.Қ. Құсайынов. - Алматы: Мектеп, 2002. – 336 б.
45 Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учеб. Пособие. – Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 432 с.
46 Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы; Баспа. – 1998. – 256 б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ–ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ
КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Мемлекет нысаны түсінігі, түрлері және ерекшелігі
Орындаған күндізгі бөлімнің
3 курс студенті __________________
Юнусов Б.Е.
Ғылыми жетекші
з.ғ.к., доцент ___________________ Турсынкулова
Д.А.
Норма бақылаушы
з.ғ.к., доцент _________________________
Ахатов У.А.
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
т.ғ.к., профессор _________________________
Нездемковский В.В.
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ НЫСАНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА 7
1.1 Мемлекеттің түсінігі және оның нысаны 7
1.2 Қазақстан Республикасының мемлекет нысанының ерекшелігі 15
2 МЕМЛЕКЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
26
2.1 Мемлекеттің басқару нысаны 26
2.2 Мемлекеттің құрылым нысаны 44
2.3 Саяси режим 48
ҚОРЫТЫНДЫ 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 52
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз
тәуелсіздігінің “сындарлы он жылын” артқа тастады. Аталған он жылдан астам
уақыт аралығында жас тәуелсіз мемлекетіміз өз тәуелсіздігін баянды етуге
және мемлекеттің болашақтағы дамуының негізгі бағыттарын айқындауға бар
күшін жұмылдырған болатын. Республикамыз өзін болашақта демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратынын
жариялады. Мемлекеттің көрсетілген бағыттары Қазақстан Республикасының 1995
жылғы 30 тамызда қабылданған қолданыстағы Конституциясында көрініс тауып,
бекіген болатын.
Сонымен қатар, бұл асқақ мұраттарды еліміздің Президенті
Н.Ә. Назарбаев өзінің әр жылғы халыққа Жолдауында негізгі бағыт
ретінде әрқашан атап көрсетіп отырды. Президент соңғы халыққа Жолдауында
ойын былай түйіндеген болатын: “Біз үш принципті элементке: азаматтық қоғам
институттарын дамытуға, орталықсыздандыруға, тұрақты саяси-партиялық жүйе
құруға ден қоюға тиіспіз. Тұрақтылықты, демократияландыруды және
азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайту жөніндегі қадамдар жасау қажет”
[1, 3 б].
Еліміздің Конституциясында белгіленген және Ел басының жыл сайынғы
Жолдауында көрініс табатын бұл мақсаттарға өткеніміздің тарихи
тәжірибесінен сабақ алып, оның ізгілікті жақтарын бойымызға сіңіре отырып
жетеміз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, әлемдік демократиялық дамуға үлкен
үлес қосқан мемлекеттік үлгілерді көптеп кездестіруге болады. Біздің жас
мемлекетіміз де бұл істен кенде емес.
Қазақстан Республикасы болашақта Орта Азияның ең беделді де, алдыңғы
қатарлы мемлекеттерінің деңгейіне көтерілуді мақсат етіп отыр. Бұл
“Қазақстан - 2030” бағдарламасында өзінің толық және айқын көрінісін тапқан
болатын. 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік биліктің біртұтастығын
және оның тежемелік әрі тепе-теңдік жүйелерін пайдалана отырып, өзара іс-
қимыл жасайтын заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арқылы жүзеге
асырылатындығын бекітіп берді. Бұл биліктің заң шығарушы және атқарушы
тармақтарының құқықтық негіздерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді деген сөз
[2]. Яғни, бүгінгі қалыптасқан жағдайдағы қазақстандық
конституционализмнің тағдыры негізінен биліктің үш тармағының өміршеңдігіне
тікелей байланысты болмақ. Дегенмен де, конституциялық институттарды
дамыту процесінде атқарушы билік құрылымының жүйелі түрде дамытылуының өте
маңызды екендігі жасырын емес.
Қазақстандық құқықтық мемлекеттің конституциялық моделінің іс жүзінде
табысты орындалуының басты шарты оның тұрақтылығы мен ұзақ мерзімділігінде
екенін де ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан конституционализмді орнықты ету үшін
Қазақстандық құқықтық мемлекеттіліктің конституциялық моделіне қажетті
жақсартулардың, түзетулердің тек бүгінгі қолданыстағы Конституция
нормаларының, ережелерінің, принциптерінің, механизмдерінің,
процедураларының негізінде – оларды түсіндіру, оларға өзгертулер мен
толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылуы мейлінше маңызды. Міне, осынау
стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді шешу барысында орталық рөл, әрине,
мемлекеттік билік органдарына тиесілі болады. Мемлекеттің жоғарғы
органдарының қалыпты жұмыс атқаруы билік бөлу жүйесін дұрыс жүзеге асуына
да байланысты болып табылады.
Бұған дейін атап өткеніміздей, демократиялық құқықтық мемлекет
ұстынымына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік тармақтарының
өзара ықпалдаса жұмыс атқаруы осы уақытқа дейін отандық заң ғылымында және
билік бөлудің теориялық аспектілері жақын шетелдік ғалымдар тарапынан
белгілі дәрежеде саралауға түскен болатын.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің әрмен қарай
орныға түсуі және осыған қатысты проблемалар әрқашанда мемлекеттік
органдардың қызметтерін дамыту істеріне тікелей байланысты. Сондықтан да
болар билік бөлу мәселесі ғалымдар тарапынан әрқашанда қызығушылық тудырып
отырады. Мемлекеттің мәселесінің негіздері кезінде Аристотельдің,
Платонның, Цицеронның, Дидроның тағы басқа әйгілі ойшылдардың еңбектерінде
оның міндеті мен идеялары орын алған болатын. Осы философтар мен ғалымдар
қоғамның гармониялық өмір сүруін қамтамасыз ете алатындай құқық пен
мемлекеттік билік арасындағы байланысты, өзара ықпалдастықты анықтауға
әрекет жасаған еді. Құқықты мойындайтын, әрі сонымен шектелген мемлекеттік
билік, ертедегі ойшылдардың пікірінше, нағыз әділетті мемлекет деп
бағаланды. Алайда, бұл ғұламалардың еңбектері билік бөлудің одан әрі
дамуының алғышарттары ғана болып табылады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Мемлекетке қатысты мәселелерге алғашқы
буржуазиялық мемлекеттер құрылған тұста үлкен мән беріле бастады. Феодализм
дағдарысқа ұшыраған XV-XVІ ғасырларда мемлекет туралы тұңғыш буржуазиялық
ілім қаланды. Осы мәселелерге Ш. Монтескье, Ж.Руссо, Д. Локк, Т. Гоббе,
Г. Гегель, И. Кант сияқты ойшылдар зор көңіл бөлді. Бұл ойшылдардың
зерттеулерінде тежемелік және тепе-теңдік жүйелерін пайдалану арқылы
билікті бөлу, мемлекеттік тәуелсіздік секілді саяси-құқықтық санаттардың
теориялық нұсқалары көрініс тапты.
Кеңестік заманында жалпы мемлекет туралы барлық мәселеде таптық
көзқарасты ұстанатындығын ескеретін болсақ, аталмыш проблемалардың қайсыбір
тұстарының жете талданбай қалғанын аңғару қиын емес.
Мемлекеттің түсінігінің қалыптасуы және оның ұйымдық – құқықтық
негіздері, оның өтпелі кезеңдегі міндетін зерттеген қазақстандық
ғалымдардың жұмыстарының арасынан Т.А. Ағдарбековтың,
М.Т. Баймахановтың, З.Ж. Кенжалиевтың, В.А. Кимнің, О.К. Қопабаевтың,
А.К. Котовтың, Күнқожаеваның, Г.С. Сапарғалиевтың, С.С.
Сартаевтың, С. Сәбікеновтың, М.А. Сәрсенбаевтың, А.С.
Ибраеваның ғылыми еңбектерін бөлекше атауға болады. Бұл еңбектер
мемлекеттің ұғымының идеясының бастауларын және оның қазақстанда
конституциялық құқықтық негізде жүзеге асуына ерекше ықпал етті.
Дипломдық жұмыстың объектісі және пәні. Дипломдық жұмыстың негізгі
зерттеу объектісін мемлекет нысанының түсінігі, түрлері және ерекшелігі
құрайды. Дипломдық жұмыстың нақты зерттеу пәнін мемлекет нысанының
құрылымдық элементтерінің сипаттамасын айқындайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Өзінің алдына елімізде
Қазақстан Республикасының мемлекет нысанының қалыптасуы мен дамуының және
оны жетілдірудің мәселелерін негізгі мақсат ретінде алып отыр.
Ал осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
- Мемлекеттің түсінігі және оның нысанын ашып көрсету;
- Қазақстан Республикасының мемлекет нысанының ерекшелігін талқылау;
- Мемлекеттің басқару нысаны талдау;
- Мемлекеттің құрылым нысанын қарастыру;
- Саяси режим мәнін саралау.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: Диплом жұмысында қорғауға
шығарылатын негізгі тұжырымдарға мыналар жатады:
- мемлекеттің нысаны дегеніміз-мемлекеттің әрекет етуінің мәнін
айқындайтын, мемлекеттің басқару нысаны, құрылым нысаны жәе саяси
режимнің жинытығынан тұрады;
- мемлекеттің басқару нысаны мемлекеттегі биліктің ұйымдасуын жоғарғы
биліктің қалыптасуын жәнебиліктің өзара байланысын көрсететін
түсінікті береді;
- мемлекеттің құрылым нысаны дегеніміз мемлекеттік биліктің аумақтық
таралуын айқындайтын, мемлекеттің аумақтық ұйымдасуын көрсететін
ұғымды білдіреді;
- саяси режим дегеніміз-мемлекеттегі билікті жүргізудің әдіс-
тәсілдерінің жинытығын көрсетеді. Ол негізінен демократиялық және
антидемократиялық саяси режимдерден тұрады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік базасы. Дипломдық жұмыста
мемлекет нысанын айқындау барысында ғылым саласына белгілі әдістердің
ішінде хронологиялық, тарихи-салыстырмалы, құқықтық-салыстырмалы, жүйелеу
т.б әдістер кеңінен қолданылды. Сонымен қатар, диплом жұмысын жазу
барысында Қазақстанның саяси-құқықтық дамуына қатысты зерттеулер жүргізіп
жүрген ғалымдардың еңбегіне арқа сүйедік. Олардың қатарына: С.З. Зиманов,
С.С. Сартаевтың, Ғ.С. Сапарғалиевтің, С.Н. Сабикеновтің, З.Ж. Кенжалиевтің,
Н. Өсеровтің, С. Өзбекұлының, Қ.Ө. Қопабаевтың, Т.А.
Ағдарбековтың, С.А. Табановтың, Қ.Б. Досалиевтің, А.С. Ибраеваның, Қ.А.
Жиренчиннің, Ш.В. Тлепинаның. Ж.Д.
Бусурмановтың, Е.Б. Абайдельдиновтің, У. Шапаққызының, т.б. жатқызамыз.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысының қол жеткізген
негізгі мемлекет нысанын және мемлекет нысанының құрылымдық элементтерін
зерттеу барысында басшылыққа алуға болады. Сонымен қатар, аталған жұмыс
мемлекет нысанын зерттеу ісін одан әрі дамытуға негіз болатын еңбектердің
бірінің қатарына жатады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
бес бөлімшеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ НЫСАНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Мемлекеттің түсінігі және оның нысаны
Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның
тіршілік-тынысын қамтамасыз ететі, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар
жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән
ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне
қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық
және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге
нақты қатысып, коғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.
Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері
бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда,
ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше
өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде үғынамыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті
анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың
күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес.
Мемлекет дегеніміз - адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған
саяси ұйым.
Мемлекет – қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың,
таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси
ұйым.
Мемлекет – қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.
Мемлекет туралы ұғымның толық болуы үшін оның белгілеріне егжей-
тегжейлі тоқталып, олардың мазмұны мен мәнін тереңірек ашу қажет.
Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық баскару нысанынан
басты айырмашылығы арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының
болатындығында жатыр. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан ерекшеленген, басқару ісі
негізгі жұмысына, кәсібіне яғни мамандығына айналған, қатары біртіндеп
көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы - адамдардың мұндай ерекше тобын
алғашқы рулық басқару нысаны білген емес. Ол тек қана басқарудың
мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе; олар мемлекеттің рабайсыз үлкен механизмін
іске қосады. Нәтижесінде мемлекеттің барлық халқы бір жағынан
басқарылғандарға, екінші жағынан басқаратындар мен басқаруға байланысты
маманданғанға бөлінеді. Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне қатысы тек
қана басқару функцияларын емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету ша-
раларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар.
Мемлекеттің баска бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан
салық жинауға мәжбур болуы. Бүл салық – мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік
етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының
жетіспеуінен немесе болмауынан оның тіршілік етуі қиындайды. Салықты
мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар да төлейді; халықтың шамалы бөлігі ғана салық төлеуден босатылады.
Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан
зор армиясын ұстауға, мемлекеттің өзі жүргізетін ішкі және сыртқы саяси
шараларын қаржыландыруға, медицинаны, білім беру, ғылым, мәдениет салаларын
қолдауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдык
кауіпсіздікті, құқық тәртібін, қылмыс және құқық бұзушылықпен күресті
қамтамасыз етуге пайдаланады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық
принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашқы – рулық баскару ұйымының
негізі мүлдем басқаша – қандас туысқандардың байланысы мен қарым-
қатынасынан құралады. Енді соңғысы бұрыңғы маңызын жойды, басқару ісінде
басым болудан қалды. Керісінше, мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі
құқыктарын бөліп, оларға міндеттер жүктеу туралы мәселені шешкен кезде,
оларды баскару, ұйымдастыру және басқа да шараларға тарту кезінде ең
алдымен олардың аумаққа жатуын, тұрғылықты жерін ескереді.
Мемлекеттің дамуы барысында халықтың аумақтық орналасу принципі
бірқатар мемлекеттік-құқықтық институттарымен (тұтас алғанда) жанама түрде
байланыс орнатты, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен
толықтыруға бағытталған болатын.
Айтылғанға байланысты адамның қандай да бір мемлекетке жататындығын
білдіретін азаматтық институты пайда болды. Азамат еместер шетелдіктер
немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады. Азаматтардың мәртебесіндегі
айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың
арқасында мемлекет халықты "өзіміздікі" және "өзіміздікі емес" деп айшықтап
атап көрсетеді (дифференциялайды). Сыртқы (мемлекеттер арасындағы) және
ішкі (автономиялық және әкімшілік аумақтық бөліністер арасындағы) шекаралар
институтының маңызы айтарлықтай. Олардың көмегімен мемлекеттік биліктің
кеңістіктегі шегі, сондай-ақ мемлекеттің егемендігінің құрамдас бөлігі
болып табылатын аумақтық билік жүргізу институты анықталады [3, 45 б].
Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және
институттарымен, егемендік сияқты белгімен ерекшеленеді. Бұл сипат
мемлекетті басқа ұйымдардан, коғамның құрылымдары мен институттарынан
жоғары қояды.
Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік.
Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады.
Өз аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар
мен тұлғалар мемлекеттің басымдық рөлін мойындайды. Олар мемлекеттік
бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгілеген тәртібін сақтауға әрі бұзбауға
міндеттенеді. Мемлекетке тиесілі аумақта бірде бір үйым, бірлестік немесе
құрылым мемлекетке қарсы келе алмайды.
Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып саналатын тәуелсіздік
дегеніміздің мәнісі – мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді, өзінің
стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі тандайды, өз ісіне ешкімді
араластырмай, ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды, басқаның үстемдігіне
жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының ішкі аспектісі мемлекеттің ішінде жұмыс
істейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымның мемлекет билігінің
дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға міндеттейді. Ал
тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа мемлекеттермен,
халыкаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты сақтайды дегенді білдіреді.
Мемлекет – қоғамның, елдің, халыктың ресми өкілі. Қоғамның, елдің,
халықтын мүддесін ол қанағаттандыра алды ма, жоқ па, қоғам, ел, халық оған
өкілеттік берді ме жоқ па, оған қарамастан бұл мәселенің дұрыс жауабы алдын
ала түйінделіп қойған ұғым болып табылады. Қоғамда, елде, халыктың арасында
жұмыс істеп жатқан басқа бірде-бір ұйым (бірлестік, құрылым) коғамның,
елдің, халықтың еркі мен мүддесін білдіруші екендігін, барлық деңгейде және
барлық жағдайда оларды білдіре, көрсете аламын деп мәлімдеуге батылдық
білдіре алмайды. Бұған үміткер болуға мемлекеттің гана негізі бар.
Мемлекеттің мұндай сипаттарының молдығына дау жоқ.
Мемлекеттік басқарудың құқықтық нысаны, реттеуді және ықпал етуді
пайдалануы, оның міндетті белгісі болып табылады. Олардың алдында тұрған
міндетті мемлекет құқықсыз шеше алмайды. Егер мемлекеттің аумағында
орналасып, жұмыс істеп тұрған басқа ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар
құқық шеңберінде әрекет етіп, құқық тәртібін сақтауы, заңдар мен басқа да
құқықтық нұсқауларды орындауы қажет болса, онда құқык аясындағы мемлекеттің
қызметі мүлде басқаша, маңызды ерекшелігімен сипатталады және әр алуан
болып келеді: бұл айтылғандардан басқа, мемлекеттің құқықшығармашылық
монополиясы, сондай-ақ құқық қорғау, бақылау, қамтамасыз етіп, кепілдік
беретін функциялары бар. Мемлекет қоғамдағы негізгі өзара қарым-қатынаста
өзінің қызметіндегі басты демеу болып отырған құқық бастауына сүйенеді.
Мемлекетте ішкі және сыртқы функциялардың жиынтығы болуы және оларды
органдар, мекемелер мен билік құралдарының жүйесімен жүзеге асыруға
бейімделуі (бұл мәселелер төменде егжей-тегжейлі қарастырылатын болады)
мемлекеттің айрықша белгісі болып табылады.
Осыған дейін айтылып келген, мемлекеттің ерекшелік белгілерінен басқа,
мемлекеттің элементтері туралы да айту керек, ол отандық оқу және
монографиялық әдебиетте халық пен аумақты меңзейді. Ол тіршілік ету және
даму процесінде мемлекет сүйенетін объективті тірек ретінде түсіндірілуі
керек. Халықсыз және аумақсыз мемлекет жоқ және болмайды да: соңғысын
табиғи факторға немесе мемлекеттің материалдық құрамдас бөлігіне жатқызу
қажет.
Сонымен, мемлекет – саяси ұйым. Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы
мүмкін. Бірақ мемлекет – ерекше, бүкіл қоғамды қамтып, негізінен, соның
атынан, қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым. Мемлекет қоғамның атынан
коғамның ішінде де, басқа мемлекеттермен қатынастарда да қызмет атқарады.
Сондықтан мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанамалай әсер ететін
ерекше органдары және басқа саяси ұйымдардан оны ажырататын белгілері бар.
Оларға жататындар мыналар: 1) Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі
белгілерінің бірі - ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға
бағынышты емес [4, 31б]. Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі
қалыптастырып, өз еркімен жүзеге асырады. Былайша айтқанда, басқа
мемлекеттерге жалтақтамай, өзінің ішкі және сыртқы істерін өзі атқарады. 2)
Билеуші органдар. Мемлекеттің ерекше билеуші, басқарушы органдары болады.
Мемлекет органдарында тек басқару қызметімен шұғылданатын чиновниктер
(қызметкерлер) болады. Қоғамдағы заңды орнықтырылған тәртіпті қамтамасыз
ету үшін мемлекет әскер, полиция құрады. Сыртқы жаулардың жансыздарынан
сақтану үшін қарсы барлау органын ұйымдастырады. 3) Мемлекет органдарын,
оларда істейтін қызметкерлерді қаражаттандыратын оның арнаулы материалдық
қоры болады. Ол корды жасау үшін мемлекет алым-салық белгілейді және оны
жинайды. 4) Мемлекеттің өзінің тұрағы, аумағы болады. Сол аумақта мемлекет
қүрылады, өз қызметін атқарады, билік жүргізеді. Өз аумағының тұтастығын
мемлекет барлық күш-қуатымен сақтап, қорғауға тынымсыз әрекет жасайды.
Мемлекеттер арасындағы қайшылықтар, келіспеушіліктер, соғыстар көбінесе
осы жер, аумак мәселесіне байланысты. Мемлекеттің аумағы басқаруды тиімді
жүзеге асыру үшін әкімшіліктерге бөлінеді. Халық әкімшілік-аумақтық
бөліктерге бөлініп тұрғандықтан олардың құқықтық жағдайы соған байланысты
болады. 5) Мемлекеттің күрделі белгілерінің бірі – құқықтық жүйенің
калыптасуы. Қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып,
тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады. Оларды жасап, қабылдайтын
мемлекеттің тиісті өкілеттігі бар органдар болады. Сол құқықтық нормалардың
жиынтығы мемлекеттің құқықтық жүйесін құрайды.
Мемлекеттің мәні – мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты
өзегі, яғни басты жемісі.
Мемлекеттің мәні оның мазмұнын, мақсатын, қызметінің бағыттарын
анықтайды. Басқаша айтқанда мемлекеттегі билік пен оның құрамында
болатындардың бәрі.
Кез келген мемлекетте қарама-қарсы қайшы болып келетін екі мән – таптық
және жалпы әлеуметтік мән болады.
Мемлекеттің таптық мәнін қарастырып көрейік. Мемлекет бұқара
(көпшіліктің) билігі ретінде өзін өзі басқарудың бұрыңғы органдары қауымдық
құрылыста басқару қызметтерін атқаруды тоқтатқаннан бастап пайда болады.
Қоғам әлеуметтік жіктелуге аяқ басады, бұрынырақта қоғамның (қауымның)
барлық мүшелеріне тиісті болған билік саяси сипатқа ие болады, сөйтіп ол ең
алдымен қуатты әлеуметтік топтардың таптардың мүддесіне бейімділік танысу
түрінде жүзеге асырылады. Сонымен мемлекеттің таптық мәні қашанда болсын
билікте қоғамның қуатты тобының мүддесін жақтау және оны жүзеге асыру
арқылы білдіріледі.
Дей тұрғанмен мемлекет тек ауқатты таптың ғана қамын ойлаумен
айналыспайды, қайта ол бүкіл коғамның қамын да ойластыруға мәжбүр болады.
Өйткені қоғам бірегей ағза (организм) болғандықтан, соған сәйкес дәулетті
топтар ондағы кедей (жарлы) қаналушы топтарынсыз тіршілік ете алмайды.
Сөйтіп кез келген мемлекет қашанда болсын жалпы әлеуметтік қызметтерді де
жүзеге асыруға мәжбүр болады, сондықтанда, бүкіл қоғам мүдделерін де
ескеріп қызмет атқаруы тиіс. Осы айтқанымыз мемлекеттің жалпы әлеуметтік
мәні болып табылады [4, 32 б].
Мемлекеттің кайсысы болса да қанаудың, қандай бір әлеуметтік топтың,
таптың үстемдік құруының машинасы, құралы ғана емес, сонымен бірге ол бүкіл
қоғамның мүддесін де білдіреді, оны біріктіру кұралы, оны интеграциялайтын
тетік болып табылады.
Мемлекетте әрқашанда бір жақты таптық немесе топтық үстемдік құрушы
билеуші басшы тобы мүдделерімен бүкіл қоғамның мүдделері үштастырылады,
үйлестіріледі.
Әртүрлі тарихи жағдайларда осы екі мәністік (мәндік) жақтардың
арақатыстылығы әртүрлі мемлекеттерде бірдей емес, яғни әрқилы болып келеді,
бір жағының күшеюі басқа жағының нашарлауына апарып соғады.
Мемлекеттің таптық мәні жоғары дәрежеде құл иеленуші мемлекетте
байқалады, онда құл (күң) құқықтың субъектісі емес, құқықтың объектісі
(заты) – мүлік яғни жанды мүлік есебінде құл иеленушінің меншігі болып
табылады.
Қоғамның дамуы барысында, құл иеленушіліктен феодализмге, феодализмнен
капитализмге қарай өту кезеңдерінде және сол формацияларда мемлекеттің
жалпы әлеуметтік жақтары үлкен рөл атқара бастады. Әсіресе мемлекеттің
жалпы әлеуметтік мәні осы күнгі батыс мемлекеттері қоғамында айқын
көрінеді. Бұл көріністерді кәсіпкерлердің табыстарына салынатын салықтардың
жоғары мөлшерде болуынан, еңбек ету жағдайларын мемлекет тарабының
реттеуін, алуан түрлі әлеуметтік бағдарламалардың кең түрде дамуынан және
тағы басқалардан байқауға болады.
Мемлекеттің әлеуметтік рөлінің жоғарылай түсуі әжептәуір дәрежеде
әлеуметтік қайшылықтардың жұмсаруына апарады, таптық қарсыластардың
әрекеттерін басу шараларының қажеттілігі де азаяды, қоғамдағы тұрақтылық та
нығая түседі.
Осы заманғы дамыған мемлекеттер өзінің жалпы әлеуметтік мәнін ұлғайтуға
деген ұмтылысын күшейтуде, өйткені олар ең алдымен қоғамдағы тұрақтылықты
нығайтуға мүдделі болып отыр.
Сонымен қорытып айтқанда қайсы мемлекетте де болсын қарама-қарсы екі
мән болады – таптық және жалпы элеуметтік, проблемаларды туындататын да осы
екеуінің арасындағы қайшылықтар. Оларды шешу мемлекеттің бірден бір міндеті
болып табылады.
Мемлекеттің аталған міндеттерді орындауы олардың қызмет бағыттарынан
көрінеді.
Мемлекеттің қызметтері дегеніміз қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің
алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік тағайыны мен мәнін
білдіретін, өздеріне ғана тән формалары, өздеріне ғана тән әдістер арқылы
атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары. Мемлекеттің
қызметтері қатып қалған және ешбір өзгермейтін қасаң құбылыс емес, қайта
олар өзгермелі, езгерістерге жиі ұшырайтын құбылмалы болып келеді.
Нақты тарихи жағдайларға байланысты қайсыбір қызметтері басты шарт
ретінде алға шығып отырады. Мысалы: ежелгі кезеңдердегі Шығыс Азия
мемлекеттерінде ирригация яғни, суландыру жүйесі құрылыстарын салу –
қоғамдық жұмыстар ретінде мемлекеттің басты қызметтері болып саналған. Ал
көшпелі елдерде мемлекеттерді сыртқы жаулардан қорғау ісі басты қызмет түрі
болатын. Қазіргі дамыған демократиялық еддерде азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау ісін қамтамасыз ету басты қызмет болып табылады.
Демократиялық мемлекеттің негізгі мақсаты – қоғам үшін, қоғамдағы
адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін қызмет атқару болып
табылады. Қоғам өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі тірегі - өңдіріс.
Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекет те, адамдардың бірлестіктері
де, жекелеген адамдар да қажетті іс-әрекет жасап отырады. Бұл салада
мемлекеттің істейтін қызметі сан алуан. Мемлекет өзіне қарайтын
кәсіпорындарды тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады.
Мемлекеттің меншігінде табиғи байлықтар да болуы мүмкін. Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет
меншігінде болады. Меншіктің басқа түрлерінің қалыптасуына, пайдалану
әдістеріне мемлекет немқұрайлы карай алмайды. Себебі меншік міндет
жүктейді, оны пайдалану иесімен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуі
тиісті. Сондықтан мемлекет өз меншігіне жататын объектілерді тікелей
басқарып реттейді, ал мемлекеттік емес меншік түрлерін жанамалап реттейді.
Демек, қалай да болса шаруашылықты ұйымдастыру және реттеумен шүғылданады.
Осыған байланысты мемлекеттің экономиканы ұйымдастыру, басқару, реттеу
функциясы болады.
Қандай да болсын қоғам түрлі таптар мен әлеуметтік топтардан тұрады.
Кейбір елдерде, мысалы Қазақстанда, көптеген ұлттар тұрады. Олардың
арақатысын реттеу – негізінен, мемлекеттің міндеті. Оларға қамқорлық
жасауды, олардың арасындағы қатынастарды, пайда болатын қайшылықтарды
реттеу, шешу, жөнге салу, тек қана мемлекеттің қолынан келетін іс. Ол ұшін
мемлекетте күш те, қаражат та, басқа да мүмкіндіктер бар. Осыған сәйкес
мемлекет әлеуметтік функция атқарады. Егер де мемлекеттің осы қызметі кең
өріс алып, үздіксіз жүргізілетін болса, оны әлеуметтік мемлекет дейді [5,
58 б].
Осы заманғы мемлекеттердің бәрінде де ең маңызды қызметтер экологиялық
қызмет болып табылатындығын атап өтуіміз керек. Осылай көңіл бөліп атап
көрсетуіміздің себебі адамзат баласының қазіргі кездегі тіршілік ету
әрекетінің қоғамдық масштабта табиғатқа теріс ықпал жасауынан туындап отыр.
Мысалдар келтірсек, адамзатты, табиғатты бүлдіру шектен шығуда.
Атмосфераның, судың, топырақтың ластануы қатерлі сипат алып бара жатыр,
адамды қырып-жоюдан алапат құралдарының жинақталған қорлары бәрі жиналып
адам айтқысыз жойқын проблемаларды туындатып отыр.
Чернобыль атом электростанциясының; ядролық апатының өзін еске алсақ
та, мұхиттар мен теңіздердегі атом сүнгуір қайықтарындағы апаттарды еске
алмасақ дәрісіміз мысалсыз жалаң, яғни дәлелсіз болады. Мысалы, Баренц
теңізінде 2000-шы жылдың тамыз айында болған Ресейдің "Курск" атом сүңгуір
қайығының апатқа ұшырауы, Каспий теңізінің ластануы салдарынан Каспий
итбалығының (тюлень) жаппай қырылуы, Арал теңізінің тартылып, оның құрғап
қалған орнынан ұшқан тұзды тозаңдардың Канадаға дейін жетіп жауын-шашынмен
жаууы алапат апат емей немене, осы сияқтыларды тізбектей берсе адам
баласына төнген қауіптің орасан зор екеніне көз жеткіземіз.
Осы аталғандардың бәрі адам тіршілігінің нәтижесі. Басқаша айтканда,
осындай әрекеттер жер бетіндегі бүкіл тіршілік иелерінің өміріне қауіп
төндіруде.
Қандай қоғам болса да ғылымсыз, білімсіз, мәдениетсіз өркендеп, дами
алмайды. Бұл салада да мемлекет зор қызмет атқаруы керек. Мысалы, Қазақстан
мемлекетінде мемлекеттік ғылыми-зерттеу, білім беру, мәдениет мекемелері
бар. Оларды мемлекет қаржыландырып, жұмысын реттеп, басқарып, бағыт беріп
отырады. Мемлекеттік емес оқу, мәдениет орындарының жұмысын заң жүзінде
реттеу арқылы оларға да әсер етеді. Демек, мемлекеттің ғылымды, білім
беруді, мәдениетті басқарып, дамытып отыратын функциясы болады.
Аталғандар мемлекеттің ішкі функциясына жатады. Мемлекет басқа
мемлекеттермен түрлі, сан алуан қатынастарға түседі. Алдымен мемлекет
өзінің тәуелсіздігін, егемендігін, аумағының түтастығын басқа елдердің қол
сұғуынан қорғауға, сақтауға әрекет жасайды. Ол өзінің шекарасын бекітеді,
күзетеді. Сол үшін қажетті қарулы күштер құрады, басқа мемлекеттермен
осыған байланысты шарттар жасасады. Осы міндеттерді атқару мемлекеттің өзін-
өзі қорғау функциясы деп аталады.
Мемлекеттер бір-бірімен экономикалық, сауда, мәдени, ғылыми, саяси,
құқықтық, т.б. түрлі қатынастарда болуға талпынады. Мұндай қатынастар тең
негізде қалыптасатын болса әр елдің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады. Осы
салада мемлекеттің басқа елдермен қатынас жасау функциясы жүзеге асырылады.
Бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүру үшін мемлекеттер өзара келісім-
шарттарға отырады, әскери одақтар кұрады, т.с.с. әрекеттер жасап отырады.
Қазіргі тарихи жағдайда соғыс, әскери шиеленістер адамзаттың өмір сүруіне
шексіз кауіп төндіруде. Сондықтан адамгершілік жолмен дамығысы келетін
мемлекеттер соғыстың алдын алу әрекеттерін жасауға тырысады. Демек,
мемлекетке бейбітшілік функциясын атқару да тән көрініс болу керек.
Осы айтылғандар мемлекеттің сыртқы функциясына жатады.
Аталған мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары түрлі жолдармен,
тәсілдермен жүзеге асырылады. Олар екі топқа бөлінеді: 1) құқықтық;
2) ұйымдастырушылық.
Құқықтық тәсілге жататындар: заң, басқа да нормативтік құкықтық актілер
жасау, жедел орындау, іздестіру қызметі, құқық қолдану қызметі, құқық
қорғау қызметі. Ұйымдастырушылық тәсіліне жататындар: ұйымдастыру-реттеу
қызметі, экономиканы ұйымдастыру қызметі, ғылымды, білім беруді ұйымдастыру
қызметі, әскери-ұйымдастыру қызметі.
Дегенмен, осы аталған көзқарастар кеңінен таралмағанын ескере отырып
мемлекет қызметтерін жіктеудің төмендегідей түрін ұсынып отырмыз.
1. Пайда болуының себебі бойынша:
- Таптық қайшылықтардың болуынан туындайтын қызметтер;
- Қоғам қажеттілігі туындатқан қызметтер.
2. Бағыты бойынша:
1. Ішкі
а) адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау қызметі;
ә) меншік формаларын (нысандарын) қорғау қызметі;
б) құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қызметі;
в) экологиялық қызметі;
г) экономикалық қызметі;
д) әлеуметтік қызметі;
е) ғылыми-техникалық прогресті дамыту қызметі;
ж) алымдар мен салықтарды жинау қызметі.
2. Сыртқы
а) басқыншылық соғыстар жүргізу қызметі;
ә) елді сыртқы шабуылдаулардан қорғау және елдің қорғанысын нығайту
қызметі;
б) бейбітшілікті қолдау қызметі;
в) өзара тиімді сауда-саттық қызметі;
г) басқа мемлекеттермен бірлесе отырып әлемдік проблема-
ларды шешу қызметі.
3. Қызметтік әрекеттердің ұзақтығы бойынша
а) тұрақтылары, мемлекет дамуының барлық кезендерінде жүзеге асырылатын
тұрақты қызметтері;
ә) уақытшалары, яғни мемлекеттің алдына қойылған белгілі бір
міндеттердің орындалуына байланысты тоқтатылатын қызметтер. Әдетте мұндай
қызметтер төтеншелік сипатта болады.
4. Қызметтердің маңыздылығы бойынша
а) негізгі қызметтер;
ә) негізгі емес (қосалқы) қызметтер [6, 8 б].
Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол коғамда нактылы
материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халык өз мүдделерін
қорғайтын мемлекет ұйымдастырады. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына
және арнайы фор-маға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер
ерекше ыкпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің формасының қалыптасуына
коғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анык айкындауға
болады. Форма мәнді, мән формалы. Мемлекеттің мәні қалыптаскан, қабылданған
формадан өзінін көрінісін табады. Мысалы, құл иеленуші мемлекеттердің мәні
үстем, канаушы таптың саяси билігінің диктатурасы бол-са, оның формасы -
шексіз монархия. Осыған байланысты мемлекет және күкык теориясында мемлекет
формасының үлкен маңызы бар. Мемлекеттің формасы даму кезендерінде
әзгеріске үшырап, бір сападан бір сапаға өтетін болса, оның тетіктері де
езгеріске шалдығады.
Мемлекеттің формасы дегеніміз мемлекетте билік жүргізуді үйымдастырудың
арнайы сыңарларының мәндік жиынтыгы.
Мемлекеттің формасы негізінде үш сыңардан тұрады:
Мемлекеттік басқару формасы.
Мемлекеттік құрылымы.
Саяси режим.
1.2 Қазақстан Республикасының мемлекет нысанының ерекшелігі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы
1991 жылы Кеңестік Социалистік Республикалық Одағы ыдырады. КСР Одағы
құрамына кірген одақтас республикалар егеменді, тәуелсіз және дербес
мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы таратылды
(жойылды). Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет
пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер
қабылданып, олар жаңа мемлекеттің заңдық негізін қалай бастады. Оларға
жататындар: Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң, 1993 жылғы
және 1995 жылғы Конституциялары. Аталған конституциялық актілер
Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық
мемлекет құру туралы ойларды алға қойды.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат — Қазақстан Республикасының 1995
жылғы Конституциясы. Ол тәуелсіздік кезінде қабылданған. Конституциялық
заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірді. Оның негізгі
ережелері мыналар:
1. Халықтың билік етуі жарияланды. Қазақстан Республикасының
Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық.
Халыққа, негізінен, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы
берілген. Қазақстан халқы – тек қазақ ұлты емес, сонымен қатар Қазақстанмен
тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Қазақстан халқы дауыс
беру арқылы (референдум), талқылау арқылы, сондай-ақ Парламент
депутаттарына сайлау арқылы тікелей және жанамалай мемлекеттік өмірдің
маңызды мәселелерін шешуге қатысады, Халық тікелей мемлекет басшысын –
Президентті сайлайды.
2. Егемендікті және тәуелсіздікті жариялау, Қазақстан Республикасының
Конституциясында егемендік пен тәуелсіздіктің негізгі белгілері аталған.
Оларға жататындар: өзінің аумағының болуы, оның тұтастығы, қол сұғылмау
жөне бөлінбеуінің жариялануы; өзінің дербес жоғары және жергілікті
мемлекеттік органдар жүйесінің болуы; өзіне тән азаматтығының болуы; Халық,
Парламент, Президент және Үкімет қабылдайтын өз заңдарының болуы; Қазақстан
Республикасының жер жүзі мемлекеттер жүйесінде терезесі тең жағдайы болуы.
Тәуелсіздік, егемендік деген сөз — Қазақстан көрші мемлекеттерден, басқа
елдерден түбегейлі әрі біржола тәуелсіз деген емес. Жер жүзі
мемлекеттерінің барлығы бір-біріне белгілі дәрежеде тәуелді, өзара
қатынастарын анықтайтын принциптерді мойындайды, бейбітшілік негізде өмір
сүруге талпынады, қарым-қатынас жасасады, адам құқықтарын құрметтейді,
т.с.с. Осы тұрғыдан Қазақстан Конституциясы адамның құқықтары мен
бостандықтары туралы халықаралық құқықтық құжаттар талаптарына толығынан
сәйкес келеді.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат
құқықтарының ерекшелігін (өзгешелігін), басымдылығын баянды етеді. Оған
дәлел - Конституцияның адам мен азаматты алдыңғы қатарға қоюы. Конституция
баптарының үштен бірі адам мен азаматың құқықтары мен бостандықтарына
арналған.
Әрине, қоғамдағы демократизм және адамгершіліктің деңгейі Конституцияда
құқықтар мен бостандықтардың жариялануымен ғана анықталмайды. Азаматтарға
оларды пайдаланып, жүзеге асыра алатындай жағдай туғызу керек. Ол үшін
мемлекет органдары, лауазым иелері заң жүктеген өз міндеттерін қалтқысыз,
адал орындаулары қажет. Осы кітапта мемлекет органдарының, лауазым
иелерінің міндетіне байланысты заңдардан үзінділер берілген. Сонымен қатар
өрбір адам өзінің көптеген құқықтары мен бостандықтарына ие бола отырып,
қоғам, мемлекет, басқа адамдар алдында да міндеттері бар екенін түсінуі
қажет. Егер барша адамдар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын
пайдаланумен қатар, әдептік және құқықтық міндеттерін де орындаса, сонда
ғана, шын мәнінде, құқықтар мен бостандықтардың бар екені туралы айтуға
болады.
4. Конституцияда адамдардың ұлтына қарамастан құқықтары мен
бостандықтарының тең екендігі баянды етілген. Қазақстанда көптеген ұлт
өкілдері тұрады. Ұлттардың теңдігі туралы ой Конституцияның барлық
қағидаларында берік орын алған. Барлық ұлт өкілдері өз тілін пайдалана
алады. Мемлекеттік қызметте ұлтына қарамастан барлық азаматтар істей алады.
Оқуға түсуде, қызметке орналасуда ұлтына қарап шектейтін ешқандай кедергі
жоқ. Конституцияда айтылғанындай әр адам өзінің ұлтын анықтауға, көрсетуге
немесе көрсетпеуге хақысы бар. Осының барлығы ұлттар арасындағы келісімді
нығайтуға, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекетіміздің негізгі заңы.
Ол мемлекет өмірінің негізгі мәселелерін заң жүзінде ресмилендіреді.
Ресмилендіруге жататындар — адам мен азаматтың негізгі құқықтары,
бостандықтары және міндеттері, мемлекеттің құрылымы және қоғамның
экономикалық негізі. Конституция заңдардың, басқа да мемлекет органдары
қабылдайтын нормативтік актілердің негізгі көзі. Кез келген заң,
Президенттің жарлығы, Үкіметтің қаулысы, министрліктің бұйрығы, жергілікті
мемлекет органдарының шешімдері тек қана Конституцияның негізінде, оның
қағидалары, ойлары және принциптерімен сәйкес қабылдануы қажет, оларға
қайшы келмеуі тиіс. Егер Конституцияның қағидаларына, нормаларына қайшы
болса, олар Конституцияға жат деп танылып, күші жойылады. Конституцияның
нормаларын, ережелерін мүлтіксіз сақтау талаптары тек қана мемлекет
органдарына, лауазым иелеріне емес, сонымен қатар азаматтарға, олардың
бірлестіктеріне де қойылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің егемендігі мен
тәуелсіздігін баянды етті. Қазақстан мемлекетінің егемендігі мына
белгілермен сипатталады: Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы
бар. Қазақстанның аумағы бес мемлекетпен: Ресей, Қытай, Өзбекстан,
Қырғызстан және Түркменстанмен шектес. Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және
оған қол сұғуға болмайды. Мемлекетіміздің аумағына басқа мемлекеттің қол
сұғуы агрессивті деп бағаланады. Агрессияны халықаралық құқық айыптайды,
Конституцияда жарияланғанындай, Қазақстан басқа мемлекеттермен тату
көршілік, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу,
бірінші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді [2].
Республикаға қарсы агрессия бола қалған күнде немесе сырттан тікелей қауіп
төнсе, Президент республиканың барлық аумағында немесе кейбір аумақты
жерлерінде соғыс жағдайын енгізіп, ішінара немесе жалпы әскерге шақыруды
жариялайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заң
бойынша біздің мемлекет өз аумағын құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде өз
қарулы күштерімен қорғайды. Республика шекарасын Қазақстанның шекара әскері
күзетеді, ол республика тұтастығына қандай болсын қарсы әрекетке тойтарыс
беруі қажет, адамдарды қылмыстық әрекеттерден қорғауы тиіс.
Егемендіктің маңызды белгісі — онда мемлекеттік биліктің жоғары
органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілдік
орган — Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент екі палатадан:
Мәжілістен және Сенаттан турады. Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс
депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Ал Сенат депутаттарының басым
көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын Президент
тағайындайды. Мемлекеттің басшысы — Президентті азаматтар сайлайды.
Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын
анықтайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық буындарының келісіп қызмет
істеуін қамтамасыз етуі тиіс. Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің
көлемінде атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол атқарушы органдардың жүйесін
басқарады. Атқарушы органдардың жүйесіне жататындар — министрліктер,
агенттіктер, комиссиялар, және жергілікті атқарушы органдар — облыстық,
қалалық, аудандық, ауылдық, селолық өкімдіктер мен өкімдер. Атқарушы
органдардың өкілеттіктері заңдарда және арнаулы ережелерде анықталады.
Ерекше құқық қорғау органдары бар, олар — соттар, ішкі істер органдары)
ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура. Олардың ішкі құрылымы,
өкілеттіктері арнаулы заңдарда анықталады.
Егемендіктің тағы бір маңызды белгісі — өз азаматтығының болуы.
Азаматтыққа байланысты мәселелер Конституцияда, азаматтық туралы заңда,
Президенттің заң күші бар жарлықтарында қарастырылған. Азаматтық –
адамдардың мемлекетпен тұрақты саяси және құқықтық байланысының жағдайы.
Мұндай байланыстан мемлекет пен азаматтардың өзара құқықтары мен міндеттері
туындайды. Мемлекет, оның органдары азаматтарға ол құқықтары мен
бостандықтарын пайдалануы үшін қажетті жағдайларды жасауы тиіс.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылған болса, лауазым иелері,
заң қорғайтын органдар кінәлылерді тиісті жауапқа тартады. Азаматтардың
міндеттері — Конституцияны, заңдарды сақтау, мемлекеттік тілді, барлық
ұлттардың тілдерін, әдеттерін, дәстүрлерін құрметтеу, еліміздің
экономикалық қуатын күшейту.
Егемендіктің енді бір маңызды белгісі — басқа мемлекеттермен қарым-
қатынас жасау қабілеттілігі. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар
Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі. Көптеген шет
мемлекеттермен елшілік қатынастарын жолға қойды. Олармен саяси,
экономикалық, мәдени, т.б. мәселелер бойынша халықаралық шарттар жасасты.
Сол мақсатпен Қазақстан Республикасының Конституциясы Президентке,
Парламентке және Үкіметке қажетті өкілеттіктер берді.
Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Елтаңбасы,
Туы, Гимні бар. Олар Қазақстанның қалыптасып дамуының тарихи жолдарын
бейнелейді. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиісті, Заңдарда
оларды пайдалану тәртібі белгіленген.
Қазақстан мемлекеті ежелгі қазақ жерінде құрылды. Демек, қазақ ұлты осы
аумақта бұрыннан өмір сүріп келе жатқан халық (этнос) болғандықтан,
мемлекеттің сол ұлттың атымен аталуы табиғи және заңды жағдай. Қазақ тілі –
бірден-бір мемлекеттік тіл. Басқа ұлттардың тілдерін кемсітуге жол
берілмейді. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі
басқару органдарында ресми түрде қолданылады [7, 18 б].
Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлтына қарамастан барлық
азаматтарға тең құқық бере отырып, олардың тату тұруына заңдық негіз
құрады. Сондықтан Қазақстан — жалпы халықтық мемлекет. Бұл жағдай
Конституцияда жазылған мемлекеттің, оның органдары қызметінің
принциптерінде анық айтылған. Біріншіден, мемлекет, оның органдары қоғамдық
татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге талаптануы қажет. Қоғамдық
татулық дегеніміз қайшылыққа, әлеуметтік топтар арасында, түрлі ұлттар
арасында қарсы тұрушылыққа жол бермеу. Мұндай татулықты қамтамасыз ету
қоғамның тұрақтылығының, әр адамның тыныш өмір сүріп, оқуының, жұмыс
істеуінің алғы шарты. Екіншіден, мемлекет өзінің экономикалық саясатын
қоғамның экономикасын дамытуға бейімдеп, тек бір топ адамның емес, бүкіл
халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағыттауы керек. Үшіншіден, мемлекет
органдары мемлекет өмірінің маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешуі
керек. Бұл - халық ең маңызды мемлекеттік мәселелерді, мысалы,
Конституцияға өзгерістер енгізуді референдум арқылы шешеді деген сөз.
Референдумды өткізу тәртібі ерекше заңмен қарастырылады.
Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп
қойып отыр. Мұндай мемлекет құрудың негізгі шарты — барлық азаматтарды
ұлтына қарамастан тең құқықтық негізде біріктіру. Осы интернационалдық
идеяға сүйене отырып, Конституция "халық" деген ұғымды қолданады. Саяси-
құқықтық мағынада "халық" деген — мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге
қатысуға хақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының
жиынтығы. Мысалы, Конституцияға, Президенттің Қазақстан Республикасында
сайлау туралы жарлығына сәйкес азаматтар, саяси партиялар, басқа қоғамдық
бірлестіктер Республика Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар
ұсынуға ерікті. Оларды жан-жақты талқылап, қолдап немесе қарсы үгіт
жүргізуге хақылы. Барлық саяси партиялар тең құқықты, олардың біреуіне
қандай да болсын жеңілдік немесе артықшылық берілмейді. Азаматтар өз
қалауымен саяси партиялардың біреуін қолдай алады немесе олар депутаттыққа
ұсынған кандидаттарды қолдауға немесе қолдамауға ерікті. Мұның өзі халықтың
ой-пікірін айқындауға мүмкіндік береді [8, 88 б].
Демократияның бір көрінісі — азаматтардың қоғамдық бірлестіктеріне
мемлекет органдарының заңсыз қол сұғуына тыйым салу. Қоғамдық
бірлестіктерді азаматтар түрлі мақсатпен: өздерінің саяси, әлеуметтік,
рухани, мәдени, діни қажеттіктерін қанағаттандыру үшін құрады. Әрине,
қоғамдық бірлестіктер Конституцияны, заңдарды сақтауға міндетті. Олар
әлеуметтік, ұлттық, діни, нәсілдік арандатушылықпен айналыспауы керек.
Олардың жұмысы мемлекеттің қауіпсіздігіне, конституциялық құрылысты
өзгертуге, Қазақстан аумағының тұтастығына қарсы бағытталмауы тиіс.
Қазақстан Республикасы — зайырлы мемлекет. Елімізде түрлі діни
бірлестіктер әрекет етуде. Азаматтардың қандай дінге сенгісі келсе өз еркі,
тіпті, ешбір дінге сенбеуге де хақылы. Дін мемлекеттен ажыратылған. Оның
мәні мынада: біріншіден, мемлекет қандай да болсын діни идеологияны
мойындамайды; екіншіден, мемлекеттік оқу орындарында (мектептерде,
институттарда, т.с.с.) діни ілімді уағыздауға жол берілмейді; үшіншіден,
Республикамызда дінге сүйенген саяси партиялардың ұйымдастырылуына және
қызметіне тыйым салынған.
Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол
–құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету ете қиын. Құқықтық мемлекетте
заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай
мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі
лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың
мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет
қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі
қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне катысуға
жағдай туғызуға керек екенін түсінуі қажет.
Қазақстан Республикасында, Конституцияда айтылғанындай, әлеуметтік
мемлекет құрылуда. Әлеуметтік мемлекетте Конституция, заң халықты таптарға,
ерекше әлеуметтік топтарға бөлмейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына:
шаруаларға, жұмысшыларға, қызметшілерге, мұғалімдерге, ғалымдарға,
оқушыларға, аналарға, зейнеткерлерге, жетімдерге, тиісінше қамқорлық
жасайды. Мемлекет әрбір әлеуметтік топтың ерекшеліктерін ескеріп, көмекке
мұқтаждарға тиісті қаражат бөледі. Себебі еңбекке қабілетсіз, хал-жағдайы
төмен адамдарға мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. Мемлекеттің
сипаты оның жастарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына
қамқорлық жасап, олардың адамға лайық өмір сүруіне жағдай туғызғанына қарап
анықталады [9, 58 б].
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғанындай, ол біртұтас,
Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Қазақстанның
біртұтастығы – оның әкімшілік-аумақтық бөліктерден құрылатындығы,
автономияға бөлінбеуі. Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы ерекше заң бар. Ол
Қазақстанның тарихы және казіргі замандағы ерекшеліктерін бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, оның жоғары
лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғары
лауазымды тұлға болғандықтан Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді,
былайша айтқанда, түрлі ұлттар мен әлеуметтік топтар араларында алауыздық
болмауына күш салып қамқорлық жасайды. Мемлекеттік биліктің түрлі
буындарының арасында қақтығыс болмауын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz