Нарық және иерархия


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Тақырыбы: «Нарық және иерархия»
Орындаған:
Қабылдаған:
Алматы қаласы - 200 жыл
Жұмыс жоспары:
Жоспары:
1. Кіріспе: Нарық түсінігі, нарықтық қатынастардың теориялық
негіздері.
Нарықтың құрылымы, түрлері, даму кезеңдері . . . 3
2. Негізгі бөлім:
2. 1. Нарықтық механизмнің қалыптасуы . . . 8
2. 2. Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері . . . 11
2. 3. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері . . . 13
2. 4. Нарықтық экономиканың үлгілері . . . 19
2. 5. Нарық экономикасының «идеалдық» моделі . . . 22
2. 6. Нарық инфрақұрылымы . . . 23
2. 7. Нарық экономикасының әлсіздігі . . . 27
3. Қорытынды:
Нарық экономикасының қазіргі көріністері . . . 28
Қолданған әдебиеттер тізімі . . . 30
Кіріспе
Нарық - өте күрделі, көптеген құрылымы бар ұғым. Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады.
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгінеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір - біріне оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар туады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектілерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу - сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді - барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар - ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмұны неде? Экономикалық әдебиетте бұл сұраққа жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бір - біріне тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық әдебиетте жиі қолданылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А. Курно (1801 - 1877 жж. ) мен экономист А. маршалл (1842 - 1924 жж. ) береді. «Нарық заттар сатылатын және сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол сатып алушылар мен сатушылардың бір - бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда-бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі». Бұл анықтама айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У. Джевонс (1835 - 1882 жж. ) нарықтың критериі деп сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара қатынастардың тығыздығына назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауралар туралы келісім жасасқан кез келген адамдардың тобы, нарық болады.
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екендігін бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық - өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларн, тауар - ақша байланыстарын, қаржы - несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс - әрекеттердің күрделі механизімі. Сонымен қатар, нарық қатынастарына мыналар жатады:
- Екі субъектің өзара байланыстары нарық негізіндеболғанда, кәсіпорындарды және экономикалық басқа құрылымдарды жалға алумен байланысты қатынастар;
- Еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
- Шетел фирмалары мен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері;
- Белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары;
- Тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын, нарықтық инфрақұрылымдардың іс- әрекет процестері;
Нарықтың мәні оның функциялары арқылы анықталады. Нарық мынадай маңызды функциялар атқарады:
- Тауар өндірісінің өзін - өзі реттеу қызметі. Бұл мына жағдай арқылы көрінеді: тауарға сұраныс өскенде өндірушілер өздерінің өндіріс көлемін көбейтіп, бағаны жоғарылатады. Нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды.
- Ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде өндірушілер өндіруді азайтады, сонымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздестіреді.
- Өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі. Бірақ бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында жүзеге аса алады: сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып, олар өзара бәсекелес болғанда.
- Реттеу қызметі. Нарық арқылы экономикадағы, өндірістегі және айырбастағы негізгі микро - және макропропорцмялар белгіленеді.
- Шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін - өэі басқару принциптерін жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсерімен қоғамдық өндіріс экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден айырылып отырады, және соның арқасында тауар өндірушілер әркелкі түрге, буындарға бөлініеді, яғни дифференцияланады.
Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді:
- Меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас) ;
- Шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары, т. б. ) ;
- Тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
- Шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекешелендіру дәрежесімен;
- Осы елде пайдаланатын сауданың түрлерімен;
Осы жағдайлар нарық жүйесіне ерекше қасиеттер береді. Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлері арқылы бөлуге болды:
1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:
- игіліктер мен қызметтер нарығы;
- өндіріс құралдарының нарығы;
- ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;
- құнды қағаздар нарығы;
- жұмыс күщі нарығы;
Нарықтың көп түрлілігі кәсіпорындардың өзара әсер етуінің барлық жүйесіне күрделі өзгерістер енгізуді талап етеді, тауардың өткізілуін тікелей айланыс негізінде жүргізуді, сату - сатып алудағы бейнелеп-есептеу сипатын нақты сату - сатып алумен алмастыруды, шаруашылық байланыстарындағы серіктестіктерді еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың құралдарына тауар және қор биржалары, маманданған қоймалар, коммерциялық орталықтар, көтерме сауда орындары, және тағы басқарлар да жатады.
2. Нарықтарды тауарлық топтар бойынша жіктеуге болады:
- өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы;
- халық тұтынатын тауарлар, азық - түлік тауарлар нарығы;
- шикізат пен материалдар және т. б. нарықтары;
Ауылшаруашылық шикізаттары нарығында азық - түлікке және ауылшаруашылық шикізаттарына қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, ауылшаруашылық өнімдер қоры жасалады. Тұтыну тауарлары нарығының қалыптасуы осы тауарлардың өндірілу көлемінің елеулі дәрежеде өсуін, сатып алушылық сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестіктің кең пайдалануын, фирмалық дүкендердің көбеюін орындайды.
3. Кеңістік (территориялық) критерийі бойынша мынадай нарықтар болады:
- аймақтар ішіндегі;
- аймақаралық;
- республикалық;
- республикааралық;
- халықаралық (әлемдік) нарықтар;
Осындай нарықтардың қалыпиасуы республиканың мемлекеттік егемендігін қамтамасыз етеді.
4. Бәсекенің шектелуі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:
- монополиялық;
- олигополиялық;
- салааралық нарықтар;
5. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады:
- көтерме сауда нарықтары; Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді.
- бөлшек сауда нарықтары; Бұнда сатып алушылар - жеке азаматтар.
- ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтартары; Бұнда сатып алушы мемлекет, сатушылар - ауылшаруашылық өнімдерін тікелей өндірушілер: совхоздар, колхоздар, фермерлер, агрокешендер және тағы басқалар.
6. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:
- заңды, ресми нарықтар;
- заңды емес, «көлеңкеленген» нарықтар, және т. б.
Нарықтардың құрылымын зерттеу, оларды негізгі түрлерге бөлуге мүмкіндік береді.
7. Тауарлар мен қызметтер нарығы. Бұл топқа жататын нарықтар:
- тұтыну тауарларының нарықтары - азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар нарығы;
- қызметтер нарығы - тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер:
- тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттар нарығы;
8. Өндіріс факторларының нарығы; бұған жататындар:
- жылжымайтын мүліктер нарығы;
- еңбек құралдарының;
- шикізат пен материалдардың;
- қуат ресурстарының;
- пайдалы қазбалар нарықтары;
9. Қаржылар нарығы:
- капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар;
- несие нарықтар;
- құнды қағаз нарықтары - акциялар, облигациялар, опциондар, варианттар, және фьючерстік контрактардың және т. б.
- валюта - ақша нарықтары;
Интеллектуалдық өнімдер нарығы - инновациялардың, ойлап табулардың, информациялық қызметтердің, әдебиет және өнер еңбектерінің нарықтары.
Жұмыс күші нарығы - бұл еңбек ресурстар қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмысшы күші миграция жасап отырады.
Аймақтық нарықтар - жергілікті, ішкі, ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.
Нарық қатынастарының даму кезеңдері, ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:
- Нарықтың элементтерінің пайда болуы;
- Натуралдық айырбас кезең нарығы;
- Тауарлар балама кезеңінің нарығы;
- Тауар емес балама кезеңінің нарығы;
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады. Олар өндірістің шарттары, әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болады.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1 - Т2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбінесе көп өндірістің шарты бола бастайды. Соның нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе - теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1 - Т2 болады. Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір тірі тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып отырады. Бұл кезеңде таза құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді.
Төртінші кезеңдегі алтынға тікелей айырбастың тоқталуы мен құнның таза иеленушілері несие ақшалар өзінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
ІІ. Негізгі бөлім:
Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері.
2. 1. Нарықтық механизмнің қалыптасуы.
Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі - өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады - біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуды тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.
Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалануды құрайды.
Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі - баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескереміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші - осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.
Нарық экономикасының төртінші, оратлық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудың ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.
Нарық механизмінің бесінші элементі - бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А. Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің - бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т. б. мөлшерін анықтау болып табылады.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.
Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:
- маржиналдық (шекті) талдауға;
- балама таңдау шығындарына;
- экономикалық рационалдыққа.
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-қимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеру, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа, шекті субъектінің пайда болуы нарық экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа, мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни, үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-теңдік болмысын қамтамасыз етіп отырады.
Балама таңдау шығындарының принциптері. Балама таңдау шығындарына, тікелей шығындар және ресурстарды пайдаланудың немесе кәсіпкерлік әрекеттердің, осыдан басқа өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен, ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін варианты таңдап алынады. Балама таңдау шығындарының принципі өндірушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Экономикалық рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдық таңдау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі - табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар - капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің жағдайын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру, тепе-теңдік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама-қарсы күштерді қолдануға негізделеді. Бір жақтан сұраныс пен ұсынысты; екінші жақтан, нарықтағы бағаны.
Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады «сиректік» деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылады. Демек, шекті пайдалылық теориясында «сиректік» деген түсінік негізгі және ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Классикалық мектептің өкілдері Д. Рикардо, А. Смит «сиректік» түсінігін құнмен байланыстырады. Олардың айтуы бойынша, сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында «сиректіктің» түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек.
2. 2. Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері.
Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, электроникамен және адамзаттың басқа да ұжымдық даналығының щыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайыша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әртүрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиіиді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретініне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтық қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе, банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады. Экономиканы бірыңғай сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экономикалық жағдайда өмір сүру құқын реттеп отыратын шараларды жүзеге асырауы қажет.
Реттелмеген таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу, табыс табу сияқты әлеуметтік құқтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-әлеуметтік ахуалды ұстап тұру мүмкін емес.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын, еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық, ғылыми техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бұрын-соңды біздің терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әмірщіл-әкімшіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалы көзқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстанның ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - бұлөндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлегі немесе жүйесі.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы эконмикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық - сатушылар мен сатып алушылар арасында тауаржәне қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық - тауарларды сатып алу, сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Келтірілген көзқарастардың қай-қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ проблеманың бір жағын қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбаспен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалды және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысандарда болатынын көрсететін эконмикалық байланыстар пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz