Жылқы шаруашылығында еңбекті ұйымдастыру



Қазақ даласындағыдай «...Жылдың төрт мезгілі бір-бірінен шұғыл өзгеретін жер жоқ, даладағы көктемгі көк жасыл кілемдей шөп күннің аптап ыстығынан бірден жоғалады, табиғаттың қиратушы күші жаратушы күшінен асып түседі, күннің ыстығы қыстың суығындай бәрін өткізіп жібереді, жаздың аптап ыстығы мен күз бен қыстың боранынан жоғалған тіршілік, көктемде қайта түлеп, жаңарып, жайрап шыға келеді...». Жыл мезгілдерінің күрт өзгеруіне орай қазақтың төрт түлік малының да тез өсіп-жетіліп тез пісіп етінің дәмді болатыны содан.
Жыл мезгілдеріне сәйкес жайылымды: қыстау, көктеу, жайлау күздеу деп аталады. Жылқыны қыста бағу, қыстауға таңдап алынған жердің күйіне байланысты. Қыстаудың маңындағы жайылымдық жерлерді төрт түлік малға ыңғайлап, қой мен ірі қаранікі-қарамалжер, мініс аттарын арқандап отқа қоятын жерді-атарқан, бұзаудікін-бұзаужері, сауынды биенікін-биежері, қойдыкін-қойтебін деп бөліп әр түліктің өз өрісінде оттауын қадағалап отырған. [65.79б] Ірі қара, түйе, қой малдары қыстақтың маңында бағылып, кеш түсісімен әр түліктің бақташысы қотанға айдап әкететін. Жылқыны қыста жаюдың күйіне қарай екі әдісі бар. [66.41б] Бір рудың адамдары өз жылқыларын бір табынға біріктіріп, орталарынан жылқышылар шығарып немесе жалдап алып қыстақтан 100-200 шақырым жерге айдап жіберетін. Мұны отарлап, [67] болмаса қосқа шығарып [68.10б] бағу деп атайды. 100-200 басқа 1 жылқышыдан келетіндіктен, 600-800 басты 3-4 жылқышы бағатын. Жылқылы байлар жылқыны жақсылап тебіндеп жайылуы үшін қыста қосқа бөлетін. Мысалы 1000 басты 3-4 қосқа бөліп, жылқышыларында көбейтетін. [69.15б] Бірнеше семья немесе ауыл болып бір қос шығарып, өз іштерінен шығаратын жылқышыларды жалдап қос ағасына (аға жылқышы) ақшалай бір қысқа 15-20 сом, [70.10б] болмаса бір ірі жылқы (дөнен, бесті) беретін. (LXVI) Торғай облысында байлар жылына 40-60 сом ақша, құлын жарғақ тон беретін. [72.86б] 5-6 жылқысы бар қазақтар жылқыларын қосып ауыл болып 1 майдан 15 июньге дейін, немесе 1 майдан 15 ноябрьге дейін жылқышылар жалдап алады. Бірінші кезеңге 10-12 руб, екінші кезеңге 15-20 руб төлейді. Киімнен жылқы иелерінен бір көйлек алады. [72.85б] Мұның сыртында малшының тамақ-киімі түгелдей мал иесінің мойнында болады. Жылқыны қыста бағу қазақ тұрмысында ең ауыр және құрметті кәсіп саналған.
Қысқы тебінге ойлы-шұңқырлы, сортаңды, будырмақ жерлер жарамайды. Мүмкіндігінше оты мол жазық жерлер пайдаланылады. Жел бедерінің бірыңғай жазық болса да, жылқы малы шөптің қай жерде мол екенін, боранда қайда ығатынын тез байқайды. Бірнеше жыл әлгі жерде жылқы баққан жылқышылар боранда ығып кеткен, табыннан бөлініп кеткен үйірлерін артынан іздеп барып тауып алатын. Мысалы: қар қалың түскен жылдары Торғайдың жылқылары, қары аз жылы келетін Арал маңындағы құмдарға келіп жайылатын. Мұндай қыста жылқышылар жайылымда 3-5 рет ауыстырып көшетін болған. Әр жайылым аймағы 20-30 күндей тебіндеуге жарайтын. Жайылымның көлденеңі 5-8 шақырымдай болады. [75.87б] Сондықтан әрбір сүйем жерді үнемдеген. Қыста қосқа жіберілмей үй маңында бағылатын жылқыларды шартты түрде 5 топқа бөлуге болады:

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жылқы шаруашылығында еңбекті ұйымдастыру

Қазақ даласындағыдай ...Жылдың төрт мезгілі бір-бірінен шұғыл
өзгеретін жер жоқ, даладағы көктемгі көк жасыл кілемдей шөп күннің аптап
ыстығынан бірден жоғалады, табиғаттың қиратушы күші жаратушы күшінен асып
түседі, күннің ыстығы қыстың суығындай бәрін өткізіп жібереді, жаздың аптап
ыстығы мен күз бен қыстың боранынан жоғалған тіршілік, көктемде қайта
түлеп, жаңарып, жайрап шыға келеді.... Жыл мезгілдерінің күрт өзгеруіне
орай қазақтың төрт түлік малының да тез өсіп-жетіліп тез пісіп етінің дәмді
болатыны содан.
Жыл мезгілдеріне сәйкес жайылымды: қыстау, көктеу, жайлау күздеу деп
аталады. Жылқыны қыста бағу, қыстауға таңдап алынған жердің күйіне
байланысты. Қыстаудың маңындағы жайылымдық жерлерді төрт түлік малға
ыңғайлап, қой мен ірі қаранікі-қарамалжер, мініс аттарын арқандап отқа
қоятын жерді-атарқан, бұзаудікін-бұзаужері, сауынды биенікін-биежері,
қойдыкін-қойтебін деп бөліп әр түліктің өз өрісінде оттауын қадағалап
отырған. [65.79б] Ірі қара, түйе, қой малдары қыстақтың маңында бағылып,
кеш түсісімен әр түліктің бақташысы қотанға айдап әкететін. Жылқыны қыста
жаюдың күйіне қарай екі әдісі бар. [66.41б] Бір рудың адамдары өз
жылқыларын бір табынға біріктіріп, орталарынан жылқышылар шығарып немесе
жалдап алып қыстақтан 100-200 шақырым жерге айдап жіберетін. Мұны отарлап,
[67] болмаса қосқа шығарып [68.10б] бағу деп атайды. 100-200 басқа 1
жылқышыдан келетіндіктен, 600-800 басты 3-4 жылқышы бағатын. Жылқылы байлар
жылқыны жақсылап тебіндеп жайылуы үшін қыста қосқа бөлетін. Мысалы 1000
басты 3-4 қосқа бөліп, жылқышыларында көбейтетін. [69.15б] Бірнеше семья
немесе ауыл болып бір қос шығарып, өз іштерінен шығаратын жылқышыларды
жалдап қос ағасына (аға жылқышы) ақшалай бір қысқа 15-20 сом, [70.10б]
болмаса бір ірі жылқы (дөнен, бесті) беретін. (LXVI) Торғай облысында
байлар жылына 40-60 сом ақша, құлын жарғақ тон беретін. [72.86б] 5-6
жылқысы бар қазақтар жылқыларын қосып ауыл болып 1 майдан 15 июньге дейін,
немесе 1 майдан 15 ноябрьге дейін жылқышылар жалдап алады. Бірінші кезеңге
10-12 руб, екінші кезеңге 15-20 руб төлейді. Киімнен жылқы иелерінен бір
көйлек алады. [72.85б] Мұның сыртында малшының тамақ-киімі түгелдей мал
иесінің мойнында болады. Жылқыны қыста бағу қазақ тұрмысында ең ауыр және
құрметті кәсіп саналған.
Қысқы тебінге ойлы-шұңқырлы, сортаңды, будырмақ жерлер жарамайды.
Мүмкіндігінше оты мол жазық жерлер пайдаланылады. Жел бедерінің бірыңғай
жазық болса да, жылқы малы шөптің қай жерде мол екенін, боранда қайда
ығатынын тез байқайды. Бірнеше жыл әлгі жерде жылқы баққан жылқышылар
боранда ығып кеткен, табыннан бөлініп кеткен үйірлерін артынан іздеп барып
тауып алатын. Мысалы: қар қалың түскен жылдары Торғайдың жылқылары, қары аз
жылы келетін Арал маңындағы құмдарға келіп жайылатын. Мұндай қыста
жылқышылар жайылымда 3-5 рет ауыстырып көшетін болған. Әр жайылым аймағы 20-
30 күндей тебіндеуге жарайтын. Жайылымның көлденеңі 5-8 шақырымдай болады.
[75.87б] Сондықтан әрбір сүйем жерді үнемдеген. Қыста қосқа жіберілмей үй
маңында бағылатын жылқыларды шартты түрде 5 топқа бөлуге болады:
1. арық-тұрақ қоңсыз жылқылар
2. мініс аттары, жұмыс көліктері
3. қыста сауылатын сауын биелері
4. қысқа қарай ерте құлындайтын арамза биелер
5. жақсы бәйге аттары, басқа жақтан әкелінген асыл тұқымды арғымақ
айғырлар.
Бұлар күндіз қыстақтың маңында жайылып кешке қотанға айдап әкелінетін,
ал жақсы бәйге аттары мен асыл тұқымды айғырларды жабық қорада ұстап, жем-
шөп беріп, ерекше күтімге алатын. [76.11б] Шығыс Қазақстанда жақсы аттарға
жерден қазып, үстін тал, қамыспен жапқан арнаулы қоралар салынған, оны-
қапас деп атаған. (LXX)
Жазда жылқыны сері бағады, қыста ердің ері бағады-дейді 90 жастағы
қарт жылқышы Рамет Дайырбаев. (LXIV) Жылқыны жылқының тұяғында қатты адам
бағады дейді халық мақалы. (LXХIV) ...3-4 ай үздіксіз отбасынан жырақта
күндіз-түні мұндай азапты өмірді еңбекпен өткізу үшін қазақ болып туу
керек. Қазақтардың отарлап жылқы баққан бақташылары нағыз жігіт саналады.
Олар жер жағдайын жақсы біледі ер жүрек, күшті және тапқыр... [74.340б]-
деп жазады ХХ ғасырдың басында қазақ шаруашылығын зерттегендер.
Бораны бөрі ұлып тұр,
Төбеттей тынбай үріп тұр.
Сын тағылды қаңтарға
Аман ба екен жылқышы?
Аман ба екен жылқысы.

Бір бұта жоқ-айдала,
Аппақ кебін айнала:
Қалтиып қос тұр ма екен,
Құрт көжені сіміріп,
Тымақты қойып жыиырып,
Қасқиып қасқыр жүр ме екен?

Боран мынау қабандай,
Қатуланған қаба алмай:
Түбі қайыр болса игі.
Басында өлсе сайғақ жоқ,
Өліміне айғақ жоқ
Жылқышы сорлы не күйде?[74а.179-180б]
Жылқы малы күндіз-түні бірдей жайылатындықтан, жылқышылар ат үстінен
түспей мал ішінде жүретін. Түн мезгілінде жылқының екі рет жусауы болады,
іңір жусау сағат 8-11 аралығында, таңғы жусау сағат 4 пен 6 аралығында.(
Жылқыны үнемі белгілі бір жерге жусатып үйіретін. Осы мезетте жылқышылар ат
үстінде мызғып дем алатын. Қыста жылқы шетінде ұйықтаудың 4 әдісі бар:
1. Ат үстінде тұрып, құрықты оң жағына алып көлбете жерге тіреп,
сүйеніп ұйықтайды, шылбырды белбеуіне байлап, тізгінді ердің
қасына қояды. (LXIІІ)
2. Ердің артындағы бөктеріншекке отырып, құрықты алдына көлденең
алып, басын ердің үстіне салып ұйықтайды. Шылбыр белінде,
тізгін ердің қасында болады. (LXIІІ)
3. Құрықтың жібін атының шылбырына жалғап, сабын жамбасына басып
жерге жатып ұйықтайды. Астына төсенішке серке терісін төсейді,
тұлып тонының жеңін шешіп, үстіне бүркенеді. (LXХХIV)
4. Атының шылбырын беліне байлап, жерге төсеніш төсеп, құрықты
жерге тік шаншып қойып ұйықтайды. Қар қалың жауғанда
жылқышының үстін түгелдей қар басып, құрықтың ұшы көрініп
тұрады. (LXХХV)
Жылқышылар қыстың аязы мен боранында күні-түні ат үстінен түспей,
жылқыны киімінің жылылығымен, тамақтың күштілігімен баққан. Қыста мал иесі
жылқышыны тайжақы, тұлып тон, тері шалбар, киіз етік, саптама етік тымақ,
кебенек сияқты жылы киімдермен қамтамасыз етеді.
Аяқта саптама етік, баста тымақ,
Ұлып тұр бет қаратпай қызылшұнақ,
Үстегі тойжақыны қырау басып
Жылқышы ілмей кірпік түнде ұзақ (74)
Тай терілерінен кең, мол етіп пішілетін тайжақы (тайжаға деп те атайды-
А.Т.) жылқышы қыстың ызғарынан, ал қой терісінен тігілген тұлып әсіресе
түнгі боран мен аяздан қорғаған. [49,71б.] Кебенек (Жетісу өңірінде
кебентай делінеді-А.Т.) қазақы қойдың қозысының жүнінен басылған киізден үш
бөлек тігіледі. Жалғасы, кеудесі,етегі тайжақының, тонның сыртынан киілетін
жылқышыларға арналған сырт киім. Киізден салған үлкен жағасы басты бүтіндеп
бүркеп тұрады, кеудесінің екі жерінен, қаусырына байлайтындай екі бауы
болады, етегі аяқтың басынан алып, аттың сауырынан бастап, үзеңгілікке
дейін жауып тұрған. Жетісуда кебенектің жағасы тік болып келеді де,
тамақтың астынан қаусырына түймеленеді, басты үлкен күләпара жауып тұрады.
Кебенек қаншама үлкен болса да жеңіл, ердің артына бөктеруге лайық.
Кебенектің кементайының түсінен бастап, тігілуіне дейін қазақтардікінен
айырмашылығы болмайды. Е.А. Масанов кебін кигін келмейді, кебенек кигін
келеді атты мақалға сүйене отырып, ертеректе кебенек жауынгерлердің киімі
болған деп пайымдайды. Бұған ерді кебенек ішінде таны деген мақалды
қосатын болсақ, зерттеушінің тұжырымы айқындала түседі. [50,121б.]
Жылқышының тымағы қазақтың қыста киетін түлкі, қоян т.б. тымақтарынан,
пұшпақ, бөрік секілді бас киімдерінен бөлек, әдейілеп қозының сеңсең
терісінен тігілетін. Киіз етік қойдың жүнінен сырып, табандап, қонышы
тізені жабатындай етіп пішіледі, саптама етіктің ішінен киіледі, мұны киіз
байпақ деп те атайды. [51,121б.]
Арқаның қатты аяздарында жылқышылар қонышы қысқалау, саптама етіктің
сыртынан киілетін киіз байпақ-ұйытқы пайдаланған. (ХХІ) Қысты күні басына
сеңсең тымақ, үстіне тон, оның сыртынан кебенек, аяғына саптама етік, оның
сыртынан ұйық киген жылқышы киімінің ауырлығынан аяғын үзеңгіге салып, атқа
отыра алмаған. Сондықтан жылқышылар қостың жанына қарды үйіп, нығыздап
тепкішек жасап қоятын. Атты тепкішектің жанына жетелеп әкеп мінген.
Жылқышылардың жазғы-қысқы мекен-жайы жылқымен бірге алып жүретін қосы
болады. Қос деп керегесіз тікелей шаңыраққа уық шаншып, үстін киізбен
жапқан күрке қосты абылайша деп те атайды. Ұзын сырғауыл ағаштарды жерге
шанжып басын мықтап байлап, үстіне киіз жабады. Жан-жағын қармен көміп
тастайды бұл қостың 2-ші түрі. Абылайша-деп атау Арқа, Жетісу, Батыс
Қазақстанда кең тараған, ол Баянөлгей (МХР), Шыңжаң (ҚХР) қазақтары
жылқылардың қосын Абылайдың қосы, Абылайдан қалған қара қос-деп атайды.
Қыста ықтасын жерге тігіп, іргелерін қармен көміп тастайды. Иен тұрған
қосқа кез-келген адам қонып, тамақ ішіп кетеді, бірақ қостан ешнәрсе алмау
керек, керісінше, жолаушының өзі бір нәрсе, бір қайнатым шай болса да
тастап кетуі қажет. Мұндай затты құрық бау деседі. Қосқа құр барма
деген мәтел бар. Қоста жылқышылардың азық-түлігі, артық киім-кешектері мен
ер-тұрмандары, қазан-ошағы тұрады. Қысқы қоста қап-қап құрт, бауырсақ,
кепкен қазы тұратын, одан қалса жылқышылардың өздері семіз жабағы, тай
сойып алатын. Информатордың айтуынша, ішінара сараңдар болмаса, байлар
қыстан малын аман алып шығу үшін жылқышылардан ештеңесін аямаған.
Жылқышылар төсек дегенді өмірі білмеген, бастарына ер жастап, астарына
тоқым салып, кебенек жамылып дем алған. (ХХІІІ).
Қысты күні қоста үнемі қазан асулы тұрады. Қостың ішіндегі қола
қазанды –қыл бақыр, тоға- депте аталады.
Отаршының иесіз тұрған қосы
Тоға асулы, атты тұр ағаш мосы [72а]
Тайдың етін асып, сорпаны саптыаяқпен ішкенде, құрт қосыпта ішеді
сонда тамақтың қызуымен 2-сағатқа әрең шыдайды аттан қазақ түспейді. Ас
–судың арқасында ғана жылқы бағылады.
Қойылып кеткен сорпаны көп ішсе, жылқышы тоңбайды. Жылқы баласы бір
қайырып үйретсең қойданда жақсы, шашау шықпайды-дейді жылқышылар. Түнгі 12-
дейін бір жайып әкеп, 2-сағат жусағаннан соң тағы өреді. 2-3 км өріп барып,
алдын қайырып тастайды. Содан соң таңға жақын таң шолпаны дейтін саржұлдыз
туады, сол кезде жылқы жусайды. Содан соң жылқы өріп кетеді. Жылқышылар
қосқа келіп шәй-тамақтарын ішеді. Жылқышының қысқы тамағының құрамында
міндетті түрде құрт болады. Құртты ағаш астауға қар салып езіп, сорпаға
қосып ішеді. Қарт жылқышылардың айтуынша құрт адамның денесін қыздырып,
аязға бермейді, құрттың қызуымен түнде жылқы күзеткен жылқышы таң бір
білінгенше шыдайды, ал семіз жабағының етін жесе адамның денесі күн
шыққанша тоңбайды. Қыста жылқышылардың негізгі азығы жылқы еті күздікке
тай, қыста ірі жылқы сояды, сіңімді келеді десе, басқа малдың (сиыр, қой,
түйе) етін бір-ақ рет жеуге болады, одан әрі бұл малдардың етіне адамның
тәбеті тарпайды, ал жылқы еті күніне 3 рет жесең де тез сіңіп, тез
қорытылады-деп жауап береді жылқышылар. Көктемде жылқышылар көшіп келіп
қостарын тігіп жатқанда Абылайдың қосын аттамайық Абылайдың қосы иен
қалды-құрметтеп қарсы алады. 5-6 ай үйді көрмей жылқыны отарлап жайып
келген жылқышының сақалы өсіп, бет-бейнесі өзгеріп, енді елмен қауышқанда
ел: Жирен сақал жылқышы ата келдіңбе!- дейді екен.
Ассалаумағалейкум! Жирен сақал Жылқышы –ата, келдіңізбе Қамбар қолдап-
деп амандасқан.
Қарына құрық ілген жылқышым-ай
Көктемде келетұғын жылқұсым-ай
Жаз шыға ел ішіне жылқы келіп,
Әркім-ақ бие айғырын анық көріп,
Жылқышы батыр жігіт тобыққан бет.
Түсетін аттан үйге қосын керіп
Тұратын баласына тізгін беріп,
Аласы қуанатын итін көріп,
Қамшысмын әкесінің мойынына іліп
Суытқан баласы атты шауып-желіп.[74б]
Жазғытұрым жылқышылардың негізгі тамағы қымыз. Жайлауда қостарын
қымыз ауылдың маңына тігіп, өздері солардан барып тамақ жеп, қымыз ішіп
жүреді, олармен аралас-құралас болады. [52,205б.]
Жалпы жылқышылар жылдың қай мезгілі болсын бір уақ кешқұрым ыстық
тамақ ішіп, таңертең кешке бауырсақ пен шай, жазда негізінде қымызбен
қанағаттанатын. Бай жайлауға көшіп келгенде, үй иесін төңіректеп, бір
мезгіл келіп-кетіп тамақ ішетін. Қыс болмаса жазда жылқыны сері бағады
дегендей жылқышыға тамақ тауып ішу деген проблема болмайтын. Табынды
жайылымға айдап тастап, ауыл-ауылды аралап жүрген жылқышыны, қойшы–сиыршыға
қарғанда анағұрлым ілтипатпен қарсы алып, үйге түсіретін. Ертеде жылқышыны
жылқы бақпай жай ауыл арасында жүргенде танып қоятұғымыз дейді
информаторлар. Жылқышының қолы үсігенінен, тырнақтары бүрісіп бүршік-
бүршік болып қалатын. Қазақ қоғамында жылқышының әлеуметтік cтатусыда
жоғары болды. Атақты жылқышылар сұлтанның, байдың оң тізесінен орын алатын.
Жылқысын жаудан айырып жұттан аман алып қалған жылқышыларға байлар қалыңсыз
қызын ұзатқан жайында қазақ арасында әңгімелер көп. Жылқышыға қарағанда
қойшы, сиыршыларда әсіресе байлар адам ғұрлы көрмейтін. Тамақтың қалдығын
киімнің ең жұтаңын солар киетін.
Этнографиялық әдебиеттерде жылқы бағуға арналған құралдар туралы сөз
болғанда құрық пен бұғалық (шалма) жайында айтылады да [53,110б], жылқыға
байланысты көне құрал-жабдықтар мүлдем зерттелінбей қалыс қалған. Біз осы
олқылықтың орнын арқамшы, тарақ пұшты, сабаутіс, бос мойын шоқпар,
зырылдауық тәрізді құралдармен толықтырдық. Құрық пен бұғалық (арқан)
Еуразия жылқышыларының бәріне таныс құрал.
Құрық түзу өскен талдан және қайыңнан кесіліп алынып, қабығын
сыдырып, бұтақтарын жонып, көлеңкеге кептіріп қояды, ұзындығы 4-5 м кем
болмайды. (СLX) Тәжірибелі жылқышылар құрық жасағанда сабынан жоғарырақ
шамасы 50 см бастап ұшына дейін жылқының сорпасының майымен немесе іш
майымен майлап тастайды май сіңген ағаш серіппелілігі артады су, ылғал
тұрмайды. Бұғалық салуға құрықтың сабындай сап жасап 10-12 м қыл немесе
қайыс арқанды алып, бір ұшын күрмеп кішкене тұзақ жасайды, болмаса темір
шығырық бекітеді, арқанның екінші ұшын осы тұзақтап не шығырықтап
өткізгенде сырғымалы үлкен тұзақ шығады. Құрықтың басын жаңағы тұзақтардан
өткізіп, бір қолға құрықты ұстап екінші арқанның ұшын үлкейтіп-кішірейтуге
болады. (СLXІ) Қазақта құрық тастаудың екі әдісі бар. 1. Жаба тастау-ұшқыр
атпен қашағанды қуып жеткен жылқышы құрықты аттың басына кигізе салады. 2.
Серпе тастау-құрық аттың мойынына дәл келген уақытта, құрықты серпіп салып,
аттың басын іліп түсу, серпе тастау аттың мойнын бұрап жіберіп тырп
еткізбеуге ыңғайлы. (СLXІІІ) Құрық тастаудың бұл екі әдісі-адамның
үйренуіне байланысты. Арқамшы Қазақстанда кездеспейді, Қосағаш қазақтарына
алтайлықтардан келген болу керек. [54,21б.] Тывалықтар арқамшыны өгіздің,
маралдың бұланның кеуде терісінен таспалап кесіп жасаса [55,29б.] Қосағаш
қазақтары түйенің мойын терісінен айналдыра тіліп, озық шыққан қос таспадан
қайыс арқан қылып ескен. Арқамшыны жылқыға тастау үшін бір жағына қарсы
ұшын қалдырып, қалған үш саусақпен қысып тұру керек. Оңнан солға (сағат
тіліне қарсы) лақтырылады. Арқамшаның бұғалықтан ерекшелігі, аттың үстінен
де тасталады. Құрық пен бұғалық, шалма-бие байлап алау ұстау, қысырау
матау, ен-таңба салу, жылқы емдеу сәурік кесу сынды науқандарда жылқы
шаруашылығында кеңінен пайдаланылады. Аттың жалын, құйрығын тарайтын
аттарақты жылқының тұяғын қайнатып, ішіндегі етін алып тастап, тұяқты
жазып, екі тақтайдың арасына салып қысып, жалпақ пластинкаға айналдырады.
Кепкен жалпақ мүйізді өткір пышақпен әдемілеп жонып екі жағына жүз салады.
Бір жағынан жүзі жиірек, екінші жағынікі сирек болады. Қашаған жырау
Күржіманұлының:
Сұлулығын алтын бедермен кердіреткен,
Атының жалын сабаутіспен шердіреткен [59]-деген
өлең жолындағы сабаутіс аттарақтың бір түрі болып табылады. Сабаутістің
жүзі жуандау болады, ағаш, мүйіз тұяқтан әзірленеді. Сабаутістің екі түрі
болады. 1.Мүйізді қайнатып жалпақ пластина жасап алып, жүз жасап иіп, екі
аша ағашқа қайыс таспамен тесіп орнатады. Бұл қарапайым түрі. 2.Ұзындығы
екі қарыстай екі ағашты екеуіне де пышақпен жүз жасайды. Жүздерін жасағанда
міндетті түрде бір жағының жүзі екінші жағының ойысы дөңесіне сәйкес келуі
керек. Сабын екі-үш жерден қайыс таспамен тесіп бекітеді. Мұндай
сабаутіспен аттың жалын жібектей етіп тарап ішіндегі кірді, ұсақ
насекомдарды сүзіп алуға ыңғайлы. Қамбар батыр жырында аттарақтың пұшты
аталатын түрі кездеседі.
Жатқызып жалын пұштымен,
Құйрығын тарап сүзеді.
Пұшты жайында информатордың біразы аттарақтың бір түрі дегеннен басқа
толық сипаттамасын бере алады. ...Жылқыны жұқа ағаш шыбықтарынан
құрастырылған пошты-деп аталатын ерекше сібірткімен тазалайды... деген
А.И.Шахназаровтың дегеніне қарағанда пұштының Орта Азияның отырықшы
халықтарына тән аттарақтың бір түрі екенін көреміз.[57,18б.]
Қазақтар ата мал деп айғыр таңдауға ерекше мән береді. Дене өсімі
бірдей сом денелі көзі мен мұрын тесігі үлкен, құлағы ұзын, мойыны жуан,
кеудесі биік әрі үлкен, арқа жоны ұзын, жал-құйрығы төгілген ұзын және
жуан, аяқтары жуантық, тұяғы қара, үйірсек, ені тең орналасқан, өңі баран
деген сияқты 30-дай түрлі қасиеттеріне қарап айғырды таңдап қояды.
Айғырды неден салсаң
Атты сонан мінерсің (мақал)

Жал құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз
Жауға мінер ат тумас (Бұхар жырау)
Айғырды жылқының құты деп ерекше қадірлейді.

Жылқының құты айғырды,
Ат тумайды отасыз
Көсегесі көгеріп
Көбеймейді ботасыз [77.25б]
Айғырды ұстап тұрып, оның маңдайына, жалына қымыз тамызып бата айтады:
Айғыр берсең, атап бер
Қысырақ салып, матап бер
Қысырағың он беске
Өлмей жетсін мың беске (ХVІ)

Е, құдайым, қой берсең қошқарынан бер,
Жылқы берсең айғырынан бер.
Түйе берсең бурасынан бер,
Сиыр берсең бұқасымен бер. [79]
Айғырдың түсі көбінесе баран, жирен, кері болғаны жақсы. Бұл түстер
басқа түстерге қарағанда (ала, шұбар, ақ шабдар) біріншіден көрікті,
екіншіден ыстық-суыққа төзімді, үшіншіден өнімді. Құладан айғыр сал, сеніп
сал. Ол не ары құлатады, не бері құлатады. Қарада сенімді не ары
қаратады, не бері қаратады-халық даналығы айғырдың түсіне мән берген.
Денесі толған айғырға 18-20 бие, жаңадан қойған жас айғырға 12-15 бие
жетеді. Айғырдың айғыры 14-15 жас жасайды, әрі қарай шамасы келмей алжи
бастайды. (LXХХХV) Айғыр алпауыт болмай, атқа жарымайсың-деген алпауыт
айғырлар 20-25 биеге дейін қайыратын. Бие көп жасайды, 25-ке дейін келеді.
Бұл кезде кәртейген айғырды сойып тастап 5-6 жасқа толған бесті айғыр
қояды. (СXХХV)
Ірі байлар, ауқатты қандай алыс жерден болсада асыл тұқымды айғырларды
алғызып, оның тұқымының өсуін көзден таса қылмай бақылап отырған. Біреу
басқа бір жерден атақты айғыр әкелсе, маңайындағы көршілері биелерін
шаптырып алуға тырысатын. Мұндайда пайда болған жаңа тұқымды айғырдың не
иесінің атына қоятын. Қазақы айғырлардың бір қасиеті сол, өзінің ұрпағына,
балаларына шаппайды. Шектен шыға күйлеп жүрген байталдары болса, ондайларды
теуіп, тістеп үйірден шығарып жіберген. Бұл туралы орыс мал мамандары,
таңдана да тамсана жазады. [80.4б] Тәжірибелі жылқышылардың айтуынша қандай
асыл тұқымды айғыр болмасын, тұқымы 50, әрі кетсе 70 жылдай уақытқа жақсы
қасиеттерін сақтап жететін болған. Бұл уақыттан асса мал ұсақтанып кетеді.
(LXV)
Енді бір информаторлар қандай керемет айғырдың тұқымы болмасын 12
жылға ғана жетеді, әрі қарай ауыстырмаса божырап кетеді-деп айтады. (L)
Үйірді жылқының-жанұясы, айғырды жанұя басшысы-деп жазады
зерттеушілер. Айғыр үйірін ит-құстан, басқа үйірдің байтал, ат, сәуріктері
кіріп кетуден сақтайды. Басқа үйірдің айғыры келіп биелерге келіп иіскеп
сипалағанын байқап қалса, айғырлар бір-бірімен шабысып, шайнасып біреуінің
мертігуіне дейін барады. Көрінген үйіріне бара беретін айғырды жылқышы
ернінен шуралап, аяғынан байлап, зәбір көрген айғырдың үйіріне апрағанда
қарусыз күндей теуіп тістеп өшін алып алады. (LІ) Сонан кейін-ақ басқа
үйірдің шырқын бұзушы биеқұмар айғыр жөнделіп өз үйіріне ғана ие болып,
басқаға жоламайды. Кейде үйірін қарамай лағып кететін өліет айғырлар
болады. Мұндай айғырды қазақ: Жаман айғырдың үйіріне кім көрінген шабады-
деп одан тезірек құтылуға тырысатын. Пішіп ат қылатын, көбінесе сойып
алатын. Кейде ерекше қызғаншақ айғырлар өзінің балалары құнан дөнендерді
аттарды қуып тістеп, шайнап мертіктіреді. Ондай жағдайда айғырды ұстап алып
маңдайына ағаш тоқпақ байлап қояды. (LX) Қатты шауып, болмаса оқыс қимыл
жасағысы келсе тоқпақ маңдайына тиіп қоя қояды. Маңдайыңа тоқпақ тидіме-
деген мәтел содан қалған. Жақсы айғыр құрайт-құрайт-десе өз үйірін,
жалғыз жүрсе басқа үйірді де айдап келгенін көзімізбен көрдік. (LX)
Дала жылқылары қасқырдан қорғанудың ғасырлар бойғы тәжірибесін жасаған
қасқырлар шабуылдаған кезде жылқылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқының сальмонеллез індетін алдын алу үшін біздің елде және шет елдерде
Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Асыл тұқымды жылқылардың тіркеу кітабы
Ауыл шаруашылық экономикасы мен ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі
Ендігі кезекте мал шаруашылығы саласының бәсекеге қаблеттілігін арттыру
Мал шаруашылығы өнімдері
Созылмалы катаралді эндометритті балау
Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Малдардың жұқпалы аурулары туралы есеп
Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің маңыздылығы
Пәндер