Тамақтану және денсаулық туралы


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Тамақтану және денсаулық.

Жоспары

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

а) Тағамдардағы қоректік заттар.

б) Ас қорыту жүйесі.

в) Витаминдер- денсаулық тірегі.

г) Тағамдардың химиялық құрамы.

Қорытынды.

Кіріспе

Денсаулық -адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Адам бақыты- денсаулық. Дүние жүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсінеді. Адамзат баласының тіршілік өмірінде еңбір бағалы нәрсе, оның денсаулық. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек дейді дәрігерлер мен биологтар: Денсаулықты көздің қарашығындай етіп сақтау, денсаулықты сақтау жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Біз денсаулығымызға немқұрайды қарап оған үлкен зиян келтіреміз. Біздің әрқайсысымыз тамақтану мен ауыз суға ерекше көңіл бөлуге тиіспіз. Тамақтану- өмірді, өсіп-өнуді, денсаулық пен адамның қызметіне деген сақтау тәсілі. Ағза, тамақ және сыртқы орта бірімен -бірі байланысқан. Тамақтану арқылы әрбір адам өзінің денсаулығын сақтау ғұмырын ұзартады. Жүйелі түрде тамақтанудың принциптерін толық білу керек. Өзіңнің қалыпты массаңды біліп, оны бір қалыпта тұрғылықты сақтай білу керек.

Тағамдардағы қоректік заттар

Тағамдардың негізгі құрылысын жасайтын химиялық қосылыстар -белоктар, амин-қышқылдары майлары, көмірсулар рдің тұздары және су. Белоктардың тіршілік өмірге ең бір қажетті тағамдық қосылыстардың бірі. Оларды ағзалар жасуша, цитоплазма, жасуша аралық заттар құрау үшін ағза үнемі пайдаланады. Онсыз тіршілік иелері биосферада өмір сүре алмайды. Белоктарды аз және көп болуына

байланысты ағзалар өсіп-дамып отырады. Белоктар болмаған жерде тіршілік иелері кездеспейді . Белоктардан жасушалар және түрлі ұлпалар құралады. Белоктар жетіспеген шақта ағзалар өспей қалады. Ағзалар айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының қолайсыз әсеріне шыдай алмай тіршілігін жояды. Неше түрлі жұқпалы дерттерге ағзаға қарсы тұра алмайды. Жыныс және жас ерекшеліктеріне қарай адам белоктарды қажет етеді. Жұмыстардың ауыр және жеңілдігіне қарай белоктардың қажетті мөлшері өзгеріп отырады. Ауыр жұмыс істейтін адамдарға құрамында белогы мол тамақтар беріледі. Әсіресе мал етінен жасалған тағамдар. Ал, ой еңбегін атқаратындарға әлсіз тағамдар көкөністер беріледі. Мұның бәрі адамның тіршілік өміріне қажетті биалогиялық шаралар. Тағам денсаулық кепілі. Белоктың физиологиялық мөлшері ер адамдар үшін күніне 82-118г, әйелдер үшін -72-87г. Физикалық ауыр жұмыс істейтін адамдарға 6-8г белок артық беріледі. Майлар . Тағам құрамындағы майларды энергияның қайнар көзі деп ғалым-биологтар есептейді. Иә, солай да болады. 1г май ыдырағанда немесе тотыққанда 9, 3 ккал энергия бөлініп шығады, ал осындай мөлшерде алынған белоктар -4. 1 ккал, көмірсулардан 4. 1ккал энергия бөлініп шығатынын биохимиктер толығымен дәл анықтаған болатын. Бұл энергияны әрқашанда есте сақтап жүрген дұрыс. Адам ағзасында май көп жиналады. Әсіресе нерв жүйелерін тканьдарда май өте көп болады. Ағзада майлар жетіспейтін болса, онда ағзадағы иммунитет жойылады. Ішкі органдардың қызметі бұзылады. Ал, мал майлары ағзаға көп келетін болса да жақсы нәтиже бермейді. Зат алмасу үрдісі бұзылады. Адам ағзасында бірнеше қатерлі склероз дерті пайда болады. Бірақ мал майлары өсімдік майларымен айырбастауға болмайды. Көмірсулар ең алдымен энергияның ең бір қайнар көзі ретінде бағаланады. Сонымен бірге көмірсулар жасушылар мен ткандардың құрылуына қажетті құрылыс материалдары ретінде бағаланады. Көмірсулар адам өмірінде айрықша тіршілік рөлін атқарады. Көмірсуларсыз жер бетінде тіршілік иелері пайда болмайды да ол дамымайды да. Көмірсулардың ағзалардағы қоры онша көп болмайды. Ағзаның қызмет жағдайына қарай өзгеріп отырады. Ауыр жұмыс істейтін адамдарға қант жеудің қажеті жоқ. Қант ағзаны дертке шалдықтырады. Әсіресе, рафинацияланған шақпақ қант пен құмшекер. Көмірсулар-тағамдардың ең негізгі бөлігін құрайды. Адам ағзасының физиологиялық мөлшері болады. Ол үшін адам 247-602 көмірсуларды пайдалану керек. Олар жеген тамақтармен ағзаларға келіп отырады. Дене шынықтырумен айналысқан адамдар көмірсуларды көп пайдаланады. Ағзаға ауыр жүктеме ағзаға түскенде, көмірсулар биологиялық жолмен жанып кетіп отырады. Өйткені ағзаға энергия қажет. Ағзаға көмірсулар өсімдіктерден азық-түлік арқылы келіп түседі. Олардың ішіндегі ең маңыздысы крахмалдар. Гликоген орталық нерв жүйесін реттеп тұратын органикалық қосылыс. Ол ағзаға -бауырда жиналады. Мөлшері үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Кейбір кездерде гликогеннің мөлшері көбейіп, кейде азайып кетіп тұрады. Әдетте бір қалыпта тұрақты болып тұрғанда денсаулық болады. Қанттарды мүлдем жемей қоюға тағы да болмайды. Азғантай мөлшерде жеп отырған жөн. Көп жесе адам толып кетеді де ғұмыры қысқарады. Ішектегі микрофлоралар не азайып, немесе көбейіп кетеді. Көбейген кезде ағзаға май көп жиналып атреосклероз дами түседі. Жас кезде күніне 100г қант жеуге болады. Ал, 40-тан асқаннан кейін күніне 50-60, қант жеген дұрыс. Белое тәулігіне 80-100г, оның ішінде 55% жануар белогы, 50-45% өсімдік белогы. Тәулігіне ағзаның 1кг массасына 1-12 жастағы балаларға бұл қажеттілік көбірек -тәулігіне-1. 5 г/кг, дене массасына, әйел екі қа-бат болғанда 3-4-1кг ағза массасына болуы тиіс. Май тәулігіне 80-100г, оның ішінде 25-30г өсімдік майы, 30-35% сарымай, қалғаны - тоң май. Көмірсу тәулігіне -400-500г керек, оның ішінде крахмал-70%, қант-20%, пекин заттар-3% клетчатка -2%, ішіп-жейтін тамқтың калория-лық қуатын есептеп отыру керек. Оны әрбір сауатты және саналы оқыған адамдар лезде есепте шығады. Ағзада энергиялық және валеологиялық тепе-теңдік жасалынуы тиіс. Яғни, ағзаға тамақпен түскен энергия ағзаның энергиялық және биологиялық шығындарына сай теңестіріліп тұруы керек. Тағмадардың калориясынан ағзалардан босайтын энергия 5% -артық болмағын. Тағамдардың ұтымды болуы үшін тағам ішудің дұрыс ғылыми тәртібі болады. Оның тәуліктік саны мөлшерін, мерзімін, дұрыстап алдын ала жасап қоюдың денсаулық үшін маңызы айрықша. Тамақты мөлшерден артық ішу ағзалардағы май қорын көбейтіп жіберіп денсаулыққа зиянын тигізеді. Ағзаның массасы жоғарылайды ағзада артық май қоры жиналады. Денсаулық үшін бұл құбылыс пайдалы деп айта алмаймыз. Артық ағза массасы -гипертония, қант диабеті, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, қоректен семіру- тағы басқа көптеген ауру-лардың пайда болуына себепкер болады. Өмірге қатерлі факторлардың қатарына талапсыз кіре алады. Артық ағза массасы- адам мөлшерінен көп алған кезд, яғни ағза массасы тиіс массасынан асып кеткен де байқалады. Шынайы ағза массасы проценттік ауытқу санына қарай толудың-семірудің тор деңгейін анықтайды.

Ас қорыту жүйесі

Ішкен тағамдар ас қорыту органдарында механикалық және химиялық өңдеуден кейін, ол сулы сұйықтыққа айналып, ішекке өтеді. Ішекте тағам ар қарай қорытылады, ішектің сору қасиетіне байланысты, қанға және лимфаға түседі. Тамақ қанға және лимфаға түскеннен соң белоктардан -амин қышқылдары, майлардан-глицерин және май қышқылдары, гликогеннен-қанттар бөлініп шығып отырғанда ағзада қажетті пластикалық және энергетикалық заттар ситезделіп отырады. Тағамның құрамында 650 әр түрлі қосылыстар бар. Олардың ең бастысы белок, май, көмірсу, микро және макроэлеметтер фосфор, кальций, натрий, йод, кобальт, қалйы, марганец, калий және т. б. Сонымен бірге тағамдық заттар құрамында витаминдер, органикалық қышқылдар, фитонцидтер, крахмал бар, клетчаткалар болады. Ұтымды тамақтану - ол клеткалар құрамына қажетті заттар мен ағзаны қамтамасыз ететін қуат, қимыл және тағы басқа қажеттігін өтейтін, заттар алмасуын қажетті деңгейге ұстайтын тағамдарды пайдалану. Жүйелі түрде тамақтанудың негізгі элементтері мына төмендегідей:

1) тәуліктік қоректік заттардың ара қатынасының үйлесімді балансын сақтау;

2) дұрыс тамақ ішуді тәртібі, рационалды тамақтану- ол тамақтың қуаты мен сапалық химиялық құрамын, қоректік заттардың деңгейлік арақатынасының тұрақтылығын, қорты-луын және гигиеналық жағынан тазалығын ескертудіқажет етеді. Сондай-ақ, тамқтану режимін, ұзақтығын, сапалық шамасына химиялық құрамын анықтауды керек етеді. Егер біз дұрыс түрде тамақтанатын болсақ еске ұстау қабілетіміз артып, денеміз сауығып, көңіл-күйіміз көтеріле түсетіні сөзсіз.


Витаминдер- денсаулық тірегі

Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витамин латынша vita-өмір, тіршілік, vitamin- тіршілік амины деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор . Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әр түрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі нашарлайды. Витаминдер, сол сияқты, жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, углеводтардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын және реттейтін де витаминдер. Суда еритін витаминдер : тиамин, рибофлавин, пантотен қышқылы, никотин қышқылы, пиродоксин, кобаламин, инозит, холин, рутин, т. б. кіреді. Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Ал, витаминдерді көп мөлшерде пайдалану гипервитаминоз құбылысының тууына әкеледі. Тамақ азықтарында, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен басқа да заттардың құрамында кездесетін витаминдерді түрлі сапалық реакциялар көмегімен ашуға болады. Тиамин. Тамақ құрамында тиамин болмаса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде нерв жүйелері қабынады, жүректің қызметі бұзылады, азқазан-ішек трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы төмендейді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда бола бастайды. Азия және Америка материктерінде тұратын халықтардың арасында бери-бери ауруы ерте заманнан-ақ кең етек алып келгені белгілі. Бұл нерв жүйесінің ауруы, әсіресе Жапония, Шығыс Азия, Филлипин аралдары, сияқты күріш дақылы көп пайдаланатын елдерде өте сирек кездеседі. Мұның себебі, ондағы тұратын халықтардың негізгі тамағы күріш емес, олар қара нан, әр түрлі тағамдар мен көкөністер жиі пайдаланады. Тиамин ашытқы, сәбіз, сүт, бауыр құрамында көп кездеседі. Тамақта рибовлавин болмаса, баланың бойының өсуі тежеледі және ерін, мұрын, көз, құлақ айналасындағы терінің кілегей қабықшасының бұзылуына, көздің мүйіз қабатының қабынуы мен хрусталиктің күңгірттенуіне әсерін тигізеді. Балалар тағамының құрамында рибофлавин аз болса, олардың бойының өсуі мен салмақ қосуы баяу болады. Рибофламин картопта, капустада, қара нанда, ашытқыды, помидорда, сәбізде, жұмыртқада, бауырда, сүтте және сүттен жасалған тағамдарда көп кездеседі. Биотин . XX ғасырдың басында түрлі жануарларға жүргізілген тәжірбиелер нәтижесінде, оларға белгілі бір фактордың жетіспейтіндігі анықталады. Соның салдарынан адам мен жануарлардың тері ауруы-дерматит, экзема, серебрея дертіне шалдығатындығы белгілі болды. Серебрея латынша (сербум-тері рео-бөлу, ағу) деген мағынаны білдіреді. Бұл Н витамины жетіспеуінен екен. 1942 жылы Дю Виньо деген зерттеуші биотиннің құрлысын тапты. Оның молекуласына көміртегі, сутегі, оттегі, азот және олармен қоса күкіртте енеді. Ретинол . А витамины химиялық структурасы тұрғысынан каротнге жақын, 1831 жылы неміс ғалым Вакенродер оны өсімдіктерден ашты. Адам мен жануарлар тіршілігінде А витаминінің атқаратын маңызы зор. Бұл витамин тағамдық заттардың құрамында жетіспегенде организмдегі зат алмасу бұзылады, оның салдарынан өсу кешеуілдеп, салмақ азаяды. Көздің мүйіз қабығы бүлінумен қатар, әлсіз жарық жағдайда адамның көру қабілеті де нашарлаиды, мысалы, кешке жақын қараңғылық түсе бастағанда, оны халық арасында ақшам соқыр немесе тауық көз дейді. Мұндай аурумен ауыратын адам ымырт жабылады өте нашар көреді. Көзі қызарып, ауырып, жарыққа қарай алмайды. Іңірде көрмеу әсіресе тракторшыларға, ұшқыштарға және шоферлерге аса қауыпті. Ретинол әсіресе бауырда, бүйрек-тен жасалған тағамдарда, сары майда, жұмыртқада көп кездеседі. Кальциферол. XVIII ғасырдың ортасында Глиссон деген ағылшын дәрігері Лондон қаласында тұратын жас балалардың арасында кездесетін ауру туралы жазған болатын. Бұл аурумен ауырғандардың сүйектері деформацияланатындығы анықталады, кейіннен оның мешел ауруы яғни, тағамда Д витсмині жетіспеушілігі салдарынан екендігі белгілі болады. F витамині . Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, егер тағамның құрамында өсімдіктер майы болмаса, онда адам организмінде липидтер алмасуы бұзылып, қан тамырлары қабырғаларнда холестерин заты көп мөлшерде эиналады екен. Өсімдіктер майлары құрамында кездесетін 18 және 20 көміртегі атомдары бар қанықпаған май қышқылдары липидтер алмасу процесіне, әсіресе холестериннің алмасуына өте қажетақ.

Тағамдардың химиялық құрамы

Тағамдардың химиялық құрамының адам денсаулығының ең басты кепілі. Өйткені олар адам ағзасын қажетті биологиялық белсенді заттармен инозин, холин қамтамасыз етеді. Адамдардың тез қартаюы адам ағзасына тағаммен бірге витаминдердің аз мөлшерде келуіне, немесе олардың жетіспеуіне байланысты. Витаминдерді көп пайдаланған адамда қартаю үрдісі өте баяу өтеді. Адам тез арада қартая қоймайды. Тағам құрамында минералды элементтер аз болса, олардың

ішінде йод жетіспесе және витамин С аз болса, онда щитовид безі өсіп кетеді де, адам ауруға шалдвғады. Ол дертті Базед ауруы деп атайды. Сүйек опырылыш келеді. Ақыл-ой нашарлайды. Сондықтан да тағамның химиялық құрамында жеткілікті түрде минералды элементтер болуы тиіс. Олардың ішінде Натрий-оны адам ас тұсынын қабылдайды. Ас тұзы пайдалы екен деп қалай болса, солай пайдалана бергеннің жөні жоқ. Тұз кейбір жағдайда дос болудың орнына қас бола кетуі мүмкін. Сондықтан да тұз аз мөлшерде пайдаланған дұрыс. Тұзсыз тамқты дәрігерлердің ұйғаруы бойынша пайдаланған дұрыс. Жалпы алғанда тұзсыз тамақ ішу пайдасыз. Натрий ағзадағы Осмос қылмысын реттеп тұрады. Калий. Нерв жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қажетті минералды элемент. Ол негізінен ағзаға жеген картоп арқылы келеді. Сондай-ақ калий жеміс-жидек пен көкөністердің химиялық тамақ ретінде пайдаланғанда ағзаға қажетті калий келіп түсіп отырады. Сондықтан да әр түрлі тамақтар ішкен жөн. Кальций. Сүйектің және жақсы өсіп жетілуіне қажетті элемент. Адам денесінен тер арқылы көптеген кальций бөлініп шығып отырады. Ыстық цехтарда істейтін адамдар көп терлеп кальций көп жоғалтады. Кальций азайған ағза аппақ болып азады. Сондықтан да, оларға құрамына кальций көп тамақтар беріп отыру керек. Кальций сүтте, сүттен жасалған тағамдарда көп кездеседі. Фосфор. Сүйек пен тіс құраудың негізгі құрылыс материалы ретінде саналады. Фосфор сүтте, бұршақ, соя, фосольдарда көп кездеседі. Көптеген фосфор көкөністерде өте көп болады. Темір. Адам ағзасына ол қан түзеу үрдісіне қатысады. Қанның қызыл түйіршігі-эритроциттер темірсіз түзіл-мейді. Ағзаға темір жетіспесе ағзада бірнеше қатерлі аурулар пайда болады. Адамның қаны азаяды. Сондықтан да құрамында темірі көп тамқтар ішу керек. Темір сиыр, жылқы, қой, шошқа еттерінде және алма, алмұрт, шие және тағы басқа көкөністер мен жемістерде көп. Йод . Ең қажет ететін орган щитовид безі йод жетіспесе көз шарасынан шығып кетеді, адамның зәресін ұшырататын жағдайға алып келеді. Химиялық құрамында йод бар азық-түлікті пайдалану керек. Йод теңіз капустасының құрамында көп болады. Фтор. Тістің эмалын түзеуге және сүйек құрылысына қатынасатын ғажап элемент. Фтор жетіспесе адам тістерінен түгелдей айырылып қалады. Ол суда кездеседі. Тіс жолақ-жолқ болып ауырып кейіннен мүлдем түсіп қалады. Фтор жетіспегендіктен тістері кариес қаптап кетеді. Ал, суларында фторы көп жерлерде тұратын халықтар арасында тістерінде кариес ауруы бар адамдар, өте сирек кездеседі. Фтор жас балаларға өте қажетті элементтердің бірі. Балалардың тісі құрамында фторы бар препаратпен емдеген де, балалардың тістері тез жазылып кеткен. Ал ересек адамдардың тісін сондай препаратпен емдегенде оң қорытынды бермеген. Дерттердің көпшілігі қант диабеті, қан қысымы жоғарлауы, жүрек аурулары, тіс ауруы, қатерлі ісік, ми соқпасы дұрыс және жүйелі түрде тамақтандырудан пайда болады. Теңестірілмеген тағамдарды ішуден ауруларды өзіне таратып алуың мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық туралы ғылым
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Тамақтану туралы
Асқазан - ішек жолдарының ауруларының негізгі себептері студенттерде
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Денсаулық математикасы жобасының бөлімдері
Денсаулық түсінігі және оның құрамы
Математика және салауатты өмір салты
Салауатты тамақтану
Функционалды тамақтану жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz