Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы ... ... ... ... ...4
1.1. Ақшаның пайда болуы және оның мәні ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Ақшаның қызметтері және экономикадағы ролі ... ... ... ... 6
1.3. Ақшаның теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
а) Ақшаның металдық теориясы.
б) Ақшаның номиналистік теориясы.
в) Ақшаның сандық теориясы.
ІІ. Ақша айналысы және ақша жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1. Ақша айналысының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Ақша жүйесінің ұғымы, элементі және типтері ... ... ... ...18
ІІІ. Қазақстанның және шет елдердің ақша жүйесі ... ... ... ... .25
3.1. Қазақстанның осы заманғы ақша жүйесі ... ... ... ... ... ... .25
3.2. Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі ... ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Кіріспе
Ақша тауарлы өндірістің өнімі яғни ақша жаратылысы оның тауарлы шығу тегіне байланысты. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі, ал еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуына обьективтік алғы шарттарын туғызады. Қоғам дамуымен ақшаның маңызы арта түседі. Жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болады. Ақша есеп жүргізу, бақылау құралы. Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын еді.
Қоғам дамуымен байланысты әр түрлі формасында, сол уақыттың талабына сай ақша жүйесі дамыды. Олар металл ақша айналысы және несие-қағаз айналысы типі болып табылады. Олардың экономикалық қызметі жүзеге асыруда алатын орны өте зор.
Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын «Ақша теориясының дамуы, элементтері және типтері» деп алдым. Өйткені ақша тарихи дамыған экономикалық категория .
Мен жұмысымды үш бөлімге, яғни бірінші бөлімде ақшаның пайда болуын мен оның мәні және қызметтері мен экономикадағы рөлі және ақша теориясы мен оның үш теориясын қарастырдым. Екінші бөлімде ақша айналысының сипаттамасы және ақша жүйесінің ұғымы, элементтері, типтеріне тоқталдым. Үшінші бөлімде Қазақстанның ақша жүйесі және экономикасы дамыған елдердің ақша жүйелерін қарастырдым. Осы бөлімде Қазақстанның осы заманғы және шет елдердің ақша жүйесінің толығырақ тоқталдым.
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысының ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасы Президенттінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған.

Қолданылған әдебиеттер
1. Ақша несие банк, Оқулық Ғ.С. Сейітқасымов. А.2001 ж.
2. С.Б. Мақыш , Оқу құралы «Ақша айналысы және несие» А. 2000 ж. Қазақ университеті.
3. Б. Көшенова , Оқу құралы «Ақша несие банк, валюта қатынастары» А. 2000 ж. Экономика.
4. «ҚР-ның ақша жүйесі туралы» ҚР-ның Заңы 13.12.1996.
5. Деньги кредит банк , Под. Ред. О.И. Ловрушина, Изд. 2-е, М. 1999 г.
6. Абрамова М. А., Александрова Л.С. «Финансы, денежные обращение и кредит» Учебние пособие. М. 1996 г.
7. Бункина М.К. «Деньги, банки, валюта» Учебние пособие. М. 1994 г.
8. «ҚР-да ұлттық валютаны енгізу туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы 12.11.1993.
9. «Валюталық реттеу туралы» ҚР-ның заңы 24.12.1996.
10. Экономическая теория. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Санк-Петербург 2001 г.
11. Аубакирова Я.А. Байжұманов Б.Б. Экономикалық теория. Оқу құралы. А. Қазақ университеті.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы ... ... ... ... ...4
1. Ақшаның пайда болуы және оның мәні ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Ақшаның қызметтері және экономикадағы ролі ... ... ... ... 6
1.3. Ақшаның
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
а) Ақшаның металдық теориясы.
б) Ақшаның номиналистік теориясы.
в) Ақшаның сандық теориясы.
ІІ. Ақша айналысы және ақша жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ..16
2.1. Ақша айналысының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Ақша жүйесінің ұғымы, элементі және типтері ... ... ... ...18
ІІІ. Қазақстанның және шет елдердің ақша жүйесі ... ... ... ... .25
1. Қазақстанның осы заманғы ақша жүйесі ... ... ... ... ... ... .25
3.2. Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі ... ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 29
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...30
Кіріспе
Ақша тауарлы өндірістің өнімі яғни ақша жаратылысы оның тауарлы шығу тегіне
байланысты. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі, ал еңбек
өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуына обьективтік алғы шарттарын
туғызады. Қоғам дамуымен ақшаның маңызы арта түседі. Жоспарлы экономикада
ақшаның мәні шектеулі болады. Ақша есеп жүргізу, бақылау құралы. Егер ақша
айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын еді.
Қоғам дамуымен байланысты әр түрлі формасында, сол уақыттың талабына сай
ақша жүйесі дамыды. Олар металл ақша айналысы және несие-қағаз айналысы
типі болып табылады. Олардың экономикалық қызметі жүзеге асыруда алатын
орны өте зор.
Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын Ақша теориясының дамуы,
элементтері және типтері деп алдым. Өйткені ақша тарихи дамыған
экономикалық категория .
Мен жұмысымды үш бөлімге, яғни бірінші бөлімде ақшаның пайда болуын мен
оның мәні және қызметтері мен экономикадағы рөлі және ақша теориясы мен
оның үш теориясын қарастырдым. Екінші бөлімде ақша айналысының сипаттамасы
және ақша жүйесінің ұғымы, элементтері, типтеріне тоқталдым. Үшінші бөлімде
Қазақстанның ақша жүйесі және экономикасы дамыған елдердің ақша жүйелерін
қарастырдым. Осы бөлімде Қазақстанның осы заманғы және шет елдердің ақша
жүйесінің толығырақ тоқталдым.
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысының ұйымдастыру
ақша жүйесі болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша жүйесі 1995 жылы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы Қазақстан
Республикасы Президенттінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған.
I. Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы.
1.1. Ақшаның пайда болуы және оның мәні.
Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау
ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар
Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т. б. еңбектерінде-ақ
қарастырылған. Ақша теориясын ХХ ғасырдың бірінші жартысында А. Маршал, П.
Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т. б. сияқты
қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ.. Бірақ та
ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады:
рационалистік және эволюциялық..
Біріншісі ( ол ХІХ ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті ) ақшаның туындауын
мемлекекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде
түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.
Біздің пікірімізше, келесі тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол
тауардың айырбастық құнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде
түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды.
Айырбастық құн – бұл олардың салыстырмалы өрнектелуі немесе сатып алушылық
құны.
Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі
баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар – бұл
сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату
немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін
обьективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны (
оны өндіруге кеткен еңбек шығындары ) болады. Тауарлардың пайдалылығына (
үй, машина ) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың
тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің
өзгерісімен анықталады.
Тауар айырбасының дамуы тауарлар құнының әр түрлі формаларының ақырындап
алмасуы нәтижесінде жүзеге асты:
- қарапайым немесе кездойсоқ форма, ол алғашқы қауымдық
құрылыс кезеңінде, яғни тауардың бір түрін басқасына қарапайым айырбастау
кезінде ( 1 қой = 1 қап бидай ) туындады. Бұл жағдайда бір тауар өзіне
қарама-қарсы тауарда өз құнын өрнектеді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу
қабілеті соңғының құнын өрнектейді, яғни тауарда құн бар ;
- толық немесе жайылыңқы формадағы құн егіншілер мен малшылардың
алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде туындаған
айырбастың дамуымен байланысқан. Көптеген айырбасталатын тауарлар
ішінен бір немесе бірнеше өтімді тауарлар ( тұз, мал, астық )
айқындалады, оларды басқа тауарларға айырбастауға болады. Осылайша,
құнның қарапайым (кездейсоқ) түрінен жайылыңқы формасына өту жүзеге
асырылады, яғни әр алуан тауарлардың құны бір немесе бірнеше балама
тауардың құнымен (тұз, мал, астық) өрнектеледі. Әр түрлі тауарларды
айырбастау кездейсоқ форма кезіндегідей өзара емес, бір немесе
бірнеше ерекшеленген тауарлар арқылы жүзеге асырады. Алтынның 10
унциясы 10 кг темірге, 1 қойға, 1 қап бидайға айырбасталады;
Әр түрлі аймақтарда осындай тауар ретінде әр түрлі тауарлар алынды. Мысалы,
солтүстіктің халқы ақша ретінде бағалы аң терісін, оңтүстіктің мал өсіруші
халықтары – малды, егін егуші халықтар – астықты, қалаларда – металды, яғни
темірді, қорғасынды, бағалы металдарды және т. б. қолданды.
Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығыстырған жағдайда
ғана, ол ақшаның жалпы баламасы рөлінде бола алады.
Сондықтан да ақшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен
айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнен нақты формасы бар бір арнайы тауар
бөлініп шығады.
Ақшаның мәні үш қасиеттің біртұтастығымен өрнектеледі:
- ақшаның жалпы тікілей айырбасталу қасиеті бар, яғни оны тауарлар
мен қызметтер үшін төлем құралы ретінде әрқашан және барлық жерде
ешқандай шектеусіз қабылдануы тиіс;
- ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді. Соның көмегімен тауардың
бағасы анықталады, ол айырбасты қамтамасыз етеді және әр түрлі
тұтыну құны бар әр түрлі тауарларды сандық тұрғыда салыстырады;
- ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып
табылады, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлар құны ақшамен
өлшенеді;
1.2. Ақшаның қызметтері және экономикадағы ролі
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы
орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар
өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Қазіргі экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:
1) құн өлшемі және баға масштабы;
2) айналыс құралы;
3) төлем құралы;
4) қорлану және қор жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша;
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама
ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде:
мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын
бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру қызметін атқарады. Бірақ
та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық
қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшеуіне жағдай жасады. Барлық
тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар
нақты ақшалар ( алтын және күміс ) өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнелеуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды
өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір
елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге
қызмет ететін металлдың баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне
бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр.
Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық
бар. Құн өлшемі – бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін
сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға
масштабы – бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес,
тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына,
яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы
арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы, ұлттық ақша бірлігіндегі
көрсетілетін нарықтық бағаға айналады.
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың
бағасы алтынмен бейнелебейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында жүретін
оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері атқарады.
Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық бағалы
емес ақшалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық өлшемейді,
бірақ өлшеуге қатынасады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Ақша айналыс құралы қызметінде
тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға
дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал рөлін атқарады, ал бұл кездегі сатып
алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай
келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр
уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сату, ал басқа нарықтан сатып
алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі
өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда,
ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және
сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік,
коммерциялық саудада тұрғандардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды.
Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ.. Одан фирмалар мен корпорациялардың және
тағы басқа қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
- оны идеалды ақшалар емес, нақты ақшалар орындайды;
- ақшаның бұл қызметінде тарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес, оны ауыстырушылар – ақша
белгілері орындайды;
Бірақ бұл несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен байланысты емес деген
сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыста
болуымен түсіндіріледі.
Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі
олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни
өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасы мен анықталады. Қанша дегенмен бір
ақша бір – несие тауар мәмілеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы
үшін олардың қажетті саны сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда олардың
құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақшаның төлем құрал қызметі. Әр түрлі жағдайардың болуына байланысты
тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әртүрлі
тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей
еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық
сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың
жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп
сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем
құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: Т ( тауар ) - М
( міндеттеме ), келісілген мерзімнен кейін: М ( міндеттеме ) – Т ( тауар ).
Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арасында
өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде
жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-
қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және
сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы
уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қауіпін тудыруы
мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп
қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға
болады:
- тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
- банктік ссудалар, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша
қарыздық міндеттемелері;
- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер
- сақтандыру міндеттемелері;
әкімшілік және сот алдындағы және басқадай міндеттемелер;
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес яғни қағаз және
несиелік ақшалар атқарады.
Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары
бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып
алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін
қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға
ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш
өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама
ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау
құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинақтау немесе
қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды
сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі
олардың меншікті құны жоқ.. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.
Біздің елімізде, алтын қоры ҚР Ұлттық банкінде жинақталған.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар
өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1) Кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік
шоттардағы, сол сияқты банктегі басқадай шоттардағы ақшалай
қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;
2) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке
қорлану формасында;
Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалары
банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі.
Сөйтіп, ақшалар бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта
бөлу процесіне дәнекер болады.
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана
бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің сол формада сақтай отырып, олар
кез-келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретінде түсе
алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни
инфляцияның болуына байланысы ғана мүмкін.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы
серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына
себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ
сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану
құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүнижүзілік ақшалар
халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық
сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты
ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-
теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты
құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе
субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.
Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша
бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К.
Маркс өз еңбегінде: ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы
формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына
өтеді - деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде
алтынның қызмет етуі сипатталады.
Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және
алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар)
көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін көбіне АҚШ – доллары, неміс –
маркасы, ағылшын – фунт стерлингі, Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы –
еуро, сол сияқты СДР атқарады.
Бреттон –Вудстағы (1944 ж.) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт
стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік
ақшалардың жаңа формалары: СДР – арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ – еуропалық
есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға
ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі еуро айналысқа шықты.
1.3. Ақша теориясы
Әр түрлі кезеңде жетілдірілген ақша теориясы мен ақша айналымын зерттеу
ақша-несиелік механизмі және экономиканың қаржы құралы ретінде жетілдіру
тұрғысынан мүдделі, сондықтан ақша теориясының дамуы іргелі тарихи
кезеңдерді зерттеуі қажет.
Ақша теориясының үш негізгі бағыт бөліп көрсетіледі: ақшаның металдық
теориясы, номиналистік және сандық.
а. Ақшаның металл теориясы.
Ақшаның металл теориясы XV – XVII ғғ. ерте кезеңдерінде, яғни капиталдың
алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда –
У. Стэнфорд, Т. Мэн, Д. Норе, Францияда – А. Монкретьен болды. Олар ақшаны
қоғам байлығымен, яғни асыл тастар – алтын және күміспен теңестіріп,
олардың бүлінуіне қарсы шықты. Сонымен қатар, олар нағыз байлық –
табиғатынан шын мәнісінде ақша болып табылатын тек алтын мен күміс деп
есептеді. Бұл ақша теориясы фетишизмге (киелі затқа табынуға) жатады,
себебі ақшаны алтын мен күміске теңеп, тауар шаруашылығындағы қшада
адамдардың өндірістік қтынастарын назардан тыс қалдырады.
Аталған теорияны ұстанушылар қоғам байлығының қайнар көзі сыртқы сауда
болып табылады – дейді және белсенді сальдо мемлекетке алтын мен күмістің
келуін қамтамасыз етеді – деп пайымдайды. Қазіргі авторлар ерте металлизм
теориясының қателігі – біріншіден, байлықтың көзі ретінде қоғамда еңбек
етудің нәтижесінде өндірілген материалдық құндылықтардың жиынтығы еме, асыл
металлдар болса; екіншіден, металл ақшалардың айналымында олардың (металл
ақша) орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға ауысудың мақсатқа лайықтылығы мен
қажеттілігі теріске шығарылып келуінде деп есептейді.
Германияда XIX ғ. екінші жартысында алтынмоне арлық стандарттың
енгізілуімен металл ақшаның теориясы дүниеге келді. Бұл оның бірінші
метаморфозасы болды, неміс экономистері (К. Книс және т.б.) ақша деп тек
асыл металдарды емес, металға ауыстырылатын банкноттарды да санады.
Екінші метаморфоза бірінші дүниежүзілік соғытан кейін болды, оның өкілдері
алтынмонетарлық стандартты қалпына келтірудің мүмкін еместігін мойындап,
алтын монометаллизмнің жаңа кесілген формаларын: алтын құйма және алтын –
дивиздік стандарттарды енгізуге, теорияларын әдістеуге тырысты.
Ақшаның металл теориясының үшінші метаморфозасы екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін болды. Оның өкілдері (Ж. Рюэфф, М. Дебре, Р. Харрод)
халықаралық айналымға алтын стандартты енгізуге қажеттілік идеясын ұсынды.
Бреттон-Вуд валюта жүйесі қирағанда XX ғасырдың 70-жылдарының басында алтын
стандартты қалпына келтіру қажеттілігін негіздеу қайта байқалды. АҚШ-та
1981 ж. осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрылды, бірақ ол алтын
стандартты енгізуге пайдасыз болады деп есептеді.
Сонымен, ҒТП-тің, өндірістің, тауар айналымының дамуымен металл айналысының
ауқымы XX ғасырда тар болып шықты және металл жүйесінің ішінде несиеде
негізделген, сапалы жаңа төлем әдістері мен айналыс формалары пісіп-жетіле
бастады.
б. Ақшаның номиналистік теориясы
XVII – XVIII ғғ. аақшаның номиналистік теориясы өкілдері ағылшын ғалымдары
Дж. Беркли мен Дж. Стюарт, А. Смит болып табылады. Бұл теория ақша
айналымында құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасты. Бұл ғалымдар
ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы құнмен (номинал) және
ақша болып табылатын баға масшабымен анықталады деп есептеген. Олар ақшаны
тек техникалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық
табиғатын толық теріске шығарды.
Ақшаның номиналистік теориясының негізгі идеялары төменде келтірілген:
- ақша тамаша есептеу бірлігі болып табылады, оның көмегімен ақшаның
салыстырмалы құны анықталады;
- бірдей бөліктері бар тамаша масштаб болып табылатын аталған
бірлікте ешқандай ішкі құн болмайды.
Номинализм үстемдік жағдайға XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында
қол жеткізді. Бірақ, оның ерте кезеңдік номинализмнен айырмашылығы – оның
қорғау объектісі болып құнсыз ақша емес, ол қағаз ақша болды.
Неміс ғалымы Г. Кнаптың ақша теориясында (Ақшаның мемлекеттік теориясы)
басты мақсат – мұрат анық қалыптасады:
- ақша – мемлекеттік құқық тәртібінің өнімі, мемлекет билігінің
туындысы;
- ақша – бақылау төлем құралы, яғни мемлекеттік мұратты төлем күшімен
иемденген белгілер;
- ақшаның негізгі қызметі – төлем құралы. Ол ақшаның мәні белгілердің
материалында емес, олардың қолдануын реттейтін құқықтық нормаларда,
деп жазды.
1929 – 1933 жж. Экономикалық дағдарыс кезеңінде номинализм алтын
стандарттан кетуді ақтау үшін теориялық база ретінде ары қрай дамуға бет
ады.
Мемлекеттік капиталистік монополизмнің идеологы, ағылшын экономисі Дж.
Кейнс өзінің Ақша туралы трактатында қағаз ақша алтынға қарғанда
айналымда ыңғайлы толыққұндытөлем құралы болып табылады және олар қоғамның
үнемі өркендеуін қамтамасыз етеді – деп жазды. Қағаз ақша алтынды
айналымнан ығыстырып, бұл құбылыс ақшаны алтын әсерінен азат етті және дәл
осы жайт Кнапп теориясының жеңісі ретінде қарастырылды.
Сонымен, Кейнс номинализмнің тәжірибелік мақсаты – алтын стандартты жойып,
қағаз ақшаның айналымға еркін енуін және экономиканы инфляциялық процесті
басқару арқылы реттеуін тәжірибелік негіздеуінде болды.
Қазіргі таңда номинализм – ақша болмысының мәселесі жөніндегі үстем
теориялардың бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист П. Самуэльсон
ақша шартты белгілер болып табылады деп санайды. Экономика шығармасында
ол: Тауарлы ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырады. Қағаз ақша
ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын кейіптейді ... Ақша – жасанды
әлеуметтік шарт - деп жазды.
Номиналистік теорияның пайымдауынша, қағаз ақш адам еркімен пайда болды,
мемлекетпен жасалды, ал шын мәнінде ақша – металды қатынастардың белгілі
заңдылығы мен айналымның қосымша құралға қажеттілігі туындағаны, бағалы
металдарды өңдеу өндірісінің жетімсіздігі нәтижесінде пайда болды. Қағаз
ақшаның өлшем мөлшерінің қызметі мен өткіншілігі – мінсіз қатынас құралы
ретінде тиімділігіне байланысты болып шықты.
Сонымен, ноинализм теориясының сипаты: ақша тауардан ғана пайда болмайды,
олардың көп қызметтерінен бас тарту, ақшаны құн масштабымен теңдестіру, өте
онды сан бірлігі болып табылады.
в. Ақшаның сандық теориясы
Ақшаның сандық теориясы XVI ғ. пайда болды, ол тауарлық құн деңгейі мен
ақшаның құны айналымдағы санына байланысты деп түсіндіреді. Бұл жорамалды
француз Жан Боден ойлап тапты. Ның пайымдауынша, Батыс Еуропада тауардың
қымбаттауына бағалы металдардың көп әкеліне бастауы әсерін тигізді, сол
себепті, бұл жағдай ақша санының көбеюіне әкеліп соқты, ақша санымен
тауардың бағасы да өсті.
Кейінірек мұндай пайымдауды ақшаның сандық теориясының басқа өкілдері Д.
Рикардо, III. Монтескье, Д. Юм, Дж. Миль т.б. қолдады. Олар аталған
теорияға айналымдағы ақшаның сандық өзгерісі мен оның құнының арасындағы
пропорционалдылықты әкеліп қосты.
XX ғ. басында ақшаның сандық теориясы батыс экономикалық ілімінде
классикалық емес өндіріс теориясының маңызды бөлігі ретінде үстемдік алды.
Негізінде, трансакциондық және кембридждік бағыттар пайда болды.
Трансакциондық ақшаның сандық теориясының негізін американдық ғалым М.
Фишер қалады. Оның теориясында белгілі бір мерзімді тауар айналымының саны
– орта жылдамдықта ақша санының өндірілуі және сатылған тауарлардың аны
орта бағамен аңықталады делінген. Сонымен қоса, осы тұрғыда олар екі
элементтің: ақша айналымының жылдамдығы сатылған тауарлардың санына әсер
етпейді деп есептелген. Ол қысқа мерзім ішінде аталған шамалар өзгеріссіө
қалады деп болжады: ақша айналымының жылдамдығы несие дамуының деңгейі,
байланыс құралының күйі сияқты ресурстардың жетімсіздігімен шектеледі.
Сонымен, М. Фишер, Ақшаның саны – баға деңгейі - жалғыз себепті байланыс
болып табылады – деп қарастырады, яғни айналымдағы ақшаның саны баға
деңгейіне тікелей әсер етеді.
Алдымен баға өзгерісінің бірінші себебі ақша салмағы (ақша саны) болып
табылады. Ақша салмағының өзгерісі бағалардың өзгерісіне сәйкес келеді.
Оның негізгі сандық теориясының формуласы MV=PQ теңдеу болып көрсетіледі,
Мұнда, Q – тауарлық мәмілелердің саны,
V – ақша айналымының жылдамдығы,
M – ақша салмағы, P – баға.
Бұл теңдеу ауыстыру теңдеуі деп аталады. Ол ақша айналымында маңызды өзара
қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады, М (ақша салмағы) мен Р
(баға деңгейі) көрсеткіштерінің арақатынасын нақтылап берді.
Ақшаның сандық теориясының кембридждік бағытын ағылшын экономистері
Кембридж университетінің профессорлары А. Маршалл, А. Пигу, Д. Робертсондар
дамытты, оларды монетаристер деп атады. М. Фишерден бір айырмашылығы,
олардың теориясының негізіне ақша айналымы емес, шаруашылық субъектілердегі
қаржылардың ахуалы алынды.
Кембридждік бағыт тауар айналымы мәмілелерінің сомасы М. Фишердің есептеуі
сияқты сатылған тауарлар санын орташа бағаға көбейтіліп, анықталады. Бірақ
, сонымен қоса, егер М. Фишер айналым жылдамдығын константа ретінде
қабылдаса, Кембридждік бағыт бұл жағдайды психологиямен, яғни айналым
қатысушылардың әдетімен байланыстырады.
Кембридж мектебінің формуласы мынадай:
PV – TV + DV*,
мұнда, P – бағалардың жалпы деңгейі;
V – өндірістің көлемі;
T – ақша белгілерінің саны;
D – депозиттер;
V және V* акша мен депозиттердің айналым жылдамдығы;
Бірақ, екі бағыттың соңғы қорытындысы бірдей. Ақша санының өзгерісі тауар
бағасы өзгерісінің жалғасы емес, себебі болып табылады.
Батыс елдеріндегі экономикалық даму барысы мен 1929-1933 жж. болған ұлы
депрессия кезінде осы теорияның өкілдері өзгермейтін деп санаған ақша
айналымының жылдамдығы кенет тербеліске душар болды, сондай-ақ кризис –
ресурстарды түгелдей пайдаға асыру туралы шарттың қателігін айқын ашып
көрсетті. Осы тұжырымдама баға қалыптасу тәжірибесіне монополистік
бірлестіктердің тигізер әсерімен санаспай, мұндай процестің тек айналымдағы
ақша санының өзгеріс нәтижесі деп есептейді. Осының бәрі ақшаның сандық
теориясы маңызының уақытша төмендеуіне әкеліп соқтырады.
ІІ. Ақша айналысы және ақша жүйесі.
2.1. Ақша айналысының сипаттамасы.
Ақша айналысы – бұл шаруашылықтағы тауарларды өткізеуге, сондай-ақ тауарлы
емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-
қол және қолма- қолсыз ақша формаларындағы ақшаның қозғалысын білдіреді.
Қайта құру кезеңіне дейін ақша айналымы мен ақша айналысы ұғымдары
арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның
қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол
қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол ақша тұтыну
заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілсе, қолма-қолсыз ақшалар
– бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана
мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында ақша
қанша тауардың болатыны және олардың қандай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz