«Ұлы Жібек жолының – Қазақстан туристік экскурсияны жандандыру мен дамытудағы маңызы»


ТУРИЗМ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Ұлы Жібек жолының - Қазақстан туристік экскурсияны жандандыру мен дамытудағы маңызы»
Қорғауға жіберілді: Жұмысты орындаған:
«___»2011ж. «Туризм» мамандығы
4 курс студенті
Алматы, 2012 ж.
МАЗМҰНЫ
2. 2 Ұлы Жібек жолындағы әлеуметтік аспектілерінің
қарым-қатынасы . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі
Ұлы Жібек жолы - әдепкіде Қытайды Орта Азиямен, Каспи өңірімен, Жерорта теңізімен және Батыс Европамен қосатын ежелгі халықаралық сауда - дипломатиялық жол болып табылады. Жетісу және Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін Солтүстік немесе «Дала» деп аталатын жол учаскесі VI-VII ғ. ғ құдіретті империя Түрік қағанаты құрылуымен ХІV-ғасырға дейін Шығыс Түркістан мен Қытай арқылы Тынық мұхит жағалауына дейін толығымен қалыптастырған халықаралық байланыстың бас көзі болды.
Ғасырлар бойы көп тілді шығыс базарлары шуылдап, жүз жылдай шаң керуен жолымен европалықтарға сату үшін бағалы тастар және шелктар, дәмділіктер мен бояғыш заттар, алтын мен күміс, оңтүстік экзотикалық аңдар мен құстарды алып келді.
Жібек жолы тек қана сауда жолы болған жоқ, мұнда мәдениет-дәстүрі, діндарлық наным-сенімдері, ғылыми және техникалық жетістіктері мүлдем бір-бірінен өзгеше Шығыс және Батыс екі әртрүлі өркениет кездесті.
Қазіргі кезде Ұлы Жібек жолы әртүрлі мемлекеттердегі көптеген саяхатшылардың назарын өзіне қаратады. Әсіресе, бұрынғы кезден саяхатшылардың кең тобы үшін мүлдем қол жетпейтін, 1700 км созылып жатқан біздің қазақстан учаскесі ерекше қызықтырады.
Қазіргі кезде Жібек жол трассасының Қазақстан учаскесі Орта Азия халықтарының көшпелі және отырықшы-егіншілік мәдениеттерінің өзара әрекеттерінің терең үрдістерін шағылыстыратын қала салу және монументтік өнерлерінің, археологияның, сәулеттің, тарих ескерткіштерінің бірегей кешенін көрсетеді.
Сәйкесінше, дипломдық жұмыс осы ұлттық дәулетті зерттеу және сақтау мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан халқының рухани мұрасының мирасқорлық дамуының өзекті мәселелерін, Жібек жол трассасының тарихи қалалары мен басқа да ұлттық мәдениет орталықтарының қайта дамуын және туризм инфрақұрылымын ұйымдастыру үшін олардың дәстүрлі құрылыс салулары мен көріністерін пайдалануды қамтиды.
Хронологиялық және мәдениеттік аспектілерде Жібек жол тарихи мұрасы өркениеттің екі глобальды құбылысынан тұрады: евразиялық континент аумақтарында миграциялық үрдістерге және қасиетті жолға негіз болған көшпелі әлемнің рухани және материалдық мәдениеттердің ең көне қабаттары; адамның мекендеу ортасын қалыптастырған отырықшы-егіншілік мәдениеттің ең бай мұрасы.
Жұмыстың мақсаты және міндеті.
Жібек жолы тарихи орталығының әлеуметтік-экономикалық талаптарын жасау, көріністердің ұлттық-мәдениеттік теңдестірілуін қайта дамыту және оларды халықаралық туризм жүйесіне қосу қажеттілігі дипломдық жұмыстың негізгі мақсатын және міндетін анықтайды.
Туризм елдің барлық аймағының экономикасына белсенді әсер етеді, туризм саласында шаруашылық етуші субъектілердің құрылуы және қалыптастырылуы жол көлігі, сауда, коммунальды-тұрмыстық, медициналық қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты. Сол себептен, туризм өнеркәсібі көптеген басқа экономикалық секторларға қарағанда мультипликатордың өте күшті әсеріне ие.
Туризм - бос уақытпен, спортпен, демалыспен, мәдениет және табиғаттың қарым-қатынасымен тікелей байланысты, жеке және ұжымдық жетілдірудің құралы ретінде жоспарлануды және жаттығуды қажет ететін қызмет. Осы жағдайда ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және олардың алуан түрлі халықтар және мәдениеттердің арасындағы ерекшеліктерді танулардың ауыстыруға болмайтын факторы болады.
Барлық өркениетті әлем негізгі туристік ағымды қызықтыруға тырысады, өйткені туризм мемлекеттік бюджеттің пайдалы бөлімін толықтырудың аса қажетті қайнар көзінің бірі болып табылады. Сондықтан да, Қазақстанға шетел туристтер ағымын ұлғайту қажет. Осы мақсатта, кірме туризм дамуына туристік ұйымдардың қызметтерін қайта бағдарлауы талап қойылады. Бұл - біріншіден, көлік жағдайына, орналастыру құралдарына және кадрлық қамтамасыз етуге байланысты.
Туризмді елде тұрақтылықты сүйемелдеудің ең қажетті бекем әлеуметтік-экономикалық дамуының факторы ретінде есептеу қажет.
1 БӨЛІМ. Ұлы Жібек жолының тарихы
1. 1. Ұлы Жібек жолы және өркениет тағдыры
. . . Барлық жүз жол
оны артқа тартты.
Ұрпақтардың кезекті ауысуы,
Жайлы кең ер,
Қозғалысы сараң немқұрайлы,
Тербетіп ұйықтата,
Салт аттыны жүргізді . . .
Олжас Сүлейменов
. . . Күн астында жасалған барлық жақсылық
жүректе қалады,
Ұйқысыз түндерде
бізге сәуле түсіреді . . .
Олжас Сүлейменов
Ұлы Жібек жолы адам қызметіне тән құбылыстардың біріне жатады, ол ұрпақтардың жадында мәңгі-бақи қалады. Орта ғасыр Қазақстан қалаларының тастары жолдың қуатты жүйелерінің бір бөлігінен өткен. Сонымен қатар, ол көптеген халықтардың, мемлекеттердің (оның ішінде экономика, сауда, мәдениет және дін) арасындағы қарым-қатынасын байланыстыратын негізгі бөлім болып табылады.
1. 2 Ежелгі сапар желілері және Қазақстан қалалары
Біріншіден, Жібек жолы - бұл уақыттың бір байланыс символы: оның тарихын білмей, Евразия кеңістігінде өркениет дамуының кейінгі динамикасын анықтайтын көптеген тарихи оқиғаларды бақылап отыру және түсіндіру мүмкін емес. Мынадай тарихи мәлімет сақталды: буддаға табынушы қажы Сюань Цзянь 629 жылы «Будданың қасиетті қалдықтарын көзбен көру және дін ілімін шындап зерттеу үшін» Қытайдан Үндіге сапар шекті. Ол Қытайды Батыспен байланыстырып жатқан және техникалық жаңалықтарға діни мұраттар мен мәдени жетістіктерге мұрындық болып тұрған осы халықаралық жолмен жүрді.
Чань - Аньнан шыққан саудагерлердің қоспақ-түйелі керуенімен атақты Гоби шөлін жағалап, Дунхан арқылы «Ұлы айдаһар құмы» аталатын сортаң шөлейтті, Хами мен Тұрфан алқаптарын, Тянь-Шаньның солтүстік бөктерімен мұздақ тауларын, шамасы, Мұзұр - Ола жоталарын басып өткен Сюань Цзянь мен оның сапарластары «Көкмөлдір көлге» жетті. Оның «Ыстық көл» деп те аталуына қарай кәдімгі Есік көлін еске түсіру қиын емес. Қажы осы өзенді айналып өтіп, Батыстағы шекарасы сонау Қара теңізге дейін созылып жатқан байтақ мемлекеттің әміршісі - түрік қағаны тұрған Суяб қаласына келді . . .
Қағанның өзін қалай қабылдағаннын сипаттай отырып, Сюань Цзянь түрік зиялыларының салтанатты жібек киімдердің молдығын бірнеше қайтара ауызға алады, сонымен бірге өзіне көрсетілген сый-сипат ішінде: «Қызыл түсті жылтыр шыттан тігілген неше алуан киімдер санатын және елу кездеме жібек» бергені жөнінде хабарлайды. [1, 85]
Бұл әңгіме барысында ежелгі дәуір мен ортағасыр да халықаралық қатынастың күретамырына айналған ұлы жолға өз атауын берген және Шығыс пен Батыстың негізгі сауда затына айналған жібек бірнеше рет аталады. Ал бұл жол қай кезден «жұмыс істей бастады» деген сұраққа күні бүгінгіге дейін әрқилы жауап беріліп келеді.
Егер Жібек жолының жекелеген бөліктерінің сыңарлары жөнінде айтар болсақ, ондағы қатынастар мен зат алмасу байланыстары біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда басталған. Мұндай байланыстар Бадақшан тауынан лазурит кені, ал Хотон аймағындағы Яркент - Дарияның жоғарғы ағысынан нефрит кені ашылуына орай жолға қойылды.
Бадақшаннан шығарылған лазурит Иранға, Месопотамияға, Анатолийге, Египет пен Сирияға тасылып жатты. Бадахшан лазуриті, І мыңжылдықтың жартысында Қытайға да жеткізіле бастады.
Орта Азия мен Орта Шығысты Жерорта теңізімен және Үндімен жалғастырып жатқан «Лазурит жолымен» қатар дүниеге келген «Нефрит жолы» Шығыс Түркістанды Қытаймен жалғастырды.
Біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдықтың орта кезінен «Дала жолы» деген жол болғаны белгілі. Егер тарихтың атасы Геродоттың жазбаларына жүгінсек, бұл жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз: Қара теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске, Алтайға, сонан Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген агриппийлер еліне қарай созылды. Бұл жолмен былғарылар мен терілер, иран кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдар кең таралып жатты.
Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау кезеңі күні кешеге дейін біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық саналып келді. Алайда Чжен Цзянь провинциясында, Тайху көліне таяу маңда қазба жұмысын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдіктер мен жібек жіптер тапты. Бұл маталар жасы біздің дәуірімізге дейінгі 2750 - 100 ж. Оларды талдап анықтау жұмысы сол кездің өзінде-ақ, яғни бұдан бес мың жыл бұрын дерлік, жібек жасап шығару кәсібі қарапайым әдістер кезеңін бастан кешіп үлгергенін көрсетіп берді. Біздің дәуірімізге дейінгі V-VI ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, оның ішінде Батысқа да шығарыла бастады. Алтайдағы Пазрыктың «патша» қорғандарының бірінен біздің дәуірге дейінгі V ғасырды көрсететін феникстер қолымен өрнектеліп тігілген жібек жамылғы табылды. Сондай-ақ, Оңтүстік және Батыс Европа аудандарынан біздің дәуірімізге дейінгі V-VI ғасырларға жататын қабірлерден жүннен жасалған бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар да табылған.
Қымбат бағалы жібектерді тарату ісіне сақтар мен скифтердің көшпелі әулеттері де атсалысты. Солардың қатынасаралық көмегімен сол кезде қасқалдақтың қанындай қымбат тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізіне дейін тарады. Дегенмен зерттеушілер, оның ішінде Ма Юн мен А. П. Франкфор тәрізді көрнекті ғұламалар жібек жолы жөнінде, оны IV-VI ғасырларға жатқызып, осы бір асыл тауар шамамен 40 параллель бойында жатқан далалық аймақпен, яғни Хуанхэ өзенінің үлкен иілісінен басталып, Алтайдың шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан даласы мен Қара теңіз жағалауын басып өтіп, гректер мен этрустар жеріне жеткізілді деп жобалауға болады дей қоярма екен. Соңғылары тіпті «Жібек елінің» өзі қайда екенінен де бұлдыр хабардар еді.
Бұл кезде жібек Үндіге де жеткен. Оған үндінің «синапатто» - «қытай жібегі» деген сөздері куә, ал бұл сөздер біздің дәуірімізге дейінгі ІV ғасырда жазылған «Артхашастра» трактатында кездеседі.
Жібек жолы тек біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінен бастап қана тұрақты дипломатия мең сауданың күретамырына айналды. Ал осының бәрі император У Дидің көмегімен Батыс елдеріне жұмсаған князі Чжан Цзянь бастаған елші керуеннің Хань астанасынан шыққан кезінен, яғни 138 жылы басталды. Чжан Цзянь он үш жылдан кейін қайтып оралды. Ол осы күнгі Ауғанстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет жүріп өтті. Содан соң, жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға Жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып қайтты.
Көп ұзамай халықаралық сауда тізгіні Орта Азияның Зеравшан және Қашқадария алқаптарын мекендеген Соғда елінің саудагерлері қолына көшті. Шығыс Түркістанның «Тохар» қалаларында және Қытайдың Ланчжау, Дуньхуан, Чаньан тәрізді қалаларында соғдылықтардың сауда отарлары болды. Мәселен, Дуньхуанда мыңға тарта соғдылықтар тұрды. Соғдылар Жібек жолы таусылған жерден Жапонияға басып кіріп, жапонның ежелгі астанасы Нарды биледі. Сондағы храмдардың бірінен соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы тұр.
Жібек жолы ІІ - V ғасырларда, егер Шығыстан бастасақ, Чаньаниден басталып, Ланчжоу ауданындағы Хуанхе өткеліне беттейді, одан әрі Нань-Шаньның солтүстік сілемдерін қуалай Ұлы Қытай қорғанының батыс беткейіне және «Яшмо қақпалары заставасына» жетеді. Ол жерде жалғыз жол Такла-Макан шөлін солтүстігі мен оңтүстігінен орап өтіп, үшке айырылды. Солтүстік тармағы Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені бойына жетеді; ортаңғы жол тармағы Чаочаннан Қарашәрге, Ақсуға және Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына жетеді; оңтүстіктегі тармағы Дуньхуан, Хотан, Яркент арқылы Бактрияға, Үнді және Жерорта теңізіне жетіп, «Оңтүстік жолы» аталады. «Солтүстік жолы» Қашқардан Ферғанаға, ал одан әрі Самарқанд, Бұхара, Мерв арқылы Хамадан Сирияға жетеді.
Қытайдан Батысқа Ферғананың үстінен өтіп баратын бұрынғы қысқа да қолайлы жолға қарағанда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жаңа жол VI-VII ғасырларда барынша түсті. Жолдардың бұлай алмасуының себептерін былайша түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын қадағалап отыратын түрік қағандары отырды. Екіншіден, Ферғанадан өтетін жол VII ғасырдағы өзара қырқысулар салдарынан қауіпті жолға айналды. Үшіншіден, түріктің ауқатты қағандары мен олардың жанпеліндегілер теңіздің арғы бетінен әкелінетін тауарларға құштар ірі тұтынушыларға айналды.
Сөйтіп, бұл жол бас жолға айналды да VII - XIV ғасырдағы елшілер мен сауда керуендері негізінен осы жолмен ғана өтіп жүрді. Алайда Жібек жолының бұл бағытты да толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар көлемінде оның не анау, не мынау бөлігі, не жекелеген тармақтары жанданып, жоғарырақ мәнге ие болды. Ал кейбіреулері, керісінше, мәнін жойып, жоғалып кетті де олардың бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырай бастады. Сөйтіп, VI -VIII ғасырларда негізгі жол сорабы Сирия - Иран - Орта Азия - Оңтүстік Қазақстан - Талас алқабы - Шу алқабы - Ыстықкөл қазан-шұңқыры - Шығыс Түркістан арқылы тартылды. Бұл жолдың тармақталған бір бұтағы, дәлірек айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын - Маңғыстауды - Арал жағалауын - Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғарыда аталған негізгі жолға келіп қосылды. Батыс түрік қағанаты Византиямен сауда-дипломатиялық одақ келісімін жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы Сасанидтік Иранды айналып өтті. Дегенімен, IX-XII ғасырларда Орта Азия, Орта және Таяу Шығыс, Кіші Азия арқылы Сирияға, Египет пен Византияға баратын жолға қарағанда бұл жол тиімсіздеу пайдаланылды.
Алайда, ол XII - XIV ғасырларда қайта жанданды. Бұл құрлықтағы саяси жағдайларды дипломаттар мен ірі саудагерлердің және басқа саяхатшылардың талап-талғамдары реттеп отырды.
Жібек жолы шеңберіне ену қарсаңында Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісу қандай жағдайда еді дегенге келсек: Бұл жерде көшпелі түрік тайпалары мен отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениет өркендеген болатын. Оның үстіне этникалық жағынан алғанда көшпенділер де, отырықшы тұрғындарда туыстас немесе біркелкі этникалық-саяси қауымға бірлескен тайпалар еді. Отырықшылар мен көшпенділердің өз мәдениеттерінің бір-біріне өзара әсер етуі мен байытып отыруы дүние жүзілік өркениеттің қызыл арқау - күретамыры болды. Қазақстан мен Орта Азия халықтарының бір-біріне осылайша кірігуі, сондай-ақ олардың жерінде тұратын халықтардың дәстүр-салтының үйлесімділігі өркениеттік көп жетістіктердің бастауы болды. Мәселен, біздің дәуірімізге дейінгі III-VI ғасырларда бұл жерлерді көшпелі және жартылай сақтар мекендеді, ал көптеген қорғандардағы қабірлерден, оның ішінде Бесшатыр, Есік, Түгіскен, Үйгәрәк қабірлерінен табылған қазбалалар бойынша олардың мәдениеті жоғары болғаны баршаға мәлім. Сол кездің өзінде-ақ сақтардың Қытаймен, Үндімен, Таяу және Орта шығыспен байланысы болған. Бұған сақ шонжарларының қабірлерінен табылған қытай айналары, Орта Азия мен Ираннан әкелінген аса көркем безендірілген шетелдік бұйымдар да куә бола алады. Қам кесектен салынған Түгіскендегі сәулетті де берік үй-там құрылысы, оған шетелдік шеберлер қатыстырылған болуы керек деген ойға келтіреді. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ және І мыңжылдықтың орта шенінде үйсіндер мен қаңлылар мемлекеттері өмір сүріп, Жібек жолы жұмыс істеп тұрған кезде мұнда римдік әйнектер мен теңгелер, қытай жібегі мен айналары, сырлы ыдыстар, европалық қарсы ілгектер мен Сасанид Иранынан әр түрлі мөр-тастар жеткізіліп тұрған.
VI ғасырдың екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Кореядан Қара теңізге дейінгі ұлан-ғайыр алқапты алып жатқан ірі көшпелілер мемлекеті - Түрік Қағанаты құрамына кірді. Қағанат VI ғасырда Шығыс түрік және Батыс түрік қағанаты болып екіге бөлінді. Соңғысының орталығы Жетісу, ал астанасы Суяб қаласы болды.
Жібек жолы осы кезде жанданып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақсан қалаларындағы феодальдық мәдениеттің өркендеуінде маңызды роль атқарды. Жетісуда ол талай қалалардың орталық негізі қалануына мұрындық болып, Қазақстанның оңтүстігінде тікелей осы жолдың ұзына-бойында тұрған немесе онымен сауда сораптарымен байланысып жатқан қалалардың тез өсіп, өркендеуіне септігін тигізді.
Бұл жерде осындай қалалардың қаулап өсуінің өзі К. Маркстың керуен Шығыс қалаларының гүлденуіне айырықша роль атқарды деген ойын одан әрі айқындай түседі.
Егер І мыңжылдықтың алғашқы жартысында үйсін билеушілерінің орталығы болған екі қаланың ғана - Чигу мен Жетісудың аттары аталса, VIІ ғасырдың бас кезінде Сюань Цзянь осындай ондаған қалалар бар екені жөнінде хабарлайды. Олардың ішіндегі ең ірілері Суяб пен Тараз және кейін Испиджаб аталған «Ақсудағы қала» болды. Қытайдың VIІ- VIІІ ғасырлардағы сапарнамаларына және VIІІ-ХІІ ғасырлардағы жиһанкездерінің жазбаларында Жібек жолы бойында жатқан ондаған қалалардың аттары аталады.
Өзара талас-тартыстар мен жортуыл-жорықтар, сондай-ақ, Қытайда теңіз жолдардың игерілуі бұл жердегі қалалық мәдениетті титықтатып, күйдіруге жеткізгенге дейін, яғни ХІV ғасырға дейін Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Жібек жолынан керуен арылған жоқ.
Батыстан Шығысқа қарай қозғалсақ, Жібек жолының қазақстандық бөлігінің сыр-сипаты, міне, мынадай еді. Жол Шаштан (Ташкенттен) Турбат асуы арқылы Испиджабқа өтетін. Бұған дейін айтқанымыздай, қытай сапарнамасында Испиджаб «Ақ өзендегі қала» аталды, ал ХІ ғасырда Махмуд Қашғаридің түсініктемесі бойынша «Испиджап деп аталған Ақ қаланың шын атауы - Сайрам». Оны Сарьям деп те атайды. Ежелгі қаланың осы атауы күні бүгінге дейін сақталып келеді. Шымкент іргесіндегі ортағасырлық ірі қаланың қалдықтары қалған қалашық та осылай аталады. Оның орнында бұрын Жібек жолындағы ірі орталықтардың бірі болған. Түрлі елдердің саудагерлері осы жерге тоқтайтын, өйткені бұл қалада Бұхара, Самарқанд көпестерінің сауда құрылыстары мен керуен-сарайлары болды, ал Испиджаб көпестері Мерв, Балх, Бұхара мен Хорезм көпестерімен бірге Бағдаттағы Харб ибн Абдаллақ ал Балх рабадында өздерінің сауда-саттық орындарын ұстады. Испиджабтан сыртқа құлдар мен ақ маталар, қару-жарақ, қылыштар, мыс пен темір сатылатын.
Керуендер Испиджабтан Шығыстағы Таразға Шараб, Будухет, Керуен-Сарай, Тамтадж, Абардадж қалалары арқылы жүріп өтетін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz